Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы




НазваниеҚазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
страница4/21
Дата конвертации21.02.2016
Размер2.72 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.urzhar.vko.gov.kz/kz/files/electron1_01.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Саланы дамытудың негізгі бағыттары

      Елдің кен металлургиясы кешенін дамытудағы мемлекеттік саясаты мынадай бағыттарды іске асыруға бағытталады:
      ірі кәсіпорындардың негізгі (базалық) металдар өндірісін ұйымдастыруы;
      шағын және орта бизнес кәсіпорындарының базалық, жерде сирек және өте сирек кездесетін металдар негізінде жоғары бөліністі, қосылған құны жоғары түпкілікті өнім өндірістерін ұйымдастыру.
      Сонымен қатар минералды шикізаттың кешенді өңделуін қамтамасыз ету үшін кендер мен концентраттар экспортының үлесін азайтуды ынталандыратын шаралар кешені қабылданады.
      Жаңа бөліністерге бағытталған, экспортқа бағдарланған дамыту
болжанып отырған өндірістер:
      1) қара металлургияда болат өндірісінің қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайту бойынша 2018 жылы ірі жоба іске асырылады (Қарағанды облысы). Сонымен қатар бесжылдық кезеңде ферросиликомарганец өндірісінің жылдық көлемі жылына 64,8 мың тоннаға, феррохром көлемі жылына 440 мың тоннаға дейін ұлғайтылатын болады;
      2) түсті металлургияда бастапқы алюминий өндірісі 125 мың тоннаға ұлғаяды. Сонымен қатар жылына қуаты 250 мың тонна бастапқы алюминий өндіретін жаңа зауыт құрылысы басталады (Павлодар облысы). Сирек металдар және жерде сирек кездесетін металдардың кіші саласында 2014 жылға қарай жоғары технологиялық өндірістер саласында аса ірі әлемдік көшбасшы корпорациялармен (кемінде екеу) біріккен кәсіпорындар құрылады. Бұдан басқа, катод мысын шығару - 95 мың тоннаға, кеуекті титан шығару - 16 мың тоннаға, саф таза кварц өндіру - 16,5 мың тоннаға, мыс-молибден кенін шығару 2,5 млн. тоннаға ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар, 2016 жылы мыс концентратын шығару - 85 мың тоннаға (Шығыс Қазақстан облысы) ұлғайтылатын болады.
      2015 жылға қарай тантал өндіру 297 тоннаға, бериллий өндіру 2000 тоннаға дейін ұлғайтылатын болады.
      Сыртқы нарықтарға кезең-кезеңмен шыға отырып ішкі нарыққа бағытталу:
      қара металлургияда Қарағанды облысындағы индустриялық аймақта қосылған құны жоғары өнім шығаратын (кемінде үшеу) жоғары технологиялық аз тоннажды өндірістер құрылады. Сонымен қатар, Қостанай облысындағы болат прокаты өндірісінің жылдық көлемі 450 мың тоннаға, ыстық брикетті темір өндірісі жылына 1,4 млн. тоннаға ұлғайтылады;
      түсті металлургияда Павлодар облысында алюминийді қайта өңдейтін өндірістерді орналастыру үшін индустриялық аймақ құрылатын болады. Қуаты жылына 20 мың тонна прокат, жылына 10 мың тонна профиль өңдейтін алюминийді қайта өңдеу бойынша аз тоннажды өндірістер құру  жоспарлануда. Бұдан басқа, алтынның шығарылымы (Доре балқымасы, катодты алтын) жылына 15 тоннаға артады, сондай-ақ қуаты жылына 25 тонна алтын аффинажының өндірісі игеріледі;
      жоғары бөліністегі металлургия өнімін өндіру саласында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстарында 25 шағын және орта кәсіпорын құрылады.
      Мынадай жобаларды іске асыру көзделіп отыр:
      Қостанай облысы - ыстық брикетті темір - жылына 1,4 млн. тонна;
      Қостанай облысы - сұрыптық прокат - жылына 75 мың тонна;
      Қостанай облысы - металл прокаты - жылына 450 мың тонна;
      Жамбыл облысы - ферросиликомарганец - жылына 64,8 мың тонна;
      Ақтөбе облысы - феррохром - жылына 440 мың тоннаға дейін;
      Ақмола облысы - кен өндіру - жылына 8 млн. тонна, алтын өндіру - жылына 15 тонна;
      Павлодар облысы - мыс концентратының өндірісі - жылына 100 мың тонна. 2015 жылы іске қосу жоспарланып отыр;
      Павлодар облысы - бастапқы алюминий өндірісі - жылына 125 мың тонна;
      Шығыс Қазақстан облысы - мыс концентратының өндірісі - жылына
85 мың тонна, катод мысының өндірісі - жылына 25 мың тонна. 2016 жылы іске қосу жоспарлануда;
      Шығыс Қазақстан облысы - кеуекті титан өндірісі - жылына 16 мың тонна;
      Шығыс Қазақстан облысы - катод мысының өндірісі - жылына 70 мың тонна;
      2018 жылы Қарағанды облысында болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып, ірі жобаны іске қосу жоспарлануда.
      Бұл жобаны іске асыру кезеңдері:
      № 2 домна пешін реконструкциялау.
      Инвестициялау сомасы - 109,3 млн. АҚШ доллары. 2011 жылдың қарашасында пеш қыздырылуға қойылды. Алғашқы шойын (құрамында 2 %-дан жоғары кремний бар) 2012 жылғы 29 сәуірде, 10 мамырда - қолданбалы шойын (құрамында 0.8-1 % кремний бар) алынды;
      № 3 дайындамаларды үздіксіз құю машинасын жаңғырту.
      Инвестициялау сомасы - 37,4 млн. АҚШ доллары. 2011 жылғы қарашада пайдалануға берілді. № 3 машина жұмыс параметрлеріне 2012 жылғы сәуірде шықты;
      «Linde» фирмасының оттегі өндірісінің ауаны бөлу блогын салу.
      Инвестициялау сомасы - 125 млн. АҚШ доллары.
      Жоба 2012 жылдың 25 желтоқсанында іске қосылды;
      домналық газдағы қазандық станциясын салу.
      Инвестициялау сомасы - 18,5 млн. АҚШ доллары. 2012 жылғы 15 желтоқсанда іске қосылды;
      № 3 домна пешін реконструкциялау.
      Инвестициялау сомасы - 130 млн. АҚШ доллары. «Пауль Вюрт» фирмасымен (Люксембург) келісімшарт жасалды. Алда инжинирингтік (жобалық) жұмыстарды орындау тұр.
      2012 жылғы 5 желтоқсанда пеш күрделі жөндеуге тоқтатылды.

      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
      Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету
      Ақсу-2 (Павлодар облысы), Дөң (Хромтау, Ақтөбе облысы), Жіңішке (Ақтөбе облысы) станцияларындағы темір жолдың өткізу қабілетін арттыру мәселесі пысықталады.
      Іске асыру жоспарланған инвестициялық жобаларды энергетикалық және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер пысықталатын болады.
      Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
      Тау-кен металлургия саласы үшін мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілік Қазақстанның ЖОО-да және ТжКБ оқу орындарында кадрлар даярлау есебінен қамтамасыз етіледі.
      Жұмыс орындарында жеке жетекшілер бекітіле отырып, өндіріс кәсіпорындарында 3 ай мерзім өндірістік тәжірибеден өту жүйесі енгізіледі.
      Техникалық регламенттерді енгізу
      Техникалық реттеу саласын жетілдіру мақсатында металлургия саласында: металлургия мен металл өңдеу бойынша 4 техникалық регламент, халықаралық талаптармен үйлестірілген Қазақстан Республикасының 311 мемлекеттік стандарты, оның ішінде сынақтар әдістеріне 162, өнімге 148, сондай-ақ менеджмент жүйесіне 1 стандарт әзірленіп енгізілетін болады. Қабылдауға ұсынылатын стандарттардың 156-сы металдарға, 85-і металл материалдарына; 1-еуі менеджмент жүйесіне, 58-і металл материалдарын өлшеу және сынақ әдістеріне бағытталатын болады. Бұдан басқа, металдар мен металдан жасалған бұйымдардың сапасын өлшеуді метрологиялық қамтамасыз ету үшін қаттылықтың жоғары дәлдікті шараларын жасау мақсатында қаттылық шәкілдері бойынша мемлекеттік эталондарға жаңғырту жүргізу қажет.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
      Саланы ғылыми-техникалық дамыту мақсатында 2014 жылға қарай
Шығыс Қазақстан облысында Металлургия және жоғары технологиялар
орталығының жанынан өзіне тән қасиеттері бар жаңа материалдар ала отырып, минералды және техногендік шикізатты қайта өңдеудің жаңа технологияларына тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу үшін қондырғылар салу мәселесі пысықталады.
      Кәсіпорындарды жүйелі мониторингтеу, металлургия мен металл өңдеу өнімдерінің қосылған құнын қалыптастыру үдерістерін талдау және бақылау жүргізіледі.
      Бизнестің инновациялық белсенділігін арттыру үшін еңбек өнімділігінің, энергия тиімділігінің жоғары көрсеткіштеріне және өндірістің экологиялылығына қол жеткізу мақсатында металлургия мен металл өңдеу кәсіпорындарын жаңғыртуға арналған инновациялық гранттар бөлінеді. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) жүргізу үшін, сондай-ақ жабдық лизингін жеңілдікпен қаржыландыруға гранттар бөлінетін болады.
      Тау-кен металлургиясы кешені саласындағы инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде түйінді технологиялық міндеттерді шешуге және озық ғылыми-технологиялық жаңа бағыттарды дамытуға басымдық берілетін болады.
      Технологиялық болжамдау қорытындылары бойынша тау-кен металлургиясы кешені саласында мынадай сындарлы технологиялар айқындалды: түсті металдардың қорытпаларын, кешенді ферроқорытпаларды өндіру технологиялары, темірді тікелей қалпына келтіру, металдарды сілтісіздендіру, тозуға төзімді қорытпаларды балқыту, тозуға төзімді және ыстыққа төзімді бұйымдарды құю технологиялары, шойыннан, болаттан, түсті металдардан бұйымдар құю технологиялары, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру мен барлаудың, техногендік кен орындарын қайта өңдеудің, ұжымдық концентраттар алудың, таза металдарды тікелей алудың, байытуы қиын және сапасы төмен шикізаттарды байыту мен қайта өңдеудің геологиялық-геофизикалық әдістерінің технологиялары. Аталған сындарлы технологияларды дамыту нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігін іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
      Саланың минералды шикізат пен жоғары бөліністі металлургиядан пайдалы құрауыштарды кешенді алу жөніндегі инновациялық-технологиялық база жасалып, қолданысқа енгізіледі.
      Мыналар:
      1) тау-кен кәсіпорындарындағы негізгі өндірістік процестерді автоматтандыру жөнінде жобалар әзірленіп, іске асыру мәселелері пысықталатын;
      2) импорттық технологияларды бейімдеу мен жаңғырту тетіктері дайындалатын болады.
      Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау
      Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салынатын базаны ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізу шығыстарының 150 %-на қысқарту жолымен ҒЗТКЖ дамытуды ынталандыру.
      Мемлекет қатысатын жобаларды іске асыру кезінде жергілікті қамтуды дамыту мақсатында осы жобаларды іске асыру үшін металл өнімін жеткізудің басым құқығы отандық өндірушілерге қамтамасыз етіледі.
      Саланың дамуын қолдау жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін басымдықпен сатып алуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Жоғары бөліністі өнімдер алу мақсатында ішкі нарықта металдар өткізуді ынталандыру үшін шаралар қабылданады.
      Қазақстан экономикасын әртараптандыруда және қосылған құн жасауда, оның ішінде жергілікті қамтуды, технологиялар трансфертін дамыту, жаңа өнім түрлерін игеруді ынталандыру арқылы тау-кен металлургиясы кешенінің ірі жүйе құраушы компанияларының қатысуы бойынша жүйелі шаралар әзірленетін болады.
      Ресурстық қамтамасыз ету
      Ресурстық базасы шектеулі отандық компанияларға шетелде тау-кен активтерін сатып алу үшін жәрдем көрсетіледі.
      Теңгерімделген, қиын байытылатын кендер мен концентраттарды және үйінділерді өңдеу, сондай-ақ қайталама шикізатты (қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары) пайдалану бойынша тиімді технологиялар әзірленеді және енгізіледі.
      Мыналар:
      1) халықаралық стандарттарға сәйкес пайдалы қазбалар қорын бағалау және есепке алу жүйесін құру;
      2) техногендік минералдық түзілімдерді (ТМТ) өнеркәсіптік пайдалануға тарту процестерін басқару жүйесін құру;
      3) іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізудің бірінші кезекті учаскелерін бөле отырып, болжамды ресурстардың жай-күйі мен орналастырылуына бағалау жүргізу мәселелері пысықталатын болады.
      «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ) тау-кен металлургиясы кешенінде жер қойнауын пайдалануға иеліктен шығарылатын құқықтарды сатып алу бөлігінде мемлекеттің мүддесін қамтамасыз етеді және пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге және өңдеуге қатысатын болады.
      Заңнаманы жетілдіру
      Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын бекіту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне өкілеттіктер беру бөлігінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына өзгерістер енгізіледі.

Химия өнеркәсібі

      Ескерту. Параграфқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2013 N 607; 07.03.2014 N 762; 25.12.2014 № 984 Жарлықтарымен.

Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау

      Әлемдегі химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлемі шамамен 2 трлн. АҚШ долларын құрайды. Әлемдік өндірістегі қазақстандық өндірістің үлесі - 0,04%, елдің өнеркәсіптік өндірісінің көлемінде - 1,61%, елдің өңдеуші өнеркәсібінің көлемінде - 4,84%-ды құрайды.
      2008 жылдың қорытындылары бойынша сала өнімі экспортының көлемі 101 млрд. теңгені немесе шамамен 0,84 млрд. АҚШ долларын, ал импорт - 92 млрд. теңгені немесе 0,76 млрд. АҚШ долларын құрады.
      Саланы дамытудың проблемаларына мыналар жатады: шикізатты өңдеу деңгейінің төмендігі; өнімнің халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келмеуі; саланың технологиялық және техникалық артта қалуы; негізгі қорлардың тозуы (80%-дан жоғары); негізгі қорларды жаңарту коэффициентінің төмендігі (жылына 1-1,5%); одан әрі бөлу өнімдерін өндіру үшін бірқатар базалық өндірістердің болмауы; білікті кадрлар тапшылығы.
      Қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті химия өндірістерін жобалау жөніндегі инжинирингтік қызметтердің (талдамалық зерттеулер, жоба алды, жобалық құжаттама, жабдықтарды, технологияларды жобалау, құрылысты бақылау, қызметті сүйемелдеу) толық кешенін жүзеге асыруға қабілетті инжинирингтік компаниялар жоқ екені рас.

Негізгі міндет

      Қосылған құны жоғары жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған және инновациялық өнім шығаруға бағытталған химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті басым өндірістерін дамыту.

Нысаналы индикаторлар

      1) Жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде кемінде 70 %-ға ұлғайту.
      2) Химия өнеркәсібі өнімінің экспорт көлемін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 38 %-ға ұлғайту.
      3) Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруде еңбек өнімділігін 2008 жылғы деңгейге қарағанда нақты мәнде 2 есеге ұлғайту.

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Р/с


Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Өлшем бірлігі

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Жаңа химиялық өнімдер түрлерінің өндірісі ұйымдастырылды

ИДМ

дана

-

-

5

5

5

6

2

Каустикалық сода

ИДМ

мың тонна

-

-

30

30

30

30

3

Хлор

ИДМ

мың тонна

-

-

9,6

9,6

9,6

10

4

Тұз қышқылы

ИДМ

мың тонна

-

-

45

45

45

44,5

5

Натрий гипохлориті

ИДМ

мың тонна

-

-

6,6

6,6

6,6

5

6

Минералды тыңайтқыштар

ИДМ

мың тонна

251,7

254

257

260

260

400

7

Химиялық шикізатты қайта өңдеу және байыту бойынша жаңа қуаттарды енгізу

ИДМ

дана

-

-

-

2

3

4

8

Күкірт қышқылы

ИДМ

мың тонна

997

997

1177

1177

2527

2350

9

Аммонит

ИДМ

мың тонна

-

-

-

15

15

15

10

Биопрепараттар және гуматтар (өсу стимуляторлары)

ИДМ

мың тонна

-

-

0,6

0,6

0,6

0,6

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Похожие:

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық...
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Тан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының...
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница