Мазмұны




Скачать 296.23 Kb.
НазваниеМазмұны
страница1/3
Дата конвертации16.02.2016
Размер296.23 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/d04b68f7-5355-11e3-a305-f6d299da70eeДошк пед УМКД.doc
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейдегі СМЖ құжаты



ПОӘК



ПОӘК 042-18.19-0.12/2013


«Мектепке дейінгі педагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



________2013жылғы

№ 1 басылым





«Мектепке дейінгі педагогика» пәнінің


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей - 2013
Мазмұны


1 Глоссарий..........................................................................................................

2 Дәрістер.............................................................................................................

3 Тәжірбиелік сабақтар....................................................................................

4 Студенттердің өздік жұмыстары........................................................................


1 ГЛОССАРИЙ

Пән бойынша глоссарий

Әдіс – (метод; грек. Methods – теория, ілім, зерттеу жолы) – көзделген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтіретін тәртіп жүйесі.

Әдіскер – оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз.

Әдісмемелік кабинеті – бейнелі бір пән бойынша мұғалімдердің өзіндік ізденісін, тәжірибе алмасуын кәсіби біліктілігін жетілдіруді көздейтін, мектеп (балабақша) деңгейіндегі әдістеме жұмысын жүргізетін орны.

Бөбек – баланың туған күнінен бастап бір жасқа дейінгі кезеңі.

Бөбекжай – 2-3 айлық нәрестеден 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекеме.

Жеке тәрбие – тәрбие жұмысын ұйымдастурыдың бір түрі. Бұл кезде балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысында әрбір баламен жеке педагогикалық өзара қарым-қатынас жүзеге асырылады. Ол баланың өзіндік ерешелігі мен өмір жағдайына негізделеді.

Жетекші – 1) белгілі ұйымды басқаратын адам; 2) белгілі бір ұйым жұмысын ұйымдастырушы.

Жетекшілік - әлеуметтік – психологиялық феномен. Әлеуметтік топтың ішінде билік пен ықпал уәкілдіктерінің жүзеге асырылуын белгілейтін термин.

Күнтізбелік жоспар – күнтізбе бойынша белгіленген жұмыстың істелу бағытын, мерзімін анықтау.

Қайта тәрбиелеу – баланың қоғам мен норма талаптарына қойшы келетін кейбір теріс пығылдары және жай қылықтарын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету жүйесі.

Қиын тәрбиеленушілік – баланың тәлімдік әсерге ұғынықты немесе ұғынықсыз түрдегі қорсылығы.

Мадақтау – тәрбиеші мен ата-аналардың балалардың тәртібін, белсенділігін жоғары бағалар, ынталандыру мақсаты мен қолданылатын ықпал ету шаралары.

Мектепке дейінгі мекеме – сәбилік (2 айдан 3 жасқа дейін) және мектепке дейінгі жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін) балаларды тәрбиелеуге арналған мекеме.

Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылығын зерттейтін педагогика ғылымының құрамды бөлігі.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – мектеп жасына дейінгі балалрды отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу және оқыту.

Мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайтын ұйым.

Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.

Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады.

Тәрбие әсерінің дағдарысы – тәрбие әрекеттестігінде туындайтын мәселелер. Түрлері: әрекет дағдарыс, орта дағдарыс, сөз дағдарыс, зат дағдарыс.

Тәрбие жүйесі – жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс.

Тәрбие процесінің қозғаушы күштері – тәрбиеші қажеттіліктерінің жаңаруы мен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы шынайы қарама – қайшылықтар, оны тәлімгердің реттеу әрекеті.

Тәрбиедегі өзін-өзі басқару әдісі – тәрбие ұжымының жұмысқа қабілетті ұйытқысын құрұды қамтамасыз етіп, балалар белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік сипаттағы шараларды тіркеу журналы – баланы тәрбиелеуге байланысты туындаған мәселелер мен оны шешу жолдары, ұжым туралы толық мәлімет берілетін дәптер.

Тәрбиеші – оқу – тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші.

Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т.б. қасиеттерді қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту процесі.

Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.

Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі.

Дидактика – гректің didaktikos деген сөзінен шыққан, білім беру мен оқытудың теориясы деген мағынаны білдіреді.

Оқыту үрдісі – оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетіне бағытталған, мақсат көзделген әрекет.

Оқытудың принципі – оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесімен анықталады.

Білім беру мазмұны – жеке адамның жан-жақты дамуы және қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады.

Даму – адам ағзасындағы сандық және сапалық өзгерістердің процесі. Өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың түрі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кетуі дамуға байланысты. Кез келген даму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды.

Педагогикалық процесс- қоғамдық өмірде және еңбекте өзін- өзі дамытуға дайын әрбір оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және әлеуметтік тәжірибені меңгеруге бағытталған педагогтардың қатысуы мен басқаруы арқылы жүргізілетін оқушылармен біріккен қызметі.

Әлеуметтендіру дегеніміз- адамның әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіне, әртүрлі әлеуметтік қоғамдықтарға (топ, институт, ұйымдар) интеграциялау.


2 ДӘРІСТЕР

Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.

Міндеттері:

- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;

- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;

- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;

- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.

Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.

Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің біліміңіздің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.

Дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны


Модуль 1. Мектепке дейінгі педагогикның негізгі мәселелері

Тақырып 1. Кіріспе. Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде: пәні, қызметі

Негізгі ұғымдар: педагогика ғылымы, мектепке дейінгі педагогика, мектепке дейінгі ұйым, мектепке дейінгі мекеме, бөбекжай, мектепке дейінгі жас, әдіснама, зерттеу әдістері.

Мектепке дейінгі педагогика пәні, міндеттері, негізгі ұғымдары. Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы және ғылымдар жүйесіндегі орны. Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамасы мен зерттеу әдістері.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Мектепке дейінгі педагогика нені зерттейді?.

2. Мектепке дейінгі педагогиканың мақсаты мен міндеттері.

3. Әдіснама дегеніміз не?.

4. Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамасы.

5. Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

Тақырып 2.Балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу туралы қазіргі отандық және шетел теориялары, оларға сипаттама

Негізгі ұғымдар: даму, оқыту, тәрбиелеу, тұлға, факторлар, орта, тұқымқуалаушылық, жас кезеңдері.

«Адам», «индивид», «тұлға» ұғымдары. Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы, оған әсер ететін факторлар. Тұлға дамуының жас кезеңдері және оларды тәрбиелеу. Балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу туралы отандық және шетел теориялары.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. «Адам», «индивид», «тұлға» ұғымдарының мағынасы және арақатынасы.

2. Даму дегеніміз не?

3. Қалыптасу дегеніміз не?

4. Тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар.

5. Жас кезеңдері.

6. Тұлға туралы теориялар.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. – Алматы, 2002.

5. Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. – Алматы, 2012.

6. Гамезо М.и др.Возрастная и педагогическая психология.-М.,2004.

7. Мұсаева, С.А. Жас ерекшелік педагогикасы :оқулық .-Астана,2006.


Тақырып 3.Нәрестелік шақтағы балалардың дамуы және оларды

тәрбиелеу

Негізгі ұғымдар: нәрестелік шақ, даму, тәрбие.

Нәрестелік шақтың жалпы сипаттамасы: туғаннан 3-айға дейінгі балалар тәрбиесі; 3 - айдан 6 - айға дейінгі балалар дамуы және тәрбиесі; 6 - айдан 9 - айға дейінгі балалар дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері; 9 - айдан 12 - айға дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуы.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Нәрестелік шақ сипаттамасы.

2. Туғаннан 3-айға дейінгі балалар дамуының ерекшеліктері.

3. 3 - айдан 6 - айға дейінгі балалар дамуы және тәрбиесінің ерекшеліктері.

4. 6 - айдан 9 - айға дейінгі балалар дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері.

5. 9 - айдан 12 - айға дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуының ерекшеліктері.

.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. – Алматы, 2002.

5. Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. – Алматы, 2012.

6. Мұсаева, С.А. Жас ерекшелік педагогикасы :оқулық .-Астана,2006.


Тақырып 4.Сәбилік шақтағы және мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу

Негізгі ұғымдар: сәбилік шақ, даму, тәрбиелеу, сенсорлық тәрбие.

Сәбилік шақтың ерекшелігі. Сәбилік шақта балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері. Сәбилік шақта бала тұлғасының қалыптасуы. Сәбилік шақтағы балалардың сенсорлық тәрбиесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу. 3 – жас дағдарысы.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Сәбилік шақтағы балалардың негізгі жетістіктері?.

2. Сәбилік шақта бала тұлғасының қалыптасуы.

3. Сенсорлық тәрбие дегеніміз не?.

4. 3 – жас дағдарысы түсінігінің мағынасы.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. – Алматы, 2002.

5. Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. – Алматы, 2012.

6.Мұсаева, С.А. Жас ерекшелік педагогикасы :оқулық .-Астана,2006.


Модуль 2. Мектепке дейінгі жастағы оқыту және тәрбиелеу негіздері

Тақырып 5.Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие теориясы мен әдістемесі

Негізгі ұғымдар: мектеп жасына дейінгі бала, дене тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, еңбек тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, тәрбие әдістері.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, көркемдік-эстетикалық тәрбиесінің мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері?.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің ерекшеліктері және құралдары.

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек түрлері.

4. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік тәрбиесінің мазмұны.

5. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу әдістері және тәсілдері.


Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.


Тақырып 6. Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру

Негізгі ұғымдар: әлеуметтендіру, әлеумет, факторлар, әлеуметтендіру институттары, және құралдары.

Әлеуметтендіру түсінігі. Әлеуметтендіруге әсер ететін факторлар. Әлеуметтендіру институттары. Әлеуметтендіру агенттері және құралдары.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Әлеуметтендіру дегеніміз не?.

2. Әр ғылым саласында әлеуметтендіруге берілген анықтамалар және олардың арақатынасы.

3. Фактор дегеніміз не?.

4. Факторлардың қандай түрлері бар?.

5. Әлеуметтендіру институттары.

6. Әлеуметтендіру агенттеріне не жатады?.

7. Әлеуметтендіру құралдарына не жатады?.

Әдебиеттер:


1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. – Алматы, 2002.

4. Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. – Алматы, 2012.

5. Гамезо М.и др.Возрастная и педагогическая психология.-М.,2004.

6. Мұсаева, С.А. Жас ерекшелік педагогикасы :оқулық .-Астана,2006.

Тақырып 7. Балабақшадағы дидактика

Негізгі ұғымдар:оқыту, дидактика, мектеп жасына дейінгі бала, оқытудың заңдылықтары және принциптері.

Оқыту ұғымының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің құрылымы, функциялары және қозғаушы күштері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары мен принциптері.

Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Оқыту дегеніміз не?.

2. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға қойылатын талаптар.

3. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту міндеттері.

4. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту функциялары.

5. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің қозғаушы күштеріне не жатады?.

6. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары.

7. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың принциптері.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.
  1   2   3

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Кіріспе
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница