5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша




Название5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
страница1/12
Дата конвертации18.02.2016
Размер1.64 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/адебиет_теориясы_Шарабасов.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


«Бекітемін»

Факультет деканы

___________Утегенова Қ.Т.

«___» ___________2011ж.


Қазақ филологиясы кафедрасы


5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша

кредиттік оқу жүйесінде оқитын ІV курс, сырттай бөлім студенттеріне арналған


«Әдебиет теориясы»

пәні бойынша


оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы (ПОӘК).


Курс - ІV

Семестр - VІІІ

Кредит - 2

Дәріс - 15 сағ

Практикалық сабақтар - 15

ОЖСӨЖ - 30 сағ.

СӨЖ - 30 сағ.

Емтихан - 1

Барлығы - 90 сағ.


Орал, 2011

1. «Әдебиет теориясы» пәні бойынша оқу бағдарламасы - SYLLABUS

2011-2012 оқу жылы, VІІІ семестр, 2 кредит. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 -курс студенттері үшін кредиттік оқыту технологиясы бойынша «Әдебиет теориясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен.

«Әдебиет теориясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрастырған «Әдебиет теориясы» қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша. Алматы, 2006 жыл) типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.


Құрастырушы ______ ф.ғ.к., доцент С.Ғ. Шарабасов.


Қазақ филологиясы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

«__04__» __01_ 2012ж. №1 хаттама


Кафедра меңгерушісі: ____________ ф.ғ.к., доцент А.Ы.Мамыров.


Филология факультеті оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды.

«__06__» _____01_________ 2012ж. №1 хаттама


Филология факультеті оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы: _______________ Ажғалиев М.К.


Пайдалану үшін басшылыққа алынатын материалдар:

«Әдебиет теориясы» пәнінің оқу- әдістемелік кешеніне сырттай оқу бөлімінің студенттерін қашықтан оқыту үшін төмендегідей материалдар кіреді:


1.Оқу бағдарламасы – SYLLABUS

«Әдебиет теориясы» курсының жұмыс бағдарламасы.

2. Бағдарлама бойынша лекциялар.

3.Өзін- өзі тексеру сұрақтары, емтиханға даярлық үшін берілген тапсырмаларды орындау үшін методикалық нұсқаулар.


Жүйелік талаптар.

Оқу- әдістемелік кешенмен тиімді жұмыс жасау үшін компьютер төмендегідей талаптарға жауап беруі тиіс:

Операциялық жүйе MS Windows /2000/XP/; процессор 166 МГц; 128 Мб оперативті есте сақтау ; оқу үшін құралдар DVD-дисков; дыбыс картасы ; «мышь». Браузер: Internet Explorer, Opera.

Құжаттар тілі : HTML.





1. Оқытушы туралы мәлімет


Ф.ғ.к. доцент Шарабасов Серікқали Ғабешұлы

Байланыс телефоны : ж/т., 51-30-62 - ү/т., 26-07-28

Бас ғимарат, 4 қабат, 409 дәрісхана

Кафедрада болатын уақыты: сабақ кестесі бойынша

Электронды пошта: kazfilfak.@mail.ru


2. Пән туралы мәлімет:

Атауы: «Әдебиет теориясы»

Кредит саны: 2

«Әдебиет теориясы» пәні

Сырттай оқу бөлімінде де 2 кредит. Семестр 4 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 1 кредит сағат саны, әр кредит сағат саны (дәріс, практика) 1 байланыс сағаттан және 1 сағат СӨЖ, 1 ОЖСӨЖ тұрады.


«Әдебиет теориясы» пәні – жоғары оқу орындарында филология мамандықтарына оқытылып жүрген негізгі пән. «Әдебиет теориясы» III курста оқытылады.Бұл уақытқа дейін дәріс тыңдаушылар фольклор, көне дәуірден бүгінге дейінгі әдебиет тарихы, дүние жүзі әдебиеті мен мәдениеті, философия, әдептану, психология, саясаттану, мәдениеттану, әлем тарихы, тіл білімінің барлық салаларынан мол хабардар болады. Оның үстіне шәкірттер «Әдебиеттану ғылымының негіздерін» өту кезеңінде «Әдебиет теориясы» оқулықтарын пайдаланады.Қазақ тіліндегі А. Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов еңбектерімен егжей-тегжейлі танысу мүмкіндігі айрықша. Сондықтан жоғары курста әдебиет теориясын эстетика мәселелерінің аясында пайымдау қажеттігі туады.Студенттер бастапқыда алған білімдерінің негізгі қағидаларын еске түсіріп қана қоймай, мейлінше терең жаңғыртады, әрі бұрын белгілі бір дайындықсыз тыңдаған теориялық заңдылықтарды есейген көңіл, таныммен топшылауға ұмтылмақ. «Әдебиет теориясының» «Әдебиеттануға кіріспені» қайталау емес екенін түсіну қажет әрі соны мәселелер көтеріп, талдау, жаңа ғылыми аспектілерге бару, тың ой, тұжырымдар ұсыну, дәріс мазмұнын ұтымды мысал, пайымдау, дәйекті тұғырнамалармен толықтыру, тыңдаушыларды еліту, жалықтырмау ұстаздар үшін үлкен міндет екенін де ескеру лазым.

Пәннің мақсаты: Курсты өту барысында әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру.

Пәнді оқыту міндетттері: «Әдебиет теориясы» бұрын өтілетін «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінде қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта мейлінше толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркемдік өнер мысалдарымен өзара ұшатыстырыла негізделмек.

«Әдебиет теориясы» пәнін игеру үшін қажетті пәндер:

«Қазақ халық ауыз әдебиеті», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Көне дәуірдегі әдебиет», «Шет ел әдебиетінің тарихы», «Орыс әдебиетінің тарихы», «Тіл біліміне кіріспе», «Қазақ тілі», «Әдебиеттануға кіріспе».

Аралас пәндермен байланыс:

Әдебиет теориясының мәдениеттану, өнертану, көркем публицистика жанрлары мен теориясы тәрізді аралық пәндерге ұқсас әрі олардан ерекше қасиеттері мол. Өнертану және публицистика теориясына зерттеу әдістемесі тұрғысынан жақын, ал мәдениеттануда ауқымы кең болғанымен, көркем қарастырылмайды. Жазушы еңбегі пәнінде ең алдымен шығармашылық лаборатория сырларын зерттейді. Әдебиет теориясы бұл мәселені түгел қамтымайды.

Пән мазмұнына негізделген білімі және оны пайдалану машығы мен бейімділігі.

Пәнді оқыту барысында студент әдебиет теориясын және эстетика заңдылықтарын тарихи және құрамдық тұрғыдан толымды түрде меңгеріп шығады. Жинақталған білімдер жүйесін әдебиет сабақтарын оқытушылық тәжірибеде өту кезеңдерінде ұтымдылықпен пайдалана алады. Ғылыми зерттеу жүргізу мезеттерінде әдебиет теориясының барша қағидалары мен ұстанымдарына сай қорытуға бейімделеді.


Пән мазмұны: Әлем әдебиетінің қалыптасу тарихы, кезеңдері туралы, антикалық әдебиеті жөнінде, Батыс Еуропа, Орта Азия елдерінің әдебиетімен таныстыру.


Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізінен негізгі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.

Практикалық сабақтардың әдістемелік өту барысы:

Оқыту негізінен негізгі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)

1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп:

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.


Пререквезиттер - әдебиеттануға кіріспе, әдебиет сыны, әдебиет сынының тарихы.

Постреквезиттер – қазақ әдебиетінің жалпылама курсы, әдебиет теориясы.


3. Әдебиет теориясы курсының жұмыс программасы –

(SILLABUS)


  1. апта.

  2. апта.

1 кредит сағат

1- дәріс. Тақырыбы: Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмыс, табиғаты.


Дәріс мазмұны: Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмыс табиғаты. Зерттеуге тиіс ғылыми аялар мен проблемалар. Әдебиет теориясы қағидаларың басқа әдебиеттану ғылымдарының нақты зерттеу жұмыстарына әдіснамалық тұрғыдан жетекшілігі.Фольклортану мен әдебиеттану арасындағы ортақ әдістемелер мен дара ұстанымдар.

Әдебиет теориясының эстетикамен тығыз байланысы. Әдебиет пен өнер-өмір шындығын тану, игеру жемісі, сұлулық пен әсемдік мұраттарын орнықтырушы. Әдебиет теориясы қарастыратын нысананың молдығы мен кеңдігі, ғылыми зерттеу тәсілдерінің жан-жақтылығы.

Әдебиеттер:

  1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.

  2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

  3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

  4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

  5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)

  7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

  8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

  9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.

  10. Фесенко Э.Я. Теория литературы. М. 2008.

1 ОЖСӨЗ мазмұны:

А.Байтұрсыновтың сөз өнері туралы тұжырымдары. Зерттеу еңбектегі әдебиеттанудың ғылыми-теориялық бастауын жасап, басты-басты атаулар мен ұтымдардың терминдік негізін ғылыми жүйеге түсірудегі ізденістері. Жалпы әдебиет, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет туралы ой-пікірлерінің ғылыми жүйелілігі. Жазба әдеби тіл, қазақөлең өрнегі, осыған қатысты атаулар мен терминдерді қалыптастырудағы ғылыми ізденістерінің бағалылығы.

Әдебиеттер:

    1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары. А. 1989.

    2. Әбдіғазиев Б. Асыл арналар. А. 1992.

    3. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. –Астана,2002.

    4. Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А. 2002.

    5. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. –Астана,2002.

    6. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтандақ беттері. –Алматы,1995.

    7. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. –Алматы,1990.

8. Елеукенов Ш.Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002ж.


1 СӨЗ мазмұны:

Алғашқы әдеби-эстетикалық ой-толғамдар. Эстетика туралы ұғымдар.

Әдебиеттер:

  1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары. А. 1989.

  2. Мұра. Жазушы. А. 1990.

  3. Серікќалиев З. Ақ жол. Алматы, 1990.

  4. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.

  5. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

  6. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

  7. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., 1996.(құр. Ахметов З.)

  8. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

  9. Борев Ю. Эстетика. М. 1988.

  10. Античные мыслители об искусстве. М. 1957.

  11. Гегель Г. Эстетика. В 4 т. М. 1968.

  12. Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. М. 1975.

  13. Поспелов Г. Теория литературы. М. 1978.

  14. Потебня А. Эстетика и поэтика. М. 1976.

  15. Уэллек Р. И Уоррен О. Теория литературы. М. 1978.


2 кредит сағат.

1 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Әдебиет теориясы пәнінің ерекшелігі.

Практикалық сабақ мазмұны: 1. Әдебиет теориясының зерттеу аялары мен проблемалары. 2. Әдебиет теориясы және фольклортану. 3. Әдебиет теориясы және эстетика.

Әдебиеттер:

1. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш.Атамұра. Жазушы. А., 1990.

  1. Серікқалиев З. Ақ жол. Алматы, 1990.

  2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969ж.

  3. Қабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.

  4. Елеукенов.Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.

  5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., 1996.(құр. Ахметов З.)

  7. Л Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.

  8. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.

  9. Борев Ю. Эстетика. М. 1988.

  10. Потебня А. Эстетика и поэтика. М. 1976.


2 дәріс сабақ.

Тақырыбы: Эстетикалық ойдың даму кезеңдері.Ерте кезеңі.

Дәріс мазмұны: Әдебиет теориясы мен эстетикасының ерте кезеңі. Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар. Көне үнді, шумер, елдерінің мәдени ескерткіштері. Антикалық дәуір эстетикасындағы екі бағдар. Соңғы классика дәуірі және Аристотель.

Әдебиеттер:

    1. А.Байтұрсынов. Әдебиет танытқыш

  1. Мұра. Жазушы. А., 1990

  2. З.Серікќалиев, Аќ жол. Алматы, 1990 жыл

  3. Ќ.Жұмалиев. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969 жыл

  4. З.Ќабдолов. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002 жыл

  5. Ш. Елеукенов.Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002 жыл

  6. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991 жыл

  7. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А., 1966 жыл

  8. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987 жыл

ОЖСӨЖ мазмұны: «Махабхарата», «Ригведа», «Рамаяна» эпостарындағы сұлулыққа қатысты сезім, пайымдар, өлең түзу ережелері.

СӨЖ мазмұны: «Гильгамеш» жырындағы ерлік пен доста, махаббат идеялары.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша iconҚазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (жеделдетілген), 5В 012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі...
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша icon5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті»
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 2 курс студенттеріне...
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша icon5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы» пәні бойынша 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту...
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша icon050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 050205 «Филология: қазақ тілі» мамандықтары...
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қазақ балалар әдебиеті» пәнінен 050117, 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді...
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәні бойынша 5В011700«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Халық ауыз әдебиеті» пәні бойынша 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Хандық дәуір әдебиеті тарихы» пәнінен 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді...
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша icon6D011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша қабылдау емтиханның бағдарламасы
Бағдарлама Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының мәжілісінде талқыланды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница