Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница6/8
Дата конвертации21.02.2016
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/3dbd9a14-3daa-11e4-8251-f6d299da70eeОӘК ПсихолЖАД13.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс тақырыбы. Қабілет туралы жалпы түсінік.

Жоспар.

  1. Қабілет туралы түсінік.

  2. Жалпы және арнайы қабілет.

  3. Нышан және қабілет.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Қабілет  қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың  қабілеттері  де маңызды орын алады Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады. Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте  қабілет  болмағаны.

Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды.  Қабілет  әр кезде де жеее адам қасиеттерінің синтезі. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды. Қабілеттіліктің өлшемі- белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Қабілеттің дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.

Қабілеттердің  құрылымы жеке адамның дамуына тәуелді.  Қабілеттердің  дамуын репродуктивтік және творчестволық деп аталатын екі деңгейге бөледі.  Қабілет  дамуының бірінші деңгейіндегі адам білім игеруде, іс-әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді. Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде адам жаңа, соны туынды жасай алады.

Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі «талант», «дана» деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар практикада, өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижелерге жетеді. Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы  қабілеттерді  зерттейді.

Жүйке жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан д.а.

Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атаймыз.

Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Себебі адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік- адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құшарлығы ғана емес, оны нәтижелі етіп орындауында.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Қабілет дегеніміз не?

  2. Нышан дегеніміз не?

  3. Қабілеттің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


Дәріс тақырыбы. Еріктің жалпы сипаты.

Жоспар.

  1. Ерік туралы түсінік.

  2. Ерік туралы психологиялық теориялар.

  3. Еріктің Физиологиялық негіздері.

  4. Ерік сапалары.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болады, мұны психологияда мотив не түрткі д.а. Кез-келген түрткі сан-қилы қажеттермен тікелей, не жанама түрде байланысып жатады. Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі- оның қажеттіліктері. Адам өз қажеттеріне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Осы мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Осының салдарынан қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады.

Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары н/е ерік д.а. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.

Ерік-бұл адамның мақсат қоя отырып жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы немесе ішкі кедергілерді жеңумен байланысты өз әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті.

Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады. Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады. Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Оның пікірінше, адамның қимыл-әрекеттері ой арқылы өздігінен қимылға айналып кетеді. Мысалы, адам көзін жұмып тұрып екі қолын екі жағына созып, бір қолын алдына, екінші қолын артына қарай қимылдатса, адамның қолы өздігінен біраз қимылдай бастайды. Немесе адам жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке тізген тасты жай айналдырам деп ойласа, жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне, осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды.       
Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әректі ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И.М.Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді.

Ерік әрекеттерін орындауда адамның саналы әрі мақсатты қимыл-қозғалыстарын ретеуші екінші сигналдық жүйенің маңызы орасан. Екінші сигналдық жүйе адамның қозғалыс (моторная) қуатын арттырумен бірге, барша психикалық процестерінің: ойлау, қиял,ес,зейін, сезім-бастау көзі. Осындан, ырықты әркет бас миі қабығының барша бөліктерінің біркелкі қызметінің нәтижесі ретінде көрінеді.

Ерік құрылымы. Еріктік әрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі құрылымына ие. Шешімнің орындалуы қандай да мерзіммен байланысты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге кейін қалдырылса, онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған әрекетке дайындық ретінде танылып, шешімге байланысты көзделген мақсатты білдіреді. Мысалы, оқушы келесі жылдан бастап «бескең оқуды жоспарлайды, яғни ниет қояды. Мұндай ниет ерікті әрекет жасауға жеткіліксіз. Бұл әрекетте мақсатқа жетудің жоспарлау сатысын ғана байқаймыз. Жоспарлау-күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал-жабдығын іздестіру кезеңі.

Ерік-адамның өз болмысын билей алу қабілеті, өз ұмтылыстары, сезімдері мен құмарлықтарына тоқтам беру қасиеті.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Ерік дегеніміз не?

  2. Еріктің физиологиялық негізін ашыңыз.

  3. Ерік сапаларын атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

Дәріс тақырыбы. Эмоция және сезім.

Жоспар.

    1. Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік

    2. Эмоция мен сезімнің ерекшеліктері

    3. Эмоциялар түрлері.

    4. Адамдағы жоғары сезімдер

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Сезімдер- адамның өзіне, өзге адамдарға, айналадағы заттар мен құбылыстарға көңіл – күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс. Сезім - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады. Демек, Адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет.

Эмоция - адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру мен қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер. Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Оардың бір тобы – жағымды, не ұнамды эмоциялар деп аталады.

Адамның шамадан тыс зорлануын психологияда стресс – ( «стресс» - ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану деген мағына береді) деген терминімен белгілейді. Күрделі эмоциялардың бірі көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ызалы, түсі суық деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Көңіл – күй деп – біршама бәсең, бірақ әжептәуір ұзағырақ, психикалық процестер мен адамның барлық мінез – құлқында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. Аффектер дегеніміз – қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі. Аффектілік жағдайдың тууы ми қыртысында күшті қозу бөлігінің болуымен байланысты.

Адамгершілік сезімдер: достық, жолдастық, адалдық, ар – намыс, борыш, жауапкершілік, т. б. Интеллектік сезімдер: тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен байланысты білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, болжау. Эстетикалық сезімдер: адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі.

1) Сүйіспеншілік сезім. Бұл достық сезімге жақынырақ. Шынайы сүйіспеншілік – адамды шаттандыратын тамаша сезім, ол парасаттылықты арттыруға септігін тигізеді, адамды тек сүйікті адамы үшін ғана емес, сондай – ақ басқа адамдар бақытты болуы үшін ерлік жасауға шақырады.

2) Эстетикалық сезім дегеніміз – адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді әсем нәрселерден ләззат алуы кезінде байқалады.

3) Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне: таңсықтау, білімге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, болжау, т. б. сезімдер жатады.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Эмоция дегеніміз не?

  2. Сезім дегеніміз не?

  3. Адамдағы жоғары сезімдерді атаңыз

  4. Аффект дегеніміз не?

  5. Стресс дегеніміз не?

  6. Құмарлық дегеніміз не?

Әдебиеттер:

  1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  2. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997


Дәріс тақырыбы. Мектепке дейінгілердің психикасының дамуы.

Жоспар.

    1. Мектепке дейінгілердің психикалық дамуының негізгі тенденциялары.

    2. Мектепке дейінгі кезеңдегі жетекші іс-әрекет ойын ретінде.

    3. Мектепке дейінгі жастағы бала психикасындағы жаңа құрылымдар.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Мектепке дейінгі кезең (3-6 жас) дейін созылады. Қазіргі кездегі психикаға деген көзқарастар бір бағытта емес. Шетел психологиясы, отандық психологтарының кейбір ұстанымдарында айырмашылықтар бар. Отандық психологияда психиканың дамуының екі бөлігін ажыратып көрсету. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауының дамуы туралы айтқан кезде біз бағдардың даму құралдары және тәсілдері жөнінде айтамыз. Л.А.Венгердің көрсетуі бойынша осы кезеңде сенсорлық эталондар пайда болады. Эталон дегеніміз – адамзат мәдениетінің жетістіктері, сол арқылы біз дүниені тани аламыз. Эталондарды меңгеру нәтижесінде қабылдау процесі тікелей сипатқа ие болады.

Қоғамда қалыптасқан эталондарды меңгеру, балалардың ойлауының сипатын өзгертеді, осы кезеңнің аяғында эгоцентризмнен, децентрацияға өту байқалады.

Есте сақтау сапасы – баланың осы материалға деген қызығушылығына және белсенділігіне байланысты болады. Төрт-бес жаста балаларда есте сақтаудың ырықты формалары қалыптаса бастайды. Оның қалыптасуында ойынның маңызы зор.

Баланың қиялы ойын барысында қалыптасып, басқа іс-әрекет түрлеріне әсер етеді. Үш-төрт жастағы балалар ойын барысында бір затты екінші затпен алмсатырады және олардың арасында ұқсастық бар. Ересек жастағы балаларда қиял алмсатырылатын заттарға, ұқсамауы мүмкін. Интериоризация пайда болады – яғни шындықтағы затпен, ойын іс-әрекеті барысында әрекет жасайды.

Сонымен психикалық дамудың бірдей жас шағы кезеңіндегі балаларды біріктіретін негізгі психологиялық белгілер – олардың қоршаған дүниеге көзқарасы, олардың қажеттері мен қызығулары және осы қажеттілік пен қызығулардан туындайтын бала іс-әрекетінің түрлері. Сондықтан бұлардың бәрі негізгі жетекші іс-әрекет арқылы дамиды. Мектепке дейінгі бала үшін негізгі жетекші іс-әрекет – ойын болып табылады.

Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал тигізетін жетекші, басты құбылыстың бірі. Ойын арқылы бала қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызады. Ойын Ойынның түрлері, оларға жалпы сипаттама. Ойынның шығуының, құрылымының, функциясының, тарихи - әлеуметтік сипаты. Шетелдік психологияда ойын теорияларына сынай талдау ( К.Гросс, С.Холл, В.Штерн, Г.Спенсер, К.Бюлер ). Отандық психологияда ойын іс-әрекетінің мәселелері. Сюжетті рольдік ойынның пайда болуы. Баланың психикалық дамуымен қалыптасуындағы ойынның ролі. Мектеп жасына дейінгі шақтағы негізгі психологиялық жаңа құрылымдар Д.Б.Эльконин бойынша.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Мектепке дейінгі шақтағы баланың психикалық даму ерекшеліктерін қаратырыңыз.

  2. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуы.

  3. Ерте сәбилік шақ пен мектепке дейінгі шақтағы баланың психикалық дамуының салыстырмалы сипаттама беріңіз?

Әдебиеттер:

  1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1987 ж.

  2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005 ж.

  3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1977ж.

  4. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. М,1995ж.

  5. Мухина В.С. Тетская психология. М, 1985 ж.

  6. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии. Под.ред. И.И.Ильясова, В.Ляудис. М, 1981 ж.


Дәріс тақырыбы. Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.

Жоспар.

1. Кіші оқушының психологиялық сипаты.

2. Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

3. Бастауыш сынып оқушысының оқу іс-әрекеті.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Кіші оқушылардың оқуға недәуір мүмкіншілігі бар. Егер осы жастағылардың негізгі

әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші роль

атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуын билейтін

болады. Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге

ұшырауының себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен

қатар оқуға жаңа түскен бала кластағы құрбыларымен қатынас жасап, осының

нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман – жақсыны ажырата бастайды.

Алғашқы уақытта мектептегі жаңа жағдайға әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мынандай қиыншылықтар кездеседі: 1) бала мектеп режиміне бейімделе алмай қиналады (ерте ояну, сабақты жіберуге болмайды, тыныш отыру сабақта, үй тапсырмаларын орындау т.б.), осының нәтижесінде тез шаршауы ықтимал; 2) мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандақтан бала қиналады; 3) бірінші кластағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашында бірінші класта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді, орьасына қарай тапсырмалар қиындай түседі. Сондықтан тапсырманы баланың жас ерекшелігін ескеріп ұйымдастыру керек.

Бұл жаста дененің барлық органдары мен ткаьдарында елеулі өзгерістер болады. Бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы (сүйектенуі) 9-10 жаста қалыптасады, ал табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кші оқушының 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан бастауыш мектеп жасындағыларды жазба жұмысымен көп айналыстыруға болмайды. 7-8 жастың арасында бала жылына 2,5 кг-дай салмақ қосады. Биіктігі жылына 5 см өседі. Бұл кезде әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегімен тыныс органдары недәуір қалыптасып қалады. Жүрегінің соғуы 84-9-ға барады (ересек 70-72 жиілігімен соғады). Бас миының салмағы (7-11 жастқа дейін 1000-1400 гр) дейін өседі, әсіресе маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан оның қалыптасуы балада ақыл-ойдың кеңінен өріс алуына мүмкіндік береді. Қозу мен тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді.

Осылайша, мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда бастауыш класс оқушыларының скелет-бұлшық ет жүйесі едәуір қатаяды, жүрек-тамыр қызметі салытырмалы түрде тұрақтанады жүйкенің қозу және тежелу процестері көбірек тепе-теңдікке ие болады.

Оқу ісі мазмұнының ерекше өзгешеліктері болады: оның негізгі бөлігін ғылыми ұғымдар, ғылым заңдары және соларға сүйенетін практикалық міндеттерді шешудің жалпы тәсілдері құрайды. Тек оқу қызметінде ғылыми білімдерді және соларға сәйкес іскерліктерді игеру негізгі мақсат және қызметтің басты нәтижесі ретінде байқалады.

Оқу іс-әрекетінің құрылымы: 1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері); 2) оқу әрекеті; 3) бақылау; 4) бағалау.

Бастауыш мектеп жасындағылардың танымдық әрекеттерінің өрістеуі. Зейіннің дамуы және зейінділігі. Қабылдау мен бақылампаздығының артуы. Ес процесінің дамуы. Ойлауының дамуы және ақыл-ой әрекеттерін өрістету. Қиялының дамуы. Ауызша сөйлеуі мен жазбаша сөзінің және үнсіз сөйлеуінің дамуы. Олардың психикалық дамып жетілуінде сөйлеу әрекетінің ролі.

Бастауыш мектеп жасындағылардың жеке басының дамуы. Өзгелермен қарым-қатынасында мінез-құлықтың өзгеруі. Құрбылармен және өзара қарым-қатынас жасау ерекшеліктері. Жалпы және арнайы қабілеттерінің көрінуі. Олардың дүние танымының дамуы мен өзіндік ерекшеліктері.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Мектепке баруға байланысты баланың дамуының әлеуметтік жағдайларының өзгеруіне түсінік беріңіз.

  2. Танымдық сферасының қалыптасуы.

  3. Бастауыш мектеп шағындағы жаңа құрылымдарға анықтама беріңіз.

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница