Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
страница1/5
Дата конвертации16.02.2016
Размер0.84 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/ 34-1_0.doc
  1   2   3   4   5




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы _______________

№ ________ бұйрығымен

бекітілген


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)




1-бөлім. Жалпы ережелер


1. Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі - БТБА) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті, көмірді қайта өңдеу және магистральдік труба құбырларына қызмет көрсету» бөлімінен тұрады.

2. Бұл шығарылымның шығуы өндіріс технологиясына енген өзгерістер, өндірістегі ғылыми-техникалық прогрестің ролінің артуымен, жұмысшылардың біліктілігінің, арнайы және дайындықтарының, сапа, ішкі және сыртқы нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеті деңгейіне қойылатын талаптардың өсуімен, еңбекті қорғауымен байланысты.

3. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

4. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

5. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

6. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

7. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

8. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

9. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қолданудың, разрядтарды берудің және арттырудың, өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі БТБА І шығарылымында берілген Жұмыстар мен халық шаруашылығы жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының «Жалпы ережелерінде» келтірілді.

10. Технологиялық жабдықтар мен өндірістердің санаттар бойынша тізбесі БТБА-ның (34-шығарылым) қосымшасында келтірілген.

11. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (2-қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

12. «Мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті, көмірді қайта өңдеу және магистральдік труба құбырларына қызмет көрсету» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА 34 - шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 1986 жылғы редакциясында берілген.


2-бөлім. Мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, сланецті, көмірді қайта өңдеу және магистральдік труба құбырларына қызмет көрсету


1. Пешті толтырушы және босатушы


Параграф 1. Пешті толтырушы және босатушы, 3-разряд


13. Жұмыс сипаттамасы:

сланецті пешке белгіленген сызба бойынша тиеу және сланецтің бетін тегістеу;

вагондарды беру және туннель пешінен әкету;

жартылай коксті вагондардан түрлі қотарғыштармен түсіру;

вагондарды сланецті тиеуге беру;

дабылдатқыш щитін қадағалау;

тиеу-түсіру құрылғыларын қосу және тоқтату;

вагондар мен үрлеме патрубкалардың торлары мен тор астындағы кеңістіктерін тазалау;

қызмет көрсететін пеш пен жабдықты ағымдық жөндеуді орындау.

14. Білуге тиіс:

сланецті туннель пештерінде қайта өңдеудің технологиялық процесін;

барабанды грохоттардың, туннельді пештердің, пневматикалық жүйенің, дабылдатқыштың, сланец тиелген вагондарды пешке беру учаскесіндегі көлік құралдарының құрылымын;

гидравликалық және су коммуникацияларының сызбасын;

көлік құралына қызмет көрсету ережесін;

тиеудің шығарылатын өнім сапасына әсерін;

слесарь ісі негіздерін


Параграф 2. Пешті толтырушы және босатушы, 4-разряд


15. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай кокстеу мен камералық пештерді көмірмен және сланецпен толтыру;

пештердегі көмір мен сланецтің деңгейін өлшеу;

мыналарды: көмір мен сланецтің шахта мен камералардың қималары бойынша біркелкі түсуін, пештің жоғары және төмен бөлігіндегі температура мен қысымды, тиеу және түсіру механизмдерінің жұмысын, жартылай кокс пен коксті суыту процесін реттеу;

коксті кокс қоректендіргіштерге твсымалдау;

ілікпе кезінде көмірді көсеу;

тиеу вагондары мен конвейерлердің жұмысын үйлестіру;

қисық мұржалы газ жинау арналары камераларын тазарту;

материалды жіктер мен люктерді тығыздау;

жұмыстағы ақауларды жою;

тиеу вагондары мен тиеу құрылғыларын ағымдық және күрделі жөндеуге қатысу;

өндірістік журналға жазба жүргізу.

16. Білуге тиіс:

сланецті камералық пештерде жартылай кокстеу мен қайта өңдеудің технологиялық процесін;

көмір мен сланецтің, жартылай кокстің, кокстің, шайыр мен газдың негізгі қасиеттерін;

камералық және жартылау кокстеу пештерінің, қызмет көрсететін жабдықтың, механизмдердің, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, пештердің температуралық және гидравликалық жұмыс режимін;

жартылай кокс пен коксті тиеу және тасымалдау жүйесін;

тиеу процесінің пештің өнімділігіне әсерін;

сланецтен газ бен май шығымына әсер етуші факторларды;

слесарь ісін.


2. Кокс тазалаушы


Параграф 1. Кокс тазалаушы, 3-разряд


17. Жұмыс сипаттамасы:

трубалы пештердің, өткізуші және қалдықты труба құбырларының, туннельді пештердің трубалары мен ретурбенттерін пневматикалық турбиналармен кокс пен ластан тазарту;

аппараттарды, реакционды камераларды, ректификационды ұстындарды, булағыштар мен тағы басқа қолмен тазалау;

пеш сыңарларын ашу және жабу;

кокс тазалаушы пневматикалық турбинкалардың бойкаларын қайрау.

18. Білуге тиіс:

трубалы пештердің, конденсаторлардың, тоңазытқыш- тардың, ұстындар мен кезеңдеп тазаланатын басқа да аппараттардың құрылымын;

коксті пневматикалық турбинканы пайдалана отырып тазалау ережесін;

турбинка құрылымын және оны жөндеу ережесін;

слесарь ісін.


3. Кокс түсіруші


Параграф 1. Кокс түсіруші, 3-разряд


19. Жұмыс сипаттамасы:

коксті кубтерден қолмен немесе шығырдың және басқа да механизмдердің көмегімен түсіру;

кубтен түсірілген коксті сумен салқындату, оны саны мен кесек мөлшеріне қарай сұрыптау;

коксті вагонеткаға тиеу, қоймаға тасымалдау және штабельге салу;

люктерді ашу, жабу жұмыстарына қатысу және кубтардағы ілмектерді жинау.

20. Білуге тиіс:

коксті түсірудің тәртібі мен ережесін;

коксті сұрыптау, тиеу, қоймалау мен сақтау ережесін.


4. Мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылаушы


Параграф 1. Мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылаушы, 4-разряд


21. Жұмыс сипаттамасы:

қабылданатын,сақталатын және өткізілетін мұнайдың, мұнай өнімдерінің, реагенттер мен тауарлы өнімнің сапасын, бақылау сынамаларының алынуы, актілердің ресімделуі дұрыстығын, мұнай, мұнай өнімдері құйылатын тараның даяр болуын, сухогруздер мен реагенттердің таралануын бақылау;

бүліну мен қайта сұрыптаудан сақтандыратын іс-шараларды әзірлеуге, тұтынушылардың жеткізушілерге мұнайдың, мұнай өнімдерінің, реагенттер мен тауарлы өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарын қарауға қатысу;

мұнай өнімдерінің, жартылай фабрикаттардың сапасын дұрыстау технологиясын әзірлеу және сапаны дұрыстау жұмысына басшылық ету.

22. Білуге тиіс:

мұнайдың, мұнай өнімдерінің, реагенттер мен тауарлы өнімнің түрлерін, олардың физикалық және химиялық қасиеттерін;

резервуарлы паркті, эстакаданы, айлақты технологиялық байламдауды;

қойма орынжайларының орналасу жоспарын;

резервуарларды, қойма орынжайларын өнім қабылдауға дайындау ережесін;

сынама алу МС пен техникалық шарттарын және талдау жүргізу әдістемесін;

бақылау сынамаларын ресімдеудің тәртібі мен бақылау сынамаларын сақтау мерзімдерін;

мұнайды, мұнай өнімдері мен реагенттерді цистерналарға, баржаларға және танкерлерге құюдың тәртібін, сухогрузды тараға буып-түю ережесін.


5. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист


Параграф 1. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист, 3-разряд


23. Жұмыс сипаттамасы:

этилдендірілген және этилдендірілмеген бензиндердің және керосиннің октан сандарын, дизельді отынның цетан сандарын анықтау жөніндегі әдістемелерде немесе мемлекеттік стандарттарда көзделген іштен жану қозғағыштарына қызмет көрсету;

этил сұйығын отынға және присадкаларды майға дозалау;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;

күйені түсіре отырып қозғағышты қайта өңдеуге және жабдықты жөндеуге қатысу;

сынау кезінде пайда болатын ақауларды біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен анықтау және жою;

сынақ журналын жүргізу.

24. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін генераторлардың, электр қозғағыштардың, отын насостарының, аспаптар мен көмекші механизмдердің құрылымы мен пайдалану ережесін;

сыналатын отын мен мұнай өнімдерін өндіру технологиясын;

отын құрамының октан сипатына әсерін және тетраэтил қорғасынға сезгіштігін;

қондырғы формулярына жаза отырып, қозғағыштың жұмыс есебін жүргізу ережесін;

отынды, майларды, жақпалар мен присадкаларды сынауға арналған мемлекеттік стандарттар мен әдістемені;

жазба журналын жүргізу ережесін;

слесарь ісі негіздерін.


Параграф 2. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист, 4-разряд


25. Жұмыс сипаттамасы:

сыртқы сипаттамаларын түсіре отырып, отын мен мұнай өнімдерінің қозғағышпен сынау жөніндегі әдістемеде немесе Мемлекеттік стандарттарда

( бұдан әрі – Мемстанд) көзделген іштен жану қозғағыштарына қызмет көрсету;

майлардың, жақпалар мен присадкалардың жуу, қышқылдандыруға қарсы және басқа да қозғағыштық қасиеттерін анықтау;

қозғағыштарды сынаққа дайындау;

детонация, электронды детонометрлердің, ұшқындату және шашырату индикаторларының датчиктерін реттеу;

алғашқы эталонды және бақылау отынын дозалаумен жасау;

ауыспалы шәкілдерді алғашқы эталонды отыннан екіншісіне түсіру;

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен отын және мұнай өнімдерінің сұрыптылығын анықтау, күрделі қозғағыш сынақтарын жүргізу және майларды сыныптау;

қозғағышты сынау стендіне орнату, оны монтаждау және демонтаждау;

қозғағыштарды ағымдық жөндеуді орындау және орта, күрделі жөндеуге қатысу;

түгендеме кезінде қозғағышты бөлшектеу, қарау және құрастыру;

алынған нәтижені эталондық шәкілмен салыстыру арқылы бағалау.

26. Білуге тиіс:

отын және мұнай өнімдерін сынау жөніндегі машиналар мен қондырғылардың, детонация, детонометрлердің, ұшқындату және шашырату индикаторларының датчиктері мен басқа да аспаптардың құрылымын, оларды реттеу ережесін;

алғашқы эталонды және бақылау отынын дозалаумен жасау ережесін;

мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін;

қозғағыш сынақтарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік стандарттар мен әдістемені;

қолданылатын металлдардың, балқымалар мен металл емес материалдардың негізгі қасиеттерін;

сынақ журналы мен жөндеу карталарын жүргізу ережесін;

слесарь ісін.


Параграф 3. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист, 5-разряд


27. Жұмыс сипаттамасы:

отын, май, жақпалар мен присадкаларды қозғағышпен күрделі біліктілік сынақтарын жүргізу кезінде әдістемеде немесе мемлекеттік стандарттарда көзделген іштен жану қозғағыштарына қызмет көрсету;

динамикалық жағдайлардағы термиялық тұрақтылықты және отынның сұрыптылығын анықтау;

майларды сыныптау;

агрегаттар мен аспаптар жүйелерін пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес реттеу;

қозғағышты орта және күрделі жөндеуді жүргізу, сынау нәтижелерін бағалау және мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сыныптау;

сынақ стенділерін монтаждау және демонтаждау;

құрастыру сызбаларын, қозғағыш пен стенді жабдығының сызбасын оқу.

28. Білуге тиіс:

іштен жану қозғағышының, отын мен мұнай өнімдерін сынау жөніндегі қондырғылардың құрылымын;

бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесін;

қозғағыштардың, сынақ стенділерінің жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жою әдістерін;

сынақ хаттамалары мен жөндеу карталарын ресімдеуді.


Параграф 4. Отынды мотормен сынау жөніндегі машинист, 6-разряд


29. Жұмыс сипаттамасы:

сыналатын үлгіні кейіннен сыныптай отырып эталондық қозғағыш сынақтарын жүргізу кезінде әдістемеде немесе мемлекеттік стандарттарда көзделген іштен жану қозғағыштарына қызмет көрсету;

термореттеудің барлық стенділік жүйелерін баптау;

электр және тежегіш құрылғыларын реттеу және таралау;

сынау кезінде анықталған ақауларды жою;

микрометраж жүргізе отырып бөлшектерді құрастыру, шабақтау және жетілдіру;

қозғағыштың механикалық КПД тозуын анықтау үшін өлшеулер жүргізу;

қозғағыш пен сынау стендін орта және күрделі жөндеу;

біліктілігі анағұрлым төмен машинистерге басшылық ету.

30. Білуге тиіс:

іштен жану қозғағыштарының конструктивтік ерекшеліктерін;

қозғағышпен сынау әдістерін;

қозғағыш пен сынау жүйесін бақылау-өлшшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу әдістерін;

тезегіш құрылғыларын таралау тәсілдерін;

сынақ нәтижелерін бағалау әдістерін;

қозғағыш пен оның механикалық КПД бөлшектерінің тозуын есептеу әдістерін;

микрометраж өндірісін және сынақ хаттамалары мен микрометраждық, жөндеу карталарын жүргізуді.


6. Таратып бөлу мұнай базалары жабдығының машинисі
  1   2   3   4   5

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым) iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым) iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым) iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница