Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері




НазваниеӨңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері
страница3/17
Дата конвертации21.02.2016
Размер2.33 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zhetysu.gov.kz/upload/iblock/ebb/ebb44431206a4142c96d18cb9b8f10c4.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Шағын және орта бизнес

Облыс экономикасын дамытудағы басым бағыт болып шағын және орта кәсіпкерлікті (әрі қарай - ШОК) дамыту болып табылады, бұл халықты жұмыспен қамту процентін, өнімнің шығарылуын және қызметтерді, сонымен қатар бюджетке салық түсімдерінің үлесін көбейтуді қамтамасыз етеді.

2014 жылы 183 055 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, олардың ШОК белсенді субъектілерінің үлесі – 51,2% немесе 93 885 бірлік. 2012 жылмен салыстырғанда ШОК белсенді субъектілерінің саны 2014 жылы 2,1% азайды (100,3 мың берліктен 93,8 мың бірлікке).

2014 жылы ШОК саласында 229,2 мың адам жұмыс жасады немесе 2012 жылға 87,3% (262,5 мың адам). ШОК жұмыс істейтін адамдар саны өнеркәсіпте – 21,3%, ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінде – 8,9% және саудада – 17,9%.

2014 жылдың қорытындысы бойынша ШОК субъектілерінің шығарған өнім көлемі 866,1 млрд.теңгені құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 62,5% өсім байқалады (2012 ж - 533,1 млрд.теңге).

2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында салық түсімдерінің көлемі 25,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдан 17,1% көп немесе 3,7 млрд. теңгеге, соның ішінде жергілікті бюджетке салық төлеушілерден 120,5 млрд. теңге түсті, бұл 2012 жылдан 148,9% көп.

2010 жылдан бері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының (әрі қарай – БЖК-2020) аясында бизнесті қолдау щараларын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

БЖК-2020 жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2012-2014 жылдары 13,0 млрд. теңге бөлінді.

2012-2014 жылдары БЖК-2020 жүзеге асыру барысында 259 жоба субсидияланды, 20 несие бойынша жартылай кепілдендіру берілді, 57 грант бөлінді, 44 кәсіпорынға жетпеген инфрақұрылым жүргізілді.

ШОБ субъектілерін қаржысыз қолдау аясында 20 мыңнан астам кәсіпкерлерге консультациялық қызметтер көрсетілді.

«Назарбаев Университеті» негізінде 92 басшы жоғарғы және орта бөлімінде оқытылды. «Іскерлік байланыс» бойынша бизнес – тренингтерді 204 кәсіпкер өтті, олардың 14 тағылымдаманы шетелде өтті (Германия, Америка).

Бағдарлама аясында 7 300 бастауыш және жұмыс істейтін кәсіпкерлер «Бизнес-Кеңесші» және «Бизнес-Кеңесші 2» курстарын өтті.

Облыста жылыжай, фермерлік шаруашылықтар және арнайы киім өндірісі үшін «Аға сеньорлар» бағдарламасы бойынша шетел кеңесшілердің 5 борышы орындалды (Канада, «Кессо» компаниясы).

«Жас кәсіпкер мектебі» бағдарламасы арқылы 64 жас кәсіпкерлер оқытылып, оның біреуіне 3 млн. теңге көлемінде грант берілді.

Бағдарлама бойынша шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 8000-нан астам жұмыс орындары сақталып, қосымша 2000 жұмыс орындары ашылды.

Кәсіпкерліктің дамуын тежейтін,әкімшілік кедергілерді жою мақсатында, облыста тұрақты негізде басқармалар, аудан және қала әкімдіктері ШОК дамыту, әкімшілік кедергілерді азайту және т.б. мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Облыстың барлық аудандары мен қалаларында Сарапшы кеңестері жұмыс жасайды, онда ШОБ субъектілерінің мүдделеріне қатысты құқықтық-нормативтік актілер қарастырылады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы келелі мәселелер:

  • қаржы-несиелік қорларының қолжеткіліксіздігі, яғни тұрғындардың жаңа істі бастау үшін сұралған несие сомасын қамтамасыз етуге кепіл мөлшерінің жеткіліксіздігіне байланысты;

  • өңір аумағында шағын кәсіпкерлікті дамыту деңгейі бойынша жоғары талдау сақталуда.


Инфляция

2012 жылмен салыстырғанда ифляция деңгейінің артуы байқалады, атап айтсақ 2014 жылы инфляция 107,0%-ті құрады (ҚР бойынша – 107,4%) (азық-түлік тауарларына – 107,6%-ті (ҚР бойынша – 108,0%), азық-түлік емес тауарларға – 107,4%-ті (ҚР бойынша – 107,8%), ақылы қызметтерге 105,9%-ті (ҚР бойынша – 106,4%) құрады. 2012 жылы инфляция деңгейі – 105,7% (ҚР бойынша- 106,0%).

Облыста «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның тұрақтандыру қоры жұмыс жасайды. 2013-2015 жылдарға арналған азық-түлік тауарларын сатып алуға 2,2 млрд. теңге бөлінді, республикалық (1,2 млрд. теңге) және облыстық (1,0 млрд. теңге) бюджеттен бөлінген қаражатқа 35,6 мың тонна өнім сатып алынды (17,5 мың тонна ұн, 2,4 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері, 1,8 мың тонна қант, 80 тонна сиыр еті, 50 тонна макарон өнімдері, 1800 тонна өсімдік майы).

Негізгі азық-түлік тауарлары шекті бағадан төмен бағамен өткізіледі және тұрақты бақылауға алынған.

Инфляцияны тежеу және негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Облыстың тауар өндірушілерімен 1026 меморандумдар жасалды.

2014 жылы 1278 жәрмеңке өткізіліп, 2,9 млрд. теңгеге өнім өткізілді.

Бағаның өсуін тежеу жөніндегі жұмыстар жалғасын табады.


Сауда және қызмет көрсету саласы

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда (184,2 млрд.т) бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі 1,6 есе өсіп, 300,1 млрд. теңгені құрады, көтерме сауда тауар айналымы -109,2%-ке өсіп, 398,6 млрд. теңгені, қоғамдық тамақтану қызметі – 2 есе және 10,8 млрд. теңгені құрады.

Тауар айналымының және қоғамдық тамақтану қызметтерінің айтарлықтай үлестік салмағы Жамбыл, Ұйғыр, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарына тиесілі.

2014 жылы барлығы 14826 сауда және қызмет көрсету саласының объектілері жұмыс жасайды, оның ішінде: 9043 дүкен, 1747 қоғамдық тамақтану объектілері, 3959 қызмет көрсету саласының объектілері мен 77 базарлар бар, онда 58 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.


Сыртқы экономикалық қызмет

2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда облыстың сыртқы сауда айналымы 19,1%-ке артып, 2043,1 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорттық жеткізілімдер 15,6%-ке (361,2 млн.АҚШ долл.) және импорттау 19,8%-ке (1681,9 млн. АҚШ доллары) артты.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 1,5%-і облыс үлесінде, сонымен қатар, Қазақстанның жалпы экспорттық-импорттық көлемінен импорт үлесі – 4,6%, ал экспорт - 0,4%.

Алматы облысы 2014 жылы әлемнің 113 мемлекеттерімен сыртқы сауда қызметін жүргізді, экспорттық жеткізілім 46 елге жіберіледі, импорт тауарлары 110 мемлекеттен келеді.

Экспорт бойынша негізгі сауда серіктестері болып Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан болып табылады. Импорт бойынша сауда серіктестері - Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Италия.

2014 жылдың басымен салыстырғанда ұлттық валютаның делвальвациясынан тұрмыстық техника, автомобильдер, киім және аяқ киім сияқты, көптеген тұтыну тауарлары 5-тен 20%-ке дейін қымбаттады. Теңгенің құлдыруы импорттық тауарлардың қымбаттауына алып келгені сөзсіз.

Бұл жағдайда қазақстандың нарық сыртқы шекараларды толығымен дерлік жапты.

Ағымдағы кезеңде Қытайдан импорттың -29,4%-ке, Латын Америкасынан - 32,7%, ЕО тыс елдерден (Әзербайжан, Молдова, Түркмения, Украина) - 52,6%, Батыс Еуропа елдерінен - 15,6%, Еуропалық Одақтан тыс елдерден - 21,5%, Ресейден - 8,1% және Белоруссиядан 60,0%-ке күрт төмендеді.

Әлсіз курс өнімді экспортқа шығаратындарға ұтымды болады және келешекте отандық өнеркәсіп теңге курсының төмендеуінен бәрбір ұтады. Біздің экспорттаушыларымыз оның бағасының төмендеуінен сұранысты арттыруға мүмкіндік алды, ал екінші жағынан – осындай өнімді шетелден басқа валютаға сатып алғандар елде сатып ала бастаса, оларға ішкі нарыққа да жол ашылады. Осылайша, курстың төмендеуі жекелеген салаларда импортты алмастыруға да ықпал етеді.

2014 жылдың қорытындылары бойынша облыста экспорт өткен жылмен салыстырғанда 105,8%-ке артып, 361,2 млн. теңгені құрады.

Оның ішінде ЕурАзЭО, Еуропа, ЕО тыс елдермен, Азия, Америка, Африка, Австралия және Мұхит елдеріне экспорт өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе артып, 310,0 млн. теңгені құрады.

Алматы облысының Кеден Одағы (Ресей, Белоруссия) елдеріменсыртқы сауда айналымы 509,5 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт - 51,2 млн. АҚШ доллары, импорт - 458,3 млн. АҚШ доллары, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда экспорт - 44,9%-ке және импорт 12,7%-ке төмендеді.

Осылайша, бүгінгі таңда экспорттық әсер 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жағымды болып отыр.

2014 жылдың қорытындылары бойынша Батыс Еуропа елдеріне экспорттық жеткізілімдер - 1,4 есе, Қытайға – 5 есе, АҚШ-қа 4 есе артты.

Қазіргі Ресейге экспорттың төмендеуін ресей экономикасының баяулауымен және түбегейлі техникалық рецессиясымен байланыстырамыз. Мұндай уақытта өндірістік ресурстарды, оның ішінде Қазақстандық ресурстарды аз тұтынуы дұрыс жағдай. Яғни, қазір Ресеймен сауда кезінде оның қазіргі экономикалық циклының факторлары үлкен әсер етеді. Ресейдің дағдарыстан шығуы ресейге қазақстандық экспорт қарқыны өседі деп пайымдауға болады.

Бұл үрдістерді елдеріміздің экономикалық өсім циклы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сауда саясатының тұрғысынан қарастыру қажет. Қазақстан экспортының жалпы көлемінде Ресейге экспорт үлесі көп емес – шамамен 7 пайыз. Негізінен облыстан әдеттегі шикізат ресурстары экспортталады. Ресейден келетін импортта Алматы облысы үшін маңызды, ол барлық тұтынылатын импорттың 35%-не жуығын құрайды. Негізінен бұл қазақстандың мұнай өңдеу кәсіпорындарына арналған мұнай, технологиялық құралдар, тағам өнеркәсібі өнімдері, құрылыс материалдары, облыста шығарылмайтын немесе аз шығарылатын тағам өнімдері.

Облыс экономикасы ресей экономикасына қарағанда, барынша серпінмен дамуына байланысты, Ресейден импорт экспортқа қарағанда жылдамырақ өсуде. Ресейден келетін тауарларды басқа мемлекеттерден де сатып алуға болады. Бірақ, бұл жағдайда географиялық жақындық, жөнге қойылған өндірістік байланыстар, ресейлік және белоруссия тауарларының баға-сапа критерилері бойынша сипаттамаларының оңтайлы сәйкестігі, кедендік баждардың болмауы – отандық бизнесті ресейлік бизнеспен саудаға итермелейді. Бұл нарықтың объективті жағдайлары және бизнес таңдайы. Біздің елдеріміздің келесі экономикалық циклға шығумен біздің КО елдеріне экспортымыз өседі деп пайымдаймыз.


Өңіраралық ынтымақтастық

Өңіраралық ынтымақтастық облыстың экономикаляқ саясатының маңызды бағыты болып табылады.

Өзара тиімді ынтымақтастықты жөнге қою, жеткізілмдерді кеңейту және өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру мақсатында Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының өңіраралық ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспары жүзеге асырылады.

2013 жылы өңіраралық ынтымақтастық аясында облыстың 4 кәсіпорындары Қарағанды қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесіе қатысты ("Био Тау Жер" ЖШС жүзім шарабы, «Сауда» ЖШС «Hyundai Auto Trans» сауда маркасымен, "KazSilicon" металлургиялық комбинаты, Dolce-Pharm).

2014 жылдың маусымында екі өнеркәсіп кәсіпорындары - «Dаnone Berkut» ЖШС-гі, «БЕНТ» ЖШС-гі Өскемен қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесіе қатысты.

2014 жылдың қазанында 10 өнеркәсіп кәсіпорындары өз өнімдерін Жамбыл облысының Тараз қаласындағы көрмеде ұсынды (Желдеткіш құралдарын шығаратын «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС, электр жарықтандырғыш өнімдерін шығаратын «Тексан Қазақстан Инвест» ЖШС, гипсокартон өнімдері мен құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын "Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС, тігін өнімдерінің - «Арлан 777» ЖШС, фармацевтикалық өнім шығаратын «Дольче Фарм» ЖШС, ТББ, металл құрастырмалар өндіретін, электр жүйелік құрылыстар жүргізетін «АСПМК 519» ЖШС, аккумуляторлық батареялар шығаратын «Қайнар АКБ» ЖШС, жүзім шарабын шығаратын «Био Тау Жер» ЖШС, йогурт өндіретін «Данон Беркут» ЖШС, тоқыма заттарын шығаратын «ПКФ «Тексти Лайн» ЖШС).

Бүгінгі таңда облыстың бірқатар кәсіпорындарының республика өңірлерінде өкілдіктері бар Қайнар АКБ», «Dolce» ЖШС).

2014 жылы Қазақстанның ішкі нарығына 395,6 млрд. теңге сомасына облыстың өнеркәсіп өнімі өткізілді, 2013 жылғы деңгейге қарағанда өсім қарқыны - 96,9%. Жалпы жөнелтілген өнім көлемінде елдің ішкі нарығына өткізілген өнім үлесі 90,6%-ті құрап, 2013 жылғы деңгейден 1,8 проценттік тармаққа азайды.

ҚР Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2013 жылы облыста түрлі көздерден 40,3 млрд. теңгеге тауарлар сатып алынды, оның ішінде:

- заңды тұлғалар – облыс резиденттерінен – 9,9 млрд. теңгеге немесе жалпы көлемнен - 24,7%;

- заңды тұлғалар-басқа облыстар резиденттерінен – 18,0 млрд. теңгеге немесе 44,7%;

- заңды тұлғалар-резидент еместерден– 12,4 млрд. теңгеге немесе 30,7%.

Облысқа негізгі тауар жеткізушілер болып келесі өңірлердің резидент кәсіпорындары табылады: Алматы қаласынан- 16,2 млрд. теңге (үлес – 58,0%), Қарағанды облысынан – 1,7 млрд. теңге (6,1%),Ақмола облысынан - 109,2 млн.теңге (үлес – 0,4%).

Өз облысымыздың резидент-кәсіпорындарынан 9,9 млрд. теңге сомасына тауарлар сатып алынды немесе резиденттерден сатып алынған тауарлардың жалпы көлемінен - 35,6%.


Инвестициялық қызмет

Соңғы үш жылда негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,2 есеге өсіп, 452,7 млрд. теңгені құрады.

Облыстың ЖӨӨ негізгі капиталына салынған инвестициялар үлесі осы кезеңде 2012 жылғы 26,9%-тен инвестициялар көлемінің азғантай өсімінен 2014 жылы 23,2%-ке төмендеді.




Негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымы

 

 

 

млн. теңге

Қаржыландыру көздері

нақты 2012 ж.

нақты 2013 ж.

нақты 2014 ж.

2012 жылға 2014ж. %

Негізгі капиталға салынған инвестициялар – барлығы

383 786

431 364

452 710

118,0

Меншікті қаражат

191 527

161 013

182 130

95,1

Қарыз қаражат

49 839

17 184

118 069

236,9

Шетелдік инвестициялар

2 433

-

-

 

Банктер несиелері

 

144 131

8 925

 

Бюджеттік инвестициялар

139 987

109 036

143 586

102,6

Инвестициялардың қаржыландыру көздерінің құрылымын талдау, олардың маңызды көзі кәсіпорындардың меншікті қаражаты болып қалатынын көрсетті - 40,2% немесе 182,1 млрд. теңге, қарыз қаражат есебінен 26,1% игерілді немесе 118,1 млрд. теңге, банктік несиелер үлесі өте төмен - 2% немесе 8,9 млрд. теңге, бюджеттік ивестициялар 31,7%-ті құрады немесе 143,6 млрд. теңге.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша 2014 жылы инвестициялардың негізгі үлесі – 35%-ті – көлік және қоймалауға, 24,5%-ті – құрылыс және жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін әрекеттерге, 19,1%-ті – өнеркәсіпке, 7,4%-ті – бөлшек сауда және қызметтерге және басқа бағыттарға тиесілі.

Осылайша, инвестициялар басым түрде облыстың инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.


Сыртқы инвестициялар серпіні

 

 

 

млн. теңге

Атауы

нақты 2012 ж.

нақты 2013 ж.

нақты 2014 ж.

2012 жылға 2014ж. %

Сыртқы инвестициялар

37 515

131 079

94 268

251,3

Инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялар үлесі, %

9,8

30,3

20,8

-


Облыста сыртқы инвестициялар серпіні тұрақсыз сипатқа ие және заманауи құралдар мен технологиялар басым түрде импортталатындықтан, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тәуелді болады.

Негізгі қиындықтар:

  • жергілікті өнім ассортиментінің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін Қытайдың жақын орналасуымен байланысты инвестициялық тәуекелдің жоғары деңгейі;

  • бизнес үшін ұзын арзан несиелердің қол жетімсіздігі.


2.2.2. Әлеуметтік сала


Демографиялық әлеует

2012 жылдан бері облыс халқының саны 107,0 мың адамға көбейіп, 2015 жылдың 1 қаңтарына 2015,7 мың адамды құрады немесе ел халқының 11,6%-і, оның ішінде ауыл халқы – 1549,9 мың адам, қалалықтар – 465,8 мың адам. Облыс республика бойынша Оңтүстік-Қазақстан облысынан (2788,6 мың адам) кейін екінші орынға ие.

Осы кезеңде көшіп келудің оң сальдосы байқалады, оның ішінде Жамбыл, Қарасай, Талғар, аудандарында және Талдықорған, Қапшағай және Текелі қалаларында, халықтың көшуі облыстың 13 өңірінде белгіленген. Әлеуеті төмен ауылдардан халықтың көшуі ауылдық жерлерде жұмыстың жоқтығы және жалақының төмендігі себебінен орын алады. Облыс бойынша көші-қон сальдосының қозғалысы: 2012 ж. - 6391 адам, 2013 ж. – 3745 адам, 2014 ж.- 5173 адам.

1000 адамға шаққанда халық санының көбею коэффициенті 24,3-тен 25,0-ге дейін артты, ал өлім 7,9-дан 6,8-ге дейін төмендеді.

Нәтижесінде, облыстың барлық өңірлерінде халықтың айтарлықтай табиғи өсімі байқалды.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Павлодар облысы жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconТүрік бірлігі мен исламшылдық, жәдидшілдік идеологиясының өлкеде қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуына әсері
Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚоғамдық денсаулық сақтау Кафедрасы
Мақсаты: Денсаулықты және оның компоненттерін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды ресурсы ретінде жан-жақты зерттеу
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconТәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріміз, еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына зор мүмкіндік берді. Қазақстанда, ішкі тұрақтылық, әлеуметтік
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы қойылған шараларды жүзеге асыру уақыты болды. Бұл жыл оқиғалармен,...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconКіріспе
Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық,...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері icon1. Кәсіпорыннның экономикалық категориялары
Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconСаясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі
Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі. Саясаттану пәнін дәуірлерге бөліп оқыту оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ол ғылымдар саласында...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
Білімділік мақсаты Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бөлімі бойынша игерген оқу материалдарын...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconСаяси партиялар және олардың жіктелуі
Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгі­сі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница