Мазмұны




Скачать 296.23 Kb.
НазваниеМазмұны
страница2/3
Дата конвертации16.02.2016
Размер296.23 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/d04b68f7-5355-11e3-a305-f6d299da70eeДошк пед УМКД.doc
1   2   3

Тақырып 8. Мектепке дейінгі ұйымдағы тұтас педагогикалық үрдіс: теориялық негізі, мәні, құрылымы, оның компоненті

Негізгі ұғымдар: педагогикалық үрдіс, мектепке дейінгі ұйым, жоспар.

Педагогикалық үрдіс туралы түсінік. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшелігі. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістегі балалар әрекеттерінің ұйымдастырылу үйлесімділігі. Күн тәртібі және оның құрылымы. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдісті жоспарлау.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Педагогикалық үрдіс дегеніміз не?.

2. Мектепке дейінгі педагогикалық үрдістің ерекшелігі?.

2. Мектепке дейінгі педагогиканың мақсаты мен міндеттері.

3. Педагогикалық үрдістің компоненттері?.

4. Күн тәртібі және оны құруға қойылатын талаптар.

5. Жоспар дегеніміз не?.

6. Жоспарды құру әдістемесі.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесс. – Алматы, 2000.


Тақырып 9. Мектепке дейінгі балалардың құзыреттілік дамуы

Негізгі ұғымдар: құзыреттілік, индикатор.

Денсаулық сақтау құзыреттілігі. Коммуникативті-тілдік құзыреттілік. Танымдық құзыреттілік. Шығармашылық құзыреттілік. Әлеуметтік құзыреттілік. Балалардың құзыреттілік дамуының индикаторы, оның қызметі, құрылымы, сипаттамасы.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Құзыреттілік дегеніміз не?.

2. Құзыреттілік түрлері.

3. Индикатор дегеніміз не?.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. ҚРМЖМБС 1.001-2009. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу. Негізгі ережелер.


Тақырып 10. Мектепке дейінгі балалардың ойын іс-әрекеті

Негізгі ұғымдар: ойын іс-әрекеті, ойын түрлері, заттық-дамытушы орта.

Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті - ойын. Ойынның ерекшеліктері және тәрбиелік мәні. Ойынның тарихи әлеуметтік сипаты. Ойын түрлері және олардың мазмұны, ұйымдастырылу ерекшеліктері. Заттық-дамытушы ортаны құру.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Ойын іс-әрекетінің мазмұны және ерекшелігі?.

2. Мектеп жасына дейінгі балалар ойынының түрлері .

3. Заттық-дамытушы орта дегеніміз не?.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Едігенова А.Ж. Ойната отырып тәрбиелейміз. – Семей, 2011.


Тақырып 11. Балалар ойыншығы

Негізгі ұғымдар: ойын іс-әрекеті, ойыншық.

Ойыншықтар және олардың балалар өміріндегі маңызы. Ойыншық түрлері және оның жіктелуі. Әртүрлі жастағы балалардың ойыншықтары және оның педагогикалық үрдістегі орны.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Ойыншықтардың маңызы және қажеттілігі?.

2. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойыншықтар, оларды пайдалану әдістемесі.

3. Ойыншықтардың тарихи сипаты.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Едігенова А.Ж. Ойната отырып тәрбиелейміз. – Семей, 2011.

Модуль 3. Отбасы, мектепке дейінгі ұйым және мектептің сабақтастығы

Тақырып 12. Баланы мектепке дайындау

Негізгі ұғымдар: мектепке дайындау, мектепке оқуға даярлық, отбасы, балабақша, мектеп.

Қазақстан Республикасында балаларды мектепке дайындау мәселелері. Мектепалды балаларын мектепке оқуға даярлаудағы психолог-педагогтардың зерттеулері. Отбасы, балабақша, мектеп жағдайында балаларды мектепке дайындау.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Елімізде балаларды мектепке дайындаудың негізгі мәселелері қандай?.

2. Мектепке дайындаудың нормативтік базасы.

3. Мектепке дайындау дегеніміз не?.

4. Мектепке дайындау мәселесін кімдер зерттеген?.

5. Мектепке дайындауға қойылатын талаптар.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.


Тақырып 13. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің сабақтастығы

Негізгі ұғымдар: мектепке дейінгі ұйым, мектеп, бірлескен жұмыс формалары, тәрбиеші.

Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастық. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің бірлескен жұмыс формалары. Тәрбиешілер мен мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарының сабақтастығы.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің сабақтастығы түсінігінің мағынасы.

2. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің бірлескен жұмыс түрлері.

3. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің бірлескен жұмысына қойылатын талаптар.

5. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің сабақтастығын жүзеге асырудағы тәрбиешінің атқаратын негізгі функциялары.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.


Тақырып 14. Мектепке дейінгі ұйым және отбасы

Негізгі ұғымдар: отбасы, мектепке дейінгі ұйым, тәрбие, қалыптастыру.

Отбасы – мектеп жасына дейінгі балаларды қалыптастыру ортасы. Қазақстандағы отбасы саясаты және демография. Отбасындағы тәрбие дәстүрлері. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері. Халық тәжірибесінде отбасының балаларды тәрбиелеудегі орны.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Отбасының анықтамасы және функциялары.

2. Отбасының балаларды тәрбиелеудегі мақсаты мен міндеттері.

3. Демография дегеніміз не?.

4. Отбасының түрлері.

5. Отбасын зерттеу әдістері.

6. Ата-аналармен жұмыс түрлері.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Артамонова Е.И. и др. Психология семейных отношений с основами семейного консультирования. М., 2002.

Тақырып 15. Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру үдерісін диагностикалау және үлгілеу

Негізгі ұғымдар: білім беру, педагогикалық процесс, оқыту.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оқыту нәтижелері туралы ұғым. Педагогикалық процесте балаларды оқыту нәтижелерін бағалау.Оқу-танымдық іс-әрекетті меңгеру мектепке дейінгі ұйымда мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың маңызды нәтижесі ретінде.


Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Мектепке дейінгі білім беру ұғымы?.

2. Оқыту дегеніміз не?.

4. Оқыту нәтижелері дегеніміз не?.

5. Мектепке дейінгі ұйымда оқыту нәтижелерін бағалау түрлері және олардың ерекшеліктері қандай?.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.


3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар

Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі.Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – пән мазмұны бойынша білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.

Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:

1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.

2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.

3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.

4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.

5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.

6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.

7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.

8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.

9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.

Тәжірибелік сабақтарға даярлануда әр тақырып бойынша берілген сұрақтардың мазмұнын ашу керек. Сұрақтардың мазмұнын ашуда нақты мысалдар, фактілер, аргументтер келтіру қажет. Сабаққа даярлануда ұсынылған әдебиеттерден басқа әдебиеттерді, күнделікті баслымдардағы материалдарды қолдануға болады. Тәжірибелік сабақтарда оқылатын пәнге жағымды қатынас қалыптасады, алған білім және іскерліктер бекиді және жетіледі.


Тәжірибелік сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны


Модуль 1. Мектепке дейінгі педагогикның негізгі мәселелері

Тақырып 1. Кіріспе. Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде: пәні, қызметі


Мектепке дейінгі педагогика пәні және оның негізгі мәселелері. Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі ұғымдары. Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамасы және зерттеу әдістері.


Бақылау сұрақтары:

1. Мектепке дейінгі педагогика нені оқытады?.

2. Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі мәселелері.

3. Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі ұғымдары.

4. Қандай ғылымдармен байланысты?.

5. Әдіснама дегеніміз не?.

Әдебиеттер:


Тақырып 2.Балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу туралы қазіргі отандық және шетел теориялары, оларға сипаттама


Әлемдік тәжірибедегі мектепке дейінгі тәрбие. Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің даму және қалыптасу кезеңдері. Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбиенің қазіргі кезеңдегі жай-күйі.

Бақылау сұрақтары:

1. Әлемдік тәжірибедегі мектепке дейінгі тәрбие.

2. Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуы қай уақыттан басталады?.

3. Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы.

4. Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы кімнің есімімен байланысты?.

5. Қазіргі кезеңде Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мәселесімен кімдер айналысады?.

Тақырып 3. Нәрестелік және сәбилік шақтағы шақтағы балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу

Нәрестелік шақтың жалпы сипатты және тәрбиелеу ерекшеліктері. Сәбилік шақтың ерекшелігі.Сәбилік шақта балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері. Сәбилік шақтағы балалардың сенсорлық тәрбиесі. 3-6 жастағы балалардың даму ерекшеліктері және тәрбиесі.

Бақылау сұрақтары:

1. Нәрестелік шақтың сипаттамасы. Қай аралықты қамтиды?.

2. Сәбилік жас қай аралықты қамтиды?.

3.Сәбилік шақтағы балалардың негізгі жетістіктері?.

2. Сәбилік шақта бала тұлғасының қалыптасу ерекшеліктері қандай?..

3. Сенсорлық тәрбие дегеніміз не?.

4. 3 – жас дағдарысы түсінігінің мағынасы


Модуль 2. Мектепке дейінгі жастағы оқыту және тәрбиелеу негіздері

Тақырып 4.Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие теориясы мен әдістемесі

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, көркемдік-эстетикалық тәрбиесінің мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесі.

Бақылау сұрақтары:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері?.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің мазмұнын не құрайды?.

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің міндеттері.

4.Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу әдістері қандай?.

Тақырып 5. Балабақшадағы дидактика

Оқыту ұғымының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің құрылымы, функциялары және қозғаушы күштері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың түрлері, әдістері, құралдары. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары мен принциптері.

Бақылау сұрақтары:

1. Оқыту дегеніміз не?.

2. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері.

3. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің компоненттері қандай?.

5.Қарама-қайшылықтар дегеніміз не?.

6. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары.

7. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың принциптері.

Тақырып 6. Мектепке дейінгі ұйымдағы тұтас педагогикалық үрдіс: теориялық негізі, мәні, құрылымы, оның компоненті

Педагогикалық үрдіс туралы түсінік. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшелігі. Күн тәртібі: күннің бірінші және екінші жартысы, ертеңгілік қабылдау, серуен, балалардың ұйқысы және тамақтандыру әдістемесі. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдісті жоспарлау.Жоспарлау түрлері: жылдық жоспар, айлық жоспар, тәрбиеші-педагогтардың календарлық - тақырыптық, күнделікті жоспарлары. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда дамыта, саралап оқыту және ойын арқылы оқыту технологияларының қолданылуы.

Бақылау сұрақтары:

1. Педагогикалық үрдіс дегеніміз не?.

2. Мектепке дейінгі педагогикалық үрдістің ерекшелігі?.

3. Педагогикалық үрдістің компоненттері?.

4. Күн тәртібі және оны құруға қойылатын талаптар.

5. Жоспар дегеніміз не?.

6. Серуеннің түрлері.

7. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда қолданылатын технологиялар.


Тақырып 7. Білім салалары

«Денсаулық» білім беру саласының мазмұны. «Қатынас» білім беру саласының мазмұны. «Таным» білім беру саласының мазмұны. «Шығармашылық» білім беру саласының мазмұны. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының мазмұны.

Бақылау сұрақтары:

1. Білім беру саласы дегеніміз не?.

2. Білім беру салаларының тиімділігі неде?.

Тақырып 8. Заттық-дамытушы ортаны құру

«Орта», «дамытушы орта», «білім беру ортасы», «заттық-дамытушы орта» ұғымдарының мазмұны. Тұлғаны дамытуда және мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетіндегі ортаның маңызы. Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-дамытушы ортаның негізгі сипаттары және оған қойылатын талаптар. Заттық-дамытушы ортаны құру принциптері. Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-дамытушы ортаны құрудың заманауи тұжырымдары. Шетелдерде мектепке дейінгі мекемеде балаларды дамыту ортасын жобалау.

Бақылау сұрақтары:

  1. «Орта», «дамытушы орта», «білім беру ортасы», «заттық-дамытушы орта» ұғымдарының анықтамалары.

2. Даму дегеніміз не?.

3. Заттық-дамытушы ортаның негізгі сипаттары және оған қойылатын талаптар қандай?.

4. Заттық-дамытушы ортаны құрудың заманауи тұжырымдары.

5. Заттық-дамытушы ортаны құру принциптері қандай?.

Модуль 3. Отбасы, мектепке дейінгі ұйым және мектептің сабақтастығы

Тақырып 9. Баланы мектепке дайындау

Қазақстан Республикасында балаларды мектепке дайындау мәселелері. Мектепалды балаларын мектепке оқуға даярлаудағы психолог-педагогтардың зерттеулері. Отбасы, балабақша, мектеп жағдайында балаларды мектепке дайындау.

Бақылау сұрақтары:

1. Балаларды мектепке дайындаудың негізгі мәселелері қандай?.

2. Мектепке дайындаудың нормативтік базасы.

3. Мектепке дайындау дегеніміз не?.

4. Мектепке дайындау мәселесін кімдер зерттеген?.

5. Отбасы, балабақша, мектеп жағдайында балаларды мектепке дайындаудың байланысы.

Тақырып 10. Мектепке дейінгі ұйым, отбасы және мектептің сабақтастығы

Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастық. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің бірлескен жұмыс формалары. Тәрбиешілер мен мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарының сабақтастығы.

Бақылау сұрақтары:

1. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің сабақтастығы түсінігінің мағынасы.

2. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің бірлескен жұмыс түрлері және қойылатын талаптар.

5. Тәрбиешінің атқаратын негізгі функциялары қандай?.

6. Отбасының балаларды тәрбиелеудегі мақсаты мен міндеттері.

7. Отбасының түрлері.

8. Отбасын зерттеу әдістері.

9. Ата-аналармен жұмыс түрлері.

Тақырып 11. Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру үдерісін диагностикалау және үлгілеу

Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оқыту нәтижелері туралы ұғым. Педагогикалық процесте балаларды оқыту нәтижелерін бағалау. Оқу-танымдық іс-әрекетті меңгеру мектепке дейінгі ұйымда мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың маңызды нәтижесі ретінде. Мектепке дейінгі ұйымда білім беру үдерісін диагностикалау.

Бақылау сұрақтары:

1. Мектепке дейінгі білім беру ұғымы?.

2. Оқыту дегеніміз не?.

4. Оқыту нәтижелері дегеніміз не?.

5. Мектепке дейінгі ұйымда оқыту нәтижелерін бағалау түрлері және олардың ерекшеліктері қандай?.

1   2   3

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Кіріспе
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница