Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница2/8
Дата конвертации21.02.2016
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/3dbd9a14-3daa-11e4-8251-f6d299da70eeОӘК ПсихолЖАД13.doc
1   2   3   4   5   6   7   8

2 ДӘРІСТЕР


Дәріс тақырыбы. Психология пәні, міндеті және зерттеу әдістері.

Жоспар:

  1. Психология пәні туралы түсінік.

  2. Психология – психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым.

  3. Психология ғылымының салалары.

  4. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.

  5. Психологияның зерттеу әдістері.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол — күрделі мәселе. Психология, психика деген түсініктер гректің «псюхэ»-жан деген сөзінен шығады. «логос»-ілім. Сонымен, психология - жан туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің, күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады.

Жалпы психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық приициптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді. Басқаша айтқанда, бұл ғылым — теориялық және эксперименттік психология деп те аталады. Жалпы психология - адамның танымы мен практикалық іс-әрекеттерін, түйсіну мен қабылдауын, ес пен қиялын, ойлау мен сөйлеуін, ерік-жігері мен сезім күйлерін, адамның өзін-өзі меңгеруінің жалпы заңдылыктарын қарастырады. Адамның жеке басындағы өзіндік психологиялык ерекшеліктері болып саналатын мінезі мен темпераментін, мінездегі жетекші ниет-тілектерді, қабілеті мен өнерді таңдай білуін т. б. ерекшеліктерін зерттейді.

Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынадай негізгі үш мәселені бөліп қарастырамыз: а) психикалық процестер, ә) психикалық кейіп, б) психикалық қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшеліктері.

Психология ғылымының салалары. Дамудың қазіргі кезеңіндегі психологиялық ғылым — ғылыми пәндердін күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады.

Жалпы психология қалыпты ересек адамның психикалық қызметінің неғұрлым жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы адамның психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің) қалыптасу процесін және жеке адамның психикалық қасиеттерін зерттейді. Еңбек психологиясы еңбек әрекеттерінін. психологиялық негізін зерттейді, жеке адамнын белгілі бір мамандыкқа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мәселелерін зерттейді, еңбек өнімділігін арттырудың және енбек коллективіндегі қарым-қатыстардың психологиялық негіздерін зерттейді.

Инженерлік психология — еңбек психологиясы бөлімдерінің бірі. Әскери психология міндеті - әскери оқу мен тәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады.

Заң психологиясы тергеудің психологиялық аспектілерімен, куәлар жауаптарының

талдауы, куәгерлік керсетулерді, жауап алуға қойылатын талаптарды талдаумен

байланысты проблемаларды зерттейді. Медициналық психология психотерапия,

психогигиена мәселелері, дәрігерлер мен аурулылардың карым-қатысы мәселелерімен

айналысады. Патологиялық психология адамдардың нормальды психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі формаларын, нормальды психикалық дамудың әр түрлі ауытқуларын зерттейді. Салыстырмалы психология (бұрын бұл зоопсихология деп аталатын) психологияның салалары ішінен ерекше орын алады, өйткені ол жануарлардың психикасын зерттейді.

Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми ззертеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару ж/е ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті ж/е объективті. Бақылау әдісі психологиядағы есуі ж/е бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ-жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады.Еркін сауалжазбаша ж/е ауызша сауалнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Сауалнама-тест. Тапсырма-тест. Бүгінде тестер-психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар.

  1. Педагогқа психологиялық білімнің қажеттігі.

  2. Психология ғылымы нені зерттейді?

  3. Психикалық күймен психикалық үрдістердің негізгі айырмашылықтары.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

Дәріс тақырыбы. Психологияның методологиялық принциптері.

Жоспар:

  1. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері.

  2. Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.

  3. Психологияның методологиялық принциптері.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары қойнауынан бөлініп шығуы. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мсн Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Тіршіліктің негізі - қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б. з. д. XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.

Б. з. д. VI ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Ерте дәуірдегі Қытай елінде кеңінен таралған философиялық - діни ой-пікір әйгілі ғұлама Конфуцийдің (б. з. д. 551—479 жж.) есімімен байланысты. Оның іргесін өзі қалаған мектебі конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдің пікірінше, адамның білімі мен психикалық сапалары - туа берілетін қасиет. Адам жаратылысынан қайырымды болып туады, бірақ оны дұрыс жолдан тайдырып, бұзатын - сыртқы орта. Сондықтан, ол өз бойындағы сырттан әсер еткен зиянды қасиеттерден арылу үшін адам өзінің ішкі дүниесіне терең бойлап, ақыл-ойының кемелдене түсуіне бой ұрғаны жөн деп үйретеді.

Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель (б. з. д. 384—322 жж.) психологиялық ой-пікірді табиғи.негізге сүйеп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп, «Жан туралы» деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүниесінін (психиканың) әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оны тәжірпбеге негіздеп құруды мақсат етті. Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптегсн oйшылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты. Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б. з. д. I ғ.), Гален (б. з. д. II ғ.) психолоғияның жан дүниесінің сырымен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал ұлы грек ойшылы Сократ (б. з. д. 470— 399 жж.) «өзіңді өзің тани біл» деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды

Орта ғасырлардағы жан туралы ілім.

Алайда VIII—XII ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа ие болды. Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайым жасайды. Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.

XIX ғасырдың ортасындағы психикалық іс-әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп, психологияның өзіндік сипаты, зерттеу объектілері мен оның әдіс -тәсілдері айқындалды. Психологияның XIX ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі — физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизикалық зерттеулердің нәтижелері. Кеңестік психологияның дамуы. И. М. Сеченевтың «Бас миының рефлексі» деген еңбегі Ресейдегі психология ғылымының дамуы үшін жаратылыстық-ғылыми негіз болды.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар.

  1. Психология қай уақыттан дамып келеді?

  2. Психологияның дамуының кезеңдеріне сипаттама беріңіз?

  3. Қай уақыттан бастап тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Дәріс тақырыбы. Психика және сана.

Жоспар:

1. Психика туралы түсінік.

2. Жан-жануарлар психикасының дамуы.

3. Ми және психика.

4. Адам табиғатының санасы.

Дәрістің мазмұны

Психика - психологияда көптеген түсініктерді біріктіретін субъективті құбылыс. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша, психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі (рефлексия) жоғарғы дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуінде бір емес екі бастама: материалдық және идеалдық. Олар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін, бір-бірінен шықпайтын жеке бастамалар. Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде пайда болды. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді.

Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты болжамды А.Н.Леонтьев өзінің «Психиканың даму проблемасы» еңбегінде ұсынады. Кейін оны толықтырып, нақтылаған К.Э.Фабри болды. Ол жануарлар психолгиясының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып дәледемелер келтіреді. Сондықтан оны Леонтьев-Фабри концепциясы дейді. Бұл концепцияда екі стадия. Бірінші - элементарлы сенсорлы психика стадиясы – ол екі деңгейлі: жоғарғы және төменгі. Екінші-перцептивті психика стадиясы. 3 деңгейден тұрады: төменгі, жоғарғы, ең жоғарғы.

Адамдар мен жануарлар психикасының айырмашылыгы:

Біріншіден, адамдар жануарларға қарағанда танымдық процестері ерекше сапаларға ие: қабылдау - заттылық сақтау, қайта жаңғырту т.б. Міне осы сапалар адамның өмір сүру барысында оқытуға байланысты дамытылады.

Екіншіден, жануарлар есі адамға қарағанда оқшау, тар. Олар өмірде өздері пайдаланған информацияны ғана пайдалана алады. Келесі ұрпаққа олар генотипті бейнеленген тұқым қуалаушылық арқылы ғана бере алады. Ал өздері тіршілігін жойған кезде пайдаланған тәжірибе келесі ұрпаққа жетпейді, өзімен бірге жойылады, өледі.

Адамдарда өзгеше. Оның еске сақтау қабылеті шексіз. Ол әртүрлі информацияны еске сақтай алуына байланысты кез-келген уақытта қайта жаңғырта алады. Ол үшін адамдар әртүрлі белгі, таңбаларды шығарды. Олар осы белгілер арқылы келесі ұрпаққа өздерінің материалдар, рухани мәдениетін қалдыра алады.

Келесі айырмашылық ойлау. Айтылған екі тіршілік иелері де туа сала қарапайым элементарлы мысалдарды көрнекі-әрекетті бағдарламада шешу алдында потенциалды қабілеттілікке ие.

Психика дамуы туралы көптеген көзқарастар бар.

Антропопсихизм - Декарт есімімен байланысты. Психиканың пайда болуын адаммен байланыстырады. Психика тек адамға тән. Осылайша адамға дейінгі психиканың дамуы жоққа шығарылады. Бұл көзқарасты жақтаушылар әлі күнге дейін кездеседі.

Келесі қарама-қарсы көзқарас - панпсихизм. Яғни табиғаттың бәрі жанды.

Бұлардың арасында аралық көзқарас биопсихизм. Психика барлық материяға тән емес, тек тірі материяға тән. Нейропсихизм - психика барлық тірі материяға тән емес, ол кейбір организмдерге, соның ішінде нерв жүйесі барларға тән.

Жануарлар мен адам психикасының ерекшелігі, мәні.

1. Жануарлар іс-әрекеті биологиялық. Кез-келген затқа жануарлардың іс-әрекеті биологиялық қажеттіліктен тұрады. Сонымен жануарларда қоршаған ортаны бейнелеуде тұрақтылық болмайды. Жануарларға әр зат оның инстинктивті қажеттілігінің бөлінбес әрекет.

2. Жануарлар психикасының адам санасынан айырмашылығы мынада: жануарларда өзі тектестерге сыртқы объектілерге қатынасынан айырмашылығы жоқ. Бұл жануарларда қоғам деген түсінік фактісі жоқ дегенді білдіреді. Кейбір авторлар жануарларда еңбек бөлінісі бар, Мысалы: ара, құмырсқа т.б. атайды. Алайда бұл жәндіктерде еңбек бөлінісі жоқ, олар тек биологиялық факторларға байланысты ғана еңбек бөлінісін жүргізеді.

3. Жануарлардың бір-бірімен қарым-қатынаста «тілді» пайдалану. Әрине, жануарлар бір-бірімен қарым-қатынаста дыбыстарды пайдаланады, бірақ бұл адам тіліне ешқандай байланысы жоқ.

Адам табиғатының санасы. Сана - адам шындығының бейнесі. Сананың басты белгілері. Адам санасының психологиялык мінездемесі. Сана мазмұны және мағынасы. Адам санасын реттеудегі сөз қызметі. Сана жалпылаған адам шындығының бейнесі.

Сана дамуы және пайда болуы. Сана пайда болуының шарты және жай-күйі. Бірлескен адам шындығының өнімділігі, еңбекті орналастыру, бағытгаушы дифференциация және қарым-қатынас белсенділігі, тілді қолдану және қайта құру, басқа таңбалы жүйе, адамның материалды және рухани мәдениет құрылуы.

Сананың фило- және онтогенездік дамуының басты бағыттары. Адамда рефлекстік бейімдеушілік дамуы және пайда болуы. Түсінік жүйесінің құрылуы. Адамдардың психологиясы және әрекетінің тарихи жағдайларға байланысты өзгеруі.

Сана және санасыз. Санасыз түсінігі санасыздық психологиялық процестегі қолданылуы, адам жағдайы мен әрекеті. Адам тұлғасындағы санасыздық Түс көру санасыздардың көрсеткіші сияқты. Сана және санасыз арасындағы айырмашылық. Санасыздардың әрекет түрлері. Адамның жануарлардан айырмашылығы ойлау қабілетімен және өзінің өткені туралы ойлану, оны бағалау және келешек туралы ойлау оған жоспар жасау және бағдарлай алуынан тұрады. Бұлардың барлығы адам санасының кеңістігімен байланысты. Сана - адам шындығының ең жоғарғы бейнелеу дәрежесі болып табылады. Сана сөзбен байланысты. Сезіну және қабылдау елестету және жадыда сақтау саналы бейнелердің айырмашылығы спецификасының тұрақты қатарында мінезделеді. Сана сипаты құрылысы санада барлық жағдай бейнеленбейді, ал оны басты, нақты, нәрсені мінездемесінен тұрады. Сана үнемі сөз түсінік қолдануымен үнемі байланыста, олар өзінде ортақ және ерекшеленген сананың бейнеленген сипатынан тұрады.

Адам санасының үшінші мінездемесі - бұл оның коммуникацияға бейімділігі. Тіл және басқа деп аталатын жүйе көмегімен басқа тұлғаларға берілуі коммуникативті мүмкіндіктер көптеген жоғарғы жануарларда бар, бірақ олар адамдардікімен басты жағдаймен ерекшеленеді: тіл көмегімен адам өзінің ішкі жағдайын хабарлап қана қоймай, ол білгенін, көргенін, елестетуін нақты әлем жөнінде мәліметтерін жеткізе алады.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

  1. Психикалық құбылыстардың механизмі, табиғаты туралы түсінік беріңіз

  2. Сана туралы түсінік беріңіз

  3. Сананың пайда болуы мен дамуына тоқталыңыз.

Әдебиеттер:

  1. Рубинштейн С.Л, Основы общей психологии. Питер. 1999

  2. Маклаков А.Г. Общая психология. С.Пит.

  3. Немов Р.С. Психология.1 том. 2000.

  4. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики

  5. Шабельников А., Бердібаева С Психика- функционалдық жүйе. А., 1998

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница