Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы
страница4/11
Дата конвертации21.02.2016
Размер1.7 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.fad.kz/sites/fad/files/agrobiznes_2020_bagd_0.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бұдан басқа, ҚР азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары мен тетіктері әзірленеді.

      4.2.1. Өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      4.2.1.1. Егістік және бау-бақшалық жұмыстардың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Өсімдік шаруашылығы секторының тартымдылығын арттыру мақсатында АШТӨ үшін егіс және бау-бақшалық жұмыстардың экономикалық қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін АШТӨ-нің жеміс-жидек бақшалары мен жүзімдіктер отырғызуға және өсіруге жұмсаған шығындарының бір бөлігін, көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізумен байланысты шығындарын өтеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

      8-кесте. Егістік және бау-бақшалық жұмыстардың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с №

Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған егіс алаңдары, млн. га

18,9

19,7

19,8

19,9

19,9

19,9

20,0

19,9

2

Субсидиялаумен қамтылған жабық топырақтағы көкөністер алаңы, га

0

364

394

424

461

461

461

461

3

Субсидиялаумен қамтылған жеміс-жидек пен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру алаңы, га, оның ішінде:

























1-вегетация, га

























жеміс-жидек

1 793

6 807

7 007

7 207

7 407

7 607

7 807

8 007

жүзім

437

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2-вегетация, га

























жеміс-жидек

1 296

1 793

6 807

7 007

7 207

7 407

7 607

7 807

жүзім

820

437

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

3-вегетация, га

























жеміс-жидек

1 231

1 296

1 793

6 807

7 007

7 207

7 407

7 607

жүзім

474

820

437

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

4-вегетация, га

























жеміс

1271

1231

114

150

350

550

750

950

жүзім

1153

474






















5-вегетация, га




























жеміс










114

150

350

550

750




6-вегетация, га




























жеміс













114

150

350

550




7-вегетация, га




























жеміс
















114

150

350

      4.2.1.2 Минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      АШТӨ-ні өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түсімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүргізуге ынталандыру мақсатында минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің экономикалық қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру болжанады.

      9-кесте. Минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған минералды тыңайтқыштар көлемі, мың тонна

231,2

255,8

269,2

303,0

334,5

360,6

386,6

412,7

2

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған гербицидтер көлемі, мың литр

27 873,0

30 713,9

30 956,7

31 279,0

31 371,7

31 524,9

31 728,4

31 928,5

      4.2.1.3. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық тұқымдары мен екпелерінің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Республиканың астық нарығының дамуы ғылыми негізделген нормалар бойынша қажетті көлемде дәнді дақылдардың тұқым шаруашылығының дамуын ынталандырды. Сонымен қатар, қатты бидай, сыра қайнатуға арналған арпа, бұршақ, жарма, майлы дақылдар, қант қызылшасы тәрізді дақылдар бойынша элиталық тұқым өндірісінің деңгейі оларға деген қажеттілікті толық қанағаттандырмайды.
      Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілерді, әсіресе ұсақ тұқымды дақылдардың тұқым шаруашылығы бойынша субъектілерді материалдық-техникалық жарақтандыру проблемасы бар. Тұқым шаруашылығы жүйесін ұйымдастырудың және көбейтуге берілген тұқымдар санының жеткіліксіздігі салдарынан оларды селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізгеннен кейін өндіріске жіберілген жаңа сорттар мен гибридтердің баяу енуі байқалады.
      Питомник шаруашылығы жүйесін қалпына келтіру, питомниктерді техникалық және технологиялық жаңғырту, отырғызу материалын сақтау мен өткізудің сервистік орталықтарын құру, егу кешендерін салу талап етіледі.
      Селекция, сорттық сынау және тұқым шаруашылығы мәселелерінің маңыздылығы мен басымдылығын ескере отырып, селекцияны дамыту және жұмыс істету, сорттар мен гибридтерді мемлекеттік және өндірістік сынау, бірегей және элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу, оларды бірінші-үшінші репродукцияға дейінгі тұқым шаруашылықтары желісінде көбейту, мемлекеттік сорттық және тұқымдық бақылау жүйесі жетілдірілетін болады.

      10-кесте. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық тұқымдары мен екпелерінің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған элиталық тұқым көлемі, мың тонна

73,6

96,2

102,1

110,1

120,0

140,0

150,5

168,3

2

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған элиталық екпелер көлемі, мың дана

2433,9

1897,65

1897,65

2949,7

4001,8

4001,8

4493,2

4493,2

3

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерінің аналықтарын отырғызу алаңы, га

12,86

23,38

23,38

10,92













4

Субсидиялаумен қамтылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерінің аналықтарына қызмет көрсету алаңы, га

29,3

21,6

36,24

46,76

34,3

10,92







      4.2.1.4. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезіндегі қазақстандық мақта талшығы мен шитті мақта сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Отандық мақта талшығы мен шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында сараптамалардың көрсетілген түрін жүргізуге субсидия бөлуді жалғастыру жоспарлануда. Сараптау жүргізу өнімді сертификаттауға және оны жоғары құнмен өткізуге мүмкіндік береді, бұл АШТӨ-нің және шитті мақтаны қайта өңдеушілердің кірісін толықтырады.

      11-кесте. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде қазақстандық мақта талшығы мен шитті мақта сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш

Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялау есебінен жүргізілген мақта талшығының сапасын айқындауға арналған сараптамалар саны, мың бірлік

170

394

388

382

382

391

400

400

2

Субсидиялау есебінен жүргізілген шитті мақта сапасын айқындауға арналған сараптамалар саны, мың бірлік

56

130

128

126

126

129

132

132

      4.2.1.5. Тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін ұлғайту және сапасын арттыру мақсатында тұқымдардың, оның ішінде, отандық АШТӨ егуіне арналған тұқымдардың сорттық және егістік сапасын сараптауды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

      12-кесте. Тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш

Р/с №

Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Тұқымдардың сапасын айқындауға арналған зерттеулер саны, мың дана

330,4

330,4

330,4

330,4

330,4

330,4

330,4

330,4

      4.2.1.6. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандырудың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында сақтандыру компаниялары төлеген сақтандыру төлемдерін субсидиялау нысанында АШТӨ-ні мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйақысын субсидиялауға көшудің мақсатқа лайықтылығы туралы мәселе зерделенетін болады.

      13-кесте. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандырудың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Сақтандырумен қамтылған егіс алаңдарының үлесі, %

73

74

74

80

85

90

95

100

      4.2.2. Астық сақтау бойынша қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру
      2013 – 2014 жылдар кезеңінде астық сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында сыйымдылықтардың барынша тапшылығын бастан кешіп отырған негізгі астық өндіруші өңір Солтүстік Қазақстан аумағында астық сақтауға арналған жаңа қуаттылықтар салу жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты, қолданыстағы қуаттылықтар кеңейтіледі және жаңа астық сақтау қоймалары салынады.
      Астық нарығына мемлекеттің қатысуын күшейту мақсатында, сондай-ақ астық экспортының батыс және оңтүстік бағыттарын дамыту үшін елдің оңтүстік және батыс өңірлеріне астықты қайта тиеу үшін жаңа қуаттылықтар салу жүзеге асырылады.
      Бұдан басқа, қолда бар астық сақтау қуаттылықтарын жаңғырту, оның ішінде негізгі құралдарды жаңарту, сүрлемдік корпустардың құрылыс конструкцияларын күшейту, сондай-ақ технологиялық қайта жаңарту жүргізілетін болады. 2011 – 2012 жылдары елде жалпы қуаттылығы 1005,5 мың тонна 71 астық сақтау объектісі, соның ішінде 884,5 мың тонна АШТӨ меншікті қаражатының есебінен және 121 мың тонна «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қатысуы кезінде пайдалануға енгізілді.
      Қазақстандық астықтың Каспий теңізі арқылы экспорттық әлеуетін ұлғайту мақсатында 2015 – 2020 жылдар кезеңінде Ақтау теңіз портындағы астық терминалының өткізу қабілеті кеңейтіледі.
      Қытайдың саны артып келе жатқан халқын және тұтыну құрылымының бидайдан жасалған өнімдерді тұтынудың ұлғаюына қарай өзгеруін ескерсек, Қытай нарығы Қазақстан үшін барынша тартымды болып табылады. Сонымен бірге Қытай Қазақстан астығын Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне және осы бағыттағы басқа да елдерге экспорттау үшін транзиттік мемлекет болуға қызығушылық танытады. Осыған байланысты астық экспортын ынталандыру үшін Қытаймен шекарада астық терминалын салу жүзеге асырылатын болады.
      Қазіргі уақытта астық сақтау қуаттылықтарына деген өз қажеттілігіміздің өсуімен қатар Ислам ынтымақтастық ұйымының Азық-түліктік өзара көмек қорын (бұдан әрі – Қор) құрумен және осы мақсаттарға ҚР аумағында 2 млн. тоннаға дейін астықтың стратегиялық қорын қалыптастырумен байланысты қазақстандық астықты сатып алуға араб әлемі елдерінің тарапынан жоғары қызығушылық бар.
      Осыған байланысты, 2015 – 2020 жылдар кезеңінде мемлекеттік астық сақтау қуаттылықтарын кемінде 2 млн. тоннаға дейін жеткізген және ұстаған, Қор табысты жұмыс істеген жағдайда 3 млн. тоннаға дейін жеткізген жөн болмақ.

      14-кесте. Астық сақтау бойынша көрсетілетін қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Қолданыстағы астық қоймаларын кеңейту және жаңаларын салу, сондай-ақ жалпы сақтау сыйымдылығы 700 мың тонна жаңа астық терминалдары мен астық қоймаларын салу және жарақтау, қуаттылықтарды пайдалануға енгізудің үлесі, %

28,6

71,4

-

-

-

-

-

-

      4.2.3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге судың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Су пайдаланудың бекітілген лимиті шегінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін су беру жөніндегі қызметтерді алғаны үшін су пайдаланушылардың шығындарын өтеу мақсатында АШТӨ-ге мемлекеттік қолдау жалғасатын болады.

      15-кесте. АШТӨ-ге судың экономикалық қолжетімділігін арттыру

Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялауға жататын су көлемі, млн. м3

7686

7781

7810

7786

6826

5924

5986

6000

      4.2.4. Мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      4.2.4.1. Малды күтіп-бағудың және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Мал шаруашылығы саласын дамыту және АШТӨ-ні өндірісті технологиялық қайта жаңғыртуға ынталандыру, сондай-ақ өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру мақсатында мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жалғастыру ұсынылады. Мемлекеттік қолдау мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге жұмсалатын шығындарды өтеуге, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын азықтандыру үшін пайдаланылатын жемшөптің құнын арзандатуға бағытталатын болады, бұл олардың санын өсіруді ынталандыруға мүмкіндік береді және соның салдарынан алынатын төл саны ұлғаяды.
      Осылайша, мал шаруашылығы өнімдерінің тауарлық көлемін қамтамасыз ету есебінен бекітілген талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін отандық мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктеме деңгейін арттыру жоспарланады.

      16-кесте. Малды күтіп-бағудың және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған агроқұрылымдардағы ІҚМ-нің аналық басының саны, мың бас

360,0

358,0

479,0

622,3

791,5

992,7

1233,1

1521,3

2

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген сиыр етінің көлемі, мың тонна

28,2

34,0

37,6

41,5

46,2

52,0

59,6

69,7

3

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген сүт, қымыз және шұбат көлемі, мың тонна

235,3

235,6

281,3

306,3

29,6

266,4

215,5

258,1

4

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген қой етінің көлемі, мың тонна

3,0

5,2

7,4

8,5

9,9

11,7

13,9

16,8

5

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген жылқы етінің көлемі, мың тонна

4,4

5,3

6,9

10,0

13,4

17,2

21,4

26,2

6

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген шошқа етінің көлемі, мың тонна

25,5

27,6

27,3

26,4

24,9

28,0

31,8

35,9

7

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген құс етінің көлемі, мың тонна

126,2

138,8

152,7

168,0

184,8

203,3

223,6

245,9

8

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген тауарлық жұмыртқа көлемі, млн. дана

2205,8

2303

2157

1999

1831

1650

1457

1500

9

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген жүн көлемі, мың тонна

1,3

1,3

1,4

1,5

1,6

1,7

1,8

1,9

      4.2.4.2. Асыл тұқымды өнімнің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Асыл тұқымды малдардың үлес салмағын арттыру, етті малдың гендік қорын, сондай-ақ АШТӨ-дегі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі сапасын қалпына келтіру және ұлғайту мақсатында отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды өнімдерін сатып алу үшін АШТӨ-ні мемлекеттік қолдау жалғасатын болады.
      АШТӨ-нің асыл тұқымды материал (малдар, тұқымдар және эмбриондар) сатып алу бойынша шығындарын өтеу мемлекеттік қолдаудың негізгі тәсілі болады.
      Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларының сапалық құрамы мен тұқымдық сапаларын жақсартумен айналысатын АШТӨ-ге асыл тұқымды аналық басты және асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу бойынша, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу бойынша шығындарын субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін болады.
      Мемлекеттік қолдау қой шаруашылығын, жылқы шаруашылығын, түйе шаруашылығын және құс шаруашылығын дамытуға да қолданылатын болады, бұл ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы табынындағы асыл тұқымды мал басының үлесін ұлғайту үшін жағдай жасайды және олардың өнімділігін арттырады.
      Отандық құс фабрикаларына асыл тұқымдық материал (тәуліктік балапан және инкубациялық жұмыртқа) сатып алу бойынша қолдау көрсетілетін болады.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау 2011 жылы басталған ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру жөніндегі жобаны одан әрі іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Аталған жобаны іске асыру шеңберінде репродуктор шаруашылықтарын, бордақылау алаңдарын және етті малды көбейту жөніндегі фермерлік шаруашылықтар құру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

      17-кесте. Асыл тұқымды өнімнің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған отандық селекцияның асыл тұқымды ІҚМ саны, мың бас

13,6

26,2

37,9

48,0

58,4

59,3

60,2

61,3

2

Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған шетелдік селекцияның етті бағыттағы ІҚМ саны, мың бас

14

16

18

-

-

-

-

-

3

Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған шетелдік селекцияның сүтті бағыттағы ІҚМ саны, мың бас

14

16

18

-

-

-

-

-

4

Етті және сүтті ірі қара мал шаруашылығында селекциялық-асыл тұқымды жұмысты жүргізуге субсидиялаумен қамтылған мал басының саны, мың бас

238

266

334

406

484

567

657

804

5

Жеке қосалқы шаруашылықтардан қалыптастырылған қоғамдық табында шағылыстыру үшін пайдаланылатын, ұстауға субсидиялаумен қамтылған етті тұқымды асыл тұқымды бұқалардың саны, мың бас

1

2

3

4

5

5

5

5

6

Субсидиялаумен қамтылған ауыстырып салынған эмбриондар саны, мың дана

1,1

2

3

4

5

5

5

5

7

Жасанды ұрықтандыруға субсидиялаумен қамтылған ұрық дозаларының саны, мың доза

285

266

334

406

484

567

657

804

8

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған тәуліктік балапандар (етті бағыттағы) саны, мың бас

287

308

363,5

419,1

423,7

426,7

429,2

433,8

9

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған тәуліктік балапандар (жұмыртқа бағытындағы) саны, мың бас

737

876

905

934

983

990

1017

1044

10

Сатып алынатын инкубациялық жұмыртқа саны, мың дана

4381,0

4436

4580

4821

4855

4984

5120

5120

11

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған қойлардың асыл тұқымды төлдерінің саны мың, бас

135,6

149,2

186,5

186,5

204,0

218,5

227,6

227,6

12

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған маралдардың асыл тұқымды төлдерінің саны, мың бас

0,2

0,2

0,3

0,3

0,3

0,3

0,3

0,3

13

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған шошқалардың асыл тұқымды төлдерінің саны, мың бас

6,5

7,2

9,0

9,0

9,8

10,5

10,9

10,9

14

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған жылқылардың асыл тұқымды төлдерінің саны, мың бас

3,5

3,9

4,9

4,9

5,3

5,7

5,9

5,9

15

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған түйелердің асыл тұқымды төлдерінің саны, мың бас

0,4

0,5

0,6

0,6

0,7

0,7

0,7

0,7

16

Қой шаруашылығында асылдандыру жұмысын жүргізуге субсидиялаумен қамтылған ҰМ басының саны, мың бас

1077

1185

1481

1480

1619

1735

1807

1807

      4.2.4.3. Тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Қазақстанда тауарлы балық өсіруді (акваөсіруді) дамыту мақсатында барынша бағалы балық түрлері есебінен тауарлы балық өсіру көлемін ұлғайту және балықтың түр-түрін кеңейту үшін жағдайлар жасалатын болады.
      Тауарлы балық өсіру өндірісінің 2020 жылға дейінгі әлеуеті 15 мың тоннаға бағаланады.
      Тауарлы балық өсіруді қолдау мен дамыту үшін құнды балық түрлерінің асыл тұқымды толықтырушы-аналық балықтар табынын ұстауға субсидиялар енгізілетін болады.

      18-кесте. Тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған құнды балық түрлерінің асыл тұқымды толықтырушы-аналық табынының тірі салмағы, кг

-

-

-

4 105

20 540

149 255

163 565

290 500

      Тауарлы балық өсіруді дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру және белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тауарлы балық өсіру саласындағы заңнаманы жетілдіру қажет.

      4.2.5. Ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу өнімдерінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласын дамыту, өндірілетін өнім сапасын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеумен және дайын өнім өндірумен байланысты шығындарды субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдау көзделеді.
      Мемлекет тарапынан осы қолдау отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын КО елдерінің кәсіпорындарымен тең жағдайға қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бәсекеге қабілетті өнім өндірісі көлемінің ұлғаюы, ішкі тұтынудағы сүт пен қанттың терең қайта өңдеу өнімдері бойынша импорт үлесінің қысқаруы және кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметіне оң әсер ету күтіледі, бұл сондай-ақ жалпы АӨК-нің қайта өңдеу саласын дамытуға оң әсерін тигізеді.

      19-кесте. Ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімдерінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған өндірілген өнім көлемі, мың тонна, оның ішінде:

























- құрғақ сүт

-

3,2

3,4

3,7

3,9

4,2

4,5

4,8

- сары май

-

15,7

17,2

18,9

20,8

22,9

25,2

27,7

- ірімшіктер

-

7,0

7,4

7,7

8,1

8,5

8,9

9,4

- қызылшадан алынған қант

-

51,6

54,1

57,4

61,8

67,3

72,4

-

      4.2.6. Қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      4.2.6. Кредиттер мен лизингтің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Агробизнесті тұрақты жүргізу үшін АӨК субъектілеріне (ауыл шаруашылығы техникаларының лизингін қоса алғанда) негізгі құралдарды сатып алуға және айналымдағы қаражатын толықтыруға қаражат қажет, олар негізінен қаржы институттарының қарыз қаражаты есебінен тартылады. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігінен (табиғат жағдайларына тәуелділік, экономиканың басқа салаларымен салыстырғандағы төмен өнімділік және рентабельділік) қаржы институттары АШТӨ-ге жоғары сыйақы ставкаларымен қысқа мерзімді кредиттер береді.
      Осылайша, ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2006 – 2011 жылдар кезеңінде АӨК субъектілеріне берілген кредиттер бойынша орташа пайыздық сыйақы ставкасы 12-16 %-ды, ал экономиканың басқа секторларында 10-13 %-ды құрайды.
      Нәтижесінде АӨК субъектілері негізгі және айналым қаражатты толықтыруға арналған кредиттер бойынша жоғары сыйақы төлейді, бұл өнім бірлігін өндірудің өзіндік құнының артуына әкеліп соқтырады және оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
      АӨК субъектілері үшін қаржылық жүктемені төмендету проблемасын шешу мақсатында АӨК субъектілеріне (соның ішінде дәнді, майлы және бұршақты дақылдар өндірумен айналысатын) берілген лизинг пен кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау көзделетін болады.
      Ауыл шаруашылығының техникамен жарақтануының қазіргі деңгейі оның тиімді дамуын тежеуде. Осының барлығы маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен сапасына теріс әсер етеді. Қажетті техникасының, жабдықтарының жоқтығынан, арзан және ұзақ мерзімді кредит ресурстарына қанағаттанарлықсыз қолжетімділіктен АӨК субъектілері ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өндеуде оңайлатылған технологияларды қолдануға мәжбүр. Ауыл шаруашылығы техникасының, қосалқы бөлшектердің, жабдықтардың жоғары құны, банктік кредиттердің/лизингтердің қысқа мерзімділігі АШТӨ басым көпшілігіне негізгі құралдарын жаңартуға мүмкіндік бермейді.
      Негізгі құралдарды сатып алуға бағытталатын кредиттік қаражаттың негізгі көлемі ЕДБ-нің және лизингтік компаниялардың қарыз (тартылған) және меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады. Кредиттің/лизингтің 12-15 % орташа сыйақы ставкасын ескере отырып, шаруа 7-9 жылда іс жүзінде жабдықтың/техниканың екі құнын төлейтіні шығады. Бұл ретте, АШТӨ-ге берілген кредиттер бойынша ЕДБ белгілейтін қайтару мерзімдері ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігіне сәйкес келмейді, салымдардың ұзақ өтелуімен айрықшаланады.
      Осыған байланысты, аграрлық секторда берілген кредиттердің 42 %-ы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес акционерлік қоғамдарына келетін ахуал қаржылық нарықта қалыптасқан.
      ЕДБ-нің, микрокредиттік ұйымдардың және кредиттік серіктестіктердің АӨК жобаларын қаржыландыруға аз қатысуы оларда ұзақ мерзімді қорландыру көздерінің жоқ болуымен және саланың жоғары кредиттік тәуекелдерімен түсіндіріледі.
      Осы проблеманы шешу үшін Германияның тәжірибесін қолдану және АӨК жобаларын АӨК субъектілері үшін қолайлы шарттарда олардың одан әрі қаржыландырулары үшін ЕДБ-ні қорландыру үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ пайдалану ұсынылады. Бұл ретте, тартылған ақшаны холдинг директорлар кеңесі кезең-кезеңімен бекітетін және қайта қарайтын лимиттерге сәйкес еншілес ұйымдарына орналастыруы мүмкін.
      Осылайша, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ АӨК субъектілерін тікелей кредиттеуді кезең-кезеңімен қысқартып, меншікті және тартылған қаражат негізінде ЕДБ-ні, микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерді қорландыруды жүзеге асыратын болады. Бұл дамыған филиалдық желісі бар қолданыстағы банктік инфрақұрылымды пайдалана отырып, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ АӨК субъектілеріне қолайлы бекітілген ставка бойынша қарыздарды неғұрлым ұзақ мерзімге, сондай-ақ банктік қызметтердің толық спектрін алуға мүмкіндік береді.
      Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша пайыздық ставканы субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік қолдаудың осы түрі бойынша оператор ретінде жұмыс істейтін ұйым тартылатын болады.

      20-кесте. Кредиттер мен лизингтің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Лизингті қоса алғанда, сыйақы ставкаларын субсидиялау есебінен АӨК субъектілеріне берілген кредиттер сомасы, млрд. теңге

100

326,6

457,3

600,3

747,2

886,8

951,0

1 020,9




ЕДБ-ні, микрокредиттік ұйымдарды және кредиттік серіктестіктерді қорландыру есебінен АӨК субъектілері алған кредиттер сомасы, млрд. теңге

3

5

8

12

14

16

18

20

      4.2.6.2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қаржы институттары алдындағы қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру арқылы кредиттердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Қазіргі уақытта АӨК шағын және орта субъектілерінің шамамен 30 %-ы тиісті өтімділігі жоғары кепілзатын қамтамасыз етудің жоқ болуынан және сенімсіз қаржылық жағдайынан қаржыландыруға қол жеткізе алмауда.
      Дәл осы проблеманы аграрлық өндірістегі жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендету үшін қарыздарды мемлекеттік кепілдендіру мен сақтандыруды енгізу жөніндегі міндетті қоя отырып, Мемлекет басшысы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес әзірленді...
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы
Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 31 қаңтарында №78 «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын...
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница