Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері




НазваниеӨңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері
страница2/17
Дата конвертации21.02.2016
Размер2.33 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zhetysu.gov.kz/upload/iblock/ebb/ebb44431206a4142c96d18cb9b8f10c4.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қаптама тас, габбро, мәрмәр, әктас, минералды тұздар мен өзге де ірі кен орындары бар. Облыста кең таралған пайдалы қазбалар қойнауларын пайдалану құқығын беретін 401 келісім-шарт тіркелген. Оның ішінде: кең таралған пайдалы қазбалар бойынша – 358, жер асты сулары – 26, қатты пайдалы қазбалар – 17. Облыста көмірқышқыл шикізатын өндіру және барлау қызметі жүргізілмейді.



Өңдеу өнеркәсібі

Салада 633 кәсіпорын жұмыс жасайды, оның ішінде 109 ірі және орта кәсіпорындар.

2012-2014 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 429,5 млрд. теңгеден 459,1 млрд. теңгеге дейін немесе 6,9% өсті.

Тағам өнімдерін өндіру – 19,1%-ті, сусын – 22,1 темекі өнімдері – 19,4, тоқыма бұйымдары – 0,3, киім мен былғары бұйымдарды – 0,9, қағаз бен қағаз өнімдері – 1,4, химия өнеркәсібі – 1,4, фармацевтикалық өнімдер – 0,2, пластмассадан және резеңкеден жасалған бұйымдар – 4,6, металлургия өнеркәсібінің өнімі – 1,6, машина жасау 5,2%-ті құрайды.

Облыс республикалық тауар өндірісінде темекі өнімдерін (100%), жүзім шарабын (87,1%), гофриленген картон ораманы (69,1%) өндіруде үстемдік етуші орында.

Республикадағы жалғыз ашытқы, электр аккумуляторы, гипскартон бұйымдары, гипсокартон бұйымдары, жоғары вольтты электр жеткізу желілеріне арналған темірбетон және металл тіректер, өртке қарсы гидранттар, силикон мен синтепон, ыстық мырышталған металл құрылымдарын өндіруші болып табылады.

Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 2014 жылы 60,4 мың АҚШ долларын құрап, 2008 жылға 1,7 есе өсті (2008 жылы – 33,5 мың АҚШ доллары/адам).

2014 жылы 2013 жылға қарағанда жеңіл өнеркәсіпте еңбек өнімділігі -9,9%-ке, машина құрылысында – 12,4%, химиялық өнеркәсіпте – 4,8 есе және фармацевтикада 13,4 есе өсті. Алайда, жалпы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек өнімділігінің 16,3%-ке төмендегені байқалады.

Негізгі себеп – шығарылатын өнімге сұраныстың азаюы және жұмысшылар саны сақтала отырып, өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуі.

Атап айтсақ, металлургия өнеркәсібінде «Метакон», «Азок», «Жерсу Металл» ЖШС-нің және басқа да кәсіпорындар өнімдеріне тапсырыстардың болмауынан еңбек өнімділігі 42,9%-ке төмендеді.

Басқа да металл емес өнімдер өндірісінде еңбек өнімділігі 4,9%-ке төмендеді. «Темірбетон» ЖШС-гі жүйе құраушы кәсіпорыны құрылыс мақсаттарына арналған бетоннан жасалған өнімдер өндірісін 13,2%-ке азайтты (2013 жылғы 3,8 млрд. теңгеден 2014 жылы 3,3 млрд. теңгеге дейін). Қапшағай фарфор зауыты фарфор ыдыстар мен бұйымдар шығаруды 38,6%-ке төмендетті.

Жүргізіліп жатқан темекіге қарсы шаралар салдарынан, акциздерді көбейтуге байланысты «Филипп Моррис Қазақстан» және «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС-гі екі темекі фабрикалары темекі өнімдерінің өндірісін 2013 жылғы 111,9 млрд. теңгеден 2014 жылы 104,2 млрд. теңгеге дейін қысқартты немесе 2,2%, ал 1688 адамды құрайтын жұмысшылар саны сақталды. Облыстың жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі темекі өнімдерінің үлесі 19,4%-ті құрайды.

Еңбек өнімділігін өсіру үшін өндіріс көлемдерін арттыру, шығарылатын өнімді өткізу, оның ішінде қазақстандық мазмұн бойынша нақты шаралар межеленді.


Өнеркәсіпті дамытудағы негізгі мәселелер:

  • кәсіпорындардың көпшілігінде техникалық құрылғылармен аз жабдықталуы, өндіріс қорларының едәуір ескіруі;

  • қолданыстағы өндірістік қуаттарының толық жүктелмеуі;

  • салаға салынатын инвестициялар тұрақсыз сипатқа ие;

  • кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендігі;

  • өңірлік кластерлерді қалыптастыруда жетіспейтін буындардың болуы;

  • индустриялық аймақ құру бойынша нақты механизмнің болмауы.


Индустриалдық-инновациялық даму

2012-2014 жылдары тағам өнімдерін, тұрмыстық химия өнімдерін, құрылыс материалдарын, медициналық препараттарды өндіру мен электр энергиясы нысандарын салуды арттыруға бағытталған жаңа қуаттарды іске қосу шаралары жүзеге асырылды.

102 жұмыс орнына арналған «Металл бұйымдарын өндіретін «Stinorgi Grop» ЖШС-гі, «Алматы өнімі» ЖШС-гі және 122 жұмыс орынды «Текелі кондитер» ЖШС-гі, 100 жұмыс орынды сусындар шығаратын «Terra Nova» ЖШС-гі, 130 жұмыс орынды құрылыс материалдарын шығаратын «Нұртау-А» ЖШС-гі, 540 жұмыс орынды темір-бетон бұйымдарын шығаратын «Kasteell» ЖШС-гі, 40 жұмыс орынды металл құрамаларын өндіретін «Munar –Мұнар» ЖШС-гі, 65 жұмыс орынды стиролакрилді диспесвия шығаратын «Acrylate» ЖШС-гі, 62 жұмы орынды 5 фракциялы қиыршық тас шығаратын «Азамат» ЖШС-гі және басқалары іске қосылды.

Инновациялық технологияларды пайдаланатын бірқатар жаңа кәсіпорындар іске қосылды, олар:

«ҚазГеоСинтетика» ЖШС-гі – елдің құрылыс секторындағы түрлі салаларында заманауи геосинтетикалық материалдар өндірісі және оларды қолдану бойынша заманауи, инновациялық, жоғары экономикалық технологияларды енгізуге маманданатын, бірінші өндірістік кәсіпорын;

«PRO Med» ЖШС-гі – металды өңдеу саласындағы саңғы жетістіктерді пайдаланатын, жоғары технологиялық өндіріс. FINN POWER және BYSTRONIC сияқты станок қондырғылары саласындағы белгілі көшбасшы-компаниялардың жабдықтары орнатылған;

«RG BRANDS Kazakhstan» ЖШС-гі – өндірістік-сауда тармағының әрбір бөлігінде технологиялық және ұйымдастырушылық инновацияларды пайдалану арқылы сусындар мен снектер өндіретін зауыт.

Алайда, қазақстан нарығында қытай, ресей және басқа да шетелдік өндірушілер өнімдерінің жылдар бойы басымдығы кәсіпорындарға республикада өнім жеткізулерін жөнге қоюға мүмкіндік бермей отыр.

Жергілікті мамандану ерекшеліктері мен облыстағы бар әлеуетті пайдалана отырып жеміс-көкөніс, сүт және құрылыс материалдары кластерлері қалыптасады.

Инновациялық қызмет

2013 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына ішкі шығындар 2012 жылмен салыстырғында 27,1% өсіп, 1117,3 млн.теңгені құрады.

Тартылған қаражаттар есебінен 844,7 млн. теңге сомасына 75,6% ғылыми-зерттеу жұмыстары қаржыландырылған, өзіндік және қарыз қаражаттардан – 272,6 млн. теңгеге 24,4%.

Инновациялық белсенділік деңгейі 9,5% құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 0,7% өсті (2012 жылы – 8,8%).

Облыстың 126 кәсіпорыны инновацияларға ие (2012 жылы – 108). Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 9,5%-ті құрады (2001 жылы – 4,6%).

Инновациялар саласында айтарлықтай жоғары белсенділік ірі кәсіпорындар арасында байқалып, 37,2%-ті құрады (78 кәсіпорынның ішінде 29-ы инновациялық қызметті жүргізді).

Инновациялық өнім көлемі 2013 жылы 13153,8 млн. тенгені құрады және 2012 жылға 134,2 млн. тенгеге немесе 1,1% азайды (2012 жылы – 13288,0 млн. теңге).

Азық-түлік және процесстік инновациялар шығындары 7423,6 млн. теңңгені құрады, ол 2012 жылдан 50,4% аз (2012 жылы - 14971,9 млн. теңге). Сондай-ақ, кәсіпорындардың өзіндік қаражаттар есебіндегі шығындар 3216,8 млн. теңге немесе инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған жалпы шығындардың 43,3%.

Іле ауданында (34,1%), Талдықорған қаласында (22,2%), Қарасай (9,5%) және Алакөл аудандарында (6,3%) инновацияларға ие ең көп кәсіпорындар жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, 2013 жылы тексерілген 1318 кәсіпорынның ішінде инновацияларды енгізумен тек 126-сы ғана айналысуда, қалған 1192 кәсіпорын инновациялар енгізуді жүргізбейді.

2012 жылы тексерілген 1221 кәсіпорынның ішінде инновацияларды енгізумен тек 108-зі ғана айналысуда, қалған 1113 кәсіпорын инновациялар енгізуді жүргізбеген.

Кәсіпорындарда соңғы жылдары инновациялық қызметті жүргізбеудің негізгі себебі болып өндірілетін өнімге сұраныстың төмендеуі және соның салдарынан – инновацияларды енгізуге айналым қаражатының болмауы табылады.

(2014 жылға статистикалық мәліметтер жоқ).


Мемлекеттік үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру.

Алматы облысының Индустриаландыру картасының аясында 2010-2014 жылдары 48 инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, 7177 жұмыс орындары ашылды.

Олардың ішінде 2010 жылы 16 млрд. теңге сомасына 8 инвестициялық жоба іске қосылып, 615 жұмыс орны құрылды, олар: «Danone Berkut» ЖШС-нің сүт негізінде балалар тағамын өндіретін зауыты, «Амиран» Қазақ тамақтану академиясының зауыты» ЖШС-гі, «Экстра» соя өңдеу зауыты ЖШС-гі, «Сарыбұлақ компаниясы» ЖШС-гі, «Есік жеміс консервілеу зауыты» ЖШС-нің жеміс консервілеу зауыты және тамшылап суары технологиясы бойынша жеміс-көкөніс өнімдері өсіру, «АСПМК – 519» ЖШС-нің Қаратал СЭС-4, «Достық Рифайнери» ЖШС-нің мұнай өңдеу құрылғысының құрылысы және «ЮСКО Логистикс Интернешнл» АҚ-ның көпсалалы логистикалық кешені.

2011 жылы жалпы 196,2 млрд. теңге сомасына 11 жоба жүзеге асырылып, 2739 жұмыс орны құрылды.

«Кормовик-Еуротехнология» ЖШС-нің премикстер мен қоспалар өндіретін зауытының, «Компания Sonik» ЖШС-нің профильді құбырлар шығаратын, «Жеңіс 2006» Компаниясы» ЖШС-нің балық өңдейтін, «Байсерке Агро» ЖШС-нің сүт зауытының және ет өңдеу кешенінің өндірістік қуаттары іске қосылды.

«Қайнар-АКБ» ЖШС-гі Қазақстанда бұрын шығарылмаған индустриалды қорғасын-қышқылды аккумуляторлық батареяларының өндірісін игерді. Қуаты 300 МВт Мойнақ СЭС-ның және т.б. құрылыстары аяқталды.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ы құны 139,4 млрд. теңгені құрайтын «Қорғас-Жетіген» теміржол желісінің құрылысы аяқталды.

2012 жылы 18,2 млрд. теңге сомасына 13 жоба жүзеге асырылып, 1561 жұмыс орны құрылды, олардың ішінде: «Универсал» ЖШС-нің полипропилен мөшектерін, «Қазфильтр» ЖШС-нің автомобиль көліктеріне арналған сүзгілерді, «Алматы Желдеткіш зауыты» ЖШС-нің желдеткіштер, «Сарқан Май» ЖШС-нің өсімдік майын өндіретін, «JLC Сүт» ЖШС-нің сүт өңдейтін зауыттары. «Сұлтан» ЖШС-нің және «Элеас» ПКФ» ЖШС-нің фармацевтикалық зауыттары іске қосылды. Шарын өзенінде қуаты 300 МВт Мойнақ СЭС-ы іске қосылып, Мойнақ СЭС-ның қуатын беру сызбасы аяқталды және т.б.

2013 жылы 1339 жұмыс орнына 10 жоба іске қосылды. Олар – Көксу ауданында майбұршақ майы мен шротын шығаратын «Уыз Май Industry», Панфилов ауданында жүгері дәнін крахмал өнімдеріне терең өңдейтін «Жаркент Крахмал-сірне зауыты» ЖШС-нің зауыттары; Талдықорған қаласында «Темірбетон» ЖШС-нің негізінде «Алматы сырлары» ЖШС-нің үй салу комбинаты.

Іле ауданында «Dolce» ЖШС-нің фармзауыты және Талғар ауданында «Glasman» ЖШС-нің тігін өндірісі жаңартылып, Сарқан СЭС-2 қайта жаңғыртылды.

Қапшағай қаласында қуаты 2 МВт күн электрстанциясы салынды.

Ұйғыр ауданында «Premium Spa Resort» туристік сауықтыру кешені іске қосылды.

Қарасай ауданында «Медеу Коммерц» ЖШС-нің 750 басқа арналған заманауи сүт-тауарлық фермасы құрылды.

2014 жылы жалпы құны 42,8 млрд. теңгеге 6 жоба жүзеге асырылып, 923 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде: Қарасай ауданында «Kelun-Kazpharm» ЖШС-нің фармзауыты және Іле ауданында медициналық бағыттағы бұйымдарды шығаратын «Аксель и А» ЖШС-гі, Іле ауданында «Сарыбұлақ компаниясы» ЖШС-нің етті (бройлер) бағытындағы құс фабрикасы.

Республикалық индустриаландыру картасының аясында 1 950,9 млрд. теңге сомасына 33270 жұмыс орнын құрумен 3 ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделуде (Балқаш ЖЭС, «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақстық орталығы және Алматы қаласының 4 қанаттас-қалалары «G4 City»).

2015 жылға 1023 жұмыс орнын құрайтын 16,5 млрд. теңге сомасына 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған,

Республикалық Индустриаландыру Картасында 710 жұмыс орнын құрайтын 535,9 млрд. теңгеге ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланды (Балқаш ЖЭС).


Қазақстандық мазмұнды дамыту

Ұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуында қазақстандық мазмұнның үлесін арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

Облыстағы тауар өндірушілер Каталогы дайындалды, онда шығарылатын өнім түрлері туралы және ірі, орта, шағын кәсіпорындардың өндірістік күш-қуаты туралы толық ақпарат бар. Бұл Каталог үнемі жаңартылып тұрады және іс-шаралар өткізгенде үлестірмелі материал ретінде пайдаланылады.

Облыс республикадағы аккумуляторлар, ашытқы, жоғары вольтты электрөткізгіш желілерге арналған темірбетон және металл тіректер, өртке қарсы гидранттар, силикон мен синтипон шығаратын жалғыз өндіруші болып табылады.

Облыстағы тігін кәсіпорындары ҚМ, ІІМ, ҰҚК-нің бөлімшелерін, басқа да күш құрылымдарын, ұлттық компанияларды арнайы киіммен және тігін бұйымдарымен қамтамасыз етеді.

«Бент» АҚ-ы Фоссло бекітпелері бар шпалдар мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қажетіне арналған темірбетон шпалдарын жеткізуді іске асырады, кәсіпорынның өндірістік күш-қуаты осы көлемді атқаруға мүмкіндік береді.

Облыстағы республика бойынша жұмыс жасап тұрған екі ғана аккумулятор зауыттары ұлттық компаниялардың, республикадағы ірі кәсіпорындардың, министрліктер мен мекемелердің қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етеді.

«АСПМК-519» ЖШС-гің электр құрамалық жұмыс әлеуеті бар, 0,4 КВ-тан 500 КВ-қа дейінгі кез-келген кернеудегі желілерде электрмен жабдықтау нысандарын салуда «КЕГОК» АҚ-мен ынтымақтастық іске асырылады.

«Медиатекс» бас киімдер фабрикасы республиканың қарулы күштерін өз өнімен қамтамасыз етеді, кәсіпорынның өндірістік қуаты бұл өнімнің жылына 40 мың данадағы қажеттілігін өтеуге мүмкіндігі бар, кәсіпорынды одан ары дамыту жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Қайнар АКБ» ЖШС-гі, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-гі және «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС-гі темекі фабрикалары сияқты жүйе құраушы кәсіпорындар республикада жоқ болуы себебінен, шикізатты, полипропилен, сепаратор-конверттер, Hammond кеңейткіштері, пастажағу қағазы, темекіге жатпайтын материалдар, шылым құрамындағы никотинді анықтау қызметтері және маркетингтік зерттеулер сияқты материалдар мен қызметтерді шетелден сатып алады.

2014 жылы қазақстандық мазмұн мониторингі бойынша облыс кәсіпорындарымен 44,2 млрд. теңгеге, соның ішінде ұлттық компаниялармен 37,7 млрд. теңге сомасына келісім-шарт жасалған.

Мемлекеттік органдар жалпы құны 6,5 млрд. теңге сомасына мемлекеттік сатып алу жүргізді, сондағы облыстың жалпы мемлекеттік сатып алу көлеміндегі қазақстандық мазмұнның көлемі 75,34%-ті құрады.


Келелі мәселелер:

  • кәсіпорындарда инновациялар енгізу үшін айналым қаражатының жеткіліксіздігі;

  • отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейлігі;

  • облыстың жүйе құраушы кәсіпорындары («Қайнар АКБ» ЖШС-гі және екі темекі фабрикалары) республикада болмауына байланысты, шикізаттың, материалдар мен қызметтердің бір бөлігін шетелден сатып алады (полипропилен, сепаратор-конверт, Hammond кеңейткішін, паста жағушы қағазын, темекіге жатпайтын материалдарды, шылым құрамындағы никотинді анықтау қызметтері және маркетингтік зерттеулер);

  • қазақстандық нарықта қытай, ресей және басқа шетелдік өндірушілердің жылдар бойындағы басымдығы кәсіпорындардың республикада өнімді жеткізулерін жөнге қоюды, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді тежеуде.

Ауыл шаруашылығы

Облыстың аграрлық секторы - көпсалалы, 2012-2014 жылдары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді: өндіріс өсімі байқалуда, еңбек өнімділігі артуда, негізгі қорларды жаңарту жүргізілуде, негізгі азық-түлік өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізілді.

Облыста 49 мыңнан аса ауыл шаруашылық құрылымдары мен халықтың 345 мың жеке қосалқы шаруашылықтары жұмыс істейді.

Осы жылдары ауыл шаруашылығын қолдауға бюджеттен 53,9 млрд. теңге қаражат бағытталды (РБ – 23,7 млрд., ЖБ – 30,2 млрд.), оның ішінде салаларды субсидиялауға – 45,0 млрд. теңге және ветериналрлық/фитосанитарлық қауіпсіздік іс-шараларын жүзеге асыруға – 8,6 млрд. теңге. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қаржылық институттары арқылы 35,1 млрд. теңге сомасында несиелер алды.

Еліміздің ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлеміндегі облыстың үлесі 2014 жылы 35,1%-ті құрады.

Соңғы үш жылда облыста ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 1,2 есеге артып, 412,4 млрд. теңгеге жетті, соның ішінде мал шаруашылығы өнімі 1,3 есеге және 209,7 млрд. теңге, өсімдік – 1,2 есеге және 201,8 млрд. теңге.

Жағымсыз ауа-райына байланысты ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 2012 жылғы 104,6%-тен 2014 жылғы 101,4%-ке дейін төмендеді, соның ішінде өсімдік өнімі 108,4%-тен 100,9%-ке дейін.

Мал шаруашылығы саласында жаңа объектілерді іске қосу есебінен мал шаруашылығының нақты көлем индексі 2014 жылы 2012 жылғы 100,5%-тен 100,9%-ке дейін өсті.

Жалпы өндіріс құрылымында өсімдік шаруашылығы – 48,9%-ті, мал шаруашылығы – 50,8%-ті және қызметтер 0,3%-ті құрайды.

Өңір бойынша ауыл шаруашығы өндірісіндегі ең мол үлес Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай мен Талғар аудандарында, ең азы – Ақсу, Балқаш, Көксу мен Қаратал аудандарында.

Осы салада жұмыс жасайтын бір адамға шаққанда жалпы өнім өндірісі 2012 жылға қарағанда 36,8% өсіммен, шамамен 430,6 мың теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының орташа жылдық егістік алқабы 900 мың гектарды құрайды (2012 ж. – 889,7 мың, 2013 ж. – 910,9 мың, 2014 ж. – 921,1 мың га).

Оңтайлы құрылымды қамтамасыз ету және себу айналымдарын енгізу мақсатында егістік алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілді, атап айтсақ, бидай алқаптарын қысқарту есебінен дәндік жүгері, май дақылдары, көкөніс және жемдік дақылдар сияқты жоғары өнімді дақылдардың алаңы кеңейтілді.

Дәнді дақылдар облыстың барлық өңірлерінде өсіріледі, олардың егістік алқабы 447,3 мың га құрайды және барлық егістіктің 49%-н алып жатыр.

Табиғи-ауа райы жағдайы бойынша облыста жұмсақ сұрыпты бидай өсіріледі, ол дән нарығында тұрақты сұранысқа ие емес, нәтижесінде осы дақылдың егістік алқабы 32,9 мыңға азайтылып, 161,4 мың гектарды құрады.

Дәндік жүгері алқабы 3,6 мыңға көбейіп, 69,5 мың гектарды құрады, арпа – 27,3 мың га артып, 199,6 мың га құраса, күріш алқабы 2012 жылғы деңгейде сақталды, яғни 14,2 мың гектар.

Дәндік дақылдардың орташа жылдық жалпы түсімі орташа түсімділік гектарынан 25,0 центнер болғанда 1104,4 мың тоннаны құрады.

Жоғары түсімділігі мен тұрақты сұранысын ескере отырып, басымдылық май дақылдарының өндірісіне беріледі, олардың егістік алқабы 2014 жылы 163,9 мың гектарды құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 22,4 мың гектарға көп, егістік құрамында майбұршақ – 63,9%-ті, күнбағыс – 16,1%-ті және сафлор 20,0%-ті алып жатыр.

Егістік алқабтарының негізгі көлемі Алакөл (23,3%) және Сарқан (24,0%) аудандарында шоғырланған.

Үш жылдық кезеңде облыста жалпы май дақылдары тұқымдарын жинау 19,0%-ке артып, 259,1 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар, өсіру кезінде көп еңбек жұмсауды қажет ететіндіктен, басшылық танытатын ұсақ шаруашылықтар мен сатып алу бағасының төмендігіне байланысты себу айналымын сақтау мүмкін болмауына байланысты қант қызылшасының алқабы 5,1 мың гектарға қысқарды.

Қант қызылшасы негізінен Ақсу, Ескелді, Көксу, Қаратал және Сарқан аудандарында өсіріледі.

Қант қызылшасының түсімі 2014 жылы 30,8 мың тоннаны құрады, бұл тәтті тамыр дақылдарының орташа түсімділігі 2012 жылы гектарынан 259,9 центнер болғанда 90,4 мың тоннаға аз (немесе 75%).

Картоп пен бақша-көкөніс дақылдардың егістік алқаптары 74,8 мың гектарды құрайды немесе өткен үш жылмен салыстырғанда 3,8 мың гектарға ұлғайды, ал өндіріс 7,9%-ке артып, 1699,2 мың тоннаға жетті.

Картоп облыстың барлық өңірлерінде өсіріледі, бірақ негізгі өндірушілер Еңбекшіқазақ (егістік алқабының – 15%), Райымбек (18%), Қарасай (11%) және Талғар (9%) аудандарының халқы мен шаруа (фермер) қожалықтары.

Облыста негізінен сәбіз, ас қызылшасы, пияз, қызанақ, қияр, орамжапырақ өсіріледі, олардың жалпы көкөніс жинаудағы үлесі – 81%.

Облыстағы ең үлкен көкөніс алқабы Еңбекшіқазақ (егістік алқабының -29%), Іле (12%) аудандарында және Қапшағай қаласында (9%) шоғырланған.

Облыста ашық топырақтағы көкөніс дақылдарын өндіру көлемі халықтың қажеттілігінен екі есе артық екеніне қарамастан (облыстың және Алматы қаласының жылдық қажеттілігі бір жанға 100 кг есебінен 356 мың тоннаны құрайды, ал жылдық өндірсі 700 мың тоннадан астам), маусымаралық кезеңде олардың тапшылығы байқалады.

Халықты маусымаралық кезеңде жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету, сондай-ақ нарықтағы бағаны төмендету мақсатында жылыжай құрылысы белсенді түрде дамытылуда.

Жалпы алаңы 54,9 гектар түрлі үлгідегі жылыжайлар іске қосылды, оның ішінде 25,9 гектарында немесе жалпы алаңның 47%-да «ҚазАгро» компания тобының күшімен салынған жоғары технологиялық жылыжайлар орналасқан.

Жалпы іске қосылған жылыжайлардың негізгі үлесі Алматы қаласына жақын орналасқан аудандарда орналасқан, олар жалпы көлемнен 71%-ті немесе 38,9 гектарды құрайды.

2014 жылы жылыжай дақылдарының жалпы түсімі 20,2 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылдан 2,2 есе артық.

Қазіргі уақытта жалпы алаңы 2,7 гектар жылыжай құрылысы жүргізілуде.

Ауа райының қолайлығы жеміс шаруашылығының дамуына ықпал етеді, 2012-2014 жылдары осы мақсаттарға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 878,4 млн. теңге субсидия төленді.

Жалпы көпжылдық жеміс-жидек көшеттері мен жүзімдіктердің алаңы 18,9 мың гектарды құрайды.

Облыстағы жеміс және жүзім өндірісі Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Панфилов және Ұйғыр аудандарындағы арнайы шаруашылықтарда және біраз көлемі Сарқан, Алакөл, Ескелді аудандарында шоғырланған.

Үшжылдықта жеміс-жидек дақылдар мен жүзім өндірісі орташа есеппен, 1,2 есе артып, 102,5 мың тоннаға жетті.

Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау базасы нығайтылуда, 2014 жылы Талғар ауданында 2000 тонналыұ «Фреш Фуд Қазақстан» ЖШС-нің көкөніс қоймасы енгізілді. Картоп пен көкөніс қоймаларының жалпы қуаты 219,9 мың тоннаны құрайды, олардың қатарында сыйымдылығы 49,4 мың тонналық 20 қойма заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған, сақтауға 129,9 мың тонна өні түскен, оның ішінде 74,9 мың тонна – көкөніс, 12,4 мың тонна – жеміс және 42,5 мың тонна картоп.

76 тұқым шаруашылығы (15 – түпнұсқалық, 22 – асыл тұқымды, 39 – жоғары өнімді тұқым шаруашылықтары) жұмыс жасайды, олар 2014 жылы 49,2 мың тонна жоғары өнімді тұқым өндірді. Себілген асыл тұқымдардың үлесі - 2,1%-ті, І репродукциялық тұқымдар – 39,6%-ті, ІІ репродукциялық тұқымдар – 15,7%-ті, ІІІ репродукциялық тұқымдар – 16,1%-ті, ІV репродукциялық тұқымдар 6,6%-ті құрады.

Көшеттерді көбейту бойынша 10 көшеттік бар, олар бір млн. данаға жуық кқшет өсіреді, ал облыс қажеттілігі - 750 мың дана.

Тұқым шаруашылығын қолдауға үшжылдықта бюджеттен 1,6 млрд.теңге бөлінді, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер сатып алған 14,2 мың тонна асыл тұқымды және 10,9 мың тонна жоғары өнімді тұқымның, 1083,2 мың дана жеміс дақылдары көшеттерінің құны жартылай арзандатылды, көпжылдық көшеттердің аналықтарын отырғызуға (18,6 га) және күтіп-баптауға (36,3 га) кеткен шығындар толығымен қайтарылды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптауда озық ресурс үнемдеуші технологиялар қолданылуда, 2012 жылмен салыстырғанда тамшылап суару әдісін қолданумен картоп, көкөністер, жемістер мен жүзімдік алаңдары 2,0 есеге, ал ылғал үнемдеу технологиясымен дәнді-масақты дақылдарды өсіру 30%-ке артты.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын қоректендіру үшін АӨК субъектілері осы кезеңде 91,0 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алды, оның ішінде 39,8 мың тоннасы субсидияланды, тыңайтылған алаң жылына орташа есеппен 201,9 мың тонна гектарды құрады.

Барлық қаржыландыру көздері бойынша 2012-2014 жылдары 12,7 млрд. теңге сомасына 2481 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, оның ішінде 35%-і ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің меншікті қаражаты есебінен және 65%-і лизингтік негізде алынды, жаңартылған ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлері 3,5%-ті құрады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейі 85%-тен астам.

Ұсақ шаруашылықтарды кооперациялау және оларды машина-тракторлық станцияларының қызметімен қамтамасыз ету мақсатында 2012-2014 жылдары дәнді дақылдар, көкөністер мен қант қызылшасын дайындайтын 12 сервистік дайындау орталықтары құрылды, оларға 342 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, олар жеке және заңды тұлғаларға 343,7 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті. Жалпы облыс бойынша 34 МТС-ы жұмыс жасайды, олар 2013 жылы жалпы 103,9 млн. теңге сомасына 20,7 мың гектар алаңда ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындады.

Жүйелердің жалпы ұзындығы 16,5 мың ш құрайды, оларға 456,3 мың га суарылмалы жерлер тіркелген. 4,2 мың ш. қайта жаңғыртуды және күрделі жөндеуді талап етеді.

Жер шаруашылығын айтарлықтай дамуына қарамастан, облытың ауыл шаруашылығындағы басты сала болып мал шаруашылығы табылады, ол ет-сүтті мал шаруашылығымен, жұқа терілі қой шаруашылығымен, өнімді жылқы шаруашылығымен, түйе шаруашылығымен, өнеркәсіптік шошқа шаруашылығымен және құс шаруашылығымен сипатталады.

Облыс республикада ірі қара мал, жылқы және құс басының саны бойынша бірінші орынды, қой мен ешкі саны бойынша екінші орынды иеленеді.

Ірі қара малдың саны 2012 жылға 9,1%-ке артып, 908,1 мың басты құрады, соған сәйкес қой мен ешкі – 5,7%-ке артып, 3317,9 мың басты, жылқы – 5,7%-ке, 260,2 мың басты, түйе – 6,7%-ке, 8,0 мың басты құрады.

Ірі қара (58%), қой мен ешкі (45,1%) және жылқы (45,2%) малдарының басы халық шаруалығында, түйе басы (94%) мен құс (82%) ауылдық кәсіпорындарында шоғырланған.

88 асыл тұқымды субъектісі жұмыс істейді, онда 158,4 мың бас ІҚМ ұсталады немесе жалпы мал басының санынан - 18,0%, сәйкесінше 615,9 мың бас қой – 22,3%, 44,5 мың бас шошқа – 40,4%, 38,6 мың бас жылқы – 14,6%, 3654 бас түйе – 47,4% және 631,1 мың бас құс – 7,3%.

Будандастыру-асыл тұқымдандыру жұмыстары жүргізіледі, 73,5% сиыр және 31,6% қой аналығы жасанды ұрықтандырумен қамтылды.

Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасының аясында 2012-2014 жылдары 12,9 мың орынды 33 жемдеу алаңы іске қосылды, 9 құрылым шетелде будандастырылған 7877 мал басын әкеліп, 343 фермерлік шаруашылықтар 19,5 мың аналық мал басын және 979 бас өндіруші бұқаларды сатып алды.

Қой шаруашылығында басым бағыт болып олардың өнімділігін арттыру және барлық меншік нысанындағы шаруашылықтарда будандастыру-асыл тұқымдандыру жұмысын жақсарту табылады.

Қой шаруашылығы саласын дамыту үшін «Жетісу» өңірлік шопандар ассоцияциясымен бірге «Жетісу Асыл тұқым» ӘКК дистрибьютерлік орталығы құрылды, оның негізгі қызметі областа бар қойлардың асыл тұқымдылығы мен өнімділігін арттыруға бағытталған.

Мал шаруашылығы өнімдерінің ең көп үлесі Іле (жалпы өнідірстің -12%), Еңбекшіқазақ (11%), Райымбек (8%), Қарасай (8%) және Талғар (7%) аудандарына тиесілі.

301,7 мың тонна (тірі салмақта) ет өндірілді немесе 2012 жылға - 98,6%, сәйкесінше 667,5 тонна - сиыр сүті (101,2%), 980,3 млн.дана -жұмыртқа (113,0%), 8,0 мың тонна қой жүні (100,0%) өндірілді.

Жалпы мал шаруашылығы саласын дамытуға 2012-2014 жылдары мемлекеттік бюджеттен 28,4 млрд. теңге субсидия бағытталды, ол ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге төмендегі мақсаттарға төленді:

- 9905 бас – асыл тұқымды ІҚМ, 319 бас – етті тұқымды өндіруші бұқалар, 26,1 мың бас – қой, 1183 бас – жылқы, 2670 бас – шошқа, 12,1 мың бас – тәуліктік балапан, 3,3 млн.дана – жұмыртқа, 4,7 мың доза аталық бұқа тұқымдарын сатып алуға;

- 33 аталық бұқаны баптап, ұстауға және 117,6 мың аналық ІҚМ басына және 172,8 мың қой басына будандастыру жұмыстарын жүргізуге;

- 207,6 мың тонна мал және құс етін, 87,8 мың тонна – сүт, 556,1 млн.дана жұмыртқа және 3,0 мың тонна жүн өткізуге.

Облыстың жемдік қорының негізін табиғи жайылымдар мен шабындықтар, егіндік жем өндірісі құрайды.

Облыстағы 8208,5 мың гектар шаруашылықтарының жалпы алаңындағы жайылымдардың көлемі – 6882,1 мың гектар және шабындықтар - 206,9 мың гектар немесе барлық ауыл шаруашылығы жерінен - 86%.

2012-2014 жылдары жемдік дақылдардың егістік алқабы 6,4%-ке артып, 233,8 мың га құрады, оның құрылымында көпжылдық дақылдар – 86,6%-н, біржылдық шөптер – 10,0%-н, жүгері сүрлемі 3,4%-н құрайды.

2014 жылы 1946,6 мың тонна пішен, соның ішінде, орташа өнімділік гектарынан 51,3 центнер болғанда, көпжылдық дақылдардың 202,4 мың га алаңынан – 960,5 мың тонна пішен, өнімділік гектарынан 23,5 центнер болғанда, біржылдық шөптердің 23,4мың га алқабынан 55,1 мың тонна пішен, табиғи шабындықтардан 793,7 мың тонна пішен жиналды. Бір гектардан түсім 317,2 центнер болғанда, 7,9 мың га алқаптан 243,1 мың тонна жүгері сүрлемі жиналды.

Үнемі өсіп жатқан мал басы жайылымдарға жүйесіз жайылады, бұл жайылымдарға түсетін ауырлықты күшейтеді және жердің құнарсыздануына әкеліп соғады, сондай-ақ жайылым айналымының болмауынан, жайылымдар түсімділігі төмен, жасыл желек аз келеді.

Қазіргі уақытта, 33,9 мың гектар жайылымда шөп сапасын жақсарту және 4802,0 мың га жерді суландыру жұмыстары жүргізілуде.

«Ауыл халқының тұрмысын жақсарту және экологиялық тұтастықты сақтау үшін жайылым қорларын тұрақты басқару» жобасы аясында Жамбыл ауданының 4 ауылдық аймағында үй малын алыс жаздық «Жайлау» жайылымдарына айдап апару және жайылымдардадың аз өнімді алқаптарына көпжылдық шөп отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

Осындай жұмыс Сарқан ауданының Лепсі ауылында «Жергілікті қауымдастықтың жайылым мал шаруашылығының ауа райының өзгеруіне бейімделуі» жобасы бойынша жүргізілуде.

Жайылымдарды одан әрі жақсарту мақсатында әрбір ауылдық округ бойынша жайылым айналымын жүргізуге және изень мен тарақ бидайық сияқты құнды азық дақылдарын себуге қатысты жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндеумен 580 кәсіпорын айналысады, өңдеу көлемі 1,2 есеге өсіп, 325,6 млрд. теңгені құрады, соның ішінде:

бидай – өңдеу деңгейі - 94,3%, жылына жалпы қуаты 465,0 мың тонна болатын 83 кәсіпорын бар, жүктемесі – 86%. Ең ірілері – Қапшағай қаласындағы «АгроФуд» ЖШС-гі және Іле ауданындағы «Байсерке Агро» ЖШС-гі;

жүгері - өңдеу деңгейі – 32,4%, қуаты жылына 24 мың тонна болатын 3 кәсіпорын бар, жүктемесі – 62,5%. Ірілері – 2 крахмал-сірне зауыты: Қарасай ауданындағы «Азия АгроФуд» ЖШС-гі және Панфилов ауданындағы «Жаркент қрахмал-сірне зауыты»ЖШС-гі;

күріш - өңдеу деңгейі – 29,9%, жылына жалпы қуаты 37,7 мың тонна болатын 22 кәсіпорын бар, жүктемесі – 62,5%. Оның ішінде ірілері – Қаратал ауданындағы Үштөбе күріш өңдеу зауыты ЖШС-гі және Балқаш ауданындағы «Өтес агрофирмасы» ЖШС-гі;

қант қызылшасы - 2 қант зауыты бар, оның ішінде 2014 жылы «Көксу Шекер» ЖШС-гі 45 мың тонна шикізат қабылдап, Мерке қант зауытына өңдеуге жіберді;

жеміс және көкөніс – өңдеу деңгейі – 12,4%, қуаты жылына 33,9 мың тонна болатын Еңбекшіқазақ, Талғар, Алакөл аудандарында, Қапшағай мен Талдықорған қалаларында 8 кәсіпорын бар, жүктемесі – 62,6%;

жүзім – өңдеу деңгейі - 52%, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле аудандарында жалпы қуаты жылына 85 млн. литр болатын 8 шарап зауыты бар, жүктемесі – 11%. Ірі шарап өндірушілер - «Голд продукт» АҚ-ы, «Винзавод Есік» АҚ-ы;

темекі – өңдеу деңгейі - 64%, 2 темекі фабрикасы бар: жалпы қуаты жылына 45-48 млрд. дана темекі өндіретін «Филипп Моррис Казахстан» АҚ-ы және «Джей Ти Ай Казахстан» ЖШС-гі, жүктемесі -71%. Өнімнің біршама бөлігі негізінен Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Ауғанстан және Моңғолияға экспортталады;

май өнімдері – өңдеу деңгейі 13%-ті құрайды, қуаты жылына 113,0 мың тонна болатын 45 объект жұмыс жасайды, жүктемесі - 37%.

Текелі қаласында қуаты жылына 80 мың тонна ашытқы өндіретін «Суфле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ-ның сыра зауыты жұмыс істейді.

Балқаш, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай қаласынан басқа барлық өңірлер сүт өңдеумен айналысады, өңдеу деңгейі – 45,9%, қуаты жылына 150,0 мың тонна болатын 19 кәсіпорын бар, жүктемесі – 82,4%. Ірі сүт зауыттары – жалпы қуаттылығы 117,0 мың тонна болатын Еңбекшіқазақ ауданындағы «Фудмастер компаниясы» АҚ-ы, «Адал»АӨК» АҚ-ы, Іле ауданындағы «Райымбек Агро» ЖШС-гі, Қаратал ауданындағы «Үштөбе Айдын» ЖШС-гі және Талдықорған қаласындағы «Lactis LTD» ЖШС-гі, оларға өндірілген сүттің 90%-і тиесілі.

Еттің барлық түрін өңдеу деңгейі 35,6%-ті құрайды. Ет өңдеу Іле, Талғар, Панфилов, Ескелді, Жамбыл, Қаратал, Көксу аудандарында және Талдықорған қаласында жүргізіледі, қуаты жылына 4,0 мың тонна болатын 15 кәсіпорын жұмыс жасайды, жүктемесі – 64,5%. Ірі кәсіпорындар – Талдықорған қаласындағы "Талсай Ет" ӘКК-сы және Талғар ауданындағы "Самұрық өнімдері" ЖШС-гі.

Құс етін өңдеумен қуаты жылына 84,6 мың тонна болатын 9 кәсіпорын айналысады, жүктемесі- 71,5%. Ірі кәсіпорындар – Іле ауданында «Алель Агро» ЖШС-гі және «Алатау Құс» АҚ-ы.

Облыстағы 72 орта және ірі өңдеу кәсіпорындары ішіндегі 40 кәсіпорын халықаралық стандартқа сай (ИСО, ХАСПП) сапа сертификаттар бойынша жұмыс жасайды.

2006 жылдан бері ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу бойынша, сондай-ақ басқа да сервистік қызмет көрсету бойынша, 461 шаруа (фермерлік) шаруашылығы, 28 заңды тұлға мен 140 жеке тұлғалар құрылтайшысы болып табылатын 47 ауылдық тұтыну кооперативтері құрылды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қатысуымен, ауылдық несие серіктестіктері арқылы жүргізілетін, қолданыстағы ауыл шаруашылығы өндірісін несиелендіру жүйесі өзін жақсы жағынан танытты.

Облыста жарғылық капиталы 1118,5 млн. теңге болатын, 1346 әлеуетті несие беруші құрылтайшылары болып табылатын 17 ауылдық несиелу қауымдастығы құрылды. 4601,6 млн. теңге сомасына несие желісі ашылды және 2012-2014 жылдары 4,8 млрд. теңге сомасына бюджет қаражатынан шағын несиелер берілді.

Аграрлық сектордағы экономикалық жағдайды нығайтудағы тиімді шаралардың бірі - ауыл халқына шағын несие беруді ұйымдастыру. 2012-2014 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай демеу қоры» АҚ-ның Алматы облыстық филиалы арқылы бюджет қаражатынан 1,9 млрд. теңге сомаға шағын несиелер берілген.

Аграрлық нарық қатысушыларына ақпараттық-маркетингтік және кеңес беру қызметтерінің кешенін ұсынушы жалғыз мамандандырылған ұйым болып табылатын «Қазагромаркетинг» АҚ-мен құрылған 17 ауылдық ақпараттық-кеңес беру орталықтары жұмыс істейді.

Алматы қаласы айналасында азық-түлік белдеуін дамыту бойынша іс-шаралар жоспары аясында 66,5 млрд. теңге сомасына 95 инвестициялық жоба әзірленіп, жүзеге асырылды, 2319 жұмыс орны ашылды.

«Агробизнес-2020» бағдарламасында өндіру және өңдеу бойынша басым 11 бағыт анықталды, олар экспортқа бағдарланған бағыттағы: астық, май дақылдары, қант, көкөніс пен жеміс, жем дақылдары, ет, сүт, қой өсіру, құс өсіру, балық және жүн, олар әзірленген шебер-жоспарларының аясында жүзеге асырылады.

Шебер-жоспарларды жүзеге асырудың мақсаты саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өңдеу саласындағы жүйе құраушы кәсіпорындардың техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру, агрокешендердің өнімділігін және инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін инновациялар енгізу есебінен ішкі нарықтың отандық өнім тауарларына деген қажеттілігін толығымен қанағаттандыру.

Шығыс шоғырландыру аймағында «Жемістер мен көкөністер», «Астық» және «Құс шаруашылығы» агрокешендері дамытылатын болады.

Еңбекшіқазақ ауданындағы «Голд Продукт» АҚ-ы, Талғар ауданының «Алина» мен «Южный» ЖШС-і, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Қаратал, Талғар, Панфилов және Ұйғыр аудандарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші–өнім жеткізушілері жеміс және көкөніс кластерінің негізгі өзегі болып анықталды.

Дайындау-өткізу базасы дамытылуда, жеміс және көкөніс дақылдарын өсіру, сақтау мен оларды өңдеу кәсіпорындарына жеткізу бойынша 7 дайындау-өткізу кооперативі құрылды.

Жеміс және көкөніс өнімдері бағасының серпіні жыл сайын арту беталысында. Сондықтан инфляцияға қарсы шаралар ішінде көкөністерді жабық топырақта өсіру көзделген, қазіргі уақытта 54,7 га жабық топырақтағы объектілер жұмыс жасайды, оның ішінде 2014 жылы Қапшағай қаласында 1 га жерде ірі «LST Market» ЖШС-гі және Қарасай ауданында 4 га жерде «Мадмар» ШҚ іске қосылды, сондай-ақ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның АФ желісі бойынша жалпы алаңы 1,9 га 5 жылыжай салынды, 2015 жылы Қапшағай қаласында «Green Land Alatau» ЖШС-нің жылыжайын 5 га кеңейту көзделуде, әрі қарай «Green Hause – Жасыл үй» ЖШС –н 4,5 га кеңейту межеленуде.

Тамшылап суару әдісін қолдану арқылы Қапшағай қаласында «Агрофирма ТЖНиК» ЖШС-гі 400 га жерде, «ПСХТ Қанат» ЖШС-гі 250 га жерде, Ақсу ауданында «Достар» ШҚ 10 га жерде, Іле ауданында «Vadko» ЖШС-гі 350 га жерде жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру жоспарлауда.

Қазіргі уақытта қолданыстағы Қарасай ауданында «АзияАгроФуд» ЖШС-гі мен Панфилов ауданында «Жаркент крахмал-сірне зауыты» кәсіпорындарының қоймаларында «Астық» агрокешенін құру жоспарланып отыр. Ұйғыр ауданында 5000 тонналық кешенді астық қоймасының құрылысы жүргізілуде.

«Астық» агрокешенін құру Қарасай ауданында әрекет етуші «АзияАгроФуд» ЖШС-нің және Панфилов ауданындағы «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС-нің негізінде жоспарлануда.

«Қант» агрокешенінің негізі Солтүстік-Шығыс аймақта – Көксу ауданындағы «локомотив-кәсіпорыны» «Көксу Шекер» АҚ-ы болып табылады, жеткізушілер – Ескелді, Қаратал, Көксу, Ақсу, Сарқан аудандарының және Талдықорған қаласының шаруашылықтары.

«Май дақылдары» агрокешені өңдеу қуаты жылына 75000 тонна шикізат болатын, майбұршақ, рапс, күнбағыс өңдеуші «Компания Сарыбұлақ» ЖШС-нің зауыты негізінде қалыптасады, зауыт жанында машина – тракторлық станция ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Индустрияландыру картасының аясында мал мен құсқа арналған жоғары протеинді жем, майбұршақ ұнын және майбұршақ майын өндіретін «Уыз Май Industry» ЖШС-нің зауыты іске қосылды.

Ақсу ауданының Алажиде станциясында, Панфилов ауданының Көктал ауылында және Талдықорған қаласында 3 мамандандырылған сақтау қоймасы жұмыс жасайды, олар облыстың шалғайдағы өңірлерінен шикізатты жинап, жекізумен айналысады.

«Құс өсіру» агрокешені жалпы көлемі жылына 80 мың тонна тауық етін шығаратын «Аллель Агро» АҚ-ы, «Сарыбұлақ компаниясы» ЖШС-гі және «Алатау құс» ЖШС-гі сияқты ірі құс фабрикалары негізінде қалыптасады. Құс өсіру кластерін іске асыру нәтижесінде ішкі нарықта құс етінің импорты алмастырылады деп күтілуде.

АҮААЖ аймағындағы «Райымбек Агро» ЖШС-нің базасында «Сүт» агрокешені іске асырылады, сүт жеткізушілер – Жамбыл, Іле, Талғар және Қарасай аудандарының шаруашылықтары; Шығыс аймақта – Еңбекшіқазақ ауданының «Компания Фудмастер» АҚ-ы мен «АПК Адал» АҚ-ы, жеткізушілер – Кербұлақ, Панфилов және Ұйғыр аудандарының шаруашылықтары; Солтүстік-Шығыс аймақта – Қаратал ауданындағы «Үштөбе Айдын» ЖШС-гі мен Талдықорған қаласының «Лактис» ЖШС-гі негізінде құрылады.

Өндірушілер мен шикізат өңдеушілері арасында бәсекелестік орта қалыптасқан. Осыған байланысты, халықаралық стандарт талаптарына сай ірі тауарлық–сүт фермаларын салу қажеттілігі туындап отыр. Облыста 49 үлгілі сүт-тауарлық фермалары жұмыс жасайды, оның ішінде 2014 жылы 800 басқа Талғар ауданында «Амеран» ЖШС-нің мегафермасы іске қосылып, Еңбекшіқазақ ауданында «АПК Адал» АҚ-ның үлгілі фермасы 1200 басқа кеңейтілді. Сондай-ақ, «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүт бағытындағы 5 шағын фермалар қызметтерін кеңейтті: Ескелді ауданындағы «Раймонов» ШҚ-ы (100 басқа), Еңбекшіқазақ ауданында «Шелек» ӨК-і және «Асылдан» ШҚ-ы (100 бастан), Қарасай ауданында «Арай» ШҚ-ы (100 басқа), Іле ауданының «Аманжолов» ШҚ-ы (50 басқа).

Сондай-ақ, «Жетісу» ӘКК» АҚ-ның қатысуымен ауылдық елді мекендерде 60-тан астам сүт қабылдау пункттері ұйымдастырылады, ал бүгінде 179-дан астам объектілер жұмыс жасауда.

21 саумалы бағыттағы ІҚМ шаруашылығы жұмыс істейді, ондағы бір сиыр сауыны орта есеппен 3000-нан 6500 кг құрайды.

Өңірдегі сүт кластерінің қалыптасуы саумалы мал шаруашылығының индустриялдық-инновациялық технологияға көшуін көздейді.

«Ет» агрокешені барлық шоғырландыру аймақтарында қалыптасады, қажетті нормалар мен стандарттарды сақтай отырып, экологиялық таза, жоғары сапалы өнім шығару көзделіп отыр.

Өңдеуші нысандарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін облыста 137 жемдеу орындары бар, 2015 жылы Кербұлақ ауданында 3000 басқа «СК Гвардия» ЖШС-нің, Қарасай ауданында 3000 басқа «МПС» ЖШС-нің, Сарқан ауданында 5000 басқа «Архарлы Майбүйрек» ЖШС-нің және 1500 басқа «Малайби Агро» ЖШС-нің жемдеу алаңдарын құру жоспарлануда.

«Жүн» агрокешені Жамбыл ауданының «Қарғалы» АҚ-ның негізінде қалыптасады, оны шикізатпен қамтамасыз ету үшін қажетті жерлерде қабылдау пункттерін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілетін болады.

«Балық» агрокешені – Солтүстік-Шығыс аймақта Алакөл ауданының «Рыбпром» ЖШС-гі мен «Алакөл Балық» ЖШС-гі негізінде, Батыс аймақта – Жамбыл ауданының «Үлкен балық» ЖШС-гі негізінде және Солтүстік аймақта – Балқаш ауданының «Бақанас» ӘКК-ні мен Қапшағай қаласының «Як Трейд» ЖШС-нің негізінде құрылады.

«Жем өндірісі» агрокешені – шоғырландыру аймағының барлық өңірлерінде дамытылатын болады, 2014-2015 жылдары алаңы 764,0 мың га 191 объектіде жайылымдарды суландыру инфрақұрылымының құрылысы\жаңарту, 100 тауарлық ІҚМ фермаларына және 17 тауарлық ҰМ фермаларына, 8 жылқы және 5 шошқа фермаларына жем дайындау техникасын сатып алу жоспарлануда.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылдың 23 мамырындағы №1-1/277 бұйрығымен, өңірлердің табиғи-ауа райы жағдайын, өткізу базарларының болуы мен даму әлеуетін ескерумен, ауыл шаруашылығы шаруашылықтарын ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрін өндіру үшін ұтымды пайдалану бойынша ұсынылатын Өңірлердің мамандану сызбасы бекітілді.

Осыған байланысты, Сызбада ұсынылмаған ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауды кезең-кезеңмен тоқтату көзделуде: 2017 жылдан 2019 жылға дейін ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау Мамандану сызбасына 50%-ке сәйкестендіріледі, ал 2020 жылдан бастап, ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау Өңірлердің мамандану сызбасына толығымен сай келеді.

Ауыл шаруашылығы дамуының негізгі мәселелері:

- өсімдік шаруашылығындағы қожалықтардың бытыраңқылығы және жер үлесі мөлшерінің аздығы ғылыми-негізделген ауыспалы егісті сақтауға және қазіргі заманғы технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді;

- ауыл шаруашылығы техникаларының тозу деңгейі 80%-дан астам;

- жайылым ауысымының болмауынан жайылым жерлері төмен өнімді, шөбі аз болып келеді;

- суару жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы су ресурстарын пайдасыз пайдалануға әкеліп соғады;

- мал шаруашылығындағы орта және ірі тауарлық өнімдердің жеткіліксіз дамуы ірі көлемді іріктеу-асыл тұқымдастыру жұмысын тежеп отыр, ауыл шаруашылығы малын теңгерімсіз жемдеу мен бар жайылымдарды тиімсіз пайдалану;

- сапалы шикізаттың жоқтығы және дайындау-өткізу жүйесінің нашар дамуынан өңдеу және өндіріс жүктемелерінің төмен деңгейлігі.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Павлодар облысы жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconТүрік бірлігі мен исламшылдық, жәдидшілдік идеологиясының өлкеде қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуына әсері
Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚоғамдық денсаулық сақтау Кафедрасы
Мақсаты: Денсаулықты және оның компоненттерін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды ресурсы ретінде жан-жақты зерттеу
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconТәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріміз, еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына зор мүмкіндік берді. Қазақстанда, ішкі тұрақтылық, әлеуметтік
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы қойылған шараларды жүзеге асыру уақыты болды. Бұл жыл оқиғалармен,...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconКіріспе
Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық,...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері icon1. Кәсіпорыннның экономикалық категориялары
Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconСаясаттың Әлеуметтік ақИҚат ретіндегі атқаратын қызметі
Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі. Саясаттану пәнін дәуірлерге бөліп оқыту оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ол ғылымдар саласында...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
Білімділік мақсаты Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бөлімі бойынша игерген оқу материалдарын...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconҚазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын...
Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына тигізетін әсері iconСаяси партиялар және олардың жіктелуі
Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгі­сі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница