Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері




НазваниеӨңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері
страница7/17
Дата конвертации21.02.2016
Размер2.33 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zhetysu.gov.kz/upload/iblock/ebb/ebb44431206a4142c96d18cb9b8f10c4.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

2.2.5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Алматы облысында 3220 көппәтерлі тұрғын үйлер бар, оның 1868 (58%) жөндеуден өткізу қажет.

2012 жылы бағдарламаның екі тетігі бойынша 76 көппәтерлі үйлерде жалпы 812,5 млн. теңге сомасына жөндеу жұмыстары аяқталды (100,0% игерілді).

«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ы арқылы 12 ауданда (Ақсуда -1, Алакөлде -3, Балқашта -3, Еңбекшіқазақта -5, Ескелдіде -1, Жамбылда -3, Іледе -3, Қарасайда -4, Қараталда -2, Көксуда -1, Панфиловта -2 және Сарқанда -1) 312,5 млн. теңге сомасына 29 үй жөндеуден өткізілді (100,0% игерілді).

Үш мамандандырылған уәкілетті ұйымдар облыстық маңызы бар үш қалада (Талдықорғанда-31, Қапшағайда – 11, Текеліде – 5) 500,0 млн. теңге сомасына 47 үйді жөндеуден өткізді (100,0% игерілді).

2014 жылы 40 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жүргізілді (Балқаш ауданында – 7 үй, Көксу және Талғар аудандарында – 1 үйден, Талдықорғанда – 20 үй, Қапшағайда – 7 үй және Текеліде – 4 үй).

Қайтарылған қаражат есебінен 2014 жылы 6 көппәтерлі тұрғын үйлер жөнделді.

Жалпы соңғы үш жылда жөндеумен 130 үй қамтылды.

2015 жылға ҚР Ұлттық экономика министрлігіне облыстың 47 үйлерін жөндеу жүргізу үшін 1 072,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлу бойынша бюджеттік өтінім берілді. Республикалық бюджеттік комиссия 8 үйді жөндеуге 170,4 млн. теңге бөлу мақұлданды.


Электрмен қамту

Облыста жалпы қуаты 750 МВт болатын 18 СЭС-ы және бір күн электр станциясы жұмыс жасайды.

Электр қуатын жеткізуші желілердің жалпы ұзындығы - 36,3 мың ш., кіші станциялар – 8,6 мың бірлікті құрайды.

Энергетикалық жүйелердің техникалық жағдайы қанағаттарлықсыз. Сонымен қатар, 2011 жылға жылуэлектрстанцияларындағы жабдықтардың тозуы - 71,5%-тен 60%-ке, электр жүйелеріндегі шығындар 16,1%-тен 14,7%-ке дейін төмендеді.

Өңір бөлінісінде қалпына келетін қуат көздерінің 95% (1111,6 МВт) Алматы өңірінде орналасқан, соның ішінде Қарасай ауданында (48,1%), Іле ауданында (15,4%) және Қапшағай қаласында (31,2%).

Талдықорған өңірінде облыстың энергия өндіруші қуаттарының 4,7% (52 МВт) ғана орналасқан, бұл өңірдің электр энергиясына қажеттілігінің 20%-н ғана жабады. Ең ірі өндіруші - Текелі қаласындағы «ҚазЦинкТЭК» ЖШС-гі (облыс қуаттарының -2,91%).

Облыстың электр қуатына деген тапшылығы өз өндірісімен тек 75%-ке ғана жабылып, солтүстік облыстардан, Жамбыл СЭС-нан және Қырғыстаннан сатып алынады.

Электр қуатының тапшылығын жабу үшін 2006-2015 жылдарға арналған гидро және жел энергетикасын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында 2008 жылдан бері 300 Мвт Мойнақ СЭС, жалпы қуаты 21,45 Мвт 8 шағын СЭС, 2 Мвт күн электр станциясы іске қосылды.

2018 жылға дейін жалпы қуаты 470,9 Мвт бірінші кезектегі 34 жобаны жүзеге асыру межелендә (29 СЭС, 3-ЖЭС, 1- КЭС, 1 – биостанция), олардың қатарында «Самрұқ-Энерго» АҚ-Ы мен «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның арасындағы 300 Мвт Шелек ЖЭС-ның құрылысы бойынша бірлескен жобасы бар.

Құны 9,2 млрд. теңгені құрайтын «Мойнақ СЭС-ның қуатын беру сызбасы» жобасы жүзеге асырылды.

Алматы қаласының қала сыртындағы генерацияланатын қуаттарын арттыру үшін «KEGOC» АҚ-ның 500/220 кВ кернеулік желісімен ҰЭЖ қосылатын 500 кВ Алма кіші станциясы салынды.

Қуаты 1320 МВт Балқаш ЖЭС-ның инфрақұрылымдық объектілерінің құрылысы жалғасуда.

Нәтижесінде, сыртқы энергия көздерінен электр қуатын сатып алу 2012 жылғы 31%-тен 2014 жылы 24,8%-ке қысқарды.

Жалпы өндірілген электр энергиясының көлеміндегі қалпына келетін энергия көздерінің үлесі 2014 жылы 5,2%-ті құрады.

Келелі мәселелер:

  • Облыстың меншікті отын-энергетикалық ресурстарының жетіспеушілігі.

  • Энергетикалық желілердің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, жылу электр станцияларындағы құрылғылардың тозығы 60%-ды құрайды, электр желілеріндегі шығындар бар.


Сумен қамту және су бөлу

Облыс бойынша «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2012-2014 жылдары 129 жобаны жүзеге асыруға (2012–54, 2013 – 38, 2014-37) 33,8 млрд. теңге бөлінді.

Нәтижесінде 744 елді мекендердің 538-і (72,3%) орталықтандырылған сумен қамтумен қамтамасыз етілген, бұл 2012 жылмен салыстырғандаа 3,8%-ке артық.

Су құбыры жүйелерінің жалпы ұзындығы 7 704 ш құрайды.

2014 жылы 84 объектіде сумен қамту және су бөлу жүйелерін қайта жаңғырту және салу жұмыстары жүргізілді, 37 объектіде жұмыстар аяқталды.

740,3 ш су құбыры жүйелері тартылып, 42 жаңа скважиналар бұрғыланды, бірінші және екінші көтерімдегі 39 насостық станциялар, 39 жаңа резервуарлар, 11 су қарқынды мұнаралар мен 20 хлор-сатураторлар салынды.

Сумен қамтумен қосымша 25 елді мекен қамтылды (Ақсу ауданында -Алтынарық, Шолақөзек, Көлтабан, Алакөлде - Еңбекші, Қарабұлақ, Алакөл, Үшқайың, Жамбыл, Ескі Жанама, Еңбекшіқазақта – Достық станциясы, Ескелдіде – Көкжазық, Жамбылда – Қарабастау, Қарасайда – Қырғауылды, Қараталда – Дойыншы, Кербұлақта – Бағазы, Желдіқара,Сарқанда – Көктерек, Көкжиде, Шұбартүбек, Қарғалы, Еркін, Бақалы, Талдықорғанда – Еңбек ауылы).

Жүргізілген жұмыстарға қарамастан, су құбыры жүйелерінің тозуы жоғары болып, 65%-ті құрауда.

2015 жылы 56 елді мекен орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде орталықтандырылған сумен қамтылу 593 елді мекенді құрайды немесе облыс елді мекендерінің жалпы санынан – 80,0%.

Халықты үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуді шешу үшін облыс аудандары мен қалаларында ауыз сумен қамту және су бөлу жүйелерін пайдалану жөніндегі 21 «Су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта салынған сумен қамту объектілерінің барлығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға беріледі. Әрекет етуші объектілерді беру және кәсіпорынның жарғылық капиталын толықтыру жұмыстары үнемі жүргізіледі. 2012-2014 жылдары жергілікті бюджеттен сумен қамту және су бөлу қызметтерін көрсететін «Су құбыры» кәсіпорынының материалдық-техникалық базасын дамытуға және жарақтандыруға 815,3 млн. теңге бөлінді. 2014 жылы қолданылатын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 800 млн. теңге бөлінді (230 бірлік техника).

Ауылдық елді мекендерде сумен қамту объектілерін коммуналдық кәсіпорындардың балансына беру жұмыстары үнемі жүргізіледі.

Облыс елді мекендерін ауыз сумен қамту үшін 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында гидрологиялық скважиналардың жарамдылығын анықтау мақсатында 167,4 млн. теңгеге 643 скважинаны тексеру жүргізілді (2012 ж.- 84,0 млн. теңге сомасына 348 скважина, 2013 ж.- 83,4 млн. теңгеге 295 скважина).

Сумен қамту объектілерінің техникалық паспорттарын рәсімдеуге және арнайы су пайдалануға рұқсат алуға жергілікті бюджеттен 2012-2014 жылдары 100,9 млн.теңге бөлінді (2012 – 31,1 млн. теңге, 2013 - 11,0 млн.теңге 2014- 58,8 млн.теңге).

Кәріз жүйелерінің жалпы ұзындығы 1099 ш, оның ішінде 1063 ш (97%) коммуналдық меншікте.

Орталықтандырылған кәріз жүйесі ірі және орташа елді мекендерде ғана бар, ал механикалық, биологиялық тазалауы бар бүкіл шаралар кешені Талдықорған қаласында ғана бар. 2009 жылы Талғар қаласында өндірісі 1200 сағ/м3 болатын ЮБАС Гранд -1000 биологиялық тазарту станциясы пайдалануға берілді. Шағын елді мекендерде орталықсыздандырылған су шығару тән.

Су бөлу қызметтерімен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесі – 7,4%.

2014 жылы Іле ауданының Жауғашты және Чапаево ауылдарында тазарту құрылыстары салынды.

Үшарал, Үштөбе және Жаркент қалаларында кәріз жүйелерін салу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Сумен қамту желісін дамытумен қатар адам тіршілігі мен өндірістік кәсіпорындардың артуы нәтижесінде пайда болатын су бөлу және пайдаланылған суды тазалау мәселесі туындауда.

Облыста дамыған кәріз желісінің болмауына байланысты ауыр экологиялық мәселелер бар, бұл жерасты суларының және ауыз сумен қамту көздерінің ластануына әкеліп, халық өмірінің сапасын нашарлатады. Бар тазарту құрылғыларының апатсыз және тұрақты жұмыс жасауын жетілдіру, экологиялық жағдайды жақсарту үшін оларды қайта жөндеу қажет, бұл бар нысандарды толығымен қолдану және су тұтыну көлемінің біршама артуы кезіндегі су шығару жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша оң нәтиже береді.

Механикалық және биологиялық тазартудың жаңа заманауи, жоғары технологиялық тазалау құрылыстарын салу қажет.

Сумен қамту мен су бөлудегі мәселелер:

  • пайдаланылатын мекемелердің материалдық-техникалық базасы жабдықталуының нашарлығы;

  • су құбырлары мен кәріз жүйелерінің қатты тозуы.


Жылумен жабдықтау, газбен қамту

Облыста барлығы 343,4 ш. жылу жүйелері бар, оның ішінде 144,2 ш. неесе 42%-3 күрделі жөндеуді талап етеді.

Ірі ЖЭО мен қазандықтардан жылу тораптары арқылы орталықтандырылған жылумен қамту Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Үштөбе және Үшарал қалаларында, Алматы қаласына іргелес жатқан ірі және орташа елді мекендерде жүргізіледі.

Облыс бойынша жылумен қамтылу деңгейі 2014 жылы 20%-і құрады немесе 2012 жылғы деңгейден 3%-ке жоғары.

Жылумен қамтуды жалпы қуаты 700 Гкал 28 қазандық жүзеге асырады, оның ішінде қауты сағатына 100 Гкалға дейінгі қазадықтар - 26 бірлік. Талдықорған қаласындағы қазандықтардың белгіленген қуаты сағатына 353,8 Гкал, сонымен бірге жылу жүктемесінің жыл сайын 8-10 процентке артуы байқалуда. Сонымен қатар, облыс орталығының жылу қазандығы тәулігіне қысқы мезгілде 900 тонна көмір және жаз мезгілінде 200 тонна көмір жағады, бұл электр энергиясын өндірмегенде, жылу және ыстық сумен қамтамасыз етуде. Жылу қазандықтарының жүктемесі ең жоғарғы деңгейге жеткен, бұл жылу қазандықтарын кеңейтуді қажет етеді.

Жылу жүйелері мен қазандықтардың құрылысы және қайта жаңғыртуы бойынша 11 жобаны жүзеге асыруға 2014 жылы 2,2 млрд. теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде 4 жоба (Үшарал және Сарқан қалаларының орталық қазандықтары, Талдықорған қаласының №1 және №18 тоқсандық қазандықтары) 2013 жылдан ауысып келген жобалар.

Алакөл ауданының Үшарал қаласында орталық қазандық құрылысы және жылу жүйелерін қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылды.

Сарқан ауданының Сарқан қаласында орталық қазандықтың құрылысы бойынша жұмыстар аяқталуда.

Меншікті қаражат есебінен кәсіпорындар қазандықтар мен жылу жүйелеріне 1,8 млрд. теңге сомасына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Аталған шаралар 2014 жылы жылу жүйелерінің тозуын - 60%-ке дейін және жылу жүйелеріндегі шығындарды 20%-ке азайтуға мүмкіндік берді (2012 жылы норматив 25%).

Жаркен, Есік, Талғар, Қаскелең, Шелек, Шонжы және Ұзынағаш шағын қалаларында орталықтандырылған жылумен қамту жүйесін дамыту үшін ТЭН әзірленді.

«Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасының аясында 2015 жылы 6 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде Қапшағай қаласының Заречный кентінде орталық қазандық құрылысы бар.

Сондай-ақ, келешекте Талдықорған қаласында ЖЭО-н салу немесе әрекет етуші «Басқуат» қазандығын кеңейту қажет.

Облыс аумағында мұнай мен газ өндіретін және өңдейтін кәсіпорындар жоқ. Халық негізінен сұйылтылған газ баллондарын пайдаланады және тек Талдықорған қаласында ғана, жартылай көп қабатты тұрғын қорына топтық резервуарлық құрылғылар пайдаланылады.

Табиғи газға 101 елді мекен қосылған, газдандыру деңгейі 14%-ті құрайды. Газ құбырларының жалпы ұзындығы 2,0 мың ш құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда газдандырылған елді мекендердің саны 23-ке көбейіп, газбен қамту деңгейі 3,5%-ке артты.

Облысқа табиғи газ «Қазақстан-Қытай» және Өзбекстаннан «Бұхар газды аудан-Ташкент-Бішкек-Алматы» желілік газ құбырымен жеткізіледі.

Халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында облыс әкімдігі Алматы облысының 2007-2015 жылдарға арналған 2020 жылға дейінгі келешекпен кешенді газбен қамту бағдарламасын әзірлеп, бекітті.

2013 жылы Іле ауданының 7 елді мекенін газбен қамту үшін желілік газ құбырының құрылысы аяқталды, мемлекеттік және жеке меншік әріптестігі аясында елді мекендердің квартал аралық бөлу жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.

2014 жылы 53 елді екенді газбен қамтамасыз ететін, жалпы ұзындығы 64,4 ш «Алматы-Байсерке-Талғар» ЖГ құрылысы аяқталды. «Байсерке-Қапшағай» бөлінісі бар «Алматы-Байсерке-Талғар» желілік газ құбырының құрылысы жобасын жүзеге асыру, Іле, Талғар аудандарының және Қапшағай қаласының 300 мыңнан астам халқы бар 76 елді мекенін газбен қамтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Жамбыл ауданының «Қызылсөк» кірпіш зауытынан «Қазыбек-Бек» станциясына дейін жоғары қысымды жер асты газ құбырының және орта қысымды жер бетіндегі газ құбырының құрылысы аяқталды.

2012 жылдан бері жалпы ұзындығы 264,8 ш «Алматы-Талдықорған» желілік газ құбырының құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2015 жылдың 1 қаңтарына 161,7 ш салынды.

Аталған жобаны жүзеге асыру облыстың 7 ауданын және облыс орталығы Талдықорған қаласын, оның ішінде 409 мыңнан астам халқы бар 104 елді мекенді газбен қамтуға мүмкіндік береді.

Облыстың Еңбекшіқазақ, Панфилов аудандарын газбен қамту үшін, құны 1,94 млрд. теңге «Қазақстан-Қытай ЖГ-нан Моловодное, Шелек, Жаркент» АГБЖ құрылысы» жобасы бойынша жобалай-сметалық құжаттама дайындалды.

Сондай-ақ, Балқаш, Іле, Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандарын және Талдықорған қаласын газбен қамту мақсатында, қазіргі уақытта, бірінші кезекте аудан орталықтарына дейін жеткізетін газ құбырларының және Талдықорған қаласының қалаішілік газбен қамту жүйелерінің құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Екінші кезекте Бақанас, Сарыөзек, Балпық би, Ақши кенттерінде және Үштөбе қаласында газ құбырларының кентішілік бөлу жүйелерінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда.

Облысты газбен қамту жалпы облыс экономикасына жағымды әсер етеді, өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартады және халықтың әлеуметтік деңгейін біршама көтереді.

Халықтың отын сатып алуға шығындары азаяды, әлеуметтік сала объектілерін табиғи газбен қамтуға ауыстыру бюджет шығындарын азайтуға алып келеді.


2.2.6. Өңірдің экологиялық мәселелері


Облыста экологиялық ластанудың төмен деңгейі белгіленген. Дегенмен, экологияға ауа бассейнінің техногенді ластануы мен іргелес өңірлердің ауыл шаруашылық алқаптарының тозуының негізгі көзі ретінде Алматы қаласы біршама әсер етеді.

Атмосфераға залалды заттектердің шығарылу көлемі 2012 жылғы деңгейден 6,4%-ке көбейді, сұйық және газ түріндегі заттар – 10,2%-ке, сонымен қатар көмір қышқыл сутегі және ұшқыш органикалық заттар 2,3 есе, сонымен қатар қатты заттар 4,7%-ке төмендеді.

Ең ластанған Қарасай мен Іле аудандары, онда АӨК (ЖЭО-2, ЖЭО-3) АҚ-ның жылуэнергия кешендері орналасқан, олардың жалпы зиянды заттарды шығару үлесі - 70%.

Жер үсті суларын негізгі ластаушылар болып өнеркәсіп және өндірістік коммуналдық кәсіпорындар табылады, сарқынды су шығарылуының артуы байқалуда.

ҚР 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік су ресурстарын басқару бағдарламасының Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін облыста Жол картасы әзірленді, оны жүзеге асыруға 131 млрд. теңгеге жуық қаражат көзделуде.

Жыл сайын полигондарда 800 мың тоннадан астам қалдық сақталады. ТҚҚ-ды шығару артуда, олар ауыл шаруашылығына арналған жердің біршама бөлігін басып алуда, ТҚҚ өңдейтін зауыт салу қажет.

Облыстың негізгі экологиялық мәселелері:

- ауаны ластаушы заттарды және ағызғы суларын тазалау деңгейінің жеткіліксіздігі;

- қалдықтарды қайта өңдеу зауытының болмауына байланысты, тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мәселесі.


Аумақтық (кеңістіктік) даму


Әкімшілік-аумақтық бөлініс 10 қаладан тұрады, оның ішінде 3 облыстық және 7 аудандық маңызы бар қалалар және 731 ауылдық елді мекендер.

Облыс республикада ең тығыз орналасқан өңірлердің бірі болып табылады, орташа тығыздылық 1 ш шақырымға – 8,6 адам, халықтың 77%-і ауылдық жерлерде тұрады. Тұрғындар әркелкі орналасқан, бұл өндірістік қуаттардың орналасуына және көлік жүйесіне байланысты.

Халықтың барынша әркелкілігі Алматы қаласына іргелес жатқан және оның агломерациясын құрайтын Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай және Талғар аудандарында, сондай-ақ облыс орталығы – Талдықорған қаласының айналасында орналасқан Ескелді, Көксу және Қаратал аудандарында байқалады.

Талдықорған қаласы – Алматы облысының әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, білім білім және мәдіни орталығы, даму үшін ұтымды географиялық орын мен көпсалалы әлеуетке ие.

Орталығы жалпы халық саны 2,5 млн. адамды құрайтын Алматы қаласы болатын агломерацияға Алматы облысының бес аудан кіреді, олар Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Қарасай, Талғар және Қапшағай қаласы.

Қанаттас-қалалардың бекітілген бас жоспарларына сәйкес G4City Жобасы төрт шағын қалаларды қамтиды, олардың жұмыс атаулары: Нұротау (Gate City), Алтын (Golden City), Өркен (Growing City) және Көкшебел (Green City), олардың әрқайсысы өздерінің қызметін атқара отырып, өздеріне тән сипаты мен түріне сәйкес бір конгломират-қалаға бірігеді.

Төрт қанаттас-қаланы Алматы-Қапшағай республикалық тас жолының бойына орналастыру жоспарлануда. Жоба идеясы әрбір төрт қалаға мамандандырылған қызметтер беруді көздейді, соған сәйкес, олар бір-бірін толықтырады:

Нұротау (Gate City) – ірі іскерлік орталығы, халықаралық айналым, байланыстар мен сауда орталығы. Оған сілтеме болып, Алматы-Өскемен және АҮААЖ – республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының болуы табылады;

Алтын (Golden City) – білім орталығы, мәдениет және демалыс орталығы, ол бос уақытты ұйымдастырудың ең озық және үдемелі түрлерін қамтиды;

Өркен (Growing City) – ғылыми-өндірістік орталық, Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізі жүйесіндегі логистикалық торап;

Көкшебел (Green City) – өзіне экологиялық, рекреациялық аймағын, сондай-ақ белсенді демалыс аумағын қамтиды.

Жобаларды жүзеге асыру аумағында тұрғын үй, коммерциялық, оқыту, медициналық, рекреациялық және өндірістік бағыттағы объектілерді орналастыру көзделуде. Тұрғындардың болжамды саны шамамен 304 мың адамды құрайды.

Коммерциялық және әлеуметтік объектілердің құрылысынан басқа, өз қызметінен сәйкес, әрбір қанаттас қалада тұрғын үй құрылысына үлкен аумақ бөлінеді – барлық төрт қалада 3 510,0 га.

Жобаны аяқтау сәтіне сауда алаңдары, коммерциялық орталықтар, офистер, спорттық ойын-сауық мекемелері, қонақ үйлер іске қосылады, олар қазіргі экологиялық балансты сақтаумен және Алматы қаласының жүйесіне антропогенді әсерді азайтумен тұрғын және жұмыс кеңістігінен тұратын, технологиялық шоғырланған экономикалық жүйеге енеді. Өркен (GrowingCity) қанаттас-қаласының аумағында логистикалық орталықты құру қанаттас-қалалардың өңірдің және жалпы Қазақстанның тауар өткізетін инфрақұрылымын қалыптастыру жүйесіне тиімді енуін қамтамасыз етеді.

Алматы облысының моноқалалары тізіміне 31,5 мың адам тұрғыны бар, даму әлеуеті орташа Текелі қаласы кірді.

Текелі моноқаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді.

Облыста 294,0 мың тұрғыны бар сегіз шағын қалалар бар: Алакөл ауданында - Үшарал қаласы, Панфиловта - Жаркент, Қараталда - Үштөбе, Сарқанда- Сарқан, Еңбекшіқазақта -Есік, Қарасайда- Қаскелең, Талғарда- Талғар және Қапшағай қаласы.

Дамыған қала инфрақұрылымы бар Қапшағай және Текелі қалаларының өнеркәсіп және туризмді дамыту әлеуеті бар.


Аудандық маңызы бар қалалар:

- Есік, Қаскелең, Талғар, Алматы қаласына жақын орналасуы себебінен экономикалары көп салалы, бұл инвестиция тарту және халықтың көші-қон ағынына жағдай туғызады.

- Жаркент, Үшарал – Қытаймен шекаралас қалалар, бар әлеует қарқынды жүзеге асырылмайды.

- Сарқан, Үштобе – тар мамандандырылған қалалар, мұнда ауылдық сипат басым, қалалық инфрақұрылым аз дамыған, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу сияқты, негізінен бір ғана сала бар.

734 ауылдық елді мекенні 131-нің әлеуеті – жоғары, 547 – орташа және 56 – төмен.

Жаңа критерилерді ескере отырып, 121,4 мың адам тұрғын бар 16 елді мекен тірек мекендері ретінде айқындалды, оның ішінде 15 ауылдық және кенттік округтер орталығы, 2-і халықаралық шекаралық өткел –Достық және Қорғас.

Орталықтандырылмаған сумен қамту жүйесін 230 ауылдық елді мекен пайдаланады, аудан орталығына дейінгі жолдардың 15,5%-і қанағаттарлықсыз жағдайда.

172 ауылда мектеп жоқ, оның ішінде нормативке сәйкес бастауыш мектептер 69 ауылда, негізгі – 16 ауылда және орта мектпетер 16 ауылда болуы керек.

Балалардың санынан қарай қажет етілетін 110 ауылда мектепке дейінгі мекемелер ашылмаған.

103 ауылда медициналық мекемелер нормативтерге сай емес.

Облыста дәрігерлер тапшылығы – 209, оның ішінде ауылдық жерлерде – 122.

Даму әлеуеті жоғары ауылдардың санын арттыру үшін елді мекендерді инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жақсарту, халықтың кәсіпкерлік белсенділігін дамыту керек.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында жергілікті өзін өзі басқаруды қаржылай қолдау мақсатында 2013 жылы 1 143,4 млн. теңге бөлінді, 2012 жылмен салыстырғанда қаражат көлемі 6 есе ұлғайды. Осының нәтижесінде жөндеу жұмыстарымен 214 ауылдық елді мекен қамтылды немесе олардың жалпы санынан – 28,2%.

205 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 243,7 млн. теңгеге - 60 мал қорымы, 9,7 млн. теңгеге – 3 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны абаттандырылды, 226,4 млн. теңгеге 28 мектеп жанындағы спорт алаңдары ағымдағы жөндеуден өткізілді, 156,1 млн. теңгеге 21 сумен қамту жүйесі жөнделді, 4,8 млн. теңгеге 6 иесіз объектілер бұзылды, 317,3 млн. теңгеге жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша 27 жоба жүзеге асырылды, 88,8 млн. теңгеге рұқсат етілмеген 59 қоқыс төгу орындары жабылды, 95,9 млн. теңгеге мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.

2014 жылға 211 немесе олардың жалпы санынан 27,8% ауылдық елді мекенде 236 жобаны жүзеге асыруға 1 287,8 млн. теңге бөлінді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында 2011 жылдан 2013 жылдар аралығында барлығы 2264 маман көтерме жәрдемақысын алды, оның ішінде 1581 – білім беру, 523 – денсаулық сақтау, 16 – әлеуметтік, 46 – мәдениет, 10- спорт және 88 ветеренар мамандары бар.

Тұрғын үй алу үшін 1123 маманға бюджеттік несие берілді. Оның ішінде білім беру мамандары – 791, денсаулық сақтау – 242, әлеуметтік қамсыздандыру – 14, мәдениет – 31, спорт – 7 және ветеренарлар 38 адам.

Облыстық мәслихаттың шешімімен 9 аудан орталығы және 16 тірек ауылдық елді мекендер бойынша даму кешенді жоспарлары, ауылдық және кенттік округтер орталықтарын дамыту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары, 2014-2018 жылдарға арналған даму әлеуеті жоғары және орташа басқа ауылдық елді мекендерді дамыту жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары және облыстың 2014-2020 жылдарға арналған шекаралық аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Келелі мәселелер:

- Сумен қамту жүйесі орталықтандырылмаған ауылдардың болуы;

- Жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы;

- Ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылымдардың нормативтерге сай келмеуі;

- Дәрігер мамандарының жетіспеушілігі, әсіресе, ауылдық жерлерде.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Похожие:

Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Павлодар облысы жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconТүрік бірлігі мен исламшылдық, жәдидшілдік идеологиясының өлкеде қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуына әсері
Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚоғамдық денсаулық сақтау Кафедрасы
Мақсаты: Денсаулықты және оның компоненттерін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды ресурсы ретінде жан-жақты зерттеу
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconТәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріміз, еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына зор мүмкіндік берді. Қазақстанда, ішкі тұрақтылық, әлеуметтік
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы қойылған шараларды жүзеге асыру уақыты болды. Бұл жыл оқиғалармен,...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconКіріспе
Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық,...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері icon1. Кәсіпорыннның экономикалық категориялары
Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconСаясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі
Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі. Саясаттану пәнін дәуірлерге бөліп оқыту оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ол ғылымдар саласында...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
Білімділік мақсаты Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бөлімі бойынша игерген оқу материалдарын...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconСаяси партиялар және олардың жіктелуі
Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгі­сі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница