Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері




НазваниеӨңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері
страница5/17
Дата конвертации21.02.2016
Размер2.33 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zhetysu.gov.kz/upload/iblock/ebb/ebb44431206a4142c96d18cb9b8f10c4.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Денсаулық сақтау

Облыста 935 денсаулық сақтау ұйымы бар, оның ішінде 777 – мемлекеттік және 158 – жеке меншік. (91,0%-ы ауылдық жерлерде орналасқан).

Халық саны 50 адам және одан көп болатын, облыстың барлық елді мекендері медициналық ұйымдармен толығымен қамтамасыз етілген. Жұмыс жасап тұрған жүйелер мен штат санын нормативтерге сәйкестендіру үшін 2012-2014 жылдары 5 ірі ауылдық ауруханалар аудандық ауруханаларға қайта ұйымдастырылды, 5 нейроинсульттік бөлімшелер ашылды, қосымша 3,4 мың шататтық бірлік бөлінді.

2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы медициналық ұйымдардың жүйесі 64 бірлікке азайды, себебі 20 санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелері және 19 санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне берілді, Ақсай ауылындағы Республикалық балалар ауруханасы және 26 медициналық ұйымдар Қарасай, Талғар және Іле аудандары аумақтарының бөліктерін Алматы қаласына беруге байланысты, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының иелігіне өтті. Сарқан ауданының Қорған ауылында ғимараты жоқ медициналық пункті жабылды, Іле ауданының Покровка ауылында және Панфилов ауданының Нұркент ауылында дәрігерлік амбулаториялар, Талғар ауданының Талғар қаласында өңірлік наркодиспансер ашылды.

Төсек-орын саны Ақсай Республикалық балалар ауруханасын республикалық ведомтсвоға беруге байланысты 2012 жылғы 9179-ға қарағанда 2014 жылы 8964 орынға азайды, 10 мың адамға шаққанда төсек-орынмен қамтылу деңгейі 2014 жылы – 46,0. Дәрігерлер саны – 4154-тен 4493 адамға дейін 8,1%-ке, орта медициналық қызметкерлерінің саны – 12152-ден 12381 адамға дейін 1,9%-ке көбейді, 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтылу деңгейі - 23,0 (ҚР - 31,6), орта медициналық қызметкерлермен – 63,4 (ҚР-88,4). Ауылдық денсаулық сақтау саласы мамандарының басым көпшілігі зейнетке шығу алдында және зейнеткерлік жастағылар (30%-дан астамы). Облыста дәрігерлер тапшылығы 205 адамды құрайды.

Республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жалпы 7,0 млрд. теңге сомасына 192 - санитарлық автокөлік, оның ішінде 58 – реанимобиль, медициналық құралдар сатып алынды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық бұйымдар және құрылғылармен жабдықталуы 44,0%-тен 78,8%-ті құрады. Аудан оталықтарының және қалалық ауруханалардың санитарлық автовөлікпен қамтамасыз етілуі - 98,0%, ауылдық ауруханалар мен дәрігерлік амбулаториялар - 97,0%, облыстық және қалалық ұйымдар – 98,0%.

«100 мектеп және 100 аурухана құрылысы» жобасын іске асыру аясында 8 объект салынды: оның ішінде 18,9 млрд.теңгеге Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы мен Талғар ауданының Талғар қаласында 400 жатын орынға 2 аудандық аурухана және Іле ауданының Өтеген батыр ауылында 200 жатын орынды , тәулігіне 450 адам қабылдайтын емханасы бар балалар ауруханасы, Балқаш ауданының Бақанас ауылында 40 орынды туберкулез ауруханасы, Қарасай ауданының Қаскелең қаласында 60 орынды перзентхана, Жамбыл ауданының Қазбек бек ауылында 15 орынды ауылдық аурухана және Райымбек ауданының Кеген ауылында ауысымына 250 келіп-кетушіге арналған емхана.

«Денсаулық сақтау саласының 350 объектісінің құрылысы» жобасының аясында 2012-2013 жылдары 35 дәрігерлік амбулаториялар және бір фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, қалған 2 объект (Көксу ауданының Балпық би кентінде емхана және Талғар ауданының Талдыбұлақ ауылында ДА) 2015 жылы аяқталады.

Жалпы үш жылда 60 объект салынып, қайта жаңғыртылды және 64 объект күрделі жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар облыста 365 объект бейімделген ғимараттарда орналасқан немесе 46,9%, 79-ы немесе 10,2%-і ғимаратты жалдайды, 264 күрделі жөндеуді қажет етеді.

Облыстың барлық денсаулық сақтау объектілері компьютермен және телефон байланысымен қамтылған.

ҰБДЖ-нің енгізілуіне байланысты стационарлық және станционарлықты алмастыратын медициналық көмектің дамуы байқалады. Облыста 8964 тәулік бойғы стационарлық жатын орындары жұмыс істейді, оның ішінде 5540 жатын орын ҰБДЖ бойынша республикалық бюджеттен қаржыландылады, ауруханалар мен амбулаторлық-емханалық ұйымдар жанындағы күндізгі стационарда 1768 жатын орын бар. Келешекте қымбат тұратын, тәулік бойғы стационарлар біртіндеп аз шығынды күндізгі стационарларға айналдырылады.

2014 жылы денсаулық сақтаудағы амбулаторлық-емханалық ұйымдармен 16064,2 мың емделушіге қызмет көрсетілген (2012 жылы – 14458,3 мың емделуші), келу саны бір тұрғынға 2012 жылғы 8,0–ге қарсы 8,2-ні құрады.

БМСК мамандарының жалпы санынан жалпы тәжірибедегі дәрігерлерінің үлесі артуда, 2014 жылы бұл көрсеткіш 30,0%-ті құрады. Амбулаторлық-емханалық қызмет пен жедел жәрдем қызметі арасындағы сабақтастылық жақсарған, бұл БМСК ұйымдарының жұмыс уақытында жедел жәрдем шақыру саны 24,5%-ке төмендеді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде облыс азаматтарының көбейюі кезіндегі өмір ұзақтығының ықтимал мөлшері 2012 жылмен салыстырғанда (69,93 жас) 2014 жылы 71,0 жасты құрады (алдын ала мәліметтер).

2012-2014 жылдары тұрғындар арасында әлеуметтік маңызды аурулардың тарауы және сол аурулардан қайтыс болу көрсеткішінің төмендеуі байқалуда. Осылайша, туберкулезден қайтыс болу – 2012 жылғы 3,7-ден 2014 жылы 2,3-ге дейін (ҚР -4,4), қан айналымы жүйесінің ауруларынан – 2012 жылғы 227,52-ден 2014 жылы 149,0-ге дейін (ҚР – 161,0), АИЖ (14-49 жас аралығындағы топ арасындағы инфекциялар) таралуын 0,2-0,6% шегінде тежеу өзгермей, 0,02%-ды құрайды.

Тірі туған 100 мың адамға шаққанда ана өлімі республикалық көрсеткіш 11,5 болғанда, 2012 жылғы 10,5-тен 2014 жылы 9,7-ке төмендеді. Ана өлімінің төмендеуіне қауіпсіз ана болу және отбасын жоспарлауды өңірлендіру бағдардамасын енгізуге байланысты қол жеткізілді.

Нәресте шетінеуінің деңгейі 1000 тірі туған сәбиге шаққанда 0-ден 5 жасқа дейін 2012 жылғы 14,4-тен 2014 жылы 13,0-ке төмендеді.

Нәресте шетінеуінің төмендеуіне көліктік кювезі бар 4 реанимобильдерді сатып алу, заманауи медициналық аппаратураларды алу, балалар және перзентхана ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, дәрігер-педиатрлардың, неонатологтардың, акушер-гинекологтардың және БМСК дәрігерлерінің білім деңгейін арттыру есебінен қол жеткізілді.

100 мың адамға шаққанда қатерлі ісіктен қайтыс болу көрсеткіші 2012 жылғы 76,88-ден 2014 жылы 80,0-ге көбеюі мәліметтерді тіркеу базасын қалыптастырумен байланысты. Алматы облысында қайтыс болған пациенттер, қайтыс болу орнына қарамастан, облыстағы тұрғылықты жері бойынша тіркеледі.


Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер:

  • дәрігер мамандарының тапшылығы, әсіресе жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің;

  • ғимараттардың жетіспеушілігі және күрделі жөндеу қажеттілігі бар;

  • туберкулезден, қан айналымы жүйесінің ауруларынан, онко аурулардан қайтыс болуды, ана және бала өлімін азайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.


Мәдениет

Облыста 558 мәдениет және мұрағат объектілері жұмыс жасайды, оның ішінде: 267 - кітапхана, 243 - мәдениет үйі мен клубтар, 21 - мұражай, 2 – сурет галереясы, Б.Римова атындағы драматеатры, Сүйінбай атындағы облыстық филармония, «Алатау әуендері» МКҚК, облыстық халық шығармашылығы және тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығы, 2 бейнемобилі және 18 мұрағаттар.

2012 жылмен салыстырғанда мәдениет мекемелерінің жүйесі 15 бірлікке көбейді, оның ішінде бұрын жұмыс жасамаған объектілерді жөндеу есебінен 6 кітапхана және 9 мәдениет үйі ашылды.

Сонымен қатар, халық саны 5000 адам және одан көп болатын 24 ауылдық елді мекендерде мәдениет үйлері жоқ.

2012-2014 жылдар ішінде 3 объект салынды: Ұйғыр ауданында аудандық кітапхана ғимараты, Райымбек ауданында тарихи-өлкетану мұражайы, Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылында облыстық мұрағат ғиараты. Барлығы 52 мәдени және мұрағат объектілері күрделі жөнделді, оның ішінде 43 - мәдениет үйі, 3 – кітапхана, 3 – мұрағат және 3 мұражай. Тағы 120 ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізу қажет.

40 мыңға жуық әлеуметтік маңызды және мәдени шаралар өткізілді (2012 жылы – 34,1мың). 2014 жылы мәдениет мекемелері 39,4 млн. теңгеге ақылы қызметтер көрсетті.

Облыстық 604 кітапханалар компьютермен жабдықталған, нашар көретін және зағип жандарға арналған кітапханалар 4 тифлокомпьютермен, 2 оқитын машиналармен жабдықталған, 92 кітапхана Қазақстандық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесіне /ҚАКАЖ/, 50 кітапхана- интернет желісіне қосылған. Компьютермен жабдықталған кітапханалардың үлесі 2012 жылғы 65%-ке қарсы 2014 жылы 100%-ті құрады.

267 кітапханадағы кітап қоры 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 3,3%-ке артып, 4934,8 мың кітапты құрады, жаңа кітаптардың түсуі – 86,6 мың дана.

21 мұражай мен 2 галереяда 2368 экскурсия, 221 көрмелер мен 235 лекциялар өткізілді. Келушілер саны 71,2-ден 79,7-ке көбейіп, 12,0%-ке артты, ақылы қызметтен түсетін түсім 2679,6 мың теңгені құрады.

2014 жылы театр 19609 көрерменді қамтумен 102 спектакль қойды, бұл 2012 жылға қарағанда 14 спектакльге көп (88). Театрдың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3,9 млн. теңге бөлінді. Музыкалық-драма театрының үлгілі ғимаратының құрылысы қажет.

2333 тарихи ескерткіштер бар, оның ішінде 454 сәулет және қала құрылыстық, 1857 археологиялық және 7 табиғи, 4 ЮНЕСКО ескерткіштері, 8 Республикалық маңызы бар ескерткіштер және 3 жаңа ескерткіштер бар.

Нәтижесінде, 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 1000 адамға шаққанда тетарға келушілер саны 6,6-дан 9,8-ге дейін - 1,5 есе, концерттік ұйымдар 9,7-ден 16,2-ге дейін - 1,7 есе, мұражайлар 34,8-тен 44,5-ке дейін 27,9%-ке кейін артты. Кітапханаға келушілер саны 155,1-ден 153,0-ке төмендеді, келушілер санын арттыру үшін облыс кітапханаларын Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйеге (ҚАКАЖ) және Интернет желісіне қосу қажет.

Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мәдениет ұйымдарының қызметтерін көрсетуден түскен қаражаттың оларды жергілікті бюджеттен қаржыландыруға деген қатынасы 2012 жылғы 8,0%-тен 2014 жылы 4,0%-ке төмендеді.


Мәдениет саласындағы келелі мәселелер:

  • Мәдениет үйлері мен кітапханалар жүйесі қажетті деңгейде дамымаған;

  • Ауылдыдық кітапханалардың барлығы облыстық, ұлттық кітапхана ресурстарына қол жеткізе алмайды;

  • Үйлер мен клубтар күрделі жөндеуді қажет етеді;

  • Музыкалық-драма театрының үлгілі ғимаратын салу қажет.


Спорт

Спорт пен дене шынықтыру мәдениетін дамыту мақсатында облыста 2014 жылы дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысу үшін қол жетімді объектілер саны 3292 спорт нысанын құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 107 объектіге көп.

Облыста дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында 4%-ке артып, 502525 адамды құрады немесе халықтың жалпы санынан – 25%.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған қаражат көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 11%-ке артып, 5,2 млрд. теңгені құрады.

2014 жылы Талдықорған қаласында 1140 орынды трибуналары бар хоккейге арналған стадиондар, «Өркен» спорт кешеніне күреске арналған зал қосымша құрылысы, стендті ату және ұлттық ат спортына арналған базалары, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Қаракестек ауылында футбол алаңы салынды, Текелі қаласында скалодромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған туризм мектебінің ғимараты қайта жаңғыртылды.

1000 адамға шаққанда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің саны 2014 жылы 0,8%-ті құрайды.

Ауыл халқын жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту үшін 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір ауылдық округке спорт бойынша 253 штаттық бірлік бөлінді.

2012 жылдан 2014 жылдар аралығында 3452 жоғары бірілкті спортшылар дайындалды: 74 – халықаралық санаттағы спорт шеберлері, 332 – спорт шеберлері, 1567 – спорт шеберіне үміткерлер және 1479 бірінші разрядтағы спортшылар. Түрлі дәрежедегі алынған медальдар саны артты.

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда өткізілген спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру шараларының саны 11 бірлікке артып, 803-ті құрады.

2015 жылы Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарында ДСК, сондай-ақ Кербұлақ ауданының БЖСМ-не спорт базасының құрылыстары жалғасуда.

Ұйғыр, Қаратал, Райымбек, Талғар аудандарының, Қапшағай қаласының спорт мектептері және Талдықорған қаласындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты күрделі жөндеу жүргізілді.


Спорттағы мәселелер:

  • Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортының нашар дамуы. Халықтың тұрғын жері бойынша жұмыс нашар, тұрғын жердегі жасөспірімдер клубы мен жай ғана спорт алаңдарының желісі жеткілікті дамымаған. Ауылдағы спорт дамуының мәселесі өзекті болып отыр; Ақсу, Балқаш, Ескелді, Іле, Қаратал, Қарасай, Көксу, Райымбек, Сарқан, Талғар, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай, Текелі қалаларында ДСК жоқ.

  • Райымбек ауданының Кеген ауылы, Көксу ауданының Балпық би кенті, Талғар ауданының Талғар қаласы сияқты халық көп шоғырланған жерлерде спорт кешендері жоқ, Қарасай ауданының Шамалаған ауылына, Алакөл ауданының Достық ауылы мен Қапшағай қаласына стадиондар қажет.


Туризм

Алматы облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыру қорытындылары бойынша туристік қызметтің негізгі көрсеткіштерінің тұрақты даму үрдісі сақталғандығы байқалады.

2012-2014 жылдар аралығында облыста орналастыру орындары санының тұрақты өсімі байқалады. 2014 жылы аталған көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 80 %-ке артып, 243 кәсіпорынды құрады, осылайша, тәкелей нәтиже көрсеткішінің орындалуына қол жеткізілді. Орналастыру объектілерінде 3729 нөмір бар, сондай-ақ бір жолғы сыйымдылық 8020 жатын орынды құрайды.

Қызмет көрсетілген келушілер саны 2014 жылы 196718 адамды құрады, 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өсім – 1,7 есе.

2012-2014 жылдары облыста ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсу үрдісі орын алды (резиденттер). 2014 жылы аталған көрсеткіш 195970 адамды құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 23,2%-ке көп, 2012 жылғы көрсеткіштен 1,8 есе артық.

«Қызмет көрсетілген резидент емес келушілер саны» нысаналы көрсеткіші 748 адамды құрады. 2013 жылдан бері облыста бұл көрсеткіштің төмендеу үрдісі байқалады. Атап айтсақ, 2012 жылмен салыстырғанда резидент емес келушілердің саны 44,3%-ке азайды. Бұл көрсеткіштің азаюы статистика органдары облыстық статистикалық мәліметтерге орналастыру орындарының мемлекеттік ұлттық табиғи парктердегі туристерді қабылдау жөніндегі қызметтерін қоспайтындығына байланысты. Сонымен қатар, облысқа келетін резидент емес келушілердің негізгі қызығушылықтары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға бағытталатындығын атап өту қажет. Алматы облысының аумағында айтарлықтай туристік әлеуетке ие, 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парктер орналасқан.

Облыста «Орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі» көрсеткіші өсуінің оң үрдісі сақталуда, 2014 жылы ол 2244,2 млн.теңгені құрады, бұл жоспарланған көлемнен 18,0%-ке және 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе артық.

Облыс аумағында мониторинг мәліметтері бойынша туристерді қабылдайтын 541 объект бар, олардың қатарында: 145 – қонақ үй, 117 – қонақ жай және аңшылық үйлері, 40 – демалық үйлері мен шипажайлар, 20 – сауықтыру лагерьлері мен орталықтары, 212 – деамлық аймақтары мен базалары, 7 басқа объектілер бар.

2014 жылы 29 туристік инфрақұрылым объектілері қолданысқа енгізілді, оларды салуға 2,3 млрд. теңге жеке меншік инвестициялар тартылды. 2012-2014 жылдары Алматы облысында 60-тан астам жаңа туризм объектілері салынды, 5,2 млрд. теңге инвестициялар мен меншікті қаражат тартылды.

Алматы облысында туризмді дамыту көрсеткіштері өсімінің артуы облыста туризмді, оның ішінде ішкі туризмдлі дамытуға ерекше назар аударылуына байланысты.

Сауықтыру және жаңажай демалысын дамыту мақсатында, Балқаш, Алакөл көлдерінің жағалауында туризм инфрақұрылымын құруға көп көңіл бөлінуде. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауларында қажетті инфрақұрылымды құру мәселелерін шешу бойынша жұмыс тобы құрылды, ол жедел шараларды қабылдаумен айналысады. Сонымен қатар, демалушыларды Алакөл көлінің жағалауына жайлы жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен Үшарал қаласындағы әскери аэродромды азаматтық авиация үшін бірлесіп пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл аталған аумақта жаңа туристік объектілер салу үшін отандық және шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Алматы облысының туристік мүмкіндіктері жыл сайын Мадрид, Берлин, Мәскеу, Пекин, Түркия, Дубай және Лондон қалаларындағы халықаралық туристік шараларда көрсетіледі. Сонымен қатар, Алматы облысы жыл сайын Қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңкелерге қатысады, олар: Алматы қаласында өтетін «KITF» туристік жәрмеңкесі, Астана қаласындағы «Astana Leisure» туристік көрмесі, «Сарқылмас саяхат» жылжымалы туристік жәрмеңкесі.

Өңірдің туристік әлеуетін көрсететін, оның ішінде жаңа технологияларды пайдаланумен жарнама-ақпараттық материал шығарылады. Осылайша, туристік әлеуетті танымал ету және ақпараттық қамсыздандырылу мақсатында, Алматы облысының көптеген бірегей объектілерін, тарихи мұраларды және табиғатын таныстыра алатын, интербелсенді Жетісу туристік картасы әзірленді.

Облыс аумағында туристік объектілерді танымал ету және туристтерді тарту мақсатында туристік бизнес өкілдері мен БАҚ-ы үшін ақпараттық тысаукесер турлары өткізіледі.

Ішкі туризмді дамыту мақсатында өсіп келе жатқан буынды туризмнің белсенді түрлерімен айналысуға кеңінен тартуға бағытталған, дербес туристік іс-шаралары өткізіледі. Жетісу үшін брендке айналған Іле-Балқаш регатасымен және Бүкіләлемдік Туризм күніне арналған әдеттегі облыстық туристік слетімен қатар, жыл сайын туристік көпсайыс пен шыңға шығу жарыстары, «Жоңғар» туриадасы, су туризмі бойынша шебер-кластар, балалар регатасы және басқа да жарыстар өткізіледі.

Алматы облысында ерекше назар балалар мен жасөпірімдер туризміне бөлінеді. Облыста жыл сайын «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық экспедициясының аудандық және облыстық кезеңдері өткізіледі, туристік секциялар мен үйірмелерге қатысатын оқушылар арасынан Астана қаласына туристік сапарлар ұйымдастырылады.

Саланы дамытуда айтарлықтай тұрақтылық Қарасай, Талғар, Алакөл, Панфилов, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай, Текелі қалаларында байқалады.

Алайда, табиғи ресурстардың бірегейлігі мен әр түрлілігіне қарамастан, облыстың туристік өнімі жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті емес және шетелдік балаламаларға қол жетімділігі, сервис деңгейі мен туристік қызметтер бағасы бойынша жол береді.


Туризмді дамытудағы мәселелер:

  • дамыған инженерлік-көліктік және туристік инфрақұрылымның жоқтығы;

  • қонақ үйлердің көпшілігінде санаттың жоқтығы, туристердің орналасу орындарында ұсынылатын қызметтер сапасы халықаралық талаптарға сай емес;

  • туристік ұсыныстардың жалпы деңгейі туристік өнімді дамыту деңгейінің жеткіліксіздігі және туристерге көрсетілетін арнайы қызметтер мен жағдайдың жеткіліксіздігі салдарынан төмен болып отыр. Бұл визит-орталықтардың болу, туристік дестинацияларда белгілер мен нұсқауларды орнату және т.б. мәселесіне қатысты.


Тілдер

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін облыста қажетті жағдайлар жасалған, іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу үшін қажет әдістемелік, анықтамалық материалдарымен, сөздіктермен және басқа да көрнекіліктермен қамту жақсарып келеді. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары үшін қазақ тілінің электрондық оқулығы шыққан.


ҚР-да, облыстық және жергілікті мемлекеттік органдарда қалыптасқан тіл жағдайының мониторингі мен талдаудың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен тоқсан сайын мемлекеттік тілде жүргізілетін құжат айналымының мониторингі жүргізіледі.

Мемлекеттік тілді игерген, ересек халықтың үлесі 2014 жылы 2012 жылғы 64,7%-ке қарсы 78,8%-ті құрады.

Мониторингтік талдаумен облыстық әкімдік, облыстық мәслихат, 26 облыстық департаменттер, инспекциялар, 24 облыстық басқармалар, 16 аудандар мен 3 қала қамтылды. Мемлекеттік органдардарғы жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдгі іс жүргізу үлесі 2012 жылғы 98,6%-ке қарсы 2014 жылы 99,3%-ті құрады.

Қазақ тілінде білім беретін мектептердің саны 2014 жылы 2012 жылғы 31-ге қарсы 34-ті құрады.

Тілдік саясаты саласындағы заңнама нормаларының, атап айтсақ сыртқы жарнамаларда бұзылуына жол беру жағдайлары 2012-2014 жылдары орын алған жоқ.

Іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу үшін кадрлық әлеует қалыптастырылып, материалдық-техникалық база құрылды. Мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқыту үшін жағдайлар көзделді. Облыста мемлекеттік тілді оқытатын, заманауи талаптарға сай келетін 12 орталық жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ағылшын тілін оқуға жағдай жасалуда.

Мемлекеттік тілді электронды ақпарат құралдарына енгізу жұмыстары жүргізілуде, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде электрондық нысанда мемлекеттік тілді енгізу жұмысы жүйелендірілді. Қазіргі күні барлық аудан мен қалалардағы 24 басқармада, облыстық бюджеттен қаржыланатын веб-сайттар ашылған. Солардың көмегімен жергілікті атқару органдары мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық қызмет көрсете алады. Қазіргі таңда ақпараттық қызметті толықтыру мен одан ары дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Барлық оқу орталықтарында мемлекеттік тілді білуді анықтау және бағалау мақсатында «Қазтест» бағдарламасы енгізілген, мемлекеттік тілді меңгеруге тес жүргізіледі. Бүгінгі таңда 200 199 адам қатылды.

Басқарма жоспарына сәйкес, 2015 жылдың 2-жартыжылдығында халыққа қызмет көрсететін 258 объектісін (дүкендер, шаштараздар, сән салондары, дүңгіршіктер, медициналық мекемелер және т.б.) тексеруден өткізу көзделуде. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 21-бабының талаптары бұзылған жағдайда 10 объектінің иелеріне ескерту беру болжануда.

Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, мемлекеттік тілдің әлеуетін қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге асыру деңгейі әлі қажетті деңгейде емес екенін атап өту керек.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Павлодар облысы жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconТүрік бірлігі мен исламшылдық, жәдидшілдік идеологиясының өлкеде қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуына әсері
Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚоғамдық денсаулық сақтау Кафедрасы
Мақсаты: Денсаулықты және оның компоненттерін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды ресурсы ретінде жан-жақты зерттеу
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconТәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріміз, еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына зор мүмкіндік берді. Қазақстанда, ішкі тұрақтылық, әлеуметтік
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы қойылған шараларды жүзеге асыру уақыты болды. Бұл жыл оқиғалармен,...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconКіріспе
Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық,...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері icon1. Кәсіпорыннның экономикалық категориялары
Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconСаясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі
Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі. Саясаттану пәнін дәуірлерге бөліп оқыту оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ол ғылымдар саласында...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
Білімділік мақсаты Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бөлімі бойынша игерген оқу материалдарын...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconСаяси партиялар және олардың жіктелуі
Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгі­сі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница