Диссертация 2009 жылы «24»




НазваниеДиссертация 2009 жылы «24»
страница1/5
докторы А Т
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.83 Mb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.iie.kz/userfiles/aikozov(1).doc
  1   2   3   4   5


ӘӨЖ 338.431.6 (574.5) Қолжазба құқында


АЙКӨЗОВ СЕЙДУЛЛА ИБАДУЛЛАҰЛЫ


Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы

аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)


07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихыеспубликасының)


Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ





Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазіргі заман тарихы және ғылыми ақпарат бөлімінде орындалған.



Ғылыми кеңесшісі:

тарих ғылымдарының докторы, профессор Мажитов С.Ф.


Ресми оппоненттер:


тарих ғылымдарының докторы,

профессор Байтілен С.А.


тарих ғылымдарының докторы,

профессор Ташенев М.Ж.


тарих ғылымдарының докторы,

доцент Байсарина Қ.Қ.



Жетекші ұйым:



Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университеті




Диссертация 2009 жылы « 24 » қыркүйекте сағат 14.30-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).


Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29) танысуға болады.


Автореферат 2009 жылы « 22 » тамыз таратылды.





Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

тарих ғылымдарының докторы А.Т. Қапаева

КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ауылшаруашылығы саласы – ел экономикасының негізгі буыны, ежелден келе жатқан бар байлығымыздың бастауы. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы негізінен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануы және дамуымен тікелей байланысты. Осыған байланысты, қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай ғылыми тұрғыда терең зерделеуді, саланы кешенді дамытудың жолдары туралы жан-жақты дәлелденген қорытындылар мен байыпты ғылыми тұжырымдар жасауды талап етеді.

Зерттеу жұмысында ғылыми тұргыдан аграрлық сектордың кеңестік экономиканың кембағарлығынан көрген зардаптары мен тәуелсіздік дәуірінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл шаруашылығының нарықтық қатынастарға бейімделуі мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы аграрлық реформалаудың нақтылығы қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған 2003 жылғы Жолдауында: «Біздің әлі де болса есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек. Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек. Бұл үшін агроөнеркәсіп кешенін түлете дамытып, ауылға (селоға) айрықша назар аударылуы, жеткен биігіміз бен жинақтаған тәжірибемізге сүйеніп, ауылдағы ағайындарымызға өмірдің жаңа сапасына жетуіне қол ұшын беретін уақыт туды», – деп көрсетеді [1].Төл тарихымыздың күңгірт беттерін ашып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа, аршынды сапалық сатыға көтерілуіне қазақ елінің өткен кезеңін зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабы. Себебі, тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түбірлі жұмыстар атқарылды.

Сондықтан, Отандық тарих ғылымының өзектілігі – кеңестік тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіруге бағытталуында. Соның бірі – аграрлық секторды реформалаудағы мемлекеттік саясат. Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі негізгі, әрі өзекті мәселелердің бірі болып отырған осы салада нарық қатынасын қалыптастыру, халықты отандық азық-түлік өндіру мен өнеркәсіпті шикізат өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, бәсекелікке төтеп беретін өнім өндіру және әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру болып отыр. Сол үшін аграрлық секторда бірінші кезекте шаруашылықты жүргізу тетіктерін қалыптастыру және дамыту аса қажетті қозғаушы экономикалық күштің негізіне айналуда.

Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте-бірте өз нәтижесін беріп келеді [2]. Дегенмен, агроөндірістік кешенді ұйымдастыруды жетілдірудегі негізгі мақсаттардың бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әйтседе, шикізат мәселесін шешетін халық шаруашылығындағы өнім өндіру мен оның өсімі әлі де болса төмен деңгейде. Өндірістерде қалыптасқан жағдайларды сараптай және ғылыми талдай келе аграрлық сектордағы шешілмей жатқан мәселелерді зерттеу, ауыл шаруашылық пен өндірістің экономикалық негізіне әсер ететін іс-шараларды (тиімділігін көтеретін, бәсекелікке лайықты өнім өндіру, т.б.) жүзеге асыру нарық жағдайындағы көкейтесті мәселелердің атаулысы болып отыр.

Осындай еліміздегі экономикалық өрлеу жағдайында «Қазақстан-2030» Стратегиясы ауыл шаруашылығын көлемді өзгерістерге жетелеуде. Стратегияны жүзеге асыру мақсатында саланы дамытудағы мемлекеттің 2000-2002 жж. арналған бағдарламасы мен қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналаған мемлекеттік бағдарламасы, 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көзделген Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. индустриалды-иновациялық даму Стратегиясы, сондай-ақ, Елбасының қолдауымен 2003-2005 жылдардың «Ауыл жылы» деп жариялануы мен ауыл шаруашылық агроқұрылымдарын құқықтық жетілдірудегі «Астық туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», егіншіліктегі «Тұқым шаруашылығы туралы» заңдардың өмірге келуі ауыл тұрғындарын әлеуметтік қолдауға бағытталған ауқымды іс-шаралар болып табылады.

Сонымен, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдық-құрылымдық және заңнамалық жетілдірумен шектелмей ауыл шаруашылығын дамытудың 2006-2010 жж. бағытталған тұжырымдамасының негізінде 2006-2008 жж. бірінші кезекті шаралары жүзеге асырылды. Сондықтан, Қазақстан Республикасы үшін аграрлық сектор елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін айқындаушы күштердің бірі болып отыр.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өз алдына ұлттық мемлекет қалыптасып, шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдісімен аралас нарықтық қатынас қағидаларына ауысу үрдісі байқалды. Әрине, 90-жылдардың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық қиыншылығы мен ауыртпалығы аз болған жоқ. Әсіресе, өтпелі кезеңде орын алған қиындықтар зардабы ауыл шаруашылығына, бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері мен одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті әрі көкейтесті мәселе Республика Президентінің еңбектерінде, түрлі заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінің күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік мәселелерін, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтайтын теориялық және тәжірбиелік маңыздылығын одан әрі зерттеп, зерделеу керектігі ешбір күмән тудырмайды.

Социалистік қоғамнан шыққан өзге елдердегі сияқты, Қазақстан Республикасында өткізіліп жатқан аграрлық реформалардың басты мазмұны әкімшілік-әміршілдік тәсілге негізделген бір экономикалық жүйеден нарық қатынастарына негізделген екінші жүйеге көшу. Оның негізінде экономикалық жүйенің іргетасының өзі – мемлекеттің меншікке монопольды құқығынан бас тартып, оның басым бөлігін жеке және заңды тұлғаларға беруді ойластырған меншік қатынасы жатыр.

Нарықтың өзгеру нәтижесінде аграрлық саланың шаруашылықты жүргізудің тетіктері терең өзгерістерге ұшырайды. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастың барлық субъектілерінің экономикалық мүдделерінің рөлі артады. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығын реформалауда шаруашылық жүргізудің басымырақ нысаны болып табылатын, өндірісті тиімді жүргізуді қамтамасыз ете алатын және табыстарды әлеуметтік әділеттілікпен бөле алатын ауылшаруашылық бірлестіктері мен серіктестіктерінің атқарар шаруашылық қызметіне тиесілі.

Осындай ауылшаруашылық бірлестіктерінің қарапайым түрлерінің бірі – кооперация өзінің бір ғасырдан астам уақыттан бергі тәжірибесі оның нарықтық экономиканың заңдары мен қағидаларына сүйене отырып тауарлы ауылшаруашылық өндірісін қалыптастырудағы ерекше маңызын ашып берді.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл шаруашылығының дамуын зерттеу барысында шаруашылық жүргізудің тетіктерінің әлемдік тәжірибе қолданысындағы үш жолына назар аудардық. Бірінші – қосалқы және жеке шаруашылық, екінші – ірі кәсіпорындар және үшінші – кооперация. Осы жолдармен шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің бірлескен шаруашылық қызметін жүргізуі. Осы үш жолдың біздің елімізде алдыңғы екеуі жақсы жолға қойылғанымен, көлемі жағынан шағын, айналымдық қаржысы тапшы, жағдайы ортадан төменгі дәрежедегі шаруаларды кооперациялау жолы мемлекет тарапынан өз дәрежесіндегі қолдауына зәру екендігін аңғартады.

Ұзақ жылдар бойы елімізде аграрлық саладағы кооперацияның теориясы мен тәжірибесінің дәстүрлі ғылыми-зерттеу ісін жүргізудің мүмкіндігі болмады. Бұрынғы КСРО-ның ғылымы мен тәжірибесінде кооперация десе колхоздар алға тартылды және оған Қазақстан тұтынушылар одағының жүйесі қосылды, өйткені тек осылар ғана ауылшаруашылық бірлестіктерінің ең жоғары, жетілдірілген түрлері деп есептелді. Бұл толық дәлелденбеген қағида. Сол себептен адасулар орын алып оның қайта өрлеуі мен даму жолында кедергі болды.

Осындай ерекшеліктерге байланысты тақырыптың мынадай өзектілігі айқындалады.

Біріншіден, Кеңес дәуіріндегі қалыптасқан ауыл шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешен, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі отандық тарихтың ажырамас құрамды бөлігі ретінде үнемі назар аударуды қажет етеді. Себебі, тарихи жағдайлармен қалыптасып, іс-жүзінде атқарылған жоспарлы шаруашылықтан қазіргі кезеңдегі аграрлық сектордағы нарықтық қатынастарға бейімдеп шаруашылық жүргізудің тетіктерін түбегейлі қайта қалыптастыруда өзіндік ерекшеліктерге ие болу себебінен реформалау қажеттігі туындады. Сол себептен, бұл мәселені қазіргі заманғы әдістемелік тұрғыда қайта бағалауды қажет етеді.

Екіншіден, Мемлекеттің аграрлық саясаты мен аграрлық реформаның орындалуындағы жергілікті және аймақтық өзін-өзі басқару мекемелерінің қалыптасқан жүйесінің кешегісі, бүгінгісі және ертеңгі жағдайларын сыни көзбен талдау барысында халықтық мүдде тұрғысынан дамытуда тәуелсіздік идеологиясы тұрғысынан назар аударылар болса онда тарихи танымның игілігіне айналатын нәтижеге қол жеткен болар еді. Нарық жағдайында ауыл шаруашылығындағы агроқұрылымдық нысандар мен өндірістік қатынастарды, экономикалық ынталандыруды және шаруашылық жүргізудің тетіктерін кезінде жетілдіріп отырмаса, мемлекеттік несие-қаржы жүйесіндегі күрделі бағдарламалар мен қаржылық қолдаулар ауыл шаруашылығында тиімді нәтиже бермейді.

Үшіншіден, ауыл шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық дамытудағы аграрлық реформалау барысында, ауыл шаруашылығындағы өндірістік нысандардың ұйымдық-құрылымдарын жетілдіру мен қабылданған құқықтық заңнамаларын ғылыми талдау зерттеудің жаңа әдістемелік тәсілін арттыра түседі деп ойлаймыз.

Тарих ғылымының зерттеу саласында ауыл шаруашылығындағы аграрлық реформалардың қалыптасуының кейбір бөліктерін ішінара зерттеу еңбектері кездескенімен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жүзеге асырылуының ерекшеліктері мен тәжірибелік маңызы ғылыми тұрғыда зерттелген жоқ. Зерттеу тақырыбын таңдауымыздың басты себебі осыдан туындайды.

Тақырыптың зерттелу тарихы. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар мен аграрлық сектордың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы агроқұрылымдық нысандардың тарихи құндылықтар мен қағидаларын объективті түрде тәуелсіздік идеологиясында жаңа әдістемелік көзқараспен қайта зерттеу қазіргі кезеңдегі қоғамдық ғылымдардың маңызды міндетіне айналғандығы ақиқат. Себебі, ХХ ғасырдағы Қазақстан бойынша тарихи шындықтың негізінде орын алған аграрлық өзгерістерді объективті тұрғыдан терең талдау мен ғылыми зерттеуге мүмкіндік бермеген комунистік идеология басқа қоғамдық ғылымдар сияқты тарихты да өзінің ықпалында бұғаулады.

Сонымен, XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен реформалау барысына қатысты зерттеулер сипаты, мазмұны жағынан өте күрделі болды. Тақырыптың тарихнамасының күрделі сипат алуының өзіндік себептері бар.

Біріншіден, тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ауыл шаруашылығындағы қайта құрудың бағдарламалық мақсаты, әлеуметтік-саяси негізі, ұйымдық-құқықтық заңнамалары және жергілікті басшылықтар мен өзін-өзі басқару мекемелері өзіндік ерекшеліктерге ие тарихи құбылыс болатын. Сондықтан да ол аймақтық оқшаулауға көнбейтін республикалық тұрғыдан сабақтастырып қарау қажеттігі туындады. Міне, осы күрделі сипат жүргізілген зерттеу жұмыстарының барынша әралуандылығына негіз болды.

Екінші себеп – қоғамдық-саяси көзқарастар жүйесінің өзгермелілігінен туындайды. Қазіргі кезеңдегі жағдайда, жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастар қалыптасып жатқан аграрлық секторда, бірқатар объективті және субъективті қиыншылықтар болуына қарамай, ауыл шаруашылығында реформалар жүргізуде салалық саясатын жетілдірудің икемді тәсілдерін қолдану жөніндегі тарихшы ғалымдардың, А.Б. Тұрсынбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейіс, Б.А. Төлепбаев, М.Т. Кенжебаев, Ж. Жұмабеков, М.Ж. Ташенев, Ә.Н. Құдайбергенов, Г. Халидуллин, Р. Исатаев, Ж.Б. Әбілғожин, И.Ш. Шамшатов, С.А. Байтілен, С. Жолдасов, К.Ә. Берденова, К. Рыспаев, Қ.Қ. Байсарина, С.И. Иманбердинаның ғылыми зерттеу жұмыстары бар. Сондай-ақ, ауыл (село) еңбеккерлерінің өндіріс саласындағы еңбектерін зерттеумен қатар, олардың әлеуметтік, мәдени саласын Х. Әбжанов, М.Х. Асылбеков, М.Б. Тәтімов, экономика ғылымы саласындағы Л.Е. Әбділдина, И.Ю. Бенке, К.Ж. Жарекешев, Б.З. Зиябеков, Х.Е. Ертазин, Ж.О. Ихданов, С.М. Қасымов, М.Д. Тінәсіл, және де бірқатар авторлар өз жұмыстарында қарастырған.

Алайда зерттеулердің кооперация проблемасы әлемдік ғылым үшін жаңалық емес. Оны зерттегендер қатарында Р. Оуэн, Ш. Фурье, Ф. Райффейзен, Ф. Лассаль, К. Маркстар болды. Ал Ресейдегі ауыл шаруашылық кооперациясы мәселесімен Н.П. Макаров, П.П. Маслов, А.А. Николаев, С.Н. Прокопович, Н.Г. Чернышевский, М.И. Туган-Барановский, А.В. Чаянов, А.Н. Челинцев, А.И. Чупров, К.А. Пажитнов, Н.Д. Кондратьевтер жете шұғылданды.

Кеңестік кезеңнің аяғы – нарық экономикасына көшу мерзімінде ауыл шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан зерттеуде Президентіміз Н.Ә. Назарбаев, мемлекет қайраткері Д.А. Қонаев, Б.М. Тұрсынбаев, С.А. Терешенко, Ж. Кәрібжановтардың сөйлеген сөздері мен ой-толғау еңбектері және естеліктері назар аудартады.

Демек, әр кезеңнің, әр ағымның тақырыпқа қатысты зерттеулерінің деректік, әдістемелік негізі әртүрлі болғандықтан олардың арасында бір-біріне қарама-қарсы бағаларда кездеседі. Бұндай жағдайда мәселені кешенді түрде қарастырып, тарихи тұрғыда салыстыра бағалау қажеттігі туады.

Дегенмен, ауыл шаруашылығында қалыптасып отырған нарықтық қатынастар жағдайында халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартудағы аграрлық реформалардың сәйкестік мәселелері әрі қарай талдауды қажет етеді. Зерттеулер көрсеткендей, бұл салада шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына сай келетін теориялық және әдістемелік негізі жеткілікті дәлелденбеген.

Еліміздің аграрлық саласындағы осы үрдістердің әрі қарай даму заңдылықтарын айқындау, оны одан әрі кешенді талдау, қазақстандық және шетелдік тәжірибелерді сыни қорыту мен әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік бағалауда жаңа тәсілдер мен дәстүрлі емес шешімдер іздеу өте маңызды.

Бұл жұмыс нарық қатынасы жағдайында Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторындағы ауылшаруашылық өндірісінде, комерциялық және комерциялық емес ұйымдық-құқықтық кәсіпорындарды заңнамалық қамтамасыз етілуі мен ауылдық өндіріс пен аймақтық басқаруды жетілдірудің өзекті мәселелерін қоса алғанда, аграрлық реформаны жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздеуімен тәжірибелік жақтарын кешенді зерттеуді мақсат тұтқан бастапқы еңбек болып табылады.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін тарих философия және т.б. қоғамдық ғылымдырдың қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми тұжырымдамаларымен ұлттық ғылыми мүдде ұстанымдары негізге алынды. Сонымен бірге теориялық-әдістемелік мәселелерді зерттеуде шетелдік және отандық жетекші ғалымдардың еңбектеріндегі қарастырылып отырған тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ғылыми тұжырымдары да басшылыққа алынды. Соның нәтижесінде ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалауды зерттеуде өркениеттік көзқарастар мен ұлттық ұстаным, тарихилық қағида мен гуманизм, ынтымақтастық және мәдени-тарихи тұжырымдамалар аясында жүргізілді.

Зерттеудің әдістемелік негізіне ғылыми танымның жүйелілік, салыстырмалы талдау шынайылық пен синтез және ретроспективалық ұстанымдар қолданылды. Осы әдістер негізінде жасалынған тұжырымдар мен қорытындылардың өзара логикалық үйлесімділікте болуына да ерекше мән берілді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың бас кезіндегі ауыл шаруашылығын аграрлық реформалаудың жүзеге асуы мен өзекті мәселелерінің теориялық-әдістемелік тұжырымдамасы негізінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында тиімділікпен жүзеге асыруды негіздеу болып табылады. Бұл мақсат мынадай міндеттерді орындау арқылы нақтыланған:

  • Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалау мен оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін зерттеудің теориялық-методологиялық негіздерін дәлелдеу;

  • зерттеу жұмысының тарихнамасы мен дерек көздеріне жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан талдау жасау;

- Қазақстандағы аграрлық реформалардың шынайы қажеттілігі мен алғы шарттарын анықтау,

- аграрлық реформалауда қалыптасқан ұйымдық-құқықтық заңнамаларын ғылыми талдау;

- аграрлық реформалауда шаруашылықты жүргізудің тетіктерін анықтау;

- ауылшаруашылық бірлестіктері мен серіктестіктерінің тарихи қағидалары мен құндылықтарын қазіргі нарық қатынасында бейімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу;

- аграрлық реформалау барысында Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы аймақтық басқару мен жергілікті құрылымдық жетілдірілгендігін пайымдау;

- жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен мемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етудегі аграрлық реформалардың нақтылығын мұрағат қорларының құжаттары және статистикалық мәліметтер негізінде дәлелдеу;

- ауыл шаруышылығын дамытудағы стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығын саралау;

- аграрлық секторда салалық реформалау барысында ауылшаруашылық құрылымдарын жетілдіруді жүйелік тәсілмен зерттеу;

- қазіргі нарықтық қатынаста Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы агроқұрылымдық нысандардың жетілдірілуіне аграрлық реформалаудың ықпал ету дәрежесін ашып көрсету;

- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтық басқару мекемелерінің қызметін елімізде қалыптасқан жүйелік тұрғымен байланыстыра қарастыру;

- жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті шаруашылықты
басқару түсініктерінің аражігін ажырата көрсету үшін тиісті
заңнамалық құжаттарға талдау жасалып, оларды ұдайы жетілдіріп отыру
керектігін айқандау;

- ауыл шаруашылығында салалық комерциялық емес серіктестіктерді құрудың агроөнеркәсіп кешенін құрылымдық жетілдіруіндегі әсеріне ғылыми баға беру.

Зерттеу жұмысының нысаны – ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл шаруашылығын аграрлық реформалаудың жүзеге асуы мен ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелерін қарастыру.

Зерттеу жұмысының пәні – Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл шаруашылығын аграрлық реформалау мен ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның ауыл шаруашылығының даму үрдісіне тарихи талдау жасау.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалар тақырыбының хронологиялық кезеңінің бастауы 1991 жыл болып белгіленді. Себебі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен ауыл шаруашылығының жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастарға түбегейлі бет бұру кезеңі негіз болып, зерттеу кезеңі 2008 жылмен шектелген.

Диссертацияның ғылыми жаңалығы. Көлемді дерек көздері мен статистикалық мәліметтер негізінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының ауыл шаруашылығындағы жүргізілген реформалар барысын Республиканың өзге өңірлеріндегі тәжірибе мен нарықтық қатынастар жағдайына орайластыра зерттелген. Отандық тарихта ауыл шаруашылық реформасының қалыптасуы мен ауыл шаруашылығын дамытудағы нақтылығын және зерттелген аймақтың шаруашылықтық ерекшеліктерін талдау арқылы іс жүзінде қолданылатын ғылыми ұсыныстар жасау болып табылады. Осы кезге дейін тақырыптың бұл аспектісі отандық және шетелдік тарихшылар тарапынан қолға алынбаған. Осыған байланысты зерттеу жұмысының мынадай ғылыми маңыздылығы мен жаңалықтарын атап көрсетеміз:

- ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық реформалау мен оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтардағы ауыл шаруашылық даму үрдісін зерттеуге байланысты тарихнамасы сараланып, мәселенің теориялық-методологиялық негіздемесі мен деректік негізіне талдау жасалынған;

- аграрлық реформалаудың әлеуметтік даму үрдісіндегі нақтылығы мен негізгі бағыттары жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан пайымдалған;

- Қазақстанның ауыл шаруашылығында жекешелендірудеге мемлекеттің аграрлық саясатына объективті баға берілген;

- ауыл шаруашылық бірлестіктері мен серіктестіктерінің тарихи құндылығы мен қағидалары сараланған;

- аграрлық реформалаудағы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауылшаруашылық ұйымдық-құрылымдардың заңнамалық негізіне талдау жасалынған;

- аграрлық секторда шаруашылықты жүргізудің тетіктері жүйеленген;

- ауыл шаруашылығындағы ұйымдық құрылымдар мен басқару жүйесін реформалау жөніндегі шаралардың қажеттілігі ғылыми тұжырымдалған;

- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында әлеуметтік-экономикалық дамудағы аграрлық реформаның сәйкестігі ғылыми тұрғыда нақтыланған;

- ауыл шаруашылығын дамытуды стратегиялық жоспарлау мен мемлекеттік аграрлық бағдарламалар жаңа тарихи көзқарас тұрғысында қарастырылған;

- ауыл шаруашылығының инженерлік саласын реформалау, агроөндірістік кешенді дамыту үдерісінің ұзақ мерзімді бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылған;

- аграрлық реформалаудағы агроқұрлымдардың ұйымдық-құрлымдық және заңнамалық жетілдірілуі жүйелік тәсілмен зерттелген;

- аграрлық секторды дамытуда мемлекеттік қолдаумен несие-қаржы жүйесінің ықпалы мұрағат қорларының құжаттары және статистикалық мәліметтермен негізделген;

- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының жекелеген аудандарында коммерциялық емес салалық ауылшаруашылық серіктестіктерін құрудың тиімділігін көрсететін ұсыныстар дайындалды;

- аграрлық реформалаудағы ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың теориялық негіздемесі жасалынды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басындағы ауыл шаруашылығын дамытудағы аграрлық реформалауды зерттеу нәтижесінде қорғауға мынадай тұжырымдар ұсынылады.

  • Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығын дамытудың тарихи мәселелеріне теориялық талдау жасауда аграрлық реформалау тұжырымдамасының өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет;

  • Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының ауыл шаруашылығы жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастарға бейімделуіндегі аграрлық реформалаудың нақтылығын зерттеуде теориялық-методологиялық мәселелер айрықша маңыз алады;

  • нарық жағдайында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен құрылымдық жетілдіруде шетелдік тәжірибелерге ғылыми талдау қажет;

  • ауыл шаруашылығын ұйымдық-құқықтық жетілдіруде заңнамалық құжаттарға ғылыми талдау жасап, оларды ұдайы жаңартып отырылуы қажет;

  • Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын аграрлық реформалауда шаруашылықты жүргізу тетіктері көрініс алды;

  • аграрлық секторды дамытуда ауылшаруашылық бірлестіктері мен серіктестіктерінің тарихи құндылығы және қағидаларына назар аудару қажеттігі айқындалды;

  • аграрлық реформалау барысында Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында аймақтық басқару мен жергілікті мекемелерді құрылымдық жетілдіру серпін алды;

  • Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалардың әлеуметтік-экономикалық нәтижелеріне өзіндік тұжырым жасалынды;

  • аграрлық реформалау агроқұрлымдық нысандардың шаруашылық жетілуіне елеулі ықпалын тигізді;

- ауыл шаруашылығын дамытуды стратегиялық жоспарлау мен мемлекеттік аграрлық бағдарламалардың маңыздылығы ғылыми тұрғыдан талданған;

  • Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы агроқұрлымдардың шаруашылық жетілуін аграрлық реформалар жүзеге асырды;

  • жеке және қосалқы шаруашылықтардың дамуы аграрлық реформалау барысында қарқын алды;

  • Агроөндірістік кешеннің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі шаруашылық қызметіне баға берілді;

  • аграрлық реформалауда агроқұрлымдарды шаруашылықтық жетілдірудегі қиғаштықтар мен мемлекеттік реттеу қажеттілігі айқындалды;

  • Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының жекелеген аудандарында салалық коммерциялық емес ауылшаруашылық серіктестіктерді құрудың қажеттігі жөніндегі ұсыныстар маңызды болып табылады.

Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы ретінде Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалар тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен жүзеге асу тұрғысында бай деректік материалдар негізінде жасалынған негізгі тұжырымдар мен қорытындыларды, алынған нәтижелерді ғылыми еңбектер, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар дайындауға, сол сияқты әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы болашақ доктор, магистр, бакалаврлар үшін Отан тарихының теориялық және әдістемелік мәселелеріне байланысты арнайы курстар дайындауда қолданылатындығын айтуға болады. Сол сияқты зерттеу жұмысында қалыптасқан әдістемелік тәсілдер, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалардың жүзеге асуы мен ауыл шаруашылық серіктестіктерінің тарихи құндылығы мен қағидаларын жан-жақты зерттеп, Қазақстанның өзге аймақтарымен салыстырып, саралап, тарихи таным нысанына айналдыруға мүмкіндік береді.

Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Отандық тарихнамада Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында аграрлық реформалардың тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен жүзеге асуына қатысты арнайы зерттеулердің болмауы және тарихи таным қағидаларының өзгеруі тақырыптың деректік негіздерін сұрыптаудың біршама күрделі сипатын айқындады. Осыған байланысты зерттеу жұмысының деректемелік негіздері бірнеше бағыттарға топтастырылды. Атап айтқанда: ауыл шаруашылығына қатысты республикалық және облыстық статистикалық жинақтар; мерзімдік басылымдар мен ғылыми журналдар.

Деректік негіз ретінде мұрағат материалдары пайдаланылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты қ-5 (Қырғыз АКСР-і Кеңестерінің Орталық атқару комитеті), қ-279 (1927-28 жылдардағы Қазауылодақ), қ-2199 (01.12.1985-20.12.1990 жж. Қаз КСР-нің мемлекеттік агроөндіріс комитеті), қ-2270 (29.04.1991 жылғы Қаз КСР-нің азық-түлік және ауылшаруашылық министірлігі). Қазақстан Президентінің мемлекеттік мұрағаты қ-5Н (Аграрлық мәселелер бөлімі), Қ-7 (Қаз КСР-нің халық шаруашылық комитеті ), қ-708 (Қаз КСР-нің мемлекеттік агроөндіріс комитеті), Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағаты қ-21(Жамбыл облысының ауыл шаруашылық басқармасы), 150, 282, 399, 851. Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты, қ-40 (Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасы). Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатының 367-қоры, (Қызылорда облысының экономикалық комитеті), 585-қоры, (Қызылорда облысының статистикалық және талдау басқармасы), 589-қоры, (Қызылорда облысының ауыл шаруашылық басқармасы) құжаттық деректері ғылыми айналымға енгізілді.

Аталған мұрағат қорларының құжаттары мен деректік материалдар авторға зерттеу барысында кеңестік тарихнамадағы ауыл шаруашылығының бірлестіктері мен агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мәліметтерді талдап, оған ғылыми баға беруге мүмкіндік жасады.

Сол сияқты зерттеу мақсатына сай Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі және облыстық статистикалық басқармасының жылдық есептері, Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрлігінің ағымдық мұрағаттары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің хабарламалары мен облыстық ауыл шаруашылық департаментінің мәліметтері, Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы (Оперативтік мәліметтер 1994-2004 жж.), Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының алдын ала қорытындылары. Қызылорда, 2007. Жамбыл облысының статистикалық басқармасы. Тараз, 2007 т.б. дерек көзі ретінде қолданылды.

Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастың даму барысы мен тәуелсіздіктің өткен жылдарында ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен тың ойларды түйіндеген мерзімдік басылымдардың «Егемен Қазақстан», «Заң», «Казахстанская правда», «Предприниматель и права», «Нұр-Астана», «Жетісу», «Оңтүстік Қазақстан», «Сыр бойы», «Ақ жол» «Знамя труда» газеттерімен бірге «Қазақ тарихы», «Международный сельскохозяйственный журнал», «Қаржы-қаражат», «Ақиқат», журналдарында қоғамдық-саяси үдерістің мазмұнын айқындайтын құнды деректер жарияланады.

Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен қорытындылары 2 ғылыми монографиялар және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалған 32 мақала Қырғызстан, Өзбекстанда жарық көретін басылымдарда жарияланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған тізімге енген 5 түрлі басылымда 10 мақала, 3 шетелдік басылымдарда, сондай-ақ 19 мақала әртүрлі республикалық басылымдар мен республикалық және халықаралық ғылыми конференция материалдарының жинақтарында жарық көрді.

Диссертация ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында орындалып, институттың Қазіргі заман тарихы және ғылыми ақпарат бөлімі мен Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің кеңейтілген мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диссертацияның құрылымы. Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге байланысты диссератциялық жұмыстың құрылымын кіріспе, 4 тарау және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі құрайды.

  1   2   3   4   5

Похожие:

Диссертация 2009 жылы «24» iconҚарқаралы ауданының
«2009 жылы азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы» №1...
Диссертация 2009 жылы «24» iconДиссертация 2009 жылы «01»
Жұмыс Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті химия факультетінің химиялық технология және экология кафедрасында...
Диссертация 2009 жылы «24» iconДиссертация 2009 жылы
Айкөзов С. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)
Диссертация 2009 жылы «24» icon«Балдырған» ясли бақшасы 2009 жылы қаңтар айында пайдалануға берілді. 2009 жылы 26 наурыз күні бала бақша өз жұмысын бастады. Алғашқыда «Балапан», «Құлыншақ»
«Балдырған» ясли – бақшасы 2009 жылы қаңтар айында пайдалануға берілді. 2009 жылы 26 наурыз күні бала бақша өз жұмысын бастады. Алғашқыда...
Диссертация 2009 жылы «24» iconДиссертация 2009 жылы
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Диссертация 2009 жылы «24» iconДиссертация 2008 жылы «7» қарашада сағат 16. 00-де Қр бжҒМ
Тіл білімі институты жанындағы 10. 02. 02 – қазақ тілі және 10. 02. 06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының...
Диссертация 2009 жылы «24» iconАвтореферат 2010 жылы «15»
Диссертация 2010 жылы «3» шілде сағат 10. 00-де М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының...
Диссертация 2009 жылы «24» iconДиссертация «17» «сәуір»
Диссертация «17» «сәуір» 2008 ж сағат 16. 30 Халықаралық Бизнес Университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу...
Диссертация 2009 жылы «24» iconДиссертация 2012 жылы
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің «Физика және фоә»...
Диссертация 2009 жылы «24» icon2009 жылы атқарылған жұмыстар
Жоспар бойынша 2009 жылдың 13 наурызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница