Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06




Скачать 300.05 Kb.
НазваниеРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
страница1/3
Дата конвертации18.02.2016
Размер300.05 Kb.
ТипРабочая программа
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/91520.doc
  1   2   3
Рабочая программа Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/06




Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы


«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәні бойынша 5В011700«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Павлодар




Лист утверждения к рабочей Форма

программе дисциплины, Ф СО ПГУ 7.18.1/07

разработанной на основании

государственного

общеобязательного стандарта

образования специальности и

типового учебного плана
БЕКІТІЛДІ

ОІ жөніндегі проректоры

________________ Н.Э. Пфейфер

«___»_____________2011ж.


Құрастырушы: доцент Қадырова Б.М.


Қазақ филологиясы кафедрасы




«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәні бойынша




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ



Жұмыс бағдарламасы 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 6.08.073-2010

Мемлекеттік стандарты және типтік оқу жоспарының негізінде дайындалды және С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесінің мәжілісінде бекітілді. «___»______________20 ж.

№_____хаттама.


Кафедра мәжілісінде ұсынылды. «___»______________20 ж.

№_____хаттама.

Кафедра меңгерушісі_______________________Н.Қ.Жүсіпов




Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________20 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________20 ж.



жәқб МАҚҰЛДАДЫ

ЖәқБ бастығы______________Л.Т.Головерина «____»____________20 ж


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәні.Әдебиет тарихы- әдебиеттану ғылымының құрамдас, негізгі бір бөлімі. Қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тілдес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен қадым замандардан бері өзара тығыз байланысты болғандығы.

Ежелгі түркі тілді әдебиет- бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті, олардың ежелгі түркі ру-ұлыстармен бірге жасаған көркем сөз өнері .

Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыру қажеттігі.

Пәнді оқыту мақсаты:

Қазақ халқы өзінің қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, харекет-кәсібі, дүниетанымы мен наным-сенімі, қуаныш-қайғысы, арман-үміті және т.б. жайында сан алуан түрлі тасқа жазылған ескерткіштер , түркі халықтарының шежірелері, трактаттары, сөздіктер, т.б. біздің заманымызға жеткен. Мазмұн-мәні терең ежелгі дәуір әдебиет үлгілерін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сипатын танытып, студенттерге тағылым беру көзделеді.

Пәннің міндеттері:

  • Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны,Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер;

  • Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ ғ «Ұлы жібек жолының» ашылуы ;

  • Сақтардың тайпалық бірлестіктері, аландар мен ғұндар ;

  • Сақтардың салт-дәстүрі, наным-сенімі,әдет-ғұрпы, діні;

  • Зороастризм діні. «Авеста» кітабы-ежелгі діни ұғымдар мен мифтік аңыздардың жинағы;

  • «Түрік» сөзінің мәні. Түрік қағандығы (766-940жж). Түрік қағанатының екіге бөлініп кетуі;

  • Қыпшақ қоғамының ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келетіндігі;

  • Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемелекеті-Қарахан мемлекеті (940-1212);

  • «Ұлы жібек жолындағы» ежелгі кен-қалалар;

  • Ежелгі түрік таңбалары. Көне жазу-сызулар. Ежелгі түрік әріптері;

  • Ежелгі түріктердің наным-сенімдері.


Студенттер білуі тиіс:

Ежелгі түркі ру- ұлыстармен бірге жасаған көркем сөз өнерінің үлгілерін білулері қажет.


Студенттер істей білуі тиіс:

Студенттер бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.


2 Пререквезиттер:

- Тіл біліміне кіріспе.

- Әдебиеттануға кіріспе.

- Мәдениеттану.

-Философия.

-Халық ауыз әдебиеті




Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07


3 Пәннің мазмұны


3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

С¤Ж


1

2

3

4

5

1.

Орхон жазуындағы жәдігерліктер.

1

1

4

2.

«Күлтегін» жырының көркемдік ерекшелігі

1

1

4

3.

Қорқыт ата кітабы.(«Китаби дедем Коркуд»)

1

1

4

4.

Оғыз-наме(«Оғыз-қаған» эпосы)

1

1

4

5.

Әбу-Насыр әл-Фараби(870-950)

1

1

4

6.

М.Қашғари «Диуани лұғат ат- түрк(Түркі сөздерінің жинағы»)

1

1

4

7.

Ж:Баласағұн «Құтадғу біліг(Құтты білік»)

1

1

4

8.

А:Иүгінеки. «Хибатул –Хақайық»

(«Ақиқат сыйы»)

1

1

4

9.

А.Яссауи «Диуани хикмат»(«Да-

Налық кітабы»)

1

1

4

10.

Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары». «Кодекс Куманикус»

1

1

4

11.

Хорезми «Мұхаббат –наме». Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастаны

1

1

4

12.

Сайф Сараи «Гүлстан бит-түрки»

(«Түрік тіліндегі Гүлстан»). Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха» дастаны.

1

1

4

13.

Әбілғазы. «Шежіре-и түрік» («Түркі шежіресі»). Қ.Жалайыри. «Жами-ат тауарих»

1

1

4

14.

Х.Дулати «Тарих-и Рашиди»

1

1

4

15.

Бабыр «Бабыр –наме»

1

1

4

Барлығы: сағат

15

15

60



3.2 Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Орхон жазуындағы жәдігерліктер.

Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХғ). Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер. «Ұлы жібек жолының» ашылуы . Сол кездегі Қытай,Үндістан, Греция, Иран, Сирия, Месопатамия, Вавилон, Мысыр,т.б. елдермен сауда,мәдени,рухани байланыстар. Сақтардың тайпалық бірлестіктері, аландар мен ғұндар. Есік қаласы маңынан табылған сақ көсемінің «алтын адамның» киіміндегі зергерлік өрнектердің,сақтардың «Алтын обасынан» (Оңтүстік Қазақстан) шыққан әшекей-сәндік бұйымдардың, Таңбалытас, Саймалташ жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттердің, т.б. ғылыми мәні. Сақтардың салт-дәстүрі, наным-сенімі, әдет-ғұрпы, діні, олардың ата-баба әруағына, аспан денелеріне, Күнге, Айға, Жұлдыздарға және Жер анаға табынуы. Зороастризм діні. «Авеста» кітабы-

Ежелгі діни ұғымдар мен мифтік аңыздардың жинағы. Ежелгі жазу-сызулар. Арамей, авеста, соғда, кушан, көне ұйғыр, руна жазулары. «Түрік» сөзінің мәні. Түрік қағанаты немесе Түрік қағандығы (552-745ж). Түрік қағандығының екіге бөлініп кетуі. Шығыс түрік қағандығы. Батыс түрік қағанаты-көне түрік қағандығының негізінде 603-ж құрылған феодалдық мемлекет. Батыс түрік қағанатынан кейін өмірге келген мемлекеттік дәрежедегі бірлестіктер. Түркеш қағанаты (704-766ж) Қарлұқ қағанаты (766-940ж). Оғыз мемлекеті (ІХ- ХІғ) Қыпшақ қоғамының ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келгендігі. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті-Қарахан мемлекеті (940-1212ж). «Ұлы жібек жолындағы» ежелгі кент қалалары; Отырар (Фараб), Сүяб, Тараз, Құлан, Мерке, Испаджап (Сайрам), Баба-Ата, Сығанақ, Созақ, Талхиз (Талғар).

Ежелгі түрік таңбалары. Көне жазу-сызулар. Ежелгі түрік әріптері. «Орхон» немесе «руна» деп аталатын жазулар. Ежелгі түріктердің наным-сенімдері, исламға дейінгі діни ұғым-түсініктер. Табыну, Көк тәңірі, Жер тәңірі, Ұмай-ана.

Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін батыр (684-731ж),оның ағасы елбасы Білге қаған (683-734ж) және қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар. Орхон (руна) жазба ескерткіштерін табу, руна жазуын оқу, аударма жасау, ғылыми мәтін дайындау ісіне мол үлес қосқан орыс және Еуропа ғалымдары Н.К.Видзен, И.Т.Старленберг, Н.М.Ядринцев, В.В.Радлов, В.В.Томсен, С.Е.Малов, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, И.В.Стеблева, т.б.туралы мәлімет. Орхон жазуындағы жәдігерлікті қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан зерттеушілер С.Аманжолов,

Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, М.Жолдасбеков, Қ.Өмірәлиев, т.б. еңбектері.

2-тақырып. «Күлтегін» жырының көркемдік ерекшеліктері.

М.Әуезовтың пікірі. Жырдағы кескілескен шайқастардың, соғыстағы батырлар ерлігінің, әскери жорықтардың шежіресі. Күлтегін батыр туралы жырдың авторы Иоллығ-тегіннің сөз зергері ретіндегі шеберлігі. Көне түрік жырының дыбыстық құрылысы. Мұнда үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Жырдағы бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы-аллитерация. Ұйқас түрлері,соңғы бунақтағы дыбыстар үндестігі. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларында жиі қолданылатын теңеу, метафора, аллегория, гипербола, эпитет, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер туралы. Тасқа жазылған дастандардың композициялық құрылысы. Автор ойының циклдық жүйе арқылы берілуі. Ежелгі түркі позициясының өзіндік әдеби дәстүрі. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы. Күлтегіннің 16 жастан бастап

47 жасқа дейін, яғни өлгенге дейінгі ерлік істерінің эпостық сарынмен баяндалуы. Руна жазуындағы дастандардың идеялық мазмұны.Түрік елін ішкі

бірлік-ынтымаққа, сыртқы жауға қарсы күреске шақыру. Күлтегін-тарихи тұлға, жеңілуді білмейтін батыр. «Күлтегін» жырының сюжеттік құрылысы, баяндау тәсілі, ерлікті мадақтау, батыр тұлғасын бейнелеу, көріктеу құралдарын қолдану жағынан қазақтың батырлық жырларына жақындығы. Тайпа-ұлыстық дәуірде өмірге келген «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қобланды батыр», «Шора батыр» сияқты қазақ эпостары мен «Күлтегін» жыры арасындағы үндестік.


3-тақырып. Қорқыт ата кітабы ( «Кітабы дедем Қоркуд»)

Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз. Қорқыт атаҮІІІғ Сыр бойында өмір сүрген тарихи тұлға, аңызға айналған күйші-сазгер, мәшһүр жырау, кемеңгер философ. Қорқыт ата адамзат баласына өлмейтін өмір, мәңгілік тіршілік іздеуші. Аңыз кейіпкері. «Қорқыт ата кітабы»-оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші. Қорқыт атаның сиқырлы күйлері. Қорқыт атаның өсиеттері, ғибрат сөздері, мақал-мәтелдері. «Қорқыт ата кітабын» зерттеуші, тәржімелеуші Еуропа және орыс ғалымдары. Қорқыт ата мұрасын зерттеу, қазақ тіліне аудару ісіне қазақ ғалымдарының қосқан үлесі. «Қорқыт ата кітабы». Тақырыбы мазмұны, композициясы, қаһармандары, көркемдік ерекшеліктері.

Оғыз-қыпшақ дәуірінің эпикалық туындысындағы тарихи шындық пен аңызға айналған бейнелер. «Қорқыт ата кітабы» 12 жырдан тұрады.


4-тақырып. «Оғыз наме» («Оғыз-қаған» эпосы).

«Оғыз-наменің» түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін аңыздар негізінде көркем баяндайтын эпостық шығарма екендігі. «Оғыз-қаған» эпосына негіз болатын аңыз-әңгімелер мен тарихи деректер. Оғыз қаған және оғыз тайпа-ұлысы туралы мәліметтер. Оғыз қаған-жазба шежіре мен аңыз шежіренің тарихи кейіпкері. «Оғыз наме» эпосының сюжеттік желісіне тән ерекшеліктері.

«Оғыз-наме» эпосының жанры, композициясы, сюжеттік желілері.

«Оғыз-наме» эпосының қаһармандары-Оғыз қаған, оның балалары, Ұлы Түрік, Алтын Қаған, Урум қаған, Урус бек, Сақлаб, Ұлы Орда бек, Қағарлық ер, Темір Қағұл Жосун ер, Көк Бөрі, т.б. «Оғыз-наме» эпосының нұсқалары. Ұйғыр әрпімен және араб әрпімен жазылған нұсқалары. «Оғыз қаған» еңбегін қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан тұңғыш зерттеуші Қ.Өмірәлиевтің ғылыми еңбектері. «Оғыз-наме» эпосы мен және қазақ әдебиеті. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер. Эпостың тілі, көркемдеу әдістері.


5-тақырып. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған әмбебап ғалым, әдебиет зерттеушісі, ақын. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка,т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері. Философиялық трактаттары; «Данышпандықтың інжу маржаны» «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек.», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме»,т.б.

  1   2   3

Похожие:

Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06

Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06

Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
Лист утверждения к рабочей программе дисциплины, разработанной на основании государственного
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
Жұмыс бағдарламасы 050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
«Түркістан уалаятының газетіндегі» публицистиканың баспасөзбен тоғысуын байыптап бағалап беру
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
«Қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
Лист утверждения к рабочей программе дисциплины, разработанной на основании рабочего учебного плана специальности
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
Лист утверждения к рабочей программе дисциплины, разработанной на основании каталога элективных дисциплин по специальности
Рабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06 iconРабочая программа Форма ф со пгу 01. 1/09
Лист утверждения к рабочей программе дисциплины, разработанной на основании каталога элективных дисциплин по специальности
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница