Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік




НазваниеДәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік
страница1/12
Дата конвертации20.02.2016
Размер1.7 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/63a6a462-76d3-11e4-a79f-f6d299da70eeУМКД -3.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Балық және аралардын инвазиалык аурулары

Дәріс -1. Кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік

Кіріспе.

Балық шаруашылығы туралы түсінік.

Халық саны жыл сайын 12ж милрядқа өсуде.Африкада мемлекетде азық тапшы. Дүние жүзінің көп бөлігін азық құрайды. Балық шаруашылығы халық шаруашылығының бір бөлігі.

2007ж-113млн тонна балық ауланған,ал жеуге 17кг балық булар өсе түсуде.Балықты табиғи су көзі көл.теңіз,өзен,сулардан қоса қолдан жасалған балық өсірген су көзінен де ұстайды.Балық және басқа органдарда су жәндіктерін арнайы орындарда қолдан көтеру аквакультура деп атайды.Аквакультурамен алғашында кішігірім шаруалар айналысатын ал қазір ірі кәсіпорындарда айналысуда. 2007ж есеп бойынша балық шаруашылықтары өндірген.Және бұл көрсеткіш жыл сайын өсе түсуде бұл балық өнімдерімен айналысады. Балық шаруашылығын өсіруде мүмкіндігі жоғары.Табиғаты бай өзен,көлдері мен Арал,Каспий теңіздері бар.

Қазақстанда бірнеше балық шаруашылығы бассейні бар. Каспий, Арал теңізі, Зайсан, Балқаш, Алакөл, Қапшағай, Бұқтырма, су қоймалары Ертіс, Сырдария сияқты су көзінің маңызы зор.

Шығыс Қазақстанда балық шаруашылығы аймағы Зайсан көлі,Ертіс өзені, оның салалары құрайды. Бұл су көздері жалпы суынын ортақтығын білдіреді. Ақбалық, Слан, Албырт балықтарын жалпы Ертіс өзені 27 балық түрі бар. Шортан, Көксерке, Майқап, Көкшұбар, Қараауыз, Тарамбалық, Алабұға, Шәлім т.б балықтар. 1-ші орында табан балық жатады. Алабұға таутан жатады. 46,7% құрайды 2,5% көксерке ,4,5% алабұға, 3% cүйрек.

Шығыс Қазақстан облысына қарасты 2-6 тонна балық Жоғарғы Ертісте. Өскемен су қоймасы -52 жылы құрылған тереңді 6-46 метрге жалпы ауданы-37км негізінен Көксерке, Табан ауланады.

Репус-деген балық Өскеменде ауланады. Шульбинск су қоймасы аумағы 72метр жалпы аумағы-30мл барады. 500тоннаға дейін балық аулауға болады. Каспий теңізі, Зайсан, Алакөл, Сасықкөл аумағы күрт азайды.


Халық саны 12 жыл сайын бір миллярдқа өсуде.Африкада мемлекетде азық тапшы. Дүние жүзінің көп бөлігін азық құрайды. Балық шаруашылығы халық шаруашылығының бір бөлігі.

2007ж-113млн тонна балық ауланған,ал жеуге 17кг балық булар өсе түсуде.Балықты табиғи су көзі көл.теңіз,өзен,сулардан қоса қолдан жасалған балық өсірген су көзінен де ұстайды.Балық және басқа органдарда су жәндіктерін арнайы орындарда қолдан көтеру аквакультура деп атайды.Аквакультурамен алғашында кішігірім шаруалар айналысатын ал қазір ірі кәсіпорындарда айналысуда. 2007ж есеп бойынша балық шаруашылықтары өндірген.Және бұл көрсеткіш жыл сайын өсе түсуде бұл балық өнімдерімен айналысады. Балық шаруашылығын өсіруде мүмкіндігі жоғары.Табиғаты бай өзен,көлдері мен Арал,Каспий теңіздері бар.

Қазақстанда бірнеше балық шаруашылығы бассейні бар. Олар Ертіс- Зайсан, Каспи – Жайық, Сырдария – Арал, Каспий, Арал теңізі, Зайсан, Балқаш, Алакөл, Қапшағай, Бұқтырма, су қоймалары Ертіс, Сырдария сияқты су көзінің маңызы зор.

Шығыс Қазақстанда балық шаруашылығы аймағы Зайсан көлі,Ертіс өзені, оның салалары құрайды. Бұл су көздері жалпы суынын ортақтығын білдіреді. Ақбалық, Слан, Албырт балықтарын жалпы Ертіс өзені 27 балық түрі бар. Шортан, Көксерке, Майқап, Көкшұбар, Қараауыз, Тарамбалық, Алабұға, Шәлім т.б балықтар. 1-ші орында табан балық жатады. Алабұға таутан жатады. 46,7% құрайды 2,5% көксерке ,4,5% алабұға, 3% cүйрек.

Шығыс Қазақстан облысына қарасты 2-6 тонна балық Жоғарғы Ертісте. Өскемен су қоймасы -52 жылы құрылған тереңді 6-46 метрге жалпы ауданы-37км негізінен Көксерке, Табан ауланады.

Репус-деген балық Өскеменде ауланады. Шульбинск су қоймасы аумағы 72 метр жалпы аумағы-30мл барады. 500 тоннаға дейін балық аулауға болады. Каспий теңізі, Зайсан, Алакөл, Сасықкөл аумағы күрт азайды.

Балық шаруашылықтары туралы түсінік.

Дүние жүзінің азық өнімдерін балық құрайды. 2007 жылғы есеп бойынша 113 млн тонна балық ауланған. Балықты мұхит, өзен, теңіз, көл және қолдан жасалған су көздерінен де аулайды. Балық және басқа су жәндіктерін арнайы орындарда өсіру авакультура деп аталады.

Авакультураны алғашында кішігірім шаруашылықтар айналысқан, қазір кәсіпорындар да айналысып, аса тұқымды балықтарды өсіруде.

2007жылғы есеп бойынша: балық және балық өнімдерінің 44% -осындай шаруашылықтар өндірген және бұл көрсеткіш жыл сайын өсе түсуде. Балық шаруашылығын өркендетуде Қазақстанның мүмкіншілігі зор. Оның табиғаты бай, өзен көлдері көп, Арал, Каспий теңіздері бар. Қазақстанда бірнеше балық шаруашылық бассеиндері бар, оларды:

  • Каспий, Арал теңіздері

  • Зайсан, Балхаш, Алакөл көлдері

  • Қапшағай, Бұқтырма, Шүлбі су қоймалары

  • Сырдария, Ертіс, Жайық ірі су көздері құрылған

Өзіміздің Шығыс Қазақстанда да Зайсан, Ертіс, Алакөл, оның салалары құрайды және Өскемен су қоймасы да бар. Су көздері жалпы сууының бірдейлігімен ортақтығымен ерекшеленеді.

Шығыс Қазақстан Ертістің балық шаруашылығында аса бағалы Бекіре, Таймень, Ақбалық, Сүйрік(қызыл балық) 27 түрлі балық түрі бар.

Ертістің жоғары жақтарында 2-6 тонна ғана балық ауланған. Яғни балық шаруашылығы дұрыс қойылмаған.

Бұқтырма – ең үлкен балық шаруашылығы. Ұзындығы – 370 км, ені – 35 км, ең терең жері – 70м. Жылына – 12000-12500 балық аулауға болады.

Өскемен су қоймасы – 1952 ж. құрылған, ұзындығы – 71 км, ені – 400-750 км, тереңдігі – 46 м, аумағы – 37 км². Мұнда көкшұбар балық ауланады.

Шульбинск су қоймасы – ұзындығы – 72 км, жалпы аумағы 245 км², тереңдігі – 30 м.

Қазақстанда кәсіптік балық – Каспий, Зайсан, Алакөл, Сасықкөл осы көлдерден ауланады.

Арал, Балхаш көлдер аумағы кішірейген. Тиімсіз балық шаруашылығы жүргізіліп, балық өсірмей, тек аулап, санын азайтты. Соның салдарынан балық шаруашылығы экономикасы тым төмен, құлдырап кетті. Оның шешімі: авакультурасымен айналысу және балық биотехнологиясын өте жақсы меңгеру қажет.

Балық аулау жағдайы

ШҚО су қоры ұлан-байтақ жерді алады, көптеген суқоймалар балық шаруашылғы болып табылады. Қазіргі кезде балық қорын қорғау және қолдану оңтайлы жағдайда емес. Бұқтырма су қоймасында жыл сайын 6,0-9,0 мың тонна балық ауланады, Шүлбі су қоймасында – 100-360 тонна, Алакөл көлінде – 200т. Ертіс өзенінде – 5-15т, облыстағы өзендерде – 10-15т.

ШҚО балық шаруашылық су қоймалары бойынша 2010 ж. ауланған балық 2369,00 тоннаны құрады.

Шүлбі су қоймасындағы балық аулау жағдайы.

Шүлбі су қоймасы орта өнімді су қойма болып табылады. Қазіргі кезде Шүлбі су қоймасы балық өсіруден гидралогиялық тәртіп бойынша қолайсыз болғанына қарамастан ШҚО маңызы жағынан 2-ші балық кәсіпшілік су қоймасы болып табылады. Балық өнімінің негізін торта және алабұға сонымен қатар табан құрайды. Көксеркенің саны және оны аулау біртіндеп өсуде. Су қойманың биоценоз процесінің қалыптасуы аяқталған жоқ, оған жіңішке денелі мөңке мен жіңішке денелі өзен шаянының пайда болуы және тез таралу дәлелдері айғақ болуда.

Балық аулау бөгеннің жеке бөліктері бойынша да және жыл мезгілдері бойынша да жүргізіледі. Балық аулаудың нәтижесі бойынша қыс (0.39-0.49кг/тор) және күз (0.54-0.99кг/тор) мезгілдерінде балық аз ауланады, ал көктемде және жазда балықтың торға түсуі 2-3 есеге көбейеді (0.99-2.6кг/тор). Балық аулаудың жоғарғы көрсеткіші барлық жыл мезгілінде су қойманың орта бөлігінде нәтижелі болады (0,99-2,6 кг/тор). Бөгеннің жеке бөліктеріндегі жалпы балық өнімділігі 73-86 кг/га, ал орташа 79 кг/га –ны құрайды. Балық өнімділігін көбейту және балық өсіру тиімділігін арттыру мақсатында Алтай филиалының қызметкерлері Зайсан-Ертіс балық қорғау басқарма қызметкерлерімен біріге отырып, балық пен суды пайдаланудың қажетті көлемі жасады.

Шүлбі су қоймасындағы балықтың қорын қорғауды, пайдалануды және қайта өндіруді оңтайлату мақсатында ұсынылады:

  • торта, алабұга, табанның қорларын пайдаланудың өсін көбейту мақсатында міндетті түрде аумен аулауды енгізу;

  • жасанды уылдырықтау қоймасын орнату бойынша міндетті шаралар көлемін жүргізу.

Бұқтырма су қоймасындағы балық аулау жағдайы.

Бұқтырма су қоймасы – Жоғарғы Ертіс бассейнінің көлемді және өнімді суқоймасы, ол жалпы биоөнімнің 80-90% береді. Бұқтырма су қоймасында қазіргі кезде жергілікті ихтиофаунасы құрамындағы балықтың 16 түрі мекендейді, соның ішінде өнімділері – шортан, алабұға, торта, аққайран, оңғақ, мөңке, лақа, сонымен қатар – табан, көксерке, сазан, көкшұбар, ал бекіре, ақбалық-нельма, таймень мүлде құрып кетті, шортан, оңғақ, мөңке, таутан, сазан, лақа сияқты балықтар аулауға өз маңыздарын жоғалтты. Балық аулау табысының негізін жерсіндірілген – табан және көксерке құрайды. Соңғы жылдары, деңгейлі тәртіпті жасанды реттеу балық өндірісіне жағдай жасап отырғанда, осы немесе басқа уақыт кезеңіндегі табиғи сулылық балықты қайта өндіруде үлкен рөл атқара бастады. Судың аз болған жылдары, өзендерде тасқын шамалы кезінде, балықтар негізінен су қоймалардың жағалауларында уылдырықтайды. Судың мол жылдарында, тасқын жеткілікті болғанда, балықтың көп бөлігі өзендерде уылдырықтайды.

Бұқтырма су қоймасының салынғанына 40 жыл болды. 60-80 жылдары балықтардың және омыртқасыз жануарлардың жаңа түрлерін жерсіндіру жұмыстары жүргізілді, сонымн қатар жергілікті түрлердің популяцияларының жаңа өмір сүру жағдайына бейімделу өзгерістері жүрді, осы аз тарихи кезеңде тұрақты ихтиоценоз қалыптасуы мүмкін емес еді. Биоценозда сукцессиондық процестер әлі ұзақ уақыт жүретін болады.

Табанның популяциясы 80 ж-ң ортасына дейін және көпшұбардың популяциясы 90 ж-ң ортасына дейін азық-түлікпен жеткілікті қамтамасыз ету нәтижесінде тез дамыды; даралардың өсуі және көбеюі жоғарғы қарқынмен жүрді. Азық қоры азайғаннан кейін бұл даралардың биологиялық көрсеткіштері күрт төмендеді, паразиттік ластау көздері пайда болды, ауру көбейді. Нәтижесінде табанның тоғандарда және көкшұбардың тереңсулы учаскелерде супербасымдылығы қазір сұрақ астында.

Соңғы жылдары көксеркеге сұраныс көбеюде , оның нарықтық бағасы басқа балық өнімдеріне қарағанда 3-5 есе қымбат. Осығын сәйкес кәсіпшіліктің беталысы да өсуде. Бір нәрсе белгілі – Бұқтырма суқоймасы барлық параметр бойынша қазір де, болашақта да Ертіс бассейніндегі негізгі балықөндіретін суқойма болады.

Көктемде көлді-өзенді бөлікте тор арқылы аулау жоғары болады, ондағы аулау мөлшері өзен сағасы маңындағы кеңістікте 16,3 кг/тор , орташа 5,17, жазда 6,21 кг/тор орташа мөлшерде 4,02, бірақ бұл жерде балық аулауға шаянның тез өсуі және көптігі кедергі келтіреді. Таулы бөлікте тормен аулау 0,22-ден 3,05-ке дейін құбылады, орташа тәулігіне 1,32 кг/тор. Күз кезінде аулау жаздағы сияқты орташа 1,28 кг/торды құрайды.

Бұқтырма суқоймасындағы бағалы балық қоры ақырындап азайып барады. Реттейтін органдардың негізгі міндеттерінің бірі көксеркені ғана өндіруден кәсіпшілікті барлық ихтиофаунаны игеруге қайта бағдарлау, аумен аулаудың үлесін арттыру, балықты қайта өңдеуді ұйымдастыру (балық ұны, фарш, консерва, т.б.).

Облыс суқоймаларындағы балық қорының жағдайы қазіргі кезде табиғи суқоймалардан 11 мың тонна балық өнімін өндіруге болатындығын көрсетеді. Ол үшін балық аулаудың тиімді тәртібі қажет, балықты аулауға тіркеу және бақылау жүргізу керек, табиғат қорғау құылымдарының жұмысын оңтайлату.
Бұқтырма су қоймасында табан саны бойынша ең басым балық түрі болып табылады, нәтижесінде лигулез ауруының таралуы болды. Онымен күресудің негізгі әдісі табанды қарқында аулау, бірақ бұл әдіс іс жүзінде экономикалық себептерге байланысты орындалмай жатыр.

Көксерке санын қатаң түрде реттеу қажет. Оны өндіру көлемі бекітілген лимитке сәйкес келу қажет. Су қоймаларда оның қорының көбеюі дерматофибросаркомамен ауруына әкеледі. Көксеркені облыстың кіші су қоймалары және көлдерінде өсіру жолы мен әдісін ойластыру қажет.

Бағалы жергілікті балық (шортан, оңғақ, аққайран, мөңке) түрлерінің санын жаңа «Су қорларын пайдаланудың ережелерін» қабылдағаннан кейін, Жоғарғы Ертістің гидрологиялық тәртібінің тұрақтанғанынан кейін арттыру мүмкін.

Алакөл жүйесінің көлдер құрамына екі ірі көл кіреді – Алакөл және Сасықкөл. Бұл жерде кәсіптік балқаштық алабұға табыны сақталған, сазанды аулау жүргізіледі. Көксерке дерматофибросаркома ауруына шалдыққан. Табан, мөңке балықтары тұтынушы көз қарасы жағынан дұрыс пайдаланбай жатыр. Алакөлдік көлдерді балықтандыру және балық қорларын пайдаланудың кешенді сұлбасын құру қажет.

ШҚО көлдері және кіші су қоймаларында тауарлық балық шаруашылығының дамуы

(Ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы Орталығының Алтай филиалының мәліметтері)

2010 - 2012 жж. кезендегі,  ҚР Үкіметінің 06.01.2006 ж. №963 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007 - 2015 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту концепциясында көрсетілген негізгі міндеттердің бірі «...су тоғандарының тұрақты кәсiпшiлiк базасын құру, кәсiпкерлердiң балық шаруашылығын жүргiзу бойынша рөлiн арттыру және шығарылатын өнiмнiң, Еуропалық Одақ стандарттарына сай келетiн балық өнiмдерi экспортының сапасын жақсарту, тауарлық балық өсiру шаруашылықтарын тиiмдi басқару, аквакультураны дамыту, балық кластерлерiн, тауарлы бекiре өсiрудi құру, балық шаруашылығы су тоғандарын қорғау және өсiмiн молайту жүйесiн жетiлдiру көзделедi.
2010 мен 2012 жылдар аралығындағы кезеңге арналған даму бағдарламасы мынадай шараларды қабылдауды талап етедi:
балық шаруашылығы саласындағы заңнаманы одан әрi жетiлдiру;
балық шаруашылығы кешенiнiң тұрақты жағалық инфрақұрылымын құру;
балық өнiмдерiн биржалық, опциондық және фьючерстiк саудалауды дамытудың тетiктерiн әзiрлеу және iске асыру;
жылына 12-15 миллион дана бекiре шабақтарын шығарумен айналысатын Атырау және Орал-Атырау бекiре өсiру зауыттарын толық өндiрiстiк қуатқа шығару;
Қазақстанның әр түрлi өңiрлерiнде тауарлық бекiре шаруашылықтарын құру және оларды бекiре шабақтарымен қамтамасыз ету. Бекiрелердiң аналық-жөндеу бастарын қалыптастыру;
молықтыру кешенiн балық өсiрудегi түбегейлi жаңа бағыттармен қамтамасыз ету;
балық шаруашылығы үшiн халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесiн жетiлдiру;
Каспий теңiзiнiң бөгде қоныстанушыларымен күрес бойынша шараларды әзірлеу және iске асыру. Олармен күрес бойынша бiрлескен мемлекетаралық зерттеулерге қатысу;
қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды өтеуге субсидиялар бөлу және пайдалануға берiлген мезеттен бастап алғашқы үш жылда салық салуға жеңiлдiктер беру;
"Балық және балық өнiмдерi" халықаралық көрмелерiн, балықтарды қорғау, өсiмiн молайту, өндiру, өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруды және аквакультураны дамыту мәселелерi бойынша семинарлар өткiзу;
су қоймаларын пайдалану режимiн қамтамасыз ету және балық шаруашылығы талаптарына жауап беретiн суды шығындаудың заңнамалық тәртiбiн белгiлеу;
жойылып кету қаупi төнген және республиканың Қызыл кiтабына тiркелген құнды балық түрлерiнiң өсiмiн жасанды молайту бойынша кешендi iс-шараларды әзiрлеу. Селекциялық-генетикалық орталықтар құру және ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн аналық балық үйiрлерiн ұстауға жағдайлар жасау арқылы құнды балық түрлерi коллекциясының тектік қорын қалыптастыру;
су тоғандарын (учаскелерiн) пайдаланушылардың Салина артемиясын, шаяндарды және басқа да гидробионттарды өндiру, өсiру мен пайдалану және оларды экспорттау тәртiбiн анықтау бойынша пайдалану туралы ереже әзiрлеу;
су бассейндерiмен шектесетiн елдердiң мамандарын қатыстыру арқылы iрi балық шаруашылығы су тоғандарының ихтиоценозын қалыптастыруға бағытталған ғылыми негiздердi әзiрлеу ...»

2007-2015 жж. ҚР балық шаруашылығын дамыту Концепциясында Республикадағы өткен кезеңдегі балық шаруашылығы жағдайына ретроспективті талдау беріледі, соның ішінде, тауарлық балық шаруашылығы туралы сұрақ қозғалады, ол «...өткен ғасырдың 90-ыншы жылдары сәтті дамығын ... Бейімделген су қоймаларда бір, екі, үш жыл жүрген тауарлық балықтар өсірілген. 1970-1990 жылдар аралығында тауарлық балықтарды өсіру көлемі 0,6 мың тоннадан 9,8 тоннаға дейін 14,2 есеге артты. Мұндай тауарлық балық өндіру қарқыны бұрыңғы Одақ республикаларының еш бірінде болмаған...» 1981-91 жылдары ШҚО көлді-тауарлық балық шаруашылығын (КТБШ) құру жұмыстары жүргізілді, оған облыстың 18-20 көлі мен кіші суқоймалары пайдаланылды (Сибин, Балықтыкөл, Олемба, Совхоздық, Шыбындыкөл т.б. көлдері, және Каменское, Шар, Тайынты суқоймалары).

«...1990-2005 жылдары Республикады тауарлық балық шаруашылығы дамыған жоқ. Тауарлық балық аулау 150 тоннаға дейін азайды. Республиканың жаңа экономикалық қатынастарға көшу кезеңінде тауарлық балық шаруашылығының мемлекеттік реттеу жүйесі жүргізілмеді. Республикалық қандай да бір бағдарламалардың болмауы осы бағытты дамыту бойынша бұл салада балық шаруашылық субъекттерінің толық қызмет етуіне мүмкіндік бермеді...» ШҚО 30.05.2002 жылғы облыстық Маслихаттың № 15/9-II шешімімен 2002 жылы «2002-2004 жж. кезеңдерінде облыстың балық шаруашылығын дамыту аймақтық Бағдарламасы» бекітілді. Бағдарламаның пунктінің бірінде былай делінген «...облыстың көлдері мен кіші суқоймаларын жекеленген супайдалануға беру және оларда тауарлық балықтарды өсіруді ұйымдастыру...». Балық шаруашылық мақсаттары үшін жарамды суқоймалардың тізімі құрылды, оларға 40 кіші суқоймалары және 29 көл кірді. Сол кезде көлдер мен кіші суқоймаларын балық шаруашылық мақсаттары үшін жеке меншікке беру жұмыстары басталды.

ШҚО ұлан-байтақ су қорының бар болуына қарамастан, оның бәрі балық шаруашылығында пайдалануға жарамды деп айта алмаймыз. Облыста балық шаруашылық жоспарда суқоймалардың үш санаты бар:

  • балық шаруашылық жоспарында балықсыз және болашақсыз;

  • ерекше табиғат қорғау құндылығы бар;

  • бағалы балық түрлерімен балықтандыру және өсіру үшін жарамды.

Балықсыз көлдер және суқоймалар (Әміренкөл, Батырхан, Белкөл, Қозылкөл, Құрымбайкөл көлдері, Кішіүлбі суқоймасы), олар балықтар өмір сүру үшін жарамсыз гидрохимиялық құрамды, немесе температура көрсеткіші төмен және су алмасу коэффициенті жоғары. Облыстың он жеті көлі ерекше қорғалатынға жатады, ол жерде табиғатты пайдалану шектеулі. Бұл нысандар табиғат ескерткіштері және қорықтар болып табылады (Марқакөл) ол жерде шаруашылық қызметіне тыйым салынған, немесе туризм және спорттық-әуесқой балық аулауды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады. Облыстың 100 артық кіші суқоймаларын пайдалануға болады немесе олар балық шаруашылық мақсатында қолданыста. Кейбір суқоймаларда кәсіптік балық аулау жүргізілуде, бірақ ондай кіші суқоймаларда қарқынды бір науқаннан кейін балықтың қоры 4-5 жылда ғана қайтадан қалпына келеді. Балық өсіру үшін бейімделген көлдер мен тоғандарда тұқы, ақсаха, дөңмаңдай, ақ амур сияқты бағалы балық өнімдерінің жыл сайын 2 тоннасын ауласа болады.

Қазіргі уақытта облыста «2006-2010 жж. ШҚО агро өнеркісіп кешенінің тұрақты дамуының аймақтық бағдарламасы» әрекет етеді. Бағдарламаның пунктінің бірінде былай делінген «... жергілікті маңызы бар балық шаруашылық суқоймалырын конкустық негізде пайдаланушыға бекіту...» 131 суқойма кіргізілген тізілім құрастырылған. Тізілім облыс Әкімімен бекітілген. Суқоймаларды пайдалану бекітілген тәртіпке сәйкес қолданылу керек. Мысалы, арнайы өкілетті органмен бекітілмеген, балық шаруашылық ғылымымен дәйектелмеген жаңа балық және омыртқасыздар түрін өз бетімен кіргізу заңмен жазаланады. Сонымен қатар балық шаруашылығын дұрыс жүргізбеу, судың химиялық құрамын және керекті тыңайтқыштарды, ихтиофаунаның құрамын тіркемеу, мелиоративті шараларды жүргізбеу өсірілген балықтардың өлуіне, суқойманың экологиялық жағдайына зиян әкеледі.

Көптеген суқоймалардың иелері бар. әр бір нақты суқоймаға ҒӨО Алтай филиалының мамандары қоныстандыру үшін нысандар анықтады, отырғызатын материалдың нормасын есептеді және балық шаруашылығын жүргізу бойынша ұсыныстар жасады. Ағымды жылы 25.01.2007 ж. № 57 ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Суқоймаларды балықтандыру және акклиматизациялаудың Республикалық сұлбасы» бекітілді, оған ШҚО бойынша Ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы Орталығының Алтай филиалының материалдары кірді. «Сұлбада...» ірі суқоймаларды балықтандырумен бірге, облыстың кіші суқоймаларын да балықтандыру бар.


Орал өңіріндегі көнеден қалған тамаша ескерткіштің бірі, ол – Шалқар көлі. Шалқар көлі айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени, рекреациялық және эстетикалық құндылығы бар көл. Көл Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 шақырым жерде, Теректі ауданында орналасқан. Бұл Батыс Қазақстан облысындағы ең терең, ірі су айдыны. Бұл табиғат су айдыны өте көне болып саналады, оның қашан пайда болғаны күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Алайда бір «версия» мейлінше көңілге қонымды. Көл Каспий шегінен мың жыл бұрын тартылған бұрынғы Хвалын теңізінің жұрнағы, сол себепті де тарихқа дейінгі кезде бүкіл қазіргі Каспий маңы ойпаты орнында жоғарыда айтылған теңіз болған.
Есте жоқ ескі заманнан бері Шалқар көлі адам назарын өзіне тарқан, оның жағасын оғыздар, печенег тайпалары мекен етсе, кейіннен қыпшақ, түрік тайпалары – қазақ халқының ата-бабалары қоныс тепкен.
Бұған 921-922 жылдарда Волга Бұлғариясына жасаған сапары туралы араб көпесі-ғалым Ахмед Ибн-Фадланның шығармалары куә. Ахмед Ибн-Фадлан Хорезмнен Бұлғарияға дейінгі маршрутын сипаттай келе, ерте дамыған ортағасырда Еуразия кіндігі палеографиясына көп көңіл бөлген. Шалқар көлі айналасындағы аумақта оғыз мен печенег тайпалары қоныстанғаны туралы оның әңгімелерінде ішінара кездеседі, көлге құятын Шамар, Анкоты, Вабна, (кіші Аңқаты) және көрсетілген – «бұның бәрі үлкен өзендер» деп өзендерге сипаттама берген. Шалқар көлі айналасына Х ғасырдың өзінде елді мекендер мен қалалар орналасқан. Әртүрлі кезеңдерде көпестер, миссионерлер қонақ болған. Көл жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бай болған. Бұл туралы 1968-1970 жылдарда және 2002-2003 жылдарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары куә. Сантас үстіртінің дәл оңтүстік жиегінде орналасқан. Бұл су айдыны айналасында печенегтер қоныстанған деген фактіні нақтылай түсті. Қалалық типті мекендердің ірісі – Ақ мешіт мекені. Ол Шолақ Аңқаты өзені жағасында орналасқан. Қаланың қалыптасқан уақытын XVIII-XIX ғасырларға жатқызуға болады. Өңірдегі отырықшы қала мәдениеті ескерткіштерінің ең ірісі. Бұған ұқсас ескі қала Атырау облысындағы Сарайшық қаласын алуға болады. Табиғат нысаны ретінде, көлдің маңызды көрінісі 1768-1774 жылдары академик П.С.Паллас мырзаның басқаруымен Ресей Академиясы ғылымдарының зоологиялық экспедициясы кезінде зерттеле бастады. П.С.Паллас көлдің жан-жақты сипаттап қана қоймай, балық аулау, оны ұйымдастыру мен реттеуге байланысты да жазды.
Су айдынының шикізат базасы туралы, су айдынын реттейтін ғылыми-қорытынды шаралар туралы терең білім алу қажеттілігін, ХІХ ғ. ортасында өнеркәсіптің қарқында өсуі анықтап берді. Географиялық қоғамның ұсынысымен 1952 жылы академик К.М.Бэрдің басшылығымен ихтиофаунаны зерттеу мен балық аулау кәсібінің жағдайы бойынша экспедиция ұйымдастырылды (Бэр, 1860). Бэрдің экспедиция бойынша көмекшісі Н.Я.Данилевский Шалқар көліне келіп, оның морфологиясын, грунт құрамын, тереңдігін баяндап, судың сұлбалық жоспарын жасады. Сонымен қатар оның ихтиофаунасы туралы кейбір мәліметтерді де келтірді (Данилевский, 1853). Балық өсіру тиімділігін сақтаудың алғы шарттарының бірі ретінде Н.Я.Данилевский мырза: «Тұщы судың құйылуының ағымын азайтады, оның сапасын бұзады, түбінің қасиеттілігін өзгертеді, су өсімдіктерін құртады, бүкіл бассейннің байлығын жойып жіберуі мүмкін» — деп, су жүйесінің тұрақтылығын анықтаған. Шалқар көлінің физикалық-географиялық шарттары туралы қысқаша сипаттамасы, оның жаға желілері, грунт құрамы, тереңдігі, ихтиофаунасы мен гидробиологиялық кешендері бассейнде балық аулау кәсібі жағдайын зерттеген Н.А.Бородин мырзаның еңбектерінде қамтылған.
Н.А.Бородин – біздің жерлесіміз, 1861 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Орал әскерлер гимназиясын алтын медальмен тәмамдап, Петербург университетіне оқуға түседі. жаратылыстанушы, кейіннен Кеңес ғалымы, Гарвард және Кембридж университеттерінің профессоры. Көптеген жылдар бойы балық өсірумен, оның ішінде Шалқар көлі мен Солянка өзеніне бекіре тұқымдас балықтарды өсіру тәжірибелерімен айналысқан. Оған шалқар селедкасы мен шалқар торта балығы туралы алғашқы сипаттамалар тиесілі. Шалқар көлінің гидрофаунасын зерттеу негізінде ғалымдармен көл генезисі бойынша Понто-Каспий су айдындарының қалдық су айдыны, бұрынғы геологиялық дәуірдің реликтісі болып табылады деген пікірлер айтылды. Кейбір қазіргі заманғы ихтиофауна өкілдері алғаш рет 5-7 млн. Жыл бұрын шекарасы қазіргі Жерорта теңізі, Қара теңіз, Азов теңізі, Каспий теңізі және Арал теңіздері шекара шегінен асып, тұзы аз Понтикалық көл-теңізде пайда болған.
Қазақтың белгілі жазушысы, Қазақ ССР-нің Мемлекеттік лауреаты, Шалқарда дүниеге келген Х.Есенжанов мырза өзінің «Ақжайық» трилогиясында Шалқар көлін былайша сипаттайды: «Шалқар – үлкен көл, оның ұзындығы жиырма верст, ал ені – 15 верст болады. Сағадағы әрі бетін көк толқын бұйралап, теңіздей шалқыған Шалқар көл жатыр. Көлге борлы ақ тұмсығын төндіре шөккен арғы беттегі Сынтас тауы алыстан бұлдырайды; шетіне көз жеткісіз судың алыс кенересі көк жиекпен қосылып доға сызық тартқан. Айналасы атпен жүрсе қос күндік Шалқар көлі бейне бір ожаудай; алыстан аққан бұраң бойлы көп түбекті, Арқа беті қызыл жарлы Аңқаты өзені – ожау көлдің сабы сияқты». Көлдің қазіргі көрінісі дөңгелек-жұмыртқа тәрізді формада, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы – 18 километрге жуық, батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы – 14 км. Максималды тереңдігі 18 м, тереңдігі 10-нан 12 метр тереңдікті көл түбінің 30 %, ал екі метрден кем тереңдікті 30 % алып жатыр. Көлде 1,4 млрд. текше метрге жуық су жиналады, көлдің ең үлкен ауданы 24000 гектар. Желді күндері судың бетін ақ бұйра толқындар жауып, оның шуылы нағыз теңізді еске түсіреді. Шалқар көлінің суы тұзды хлоридті-натрийлі минералды су типіне жатады. Су құрамында тұз қышқылы, кальций гидрокарбонат, магний және өмірге қажетті басқа да минералды элементтер бар. Бұның өзі оның құрамы теңіз суымен ұқсас екендігін көрсетеді, ал экологиялық жағдайы демалушылардың сауығуына септігін тигізгендіктен, көптеген теңіз суларынан артық та. Көлге шығыс жағынан 2 өзен құяды: Есен Аңқаты (Үлкен Аңқаты) және Шолақ Аңқаты (Кіші Аңқаты), ал бір Солянка өзені Жайық өзеніне құяды.
Шекарааралық Жайық өзені

Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) әлем мұхитының деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарынан өтеді. Өзеннің ұзындығы 2534 км. Қазақстан Республикасы ішінде — 1084 км. Суды жинау көлемі – 220 мың км².Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі.
Басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды(төменгі ағыс, аралығы 840 км.). Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридионалдық бағытта Оралдың шығыс баурайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері — 3 м.Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады. Орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған. Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді. Орск қаласынан Орал қаласына дейін өзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз таулы табалдырықты жерлері сирек кездеседі. Өзен тегіс саяз жерлерге айналады. Орынбор қаласы аумағында Жайық өзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар ағады. Оның ұзындығы 761 км, алқап көлемі 29,1 мың км. Сақмар алабын көп қарлы және тармақтанған өзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 өзен саналады. Сақмардың су айдауы Оралдан шамамен 1,5-2,0 рет артық, одан қалыпты ағуымен және көктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді, сонымен қатар Жайық өзенінің режиміне маңызды өзгерістер енгізеді. Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзеніне сол жағынан Елек өзені ағады, оның ұзындығы 730 км. Орал қаласы маңында Жайық өзеніне 2 сала – Шаған мен Барбастау өзендері- құяды. Төменгі ағысында Жайық өзені Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары аумағынан Каспий теңізі маңы ойпатынан өтеді,бұнда үш табиғи аймақтан өтеді: дала, шөлейтті- дала және шөл. Даланың аймақ ұзындығы 250 км Батыс Қазақстан облысында солтүстік жағында орналасқан. Бұл аймақтың оңтүстік шекарасы Жайық өзен бойы Чапаев ауылы жанынан өтеді. Әрі қарай оңтүстікке 220 км шөл-дала аймағы созылып жатыр. Ол Каспий теңізі ойпатының солтүстік бетінен Батыс Қазақстан облысының Чапаев , Атырау облысының Индер ауылдары аралығында белдеулей өтеді. Индерден теңізге дейін шөл аймағы ені 400 километрге созылады. Жайықтың төменгі ағысының тереңдігі, жыл сайын көктемгі судың көтерілуінен өзен арнасының шайылуына қарай, барынша қалыпты. Көктемде тасқында судың көтерілу деңгейі сабадан 3-7 метрге асады. Форватер бойындағы Жайықтың орта тереңдігі сабасында (саяздар мен шұңқырларсыз) 3-5 метрді құрайды.
Жайық өзенінің сағалық ауқымының жоғарғы шекарасы атыраудың басымен ұласады (Атырау қаласынан төмен), теңіздік – теңіз кемеріне 3 м изобатта кіреді. Бұл шектегі саға аумағының көлемі 1500 км² тең. Өзен атырауы көлемі 600 км². Жайық өзені тек қана қар суларына қоректенетін жай өзендерге жатады. Оның ағыны, негізінен, өзендер жүйесі дамыған, жоғарыдан қалыптасады. Жайық өзенінде Оралдан төмен теңізге кұйғанға дейін, суы аз Барбастаудан басқа, сала жоқ
Жайық өзенінің балықшаруашылық зор маңызы бар. Аймақтағы табиғи факторлар жиынтығы жылдың мезгіліне байланысты, сәуірден шілде айлары аралығында, балық өсіруді жоғары деңгейде дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады. Қазіргі кезде Жайық өзені Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен. Күзде 15 тамыздан 15 қараша аралығында Жайық өзенінде балықтың балықшаруашылық шұңқырларына жылыстауы жүреді, яғни күздегі қыстаққа қоныстануы болады.
Содан соң Жайық өзені арнасында мамырдан шілде айларына дейін балық шабақтарының уылдырықтайтын және өсетін орынынан өзеннің сағалық кеңестігіне жылыстауы жүреді.
Жайық өзенінде балықтардың 38-ден астам түрі бар: бекіре тәрізділер, майшабақтар, шортантәрізділер, тұқытәрізділер және басқалары кездеседі. Жайық өзенінің жайылмасы мен аңғарлары Батыс Қазақстанның биологиялық алуан түрлігінің интроаймақтық орталығы болып табылады. Дала мен шөлейт ландшафттың біртекті төсегі Жайық аңғарының кіретін жайылма ормандардың жасыл желегімен алмасады. Жайықтың жайылма ормандары: емендер, қара ағаштар, ақтеректер,талдар қайың, шегіршендермен сипатталады. Тіршілік ортасының жағдайына қарай бұл ормандар алуан түрлі болып құралуы мүмкін. Жайылмалардың солтүстік бөлігінде көктеректер мен аққайындар таралады және шағын тоғайлар құрайды.
Жайылмалардағы өсімдіктердің таралуына тасқын сулардың тұру ұзақтығы үлкен әсер келтіреді. Өзеннің қазіргі арнасынан жайылманың жоғары беткейінің экологиялық қатарын мына өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Облыстың солтүстігінде өзен бойының құмайт қайрандарында бұтақты талдар өседі, ал Қызыл – Жар еңдеуінде оларға жыңғылдар араласады. Олардан жоғары қаратал, арнадан әрі талдық екпелер орналасқан.
Жер бедерінің биіктеу жерлерінде, жағалаулардың өнбойы мен ескі арнасында қара терек пен ақ терек тоғайлар орналасқан. Орман тұқымдарының осы екі түрі барлық орман алқаптарының 50 % құрайды. Шегіршін орман алқаптары орталық жайылманың жоғары телімдерінде орналасқан, тасқын сумен басу кезеңі 30 күннен аспайды. Шегіршін бұталар мен ақтерек жазықтар арасында орналасады. Шегіршін орман алқаптары оңтүстікке қарай азаяды, ал Антонов ауылынан оңтүстікке қарай ол жоғалады.
Экологиялық қатардың жоғарғы бөлігін емендер алады. Мұнда тасқын сулардың тұру ұзақтығы үш аптадан аспайды. Еменді ағаштар тек өзеннің солтүстік жағында шоғырланған. Жайылмалы ормандар бұта қопасымен жамылған шабындық пен алаңдарға ауысады. Өзен жайылмасындағы экологиялық жағдайдың алуан түрлілігі: жер бедері түрліше қиылысып отыратындығы, су қорларының көптігі, бай жануарлар дүниесінің тіршілігі мен сақталуына өсімдіктер топтастығының алмасуы қолайлы әсер туғызған. Өзен жайылмасында бұлан, елік, жабайы қабан, қоян, түлкі, тіпті орман сусары мен сілеусіндерді кездестіруге болады. Өзеннің солтүстік бөлігінде қоныс аударған камшаттардың мекендейтін үйшіктер мен жасанды бөгеттері кездеседі. Әсіресе, құсқанаттылардың саны мен түрлері ерекше көп. Жайылмалық ормандарда саршымшықтар, сайрақтар, шыбынқырғыштар, тоқылдақтар, мысықторғайлар, бақтар мен қамыстардағы сұлыкештер, ормандағы жадырақтар, құрлар, бөденелер, байғыздар және т.б мекендейді. Айрықша биологиялық әртүрлілікті, қызыл кітаптық және сирек түрлерді сақтап және қайта қалыпқа келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағының Жайық өзені аңғарында Кирсанов және Бударин қорықшалары құрылған.
Бударин зоологиялық қорықшасы, жер көлемі 80 мың гектар, бұлан елік, қабан, құндыз, ондатра, қоян және басқа жануарларды сақтау және көбейту үшін құрылған. Бұдан басқа қорықша территориясы өте сирек бара жатқан реликта — су жаңғағы (чилим) мен су папоротнигінің (сальвиния) оңтүстіктегі мекені. Қорықшада омыртқалы жануарлар дүниесінен құстардың 56 түрі, сүтқоректілерінің 21 түрі, 6 түрлі рептилия, амфибияның 4 түрі және балықтың 9 түрі есептеледі.
Кирсанов кешенді қорықшасы, жер көлемі 61 мың гектар, кәмшатты жерсіндіру және елік, бұлан және басқа жануарлардың санын көбейту үшін құрылған. Қорықшаның территориясының өзен жайылмасында далалы Орал өңірінің тамаша табиғи кешені — әсем емен мен ақтерек ормандарын сақталған. Бұл жерде, Батыс Қазақстанда тек осында кездесетін, сиректеп бара жатқан өсімдіктері мен жануарларына өте қолайлы жағдай жасалған. Бұнда Қызыл кітапқа еңгізілген көптеген түрлер өседі (қарапайым емен, мамыр маржангүлі). Сирек кездесетін сәлемшөп, аюбалдырған, шерменгүл, қоңырауша, субидайық, қабыржық, қара мойыл тағы басқалары әрдайымда болады.
Жайық өзенінің экологиялық проблемалары , басқа да өзендер сияқты, кешенді табиғи, антропогендік және техногендік үрдістермен байланысты. Жайық өзенінің тозып өзгеруінің бірінші себептері болып, толассыз су ағынының табиғи үрдістердің механикалық үрдістер түріндегі әсерінен болатын арнаның бұзылуы болып табылады. Оның жағымсыз салдары болып табылатындар:
Арнаның лайлануы, өзеннің тайыздалуы мен оның гидрологиялық режимінің нашарлауына соқтыратын қайраңдардың пайда болуы;
Жағалаулардың иреңдері мен топырақты жерлерінің жеңіл механикалық құраммен шайылуы. Бұл өзеннің арнадан шығып және үлкен аумақты басып кетуіне қауіп туғызады.
Осы үрдістер Жайықтың көктемгі қатты тасқынымен тіптен тереңдей түседі. Қазақстандық аймақта өзен арнасының лайлануына теріс әсер ететін факторларға: ағысты баяулатын даланың жазықтылығы және арнаның көп ирелеңдігіне әсер ететін жер бедерінің сәл жотылығы жатады. Осыған байланысты өзеннің тұрастығы мен қызметі оның тұрақты күтімсіздігінсіз мүмкін емес. Өзен арнасының лайлануына оның салалары мен бастау көздерінің тазаланбауы әсер етеді. Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінің алабына кіретін кіші өзендерге Шаған, Деркөл, Елек, Утва, Рубежка, Быковка, Емболат, Барбастау және т.б. кіреді.
Бұдан басқа, Жайық өзенінің табиғи экожүйесінің тозуына оның су, өсімдіктер, жануарлар мен балық ресурстарын пайдаланатын шаруашылық қызметтерде өзіндік әсерін тигізеді. Елді мекен жерлердегі жағалай өзеннің жағалаулары мен су алатын алаңдарда, тасқын кезінде өзенге шайылатын қалдықтар төгіледі.
Жайық бойында орналасқан үлкен қалалардың арналы тазалық құралғылары ескірген, қайта жаңғыртуды қажет етеді және арналық ағындарды қажетті дәрежеде тазартуды қамтасыз етпейді.
Жайық өзенінің беткі суларының ластануының маңызды факторы өндірістік кәсіпорындарының қызметі, суалатын алаңдар аумағындағы ескіден бергі ластар, қалалық, және кенттік шайынды сулар болып табылады.
Жайық өзені мен аңғарлардың суының азайына өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бұзылуына, сонымен бірге , рұқсатсыз ағаштар кесу және далалық өрттер әсер етуде.
Шекарааумақтық Жайық өзені суға тапшы Қазақстан ғана емес, Ресейдің де ерекше мемлекеттік маңызды негізі су күретамыры болып табылатыны сөзсіз. Тіпті одақтық мемлекет кезінде де осылай болған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21- қаңтардағы №159 қаулысымен «Ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандары тізбесі мен ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарының шаруашылық қызмет режимін құқықтық реттеу ерекшеліктері» бекітілген. Өкінішке орай, Жайық өзені осы аталған құжаттағы өлшемдерге сәйкес келсе де, ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарына жатқызылмаған, осыған байланысты оған дәрежесінде көңіл бөлінбей келеді.
Жайық өзені алабы ежелгі өркениет орталығы және қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей Федерациясының әлеуметтік-экономикасында аса маңызды орын алады. Жайық өзенінің ландшафтты-экологиялық жән су кешенін қалыпқа келтіру мен сақтау басты міндет. Жайық өзенінің көп ғасырлық бай тарихы біздің ұрпақтар үшін жоғалып кетпеуі керек.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік icon«Арал теңізі» ҚБ 01. 09. 10. 09. 06. аралығында атқарылған жұмысы. Балық шаруашылығы
Балық шаруашылығы саласында балық аулау науханына балықшылар бригадтары дайындық жүргізуде
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconБалық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы
«Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан...
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconБалық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы
«Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан...
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconБалық шаруашылығы
«Камбала Балық» БӨО балықшылары тендерден ұтып алған 4 участокте 3 бригада балық аулап жатыр
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconБалық шаруашылығы
Аудан көлеміндегі қыстық мал азығын дайындауға байланысты (шөп жабу) балықшылар уақытша балық аулауды тоғарды
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconЖүйкелік, бұлшықеттік, бездік және басқа да ағза тінінің қызметтік ерекшеліктері жайында білім беру, тін мен ағза жасушасының механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Дәріс тезисі
Дәріс тақырыбы: Қалыпты физиология курсына кіріспе. Қозғыш құрылымдардың қызметтік ерекшеліктері
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconМазмұны кіріспе
Тілі туралы түсінік
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconКіріспе
Ақша қаражаттары туралы түсінік
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік iconI. Жүмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары 6
Кіріспе 4
Дәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік icon2. 3 электронды оқУ ҚҰралдарын дайындау
Кіріспе Delphi ортасы туралы түсінік
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница