Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница4/8
Дата конвертации21.02.2016
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/3dbd9a14-3daa-11e4-8251-f6d299da70eeОӘК ПсихолЖАД13.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс тақырыбы. Зейін туралы түсінік.

Жоспар.


  1. Зейін туралы жалпы ұғым.

  2. Зейін түрлері.

  3. Зейіннің негізгі қасиеттері.



Дәрістің қысқаша мазмұны.

Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекеттерімізді тұрақтата алу. * Мысалы, қаламды қолыма ұстап тұрып, байқаусызда партаның үстіне тарс етіп түсіп кетсе, барлықтарың партаның үстінде жатқан қаламға қарайсыңдар.

Зейін дербес бір психикалық процесс емес, өйткені ол басқа процестерсіз көріне алмайды. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.

Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және толығырақ бейнелеу үшін, психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ сәулелендіруге болмас еді.

2.Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Ырықсыз зейін. Егер көшеде өте бойшаң адам мен аласа бойлы адам қатар келсе, біреуінің өте ұзын екені, екіншісі аласа адам екені көзге бірден шалынады.Мұны ырықсыз зейін деп атайды.

Ырықсыз зейін нақты мынадай жағдайда пайда болады. Ең алдымен, күшті тітіркендіргіштерден пайда болады. Мәселен, күннің қатты күркіреуі немесе мылтықтың жақыннан атылуы қай адамды да олардың дыбысына еріксіз назарын аударады. Ырықсыз зейіннің аударылуына адамның ішкі жан дүниесі күйінің маңызы зор. Мәселен, қарыны ашқан адам ас үйден шыққан тамақ иісін сезеді, ал тамағы тоқ адам ол иіске көңіл аудармайды. Ырықсыз зейінді тәжірибе жүзінде дәлелдейік. *мысалы, электр шамы жанып тұрса біз оған көңіл бұрмаймыз. Ал енді ол біресе жанып, біресе сөніп тұрса, біз оған еріксізден зейінімізді бұрамыз.

Ырықты зейін. Алдына мақсат қойып, көздеген нәрсесін алдын-ала белгілеп, әдейілеп зейінін соған аударуды ырықты зейін деп атайды. Бұл адамның еркімен істелетін зейін күші.Ол жұмыстың басынан аяғына дейін күшті сарқып жұмсауды тілейді.

3.Зейіннің қасиеттері:зейіннің тұрақтылығы, аударылуы, бөлінуі, көлемі және алаң болушылық деп бөлінеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі болып тұрады. Өйткені олар әлі күрделі іс-әрекетпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз дәрежесінде болмайды.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Зейін дегеніміз не?

  2. Зейіннің түрлерін қысқаша сипаттаңыз. Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.

  3. Танымдық үрдістердің дамуындағы зейіннің рөлі қандай?

Әдебиеттер:

    1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

    2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

    3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  1. Лурия А.Р. Внимание и память. М., 1975



Дәріс тақырыбы. Түйсік туралы түсінік.

Жоспар:

  1. Түйсік туралы жалпы ұғым.

  2. Түйсіктің физиологиялық негіздері.

  3. Түйсіктің түрлері және қасиеттері.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Түйсік сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Түйсік организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады. Түйсік – біздің айналамызда, ішкі жан (психикалық) дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсіктегі, негізгі дүние танудың алғашқы табалдырығы – осы түйсік. Объективтік реальдық материалдық дүниенің мәліметі адамға ең алдымен осы қақпа – түйсік – арқылы жетіп отырады.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады. Түйсік туғызатын бүкіл физиологиялық аппаратты анализатор деп атайды.

Түйсіктің түрлері және қасиеттері. Көру түйсіктері. Есту түйсіктері.Діріл түйсіктері.

Иіс түйсіктері. Дәм түйсіктері. Тері түйсіктері. Статикалық түйсіктер. Кинестезиялық түйсіктер. Органикалық түйсіктер.

Адаптация. Контраст. Синестезия. Сенсибилизация. Түйсік дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді айтамыз. Түйсік сезгіштіктің ең маңызды формасы.

Өзін -өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Түйсік дегеніміз не?

  2. Сезгіштік табалдырықтары дегеніміз не?

  3. Адаптация дегеніміз не?

  4. Сенсибилизация және синестезия заңдылықтарына анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


Дәріс тақырыбы. Қабылдау.

Жоспар:

  1. Қабылдау туралы жалпы түсінік.

  2. Қабылдаудың физиологиялық негіздері.

  3. Қабылдаудың түрлері және қасиеттері.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі.

Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктер және түйсіктермен бірге жүзеге асады, бірақ оны солардың қосындысы деуге болмайды. Қабылдау түйсіктер арасыңдағы белгілі қатынастарға тәуелді, ал енді олардың өзара байланысы зат немесе құбылыс құрамына енетін сапа, қасиет, түрлі бөлшектер байланысы мен қатынастарына тәуелді.

Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады.

Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында емес, сапалық жағынанда болады, мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті, т.б. сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдауымызда. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңызды орын алады. Қабылдаудың заттылығы – бізді қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсер нәтижесінде қалыптасады. Онымен бірге қабылдаудың көрнекі бейнесі сыртқы дүниенің белгілі затына қатысты болады. Осы арақатынас біздің іс-әрекетіміздің бағдарлау қызметінің негізі болып есептеледі. Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Қабылдаудың физиологиялық негізі – талдағыштар (анализаторлар) жүйесінің комплекстік қызметі болып табылады. Қабылдау ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың қасиеттері. Қабылдаудың таңдамалылығы. Апперцепция. Қабылдаудың константтылығы – тұрақтылығы. Қабылдаудағы иллюзиялар. Қабылдаудағы фигура (зат) және фон.

Сонымен, қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі. Түйсіксіз қабылдау болмайды, қабылдаусыз түйсік болмайды. Олар бір-бірімен өзара байланысты.

Өзін -өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Қабылдау дегеніміз не?

  2. Қабылдаудың түйсінуден айырмашылығы қандай?

  3. Қабылдаудың физиологиялық негізін сипаттаңыз.

  4. Апперцепция дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


Дәріс тақырыбы. Ес туралы жалпы түсінік.

Жоспар:

  1. Ес. Ес жайындағы теориялар.

  2. Естің түрлері.

  3. Естің жалпы сипаты.

  4. Естің даралық ерекшеліктері.



Дәрістің қысқаша мазмұны.

Адам өзінің өмірде көріп- естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс- әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.

Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен бейнелерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.

Қайта жаңғырту тану мен еске түсіру қызметі бірін- бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс- әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.

Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы замаңғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар,техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған- есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер. Естің түрлері. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл- қозғалыс, эмоциялық- сезімдік, бейнелі- көрнекілік және сөздік- мағыналық (логикалық); Іс- әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес. Адамның материалдарды қанша уақыиқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді (түпкілікті), сондай- ақ оперативтік ес. Естің кейбір түрлері арнайы аспап- мнемометр арқылы өлшенеді.

Ес түрлерінің өзара байланысы. Ес түрлерінің бөліну принципі адамдардың іс - әрекет сипатына орай жүргізіледі де, олар өзара тығыз ұштасып, бірін – бірі толықтырып отырады. Мысалы, сөздік – мағыналық ес мағыналы болуымен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай – ақ ,ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы дамүмкін. Осы қысқа мерзімді ес пен түпкілікті ес жалпы есте қалдырудың екі түрлі басқышы болып есептеледі. Қысқа мерзімді ес сыртқы мағлұматтарды өткізуші көпір тәрізді. Онсыз түпкілікті еске хабарлар келіп түспес еді. Естің күрделі әрі адам өмірінде алатын орнының ерекше.Ес – күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жанғырту, ұмыту.Есте қалдыру дегеніміз – жанадаң қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Естің даралық ерекшеліктері. Адам өміріндегі аса манызды психикалық процесс – ес – ақыл – ой кені. Ақыл – ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп отыруға ұмтылу естің мән- мазмұнын терендете түспек.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

    1. Ес дегеніміз не?

    2. Ассоциация дегеніміз не?

    3. Есте сақтаудың негізгі түрлерін атаңыз?

    4. Естің жеке ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Дәріс тақырыбы. Ойлау туралы жалпы түсінік.

Жоспар:

1. Ойлау туралы ұғым.

2. Ойлаудың психологиялық теориялары.

3. Ойлаудың негізгі түрлері.

4. Ойлау формалары.

5. Ойлау операциялары.

5. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Ойлау дегеніміз–сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы ауысу ерекше психикалық процесс ойлау негізінде жүзеге асады. Ойлау процесі елестермен де тығыз байланысты.Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау –ми қыртысының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда үлкен ми сыңарлары қыртысында құралатын уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады. Ойлау–аса күрделі психикалық процесс.

Ойлаудың негізгі түрлері. Шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі: Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Көрнекі–бейнелік ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі.

Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі. Ойлаудың негізгі формалары. Ой қорытындысының негізгі үш түрі бар: 1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы. Ойлау операциялары. Ойлау күнделікті өмірде кездесетін міндеттерді шешуден басталатын болғандықтан, адамда ойлаудың операциялары болады. Мұндай операцияларға талдау мен біріктіру, салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, қорыту жатады.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

    1. Ойлауға анықтама бере отырып, оның негізгі белгілерін атаңыз және адам іс-әрекетіндегі оның рөлін көрсетіңіз

    2. Қандай ойлау тәсілдерін білесіз?

    3. Ойлау формаларын атаңыз.

Әдебиеттер:

      1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

      2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

      3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

      4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

Дәріс тақырыбы. Қиял туралы түсінік.

Жоспар:

1. Қиял туралы жалпы түсінік.

2. Қиялдың түрлері.

3. Қиялдың жасалу жолдары.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ жасау процесі қиял деп аталады. Қиял - нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі, түсініктерді кайта, жасайтын процесс. Қиял еңбек процесінде адамның белгілі бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептеледі. Мысалы, адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек күралдарын ала отырып, баска еңбек операциясын жасау үшін өзінің көзқарастарына сәйкес келетін баска қүралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғаңа емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында, яғни дәл казір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.

Қиялдың түрлері. Қиял процесі ес сиякты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз (мақсатсыз) жасалған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалмайды және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.

Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдына өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өзі арқылы бақыланады және бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр.

Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиялды, шығармашылық қиялды және арманды бөліп қарауға болады.

Қиялдагы образды қайта жасау механизмі. Қиял процесі барысында дүниеге келетін образдар іштен пайда болмайды. Олар біздің өткен тәжірибеміз негізінде, шынайы өмірдегі құбылыстар туралы түсніктер негізінде қалыптасады.

Образдарды жасау екі негізгі этапта жүреді. Бірінші этапта әсерлердің немесе көріністердің құрамдас бөліктерге бөлінуі жүреді. Басқаша айтқанда, бірінші этап өмірден алған өз әсерлерімізді анализ жасаумен сипатталады. Мұндай анализ барысында объектінің абстракциялануы жүреді.

Қиялдын индивидуалды ерекшеліктері және олардын дамуы.

Қиял адамдарда әр түрлі дамыған және ол олардың іс-әрекеттерінде, қоғамдық өмірде әр түрлі көрінеді. Қиялдың индивидуалды ерекшеліктері адамның қиялының даму деңгейі бойынша және образ типтері бойынша ажыратылатынымен түсіндіріледі.

Қиялдың даму деңгейі өткен тәжірибенің мағлұматтары қаншалықты терең және айқын, сонымен қатар олардың жаңалығымен, осы өңдеу нәтижелерінің мәнділігімен сипатталады. Қиялдың күші мен өміршенділігі жеңіл бағаланады, егер қиялдың өнімі шындыққа сәйкес келмесе және ғажайып образдар болса, мысалы, сиқырлы ертегілердің авторларындағыдай. Қиялдын әлсіздігі көріністерді өңдеудің төмен деңгейімен сипатталады. Әлсіз қиял ойша есептерді шешуде қиындық туғызады. Қиялдың дамуы жеткілікті болмаса, эмоционалды тұрғыда өмірде бай және жан-жақты болмайды.

Осылайша, пайда болған образдардың жеңілдігіне, еріктілігіне қарамастан іс-әрекеттердің шығармашылық қайта жасалуы қиялда білімнің заңдарына бағынады және белгілі бір әдістермен жүзеге асырылады. Жаңа түсініктер санада болған түсініктердің негізінде анализ және синтездің арқасында пайда болады. Қиял процесі түсініктердің құрамдас бөліктерге бөлінуімен және олардың жаңа үйлесімге бірігуімен, яғни аналитикалық-синтетикалық сипат алуымен анықталады. Шығармашылық процесс қиялдың күнделікті образдарын қалыптастырудағы механизмдерге сүйенеді.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

    1. Қиял дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

    2. Қиял түрлерін сипаттаңыз және олардың адамның практикалық іс-әрекетіндегі маңызын дәлелденіз.

    3. Суретшінің және жазушының іс-әрекетінде қиялдың қай түрі басым болып келеді?

    4. Түс көру деген не?

Әдебиеттер:

      1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

      2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

      3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

      4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

      5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница