Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы




НазваниеҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы
страница3/11
Дата конвертации21.02.2016
Размер1.7 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.fad.kz/sites/fad/files/agrobiznes_2020_bagd_0.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4. Негізгі тұжырымдар
       ҚР АӨК-сін дамыту мақсатын белгілеу кезінде мынадай сыртқы ортада қалыптасқан шешуші үрдістерді және ҚР АӨК-індегі ағымдағы жағдайды ескеру қажет:
      1) экстенсивті дамыту мүмкіндіктерінің аяқталуы орын алды;
      2) өнімділікті арттыру және технологияларды жаңғырту қажет;
      3) 1990-шы жылдардағы реформаларға дейінгі кезеңнің сандық, алайда бірқатар кіші салалар бойынша сапалы өзге нарықтық негіздегі көрсеткіштерге шыға отырып, дамудың қалпына келтіру кезеңі аяқталуда;
      4) алдағы ДСҰ-ға кіру және КО шеңберіндегі қызмет жағдайларында, халықаралық сауданы, көлік және коммуникация құралдарын белсенді дамыту, өнім стандарттарын көтеру, тұтынушылар қалауларының өзгеруі және мемлекеттік қолдау деңгейін төмендету кезінде бәсекеге қабілеттілігіне және онымен тікелей байланысты еңбек өнімділігі, АШТӨ-нің экономикалық тиімділігі, өнім сапасы мен оның маркетингі мәселелеріне қойылатын талаптар бірінші кезекке қойылады;
      5) өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы субсидиялауды қоса алғанда, саланы қаржылық сауықтыру, АШТӨ үшін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін ветеринариялық, фитосанитариялық қауіпсіздік және сумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қамтамасыз етуді дамыту, жер қатынастары, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін көтеру мақсатында АӨК салаларын мемлекеттік қолдау жөніндегі бірқатар жүйелі шаралар талап етіледі.
       Бағдарламаның мақсаттарын іске асыру үшін ҚР АШМ және ведомстволық бағынысты ұйымдардың күш-жігерін мынадай бағыттарға бағыттау қажет.
      Өсімдік шаруашылығы саласындағы стратегия, бірінші кезекте, дақылдарды өңдеудің ғылыми негізделген ылғал-ресурс үнемдеуші технологияларына көшу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы айналымына жаңа және қазір пайдаланылмайтын жерлерді тарту жолымен өндірісті әртараптандыруды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруды көздейді, осыған байланысты салық салу жүйесін жетілдіру қажет. Бұдан басқа, табыстарды баршаға ортақ декларациялау тұжырымдамасына сәйкестікті, ДСҰ талаптарын, салық салу көлемдерін табыстар көлемдеріне барабар қамтамасыз етуді, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан салықтық есеп енгізуді, салықтық есепті оңайлатуды, жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда салық салушылардың толық қамтылуын қамтамасыз етуді, көлеңкелі схемалар құру мүмкіндігін алып тастауды, жалдамалы жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуді, салықтық жүктеменің мәнді артуын болдырмауды ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдарға АӨК субъектілеріне оңтайлы салық салу режимдері жөніндегі ұсыныстар енгізу қажет.
      Астық өндірісінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудару қажет, өйткені дәнді дақылдар ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау құрылымында неғұрлым үлкен үлес алады. Элеваторлар мен астық тасығыштар жетіспеушілігі проблемасы астықты өңдеу мен сақтауға, сондай-ақ оны тасымалдауға арналған қуаттылықтарды құру және кеңейту есебінен шешілетін болады.
      Мал шаруашылығы саласында ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру және АШТӨ-ні етті мал шаруашылығын дамытуға ынталандыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Асыл тұқым базасын дамыту және мал мен құстың генетикалық әлеуетін арттыру бойынша жұмыс, оның ішінде одан әрі репродукциялау үшін асыл тұқымды малдарды импорттау есебінен жалғастыру қажет. Дәстүрлі мал шаруашылығы салаларын дамыту үшін жайылымдық мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын дамытуды ынталандыратын іс-шаралар кешенін қабылдау керек. Сондай-ақ жемшөп өндірісін дамыту, азып-тозған жайылымдық жерлерді қалпына келтіру және суландыру жөніндегі шараларды қабылдау тиіс. Шағын және орта фермаларды және отбасылық үлгідегі шаруашылықтарды құру бойынша жұмысты күшейту қажет.
      Балық шаруашылығын дамытудың басым бағыты ретінде балықты тауарлық өндіруді арттыру мақсатында акваөсіру өнімдерін отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау керек.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнім сапасын арттыру, азық-түлік тауарларының түр-түрін кеңейту және сол арқылы КО бойынша негізгі сауда серіктестерімен бәсекелестікке тең жағдайлар жасау үшін өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтау, халықаралық сапа стандарттарына көшу өзекті болып қалуда. Осы арада, мемлекеттік органдардың стратегиялық құжаттарын техникалық реттеу, сауда, бәсекелестікті қорғау, ақпарат, кеден және шекара қызметтері мәселелерінде түзетулерді жүргізу қажет. Отандық тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің ішкі нарығын арттыру және сыртқы нарығын кеңейту мақсатында мүдделі уәкілетті органдармен ынтымақтастықта ішкі нарықты импорттық тауарлардың жасырын демпингінен қорғау; техникалық реттеу саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту; отандық тамақ өнімдерін басым сатып алу бөлігінде заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету; отандық өнімдерді сауда желілерінің сөрелеріне жеткізу тетігін жетілдіру; сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту; отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығару; аралас салаларды дамыту; ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет.
      Халықаралық сертификаттау жүйесін енгізу арқылы органикалық өнімдер өндірісін ынталандыру үшін жағдай жасау керек.
      Өнімді сақтау және тұтынушыларға дейін жеткізу логистикасын дамыту жолымен нарықты отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен одан әрі молықтыру, АШТӨ-ні кооперациялау жолымен дайындау, қайта өңдеу және сақтау пункттерін құру бойынша шараларды іске асыру қажет. Осылайша, ҚР АШМ саясатын еңбек өнімділігі жоғары АӨК субъектілері үшін өнімді тауарлық өндіруді қолдауға бағыттау қажет, бұл отандық өндірісті қарқындатуға және көлемін көтеруге мүмкіндік береді.
      Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытуға ерекше назар аудару қажет. Жоспарланып отырған ДСҰ-ға кіру АШТӨ-ден халықаралық тамақ қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келетін сапалы және қауіпсіз өнімді жеткізуді талап етеді. Осыған байланысты, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде заңнамалық базаны жетілдіру мәселесін пысықтау қажет, жануарлардың ауруларына қарсы күрес стратегияларын қайта қарап, ауруларды бақылау, қадағалау және мониторингілеу үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бар зертханалардың тармақталған желісін құру керек. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың кенттер деңгейінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Фитосанитария саласында аса қауіпті организмдермен күресудің заманауи қауіпсіз әдістерін енгізу жөніндегі бірқатар іс-шаралар жүргізу қажет.
      Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуді ынталандыру және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемдерін ұлғайту мақсатында қолданыстағы қолдау шараларымен қатар жеке дақылдарды тікелей субсидиялаудан жеңілдетілген қаржыландыру арқылы қолдауға біртіндеп көшуді (кредиттер және лизинг бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, қаржы ұйымдары алдындағы АШТӨ қарыздарын кепілдендіру жүйесін және сақтандыру жүйесін енгізу), сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде инвестициялық субсидиялауды көздеу қажет. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржылық тұрақсыздығын болдырмау және олардың қысқаруына жол бермеу мақсатында аталған кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруды жүзеге асыру қажет.
      АӨК-ні индустриялық-инновациялық дамытуды жоғары технологиялы инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ су ресурстарын ықпалдастырылған басқару қағидаттарын енгізу жолымен жүзеге асыру қажет.
      Мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру мақсатында субсидиялау жүйесін жетілдіру қажет. ДСҰ-ға кіру, сондай-ақ КО мен БЭК-тағы мүшелік тұрғысында отандық АШТӨ-ге тең жағдайларды қамтамасыз ету үшін жоспарланып отырған кезеңде мемлекеттік қолдау деңгейін ықпалдастыру процестері шеңберінде тиісті келісілген көрсеткіштерге дейін жеткізу қажет.

4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері, нысаналы
индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері

      Бағдарламаның негізгі мақсаты ҚР АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.
      Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай төрт бағыт бойынша жұмыс жүргізілетін болады:
      1. Қаржылық сауықтыру.
      2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
      3. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту.
      4. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру.

      Бағдарламаның нысаналы индикаторлары:
      1) АӨК субъектілерін субсидиялау арқылы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе арттыру;
      2) АӨК субъектілерінің қарыздық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен 300 млрд. теңге жалпы сомасына кемінде 8 жылға ұзарту;
      3) кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемі 2013 – 2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін;
      4) карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылға қарай 0,88;
      5) мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесін 2020 жылға қарай 0,4 %;
      6) электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі 2015 жылға қарай 62 %.

       4.1 Қаржылық сауықтыру
       АӨК субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, кредиттік жүктемесін төмендету және банкрот тәуекелдерін барынша азайту мақсатында қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін бар берешектерін өтеуге қаржыландыру жолымен бір реттік қаржылық сауықтыру шараларын қабылдау қажет.

      7-кесте. АӨК-ні қаржылық сауықтыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш

Р/с


Көрсеткіштің атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша төлем мерзімдері ұзартылған міндеттемелердің сомасы, млрд. теңге

150

150



















2.

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде қарыздар бойынша пайыздық ставканы субсидиялау көлемі, млрд. теңге

7,9

14,7

13,0

11,3

9,6

7,9

6,3

4,6

      Қаржылық сауықтыру АӨК субъектілерінің меншік иелері, кредит берушілер мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларының көлемдері бойынша бірлескен және тең өлшемді тепе-теңдік бастамада жүргізілуі тиіс.
      Кредит берушілер: АӨК субъектілерінің қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдауды (сыйақы ставкасын төмендету, кредиттерді қайтару мерзімдерін ұзарту, негізгі қарызын қайтару бойынша жеңілдік кезеңін ұсыну, айыппұлдарды, өсімпұлдарды, мерзімі өткен сыйақыны есептен шығару, басқа шаралар арқылы), АӨК субъектілерін бар берешектерін өтеуге қайта қаржыландыруды және қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
      АӨК субъектілерінің меншік иелері: кредит берушілер алдындағы міндеттемелерді толық өтегенге дейін пайданың бір бөлігін қатысушылар арасында бөлмеу, қосымша капиталдандыру, инвесторларды тарту, кредит берушілерге қаржылық сауықтыру шарттарын орындау бойынша толық жәрдем көрсету жолымен және басқа да шаралармен қолдау көрсетеді.
      Мемлекет, кредит берушілер мен меншік иелерінің қатысуына қарай, негізгі құралдарды сатып алуға және айналымдағы құралдарды толықтыруға қаржылық сауықтыруға жататын кредиттер және/немесе лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды жылына 7 %-ға дейін жеткізу мақсатында, ал ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша түпкілікті төлеуші – АӨК субъектісі үшін жылына 4 %-ға дейін жеткізу мақсатында оларды қаржылық агент арқылы ұсына отырып, қолдау көрсетеді. Қаржылық сауықтыруға жататын әрбір АӨК субъектісі бойынша шешім ҚР Үкіметі бекіткен АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін қаржылық институттардың кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидаларына сәйкес жеке тәртіппен қабылданады.
      Сондай-ақ осы қағидаларда АӨК саласындағы шаруашылық субъектілері арасында пайда болған берешектер бойынша қаржылық сауықтыру мәселелері реттелетін болады.
      АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға арналған қаражатты қаржылық агент және/немесе екінші деңгейдегі банктер ұйымдастырылған капитал нарықтарынан тартады. Бұл ретте, қаржылық агент тартқан қаражат Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша басқа да кезек күттірмейтін міндеттерге пайдаланылуы мүмкін.
      Қаражаттың (соның ішінде субсидиялардың) тиімді пайдаланылуын және қаржылық сауықтыру көрсеткіштері мен нәтижелеріне қол жеткізуді бақылау қаржылық агент және уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.

      4.2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру
      Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1) өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      2) астық сақтау бойынша қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру;
      3) АШТӨ үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      4) мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      5) ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдетіп қайта өңдеу үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      6) қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      7) басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      8) білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру.
      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін АӨК салаларын субсидиялау табиғи-климаттық жағдайларды, өткізу нарықтарының болуын және өңірлерді дамыту әлеуетін ескере отырып әртараптандырылып жүргізілетін болады. Осыған байланысты өңірлер бөлінісінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің ресурстық әлеуетін бағалау және ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесінің тиімділігін талдау жүргізіледі.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес әзірленді...
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы
Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 31 қаңтарында №78 «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын...
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы
Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 2016...
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница