Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай




НазваниеҚазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай
страница1/7
Дата конвертации21.02.2016
Размер0.72 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-Ірі-кара-тейлериозы.doc
  1   2   3   4   5   6   7


Кіріспе


Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай Қазақстан өз даму жолында жаңа нарыкқа ену босағасында тұр. Онда ол отандық өнімдердің бәсекелестікке қабілетті болуын басымдылықтың бірі ретінде көрсеткен. Олардың сапасы халықаралық талаптарға сай болуға тиіс. Дүниежүзілік ашық саудада саланың тиімділігін қамтамасыз етуді атап көрсетті.Соның ішінде мал шаруашылығына айтарлықтай атап кеткен. Мал шаруашылығы саласында малдардың аурулары және оларды емдеу бізге жүктелген.

Бұл жерде қарастырылып отырған ауру түрі тейлериоз.Тейлериоз ірі қарада жіті және жітілеу түрде өтетін, тейлерия туысына жататын қарапайымдылар қоздыратын протозооз ауруы. Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдык, белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан жолдарының қызметі бұзылуымен сипатталатын аса кауіпті ауру. Мүйізді ірі қара тейлериозы еліміздің оңтүстік өңірінде мал ауруларының арасындағы кең таралған инвазиялық аурулардың бірі. Бұл ауру тек қана кең таралғанымен ғана белгілі болмай, ауырған малдардың өлім-жетімге ұшырауының көптігімен, буаз сиырлардың түсік тастауымен, қысыр қалуымен, сауын сиырлардың сүтінің азаюымен, малдың азып тозуымен, емдеуге және бағып күтуге кететін шығындардың көптігімен, малдардың аурудан жазылғанының өзінде оңалуының қиындылығымен, яғни жалпы мал шаруашылығына өте үлкен зияндылығымен сипатталады. Тейлериоз ауруын емдеуде біршама басылымдарда арнайы химиопрепараттар жоқ деп жазылған. Алайда, көптеген ғалымдар 1927 жылдан бастап арсенобензол, альбаргин, пироплазмин, атоксил, акрихин, сульфантрол, бигумаль,гемоспородин т.б. дәрі-дәрмектерді ауруды емдеуге қолданып көрген. Бірақта бұл препараттардың барлығы дерлік тейлериозды емдеуге тиімсіз болған.

Қазіргі кезде елімізде және көршілес Орта Азия елдерінде кездесетін ауру бұл түрі кең етек алған.. Сондықтанда мал дәрігерлеріне осы күнге дейін тейлериоз ауруын емдеу өте қиынға соғып отыр.Ауыл шаруашылық жануарларының пироплазмидоздары-қоздырғыштары организмдегі эритроциттерді және басқа торлы эндотелий жүйесінің торшаларын зақымдайтын, үлкен бір аурулар тобы. Қоздырғыштары ауру малдан сау малға кенелер арқылы жұғады, яғни бұл трансмиссивті аурулар болып табылады. Аурулардың осы тобына тән белгілер: дене ыстығы көтерілуі, қан аздық, сарғыштану, жүрек-тамыр жүйесінің және қарын-ішек жолдары қызметінің бұзылуы.


І. Әдебиетке шолу

1.1 Ірі кара тейлериозы


Тейлериоз ірі қарада жіті және жітілеу түрде өтетін, тейлерия туысына жататын қарапайымдылар қоздыратын протозооз ауруы. Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдык, белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан жолдарының қызметі бұзылуымен сипатталатын аса кауіпті ауру.

Қоздырғышы. Theileria annulata малдың сөл бездерінде, талағында және эритроциттерде тіршілік ететін бір торшалы қарапайымдылар. Эритроцидттер ішіндегі тейлериялар дөңгелек, сопақша, таяқша, үтір және нүкте тәрізді. Ұзындығы 0,5-1,6 мкм. Әрбір эритроцит ішінде 7-ге дейін, ал көбінесе 1-2 паразит тіршілік етеді. Ауру асқынған кезінде эритроциттердің 80-95% зақымдалады.




Бұл паразиттерді гиаломма туысына жататын Hyaloma detritum, Hyaloma anatolicum деген жайылым кенелері тасымалдайды. Кененің сілекейі арқылы мал денесіне енісімен олар сөл бездеріне және бауыр мен талаққа барып, өсіп-өніп тез арада шизагония әдісімен бөлшектеніп көбейе бастайды. Мұның нәтижесінде көп ядролы анар тәрізді (гранат) денелер пайда болып, олардың бір цитоплазмасында 40-50, кейде одан да көп ядро болады. Кейінірек бұл паразит бөлшектері ыдырап, қанның эритроциттеріне енеді. Осы уақыттан бастап, оларды тейлериялардың эритроцитарлық түрі деп атайды.


1-сурет. Қан эритроциттеріндегі Theileria annulata (В.Л.Якимов бойынша).

Эпизоотологиясы. Тейлериоз Орта Азия республикаларымен қатар Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында кездеседі. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында тейлериоз жылдары кең етек алып, шаруашылықтарда энзоотия түрінде байқалады. Себебі бұл аймақтарда ауру қоздырғышын тасымалдайтын Hyaloma туысына жататын кене түрлері көп тараған. Жас мал тейлериозбен асқынып ауырады. Сондай-ақ сырттан әкелінген сүтті сиырлар да өте қатал ауырып, тейлериоздан өлім-жітімге көп шалдығады.

Ауру белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 11-15 күн. Тейлериоз жіті және жітілеу түрінде байқалады. Аурудың жіті түрі басқа жерден әкелінген жануарларда болады. Алғашқы күндері ауру малдың бір жақ шабындағы, желіні мен мойнындағы, жауырын алдындағы бездері қабынып, «безі шошып», ісіп кетеді. Оларды сипап көргенде өте қатты екендігі және мал ауырсынатыны байқалады. Сонан соң дене ыстығы 40-41,1 ал кейде 41,8° дейін көтеріледі, малдың жемге тәбеті тартпайды, сүті азаяды, жүні үрпиіп, қатты күйзеледі. Тамыр соғуы минутына 80-130-ға дейін жиілейді, тыныс алуы минутына 50-60 дейін шапшаңдап, мал демігеді. Ол аяқтарын талтитып, басын төмен салбыратып тұрады. Асқазан жолдарының қызметі бұзылады. Малдың қиы сұйық, оған шырыш, ал кейде қан қосылады. Кейін ішек перистальтикасы мүлде әлсіреп, тұрақты атония дамиды. Қандағы эритроцит саны мен гемоглобин мөлшері 2-3 есе кемиді. Несеп шығару қиындайды.

Ауру мал жемнен бас тартады, суды сүйсінбей ішеді, күйіс қайыру және сүт шығару мүлде тоқтайды, 6-8 күннен соң дене қызуы шұғыл төмендеп, мал тез арада шығынға ұшырайды.

Аурудың жітілеу түрінде де сөл бездері шошып, дене қызуы 40-410-қа дейін көтеріліп, осы деңгейде 2-3 күн тұрады, сонан соң қалпына келеді. Бұдан 2-3 күн өткен соң, дене ыстығы қайта көтеріліп, өзгермелі қызба аурудың аяғына дейін байқалады.

Көз бен мұрынның кілегей қабықтары алғашқыда қызарыңқы. Олардың бозаруы баяу дамиды. Анемия қызба басталған соң 5 күннен кейін біліне бастайды. Ауру малдың жалпы күйі нашарлайды, тәбеті азаяды не мүлде болмайды. Аш бүйірі мен қабырғалары айқын білініп тұрады. Күйіс қайыру бірте-бірте тоқтап қалады. Ішек қозғалуы алғашқыда жиілегенмен кейін мүлде тоқтайды. Сүті азаяды. Ауру мал арып, 2-3 аптадан соң көтеремге айналады, әлсірейді, жүргенде тәлтіректейді. Ол мойнын бір жағына бұрып, ыңыранып жатып алады. Жүрек қызметінің бірте-бірте әлсіреуінен 3-4 аптадан соң мал шығынға ұшырайды. Тейлериоздың жітілеу түрінде лейкоциттердің саны 9 мыңға дейін көбейеді. Қан құрамында нормобластар, базофильді түйіршіктері бар эритроциттер және денешіктер, анизоцитоз, пойкилоцитоз және полихроматофилия құбылыстары байқалады.

Диагноз қою тәсілдері. Тейлериоздың эпизоотологиялық деректерін есепке ала отырып, микроскопиялық зерттеу жүргізу шарт. Ол үшін аурудың алғашқы сатысында шошынған бездерінен шприцпен шырынды сұйық сорып алып, таза шыныға жағады да, Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сонан соң микроскоппен қарап, лимфоциттер ішін жайлаған көп ядролы торшаларды табу қажет. Көп ядролы паразиттер, тейлериялардың шизогония әдісімен көбейіп, олардың ядросының көпке бөлшектенуінен пайда болады.

Арудың екінші сатысында, яғни ауру басталғаннан 3-4 күннен кейін, тейлериозға шалдыққан малдың қаны зерттеледі. Құлақ тамырларынан алынған бір тамшы қан шыныға жағылып, Романовский-Гимза әдісімен боялады. Эритроцит ішіндегі тейлериялар нүкте, үтір, дөңгелек және таяқша тәрізденіп жатады. Олардың ядросы қызыл, ал цитоплазмасы көкшіл болып боялады.

Өлекседегі өзгерістер. Тейлериоздан өлген мал өлексесі өте арық келеді. Кілегей қабықтары бозарыңқы және сарғыш тартқан, қанталаған. Сыртқы бездері ісініп, қабынған, қанталаған, көкірек қуысына қызғылт сұйық зат жиналған. Жүрек ұлғайған, оның ішкі және сыртқы жағы нүкте тәрізденіп қанталаған. Жүрек қабы сарғыш түсті экссудатқа толы. Бауыры үлғайған, оның түсі сары топырақ тәрізді. Талақ 1,5-2 есе ұлғайған, пышақпен тілгенде тіліктің беті қызыл-қоңыр түстес, ұлпасы жұмсақ, сірі қабығы асты қанталағандығы байқалады. Ұлтабардың іші қызарып, қанталайды, кейбір жерлері ойылып, уытты жараға айналады. Бұл өзгеріс тек тейлериозға ғана тән құбылыс. Ащы ішектің ішкі қабаты да қабынады, әр жері нүкте тәрізденіп қанталайды. Тоқ ішектегі өзгерістер де осындай, бірақ ащы ішектегіден көмескілеу.

Емі. Ауру қоздырғышына қарсы бағытталған және ауру белгілеріне қарай симптоматикалық ем қолданылады. Малды тыныш қораға немесе көлеңкеге байлап, балғын көк шөп, бақша дақылдарының сабағынан кесілген тамыр-түйінді өсімдіктерді, күніне 3 реттен 2-3 л сүт немесе тартылған сүт және айран беріледі. Тейлерияларға қарсы 3,5 мг/кг мөлшерінде 7% азидин бұлшық ет аралығына егіледі, 4-6 сағат өткеннен кейін күре тамыр арқылы 0,5 мл/кг мөлшерінде 10% хлорлы натрий және әр мал басына 1-2 г 1-2% аскорбин қышқылы жіберіледі.

Екінші күні күре тамыр арқылы 0,015 г/кг 5% террамицин немесе бұлшық етке 2000-5000 өлшем/кг окситетрациклин егіледі. Кешке малдың тірілей салмағының әрбір 100 кг 100 мл-ден кальций глюконаты бұлшық етке жіберіледі. Үшінші күні кофеин және 0,01-0,005 г/кг мөлшерінде 10% сульфадемезин бұлшық етке егіледі.

Емнің тағы бір түрі: күніне 1 реттен 3 күн ұдайы 1 мг/кг мөлшерінде хиноцид, ал төртінші және бесінші күндері 12,5 мг/кг бигумаль 1% ерітінді түрінде ауыз арқылы ішкізіледі.

Ауру қайталаған жағдайда, малдың ыстығы қайтқанша және одан кейін 2 күн ұдайы осы екі дәріні қоса қолдануға болады.

Симптоматикалық ем: ауыз арқылы ішке 3,0-5,0 г кофеин, 10,0 г фталазол, 50 мг хлорлы кобальт, 500 мг тотияйын күніне 1 рет және күніне 1 реттен 2-3 күн ұдайы 300-500 мг-нан В12 витамині бұлшық етке егіледі.

Сақтандыру (дауасы). Бүл аурудың дауасы малды қысқы мерзімде дұрыс азықтандыру. Ірі қараны жаз айларында көп жылдық себінді шөп өсірілген жайылымдарда жайған дұрыс, себебі мұндай жайылымда, әдетте, иксодид кенелері болмайды.

Егер мұндай жайылымдар болмаған жағдайда, малды жайылым кенелерінен арылту үшін немесе оларды дарытпау мақсатымен 1% хлорофос ерітіндісі немесе 0,1% күйдіргіш натрий (сілті) қосылған 0,5% хлорофос ерітіндісі қолданылады. Сондай-ақ, 3% СК-9 (хлорлы скипидар) эмульсиясын, 3% полихлорпинен немесе севин, дикрезил, бутокс сияқты басқа акарацидтер ерітінділерін қолдануға болады. Осы көрсетілген ерітінділер мен эмульсиялар кене көп таралған маусымда әрбір 7-10 күн сайын қолданылады. Бүл дәрілер ірі қараның жасына байланысты әрбір малға 1-3 л мөлшерінде ДУК, ЛСД-2 машиналарымен немесе гидропультпен бүркіліп отырады. Кейбір Hyaloma scupense сияқты жайылым кенелері мал қораларында кездессе, ондай қораларды 1,5% хлорофос ерітіндісімен дәрілеу керек. Бұдан кейін қора ішін 4-6 сағат желдетіп, оттықтар ішін ыстық сумен тазалап жуу шарт. Кенеге қарсы ивомек, протеид, неоцидол дәрілерін де пайдалануға болады.

Соңғы жылдары тейлериозға қарсы БЭВИ-ның (Ресей) тірі себінді вакцинасы қолданылып жүр. Тейлериоз болып тұратын шаруашылықтарда 6 айдан 18 айға дейінгі жас малды, әсіресе басқа жақтан әкелінген асыл тұқымды малды, ақпан-қаңтар айларында нұсқау ережелеріне сәйкес вакцинациялау қажет.

1.2. Паразитиформды кенелер


Parasitiformes тегіне жататын кенелердің дене тұрқы ірі келеді. Олар жай көзбен жақсы көрінеді. Бұл кенелер жануарлар (кейде құстар) денесінде (эктопаразиттер) паразиттік жолмен тіршілік етеді. Сондай-ақ олар түрлі аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды. Бұл текке жататын кенелердің ішінде мына тұқымдастарының мал дәрігерлігінде маңызы бар.

1) Ixodidae – жайылым кенелері

2) Argasidae – аргазид кенелері

3) Gamasoidae – гамазоид кенелері


1.3 Иксодид немесе жайылым кенелері


Иксодид кенелерінің мал патологиясындағы маңызы жөнінде ең алғаш Кильборн және Смит (1983) пікір айтып, ірі қара малдың пироплазмозын кенелер тасымалдайтынын анықтады. Мұның өзі буынаяқтылардың мал мен адамның инфекциялық және 1 протозоидтық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаудағы маңызы жөнінде зерттеулерге әсерін тигізеді.

Протозоидтық, вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтар тудыратын аурулар қоздырғышын тасымалдауда және оларды сақтап отыруда иксодид кенелерінің маңызын анықтауда ВЛ. Якимов, АВ. Белицер, Е.П. Джунковский, А.А. Марков, И.В. Абрамов, Р. Кох, А. Тейлер, Эд. Сержан және т.б. зерттеулерінің маңызы зор болды.

Кенелердің бұл тұқымдасының денесі ірі және біртұтас, пішіні сопақ-ұзынша келген. Денесінің алдыңғы жағында тұмсығы-гнатосома орналасқан. Тұмсықтың құрамына: оның түбі, екі қармалауыш, екі хелицер (жоғаргы жақ) және бір гипостом (төменгі жақ) енеді. Иксодидтердің қармалауыштары сезім қызметін атқарады, олардың көптеген сезімтал талшықтары бар. Қармалауыштарының көмегімен кене жануарлар терісіне жабысатын жерін тауып алады. Қармалауыштар арасына өткір тістерімен қаруланған хелицерлер орналасқан, олардың көмегімен кене теріні тесе алады. Хелицерлердің астыңғы жағына гипостом орналасқан, оның үсті тікен тәрізденіп иректелген, солары арқылы кенелер теріге мықтап жабысады. Тұмсықтың тұрқы мен пішіні әртүрлі.

Денесі – идиосома, кененің даму сатысына және қанга тою дәрежесіне байланысты пішіні мен тұрқы өзгеріп тұрады. Аш кененің денесі жалпақтау, ал тойынғанда сопайып дөңгеленеді. Арқа жағында тығыздалған хитин қалқаншасы (скутум) бар. Ол ұрғашы кенелердің тек қана арқасының алдыңғы жағын, ал еркектерінің жотасын түгел жауып тұрады. Кейбір кенелердің алдыңғы жағында қалқаншаның шет жағына орналасқан көздері болады. Денесінің іш жағында, төртінші аяқтарынан төменірек торлы табақшалар – перитремалар, ал олардың ортасына тыныс тесіктері – стигмалар орналасқан. Сондай-ақ, кененің іш жағында жыныс және артқы тесіктері орналасқан. Иксодид кенелерінің еркектерін, ұрғашыларынан айыру оп-оңай (диморфизм). Аш ұрғашы кененің дене тұрқы еркегінікіндей немесе аздап үлкенірек. Қан сорғаннан кейін ұрғашыларының денесі бірнеше есе үлкейеді.

Иксодид кенелерінің (географиялық) жер жүзіне таралуы кейбір биотикалық және абиотикалық жағдайларға байланысты. Әсіресе қанын сорып қоректенетін жануарлар болуының маңызы өте зор. Әр түрлі кенелердің өмір сүруіне қолайлы жылылық, ылғалдылық, өсімдіктер құрамы үлкен әсер етеді. Кенелердің жануарларға жабылуы қолайлы жылылықтың, сондай-ақ күннің ұзақтығына да байланысты. Кенелердің жұмыртқалау мерзімі, әр сатыға алмасу ұзақтығы күн жарығының алмасуына да байланысты. Жазғы қолайлы климат жағдайларының Оңтүстік аудандарында ұзақ, ал солтүстік аудандарда қысқа болуы иксодид кенелерінің өсіп-дамуының мерзіміне әсерін тигізеді. Мысалы, Ixodes ricinus кенесінің оңтүстікте таралған популяциясының өсіп-дамуы бір ғана жаздық маусымда, ал солтүстік ареалында ол үш, ал кейде төрт жылға созылады. Буынаяқтылардың мекендейтін жерін биотоп деп атайды.

Биотоптардағы кенелердің саны үнемі өзгеріп отырады. Адамның табиғатқа қол сұғуы өсімдіктер және жануарлар дүниесін әртүрлі өзгерістерге душар етеді. Мұндай өзгерістерге сол биотопта тіршілік ететін кенелер өте сезімтал келеді. Мал жайылымдарын жақсарту мақсатымен себінді шөптердің аумағы үлғайған сайын кенелер саны да азаяды.

Кенелерді өз биотоптарында және ауыл шаруашылық жануарлар үстінде жою, иксодид кенелері тасымалдайтын адам, мал ауруларынан сақтандырады. Иксодид кенелері өзінің жеке дамуында (онтогенезінде) бірнеше сатыдан өтеді. Оларға жұмыртқа, балапан кене-нимфа және имаго жатады. Еркек жынысты кенелермен ұрықтандырған ұрғашылары жануарлардың қанына тойынған соң жерге (жайылымдарда) түсіп, күн сәулесі түспейтін жырыққа, тастар астына, қалың ескі шөп ішіне және т.б. жүмыртқалайды. Әр түрлі кенелердің ұрғашылары 3 мыңнан 15 мыңға жуық жұмыртқа салады. Кененің ұрғашылары жұмыртқалаған соң тіршілігін тоқтатады. Үш аптадан кейін жұмыртқалардан алты аяқты балапан кенелері шығып, олар 3-4 күндей омыртқалылардың қанымен қоректенеді. Кейбір кенелердің балапан кенелері жануарлар денесінен түспей, дамуының келесі сатысы нимфаға айналады. Кененің басқа түрлерінде бұл құбылыс жерде өтеді. Нимфа сатысы да 4-6 тәуліктей қан сорғаннан кейін жануарлар денесінен түсіп немесе сол жануардың үстінде-ақ ең соңғы сатысы – имагоға айналады. Әр нимфадан кененің ұрғашысы не еркегі шығады. Кенелердің толық өсіп-даму циклі (айналымы) олардың таралу ареалына байланысты бірнеше айдан 3-4 жылға дейін созылады.

Жайылым кенелерінің мал түріне шабуылдауына байланысты оларды бір иелі, екі иелі және үш иелі деп жіктейді. Бір иелі кенелер өсіп-дамуының барлық сатыларында бір ғана жануардың қанын сорады. Екі иелі кенелер балапан және нимфа сатыларында бір жануарды талап, ал имаго сатысында басқа жануарды талайды. Ал, үш иелі кенелердің балапан, нимфа және имаго сатылары үш түрлі жануарларды талап өсіп-дамиды.

Кенелердің жануарлар организмімен қарым-қатынасы күрделі және әлі толық зерттелмеген. Олардың сан-қилы омыртқалылардың қанын соратындығы мәлім. Табындағы және отардағы малдардың кенеге талануы әртүрлі дәрежеде болады. Ол жануарлар тобының жасына және т.б. жеке организм ерекшеліктеріне байланысты. Жабысқан кенелердің саны организмнің тойтарыс күшіне, кенеге қарсы пайда болған иммунитетке байланысты.

Кене тұмсығы терінің эпидермалық қабатына ғана енеді. Тұрқы әртүрлі болғанымен балапан кене, нимфа және имаго сатыларының тұмсықтары теріге біркелкі тереңдікке енеді. Кенелер гипостомның тікендері және айрықша секрет «цемент» арқылы мал терісіне нығайып бекиді. Кене қанға тойып түскеннен кейін «цемент» жарақатта қалып қояды, соның әсерінен терінің эпидермалық қабатында реактивтік өзгерістер пайда болады. «Цементпен» және кенелердің сілекейімен мал организміне антикоагулянттардан және т.б. улы заттардан құралған күрделі заттар енеді. Сондықтан жарақат орны ісінеді және оған эозинфильдері басым торшалар жиналады. Кенеге таланған жануарлардың қан құрамы өзгереді, организмде аллергиялық құбылыс пайда болады, сондай-ақ алынатын өнімдер саны төмендейді.

Біздің елімізде таралған Ixodidae тұқымдасына жататын жайылым кенелері алты туысқа бөлінеді. Олар мыналар: Hyalomma (шыны көз), Ixodes (жабысқақ), Dermacentor (тері жырғыш), Haemaphisalis (қан сүйгіш), Rhipicephalus (желпуіш бас) және Boophilus (бұқа сүйгіш).

Ixodidae түқымдасы кенелерінің қысқаша туыстық морфологиялық белгілері.

Тұмсығы ұзын

Көздері бар Hyalomma

Көздері жоқ Ixodes

Тұмсығы қысқа

Тұмсық түбі төртбұрышты

Қалқаншасы мәрмәр түсті Dermacentor

Қалқаншасы мәрмәр түссіз Haemaphisalis

Тұмсық түбі алтыбұрышты

Артқы тесік қарықшасы бар. Перитремалары үтір тәрізді – Rhipicephalus.

Артқы тесік қарықшасы жоқ. Перитремалары дөңгелек не сопақ – Boophilus.

Hyalomma туысына ұзын тұмсықты көздері жақсы дамыған кенелер жатады. Сондықтан оларды шыны көз деп атайды. Ауыл шаруашылық жануарларында бұл туыстың Hyalomma anatolicum, H.detritum, H.scupence деген түрлері кездеседі. Бұл кенелер Қазақстанның шөлді және шөлейт аймақтарында көп тараған. Әсіресе Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының кейбір аудандарында таралған. Hyalomma туысына жататын кенелер көбінесе ірі қара малда кездеседі. Жылқы, қой, ешкі, түйе түліктеріне Hyalomma кенелері өте сирек жабылады. Бұл кенелердің H.anatolicum деген түрі, ірі қараның қарапайымдылар қоздыратын тейлериоз ауруын тасымалдайды. Кененің бұл түрі еліміздің оңтүстігінде ғана кездеседі. Оның ареалының Солтүстік шекарасы – Ресейлік Астрахан облысынан Қазақстанның Оңтүстігін басып, Қырғызстанға дейін барады. Теңіз деңгейінен 500 м биіктік бұл кенелерден бос. Кенелер мал қораларында, олардың қабырғаларында, оттығында тығылып жатуы мүмкін. Сондай-ақ көң астында, кемірушілердің інінде, саман және қамыстан істелген құрылыстарда кездеседі. Ал, H.scupence деген түрі мал қораларында қыстайды. Сол себепті тейлериоз ауруы бірен-саран түрде қыста да кездеседі.

Ересек кенелер малды мамыр-тамыз айларында, ал балапан кенелері мен нимфалары тамыз-қыркүйек айларында талайды. Тойынған личинкалар мен нимфалар малдың үстінен жерге түсіп, жайылымда қыстап шығады. H.plumbeum кенелері жылқы пироплазмозы мен нутталиозының қоздырғыштарын тасымалдайды. Кенелердің бұл түрі Оңтүстік Қазақстанда және Орта Азия республикаларында кездеседі. Олар мамыр-маусым айларында малды көп талайды. Балапан кенелер мен нимфалары мамыр айынан қазан айына дейін жануарлар қанымен қоректенеді. Жайылымға түсіп қалған нимфалар күзде имаго сатысына түлеп, көктемге дейін анабиоз жағдайына еніп, қыстап шығады.

H.scupense – ірі-қара тейлериозы мен жылқы нутталиозының қоздырғыштарын тасымалдайды. Бұл кенелер Орталық Қазақстанға дейін тараған. Оңтүстікке қарай бұл кене жақсы бейімделген, тек теңіз бетінен 1000 м биіктікте ғана болмайды. Жанасқанда бір малдың екінші малға көшіп отыруы мүмкін. Бұл кененің ерекшелігі – жануарларды жылдың суық уақытында, яғни қазан айынан мамырға дейін талайды. Олардың ұрғашылары жануарлар денесінен наурыз-мамыр айларында түсіп қалады. Маусым айында жұмыртқалап, одан шыққан балапан кенелер күздің суығына дейін малға дарымайды. Балапан кенелер негізінен ірі қара малды, сирегірек жылқы, қой және т.б. жануарларды талайды. Қыстың желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында нимфалардың қоректенуі және оның имаго сатысына дамуы баяулайды.

Ixodes туысына жататын кенелердің тұмсығы ұзын, түбі төрт бұрышты. Көздері жоқ. Сондықтан олар бұтаның не шөптің басына шығып алып, алдыңғы аяқтарын созып отырады. Мұндай кенелерді мал жүретін соқпақтарда кездестіруге болады. Осындай кенелер соқпақпен өтіп бара жатқан жануарларға немесе адамға жабыса кетеді. Сондықтан да бұл кене туысын Ixodes жабысқақ деп атайды.

Жайылым кенелерінің ішінде бұл туысқа жататын кенелер аса көп тараған жоқ. Олар Ixodes ricinus және I.persulcatus түрлеріне жатады. Бұл кенелер ірі қара мал бабезиозының қоздырғышы Babesia bovis, қой анаплазмозының қоздырғышы Anaplasma ovis және ірі қара анаплазмозының қоздырғышы A.marginale тасымалдайды. Сондай-ак, I.persulcatus адамның кейбір вирусты және бактериалды ауру қоздырғыштарын жұқтырады. Ixodes ricinus кенесі Еуразия аймағының солтүстік-батысында көп тараған, оның шығысқа қарай таралу шекарасы Волга өзеніне дейін келеді. Сондай-ақ Кавказ тауы мен тау етегінде де кенелер кездеседі. Ал Волга өзенінен шығысқа қарай орталық және Оңтүстік алқаптарды басып, Қиыр Шығысқа дейінгі таулы және ағашты жерлерде I.persulcatus кенелері кездеседі. Қазақстанның тау етектерінде және кішігірім тауларда қалың шөп және бұталар арасында кездеседі. Кенелердің бұл түрі кекілік, ор қоян және т.б. жабайы аңдар және үй жануарларының эктопаразиттері. Ixodes кенелері суыққа өте төзімді. -20°С суықтыққа шыдай береді. Қолайлы жағдайларда өсіп-жетілуіне 5-9 айдай уақыт керек, ал кейбір жылдары бұл кенелердің өніп-өсуі 2-3 жылға дейін созылады. I.persulcatus кенелері Қиыр Шығыста адамның энцефалит ауруының қоздырғышын тасымалдайтын және осы аурудың табиғи ошақтарын түзуге қатысатыны анықталды. Осы құбылыстарды зерттей отырып, академик Е.Н. Павловский (1939) өзінің трансмиссивті аурулардың табиғи ошақтары туралы ілімін негіздеді.

Dermacentor туысына жататын кенелер жылқының пироплазмоз (қоздырғышы Piroplasma caballi) және нутталиоз (қоздырғышы Nuttallia egyi) ауруларын тасымалдайды. Бұл туысқа жататын кенелердің алты түрінің ішінде Dermacentor marginatus және D.pictus деген түрлерінің эпизоотологиялық маңызы бар.

Dermacentor туысына жататын кенелердің тұмсығы қысқа, түбі төрт бұрышты, жотасында, екінші аяқ тұсында көздері бар. Денесінің үстіңгі жағы қоңыр түсті болғанымен күміс реңді. Сондықтан бұл кенелерді басқаларынан тез айыруға болады.

Ересек, яғни имаго сатысындағы Dermacentor кенелері жылқы, ірі қара мал, ешкі, қой және т.б. жануарлардың қанын сорады. Ал, балапан-кене және нимфа сатыларында ұсақ кеміргіштерді талайды. Бұл кенелер жануарларға көктем және күз айларында жабысады. Ересек кенелер 2-3 жылдай аштыққа шыдайды. Бір жылдың ішінде бір ұрпағы өсіп-өнеді.

Dermacentor marginatus үш иелі кене. Олар жылқының пироплазмидоз ауруларынан басқа ірі қара малдың анаплазмозын (қоздырғышы Anaplasma marginale), қойдың анаплазмозын (A.ovis) және тейлериозын (қоздырғышы Theileria recondita), сондай-ақ кеміргіштердің туляремия ауруларын тасымалдайды. Кененің бұл түрі Украина, Молдавия, Қырым, Қазақстан, Орта Азия республикаларында, сондай-ақ Батыс және Шығыс Сібірдің Оңтүстік бөлігінде кездеседі.

Dermacentor pictus түрі де үш иелі кене. Ол жылқының пироплазмидоздарынан басқа – ит пироплазмозын (қоздырғышы Piroplasma canis), ірі қара малдың анаплазмозын және жылқының энцефаломиелит ауруы және омбы геморрагиялық қызбасының вирусын тасымалдайды (11-сурет).

Haemaphilasis туысына жататын түрлер Н.otophila және Н.longicornis (Н.neumani). Бұл кенелердің тұмсығы қысқа, түбі төрт бұрышты, көздері жоқ, анальдік жолақ артқы тесіктің арт жағына орналасқан. Құрсақ жағында қалқаншалары жоқ.

Н.otophila үш иелі, ол қойдың анаплазмоз (Anaplasma ovis) және пироплазмоз (қоздырғышы Piroplasma ovis) ауруларын тасымалдайды. Бұл кенелер Украинаның оңтүстігінде, Қырымда, Солтүстік Кавказда кездеседі.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында Н.punctata кенелері болады. И.Г.Галузо және т.б. (1944) байқауына қарағанда бұл кенелер қойдың бруцеллез ауруын таратуда маңызы зор. Н.longicornis үш иелі кене, қиыр Шығыста ірі қара малдың тейлериоз ауруын тасымалдайды (қоздырғышы Theileria sergenti).

Rhipicephalus туысына жататын кенелер: Rh.bursa және Rh.pumilio. Бұл кенелердің түмсығы қысқа, түбі алты бұрышты, көздері бар, анальдік жолақ артқы тесік артында, еркек кенелердің екі жұп анальдік қалқаншалары бар.

Rh.bursa – екі иелі кенелер, көбіне ірі қара мал мен қойдан табылады, ал Rh.pumilio үй және тағы хайуанаттарына онымен қоса адамға да жабысады. Rh.bursa кенелері қойдың бабезиозын (B.ovis), тейлериозын (Th.recondita) және пиролазмозын (Р.ovis), сондай-ақ, ірі қара малдың анаплазмозын (А.marginale) тасымалдайды.

Кенелердің бұл түрі Қырымда, Қара теңіз жағалауында, Кавказда және Казақстанның оңтүстігінде кездеседі. Бірен-саран кенелер теңіз деңгейінен 2800 м биіктікке дейін кездеседі. Имаго фазасында қой мен ірі қараға наурыз айынан бастап жабысады, бірақ негізінен жағырапиялық алқапқа байланысты мамыр-шілде айларында белсенділігі күшейеді. Ал балапан кенелері жаздың екінші жартысынан бастап, күз айларына дейін кездеседі. Олар қой кұлағының ішкі жағына жабысып қанын сорады. Имаго фазасында қойдың түксіз жерлеріне жабысады. Жылына бір ұрпақ береді.

Boophilus туысына жататын біздің елімізде бір ғана кене түрі бар – ол B.calcaratus. Бұл кенелер жайылым кенелерінің ішіндегі ұсағы, қоңыр түсті. Тұмсығы қысқа, тұмсық түбі алты бұрышты, көздері бар. B.calcaratus кенелері ірі қара малдың пироплазмозын, франсаиеллезін тасымалдайды. Ауру қоздырғыштары кененің жұмыртқасы арқылы немесе трансовариалды жолмен келесі ұрпаққа көшіп отырады. B.calcaratus кенелері Қазақстанның оңтүстігінде, Орта Азия республикаларында кездеседі. Бұл кене бір иелі. Малға жабысқан кене 25-30 күнде қанға тойынып, тасалау жерге 2-3 күннен соң жүмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапан-кенелер жануарларға жабысып, қанға тойған соң 4-6 күн ішінде нимфаға айналады. Олар иесінің денесінен түспей 5-10 күннен соң имаго (еркек немесе ұрғашы) фазасына дейін өсіп-өнеді. Толық өсіп жетілуіне 2 айдай уақыт керек. Жылдың жылы уақытында B.calcaratus кенелері үш ұрпақ береді. Балапан кенелері 6-7 айдай ашығуды көтереді. Тың жерлерді игеруге байланысты B.calcaratus кенелерінің саны жылдан жылға азайып келеді. Бұл кенелердің биотоптары ағашты-бұталы тау етегінде өмір сүруге қолайлы жағдайлар бар жерлерде кездеседі.







2-сурет. 1,2 – Ixodes туысы; 3,4 – Dermacentor туысы, сол жағындағылары еркегі, оң жағындағылары ұрғашысы













3-сурет. 1,2 – Boophilus туысы; 3,4 – Hyalomma туысы







4-сурет. 1,2 – Haemophysalis туысы; 3,4 – Rhipicephalus туысы

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconТамыз мәслихатында оқылатын баяндамалардың тақырыптары Пленарлық отырыс
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconҚазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай icon«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
Азақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына қосылу Стратегиясы,...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconЖаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconФ. 7–006-02 ¬аза¬стан республикасы бiлiм және ғылым министрiлiгi
«Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы», Астана, 2008 жылғы 6 ақпан
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconБекітемін облыс әкімінің орынбасары
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconҚР білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Р президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдау
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconӘлеуметтік – экономикалық дамуы бағдарламасының орындалуы туралы есеп және 2010 жылға алға қойылған міндеттер
Новодолинский кенті әкімі аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясын және...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconҚазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау
...
Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай iconҚазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница