Математика және информатика кафедрасы




НазваниеМатематика және информатика кафедрасы
страница5/10
Дата конвертации21.02.2016
Размер1.37 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/185555.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Үрдіс пен ағынның түсініктемелері

  2. Үрдіс диспетчері және атрибуттары

  3. Үрдіс мәнмәтіні дегеніміз не?

  4. Үрдіс дискрипторының түсініктемесі

  5. Мәнмәтіннің қайта қосылуы дегеніміз не?

  6. Көпесептілік ненің арқасында орындалады?

  7. Көпағындықты қолдану нені көрсетеді?

  8. Арна дегеніміз не, не үшін қолданылады?

  9. Үрдістер қандай топтарға бөлінеді?

  10. Сигнал түсініктемесі.

  11. Үзу түсініктемесі және оның алыптастау мен айырмашылығы

  12. Үзу деңгейлері

  13. Параллельді үрдістердің синхрондау тәсілдері

  14. Мультипрограммалық режимнің мультиесептік режимнен айырмашылығы

  15. Монолитті және микроядерлі жүйелерге мысал келтіріңіз

  16. Құрылымдық ұйымдастырудың типтері

  17. Нақтылы уақыт операциялық жүйесінің критерилері

  18. Уақыт бөлу ОЖ қандай режимде жұмыс жасайды?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Э. Таненбаум. Современные операционные системы. СПб, Питер, 2002, 1040 стр.

  2. Н.А. Олифер, В.Г. Олифер Сетевые операционные системы. СПб, Питер, 2001, 544 стр.

3 тақырып. Енгізу-шығару жүйесін басқару

Мақсаты: Осы лекцияда cинхронды және асинхронды енгізу-шығару; енгізу-шығарудың басқару режимдерімен; еркін және тізбекті қатынас құру тәсілдерімен; енгізу-шығаруды қорғау тәсілдерімен танысу.

Қарастырылатын сұрақтары:

  1. Енгізу-шығару жүйесін басқару.

  2. Синхронды және асинхронды енгізу-шығару.

  3. Енгізу-шығаруды диспетчерлеу.

  4. Еркін және тізбекті қатынас құру тәсілдері.

  5. Енгізу-шығару ағындары.

  6. Енгізу-шығаруды қорғау тәсілдері.

Енгізу-шығару жүйесін басқару – ол ОЖ-гі негізгі функцияларының бірі

және ОЖ жобалауының ең қиын аймақтарының бірі.

Енгізу-шығару құрылғыларының көптігінен және олардың түрлі табиғаттарынан қиыншылықтар туады. Сондықтан ОЖ-ні құрушылардың арасында оңай есеп тұрған жоқ. Олар енгізу-шығару құрылғыларының тиімді басқаруды ғана емес қолданба программистер құрылғылардың түріне қарамастан деректерді оңай оқып, сақтау үшін ыңғайлы, тиімді виртуальды интерфейсті құру қажет.

Бір модельге бірнеше түрлі құрылғыларды біріктіретін жүйелік енгізу-шығару әмбебап болу қажет. Біріншіден, ол бар құрылғылардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Екіншіден, бірнеше параллель орындалып жатқан есептерге енгізу-шығару құрылғыларына қатынауды ескеру қажет.

Қолданбалы программалар өздері енгізу-шығару құрылғылары тікелей байланысалмайды. Енгізу-шығару сұрауына керек мәндерді орнатып, енгізу-шығару супервизорына басқару беріледі.

Енгізу-шығаруды басқару режимдері. Екі негізгі енгізу-шығару режимі бар: енгізу-шығару құрылғыларының дайындығын сұрату алмасу режимі және үзілісі бар алмасу режимі.

Егер енгізу-шығару басқаруын орталық санашық атқарса, онда ол басқару құрылғысына бір енгізу-шығару құрылғысының орындалуына команда береді. Енгізу-шығару құрылғысы команданы орындап орталық санашыққа жеке сигналды басқаратын құрылғыға түсінікті сигнал жібереді.

Енгізу-шығару құрылғысының жылдамдығы орталық санашықтың жылдамдылығынан төмен. Сондықтан дайындық сигналын көп күту керек, сигнал шыққанша драйвер еш нәрсе орындамайды. Сондықтан енгізу-шығару командасын беріп ол құрылғыны уақытша ұмытып басқа программаның орындалуына көшкен жөн. Ал дайындық сигналы шыққан кезде оны енгізу-шығару құрылғысының үзуге сұрау деп санаймыз.

Ортақ енгізу-шығару құрылғылары, құрылғылырды жалғау. Көп құрылғылар бірігіп қолдануды қолдамайды. Біріншіден ол тізбекті қатынайтын құрылғылар. Ондай құрылғылар жалғанған болуы мүмкін, яғни бір есептеу үрдіске беріледі. Бірақ ол есептеу үрдістерінің параллельді жүұмыс жасауна мүмкіндік бермейді және енгізу-шығару құрылғыларының босау уақытын күтеді. Параллельді орындалып жатқан есептер арасында енгізу-шығару құрылғыларын қолдануын ұйымдастыру үшін виртуальдік құрылғылар түсінігі енгізіледі.

Виртуализация принципін қолдану есептеу жүйесінің тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Көбінесе виртуалдық құрылғыға - спулинг терминін қолданады.

Спулинг дегеніміз – операциялайтын режімде құрылғылармен жұмыс имитациясы.

Спулингтің негізгі жұмысы тізбекті қатынайтын құрылғыларының параллельді бөлуінің көрінісін ұйымдастыру. Бірақ олар монопольді және жалғанған ретінде қолдану қажет.

Мысалы, егер біз бірнеше қолданбаның қорытындысын басуға жіберетін болсақ онда біз түсініксіз қорытындыға ұшыраймыз. Бірақ әр есептеу үрдісіне виртуальді принтер беруге болады және ағындылар бірінші рет магнитті дискідегі арнайы спул файлына жібереді. Содан соң виртуалды басу аяқталған соң қабылданған пұрсаттылықтармен және қызмет көрсету пәні бойынша спул файлдің мәні принтерге жіберіледі. Спул файлымен басқаратын жүйелік үрдіс – спулер деп аталады (Spool-reader немесе spool-writer).

Программисті компьютерге орнатылған енгізу-шығару құрылғыларының параметрлері және олардың мүмкіншіліктері мүмкіншілік болғанша ойландырмау керек. Оған тек қолданатын енгізу-шығару құрылғыларының жалпы мүмкіншіліктері қажет. Мысалы, принтер басуді білу қажет, ал магниттік дискіде жинақтауыш берілген адрес бойынша (С-N-S) координаты, цилиндр нөмірі, бас тиек нөмірі және сектор нөмірі) деректерді жазу және оқу қажет.

Негізгі болып саналатын ол жинақтауыштың бары және оның цилиндрінің жазу-оқу бас тиегінің және магниттік диск жолының секторларының бірнеше сандарының болуы цилиндрдің, бас тиектің және магниттік диск жолының секторлардың бірнеше сандарының мәні жабдық кестесінен алынуы мүмкін. Бұл жағдайда программисті құрылғының есептеу жүйесіне қалай жалғанғаны ойландырмау керек. Сондықтан ол енгізу-шығару сұрау кезінде құрылғының логикалық атын белгілейді.

Виртуалды құралғыға сәйкес нақты құрылғы кесте арқылы супервизормен таңдалады. Сонымен құрылғының қосылу тәсілі, оның мoделі және оған сәйкес драйверлер бірінші жабдық кестесінде анықталады. Ол виртуалды құрылғыны жүйелік кестесімен байланыстыру үшін екінші жүйелік кестесі қолданылады. Шартты біз оны виртуалды логикалық құрылғының сипаттама кестесі дейміз (DRT – device reference table)

Енгізу-шығару үрдісін басқару.

1 - әрекет. Орындалып жатқан программадан енгізу-шығару операциясына сұраныс супервизорға түседі.

1.1 - әрекет. Супервизор жүйелік шақыруды қабылданған спецификацияларға сәйкестігін тексереді және қате болған жағдайда есепке сәйкес хабарлама жібереді.

2 - әрекет. Егер сұраныс дұрыс болса, онда есеп енгізу-шығару супервизорына бағытталады.

2.2- әрекет. Супервизор виртуаль аты арқылы (DRT кестесінен құрылғы кестесіне сәйкес UCB элементін табады. Егер құрылғы бос болмаса, онда есеп сипаттаушы құрылғыны күтіп есептер тізіміне орналастырады.

3 - әрекет. Егер құрылғы бос болса, онда енгізу-шығару супервизоры UCB –дан құрылғының типін анықтайды, және қажет санашықты іске қосады, ол құрылғыны түсінетін және орындайтын басқару деректерін және кодтарын ашуға береді.

4 - әрекет енгізу-шығару басқаратын «программа» дайын болған кезде енгізу-шығару супервизоры басқаруды сәйкес драйверіне береді (іске қосу секциясы).

5 - әрекет. Драйвер басқару операциясын инициализациялайды тайм-аут санауышын нөлдейді және санашыққа орындалуға дайын есепті қою үшін супервизорға (есеп диспетчеріне) басқаруді қайтарады.

6 - әрекет. Жүйе жұмысты кезегімен орындайды, бірақ енгізу-шығару құрылғысы жіберілген команданы орындап болған соң, үзуге сұраныс сигналын орнатады және үзу кестесі арқылы басқару жалғастыру секциясына беріледі. Жаңа команданы алған соң құрылғы оны орындайды және саннашықпен басқаруды қайтадан есеп диспетчеріне қайтарады, ал санашық өзінің жұмысын жалғастырады. Сонымен есептердің параллель өнделуі болады, соның көрісінде санашық енгізу-шығару операцияларының басқаруын жүзеге асырады.

Синхронды және асинхронды енгізу-шығару. Енгізу-шығару операциясына сұраныс берілген операциялардың аяқталғанын күту күйіне супервизормен ауыстырылады. Аяқталу секциясынан операцияның аяқталғаны жайлы супервизор хабарлама алған соң ол есепті орындалуға дайын күйіне ауыстырады және ол өзінің жұмысын жалғастырады. Бұл жагдай синхронды енгізу-шығару сәйкес синхронды енгізу-шығару көп ОЖ стандартты болып табылалы. Қолданбалардың орындалу жылдамдығын ұлгайту үшін кажет болғанда асинхронды енгізу-шығару қолданылады. Асинхронды енгізу-шығарудың карапайым варианты, ол сырткы кұрылғылардың деректерін буферлі шығару. Бұл кезде қолданбадағы деректер енгізу-шығару кұрылғыларына жіберілмейді, ал арнайы жүйелік буферге жіберіледі. Негізгі логикалы қолданбаға шығару операциясы бірден орындалған болып саналады, және есеп накты деректердің құрылғыларға жіберілген үрдісін күтудің қажеті жоқ. Жүйелік буферден деректерді шығаруды енгізу-шығару супервизоры атқарады.

Енгізу-шығару супервизорының нұсқауы бойынша арнайы жүйелік үрдіс жүйелік жады аймағында буферге орын бөледі. Асинхронды деректерді енгізуді де ұйымдастыруға болады. Бірак ол үшін тек қана жады аймағында кұрылғылардан оқып деректерді уакытша сақтап, бөлінген буферді операцияға сұраныс берген есеппен байланыстыру ғана емес және енгізу-шығару операциясына сұранысты екі бөлікке бөлу(екі сұранысқа).

Бірінші сұраныста деректерді оқу операциясына нұскау беріледі. Бұл сұраныста қосымша параметр беріледі - ол есеп сұранысқа жауап алатын және берілген ерекшеленген буферді идентификациялайтын жүйелік объекттің аты. Буфердің атын алып есеп өзінің жұмысын жалғастырады. Деректерді асинхронды енгізу кезінде есеп енгізу-шығару супервизоры арқылы енгізу-шығару операциясының аякталуын күту күйіне өткізілмейді, ол оры ндалу немесе орындалуға дайын күйінде калады. Бірнеше уақыттан сон программистпен анықталған қажет код арқылы есеп енгізу-шығару операциясын аяқтауға екінші сұраныста береді. Бұл жағдайда сол кұрылғыға (оның коды баска) есеп жүйелік объекттің атын көрсетеді және деректерді оқу операциясы ойдағыдай аяталған жағдайда ол оларды жүйелік буферден сол заматында алады. Егер деректер сыртқы құрылғыдан жүйелік буферге аяғына дейін жазылып үлгірмеген жағдайда, енгізу-шығару супервизоры есепті енгізу-шығару операциясының аякталуын күту күйіне ауыстырылады.

Асинхронды енгізу-шығару мультипрограммалық ОЖ қолданылады, әсіресе егер олар трелтер механизмі арқылы қолданылса.

Енгізу-шығару аппаратурасы біріккен аппаратты санашыктар сияқты қарастыруға болады. Бұл санашықтардыда сыргқы үрдістер орыіідалады. Мысалы, сыртқы күрылгыға сыртқы үрдіс біріккен операциялар ретінде көрсетіліп олар мысалы бір символдардың басылуы. Сыртқы үрдістер енгізу-шығару аппаратурасын қолдана отырып олар бір бірімен әрекеттеседі және орталык санашықта орындалатын "программалык" үрдістермен әрекеттеседі. Бұл жерде ең маңыздысы ол сыртқы үрдістің жылдамдылығы "ішкі" үрдістердің орындалуынан айырмашылығы бар. Ішкі және сыртқы үрдістер өздерінің жұмысы дұрыс орындалуы үшін олар синхрондалу қажет. Сыртқы және ішкі урдістердің жылдамдылыктарының сәйкессіздігін дұрыстау үшін буферлеу қолданылады. Буферлер арқылы деректер немесе бір үрдістен адрестелген сыртқы күрылғыға жіберіледі (сыртқы құрылғыларының деректерін шығару операциясын) немесе сыртқы үрдістен бір программалық үрдіске (деректерді оқу операциясы).

ОЖ супервизорленген бөлігі жүйелік буферлермнн басқару проблемаларын шешеді. Буферлерді бөлу, босату ғана емес және оларды бос буфер болмаған жағдайда күту есептерін супервинзор шешу қажет. Көбінесе енгізу-шығару супервизоры бұл есептерді шешу үшін ОЖ-де кабылданған стандартты синхронизация құралдарын колданады. Сондықтан егер ОЖ есептерді параллельді орындалу проблемаларын шешетін құралдары болса, онда ол асинхронды енгізу-шығаруды ұйымдастырады.

Есептерді динамикалық жоспарлау үрдістерді жоспарлауға қарағанда тиімді үлестіру әр жағдайда болады. Есептің динамикалық жоспарлауын диспетчерлеу деп атайды. Орындалып жатқан үрдістермен ағындар арасында ағымдағы қорларды үлестіруден жоспарлау көп ұйымдастырылады.

Орындалуға дайын есептердің кезегінің тізімін дайындайтын көп диспетчерлеу пәндері 6елггісі. Кызмет көрсететін пәндер екі үлкен топқа бөлінеді — пұрсаттылықты және құрсаттылықсыз.

Мультипрограммалық ОЖ-де көп есептер орындалған кезде деректерді оқуға және жазуға сұраныс көп ағындар болып етуі мүмкін, сонідықтан оларды орындау кезінде кезек пайда болады. Егер біз сұраныстарды олардың кезекке түскеніне байланысты орындайтын болсак, онда магниттік дискінің секторларына кездейсоқ қатынайтын боламыз, онда деректерді жабуға біз көп уақыт жібереміз. Өйткені деректерді іздеп табуға уақытты азайту үшін сұраныстарды кезекке дұрыстап коюға болады және олар тез орындалу үшін тиімді әдісті табу қажет. Ол проблеманы шешу үшін тиімді жоспарлау пәнін табу қажет. Белгілі пәндерді қарастырайык, олар деректерді оқу/жазу операцияларына сұраныс кезегін қайта құрады.

1. SSTS (shotest seek time-firsy)-бірінші-минималды іздеу уақытымен. Бұл пән бойынша
магниттік бастиекті позицияланғаи кезде келесі болып саналатын сұраныс ол оның цилиндрынан цилиндрға жылжу уақыты минималды болу, бұл сұраныс кезекте бірінші болуының кажеті жоқ. Бұл пәннің қасиеті, ол дискілік бағыныңқы жүйенің максималды өткізу кабілеті.

  1. Scan (сканерлеу)-бұл пән бойынша бастиек бірде бір бағытта, бірде басқа бағытта жылжиды. Жолда сәйкес сұраныстарды орындайды. Егер оқу-жазу бастиегінің жылжу кезінде сәйкес сұраныс болмаса, онда ол кері бағытта жылжиды.

  2. Next-Step-Scan-алдыңғы пәннен айырмашылығы ол жылжыту кезінде тек қана сол уақьттта болған сұраныстарды орындайды. Бастиектін оқуға-жазуға жылжу уақытында пайда болған жаңа сұраныстар, жаңа сұраныс кезегін құрайды. Бұл сұраныстарды кері жолда орындауы мүмкін.

  3. С-Scan - бүл пән бойынша бастиектің жылжуы қайталап ең сыртқы жолдардан ішкілерге, жолда бар сұраныстарға қызмет көрсетіп, содан соң қайта сырткы цилиндрға ауысады.

Енгізу-шыгару - ол операциялық жүйенің жобалауының ең қиын аймактарының бірі. Енгізу-шығару құрылғыларының коптігінен және олардың түрлі табиғаттарынан қиыншылықтар туады. Сондықтан операциялык жүйені тудырушылар арасында оңай есеп тұрған жоқ. Олар енгізу-шығару құрылғыларының тиімді басқаруы ғана емес қолданба программистер құрылғылардың түріне қарамастан деректерді оңай оқып, сақтау үшін ыңғайлы тиімді виртуальді интерфейсті құру қажет.

Бір модельге бірнеше түрлі құрылғыларды біріктіретін жүйелік енгізу-шығару әмбебап болу қажет. Біріншіден ол бар құрылғылардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Екіншіден бірнеше параллель орындалып жатқан есептерге енгізу-шығару құрылғыларына қатынауды ескеру қажет.

Сондыктан ең негізгі болып келесі әдіс саналады: енгізу-шығаруды басқаратын операциялар привилегиялық деп аталады және операциялык жүйенің коды аркылы орындалады.

Қолданбалы программалар өздері енгізу-шығару құрылғыларымен тікелей байланысалпайды. Енгізу-шығару сұранысына керек мәндерді орнатып, енгізу-шығару супервизорына басқару беріледі.

Қордын негізгі түрлерінің бірі ол санашықтық уақыт. Есептеу жүйесіндегі қордын екінші түрі ол жады.

Жады және қатынау (деректерге қатынау үрдісі) олар әртүрлі қор болып саналады. Бұл қорлар бір бірінен бөлек қолданыла береді. Бірақ сыртқы жадының толық жұмысы орындалу үшін бұл қордың екеуі де керек. Тікелей қатынау механизмі қолданылса сыртқы құрылғылар параллельді болінуі мүмкін.

Бөлінетін құрылғыларға мысал келтірсек ол компакт-дискілерді қоятын құрылғы. Бұл тік қатынас құратын құрылғы.

Егер құрылғы тізбекті қатынау механизмі арқылы жұмыс жасайтын болса, онда ол кор бөлінбейтін кор, мысал келтірсек ол баспалар.

Ең қажетті қорлардын бірі ол программалық модуль. Программалық модульдер бір рет және бірнеше рет қолданылатын болып бөлінеді.

Жүйелік бір рет қодданылатын программалық модульдер ОЖ-е жүктелу кезінде қолданылады.

Бірнеше рет (қайталап) қолданылатын программалық модульдер привиллегиялық, привиллегиялық емес және рентабельдік болуы мүмкін.

ІІривиллегиялық программалық модульдер привиллегиялық режимде жұмыс жасайды.

Енгізу-шығару сұраныстары нақгы белгіленген бірнеше өңдеу этаптарынан өтеді. Бұл этаптарда сұраныс құрылғыға бірқатпарлы драйверлер арқылы басқарылатын немесе көпқатпарлы драйвер арқылы өтуіне байланысты айырмашылықтары бар. Әрі қарай айырмашылықтарлы оңдеу негізінде берілген енгізу-шығару типі - синхронды немесе асинхронды бойынша белгіленеді. Мысалы екі үрдіс жалпы оперативті жадының кеңістігінде жұмысын орындайды. Бұнда бөлінетін қорлар әр түрлі режимдерде орындалуы мүмкін, мысал екі урдіс екі бөлек машинада болса, бірак олар жалпы оперативті жадының орісімен байланысуы мүмкін. Бұл жағдайда жадымен буферлеу жұмысын атқарған кезде проблема түзелуі мүмкін, ойткені әр машинаның өзінің оку/жазу буферлеу механизмдері болады. Онда жағымсыз жағдай туады, физикалық жадының жағдайы оның реалды мәніне сәйкес келмейді. Сонымен қатар екі бөлек машинада жұмыс жасап отырған операциялық жүйеде проблема түзеледі.

Келесі проблема. Мысалы, екі үрдіс бір машинада орындалады. Бұл жағдайда бөлінетін жадыға қатынауды синхрондауға мүмкіндік беретін құрылымдар белгіленуі керек. Оперативті жадымем жұмыс жасап жатқан үрдістердің алмасуы дұрыс орындалу үшін жагдай жасалуы керек.

ІІІындығында есеп шешкен уақытта жалпы жады сияқты қордың бөлінуінің қажеті жоқ, бірақ бір уақытта орындалатын үрдістер бір біріне әсер етсе дейміз. Әсер ету аппаратты узүге тең. Көп операциялық жүйелер оны жүзеге асыру үшін үрдістер арасында сигналдар қолданылады. Бір үрдіс басқа үрдіске сигнал жібер деп нұсқау береді. Басқа үрдісте орындалып жатқан үрдіс үзіледі және кабылданған сигналды өңдеу қажет.

Бұл операциялық жүйенің үшінші функциясы. Операциялық жүйенің бұндай функциялары оның эксплуатациялық қасиеттеріне әсер етеді. Реалды әр операциялық жүйе көп функциялар жиынынан түрады, олар жүйенің жұмысын қамтамасыз етеді.

Әр операциялық жүйе енгізу-шығару буферлеуін қамтамасыз етеді. Негізінде ол (операциялық жүйенің негізгі функцияларының бірі. Операциялық жүйе есептеу жүйесінің түрлі компоненттерінің әр түрлі қатынас жылдамдықтарымен қүресу үшін программалық буферлеуді енгізеді, ол катынас уақытын дұрыстау және синхрондау проблемаларын шешеді.

Магниттік дискідегі жинақтауышты компьютердің орталық бөлігінің шапшандығымен салыстырғанда жылдамдыгы өте төмен. Шапшандыгғының айырмашылығы бірнеше рет. Операцияның орындалу уақыты 0,5 нс болуы мүмкін, ал магниттік бастиектің бір жолшығынан басқа жолшыққа өтуі бірнеше миллисекунд болады. Бастиектің астында оқу/жазу үшін қажег деректер секторын күтуге бірнеше уақыттық интервалы өтеді. Қазіргі жетектерді кездейсоқ таңдалған сектор деректерінің оқылуының орта ұзақтылығы 20 мс болады. Бұл команда және операнд оперативті жадыдан және бүркемеден таңдалуынан әлдеқайда төмен. Бірак, деректер үлкен пакетпен оқылады (сектор размері 512 байт, ал дискімен операциялары кезінде көбінесе оқу немесе жазу бірден бірнеше ссктордан болады).

Сонымен санашықтың оперативті жадымен жұмысының орта жылдамдылығы деректерді сыртқы жадыдан магниттік дискіден оперативті жадыға жіберу орта жылдамдылығынан 2-3 рет жоғары. Осы негізгі бағыныңқы жүйелердің үлкен келіспеушілігін дұрыстау үшін деректерді бүркемелеу немесе буферлеу қолданылады.

Дерек оқу операцияларын дискідегі жылдамдатуы ол еселенген буферлеуді қолдану. Оның мәні ол бір буферге магниттік дискіден деректер енгізілсе, онда басқа буферден алдында оқылған деректер оқылуы және сұраған есепке берілуі мүмкін. Осындай үрдіс деректерді жазган уақытта да болады. Буферлеу барлық ОЖ-де қолданылады. Бүркемелеу бір программа дискіден бірнеше рет бір деректерді оқыған кезде қажет және пайдалы. Ол деректер бүркемеге бір рет орналасқан соң дискіге қатынау керегі жоқ және программаның жұмыс жасау жылдамдылығы өседі. Бүркеме ретінде біз буферлер жиынын түсінеміз және оларды сәйкес жүйелік үрдісімен басқарамыз. Егер біз файлдың жазулары бар бірнеше секторларды оқитын болсақ, онда ол деректер бүркемеден өтіп сонда қалады (бүл буферлерді басқа секторлар ауыстырғанша). Егер деректерді қайта оқу қажет болса онда олар оперативті жадыдан оқылады дискіге қатынамай-ак жазу операцияларында жылдамдатуға болады.

Деректер бүркемеге жазылады және бұл операцияны сұраған есеп сұранысы нақты жазылады деп санаса болады. Есеп әрі қарай өзінің орындалуын жалғастырса болады., сыртқы жүйелік үрдістер бірнесе уақыттан соң деректерді дискіге жазады. Бұл операция кейінге қалдырылған жазба деп аталады. Егер кейінге қалдырылған жазба қолданбаса, онда тек бір есеп өзінің деректерін дискіге жазады, қалған қолданбалар өзінің кезегін күту керек.

Бүркеме жады-жадының шапшандық аймағы, санашық өндеу алдында деректерді буферлеу үшін қолданылады.

Кейбір ОЖ-де бүркемелеу параметрлерін айқын көрсетуге болады, ал кейбір ОЖ-де бұл параметрлерге ОЖ өзі жауап береді. WNT ОЖ-де файлдық бүркеменің және бүркемелеу параметрлерінің мөлшерін айқын түрде басқаруға болмайды. Win95/98 ОЖ-де бұл мүмкіндік бар, бірак тек қана нақтылы бүркемеге арналған жады мөлшері және буфер молшерін көрсетуге болады. MS DOS операциялық жүйесі жұмыс жасағанда компьютерді кез келген уақытта өшіруге болады, ойткені бұл жүйеде буферлеу жоқ. . UNIX және Windows операциялық жүйелерінде жұмыс уакытында машинені өшіруге болмайды, себебі бұл жағдайда ақпараттың жойылуы мүмкін. Буферлеу деңгейі жүйенің реалды тиімділігін аныктайды.

Бұдан басқа ОЖ бірнеше параллель орындалып жаткан есептердің сұраныстарын орындалуына байланысты бастиектін деректерді оқуга/жазуға жылжытуын ұлгайту жұмысын атқарады. Деректерді магниттік дискіден алу уақыты, магниттік бастиектін керек цилиндрге жылжу уақытымен берілген секторды күту уақытынан қосылады. Сонымен уақыттың көбісі деректерді іздеуге кетеді.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Енгізу-шығаруды басқару жүйесінің жұмыс мақсаты

  2. Енгізу-шығаруды баскару жүйесімін негізгі функциялары

  3. Есептеу жүйесінде енгізу-шығаруды басқару үшін қандай принциптер қолданылады

  4. Программалы енгізу-шығаруды жүзеге асыру принциптері.

  5. Синхронды және асинхронды еңгізу-шығару, айырмашылығы.

  6. Диспетчерлеу түсініктемесі

  7. Бөлінетін корға мысал келтіру

  8. Бөлінбейтін корға мысал келтіру

  9. Енгізу-шығаруды баскару жүйесінің жүмыс мақсаты

  10. Енгізу-шығаруды басқару жүйесінің негізгі функциялары

  11. Есептеу жүйесінде енгізу-шығаруды басқару үшін қандай принциптер колданылады.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Э. Таненбаум. Современные операционные системы. СПб, Питер, 2002, 1040 стр.

  2. Н.А. Олифер, В.Г. Олифер Сетевые операционные системы. СПб, Питер, 2001, 544 стр.

4 тақырып. Файлдық жүйе

Мақсаты: Осы лекцияда файл, файлдық жүйе түсініктерімен, файлдық жүйенің негізгі функцияларымен танысу.

Қарастырылатын сұрақтары:

  1. Файлдық жүйенің негізгі функциялары.

  2. Файлдық жүйенің құрамы.

  3. Файлдарды ұйымдастыру тәсілдері.

  4. Файлдық жүйенің менеджері.

  5. Файлдарды қорғау және сақтау.

Әр бір операциялық жүйе бір түсініктемеге қолданылады - оның бірі болып үрдіс табылады. Ал екінші түсінік, олда өте маңызды -- ол файл түсінігі.

Файлдық жүйе - бүл операциялық жүйенің компоненті, ол файлды құрады, сақтайды және атаулы деректер жиынына қатынас құрады. Бұл атаулы деректер жиынын файл деп атайды.

Файлдың негізгі қасиеттері.

  1. Файл - бұл аты бар және осы атқа сілтеп файл мазмұнымен әрекеттесуге мүмкіндік беретін бір объект. Әдетте файл аты ол тізбекті бір символдар, оның ұзундығы операциялық жүйеге байланысты.

  2. Орналасудан файлдың тәуелсіздігі. Накты файл жұмыс орындау үшін файлдың сыртқы құрылдығы орналасуы жайында ақпараттың қажеті жоқ.

  3. Енгізу-шығару функцияларының жиінтығы. Әр бір операциялық жүйе файлмен алмасуды қамтитын функциялар жиынтыгын анықтайды. Көбінесе функциялар жиынтығы келесі сұраныстардан тұрады:

1. файлды жұмыс жасау үшін ашу. Бар немесе жаңа файлды ашуға болады.

2. Оқу/жазу. Көбінесе файлдармен алмасу бірнеше деректер блогымен ұйымдастырылуы мүмкін. Алмасу жасалынатын деректер блогы екі түсінік көрсетеді. Бір жағынан әр есептеу жүйесіне деректер блогының мөлшері белгілі, және олар алмасуға тиімді болып табылады, ол программалы-аппаратты мөлшерлер. Басқа жағынан бұл деректер блогы реалды алмасу кезінде программистермен өзгертілуі мүмкін. Оқу/жазу функцияларында оқитын немесе жазылатын деректердің көбісінде алмасуға арналған деректер блогының мөлшері және деректер блогының саны белгіленеді, Таңдалган деректер блогының мөлшері реалды алмасудың тиімділігіне байланысты, мысалы бір машинаның деректер блогының тиімді мөлшері 256 Кб болып табылады, ал сіз 128 Кбайтан алмасу орындағыңыз келеді, сонда сіз екі рет қатынас құрасыз. Бір рет алмасу орындау үшін сіз оны екі бөліп алмасу орындайсыз, бұл жағдайда операциялык жүйе тиімсіз элементтерді өзі түзеуі мүмкін. Түзелмеген жағдайда ол сіздің қатеңіз.

3. Файлдық нұсқағышпен басқару. Әр бір ашық файлмен файлдық нұсқағыш байланысты. Бұл нұсқағыш бойынша әр бір уақытта алмасу орындайтын келесі файлдың мекені көрсетіледі. Ол блокпен алмасу орындалған соң нұсқағыш бір блоктан кейінгі позицияға өтеді. Файлмен жұмыс ұйымдастыру үшін бұл нұсқағышты басқаруды білу кажет. Файлдық нұсқағышты басқару үшін арнайы функция бар. Нұсқағыш дегеніміз ол файлды ашу функциясымен байланысты бір айнымалы.

4: Файлды жабу. Бүл операция екі функция арқылы жузеге асырылуы мүмкін.

1. ағымдағы файл мазмұнын және жабу.

2. файлды жою.

Файлды жапқан соң онымен барлық байланыс токтатылалы.

4. Деректерді қорғау. Көп стратегиялық шешімдер апараттык деңгейде және операциялық жүйе денгейінде қайталанады. Егер мультипрограммалық режимді еске алсақ, онда бір кажет болып табылатын ол жадыны және деректерді корғау. Файлдық жүйені карастыратын болсақ, олда операциялық жүйе; сияқты бірқолданбалы болуы мүмкін. Бүл жағдайда деректерді корғау проблемалары болмайды, өйткені операциялык жүйеде жүмыс жасап отырған адам барлық файлдардың иесі болып табылады. Бірқолданбалы операциялық жүйеге мысал келтірсек, ол МS-DOS, Windows-95. Машинаны іске қосып басқа колданушылардың дискіде орналасқан барлық файлдарын жойып жіберуге болады, себебі бұл жүйелерде корғау жоқ. Көпқолданбалы жүйе көппайдаланушылардың жүмысын дұрыс істеуіне қамтамасыз етеді. МS-DOS операциялық жүйесі мультипрограммалық режимде жұмыс жасауы мүмкін, бірақ егер бір үрдісте қате кетсе онда операциялық жүйе жүмысы бұзылады. Көпқолданбалы жүйе акпараттарды қорғауды қамтамасыз етеді. Негізінде қорғау проблемасы тек қана файлдық жүйемен байланысты емес.Реалды операциялық жүйе деректердің қорғанысын барлык аймактарда қамтиды бұл файлдар, үрдістер және қорлар. .,

НРҒS файлдык жүйесінің компоненттері. Бүл файлдық жүйенін негізгі мақсатгарының бірі ол ұзын аттарды қолдану. (ҒАТ - форматында 8.3, ал НРҒS - жоқ). Бүл файлдық жүйе ҒАТ жүйесінің барлық атрибуттарын қолдайды. Каталогтарды дискілік кеңістіктің орта жолдарына орналастырады және осы арқылы жүйенің шапшаңдылығы көтеріліді. |

Үлестіру кестесіңде картада әр секторға бір бит бөлінеді. Картадагы позициялык орны дискідегі позициялық орынды аныктайды. Бұнда 1- сектор бос емес екенін білдіретін жагдай, ал 0-бос. Бір лентада бір файл емес, каталогпен бірнеше файл орналасады.

Бұл кұрылым үзілмейтін және файлдардың фрагментті қүрылымдарына белгіленген. Үзілмейтін файлда корсету үшін 4 байттан екі сан қолданылады. Бірінші сан бірінші блоктың нұсқағышын белгілейді, екінші - мөлшер (бір бірінен кейін жүретін блоктар саны).

Блок мөлшері - 1 сектор.

Фрагментті файлдар Ехtent- терден түрады. Оның әр қайссына екі сан бөлінеді (2-4 байт).

Файлдык жүйелердің негізгі қасиеттері. Файлдық жүйе файлдар үшін аталған касиеттердің бәріне ие және бірнешеулерін косады. Бұл қасиеттер файлдык жүйенің күрылымдық үйымдастырылуымен байланысты.

Сырткы есте сақтау құрылғылардың кейбір кеңістіктерін осы кеңістік ауқымды файлдардын ұйымдасгырылуын қалай ұйымдастыруды карастырамыз.

  1. Үздіксіз ссгментті файлдарды бір деңгейде ұйымдастыру. "Бірдеңгейде" термині - жүйе ерекше аталган файлдармен жүмыс істеуді камтамассыз етеді. Кеңістік шегінде сыркы есте сактау қүрылғысы каталог деп аталатын мәліметтерді сақтау үшін арналган кейбір аумақтарға бөлінеді.




Аты

Бастапқы блок

Соңғы блок


"Бастапқы блок" берілген атпен басталған файлдағы сырқы есте сақтау құрылғысы кеңістігіндегі салыстырмалы орынга жіберіледі. "Соңғы блок" осы файлдың соңғы болатынын анықтайды. Файлды ашу функциясы каталогтағы файл атын табуға, оның басын және соңын табады ( бұл мәліметтер аз орын алуы мүмкін, бұл тұралы кейінірек айтылады). Бұл әрекет оте қарапайым және де каталогты операциялық жүйе жадына сақтауга болады, сонымен катар ауыстырулар санын азайтуға болады. Егер жаңа файл құрылса, онда ол бос орынға жазылады. Каталогтар атына ұқсас бос кеңістікті кесте болуы мүмкін.

Оқу/жазу косымша ауыстыруларсыз-ақ жүреді, сондықтан ашу барысында біз мәліметтердің орналасу аумағын аламыз. Оқу осы блокты кұрылымға сәйкес жүреді және қосымша ешқандай ақпарат кажет емес. Осыған сәйкес ауыстыру өте тез жүреді.

Осындай файлға қосымша ақпаратты жазу қажет болған да не болады? (ал осы файлдан кейін бос кеңістік жоқ). Бұл жағдайда жүйе екі рет келіп түсуі мүмкін. Біріншісі, ешқандай орын болмайды дейді және сіз өзіңіз бір нәрсе істеуіңіз керек, мысалы осы файлды басқа орынға ауыстыратын және қосымша ақпаратты табатын қандайда бір үрдіс енгізуіңіз керек.

Бұл ауыстыру - едәуір қымбат тұратын функция. Екіншісі - ауыстыруда қабылданбайды. Бұл файлды ашу барысында қосымша орын алып кою керектігін білдіреді, осыдан файлдық жүйе бос буфер өлшемін анықтайды, егер ол аз болса, онда осы файл сыйатын бос орынды табу керек.

Сонымен, біз бүл ұйымдастырудың ауыстыру барысында тиімді екенін білдік, бірақ кеңістік болмаған жағдайда файл үшін тиімсіз болады. Сондай-ақ ұзақ уақыт жұмыс барысында мұндай файлдық жүйеде оперативтік жадыдағы сиякты болады, яғни бос фрагменттер болған жағдайда, бірақ олардың арасында файл орналастыра алмаймыз. Мұндай файлдык жүйені үйымдастыру үшін фрагментациялаумен күрес бұл барлық файлдарды бір- біріне тығыз орналастыратын кезендік компрессия.

Мұндай ұйымдастыру бір рет қолданылатын файлдық жүйе үшін жарамды болуы мүмкін, сондыктан қолданғыштар саны көп жағдайда фрагментация өте тез жүреді, ал компрессияның тұрақты енгізілуі - жүйе үшін ауыр болады. Басқа жағынан жүйе қарапайым және ешқандай шығындарды қажет етпейді.

2. Блокты файлдарды ұйымдастырудың файлдык жүйесі. Сырткы есте сақтау кеңістіге блоктарға бөлінген (ауыстырулар үшін тиімді блоктар). Файлдык жүйеде мұндай типті ақпараттарды орналастыру беттік ұйымдастырылуы жедел жадыға үрдістер ақпараттарын орналастыруға ұқсас жүреді. Жалпы жағдайда әрбір файл атымен осы файл мәліметтері орналасқан блоктар санының жинағымен байланысты. Бұл блоктар саны реттелген, яғни блоктар барлық қондырғы бойынша таратылуы мүмкін. Мұндай ұйымдастыруда фрагментациялау болмайды, дегенмен блоктардың жойылуы мүмкін (егер файл блокта бір байтты қорын алса, онда блок бос емес болып есептеледі). Демек, компрессиялау мәселесі жок және бұл жүйені көп қолдану ұйымдастыру барысында қолдануға болады. Бүл жағдайда әрбір файлмен атрибуттар жинағына байланысты. Файл аты, пайдаланушы аты. Мұндай ұйымдастыру жоғарыдағы жағдайларда қажет етілетін ерекше аттардың болмауына мүмкіндік береді. Бүндай жүйеде аттар ерекшелігі тек бір қолданудағы файлдар арасында қажет.

Мүндай файлдарды каталог арқылы ұйымдастыруға болады. Каталог құрылымы келесі түрде болуы мүмкін. Каталог қатарлардан тұрады; әр бір I- ші қатар файлдық жүйенің I- блогына сәйкес келеді. Бұл қатар блок бос немесе бос емес екендігі туралы ақпараттан тұрады. Егер ол бос болмаса, онда бұл қатар файл аты мен қолдану аты көрсетіледі және қандайда бір қосымша ақпарат болуы мүмкін.

Ауыстыру барысында жүйе әртүрлі әрекет етуі мүмкін. Файл ашу барысында жүйе барлық каталог бойынша жүреді және файлдың логикалык блоктарына сәйкес кесте тұргызылады не болмаса әрбір ауыстыру кезінде осы сәйкестікті іздеу жүзеге асырылады.

Файлдық жүйені мүндай ұйымдастыру бір рет қолданудағы шектерде бірдеңгейлі болып табылады, яғни барлық файлдар тораптармен байланысты.

3.Иерархиялык файлдық жүйе. Файлдық жүйенің барлық файлдары бағана деп аталатын құрылымда тұрғызылған. Бағана түбінде файлдық жүйенің түбі болады. Егер бағана түйіндері беттік болса, онда бұл файл каталогты файл болып табылады. Мүндай иерархиялық файлдық жүйеге ат қою әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі.

Бірінші түрі - файлға ат қою, жақын каталогқа сай болады, яғни біз Ғ0 каталогына жақын болатын файлды қарастырсақ - бүл файл 1 немесе Ғ2 файлы болады. Мұндай жүйеде ат қойғанда аттар бір деңгейде қайталана бермейді. Басқа жағынан барлық файлдар бағана көмегімен байланысты болғандықтан, біз файлдық жүйеден накты нақты файлға жол ашатын, барлық файл атгарынан тұратын файлдың толық аты туралы айта аламыз. ҒЗ файлының толық аты мына түрде белгіленеді: /ҒО/Ғ1/ҒЗ/.

Мұндай ұйымдастыру толық және қысқа атты файлдармен жұмыс істеуге мүмкіңдік береді. Толық атты файлдың өз жолы бар, ал кез келген бағана түбінен кез келген түйінге дейін бір- ақ жол болады, демек осымен аттарды ерекшелеу мәселесі шешіледі. Алғаш рет бұл 60- жылдар соңында

Беркли университетінде жасалған Multex операциялық жүйесінде қолданды. Бұл шешім көптеген операциялық жүйелер нәтижесінде пайда болады. Бұл жүйенің құрылымы ат қою мәселесі болмаған жағдайда көп рет қолдану жұмыстарын ұйымдасыру үшін жақсы және мұндай жүйе өте жақсы жетістіктерге ие.

4. Персонификация және операциялық жүйедеі мәліметтерді қорғау. Бұл нюанс қарапайым сонымен қатар күрделі. Қарапайымдылығы – ол туралы бірнеше сөз ғана айтамыз, күрделігі – ұзақ айтылатын мәселелері бар.

Персонификация – бұл нақты қолдану идентификациялаудағы операциялық жүйе мүмкіндігі және осыған сәйкес мәліметтерді сақтау бойынша әрекеттер қабылдай аламыз.

Егер біз MS DOS операциялық жүйесін қарастыратын болсақ, онда ол - бір рет қолданылады. Операциялық жүйесінің екінші деңгейі - бұл қолдануларды тіркеуге мүміндік беретін операциялық жүйелер, бірак барлық қолданулар кейбір субъектілерді жинақтау түрінде көрсетіледі және бір-бірімен байланыспайды. Мұндай операциялық жүйелерге мысал ретінде main frame – компьютерлер үшін IBM фирмасының кейбір операциялық жүйелері бола алады. Мысалы, дәріс беруші тыңдаушыларының қайсы топтан екенін білмейді, бірақ барлық отырғандар оның курсын қолданушылар. Бұл бір жағынан жақсы, бір жағынан жаман. Дәрісті тыңдау - бұл жақсы, бірақ осы дәріс беруші сұрак беру жаман, себебі ол бір күнде барлығынан сұрап үлгермейді. Оған барлық тындаушыларды қалайда бөлу керек, ал калай бөлу керек - белгісіз.

Осындай персонификация жағдайында функциялармен қамтамасіз етеді, бірақ ұйымдастыру қолдану тобының түзілуін болжамайды.

Құрылымдық ұйымдастыру тәсілдері. Құрылымдық ұйымдастыру – файлдық ақпараттарды орналастыру ережелерін анықтайды.

Құрылымдық ұйыдастыруды былай ажыратады:

  • байланысты файлдарды орналастыру

  • байланыссыз файлдарды орналастыру

Байланысты үлестіру кезінде файлдық. ақпаратты элементтері физикалық тасушыда орналасады. Адрестік аймақ бойынша (диск үшін-бұл секторлар). Мұндай тәсіл үздіксіз файлдар үшін тән, дискті кеңістікті қолданумен тиімді..

Бастапқы кемшіліктері - оның жеке элементтеріне жету және файл тазалауындағы қиындық. Бұдан басқа жазуларды есепке алуды жүргізу және дискті кеңістікті қолдану бөлшектер деңгейінде жүргізіледі. Блокты файлдарды тарату стратегиясы едәуір тиімді болып табылады. Бұл жағдайда араласқан бөлшектер үздіксіз немесе ауыспалы өлшем блоктарында біріктіріледі.

Байланыссыз үлестіру кезінде файлға жады бөлінеді, тасушының элементтері ретінде секторлар немесе блоктар болуы мүмкін. Бұл жағдайда басқару жүйесі бос блоктар немесе секторлардың тізімін жүргізеді. Олар қажет уақытта бөлінеді. Әр бөлінген кезде бос блок босатылып және оны сұраған файлдың бөлінген секторына байланыстырады.

Тізімде бос секторлар немесе блоктар қалмаған жағдайда жадыны бөлуге оның бос болмағандығынан бұғатталу фазасы болады.

Файлдарды ұйымдастырудың блоктік тәсілдері.

  1. Блоктык тізбекті құрылым

Белгілер

Адрестік бөлік деректер теруімен байланысқан және осымен байланысты келесі блоктың адресін табу үшін оны ОЖ-дыға оқу қажет..

Қарапайым орындалуы (блоктарды тізімге қосу және алу).

Бұл тәсілдің негізгі кемшілігі ол тізбекті блоктардың ішіндегі блоктарға тікелей қатынау мүмкінділінің жоқтығы. Белгілі кемшілікті жою үшін келесі тәсіл қолданылады, ол блоктты индексті үлестіру тәсілі..

2. Файлдарды блокты-индексті үлестіру.

Бұл кестелерде жолды енгізу үшін өрістер бар.

І-қадам. Индексті блокты файлға жалғау (тіркеу).

Физикалық блоктар алдын ала индексті блокқа жалғанбайды.

2-қадам. Әр физикалық блоктың файлмен байланысуы индексті тізімнің элементіне белгіленген блок адресі жазылуы арқылы жасалынады.

3-қадам. Блокқа адрестеу индексті белгілеу арқылы жасалынады.

3. Файлдар картасы арқылы үлестіру.

FAT файлдар үлестіру картасы. Бұл кестінң сыйымдылығы тасушыдағы деректер блогінің санына тең.

0... I 5-тасушыдағы физикалық адресі. Бұл үлестіру вариантында FAT блоктан бөлінген. FAT –та әр файлға блокаралық байланыс тізбекшесі беріледі..

Кестені қалыптастыру үшін екі өлшемді жиын қолданылады., мұнда жол саны дискідегі физикалық блок санына тең. Кестедегі элементтердің позициялайтын нөмірі дискідегі блок нөміріне сәйкес. Массивтің екінші элементі ағымдағы нөмірді байланыстырады және сілтейді. Әр ағымдағы нөмір тек қана беруімен байланысады. Директоридің адрестік бөлігінде тізбекшінің басқа блогінің адресі беріледі.

Блоктың ерекшелену принципі.

Стандарт-ерекшелену-файлды құру, файлға бірінші бос блокті қосымша блоктардан таусылғанша болады және бір блокты бірнеше файл қолдануы мүмкін емес. Бұл тәсілдің негізгі кемшілігі ол жұмыстың тиімділігі әсер ететін дискілік жадының колемінің шектелуі.

Файлдық жүйе менеджері (ФЖМ) файлдық жүйедегі қажеттіліктердің жұмыс істеу тәртібін түзеді. Әрбір жеке талап осы тізімнің элементтері түрінде көрсетіледі (жүйелік тізім элементі ЖТЭ).

Сонымен ФЖМ функциясы екі параллель немесе тәуелсіз үрдістерді басқаруда анықталады:

Үрдістен файлдық жүйеге талаптар.

Талаптарга кызмет көрсету

Менеджердің нақты функциялары фазалар бойынша аяқталады:

I -фаза: оларды жұмыс істеу тізіміне қажет үрдістерден талаптар бойынша жүйелік тізім элементтірі.

2- фаза: жұмыс істеу тізімініне элементті таңдау және оның файлдық жүйе қызметіне берілуі.

Файлдық жүйе менеджерінің функциялану механизмдері синхронды қызмет ету жағдайына келіп түскен талаптардың біреуі ғана қабылданады (калғаны жабылады).

Асинхронды сұлба түрі - дестеленген қызмет ету. Талаптар жұмыс тізіміне асинхронды дестеленіледі. Элементтер талаптар түсудің шамасы бойынша белгілі қадамға дейін түзіледі, содан кейін екінші фаза толығымен толтырылады. Одан келіп түскен талаптар не жабылып қалуы мүмкін, не болмаса қабылдануы мүмкін.

ФЖМ- толық асинхронды кызмет ету барысында екі тәуелсіз урдіс түзеді

1 - олардың түзілу шамасы бойынша

2 – олардың қызмет етуі.

ФЖМ негізгі функциялары сұлбамен және жүйелік тізім элементтері аныкталады.

ЖТЭ- бұл нақты файл бойынша талаптарға қызмет ету үшін қажетті мәліметтер келтірілген параметрлік кесте.

ЖТЭ мыналар кіреді:

  • файл аты және файлдық жүйе бойынша анықталатын талап етілген функция

  • талап етілген үрдіске қайтарылатын мәлімет коды.

  • тарату қызметі үшін арна нөмсрі, яғни физикалық құрылғы және оперативті жады арасындағы деректреді беру

  • Жады картасының индексі - файл және оперативті жады арасындағы деректер алмасу арқылы жады мекенін анықтау

- Жүйелік қызметтегі элемент өлшемі

Файлды сақтау және қорғау. Файлдық жүйенің негізгі қызметі – үлкен көлемдегі томдармен жумыс істеу (300-500 Мб және одан да көп).

Файл келесі атрибуттармен көрсетіледі:

  • стардартты өлшем 8,3 және оданда жоғары файл аттары;

  • атрибуттар тізімі;

  • қорғау дискрипторы – қатынау құқығын анықтайды;

  • деректер;

  • түбірді индекс, ол үлкен каталоктағы файлдар атарының индексін анықтайды.

Файлдық атрибуттан басқа, қызмет көрсету ұғымында қолданылады, ол функцияларды анықтайды, ал нақты айтатын болсақ файлдар жұмысын регламенттейді.

Файлды оқу/жазудан басқа:

  • акпаратты орнату;

  • кеңейтілген атрибуттарды орнату;

  • корғаныс орнату.

NTFS файлдық жүйесінде қорғау ережесі бойынша кызмет көрсетуде келесілер регламентеледі:

R-оқу

X - орнату

W - жазу

D - жою

P - кеңейтілудің өзгеруі

О - иесінің өзгеруі

Аll - барлық қатынас.

Файлды көшіру және құру кезінде аталық қатынас құқығы пайда болады.

Файлды NTFS-тан FАТ-ка трансформаттағанда барлық корғаныс құқығы жоғалады. Unіх операциялық жүйесінде файлдарға катынаудың үш базалық санаттары бар, олардың әр қайысысында сәйкесше қатынас құқығы орнатылған:

1 . User access (u) — файлды қолданушы иесі үшін

  1. Group access (g) — файлдар иесі болатын тобтағы мүшелер үшін

  2. other ассеss (o) - суперқолданушылардан басқа қолданушылар үшін.

Unix ОЖ- гі қорғаныс келесі ережелер мен постулаттарға негізделген:

\ . Сыртадамдарға қызықты файлдарды шифрланған түрде сақтау керек;

2. Өндіруші фирма көрсеткішін колдау және қорғаныс сұрақтары бойынша Usenet -телеконференция хабарлау.

security@cpd7com - қорғаныс туралы жалпы сұратулар.

Жүйеге кіруге мүмкін болатын нүктелерге ерекше бақылауды жүзеге асыру. Оларға: бюджет топтары, әлсіз парольдер бюджеті анонимді ftp жатады. Интернетке қосылу жүйесіндс tripwire, Crack, COPS типті қақпақ орналастыру. Осы орнатылған қақпақтан келіп түскен ақпараттарды талдау. Қалыпты жұмыстан кейінге қалуды бақылау, ягни жүйенің функциялауы бойынша күнделікті есеп беру ақпаратын жүйелік файлдарға сұратуды орындау бойынша, аттар және парольдер бойынша талдай білу.

Меншік корғыныс құралдарын өңдеу. Парольді бақылау - ол файл паролінің өзгеруін анықтау, пароль сапасына және парольдің болмауына байланысты. Парольді бақылау үшін жиі-жиі /etc/passwd файлын тексеріп туру керек. (кемдегенде екі аптада бір рет бақылауды жүзеге асыру керек).

Жауапкершілігі көбірек парольдерге жасырын парольдерді файлды қолдануды, мысалы /etc/shadows және каталогті басынан форматтауға дейін.

Параллельді алып тастау бойынша бақылау: Парольді ауыстыру, ол пұрсатталған пІайдаланушының паролін ауыстыру сиякты арнайы утиліттер арқылы жүзеге асырылады. Пұрсаттылықты бақылау: тіркелген аттардың сәйкестігі және UID идентификаторында олардың статусы.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Файлдық жүйе түсініктемесі

  2. Файл түсініктемесі

  3. Файл мен алмасуды қамтитын функциялар

  1. Каталог қүрылымы

  2. НРҒS файлдық жүйесі

  3. Құрылымдық ұйымдастырудың тәсілдері

  4. Байланысты үлестірудің кемшілігі

  5. Файлдарды блокті ұйымдастыру тәсілдері

  6. Файлдарды блокті-индексті үлістіру тәсілдерінің белгілері

  7. Кандай битті белгілер файлдың атрибутында жазылады

  8. Файлдык жүйе менеджерінің функциялары

  9. Асинхронды қызмет көрсету кезінде менеджердің орындалу механизмы

  10. Синхронды кызмет көрсету кезінде менеджердің орындалу механизмы

  11. Unix ОЖ-де файлға қатынас құратын базалық класстар

  12. Қандай есептер жадыны диспетчерлеу кезінде туады

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Э. Таненбаум. Современные операционные системы. СПб, Питер, 2002, 1040 стр.

  2. Н.А. Олифер, В.Г. Олифер Сетевые операционные системы. СПб, Питер, 2001, 544 стр.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Математика және информатика кафедрасы iconМатематика және информатика кафедрасы
В060200 «Информатика» мамандығының күндізгі нысанда оқитын студенттеріне арналған «Жасанды интеллект жүйелері» пәнінің
Математика және информатика кафедрасы iconМатематика және информатика кафедрасы
В060200 «Информатика» мамандығының күндізгі нысанда оқитын студенттеріне арналған «Экономикалық есептеулердің бағдарламалық құралдары»...
Математика және информатика кафедрасы icon«Жаратылыстану» факультеті “Информатика” кафедрасы ОҚУ Әдістемелік кешен
Информатика” пәні бойынша 050110 “Физика”, 050109 “Математика” мамандықтарының студенттері үшін
Математика және информатика кафедрасы icon«жібек жолы» мектеп-лицеі информатика Физика, математика, информатика кафедрасы Тақырыбы
«ПӘнді оқытуда жаңа педагогикалық, АҚпараттық-коммуникативтік технологиялардың МҮмкіндіктерін қолдану формалары»
Математика және информатика кафедрасы icon0 «Математика және экономика» факультеті «Жоғары математика және физика» кафедрасы “ Математикалық талдау”
«Информатика» мамандығының 1- курс студенттеріне І– семестрде «Математикалық талдау» пәніне типтік оқу жоспарына сәйкес 4 кредит...
Математика және информатика кафедрасы iconТитульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Ф
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
Математика және информатика кафедрасы iconТитульный лист программы обучения по дисциплине (Syllabus) Ф
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
Математика және информатика кафедрасы iconПрограмма дисциплины «Иностранный язык как инструмент научной работы» для направления 010400. 68 «Прикладная математика и информатика»
Программа предназначена для преподавателей, ведущих данную дисциплину, и студентов направления подготовки 010400. 68 "Прикладная...
Математика және информатика кафедрасы icon0 «Математика және экономика» факультеті «Жоғары математика және физика» кафедрасы “
Теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелері тақырыптары бойынша сабақтардан, үзінділері
Математика және информатика кафедрасы iconХимия кафедрасы
Жолымбаев О. М. физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының доценті
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница