1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің




Название1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің
Дата конвертации21.02.2016
Размер78.7 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://emer.gov.kz/npakz/pronts/doc/13.doc



Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің

Ғылыми-техникалық кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ


Астана қаласы №13 2012 жылғы 6 наурыз



Төрағалық етті:

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петров

Қатысқандар:

1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшелері;

2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен мамандары;

3) Авариялық-құтқару техникасы мен жабдығын өндіруші ұйымдардан шақырылғандар.



Азаматтық қорғау саласындағы мамандарды даярлау кезінде Министрліктің Көкшетау техникалық институтының оқу-әдістемелік, зертханалық және техникалық базасын жетілдіру

_____________________________________________________________

(В. Петров, С. Шәріпханов, С. Әубәкіров, А. Ділімов, А. Петров

М. Мырзақұлов, В. Таласпаев, Г. Бисенов, Н. Абулаисов)


Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі мақсаттарының бірі – техногендік авариялардан, жойқын апаттар мен дүлей зілзалалардан болған қауіп-қатерді азайту және залалды барында төмендету бойынша жағдай жасалуына қол жету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі – ҒТК) ҰСЫНАДЫ:

1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің:

    1. азаматтық қорғау саласындағы мамандарды даярлау кезінде Министрліктің Көкшетау техникалық институтының оқу-әдістемелік зертханалық және техникалық базасын жетілдіру;

1.2. жаңа отандық және шетелдік үлгідегі өрт сөндіру, авариялық-құтқару техникалары мен жабдықтарын республикада қолдану мақсатқа екендігі туралы баяндамалары мен есептері назарға алынсын .

2. Министрліктің Көкшетау техникалық институтының (бұдан әрі – КТИ) бастығы (А.М. Сұлтанғалиев) Министрліктің Өртке қарсы қызмет комитетімен (бұдан әрі - ӨҚК) (С.Ғ. Әубәкіров), Кадрлық қамтамасыз ету департаментімен (Е.Б. Құлтаев) бірлесіп:


2.1. бір ай мерзімде Министрлік басшылығының қарауына:

2.1.1. 2013 және одан арғы жылдарғы бюджетті қалыптастыру кезінде РБК қарауына енгізу үшін оқу-әдістемелік, зертханалық және техникалық базаны одан әрі ұлғайту және нығайту, оның ішінде егжей-тегжейлі экономикалық есептері бар көрнекі оқу құралдарымен жабдықтау;

2.1.2. оқу материалдарын меңгеру сапасын арттыру үшін плазмалы интерактивті тақталар сатып алу;

2.1.3. төтенше жағдайлардан қорғау, азаматтық қорғаныс және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;

2.1.4. курсанттар мен тыңдаушылардың сапалы жедел-тактикалық даярлығын арттыру үшін оқу-жаттығу полигонын құру мәселелерін пысықтау;

2.1.5. талап етілетін электронды әдебиеттердің кітапханалық базасын қамтамасыз ету;

2.2. табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы диссертациялық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын, оның ішінде олардың Министрліктің авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қызметінде практикалық қолданылуын және сараптамадан өткізілуін айқындау;

2.3. Министрлік қызметкерлерін қашықтықтан оқытудың заманауи инновациялық тәсілдерін білім беру процесіне енгізу мәселесін пысықтау;

2.4. Министрліктің Web-порталында «Оқыту» бөлігіне талап етілетін ақпараттың толтырылуын қамтамасыз ету;

2.5. республикалық, жақын және алыс шет елдің азаматтық қорғау саласындағы білім беру және ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықты және тәжірибемен алмасуды жандандыру бойынша нақты ұсыныстар енгізсін.

3. Отандық және шетелдік өрт сөндіру, авариялық-құтқару техникасы мен жабдығының жаңа үлгілерін қарауға бағытталған жоғары техникалық сипаттамасын атап өтсін, атап айтқанда:

- көпмақсатты өрт сөндіру-құтқару автомобилі (КӨА);

- «Пурга-5» құрама өрт сөндіру қондырғылары;

- «АЦ-6-40» өрт сөндіру автоцистерналары;

- АЦ-2,5-50/4 «Исудзу» өрт сөндіру автоцистерналары;

- АБР-1-04, «Исудзу» жедел ден қою автомобилі;

- «Ужгур» жүзгіш жыланбауыр көлігі;

- «Петрович» саз-батпақта мүдірмейтін автомобиль;

- «Урсус» электрогидравликалық құралы;

- «Тунгус» өрт сөндіру жүйесі;

- өрт сөндіру және су қалыпты кескіш жүйесі «Cobra» ;

4. Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (С.Б. Ахметов), ӨҚК (С.Ғ. Әубәкіров), КТИ (А.М. Сұлтанғалиев), Азаматтық қорғаныс департаменті (М.Қ. Ысқақов), Төтенше жағдайларды жою департаменті (Д.Ж. Сатылғанов), Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – МТҚД) (Д.К. Болатбаев), «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» РМҚК (В.С. Кравченко), «Өрт сөндіруші» АҚ (В.П. Кан) басшылары тұрақты түрде республикада қолдануға сай өрт сөндіру, өрт сөндіру-құтқару техникалары мен жабдықтарының жаңа үлгілерін интернет ресурстар, мамандандырылған шетелдік баспа басылымдары, шет мемлекеттердің төтенше ведомстволар өкілдерімен жұмыс кездесулерін пайдалану арқылы, Қазақстанда және шетелде тақырыптық көрмелерге қатысу жолымен іздеу бойынша жұмысты жүргізсін.

5. Министрліктің ӨҚК (С.Ғ. Әубәкіров), МТҚД (Д.Қ. Болатбаев) басшылары «Камаз-Инжиниринг» АҚ-мен бірлесіп бір ай мерзім ішінде:

5.1. 2013 жылы орманды дала өрттерін жою үшін ауыр брондалған жыланбауыр транспортері базасында өрт сөндіру автомобилін сатып алу бойынша мәселені пысықтасын;

5.2. арнайы авариялық-құтқару техникасының нақты түрлері бойынша Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің қажеттілігіне жүйелі талдау жүргізсін.

6. Қосымшаға сәйкес тақырыптар бойынша Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен басқа да мемлекеттік органдардың ғылыми ұйымдары әзірлеген 2013-2015 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жүргізу жоспарланатын қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми-техникалық бағдарламалар жобаларын мақұлдасын.

7. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-талдау жұмыстары, ғылым және жаңа технологиялар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) (С.Ғ. Ғаббасов):

7.1. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының ғылыми қолданбалы қызметін жалпы үйлестіруді, оның ішінде Министрлік басшылығының келісімі бойынша Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерін және аумақтық органдарын тарта отырып, Министрліктің ғылыми зерттеу ұйымдары қызметіне мақсатты көшпелі тексеру жүргізуді жалғастырсын.

7.2. Министрліктің ҒТК туралы ереженің 15-тармағына сәйкес Төтенше жағдайлар министріне Министрліктің ҒТК құрамына – Ақпараттандыру және байланыс департаментінің директоры Ж.Қ. Жұмашевты және Министрліктің «Өрт сөндіруші» АҚ жобаларының жетекшісі техника ғылымдарының докторы Ж.Е. Тоқышевты кіргізу туралы ұсыныс дайындап, енгізсін.

8. Осы Хаттаманың іс-шараларын орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есепті Министрліктің Департаментіне белгіленген мерзімдерге сәйкес, сондай-ақ тоқсан сайын соңғы айдың 30-ына ұсынылсын.

9. Осы хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

10. Осы Хаттаманың орындалуын бақылауды өзімен қалдырамын.


Вице-министр В. Петров


ҒТК 2012 жылғы 6 наурыздағы № 13 хаттамасына

қосымша


1) Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін тау жыныстары мен топырақ массивтерінің қауіпті аймақтарындағы параметрлерді болжамдау бағалау әдістерін әзірлеу;

2) Мұнай-газ және газ конденсациялы кен орындарын пайдалану кезінде бағанааралық қысымы бар ұңғымалардағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері дәрежесін бағалау әдістерін әзірлеу;

3) Су қоймаларындағы гидродинамикалық авариялар кезінде гидротехникалық құрылыстардың жағдайын және инженерлік жағдай есебіне бағалау әдістемесін әзірлеу;

4) Ресей мен Қазақстанның шекаралас аумақтарында ықтимал техногендік қауіптерге мониторинг жүргізу және болжамдау үшін геоақпараттық жүйені әзірлеу;

5) жоғары ғимараттардағы өрт кезіндегі кешенді тәсілден шыға отырып, азаматтарды жеке және ұжымдық қорғау жүйесінің қауіпсіз қолданылуын және тиімділігін бағалау саласындағы зерттеулер;

6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстардың көлемін айқындау және жағдайды модельдеу бойынша зерттеу жүргізу;

7) ГИС технологияларын пайдалана отырып, Оңтүстік Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында сел, көшкін және сырғыма қаупіне ұшырағыштығына зерттеу жүргізу және ғылыми-негізделген картасын жасау;

8) Сел, сырығыма, көшкіннің туындау ошақтарына және таралу аумағына ғылыми зерттеу жүргізу және ГИС-технологияларын пайдалана отырып Іле Алатау бассейнінің паспортын жасау;

9) Микросейсмикалық деректер бойынша жер сілкінісін қысқа мерзімді болжамдау желісін салу;

10) Кешенді электромагнитті және температуралық параметрлерді пайдалана отырып, қатты жер сілкінісін қысқа мерзімде болжамдаудың ғылыми негіздерін әзірлеу;

11) сейсмикалық қауіпті бағалау негізінде ГИС технологияларын пайдалана отырып, Қазақстан аумағы мен іргелес аудандардың қатты жер сілкіністері атласын жасау;

12) әртүрлі ТЖ түрлерінің медициналық-санитарлық зардаптарын болжамдау және жоспарлау жүйесін жетілдіру;

13) Табиғи және эндогендік өрттермен күрес әдістерін әзірлеу;

14) Қоғамдық мазмұндағы көп функционалды кешендердің логистикалық интеграцияланған өртке қарсы қорғау жүйесін әзірлеу;

15) Қазақстан аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жер үсті ғарыштық мониторингінің ғылыми-әдістемелік негіздерін дамыту;

16) Кіші Алматы өзені бассейнінде сел қаупін жою бойынша іс-шаралардың ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесін жасау мақсатында М. Мәметова мұздағын, мұзды-мұздақ кешенді және № 6 өзенді зерттеу;

17) Алматы облысындағы Іле Алатаудың солтүстік еңістегі өзендер бассейндерінде аса қауіпті үйінді және мұзды-мұздақ өзендер каталогын жасау;

18) Қауіпті геодинамикалық және техногендік процестер көріністерінің қауіп-қатерін және ауқымын бағалау, Іле Алатау (Алматы маңындағы аудан) бөктеріндегі Қазақстан аумағында қорғау іс-шаралары жүйесіне ұсынымдар әзірлеу;

19) ГТҚ қауіпсіздігін арттыру және ықтималдық теориясы әдістерін қолдана отырып теориялық зерттеулер мен есептер арқылы ТЖ тудыратын себептердің пайда болу ықтималдығын жою;

20) Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін параметрлердің мониторингі және натурлық өлшемдер арқылы зерттеу;

21) селге қарсы және тасқын суға қарсы мазмұндағы қорғау құрылыстарын әзірлеу, ТЖ қаупін азайту және кедендік одақ ауданында Қорғас өзені арнасының шайылуын болдырмау есебінен Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының қауіпсіздігін арттыру;

22) Гидротехникалық құрылыстардың жағдайына, ондағы ТЖ алдын алу мақсатында диагностика жүргізу бойынша мониторинг жүйесін әзірлеу;

23) Су басатын аумақтардың ықтимал зардабын бағалай отырып, гидротехникалық құрылыстарда авариялар болған кезде қауіп-қатер моделін және талдау әдістерін әзірлеу.


_______________________________________


Похожие:

1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің iconАстана қ. бойынша Салық департаментінің
Департамент басшыларының қарауына Салық департаменті басқармалары мен құрылымдық бөлімшелері үшін кадрлық резервті қалыптастыру туралы...
1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің iconМекенжай Тел/факс
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы мәліметтер
1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің icon«Азаматтық қорғау туралы»
Республикасы Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастыру қағидаттарын, Қазақстан Республикасының...
1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің iconМекенжай Тел/факс
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізімі
1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің iconМекенжай Тел/факс
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізімі
1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің iconТөтенше жағдайлар министрінің
Астана, Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының Операциялық жоспарын, жұмыс жоспарларын...
1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің icon5. Международные программы > Информация о предстоящих конференциях Компоненты контура информационной безопасности > Внимание! Подписка!!!
Фараби атындағы ҚазҰУ-дt Қр парламент Мәжілісінің депутаттарының, бірқатар діни және қоғам қайраткерлерінің дін ұстану еркіндігі...
1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің iconАудандық әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілді
Аудандық әдістемелік кабинет аудандық білім беру бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол білім беру саласында мемлекеттің...
1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің iconҚазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық КӘсіподағының бастауыш ұйымдары мен филиалдары тексеру комиссиялары туралы ереж е
Кәсіподақтың бастауыш ұйымдары мен филиалдарының тексеру комиссиялары сол ұйымның сайланбалы органдарымен қатар бір уақытта жиналыстарда,...
1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының – авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарын өндіруші мүдделі ұйымдар өкілдерінің icon«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызметтерінің регламенті
ФБ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жауапты тұлғалары, құрылымдық бөлімшелері, қызметтер көрсету...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница