Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница3/8
Дата конвертации21.02.2016
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/3dbd9a14-3daa-11e4-8251-f6d299da70eeОӘК ПсихолЖАД13.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс тақырыбы. Іс-әрекет психологиясы.

Жоспар:

  1. Іс-әрекет туралы түсінік.

  2. Іс-әрекеттің құрылымы.

  3. Іс-әрекеттің түрлері.

Дәрістің мазмұны

Адам қоғамындағы белсенділік көрінісі іс-әрекет деп аталады. Адам іс-әрекеті күрделі құбылыс. Оның қыртараптарын әртүрлі ғылым салалары зерттейді.

Ортақ мақсат үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық қызмет атқаратын әрекеттер жиынтығын іс-әрекет деп атаймыз. Адам іс-әрекетінің нәтижесі нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Және өз кезегінде осы қоғамның басқа мүшелерінің өнімі әр бір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады.

Іс-әрекет үстінде сана қалыптасады, яғни адам өзін табиғаттан саналы түрде бөліп көрсетеді. Адам өз алдына мақсат қояды, белсенді қызмет істеуге итермелейтін себептерді түсінеді.

Адамның іс-әрекеті саналы, болжамды, бағыт-бағдарлы, мақсатты, жоспарлы, есепті, себепті және өзгерісті сипатта болады.

Адамның жеке басы іс-әрекет үстінде қалыптасады. Алдына қойған мақсат-міндеттерін орындай отырып, адам өзінің іс-әрекет белсенділігін көрсетеді.

Адамның іс-әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен және оны іс-әрекет итермелеген мотивтермен анықталады.

Іс-әрекет құрылымында мынадай компонеттері болады:

  1. Мақсат қою – нақты міндетін білу

  2. Жұмысты жоспарлау – неғұрлым тиімді жағын қарастыру.

  3. Орындау – іс-әрекетті жүзеге асыру

  4. Нәтижесін тексеру – қателерін тексеру.

  5. Салыстыру – алынған нәтижелерді жоспарланған нәтижесімен салыстыру.

Адам іс-әрекетсіз және әлеуметтік қарым – қатынассыз өмір сүре алмайды.

Іс - әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субьектін объектпен байланысады. Қандайда бір іс-әрекетті орындау барысында адам бір нәрсені қабылдауы, есінде қалдыруы, ойлауы, оған зейін аударуы қажет; әрекет желісінде оның қандай да көңіл – күй шарпулары (эмоция) туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниет – ұстамдары (установки) мен қатынастары және тағы басқалар қалыптасады. Бұларсыз ешбір іс - әрекет болуы мүмкін емес. Біз психикалық деп анықтап жүрген адамдағы процестер, қалыптар мен қасиеттердің бәрі осы іс - әрекет барысында қалыптасады, дамиды, көрініс береді.

Іс - әрекеттің құрылымы:Мақсат, Себеп, түрткі .Әрекет

Іс-әрекеттің қандай түрі болсада қозғалыста өтеді. Яғни қозғалыс іс-әрекеттің құрамды бөлігі, жеке актісі болып табылады.

Іс-әрекеттің мақсаты дегеніміз – сол іс - әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын санада болжау. Мақсат заң ретінде адам әрекетінің сипаты мен әдісін анықтап береді, алдын – ала бейнелеудің құралы.

Іс - әрекет дегеніміз – адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүйесі.

Әрекет- заттық (сыртқы) зат арқылы жасайды, ақыл-ой (ішкі психикалық)- жаттау. Сыртқы әрекет ішкі әрекеттің бақылауымен жүргізіледі. Адам іс-әрекеттінің барысын күні бұрын жоспарланған бейнелер мен ой түрінде баста жүрген қаракетпен салыстырып отырады. Нақты әрекетті бұлайша топшалау және оны реттеп отыру мүмкіндігі әрекет акцепторы деп аталады. Оны жасаған П.К.Анохин.

Әрекет акцепторы - әрекет нәтижелерін бақылау және оларды алға қойылған мақсатпен салыстыру.

Білім дегеніміз – адамның іс-әрекетке тұрақты араласа отырып іс-әрекетті ақылға салудың жоғары сатысына көтеретін көрсеткіш. Білім - адамның өзі атқарып отырған әрекетінің дұрыстығына сенімін арттырады. Білімсіз іс-әрекет мүмкін емес.

Дағды - әрекеттің қайталау нәтижесінде автоматталуы. Іскерлік – іс-әрекет мақсаттарымен шарттарына сәйкес келетін әрекетті нәтижелі орындау тәсілдері. Іскерлік әбден қалыптасқан дағды мен білім негізінде пайда болады.

Іс-әрекеттің негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек. Ойын – мектеп дасына дейінгі балалардың іс-әрекеті. Ойын баланың үлкен адам дүниесін бейнелеу айналадағы дүние тану жолы.

Оқу - еңбек әрекеттерін орындауға қажетті білімді, дағдыны, іскерлікті жүйелі игеру процесі. Еңбек – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

    1. Іс-әрекеттің құрылымын сипаттаңыз.

    2. Іс-әрекет, әрекет және қозғалыс анықтама беріңіз?

    3. Адам іс-әрекетінің түрлеріне психологиялық сипаттама беріңіз

Әдебиеттер:

      1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

      2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

      3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

      4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

      5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977

Дәріс тақырыбы. Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік.

Жоспар.

    1. Қарым-қатынас туралы түсінік.

    2. Қарым-қатынастың техникасы мен тәсілдері.

    3. Қарым-қатынастың дамуы.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Қарым-қатынас нәтижесінде жеке адамның қалыптасуы іске асады. Адам қатынасқа әрқашан жеке тұлға ретінде түсетіндіктен, ол басқа адамға да –қатынастағы партнеріне де жеке тұлға ретінде қабылданады. Басқа адамды танып-білуде бірнеше процестер қатар жүреді: осы басқа адамды эмоционалдық бағалау, оның жасаған қылықтарын түсінуге талпыныс, осыған негізделген, оның мінез-құлқын өзгерту стратегиясы, өзінің жеке мінез-құлқын қалыптастыру стратегиялары. Осы процестерге минимум екі адам қатысады және олардың әрқайсысы белсенді субъект болып табылады. Сонымен, өзін басқамен салыстыру екі жақты жүреді: партнерлердің әрқайсысы өзін бір-біріне теңдестіреді. Яғни, өзара әрекеттесудің стратегиясын құру кезінде әркім бір-бірлерінің қажеттіліктері, мотивтері, бағдарын ғана есепке алмауы қажет, сонымен қатар бірі екіншсінің қажеттіліктері, мотивтері, бағдарларын қалай түсінетіндігін ескеруі қажет. Әрбір жеке әлеуметтік-психологиялық зерттеу деңгейінде басқа адам арқылы өзін түсіну, тануын талдауының екі жағы бар: идентификация және рефлексия.

«Идентификация» термині - өзін басқаға теңдестіру дегенді білдіреді. Басқа адамды түсінудің ең қарапайым әдісінің бірі - өзін сол адамға теңдестіру. Идентификация басқа адамды түсіну мен танып білудің механизмдерінің бірі ретінде болады. Идентификация мен оған мазмұны жағынан жақын құбылыс – эмпатия арасында тығыз байланыс бар. Эмпатия да басқа адамды түсінудің ерекше әдісі болып табылады. Эмпатия дегеніміз – аффективті «түсіну»-(сезімді түсіну), басқа адамның проблемасына эмоционалды қарау. Эмпатияның эмоционалдық табиғаты мынадан көрінеді: басқа адамның ситуациясы «ойланылмайды», «сезініледі». Эмпатияның механизмі белгілі жерлерде идентификацияның механизмімен ұқсас: екі жақта да (эмпатия мен идентифкация) өзін басқаның орнына қоя білу, нәрселерге басқаның көзқарасымен қарай білу. Алайда, нәрселерге басқаның көзқарасымен қарау міндетті түрде өзін сол адаммен теңдестіруді білдірмейді. Егер мен өзімді басқамен теңдестірген болсам, онда яғни мен өзімнің мінез-құлқымды басқа адам оны қалай құратын болса, солай құрастырамын. Ал егер де мен оған эмпатия көрсетсем, мек тек оның мінез-құлқының сызбасын назарға аламын, ал өз мінез-құлқымды тіптім басқаша құра аламын. Екі жағдайда да басқа адамның мінез-құлқын «есепке алу» көрінеді, бірақ біздің біріккен әрекетіміздің нәтижесі әр түрлі болады: қатынастағы партнерді оның позициясына тұру арқылы, сол позициядан әрекет ету арқылы түсіну бір бөлек, ал оның көзқарасын есепке алып, тіпті оған қоса көңіл білдіру арқылы оны түсіну, бірақ өзіңше әрекет ету – бұл бір бөлек нәрсе. Екі аспекті де маңызды, бұл екі аспекті де әлеуметтік психологияда өз зерттеуінің белгілі бір эксперименттік дәстүріне ие.

Қатынасты сипаттау тұрғысынан бұл екі жағдай да тағы бір мәселенің шешімін керек етеді: басқа адам, яғни қатынастағы партнер, мені қалай түсінеді. Бір-бірін түсіну процесі рефлексия құбылысымен күрделенеді. Бұл жерде рефлексия философиядағыдай субъектінің өз-өзін танып білуі мағынасында емес. Әлеуметтік психологияда рефлексия дегеніміз әрекеттесуші индивидтің өзін қатынастағы партнері қалай қабылдайтынын түсінуі. Бұл жай ғана басқа адамды білу немесе түсіну емес, басқа адам мені қалай қабылдайтыны туралы білім, бір-бірінің айнадағы көріністерінің өзгеше бір екі еселенген процесі, терең де жүйелі өзара көрініс.

Рефлексияны зерттеу дәстүрі әлеуметтік психологияда өте ертеден бар. 19-ғасырдың аяғында Дж.Холмс Джон мен Гнеридің диадикалық қатынас ситуациясын суреттеген.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Адамның және қоғамның өміріндегі қатынастың ролін сипаттаңыз.

  2. Адамдар қатынасының қандай түрлері мен формаларын білесіз?

  3. Қарым-қатынастың функцияларын атаңыз, әр функциясының мазмұнын түсіндіретін мысал келтіріңіз.

Әдебиеттер:

1. Андреева Г.М. Социальная психология.М., 1996.

2.Социальная психология. Под.ред.Е.С.Кузьмина., В.Е.Семенова. Л., 1979.

3.Робер М., Тильман Ф. Психология индивида и группы. М., 1988.

4.Битякова М.Р.Социальная психология. М., 1994.

5.Социальная психология. Под.ред.Петровский.М., 1987.


Дәріс тақырыбы. Топ және ұжым.

Жоспар.

  1. Топ және ұжым туралы түсінік.

  2. Топ түрлері, сипаты.

  3. Ұжым және оның негізгі белгілері.

  4. Топтағы лидер.

  5. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Белгілі бір мақсатпен біріккен адамдар қауымдастығы топ деп аталады. Бұл қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты. Топтар әртүрлі себеппен негізделіп жіктеледі. – Қалыптаса бастаған өзара қатынастардың ықтиярлығымен. – Құрылу принципімен жолдары. – Жеке адамның топтық нормаларына көз қарасы.

Қалыптаса бастаған өзара қатынастар ырықтылығы мен тереңдігіне байланысты шағын және бастауыш топтар айқындалады.

Шағын және бастапқы топтар. Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір – бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Құрылу приципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Шартты және нақты топтар. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Анатомиялық – физиологиялық, психикалық және басқа да заңдылықтар мен ерекшеліктерін зерттеп білу үшін мектеп жасына дейінгі балалар, жеткіншектер, төменгі сынып оқушылары, жас – өспірімдер жас ерекшеліктеріне қарай осы принцип бойынша жіктеледі.

Нақты топ адамдардың бір – бірімен өзара қарым – қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттеріне орындауға жұмсалған өмір сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқа мерзімді, не ұзақ өмір сүруі, мүшелерінің саны аз, не көп болуы мүмкін. Ол қауымдастық ретінде өмір сүріп қызмет стейді.

Формалды және формалды емес топтар. Формалды (ресми) топ штат кестесі, устав және басқа да ресми документтер негізінде құралады. Мысалы: жоғары оқу орындағы студеттер тобы, мектептегі мұғалімдер мен қызметшілер штаты – мұның бәрі ресми топтың мысалдары. Топ мүшелерінің арасында документтерде көрсетілген іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастар бір – біріне бағыну немесе өзара міндеттің орындалуына не аз, не көп жауапты болу тұрғысында тең құқықтық етеді.

Формаларды топтардағы өзара қарым – қатынас нұсқаулары бірдей болған жағдайдың өзінде бір – біріне ұқсас келуі мүмкін емес, өйткені ондағы адамдардың мінезі, темпераменті, икемділігі, қатынас жасау істилі бірдей болмайды. Іскерлік қарым – қатынас нұсқауда жоқ жеке қарым – қатынгаспен толығады. Психологиялық жақындық (ұнату, сыйлау,достасу) формалды топты нығайта түседі, алға қойған міндеттерді орындауға көмектеседі.

Жеке адамның топтың нормасына қатынасы белгілеріне сәйкес референт тобы пайда болады. Референт тобы. Референт (эталон) тобы деп көз қарас топтары үлгі болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады. Адам өзі нормасын қадір – қасиетің бағалаған өзі оны қолдап, ең жақсы деп есептейтің топқа кіреді. Топтардың даму деңгейі. Әрбір әлеуметтік қауымдастықтың өз тарихы болады. Дүниеге келеді, дамудың белгілі бір сатыларынан өтеді, аса жоғары дәрежеге жетеді, сондай – ақ өмір сүруін тоқтатуы мүмкін. Бұл формалды топқа да, формалды емес топқа да бірдей дәрежеде қатысады.

Ұжым адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы. Ұжым ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжым адамдар тобы болғандықтан оған топтың белгілері тән. Ұжымның аса маңызды белгісі мақсатпен міндеттін қоғамдық мәні бар. Ұжымның түрлері: кәсіби (өндірістік), творчестволық, әскери оқу.

Топқа әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиялық мұндай адамды «лидер» деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады, не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс – әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Шағын топтардағы лидерлікті зерттеген Н.С. Жеребованың зертеулерінде лидердің мынадай қызмет атқаратындығы айқындалған: а) ол топ қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды, б) топ мүшелері арасында атқаратын іске жауапты адамдарды белгілейді, в) егер топтың алдына маңызды іскерлік қойылған болса және бұл топ өңдірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық атмосфера орнатады, г) топ мүшелерінің қоғамдық белсенділігін дамытады.

Жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарам – қатынаста болып өзінің әлеуметтік мәнін жүзеге асырады. Бұл қарам – қатынас бір – бірімен тығыз байланысты топтарда болады. Ондай топтар біркелкі емес. Олар неше түрлі себепке негізделіп жіктелуі мүмкін, яғни қалыптаса бастаған өзара қатынастардың ықтиярлылығы мен тереңдігіне, құралу принципі мен жолдарына, жеке адамның топтың нормаларына көзқарасына негізделеді.

Сөйтіп белгілі бір қарым – қатынастағы топ түрліше көзқараста бағаланады екен. Топ және оның жеке адам дамуындағы рөлі. Жеке адам топтан оқшау болмайды. Ол топтың басқа мүшелерімен байланыста болады және солармен бірігіп сол қауымдастықтың бағыт – бағдарын білдіреді. Жеке адам топ арқылы басқа топтармен, тұтас қоғаммен байланыста болады. Топ – қоғамның бір бөлігі болғандықтан ол өз бойына сөз жоқ сол адамның саяси, эстетикалық, адамгершілік және басқа да идеяларын дарытады. Сондықтан да жеке мінез – құлқында оны басшылыққа алады. Жеке адам материалдық дүниемен және адамдармен қарым – қатынас жасай отырып, белгілі бір тәжірибе алып, сол тәжірибенің негізінде өз мінез – құлқын, қадір қасиетің, өзгелерден ерекшелік белгілерге қалыптасып қана қоймайды ол сонымен қатар рухани байлықтың аса маңызды құрамдас бөлігі болып саналатың қоғамдық тәжірибені де өз бойына жинақтайды. Бірімен бірі тығыз байланыстағы және одан гөрі кең көлемді әлеуметтік ортадағы келіспеушілік, бір жоспарлық жеке адамның бойында үйлесімді жақсы қасиеттерді қалыптасып, даму үшін жақсы жағдайын жасайды.

Топ мүшелерінің көпшілігі бір – бірімен өзара тату – тәттілік тұрғысынан байланыста болады. Бұл ретте әркімнің өзгелерден гөрі жиі кездесетін бір адамы болады, онымен бір мүдделес, әңгімелері жарасқан ортақ істері бар т.б. Сондықтан жолдастық, достық қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас жасаудың бірінші шеңбері. Бақылаулар мен зерттеулер көрсеткендей, көпшілік адамдарда мұндай жолдас, дос көп болмайды (3 – 5 адам). Топ ішінде мұндай бастауыш топтардың болуына қарамастан, ол өзінің бірлігін сақтап біріңғай бірлестік ретінде өмір сүре береді.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Топ дегеніміз не?

  2. Ұжым дегеніміз не?

  3. Ұжымның негізгі белгілері қандай?

  4. Лидер деп кімді айтамыз?

  5. Топ түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз


Әдебиеттер.

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

  4. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1985

  5. А.В.Петровский, В.В.Шпалинский. Социальная психология коллектива. М., 1978

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница