Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері




НазваниеӨңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері
страница6/17
Дата конвертации21.02.2016
Размер2.33 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zhetysu.gov.kz/upload/iblock/ebb/ebb44431206a4142c96d18cb9b8f10c4.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2.2.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп


Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылдың қорытындылары тіркелген қылмыстардың артуына қарамастан, жалпы облыстағы криминогендің ахуал бақылауда екенін көрсетеді.

Жедел жағдайдың тұрақтылығын жалпы қылмыстылық өскенде, аса ауыр қылмыстардың төмендеуі де куәландырылады.

2014 жылы барлық ішкі істер органдарының желілері бойынша 24 880 (2012 ж. – 19405) қылмыс тіркелді, оның ішінде 1977 (2012 ж. – 2888)- ауыр, аса ауыр түрлері – 203 (2012 ж. – 276).

Тіркелген адам өлтіру (2012 ж.- 171, 2014 ж. – 107), аса ауыр дене жарақаттарын келтіру фактілері (2012 жылы – 214, 2014 ж. – 127), қарақшылық шабуыл (2012 ж. – 233, 2014 ж. – 97), тонау (2012 ж. – 1210, 2014 ж. – 905), мал ұрлау (2012 ж. – 1876, 2014 ж. – 1609) саны азайды.

Сонымен қатар, бөтеннің мүлкін ұрлау (2012 ж. – 12689, 2014 ж. – 15 332) саны көбейді, оның ішінде пәтерлерге (2012 ж. – 4726, 2014 ж. – 5319) ұрлыққа түсу артты.

2014 жылдың қорытындылары бойынша жалпы қылмыстардың ашылуы 43,3%-ті құрады (2012 ж. – 14,3%). Ауыр қылмыстардың ашылуы – 44,9%-і (2012 ж. –42,3%), аса ауыр 88,0%-ті (2012 ж. – 81,8%) құрады.

220 есірткімен байланысты қылмыстар анықталды (2012 ж. – 223), оның ішінде есірткі заттарын өткізумен байланысты қылмыстар – 153 (2012 ж. – 103), 2 контрабанда фактісі (2012 ж. – 1) анықталды.

Қоғамдық жерлерде 6115 қылмыс (2012 ж. – 5969) жасалды, оның ішінде көшелерде - 3756 (2012 ж. – 4089).

Бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстар саны азайды (2012 ж. – 1032, 2014 ж. – 849). Алкогольдік масаю жағдайында (2012 ж. – 1063, 2014 ж. – 1370) және кәмелетке толмағандармен (2012 ж. – 259, 2014 ж. – 302) жасалған қылмыстар саны артты.

Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында Алматы облысының Ішкі істер департаменті қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.

Жоспарға сәйкес көзделген, бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алуға, бейне бақылау жүйелерін, домофондар орнатуға бағытталған шараларды жүзеге асыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні облыс аумағында 99 бейне бақылау камералары жұмыс жасайды, оның ішінде Талдықорған қаласында - 46, салыстыру үшін Астанада - 694, Алматыда – 156, Ақтөбеде - 138, Өскеменде - 97.

Азаматтар мен қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғауға, «Сақшы» және «Сарбаз» ерікті жәрдемдесу полиция жасақтарын, студенттік жасақтарын құруға тарту жұмысын жандандыру жөнінде шаралар қабылданды.

2014 жылы қоғамдық құрылымдардың қатысуымен 255 қылмыс ашылып, 2 177 құқық бұзушылық бұлтарылды.

Сонымен қатар, криминогендік ахуалға байланысты, ай сайын «Есепке алу», «Құқықтық тәртіп», «Нөлдік шыдамдылық», «Қару», «Жасөспірім» және т.б. жедел-алдын алу шаралары өткізілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жекелеген аудандарда пәтерлерге ұрлыққа түсу (Қарасай ауданында, Қапшағай қаласында), мал ұрлау (Ұйғыр, Қарасай, Іле аудандарында), қоғамдық жерлерде, оның ішінде көшелерде жасалған қылмыстар (Сарқан, Қарасай, Көксу аудандарында) саны азайды.

2014 жылдың қорытындысы 1 834 жол-көлік оқиғасы тіркелді (2012ж. - 1519), онда 468 адам қаза тауып (2012ж. - 492), 2 300 (2012ж. - 1787) жарақаттанды.

208 942 жол қозғалысы тәртібін бұзу жағдайы анықталды (2012ж. – 185 581), оның ішінде 3040 (2012ж. – 3629) – көлік құралын алкогольдік масаю жағдайында жүргізу тіркелді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ЖКО алдын алу тақырыбында 3 841 материалдар (2012 ж. – 4092) жарияланды, оның ішінде газет беттеріне 1850 (2012 ж. – 1494) мақала жазылды, эфирге 686 телебағдарламалар мен бейнесюжеттер шықты (2012 ж. – 1468), радиотолқынға 80 бағдарлама (2012 ж. – 80) шықты.

ЖКО-ның өсуінің негізгі себептері жылдамдық тәртібін асыру және қарама қарсы қозғалыс жолағына шығу болып табылады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аварияларды азайту мақсатында 38 кең ауқымды ЖАШ («Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Қауіпсіздік белдігі», «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін», «Назар аударыңыз, балалар» және т.б.) және 137 мақсатты бағытталған рейдтік шаралар өткізілді.

Алматы облысының ішкі істер департаменті жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыруы азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз етуге, олардың ішкі істер органдарына сенім арту деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Келелі мәселелер:

бейнебақылау камераларының жетіспеушілігі;

бас бостандығынан айыру жерінен босағандарды қалпына келтіру орталықтары жоқ (бұрын сотталғандар үлесіне тіркелетін барлық қылмыстардың 3%-і тиесілі, 2014 жылы олар 849 қылмыс жасады);


Азаматтық қорғаныс

Облыста, орташа есеппен, жыл сайын 3 мыңнан астам төтенше жағдайлар орын алады. 2012 жылдан 2014 жыл аралығында обылс аумағында табиғи және техногенді сипаттағы 10 465 оқиға тіркелді. Онда 7435 адам зардап шегіп, 1975 адам қаза тапты. Тікелей материалдық шығын 2 млрд. 403 млн. 243 мың теңгені құрады.

Өмір сүру қауіпсіздігі сапасына облыста техногендік факторлар, түсініксіз табиғи жағдайлар, қоршаған ортаға жоғары антропогенді қысым және сөзсіз, заңнамалық тұрғыда ұлттық қауіпсіздік қатерлеріне жатқызылған – дүлей апаттарға, авариялар мен зілзалаларға қарсы әрекет ету инфрақұрылымының аяқталмаған құрылыстары теріс әсер етеді.

Облыс халқына, объектілері мен аумағына тәуекелдің басым факторы болып маусымдық су тасқындары мен су басу табылады.

Қазіргі уақытта, облыста халықты және аумақты су басудан қорғауды қамтамасыз ету үшін 13,5 ш су тасқынынан қорғайтын дамбалар құрылысы, сондай-ақ 8,3 ш нығайту, су тасу қаупі бар өзендердің түбін тереңдету және 43,9 ш арналарының кеңейту, 29,2 ш су маңы және дренаж каналдарын орнату қажет.

Сңғы үш жылда (2012-2014жж.) дүлей апаттарға қарсы әрекет ету инфрақұрылымының құрылысына облыстық бюджеттен 6,4 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттар аясында өткен төрт жылда 69,8 ш. су тасқынынан қорғайтын жаңа салынды, әрекет ететін 32,9 ш. дамбаларды жөндеу жүргізіліп, су тасу қаупі бар өзендердің жағалауын нығайту, тереңдету, түзету және 241,8 ш. арнасын кеңейту жұмыстары жүргізілді. Облыстың коммуналдық меншіктегі 46 су шаруашылығы объектілерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Жыл сайын облыста материалдық шығын 500 млн. теңгеден асатын, 1 мыңнана астам өрт тіркеледі. 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында 4721 өрт орын алды, олардың нәтижесінде 199 адам қаза тапты, оның ішінде 18 бала бар, 242 адам жарақаттар алды. Өрттен болған жалпы шығын шамамен 2 млрд. 82 млн. теңгені құрады. Сондай-ақ, аталған кезеңде Алматы облысының аумағында жалпы алағы 1805 га 31 орман өрттері мен алаңы 3768 га 23 дала өрттері орын алды.

Сонымен қатар, облыстың мемлекеттік өрт сөндіру қызметтерімен тек 29 қалалар мен елді мекендер қорғалады, оның ішінде 3 қала (Талдықорған, Қапшағай және Текелі қалалары) өртке қарсы қорғаныспен толық көлемде қамтамасыз етілген. Тұрғын дар саны 5 мың және одан артық 27 елді мекенде өртке қарсы қызметі жоқ.

Облыс елді мекендерін минималды өртке қарсы қорғанысы үшін 25 өрт депосын және 120 өрт сөндірудің тірек пункттерін салу қажет. Облыста өрттердің тиімді алдын алуын 170 мектепте, 143 ауруханаларда, 4 балабақшаларда өртке қарсы дабылдың болмауы қиындатады. 911 өртке қарсы гидранттар мен 54 өртке қарсы көлшіктерді жөндеу қажет елді мекендерді өртке қарсы сумен қамту мәселесі келелі болып отыр.

Облыстың ауылдық елді мекендерінде табиғи өрттерді жою үшін жергілікті атқарушы органдар 427 ерікті өрт сөндіру құрылымдарын құрды. Бүгінгі таңда, қосымша 127 ерікті өрт сөндіру құрылымдарын құру қажет.

Облыста сел белсенділігі республикадағы бірінші орындардың бірін иеленеді. Сел, негізінен облыстың тау және таулы аудандарында кеңінен таралған. Қазақстанның 13 мың ш.ш. сел қаупі бар аймақтарының 11 мың ш.ш. астамы Алматы облысына тиесілі. Сел ағымдары таралуы, қайталануы және бұзушылық әсеріне қарай, облыстағы қауіпті табиғи апаттардың барынша маңыздысы болып табылады. Сел ағымдарының мүмкін болатын әсер ету аймағына 532 ошақ, 5017 объект, 39 мыңнан астам халық кіреді. сел қаупі бар өңірлерде 8 бірлік сел ұстаушы құрылыстарды салу қажет.

Облыста қайталануы және бұзышылық әсері етуі бойынша қауіпті табиғи апаттардың ішінде екінші болып қар көшкіндерін азайту табылады. Облыс аумағында қар көшкіні жиналатын 183 ошақ бар, оның ішінде 131-нен астамы 71 елді мекенге, демалыс аймақтарына (тау-шаңғы базаларына, ойын-сауық кешендері мен т.б.), республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар 3,7 шақырым автомобиль жолдарына және 387 тұрғындарға тікелей қауіп туғызады. 8 бірлік қар ұстайтын ғимараттар құрылысы талап етіледі.

Облыстың жекелеген өзен бассейндерінде көшкін әрекетінің дамығаны соншама, жекелеген ошақтар емес, тұтас учаскелер анықталады, олардың 73-і тіркелген. Олардың әрекет ету аймағына 116 объектілер мен 600-ден астам адам кіреді.

Көшкіндердің негізгі себебі – атмосфералық жауын-шашындар мен жер асты сулары. Соңғы жылдары Іле Алатауының тау етегі аймағында, Алматының қала сыртында көшкін қаупі аумақты коттеджер құрылысына үдемелі пайдалануға және су құбыры желілеріндегі көптеген аварияларға байланысты, айтарлықтай күшейді. Ғимараттар мен құрылыстардың, автомобиль жолдарының, ормандардың бұзылуы, жер бедері мен топырақ жабыының бұзылуы орын алуда. Іле және Жоңғар Алатауының жоталарының солтүстік бөктерінде түрлі ауқымдағы көптеген көшкіндер анықталды, 3 бірлік көшкінге қарсы құрылысты салу қажет етіледі.

Жер сілкіністері зардап шегушілер саны, зиян көлемдері, олардың қамтыған аумақтарының көлемі және олардан қорғану қиындығы бойынша барынша аса қауіпті дүлей апат болып табылады. Облыс аумағында жер сілкінісінің төрт эпицентрі бар, олардың әрқайсысында болжамды сейсмикалық белсенділік 6-дан 9 және одан көп баллды құрайды.

Облыс аумағындағы барлық дерлік тұрғын үйлер сесмикалық әсер қаупіне ұшырайды. Мұнда 232,8 мың тұрғын үй немесе тұрғын қордын 66%-і күшті және толық бұзылуы мүмкін. Бұл құрылысы ескірген тұрғын үйлерге қатысты. Санитарлық шығындар - 270 мың адам, қайтарылмайтындары 138,2 мың адамды құрайды.

2012 жылдан 2014 жылдар аралығында облыстың су қоймаларында 484 ТЖ тіркелді, онда 652 адам апатқа ұшырады, оның ішінде 253 адам суға батып, 399 адам құтқарылды.

Облыстың су қоймаларындағы төтенше жағдайды талдау суға батқандар санының негізі өзендердің, көлшіктердің, суару каналдарының, шатқалдардың және басқа су қоймаларының күзетілмейтін учаскелеріне тиесілі, мұнда -216 адам, ведомстволық құтқару посттарында 37 адам суға батты, құтқару станциялары әрекет ететін аудандардасуға батқандар жоқ.

Алматы облысының ТЖД су-құтқару қызметінің құтқару бөлімшелері су қоймаларының бұқаралық демалысқа пайдаланылатын азғантай бөлігін ғана бақылайды. Қосымша құтқару станцияларын обылстың айтарлықтай күрделі учаскелерінде, халықтың жағалауды демалыс мақсатында барынша пайдалану орындарында ашу қажет, ол үшін 4 бірлік қосымша су-құтқару станцияларын құру талап етіледі.

Халықты ТЖ және АҚ талаптарында әрекет ету бойынша оқыту мақсатында 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментімен 33 мыңнан астам адам оқытылды.

Келелі мәселелер:

  • дүлей апаттарға, аварияларға және зілзалаларға қарсы әрекет ету инфрақұрылымы құрылысын аяқталмағандығы;

  • облыс елді мекендерінің барлығы өртке қарсы қызметпен қамтылмаған.

2.2.3. Инфрақұрылым кешені


Ақпараттық коммуникациялар

На сети телекоммуникаций эксплуатируются 399 телефонных станций (544 коммутационных пунктов) по сравнению с 2012 годом увеличилось на 8,3 %, из них цифровых – 398 или 99,9%, по сравнению с 2012 годом цифровизация станций увеличилась на 14,3% (424 коммутационных пунктов). Общая монтированная емкость всех коммутационных пунктов составляет 322,211 тыс. номеров, в том числе в сельской местности – 208,007 тыс. номеров.

Нетелефонизирован один сельский населенный пункт области – ферма Сарыбулак Кербулакского района.

Телефонная плотность на 100 жителей составила 16,5 единиц, в т.ч. в городской местности – 25, в сельской - 14.

Всего пользователей Интернет с учетом коммутируемого доступа на конец 2014 года составило 116 060 единиц. Из общего количества пользователей Интернет увеличился с 98,7% до 99,8 % пользователей подключены к широкополосному доступу.

C 2007 года в области ведётся строительство сети беспроводного доступа WLL CDMA 450, уже введено в работу 96 базовых станций предоставляющих услуги 61749 пользователям. Покрытия радиосигналом было охвачено в 2012 году 73%, на 01.01.2015 составило 90% территории области.

По проекту «Организация услуг коллективного доступа к сети Интернет со скоростью соединения не менее 1024 Кбит/с в СНП с числом жителей от 1000 и более» были введены в эксплуатацию спутниковые станции SkyEdge.

По Алматинской области запущены 209 базовых станций сети LTE 4G, из них по ВОЛС работают 158 базовых станций.


Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2014 жылы 2012 жылға 9,1% өсіммен 201,6 млрд. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстары көлемінің айтарлықтай үлесі Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ, Талғар, аудандарына және Талдықорған қаласына тиесілі.

Құрылыс дамуының негізгі көрсеткіші болып тұрғын үйлерді іске қосу болып табылады.

2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы тұрғын үйлерді іске қосу 15,9%-ке артып, 714,4 мың шаршы метрді құрады (2012 жылға-84,1%).

Тұрғын үй құрылысын үлкен көлемі жеке құрылысшылар есебінен қамтамасыз етілді.

Жеке меншік қаражаты есебінен 652,7 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2012 жылға – 87,6%, оның ішінде тұрғындардың есебінен - 497,3 мың шаршы метр (107,4%).

«Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша 45,1 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2012 жылға – 165,2% (27,3 мың ш.метр), оның ішінде несиелік тұрғын үй – 13,6 мың ш.метр, кезекте тұрғандарға арналған жалдамалы – 19,6 мың ш.м., жас отбасыларына арналған жалдамалы – 10,8 мың ш.м. және коммуналдық – 1,1 мың ш.м.

«Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның қатысуымен Қарасай ауданында жалпы алаңы 261,8 мың ш.м. «Асыл Арман» тұрғын кешенінің құрылысы жүргізілуде. 2014 жылы 147,1 мың ш.метр тұрғын үй қолданысқа енгізілді (2328 пәтерлі 9 үй). 2015 жылы қалған 114,6 мың ш.метр тұрғын үй іске қосылады.

Жаңа тұрғын массивтерге 357,9 ш инженерлік-коммуникациялық жүйелер тартылды, оның ішінде: 135,6 ш. - электрмен қамту, 62,4 ш. – сумен қамту, 30,7 ш. – кәріз жүйелері, 124,7 ш. – кірме жолдар, 4,5 ш. – жылу жүелері.

Бағдарлама аясында Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс тұрғын массивінде жалпы алаңы 316,7 мың ш.м. 121 көп қабатты тұрғын үйлер салу жоспарлануда.

Оңтүстік-Батыс тұрғын массивінде 2012-2014 жылдары алағы 51,7 мың ш.метр 963 пәтерден тұратын 11 үй қолданысқа берілді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж, кезекте тұрғандар саны 2012 жылмен салыстырғанда 8,2 мың адамға көбейіп, 24,5 мың адамды құрады, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлерінен - 9,8 мың адам, халықтың әлеуметтік әлсіз жігінен –10,1 мыңнан астам адам.


Құрылысты дамытудағы келелі мәселелер:

  • облыстағы құрылыс материалдарының өндірісі кейбір түрлері бойынша қажеттілікті қанағаттандырмайды, сондықтан олардың көбісі импортталады, бұл құрылыстың қымбаттауына алып келеді;

  • тұрғын үй құрылысының жеткіліксіз қаржыландырылуы, іске қосылатын тұрғын үйлердің көлемі тұрғын үйге кезектілікті айтарлықтай азайтуға мүмкіндік бермейді.


Автомобиль жолдары

Облыстағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 9316,8 ш. құрайды, оның ішінде 27,1% республикалық маңызы бар (2529 ш.) және 72,9% жергілікті маңызы (6787,8 ш.) бар жолдар.

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда 354 көпір мен 5436 су өткізгіш құбырлары бар.

Облыстық маңызы бар жолдардың 788 шақырымы (11,6%) асфальтты бетонмен жабылған; 4861,8 ш. (71,6%)- қара-қиыршықтаспен; 1020,4 ш. (15%) ірі құмды-қиыршықтасты; 118 ш. (1,8%) жабындысыз (топырақты).

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарының аз бөлігінің ғана (34,3 %) жағдайы жақсы. Қалған 40,3%-і – қанағаттанарлық және 25,4%-і –қанағаттанарлықсыз жағдайдағы жолдар деп жіктеледі.

Аудандар ішінде қатты жабынды автомобиль жолдарымен басқалардан қарағанда Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары жақсы қамтамасыздандырылған.

Автомобиль жолдарымен қамсыздандыру деңгейі Ақсу, Сарқан, Қаратал аудандарында төмен.

2012-2014 жылдары автожолдар жағдайының өзгеру серпіні


Техникалық-қолдану жағдайдың өзгеру серпіні

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Ш

ш

ш

қолдану жағдайы бойынша

Жақсы және қанағаттанарлық

4449,9

4839,3

5063,8

Қанағаттанарлықсыз немесе бұзылу сатысындағы

2503,1

2113,7

1724


2012 жылдан 2014 жылдар аралығында облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының техникалық-қолдану жағдайына жүргізілген талдау мен мониторингке сәйкес, техникалық-қолдану көрсеткіштерінің қатынасы төмендегідей өзгерді:

  • жақсы және қанағаттанарлық техникалық жағдайдағы жолдардың ұзындығы 4449,9 шақырымнан 5063,8 ш көбейді, яғни 613,9 ш артты;

  • қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайдағылары 2503,1 шақырымнан 1724 ш дейін 779,1 ш азайды.


2012-2014 жылдар аралығында жүргізілген жөндеу жұмыстарының серпіні


Салалық бағыттағы қаржыландыру, млн. теңге

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жиынтығы

қаржыландыру көздері бойынша

БАРЛЫҒЫ

8971,2

13459,9

13 557,4

35988,5

Республикалық бюджет

2479,5

4506,8

4 233,0

11219,3

Облыстық бюджет

6491,7

8953,1

9324,4

24769,2

Жөнделді, ш

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Жиынтығы

жөндеу түрлері бойынша

БАРЛЫҒЫ

344,2

510,1

295,6

1149,9

Құрылыс, қайта жөндеу

18,0

5,0

2,3

25,3

Күрделі жөндеу

76,8

99,9

68,2

244,9

Орташа жөндеу

249,4

405,2

225,1

879,7


Облыста жол саласына салынған бюджеттік инвестициялардың жалпы көлемі 2012-2014 жылдары 36,0 млрд. теңгені құрады.

Аталған қаражат есебінен барлық жөндеу түрімен 1149,9 ш облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделді, оның ішінде жұмыс түрлері бойынша:

  1. құрылыс, қайта жаңғырту –25,3 ш (2,2%);

  2. күрделі жөндеу –244,9 ш (21,3%);

  3. орташа жөндеу – 879,7 ш (76,5%).


2014 жылы жалпы қолданыстағы 295,6 ш және 815,0 мың шаршы метр автомобиль жолдары жөндеуден өткізілді, оның ішінде: «Елімай» және «Премьера» тұрғын кешендеріне апаратын автожол құрылысы, 0-2,3 ш бөлігі.

Алматы-Бішкек-Кемертуған-Ильич Жолы-Октябрь, Алматы-Ташкент-Термез, АДК шатқалына кірме жол, Киров-Ақтекше, Көксу-Киров-Қарабұлақ-Қайнарлы, Сарқан арқылы Бірлік, Екіаша-Аманбөктер, Алматы-Өскемен, Есік-Қырбалтабай-Жетыген, Талдықорған-Үштөбе-Быжы-Мұқры, Ұзынағаш-Бесмойнақ, Алматы1-Шамалған ст.-Ұзынағаш Жармұхамбет а. кірме жол, Алматы1-Шамалған-Ұзынағаш Көкөзек арқылы Чапаево а. кірме жол, Жалпақсай (КИЗ)-Жетісу-Боралдай-Шамалған ст., Фабричный-Новороссийск-Мыңбаев, Алматы-Ташкент-Термез, Жаңақұрылыс а. кірме жол, Үшарал-Сарпылдақ, Тургень-Обсерватория, Қапшағай-Бақанас-Қарой автомобиль жолдарының учаскелері күрделі жөндеумен қамтылды.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстауға 2015 жылы 10 697,4 млн. теңге бөлінді.

Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 77,6%-ке жетеді.


Көлік

Облыстағы көлік желісі әрсабақты, олар: автомобильді, әуе жолдарының, теміржол мен өзен көлік түрлері. Облыстағы тасымалдау көлемінің негізгі бөлігі автомобиль көліктеріне тиесілі.

332 маршрут бар, оның ішінде 47- қала ішілік, 126- облыс ішілік, 40- аудан ішілік, 119 - қала сыртында. Облыста 192 елді мекен маршрут желісімен қамтылмаған.

Адам және жүк тасымалдаумен 33 жеке меншік тасымалдаушылар айналысады. 18 автостанциялар және Талдықорған мен Қапшағай қалаларында 2 автобекет жұмыс істейді.

Облыс халқына барынша сапалы қызмет көрсету үшін 2014 жылы ауданаралық 6 тұрақты хабарлама ашылды.

2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы автомобиль көлігімен жүргізілген жүк айналымы 12%-ке өсіп, шақырымына 7,0 млрд. теңгені құрады, ал автомобильмен және әуе көлігімен адам тасымалдау айналымы – 7,3%-ке өсіп, шақырымына 11,1 млрд. жолаушыны құрады.

Көлік қызметінің үлкен үлесі Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласына тиесілі. Облыстың басқа өңірлерінде қызмет көрсету үлесі 5-6 процентті құрайды.

Автокәсіпорындарды автопаркті жаңарту үшін ынталандыру мақсатында, автопаркі жаңартылған кәсіпорындар бойынша автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүк тасымалдау құқығына келісім-шарт 3 жылдың орнына 5 жылға жасалады.

Нәтижесінде 2014 жылы 101 бірлік қозғалыс құрамы сатып алынды. 2015 жылы тағы 65 бірлік көлік сатып алу жоспарлануда.

Облыс бойынша тұрақты маршруттармен жолаушыларды және жүкті сәйкес рұқсат құжаттарынсыз тасымалдайтын тұлғаларға қатысты бірқатар мәселелер бар. Оның салдарынан жолаушы кәсіпорындары қозғалыс құрамын уақытында жаңарту және өндірістік-техникалық базаны жабдықтау үшін құралдар сатып алу мүмкіндігінен айырылады.

Осыған байланысты, ресми (заңды) такси тасымалдарымен, такси қызметіне тапсырыстарды өңдеу жөніндегі электрондық диспетчерлік қызметімен қамтамасыз ету, көрсетілген қызметтерге қолма қол емес ақшамен есеп айырысу тәсілін енгізу жұмыстарын жүргізу қажет.

ҚР көлік жүйесі инфрақұрылымын 2020 жылға дейін дамыту және интеграциялау бағдарламасының асында автомобиль көлігі саласында инфрақұрылымдық объектілердің құрылысы жоспарланған, оның ішінде: облыс орталығы - Талдықорған қаласында автобекет, Кеген және Бақанас ауылдарында автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсететін 14 пункт, 43 такси тұрағы бар.

Бақанас, Кеген ауылдарын және Талдықорған қаласын дамытудың бас жоспарларымен автостанциялар мен автобекеттер құрылысы көзделген.

Алматы темір жол бөлімінің қызметі аумақтық шекараларда жүк және жолаушылар тасымалы әрекетін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Алматы жол бөлімінің темір жолдарының қолданылатын ұзындығы 1648,8 ш құрайды, басты жолдардың толық ұзындығы 2143,4 ш.

Алматы жол бөлімінің қолданылу қызметін қамтамасыз ету үшін 119 темір жол станциялары, 72 раъездер мен 12 айналып өту пункттері бар.

Облыс аумағы бойынша «Новосибирск-Ташкент-Новосибирск», «Бішкек-Новокузнецк-Бішкек», «Алматы-Новосибирск-Алматы», «Алматы-Үрімжі-Алматы», «Алматы-Симферополь-Алматы», «Алматы-Мәскеу-Алматы», «Алматы-Астана-Алматы», «Алматы-Достық», «Алматы-Алтынкөл» бағыттары бойынша транзиттік темір жол хабарламалары өтеді.

Коммуналдық меншіктер республикалық меншікке 8 темір жол вокзалдары берілді, олар: Жетіген, Шамалған, Боролдай, Достық, Жайпақ, Бескөл, Үштөбе және Талдықорған.

Облыс аумағында 2 әуежай бар: Талдықорған қаласында «Жетісу» Әуе компаниясы» және Іле ауданының Боролдай кентінде «Альтаир Эйр» ЖШС-гі. «Жетісу» Әуекомпаниясы» АҚ-мы «Талдықорған-Астана-Талдықорған» әуемаршруты бойынша рейстер орындайды. «Альтаир Эйр» ЖШС-гі жолаушылар мен жүк тасымалымен айналыспайды, ұшу-қону жолағын жалға береді.

ҚР Қорғаныс министрлігімен Үшарал қаласындағы бұрын азаматтық авиацияның әуе кемелерін пайдаланған, жалпы алаңы 3 га аэродромы аумағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі келісілуде. Шағын авиацияны дамыту үшін Кеген және Жаркент елді мекендерінде топырақ жабынды аэродром құрылысы жоспарлануда.

Кеме жүретін су жодарының жалпы ұзындығы 1308 ш. құрайды, оның ішінде: Қапшағай су қоймасы - 110 ш., шекарасы ҚХР-на дейін барады, Іле өзенімен жоғары қарай - 220 ш., Балқаш көлі - 978 ш.

«Қапшағай өзен флоты» ЖШС-гі өндірістік қызметпен айналыспайды, 2001 жылы «Железобетон-Көктас» АҚ-ы сатып алынды. Қолда 23 кеме, оның ішінде 2 - теплоход, әрқайсысының жүк көтеру қуаты 700 тонналық 4 – тіркеме бар.

Су көлігі саласында Қапшағай су қоймасында және Алакөл көлінде кемелердің тоқтауы үшін жағажай салу жоспарлануда.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Павлодар облысы жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconТүрік бірлігі мен исламшылдық, жәдидшілдік идеологиясының өлкеде қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуына әсері
Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚоғамдық денсаулық сақтау Кафедрасы
Мақсаты: Денсаулықты және оның компоненттерін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды ресурсы ретінде жан-жақты зерттеу
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconТәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріміз, еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына зор мүмкіндік берді. Қазақстанда, ішкі тұрақтылық, әлеуметтік
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы қойылған шараларды жүзеге асыру уақыты болды. Бұл жыл оқиғалармен,...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconКіріспе
Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық,...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері icon1. Кәсіпорыннның экономикалық категориялары
Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconСаясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі
Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі. Саясаттану пәнін дәуірлерге бөліп оқыту оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ол ғылымдар саласында...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
Білімділік мақсаты Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бөлімі бойынша игерген оқу материалдарын...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconСаяси партиялар және олардың жіктелуі
Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгі­сі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница