Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі




Скачать 261.14 Kb.
НазваниеФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Дата конвертации16.02.2016
Размер261.14 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/174651.doc

Ф СО ПГУ 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

География кафедрасы


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Туризм саласындағы кластеризация



Павлодар, 2013 ж.




Пән бағдарламасын бекіту парағы (Syllabus)





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

_______ Қ.Қ. Ахметов

«___»_____________20 ж.


Құрастырушы: аға-оқытушы Л.Ж. Ерубаева _____________


География және туризм кафедрасы


ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)


Туризм саласындағы кластеризация

пәні бойынша


6М090200-Туризм мамандығының студенттері үшін


Бағдарлама «____» ___________20 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды


«___» __________ 20 ж. Хаттама № __ кафедра мәжілісінде ұсынылды


Кафедра меңгерушісі____________________ Д.Д. Есімова

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-

әдістемелік кеңесімен мақұлданды


«___» ________20 ж. Хаттама № _______


ОӘК төрайымы__________________Ю.М. Каниболоцкая


1. Оқу пәнінің паспорты


Туризм саласындағы кластеризация

Пән таңдау бойынша компонент

Кредиттер саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 1

Семестр: 1

Аудиториялық сабақтар, барлығы – 30 сағат

Дәріс - 15 сағат

Тәжірибелік /семинар сабақтары - 15 сағат

СӨЖ – 60 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 15 сағат

Жалпы еңбексыйымдылығы - 90 сағат

Бақылау формасы

Емтихан – 1семестр


Пререквизиттер: туризм инфрақұрылымы, туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

Постреквизиттер: туризмдегі ГАЖ-технологиялар, туризм экономикасы

2. Оқытушы жөнінде ақпарат:


География магистрі, аға оқытушы

Ерубаева Ләззат Жәнібековна

География және туризм кафедрасы

Тел. (ішкі 1277)

Қабылдау уақыты: жұма – 1000-ден 1200-ге дейін, ауд. № 313а



3. Пәннің мақсаты мен міндеттері


Пәнді оқытудың мақсаты – туристік рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруда және жоспарлауда кластерлік жағжайдың негізгі ұғымы мен принциптерін және туристік саладағы кластеризацияның негіздерін оқыту.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • туристік рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруда кластерлік жағжайдың терминологиялық базасын қарастыру;

  • кластерлік жағдайдың принциптерін анықтау;

  • туриндустриядағы клатеризация негізін;

  • туристік кластердің негізгі компоненттеріне сипаттама беру;

туризм кластеризациясының әдістерін және тәжірибелік нұсқауларын дайындау.


3. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар

Магисьрант білу керек:

  • «кластер» мен «кластеризация» ұғымын және мәнін;

  • кластерлік жағдайдың принциптерін және ерекшеліктерін;

  • туриндустриядағы кластеризация негіздерін;

  • Қазақстандағы туристік қызметті ұйымдастырудағы кластерлік жағдайдың ерекшеліктері;

  • ұшқыштық кластерлерді құрудың мемлекеттік бағдарламары, концепциялары.

Магистрант істей білу керек:

  • туристік кластердің тиімділігін талдау;

  • туристік саладағы кластеризация кезеңдерінде бағыт бағдарлану;

  • туризм кластеризациясының әдістерін және тәжірибелік нұсқауларын дайындау;

– туристік кластерді құру бойынша жоба дайындау.


5. Пәннің тақырыптық жоспары


р/с

Тақырыптың атауы


Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

Жалпы


соның ішінде СОӨЖ

1

Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері

2

2


5


2


2

Туризм саласындағы кластеризация жаһандану факторы ретінде

2

2


5


2

3

Туристік аудандар, объектілер, кластерлер

2

2


10

2

4

Туристік кластерді ұйымдастыру және оның бәсекелестік қабілеті

2

2


10

2

5

Туристік кластердің инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі

2

2


10

2

6

Туристік кластерді басқару

2

2

10

2

7

Қазақстан туризміндегі кластерлік даму

3

3


10


3




БАРЛЫҒЫ:

15

15

60

15




Пән бойынша барлығы

90


6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 Тақырып Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Жоспар Пәннің терминологиялық базасы.

  1. Пәннің зерттеу облысы мен мазмұны.

  2. Зерттеу әдістері.

  3. Зерттеулердің тәжірибелік маңызы.

  4. Пәннің даму тарихы



Кластер (ағылш. cluster) — белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік деп саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа бірлетіруі. Қазіргі кезде кластерлерлер елдердің, сол сияқты жекелеген аймақтардың экономикасын дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруде танымал әрі маңызды құрал болып табылады. Кластер – бұл қосымша құнды құру үрдісінде өзара байланысқан жабдықтаушыыр, өндірушілер, тұтынушылар, өнеркәсіптік инфрақұрылым элементтері мен зерттеу институттарының  жүйесі. Ол адам капиталы, ғылыми, инновациялық және өндірістік әлеуеттердің шоғырлануымен сипатталады, әйтпесе кластерлер тұрақты әрі бәсекеге қабілетті бола алмайды. Кластерлік жүйе алдыңғы қатарлы елдер экономикасының көп бөлігін қамтыған. Күннен күнге кластерлер экономикалық дамудың ұлттық және аймақтық жоспарларының маңызды құраушысына айналуда. Дәстүр бойынша кластерлер теориясы көп жағдайда қызметтер секторының, оның ішінде туризмнің, жоғары қарқынен дамып келе жатқаны мен болашақтағы зор әлеуетіне қарамастан  өндірістік өнеркәсіпке бағытталған.

Кластерлік теорияның негізін қалаушы Майкл Портер зерттеулері, сонымен қатар басқа да кластерлік зерттеулерде дәстүрлі түрде басты назар өндірістік өнеркәсіпке аударылған. Бұл басымдық қызмет көрсету секторының, оның ішінде туризм маңызының өсуі мен оның зор болашақ әлеуетіне қарамастан әлі де сақталуда. Туризмге тән осы салада қызмет етуші объектілердің дамуы мен табыс алуында бір-бірімен тығыз байланыста болуы мен туризм саласының басқа салалар дамуына тәуелді болуы сияқты ерекшеліктерді ескере отырып, оның кластерлік әдіспен дамуының маңыздылығы өзекті. Кластерлер туралы білімді өсіріп, кластерлік тұжырымдаманың не үшін керектігін түсіну түрлі деңгейдегі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін маңызды, өйткені бұл механизмді іске қосу арқылы кез келген субъект кластер құраушысы бола отырып  экономикалық өсу мен дамуға өз үлесін қоса алады.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


2 Тақырып Туризм саласындағы кластеризация жаһандану факторы ретінде

Жоспар

  1. Қазіргі қоғамның жаһандануы. Туристік индустрияның жаһандану факторлары.

  2. Кластер түрлері.

  3. Қазіргі туризмнің қарқыны. Қазіргі қоғамның жаһандануы.


Кластер - жеке компаниялардың ерікті бірлестігі; басқарудың желілік үлгісінен негізделген және ғаламдық экономика жағдайына ыңғайлана алатын инновациялық-бағытталған өндірістік-коммерциялық құрылым. Кластерлерді құру және дамыту теориясы мен тәжірибесі жаһандануға жауап ретінде пайда болды. Жаһандану аймақтардың жеке өзіндік ерекшеліктерін тегістеп, жойып жібереді және униполярлы әлем құруға жағдай жасап, экономикалық кеңістікті гомогендендіреді. 1990-шы жылдары жаһанданумен бәсекелесуші экономикалық белсенділіктің кластерлену үрдісі белең ала бастады, яғни, экономиканың нақтылы салаларына сүйенетін және аймақтың өзіндік ерекшеліктерін пайдаланатын аймақтық белсенділікті ықшамдандыру.

Кластердің негізгі сипаттамаларына келесілер жатады:

- географилық тұрғыдан шоғырлану (жақын орналасқан фирмалар әлеуметтік капиталды ауырбастау, оқу үрдісінде және экономикалық өзара қарым-қатынастарда бір-біріне ұтымды әсер етеді.);

- мамандандыру (кластерлер барлық қатысушылары мен факторлардың қатысы бар анықталмаған қызмет шеңберінде қалыптасады.).

- экономикалық агенттердің көптілігі (кластерлер және олардың қызметі кластерге кіретін фирмалар ғана емес, қоғамдық ұйымдар, академиялар, қаржылық делдалдар, институттар және т.б. қамтиды.);

- бәсекелестік және әріптестік (кластердің фирма – мүшелері арасындағы тең деңгейдеге болатын өзара қарым – қатынастың негізгі түрлері ретінде);

- кластер деңгейінің даму динамикасының ішкі әсерінен қажетті «критикалық массаға» қол жеткізу;

- кластердің өмірлік циклы (олар ұзақ мерзімді болашаққа есептелген);

- инновациялық үрдіске ену (кластер құрамына енетін кәсіпорындар мен фирмалар, әдетте ұйымдық, нарықтық, өнімдік, технологиялық инновациялық үрдістерге енеді).


Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


3 Тақырып Туристік аудандар, объектілер, кластерлер

Жоспар

  1. Туризмдегі кластерлік жүйе. Кластерлік концепция.

  2. «Кластер» және «территориялық-өндірістік кешен» ұғымдарының қатынасы – айырмашылығы мен ұқсастықтары.

  3. Туристік кластердің ерекшеліктері.

  4. «Туристік аудан», «туристік объект», «туристік кластер» ұғымдары.


Кластерлік теорияның негізін қалаушы Майкл Портер зерттеулері, сонымен қатар басқа да кластерлік зерттеулерде дәстүрлі түрде басты назар өндірістік өнеркәсіпке аударылған. Бұл басымдық қызмет көрсету секторының, оның ішінде туризм маңызының өсуі мен оның зор болашақ әлеуетіне қарамастан әлі де сақталуда. Туризмге тән осы салада қызмет етуші объектілердің дамуы мен табыс алуында бір-бірімен тығыз байланыста болуы мен туризм саласының басқа салалар дамуына тәуелді болуы сияқты ерекшеліктерді ескере отырып, оның кластерлік әдіспен дамуының маңыздылығы өзекті. Кластерлер туралы білімді өсіріп, кластерлік тұжырымдаманың не үшін керектігін түсіну түрлі деңгейдегі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін маңызды, өйткені бұл механизмді іске қосу арқылы кез келген субъект кластер құраушысы бола отырып  экономикалық өсу мен дамуға өз үлесін қоса алады.

Профессор Портердің тұжырымдары ең белгілі әрі мойындалған болып отыр. Мысалы, ерекше танылғаны «Портердің бес күші», «жинақталған құн тізбегі», «кластерлік теория». Аталғандар бәсекелестіктің өсудің жаңа фазасын жүзеге асыру мақсатында, ұлттық экономиканың мықты макроэкономикалық негізін құру үшін кластерлік саясат жүргізіп отырған дамушы және дамыған елдер негіз болып танылды.

Кластерлердің дамуына себебін тигізетін басқа факторлар, уақыт өте келе экономикалық қызметтің жаңа түрлерін, сондай-ақ аймақтан шалғайда орналасқан, кәсіпорындарға инвестиция тартуға мүмкіндік беретін, яғни институттардың, компаниялармен университеттердің бар болуы.


Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

4 Тақырып Туристік кластерді ұйымдастыру және оның бәсекелестік қабілеті

Жоспар


  1. Кластер адамзат факторының ерекше ролімен нарықтық экономика қызметінің өнімі ретінде соңғы тұтынушыға дейін.

  2. «Туристік-рекреациялық кластер» ұғымы.

  3. Кластерлік жағдайдың теориялық аспектілері.


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығы саласында
      а) республиканың табиғи-қорық қорын барынша сақтауды, жергілікті халықпен бірлесіп табиғи ресурстар мен генетикалық ресурстарды қорғауды ескере отырып, ЕҚТА мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді пайдалануға арналған басым туристік жобаларға (бұдан әрі – басым туристік жобалар) қойылатын туристік тартымдылық өлшемдерін (бұдан әрі – өлшемдер) әзірлеу;
      б) өлшемдерге сәйкес орман отырғызу жобасы негізінде осындай аумақтардың инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарын (бұдан әрі – бас жоспар) әзірлеу арқылы туристік әлеуеті бар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде туристік дамытуды жоспарлау;
      в) ЕҚТА инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарында ЕҚТА учаскелерінде туризмді дамытуды жоспарлау (бұдан әрі – бас жоспар);
      г) туризмді дамытуға қатысты бас жоспарды түзету жөнінде ұсыныстар енгізе алатын туризм жөніндегі уәкілетті органмен бас жоспарларды келісу, бұл ретте халықты сауықтыруға арналған бальнеологиялық мақсаттағы жобаларды және ЕҚТА және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде іске асыру үшін экологиялық туризмді жүзеге асыруға арналған объектілерді белгілеу;
      д) ЕҚТА және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде туристік жобалардың дамуын басқару мамандандырылған ұйымды белгілеу және/немесе құру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, бұл мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:
      белгілі бір жер учаскелерін туристік мақсаттарда игеру үшін инвестициялық ағындарды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және жеке секторлардан әртүрлі деңгейдегі инвесторларды іздеу және тарту;
      е) туристік жобаларды іске асыру бойынша ЕҚТА және мемлекеттік орман қоры учаскелерін тұрақты пайдалану және басқару жағдайында мынадай шараларды қамтамасыз ету қажет:

- ЕҚТА және мемлекеттік орман қорын пайдаланушылардың табиғи ортаға залал келтіргені үшін (заңсыз ағаш кесу, су қоймаларын ластау, жердің табиғи қабатын бүлдіру және т.б.) жауапкершілігін күшейту;

- орман алқаптарының аумағын ұлғайту, табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтіру кезінде табиғат пайдаланушыларды көтермелеу тетіктерін қарау.

Жер қатынастары саласында Инвесторлардың жер әлеуетін барынша пайдалануы үшін ЕҚТА-да, сулы, мемлекеттік орман қоры жалпы пайдаланатын жерлерде қонақ үйлер және басқа да туристік инфрақұрылым құрылысы үшін жер телімдерін бөлу, мемлекеттің салымдар қауіпсіздігіне кепілдік беруі және тиісті инвестициялар үшін қаржылық ресурстарға инвесторлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мынадай баламалы тетіктермен қамтамасыз етілуі мүмкін:
      а) ЕҚТА мен орман қоры жерін қоспағанда, туристік жобаларды дамыту мақсатында инвесторлардың жер учаскелерін жеке меншікке сатып алуының құқықтық құралдарын жасау;
      б) мынадай ықтимал шаралар арқылы туристік жобаларды дамыту мақсатында ЕҚТА учаскелерін және орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдаланудың қолданыстағы институтын жетілдіру, оның ішінде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін жер телімдерін ұзақ мерзімді ақылы қолдану/орманды пайдалану шартының (бұдан әрі – шарт) талаптарын жетілдіру:

- жер телімдерін ұзақ мерзімді ақылы қолданудың/орманды пайдаланудың ең ұзақ мерзімін арттыру;

- шартта автоматты түрде белгіленген мерзімге ұзартуды көздеу;
      уәкілетті органның шартты біржақты тәртіппен бұзу құқығын шектеу, сонымен бірге инвестор тарапынан қандай да бір бұзушылықтар болмай, шарт мемлекет бастамасымен бұзылған жағдайда инвестор салымдарын қисынды ақтайтын көлемде өтемақы төлемдерін жүзеге асыру.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

5 Тақырып Туристік кластердің инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі


Жоспар

  1. Туристік кластердің инфрақұрылымдық құраушылары

  2. Туристік кластердің алғашқы ретті кәсіпорындары

  3. Кластердің элементтерінің өзара байланысы. Салалық және аймақтық кластерлер. Ядролы және ядросыз кластерлер.

  4. Туристік кешен. Рекреациялық жүйелер Туристік рекреациялық байламдар.


Әрбір туристік кластер бірнеше туристік өнімдерді әзірлеуді ұйымдастыруы қажет, бірақ туристік өнімдерді таңдау және басымдықтар беру әр кластердегі әрбір өнімнің даму әлеуеттеріне байланысты. Жалпы, Қазақстан Республикасында туризмнің басты алты өнімін дамыту қажет:
      «MICE-туризм», «Мәдени туризм және турне», «Белсенді және қызық оқиғалы демалыс», «Таулар мен көлдердегі демалыс», «Жағажай туризмі» және «Қысқа мерзімді демалыс».
      MICE-туризм - бизнес-уәждерге байланысты ұйымдастырылатын сапарлар, іскерлік кездесулер, көтермелеу турлары, конференциялар, көрмелер, іс-шаралар, жұмыс топтарының отырыстары, семинарлар және іскерлік сапарлар кезіндегі бос уақытты ұйымдастыру секілді түріне жатады: Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Еуропа, Қазақстан, Қытай мен Ресей Федерациясы жатады.
      Мәдени туризм және турне – мәдени ескерткіштер және тарихи мұра орындары бойынша ұйымдастырылған турлар және гид алып жүрмейтін турлар. Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Еуропа, Қазақстан, Қытай, Ресей Федерациясы, Таяу Шығыс, Үндістан және өңір елдері жатады.
      Белсенді және қызық оқиғалы туризм – қызметтің «жұмсақ» (кемпинг, жаяу жүру, велосипед тебу, толық жетектегі автомобильмен жүру, табиғатты зерттеу, салт атты серуендеу, құстарды бақылау, балық және аң аулау) және «қатты» түрлерін (каноэда есу, каякпен жүзу, спелеология, тау велосипедін тебу, қиылысқан жермен шаңғы тебу, альпинизм, парапланеризм, плоттармен түсу (рафтинг), тауға өрмелеу және джип-сафарилер) қоса алғандағы қызмет түрлері. Аталған өнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын елдерге Қазақстан, Ресей Федерациясы, Еуропа жатады.

Таулар мен көлдердегі демалыс – жұптар, отбасылар мен балалар, үшін жазғы және қысқы демалысты өткізу, ресми демалыс күндері уақытындағы демалыс, таудағы белсенді қызмет түрлері және спортшылар дайындығы секілді демалыс пен рекреация саласындағы түрлі қызметтер бағдарламалар, сондай-ақ экологиялық туризм. Аталған өнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Қазақстан, Ресей, Қытай жатады.

Жағажай туризмі – жағажай аймақтарында сауығу және демалу мақсатарында келу, сондай-ақ судағы спорт түрлері, қайықпен және яхтамен жүзу (теңіздегі демалыс). Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуіді генерациялайтын негізгі елдерге Қазақстан, Ресей және өңір елдері жатады.

Қысқа мерзімді демалыс – демалыс күнгі турлар, қала және қала маңындағы, көрнекті орындарға бару, табиғатта демалу, мәдени ескерткіштер мен тарихи мұра орындарында болу, сондай-ақ ерекше жағдайлар үшін қысқа мерзімді үзілістер (мысалы, бал айы, Жаңа жыл демалыстары, жыл сайынғы жиындар т.б.) секілді әдетте бір күннен төрт күнге дейін созылатын қысқа мерзімді сапарлар. Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Қазақстан, Ресей Федерациясы, Еуропа және Таяу Шығыс жатады.
      Айтылған топтарға енгізбеген басқа туристік өнімдер - мәдени-танымдық туризм, қасиетті орындар бойынша сапарлар, әлеуметтік, балалар-жасөспірім, агроэкотуризм, геопарктерді дамыту, сондай-ақ ерекше қызығушылықтар бойынша бірқатар өнімдер.

Әдебиеттер тізімі: (1,2,3,4.)


6 Тақырып Туристік кластерді басқару

  1. Аймақтық туристік кластер үшін басқару стратегиясының концепциясы.

  2. Аймақтық туристік кластерді басқарудың бағдарламасы.

  3. Аймақтық туристік кластерді басқарудың бағдарламасын дайындаудың және жүзеге асырудың стратегиясы.

  4. Туризм сферасында және қонақжайлылықтағы қызметшілерді басқаруды ұйымдастыру моделін енгізу жағдайы

Туристік нарықтың өзінше ерекшеліктері бар.

Осы стратегиялық тәсілдерді пайдалануға жүгіруші туристік фирмалар, өздерінің нарықтағы.Сөйтіп, туристік өнімдерді оның өмірлік циклі шеңберінде әзірлеп жасау
Туристік компаниялардың көпшілігі алуан түрлі туристік өнімдерді сатады. Әрбір
Туризм индустриясындағы баға белгілеу – бұл өнімнің алуан түрлілігімен
Туризм индустриясындағы баға белгілеу саясаты түрлі факторлармен анықталады, сондықтан «Плюс Шығындарды қосу» - бұл пайда алу және шығындарды
«Рентабельділік нормасы». Бұл әдіс қаржылық талдаумен байланысты және салынған
«Кері баға белгілеу» - бұл өнімнің нарықтық бағасына және
Дегенмен, компаниялар клиенттерді жоғалтып алмас үшін, нарықтағы бәсекелестікті есепке
Тең құқылықтан айырумен (дискриминациялық) баға белгілеу.

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)


7 Тақырып Қазақстан туризміндегі кластерлік даму

  1. Қазақстан экономикасын дамытудағы кластерлік жағдай. Кластерлік инициатива.

  2. Елдің ұшқыш кластерлері. «Туризм» ұшқыш кластерін құрудың және дамытудың жоспары.

  3. Жалпы жүйелік шаралар. Экологиялық туризм. Мәдени-танымдық туризм. Іскери туризм.

  4. Алматы қаласы және Алматы облысында туристік кластердің құрылуы.

  5. Қазақстандағы туристік кластер: дамудың қарқыны және мәселелері.


Туризмді басқару үдерісін жетілдірудің басты мақсаты қазіргі таңда Қазақстанды Орта Азиядағы ірі туристік мемлекетке айналдыру болуы керек. Ол үшін үкіметтің туризмді басқаруды ұйымдастыруын жүйелеу, шетелдік туристерді тарту мүмкіндіктерін күшейту және туристік саясатты зерттеуді дамыту, жеке құрылыммен тығыз ынтымақтастық орнату, халықаралық ту-ризмде ауқымды іс-шаралар жүргізу бойынша жұмыс жүргізу керек (Кесте 22).

Шетел тәжірибелері туристік кластерлердің дамуы туристік қызмет көрсету нарығының тиімділігін арттыратынын көрсетіп отыр және сол арқылы олар ұлт жағдайын жақсартып отыр. Осыған байланысты, туризм экономикасының кластерлік дамуында жергілікті әкімшіліктің құзырына жеке кәсіпкерлерге, жобаға және жалпы экономика ісіне араласушыларға жақсы іскерлік орта құрып беру кіреді. Бұл істің тиімділігі мен анағұрлым жоғары өнімділігіне әсер етеді. Осыған орай, ҚР-ның Үкіметі туристік кластер құру жөнінде шешім қабылдады. Мұны жүзеге асыру мақсатында мемлекет пен жеке құрылымдар арасында жан-жақты талқыланған әрі өзара тиімді серіктестікке құрылған туристік кластер жобасы құрылды.

Кластердің ұйымдастырушылық құрылымын үкіметтік құрылымдар мен зерттеу институттарының өзара бірлескен іс-әрекеті түрінде қарастыруға болады (сурет 3).

Бұлар тиісті стратегиялық бастамаларды көтеретін жұмыс топтарын құрады.

1 туроператорлары; 2 – табиғи туристік кешендер мен тарихи-мәдени мұра кешендері; 3 туристер мен тағзым етушілер; 4 – орналастыру қоры; 5 – коммуналды шаруашылық; 6 мамандар; 7 – азық-түлік базасы; 8 инженерлік-техникалық құрылғылар; 9 – ғылыми-зерттеу бөлімдері мен басқару ұйымдары.

Сурет 3 Туристік кластер құрудағы негізгі құрамдардың өзара байланысының тұжырымдамалық сызбасы

Кластерлік тәсілді құрудың географиялық ұстанымына сүйене отырып, оны жүзеге асырудың бір кезеңіне халықаралық, ауданаралық және аудандық кластерлерді анықтауға арналған аудандық жобалар құру ісін қарастыру керек. Мұның ішіне табиғи туристік кешендер мен тарихи-мәдени мұра, саяхат жерлері, орналастыру қорлары, коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, азық-түлік қоймасы, ғылыми сектор мен басқару ұйымдары кіреді.


7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, 15 сағат


1 Тақырып Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері


Тапсырмалар:

  1. «Туристік кластер» ұғымын түсіндіріп, мысал келтіру

  2. Пәннің зерттеу әдістеріне сипаттама беру

  3. Туризм саласындағы кластеризация пәнінің басқа ғылымдар жүйесімен байланысы ашып көрсету.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


2 Тақырып Туризм саласындағы кластеризация жаһандану факторы ретінде

Тапсырмалар:

  1. Қазіргі кездегі туристік кластердің туризм саласын дамытудағы маңызы

  2. Туристік кластерді дамытудың жолдары


Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


3 Тақырып Туристік аудандар, объектілер, кластерлер


Тапсырмалар:

  1. Туристік аудандар ұғымы және оларға сипаттама

  2. Туристік объектілер ұғымы және олардың жіктемесі

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


4 Тақырып Туристік кластерді ұйымдастыру және оның бәсекелестік қабілеті

Тапсырмалар:

  1. Туристік кластерді ұйымдастырудың мәселелері және оларды шешу жолдары

  2. Туристік бәсекелестік қабілетті арттырудың жолдары және бәсекелестікті артырудағы туристік кластердің алатын орны

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

5 Тақырып Туристік кластердің инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі



Тапсырмалар:

  1. Туристік инфрақұрылымды арттырудың жолдары

  2. Туристік кластердің инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі


Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)


6 Тақырып Туристік кластерді басқару

Тапсырмалар:


  1. Туристік кластерді басқару тақырыбына презентация жасау


Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, суреттерімен презентация жасап, қорғау. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)


7 Тақырып Қазақстан туризміндегі кластерлік даму.

Тапсырмалар:

  1. Қазақстанда туристік кластерді дамытудың мәселелері

  2. Павлодар облысында туристік кластерді дамыту мәселелері мен алғы шарттары

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4.)


8. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар

Баяндама тақырыптары:

  1. Курорттық туристік кластер модернизациясы механизмінің қалымтасуы

  2. Туристік рекреациялық кластер

  3. Туризм дамуы және туристік кластердің құрылуы

  4. Туристік кластер қалыптасуының әдістемелік аспектілері

  5. Қазақстандағы туристік кластердің даму жағдайы

  6. Аймақтық туризм жүйесіндегі туристік кластердің идентификациясының әдістері

  7. Павлодар облысындағы туризм нарығының қалыптасу ерекшеліктері

  8. Қазақстанда ұлттық туристік кластерді құру мәселелері

  9. Таулы аймақтағы туристік кластерді құру ерекшеліктері

  10. Тұрақты даму үшін кластерлік жүйе



9 СОӨЖ кеңес кестесі (СОӨЖ-сы СӨЖ-ның 25% құрайды)




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру













12.35

13.25




2.

Семинар сабақтары бойынша кеңес







12.35

13.25










3.

СӨЖ бойынша кеңес
















12.35

13.25

4.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес

12.35

13.25

















11. Студенттердің білімдерін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік (семинар, зертханалық) сабақтар 0-100 баллмен бағаланады

Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Планетаға дейінгі материядан Жер мен Күн жүйесінің пайда болуы туралы гипотезалар.




2 жұма



2-ші жұма

2

Картамен жұмыс

Географиялық атауларды (номенклатураны) жатқа айту.

Атлас мира

Семестр бойы




семестр бойы

3

Аралық бақылау

Жоспар бойынша алғашқы 4 тақырып







коллоквиум

8-ші жұма

4

Реферат

Ішкі сулар. Дүниежүзілік мұхиттың құрылымы




2 жұма




9-шы жұма

5

Реферат

Ноосфера




2 жұма




14-ші жұма

6

Аралық бақылау

Жоспар бойынша 5-8 тақырыптар







коллоквиум

15-ші жұма

Ескерту:

1. Реферат СӨЖ тапсырмаларында берілген тақырыпқа сай жазылуы тиіс.

12. Студенттердің білімін бағалау критериилері


Пәнді оқуту жыл бойы алған білімдері бойынша, тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Бағдарламада берілген барлық тапсырмаларды орындау, емтиханға жіберудің міндетті критерииі болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.


14. Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. С.Ә. Әбілмәжінова Жалпы жертану. Алматы 2012 ж.

  2. Савцова Т.М. Общее землеведение. Москва: Академия, 2011 г.

  3. Құсайнов С.А. Жалпы геоморфология: оқулық. Алматы: Дәуір, 2012. -365 б.

  4. Достай Ж.Д. Жалпы гидрология. Алматы: Қарасай, 2011. – 278 б.

  5. Мильков Ф.Н. Общее землеведение. Москва: Высшая школа 1990 г.

Қосымша

  1. Галант Т.Г., Гурвич Е.М. Практические занятия по землеведению и краеведению. Москва: Просвешение, 1988 г.

  2. Григорьев А.А., Кондратьев К.Я. Космическое землеведение. Москва: Наука, 1985 г.

  3. Брукс С. География Земли. Москва: РОСМЭН, 2000г.

  4. Неклюкова Н.П. Задания для лабароторных работ по общему землеведению. Москва: Просвещение, 1969 г.




Похожие:

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі
Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі Т. рұсқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница