Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай




НазваниеҚазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай
страница2/7
Дата конвертации21.02.2016
Размер0.72 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-Ірі-кара-тейлериозы.doc
1   2   3   4   5   6   7

1.4 Иксодид немесе жайылым кенелерімен күрес шаралары


Иксодид кенелерімен күрес екі бағытта жүргізіледі: біріншісі – олардың шоғырланған жерлері – биотоптарында жою, ал екіншісі – жануарларға жабысқандарын жою.

Кенелермен олардың биотобында күресу тиімдірек. Кенелердің көптеген түрлері жүмыртқаларын жерге салып, олардан балаң – кенелері де сонда пайда болатынын ескере отырып, сол аймақтағы жерді жыртып, көп жылдық шөп егіп, жасанды жайылымға айналдыру жақсы нәтиже береді. Мұндайда көп кенелер өздігінен жойылады, сондай-ақ өсімдіктер құрамы өзгереді, топырақтың жылылық-суықтығы, ылғалдығы өзгеріп, қалған кенелердің тіршілігіне кедергі жасайды. Жайылымдарды жырту кейбір жерлерде Boophilus calcaratus, Hyalomma scupense, Rhipicephalus bursa кенелерін жоюға септігін тигізеді, немесе кене түрлерінің санын азайтады. Кейбір өңірлердің биік тау жайылымдарында иксодид кенелері мүлде болмайды. Төменірек жатқан орман белдеуінде де кенелер өте сирек кездеседі. Сондықтан биік тау жайылымдарын пайдалану, малдарды кенеден қорғаудың ең тиімді жолы. Малдарды таулы жайылымға топырақ суығанда айдаған абзал. Себебі жол бойында кенелі жерлер болуы мүмкін. Кейде, жол бойында малға кене жабыспас үшін, оларды акарацид дәрілерімен тоғытады.

Кейбір өңірлерде қойды қысқы жайылымдарға және одан қайтқанда теміржолмен немесе машиналармен тасиды.

Мал қораларында қалып қоятын Hyalomma anatolicum, H.detritum және H.scupense сияқты кенелерді жоюдың маңызы зор. Бұл кенелер мал қораларында қыстап, қыс пен көктемде малға жабысып қанын сорады. Бұл кенелерді жою үшін – олар тығылатын саңылауларды құмға цемент араластырып тығындап, кеміргіштердің інін бітеу, сондай-ақ қора маңындағы өсімдіктерді отап тастау шарт. Сонан соң қораны аэрозольді акарацидтермен дәрілейді. Ол үшін аэрозоль-2 (хлорофос пен ДДВФ қосындысы-9:1) 20 мл м3 мөлшерінде қораға, глак-ц-глутар альдегиді және циодрин негізінде жасалған баллондағы препаратты 50 мл м3 есебімен шашады. Бұлардан басқа қораны дәрілеу үшін 1,5% хлорофос, 0,2% бензофосфат 200-400 мл м2 мөлшерінде қолданылады. Дәріленген қораларға мал енгізу үшін оларды 3-4 сағат желдетіп, оттықтарын тазалап, ыстық сумен жуу шарт.


1.5. Жануарлар денесіне жабысқан кенелерді қыру


Акарицид дәрілерді жануарлар денесіне кене жабысардың алдында қолдану шарт. Ол үшін неғұрлым әсері ұзаққа созылатын дәрілерді таңдап алу керек. Бірақ әр препараттың кенелердің балапан-кене, нимфа және имаго сатыларына тигізетін әсері әр қилы екенін ескеру керек.

Акарицидтерден мал уланып қалуы да мүмкін. Акарицидтердің әсеріне төл және арық мал, сондай-ақ ұзақ айдаудан келген мал өте сезімтал екендігі белгілі. Күннің ыстығы да дәрінің теріден тез сіңуіне әсерін тигізеді. Сондықтан 3 айға дейінгі төлге тууына 1 ай қалған буаз малға кенеге қарсы дәрі қолдануға болмайды. Уланудан сақ болу үшін малды күннің салқын кезінде дәрілеу шарт. Әрбір дәрінің әсерлі заттарының (әз) мөлшерін көрсеткен паспорты болуы керек. Онсыз дәріні қолдануға болмайды. Акарацид дәрілер улы болғандықтан оларды арнайы орындарда сақтап, оларды сақтау мерзімі және қолданылу мөлшерін мұқият тексеру қажет. Мал ауруларымен қатар адам ауруларын тасымалдайтын кенелерге қарсы күрес жүргізгенде кене денеге жабыспас үшін арнайы комбинезон кию, малмен жұмыс істегеннен кейін денені қарап шығу және т.б. сақтық шараларын қолдану қажет. Малға жабысқан кенелерді жою үшін акарицид дәрілерді бүрку арқылы немесе сол дәрілермен тоғыту арқылы дәрілеу жұмысы жүргізіледі. Ірі қара мен қойды шомылдыру үшін арнаулы жүзіп өтетін тоғытпа жасалады. Тоғытпа кірпіштен, тастан, темір бетоннан жасалған күрделі құрылыс. Қой тоғытатын тоғытпаны ферма маңына салады. Тоғытпа маңында құдық болуы тиіс, оған мал тоғытылған сұйықтықты ағызып, біртіндеп жерге сіңіртеді. Малды тоғыту үшін акарацид ерітінділері мен эмульсиялары қолданылады.

Ірі қараны бүрку әдісімен дәрілеу үшін 0,2% бензофосфат, 0,5% циодрин, 0,15% дурсбан эмульсияларын әрбір 7 күн сайын, әр жануарға 1-3 л мөлшерде қолдануға болады. Жеке малдарға аэрозольді дерматозол баллонын әр малға 60-80 г есебімен қолданады.

Қойды арнайы тоғытарда шомылдырады. Ол үшін 0,2% бензофосфат, 0,05% неоцидол, 0,1% дурсбан акарацидтермен әрбір 9-10 күн сайын шомылдырады. Суық маусымда ірі қарада Hyalomma туысына жататын кенелер кездеседі. Оларға қарсы севин дустын пайдалануға болады. Малды дустпен емдеу сыртқы аула ішінде жүргізіледі. Оны арнаулы дайындықтан өткен және арнаулы киімі, көз әйнегі, қолғабы және тыныс алатын аспабы бар адамдар ғана жүргізеді. Дусты әуелі сеуіп, сонан соң оны кенесі бар жерлерге ысқылау шарт. Әрбір ірі малға 300-400 г дуст жұмсалады. Жануарлар үстінен артық дәрі түсіп қалу үшін оларды 1-2 сағат сыртта ұстау қажет.


1.6. Ауыл шаруашылық малдарының пироплазмидоздары


Ауыл шаруашылық жануарларының пироплазмидоздары-қоздырғыштары организмдегі эритроциттерді және басқа торлы эндотелий жүйесінің торшаларын зақымдайтын, үлкен бір аурулар тобы. Қоздырғыштары ауру малдан сау малға кенелер арқылы жұғады, яғни бұл трансмиссивті аурулар болып табылады. Аурулардың осы тобына тән белгілер: дене ыстығы көтерілуі, қан аздық, сарғыштану, жүрек-тамыр жүйесінің және қарын-ішек жолдары қызметінің бұзылуы.

Пироплазмидоздардың эпизоотологиясы. Пироплазмидиоз ауруларының эпизоотиялық тізбегінде үш буын бар. Бірінші буын-қоздырғышпен инвазияланған жануар; үшінші буын – ауруға бейім жануар, екінші буын – тасымалдаушы кене. Пироплазмидтер бірінші буынан – донор-жануарлардан, екінші буынға – тасымалдаушыларға, ал олар арқылы үшінші буынға – ауруға бейім жануарлар – реципиенттерге беріледі. Соңғылар инвазияны қабылдап алып, тасымалдаушылар үшін донор-жануарларға айналады да, сонан соң олар бейім жануарларға ауру таратады. Бұл аурулардың эпизоотиялық тізбегі осылай ұштасып, ауру қоздырғыштары осылай жылдан-жылға жануарлар мен тасымалдаушы-кенелер арасында, эпизоотиялық тізбектің бір буыны шығып қалғанша жылжи береді. Бұл тізбектің ең осал буыны – жайылым (иксодид) кенелері, олар өздеріне қолайлы жағдайы бар биотоптарда ғана өмір сүреді. Сондықтан жайылымдардағы олардың биотоптарын мелиорация шараларымен жою қажет.

Көп жылдар бойы пироплазмидоздардың эпизоотиялық ерекшелігін зерттеудің негізінде территориялардың арнайы классификациясы шығарылды, оның өзі бабезиидоздар және тейлерийдоздармен күрес шараларын тиімді жүргізуге мүмкіншілік берді. Барлық территориялар төрт алқапқа бөлінеді:

1. Сау алқап – мұндай жерде тасымалдаушы кене, не ауру жануарлар, немесе қоздырғыш тасушылар болмайды.

2. Қауіпті алқап – мұнда паразит тасушы жануарлар болмағанымен жайылым (иксод) кенелері өмір сүреді.

3. Энзоотиялық алқап – мұндай алқапта ауа райының жағдайына байланысты кенелер саны шұғыл өзгеріп отырады. Барлық жануарларды кенелер жыл сайын әр түрлі қоздырғыштармен «қайта зақымдап» отырады. Осындай жерлерде жыл сайын жергілікті және басқа жақтан әкелінген мал ішінде ауру байқалады. Энзоотиялық алқаптың территориясы әдетте үлкен емес (өзен жағалаулары, бұта шоғырлары, жыртуға қолайсыз жерлер және т.б.). Мұндай алқапта ауру қоздырғыштарының донорлары және пироплазмозға бейім рецепиент жануарлар саны тұрақта. Сондықтан да кенеге қарсы жүргізілетін шаралар табысты нәтиже береді.

4. Жасырын алқапқа аумағы өте кең, жері жыртылмаған жыйылым тән, онда тасымалдаушы кенелер үшін барлық қолайлы жағдайлар бар. Мысалы, Boophilus кенелері тасымалдайтын ірі қара малдың бабезиидоздары үшін жасырын алқап ылғалды жыртылмаған өзен жағалауларында және ағашты- бұталы жерлерде болады. Бұл алқапта ауру астыртын өтіп, аурудың клиникалық белгілері білінбейді, яғни барлық малда премуниция барлығы байқалады. Малдың төлі, әдетте, ешбір белгісіз ауырады. Премунициясы жоқ, басқа жерден әкелінген мал бабезиидоздардың клиникалық белгілерімен ауырады.

Пироплазмидоздар – жылдың жылы, жайылым кезеңінде ғана кездесетін маусымды ауру. Сондықтан олар жайылым аурулары қатарына жатады.

Ауыл шаруашылығын қарқындандыру кезеңінде пироплазмидоздардың эпизоотологиясы өзгеріп отырады. Себебі, тың жіне тыңайтылған жайылымдарды игергенде ауру тасымалдаушы кенелердің мекені әрі қысқарып, онымен қоса эпизоотиялық алқаптардың саны да азаяды.

Пироплазмидоздардың диагностикасы. Пироплазмидоздарға диагноз қою үшін мал қаны тексеріледі, бірақ одан паразит табылғанымен, оған диагноз қойып, арнайы ем тағайындау дұрыс болмауы мүмкін. Себебі, паразит оны тасымалдаушы мал қанында да кездесе береді. Сондықтан диагноз кешенді зерттеулер нәтижесінде ғана қойылуы қажет. Ол үшін анамнезді, эпизоотологиялық деректерді, ауру белгілерін, патанатомиялық, зертханалық зерттеулерді және т.б. есепке алады.

Анамнез деректерін жинағанда малдың ауырған уақыты (жайылымда немесе қорада) ауру тасымалдаушы кенелердің барлығы, аурудың сипаты, ауру барысының ұзақтығы есепке алынады.

Сонан соң белгілі бір аурудың эпизоотологиялық деректері сарапқа салынады. Пироплазмоздар эпизоотиялық түрде кездесетіні мәлім, мұндай жерлерде айрықша тасымалдаушылар және аурудың белгілі бір маусымда болуы шарт. Аурудың өткен жылдары осы жайылымдық алқапта болған- болмағанын білу қажет. Сондай-ақ, пироплазмидоздар біздің елімізде жылдың жылы кезеңінде ғана кездеседі.

Сау алқаптан әкелінген ересек мал пироплазмидоздардың ауыр түрімен ауырып, көп мал шығынға ұшырайды. Әсіресе, сүтті сиырлар мен асыл тұқымды малда бұл ауру ауыр түрде өтеді. Зебу тәрізді мал инвазияның жеңіл түрімен ауырып, шығынға аз ұшырайды. Премунициясы бар ұрғашы малдан туған төл ересек малға қарағанда жеңіл түрімен (егер оның организмі әлсіз болмаса) ауырады. Бірақ, негізінен күшіктерде пироплазмоз ауруы өте ауыр түрде өтеді. Бұл уыз және сүт арқылы енесінен бабезиидтерге қарсы антиденелердің берілмеуіне байланысты. Алғашқы алынған премуницияны ұзарту үшін төл мен ересек мал ауруы тасымалдаушы кенелер арқылы қосымша инвазиялануға тиісті. Аборигенді (байырғы, жергілікгі) малдар бұл аурумен жайылымда тұрақты жүретіндіктен ауырмайды. Әр аурудың өзіне тән белгілері бар. Мысалы, гемоглобинурия және дене ыстығының көтерілуі бабезиидоз ауруларына нұсқайды. Диагнозын анықтауда кілегей қабықтары күйінің де маңызы аз емес (бозаруы, сарғыштануы, қанталауы). Жүрек соғуының күшеюі немесе мес қарынның атониясы сияқты белгілер малдың бабезиидтерге шалдыққанын көрсетеді.

Аурудың симптоматикасын зерттегенде, әсіресе аралас немесе ұқсас аурулардың белгілеріне көңіл аудару шарт. Малда демікпе, өте қатты күйзелу, ыстығы көтеріліп, гемоглобинурия болмаған жағдайларда мал топалаңының күдігін тудырады. Дене ыстығы қалыптағыдай болып несебіне қан араласса, лептоспорозға күдік тудырады.

Патологиялық – анатомиялық зерттеулер. Өлексені ашып-сойғанда талақтың тұрқына, ұлтабардағы, сірі қабықтардағы және жүректегі қанталауға көңіл аударады. Қуықтағы несептің түсін айыру қажет. Топалаңнан ажырату үшін қанның түсін және ұю қасиетін айыру қажет. Талақтың ұлғаюы, қанның қызғылт-қызыл түсі, гемоглобинурия бабезиидоз инвазияларының барлығын көрсетеді. Қанды микроскоппен тексергенде бабезиидтерді көруге болады. Жылы кезеңде ұзақ уақыт жатып қалған өлекседен алынған қанда бабезиидтер мүлде болмайды немесе олардың пішіні өзгереді (дөңгелек пішінді). Бабезиидоздармен ауырып, айрықша препарат енгізгеннен кейін өлген малдан алынған қан жағындысында да паразиттер табылмауы мүмкін.

Зертханалық әдістер қан жағындысын зерттеуді қамтиды. Бабезиидоз аурулары қоздырғышын табу үшін қан жағындысын аурудың бас кезінде және оның даму кезеңінде алады. Жағынды дайындау ұшін құлақ терісінен алынған қанның ең бірінші тамшысын пайдаланады. Жағындыны Романовский әдісімен бояйды. Қанда паразиттің бірен-саран кездесуі, аурудың белгілері болмаған жағдайда (нутталиоз, пироплазмоз), оның этиологиялық себебі емес, тасымалдаушы екендігін көрсетеді. Сондай-ақ, микроскопия жүргізгенде базофильдік түйіршіктерге, эритроциттердің тұрқы мен пішініне және олардың боялуына көңіл аудару шарт. Мұның өзі патологиялық процесті дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Керек жағдайларда қосымша зерттеулер жүргізіледі: эритроциттер мен лейкоциттер саны анықталады, эритроциттердің шөгу жылдамдығы (СОЭ) байқалады және т.б. Нутталиоз және басқа пироплазмидоздарды анықтау үшін комплементті байланыстыру реакциясы пайдаланылады. Пироплазмидоздарға екі топ аурулар енеді: бабезиидоздар және тейлериидоздар.


1.7. Ірі қара пироплазмозы


Ірі қара пироплазмозы – Piroplasma bigeminum деп аталатын қарапайымды қоздыратын жіті ауру. Ол қызба, қаназдық, сарғыштану мен гемоглобинурия белгілерімен қатар жүрек-тамыр, ас қорыту және жүйке жүйелері қызметінің бұзылуымен сипатталады.

Қоздырғышы. Романовский әдісімен бояғанда пироплазмалардың цитоплазмасы көкшіл, ядросы қызғылт түске боялады. Әдетте эритроцит ішінде бір, екі, кейде одан да көбірек паразит болады. Паразит пішіні алмұрт, дөңгелек, сақина тәрізді және ұзынша сопақ. Қосарланған алмұрт тәрізділері жіңішке жақтарымен жалғасып, эритроцит ішінде сүйір бұрыш түзейді. Жалғыз орналасқандарының тұрқы 2,2-ден 6 мкм дейін, қосарланған алмұрт тәрізділерінің тұрқы 4,5 мкм-ге дейін. Аурудың бас кезінде дара, кейіннен жұптасқан түрлері көбірек кездеседі. Аурудың әрі дамуына байланысты, зақымданған эритроциттердің саны тез көбейіп, 5-15%-ға жетеді (сирек жағдайларда 40%-ке дейін).

Қоздырғыштың өсіп дамуы. Эритроцит ішіндегі пироплазма жыныссыз екіге бөліну арқылы немесе бүршіктену арқылы көбейеді. Пироплазмалар кене денесінде шизогония әдісімен көбейеді. Пироплазмалардың тасымалдаушысы – бір иелі Boophilus calcaratus, екі иелі Rhipicephalus bursa және үш иелі – Haemophysialis punctata кенелері. Piroplasma bigeminum паразитін кенелер трансовариалдық жолмен тасымалдайды. Boophilus calcaratus кенелері пироплазмаларды, әдетте, нимфа сатысында, ал H.punctata, R.bursa кенелері имаго сатысында тасымалдайды.

Эпизоотологиялық деректер. Пироплазмоз негізінен еліміздің Оңтүстік бөлігінде таралған. В.calcaratus кенелері негізінен Оңтүстік Қазақстанда кездеседі. Олар көбінесе ірі қараның қанын сорады да, басқа түлікке сирек жабысады. Жайылымда олар 35-40 күн өмір сүріп, ұрғашылары мыңдаған жұмыртқа салады. Олардан 2-3 апта ішінде алты аяқты балаң кенелер дамып шығады. Олар жұмыртқадан шығысымен ірі қара денесіне жабысып, паразиттік өмір сүре бастайды да, 3-4 апта ішінде нимфа және имаго сатыларына жетеді. Жылы кезеңде В.calcaratus кенелері үш ұрпақ беріп үлгереді. Осыған орай Оңтүстік өңірінде ірі қара мал арасында пироплазмоз 3 рет байқалуы мүмкін. Бірінші рет көктемде-сәуір, мамыр айларында, пироплазмоздың бұл толқыны өлім-жітімсіз жеңіл түрде өтеді. Екінші рет жазда шілде-тамыз айларында ауру кең етек алып, өлім-жітім көбейеді. Үшінші рет күзде-тамыз айының аяғынан бастап, қазан айына дейін байқалады. Бұл кезде ауру мал арасына көбірек тарайды.

Ірі қараны жасанды жайылымдарда, сондай-ақ таулы жайылымдарда (теңіз деңгейінен 900-1200м биіктікте) баққанда пироплазмоз ауруы болмайды, себебі бұл жерлерде жайылым кенелері жоқ.

Boophilus calcaratus кенелері тараған ареалдарда пироплазмоз көбінесе франсайеллезбен бірге кездеседі.

Ауру белгілері. Пироплазмоздың жасырын кезеңі 14-24 күн. Бір жасқа дейінгі төлде және жергілікті малда пироплазмоз әдеттегіден жеңілдеу өтеді.

Ауруға шалдыққан ірі қара малының ең алдымен дене ыстығы 41-42°С дейін көтеріледі де, осы деңгейден төмендемей тұрып алады. Ауырған мал қатты күйзеледі. Жемге сылбыр қарап, қатты шөліркейді. Сауын сиырдың сүті азаяды.

Тамыр соғуы минутына 100-120-ға дейін шапшаңдап, жүрек соғуы, тыныс алуы жиілейді. Ішектің жиырылып-созылуы аурудың алғашқы 1-2 күндері күшейеді, көздің кілегей кабығы алғашқыда қызарады, сонан соң бозарып, сарғыштанады. Екінші күннен бастап-ақ ауру мал басын салбыратып, күйзеледі, көзінен жас жиі ағады. Жем мен суға сылбыр қарайды, кейде мүлде жем жемейді. Мес қарынның қозғалысы сирейді. Несеп алғашында сары түсті, аурудың жіті түрінде 2-күннен бастап-ақ қызыл түске боялады. Гемоглобинурияға несеп шығарудың жиілеуі қосылады, 3-4 күннен соң ауру белгілері ең жоғарғы дәрежесіне жетеді. Бұл мезгілде мал қатты күйзеледі, жем-судан бас тартып, жатып алып тісін қайрайды. Мес қарын қозғалуын мүлде қояды немесе өте баяу қозғалады. Жүрек соғу ырғағы бұзылады. Несеп қоңырлау-қызыл түсті, жиі және аз мөлшерде шығады. Осы белгілері 5-7 күнге созылып, мал өлім-жітімге ұшырауы мүмкін. Егер күтімі жақсы болып, ауырған малға мезгілінде мал дәрігерлік көмек көрсетілсе, ауру белгілері бірте-бірте қайтып, мал пироплазмоздан айыға бастайды. Бірақ ауырып сауыққан малдың қаны бірден толыға қоймай, 2-3 айдан кейін ғана бұрышы қалпына келеді.

Малдың жалпы күйінің нашарлауы шыжыған күн көзінде көп тұрғанда, немесе алыс жерге айдағанда жиі кездеседі.

Өлекседегі өзгерістер. Кілегей және сірі қабықтары бозарыңқы, сарғыш тартқан және ұсақ нүкте тәрізді қанқұйылған. Сөл бездері ұлғайған. Талағы қызыл-қышқыл түсті, үлкейген, үстіңгі жағы қанталаған, ұлпасы жұмсарып босаңсыған. Бауыры үлкейген, қоңыр-қызыл түсті, ал кейде сары балшық түстес. Бүйректері үлкейген қыртыс қабаты мен жұмсақ қабатының шекарасы байқалмайды. Қуығы әдетте қоңыр-қызыл, сирек жағдайда қоңыр-сары түсті несепке толы. Жалбыршағы әдетте қатты, ішіндегі жемі құрғақ жентектелген. Өкпесі, өлексенің жатқан жағынан ісінген. Бронхтарында көпіршіген қызғылт түсті сұйық зат бар. Жүрек, әсіресе жүрекше үсті нүкте және сызықша тәрізденіп қанталаған. Жүрек еті оңай жыртылады, түсі қоңыр, әр жерінде қанталаған ошақтар бар. Жүректің ішкі жағы қанталаған, ішінде қан ұйыған.

Диагнозы. Пироплазмоздың эпизотологиялық деректерін ескереді. Ауырған малдың жайылымда болуы және аталған кенелердің мал денесінен табылуы, өткен жылдарда осы аймақта аурудың кездесуі еске алынады. Ауру малды тексеріп, қарағанда дене қызуының көтерілуі, қан аздық, кілегей қабықтарының сарғыштануы және гемоглобинурия сияқты белгілерді байқауға болады.

Өлекседе қан аздық, талақтың үлкеюі, қуығы қызыл түсті қанға толуы және жалбыршықтың тығындалуы байқалады. Дайындаған қан жағындысынан ауру қоздырғышы табылады.

Эпизоотологиялық сараптау және ауру белгілерін анықтау, қанды микроскопиялық зерттеу нәтижелерімен салыстыра келіп диагноз қойылады да, оның негізінде кажетті ем қолданылады.

Пироплазмоз кейде қараталақ, лептоспироз және т.б. аурулармен араласып кездесуі де мүмкін. Егер пироплазмоз қараталақпен араласып кездессе, айрықша дәрілер қолдану нәтиже бермейді де, мая тез арада өліп қалады.

Лептоспироздың пироплазмозбен ортақ белгісі – гемоглобинурия. Бірақ лептоспирозда дене қызуы қалыптағыдай, кілегей қабықтарының сарғыштануы өте анық, майтұмсық зақымданады, талағы үлкеймеген. Пироплазмоз бен лептоспироз аралас білінген жағдайда, дәрі күшімен қызба төмендетіледі және қанда пироплазмалар жоғалады, бірақ қызыл түсті несеп шығуы тоқтамауы мүмкін. Мұндайда лептоспирозға қосымша зерттеулер жүргізу шарт.

Емі. Ауру мал жайылымға шығарылмайды. Оларды сумен, жеңіл қорытылатын, балғын азықтармен қамтамасыз ету қажет. Рационға сүт сары суын немесе жаңа сауылған сүт қосуға болады. Ауруды емдегенде пироплазмоз бен франсайеллездің араласып келетінін ескеру қажет. Ол үшін арнайы химиялық препараттарды және симптоматикалық дәрілерді қолданады. Жүрек етіндегі болатын өзгерістердің алдын алу үшін алдымен симптоматикалық немесе ауру белгілеріне қарай ем жүргізіледі. Аралас инвазияда жақсы нәтиже беретін азидин (беренил) және диамидин дәрілері.

Азидинді ауру малдың барлығына (қатты ауырған малға жарты доза мөлшерінде) тері астына немесе бұлшық етке 3,5 мг/кг мөлшерінде 7% ерітінді түрінде егеді.

Диамидин тері астына немесе бұлшық етке 1-2 мг/кг мөлшерінде 7% ертінді түрінде егіледі. Ем жүргізгеннен кейін оның емдік әсері 10-14 сағаттан кейін байқалады, ал нәтижесі келесі күні (24 сағ) ғана білінеді. Жануардың дене қызуы қалыптағыға дейін төмендейді, несебі мөлдірленеді, сондай-ақ жем жеп, су іше бастайды. Егер малдың күйі түзелгенімен, дене қызуы төмендемесе, міндетті түрде қаны зерттеледі. Ауру қоздырғышы табылса, емі осы әдіспен қайталанады. Егер паразит табылмаса, қосымша клиникалық зерттеу жүргізіледі.

Профилактикасы. Ауру малды міндетті түрде арнайы дәрілермен емдеу шарт, емделмесе ауру өліммен аяқталады. Сондықтан пироплазмоз шыққан табында аурудың алдын алу үшін химиопрофилактика жасау үшін азидин немесе гемоспоридинді наганинмен аралас қолданады. Соңғы дәрі арнайы дәрілердің әсерін ұзартады. Егер мал бастапқы жайылымда қалатын болса, осы емді 10-14 күннен соң қайталау қажет.

Химиялық профилактика жүргізумен қатар, жоспарлы түрде кенелермен күрес жүргізу орынды. Олармен күрес әдістері «Мал дәрігерлік арахнология» бөлімінде айтылады.

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconТамыз мәслихатында оқылатын баяндамалардың тақырыптары Пленарлық отырыс
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconҚазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай icon«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Азақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына қосылу Стратегиясы,...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconЖаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconФ. 7–006-02 ¬аза¬стан республикасы бiлiм және ғылым министрiлiгi
«Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы», Астана, 2008 жылғы 6 ақпан
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconБекітемін облыс әкімінің орынбасары
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconҚР білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Р президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдау
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconӘлеуметтік – экономикалық дамуы бағдарламасының орындалуы туралы есеп және 2010 жылға алға қойылған міндеттер
Новодолинский кенті әкімі аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясын және...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconҚазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау
...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconҚазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница