Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі




Скачать 440.84 Kb.
НазваниеФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
страница1/3
Дата конвертации16.02.2016
Размер440.84 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/176351.doc
  1   2   3

Ф СО ПГУ 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

География және туризм кафедрасы


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе



Павлодар, 2013 ж.




Пән бағдарламасын бекіту парағы (Syllabus)





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

_______ Қ.Қ. Ахметов

«___»__________20 ж.


Құрастырушы: аға-оқытушы Б. А. Чашина_______________


География және туризм кафедрасы


ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)


Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе пәні бойынша


5В060900-География мамандығының студенттері үшін


Бағдарлама «____» ___________20 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды


«___» __________ 20 ж. Хаттама № __ кафедра мәжілісінде ұсынылды


Кафедра меңгерушісі____________________ Д.Д. Есімова

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-

әдістемелік кеңесімен мақұлданды


«___» ________20 ж. Хаттама № _______


ОӘК төрайымы__________________Ю.М. Каниболоцкая


1. Оқу пәнінің паспорты


Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе


Пән таңдау компонент

Кредиттер саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 2

Аудиториялық сабақтар, барлығы – 45 сағат

Дәріс – 15 сағат

Тәжірибелік /семинар сабақтары – 22,5 сағат

Зертханалық сабақтар – 7,5 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағат

Бақылау формасы

Емтихан – 2 семестр


Пререквизиттер: экология және тұрақты даму, әлеуметтану


Постреквизиттер: этнография және этногеография негіздері, дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы, ТМД елдерінің экономикалық географиясы, Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы, геосаясат

2. Оқытушы жөнінде ақпарат:


География магистрі, аға оқытушы

Чашина Бибігүл Асқарқызы

География және туризм кафедрасы

Тел. (ішкі 1277)

Қабылдау уақыты: жұма – 1000-ден 1200-ге дейін, ауд. № 313



3. Пәннің мақсаты мен міндеттері


Пәнді оқытудың мақсаты – табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынасы, географиялық ортамен өндіріс, мемлекетпен аймақтардың табиғат жағдайы мен ресурстарының нақтылы кеңістіктегі өзара тәуелділігін қарастыру.


Пәнді оқытудың міндеттері:

  • Табиғи ресурстарды тарих барысында және қазіргі күнде шаруашылық тұрғыдан талдау жасау, сол арқылы табиғаттың алатын орнын қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуынданақты көрсету болып табылады;

  • Экономикалық географияның шаруашылық ғылымдарға жататындығы осы ғылымның жүйесіндегілер сияқты географиялық қабықтағы кеңістіктік шоғырды зерттеу.


3. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар

Студент білу керек:

  • ғаламдық және аумақтық аспектілердегі халық шаруашылық мәселелерді;

  • оларды шешу барысында табиғат ресурстарының есебін ғылыми тұрғыдан жүргізу әдісін;

  • белгілі бір қоғамдық формацияда бір орыннан екінші бір орынға өндірістік шаруашылық бағытындағы болатын табиғи ортадағы өзгешеліктің әсерін.


Студент істей білу керек: жер қыртысының ресурстары (пайдалы қазбалар), климат, гидросфера (дүние жүзі мұхиты), құрлықтың органикалық дүниесі (топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі) сияқты қазіргі күннің өндірісінде ерекше маңызды болып табылатын географиялық ортаның басты элементтеріне шаруашылық тұрғыдан баға бере алу қажет.


5. Пәннің тақырыптық жоспары


р/с

Тақырыптың атауы


Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

Зерт

Жалпы


соның ішінде СОӨЖ

1

Кіріспе

1

2

-

8

2

2

Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның методологиялық және әдістемелік негіздері

2

2

-

9

2

3

Экономикалық, әлеуметтік және саяси география категорияларының тереңдігі, концепциялары және теориялары

1

2

-

9

2

4

Табиғи ортаның және шаруашылықтың құрамдас бөліктерін экономикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

2

3

2

10

3

5

Дүние жүзі мүхиты және шаруашылық

2

3

2

10

3

6

Құрлық сулары және шаруашылық

2

3

2,5

10

3

7

Топырақ жамылғысы және шаруашылық.

1

2

-

9

2

8

Қоғамдық-демографиялық потенциал

1

2

-

9

2

9

Еңбектің аймақтық бөлінуі

1

2

1

9

2

10

Адамзаттың ғаламдық мәселелері, оларды экономикалық, әлеуметтік және саяси географиялық тұрғыдан зерттеулердің мақсаттары

2

1,5

-

9

1,5




БАРЛЫҒЫ:

15

22,5

7,5

90

22,5




Пән бойынша барлығы

135



6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 Тақырып. Кіріспе

Жоспар

1.Пәннің зерттеу обьектісі және мазмұны.

2.Пәннің географиялық ғылымдар жүйесіндегі орны.

3.Пәннің ерекшелігі.

Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы - әлемнің әр түрлі аймақтарындағы шаруашылықтың орналасуы мен дамуын, халықтардын таралуын, олардың табиғат жағдайы мен ресурстарды пайдалануын зерттейтін қоғамдық ғылым. 

Эконом-географтар экономикалық аудандастыру мен аумақтық өндіріс кешендерін кұруда үлкен үлес қосты. Олар жаңа жерлерді игерудің, қалалар, жолдар, зауыттар мен электр станцияларын салудың, қызмет көрсету салаларын орналастырудың жобасын жасайды. Оларды табиғи ресурстар мен стихиялық апаттардың (құрғақшылық, су тасуы мен жер сілкінуі) келтірген зиянына экономикалық баға беруге және олармен күресу шараларына тартады. Адамдардың өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, өнім шығару мен пайдалану осы ғылымның нысандарына жиірек айнала бастады.

Экономикалық және әлеуметтік география екі негізгі бөлімге бөлінеді Жалпы экономикалық және әлеуметтік география - оның аумақтық іргетасы болып саналады. Ол елді жалпы зерттейді, сонымен бірге оның экономикалық тармағы қоғамдық өндірісті, ал әлеуметтік тармағы халық пен оған қызмет көрсету түрлерін, әлеуметтік саланы зерттейді.
Аймактық географияның зерттеу пәніне елдің жекелеген бөліктері - облыстар мен экономикалық аудандар жатады.

Экономикалық және әлеуметтік география табиғат жағдайлары мен ресурстарына баға беруде физикалық географиямен тығыз байланысты. Ол тарих, экономика, статистика, әлеуметтанумен де берік байланысқан. Шаруашылықты зерттеуде тарихи тәсілді қолдану адамдардың таралып орналасу заңдылықтарын түсінуге көмектеседі.
Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді зерттеуде статистикалық мәліметтер негіз болып саналады. Олардың көбін әлеуметтануда жиі қолданылатын сұрақтар беру мен зерттеулер арқылы алуға болады.

Бұл ғылымның дамуымен қалыптасуымен көптеген зерттеушілердің есімдері тығыз байланысты.

Әдебиеттер тізімі: (1, 4)


2 тақырып. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның методологиялық және әдістемелік негіздері.

Жоспар

  1. Әдіснама және әдістеме ұғымдарының ара қатынасы

  2. Пәннің зерттеу әдістері

  3. Пәннің зерттеу тәсілдері

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілімі.

Экономикалық процестері танып – білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласы, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық үлгі (модель) жасау.

Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісіғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз – зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталатын мәнін, маңызын ашу.
Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан – жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. 

Географиялық зерттеу әдістері, географиялық зерттеу әдістемесі - 1) жалпы ғылыми тұрғылар мен әдістерді (тарихи, экологиялық, модельдеу, математикалық, жүйелік, тағы да басқалары); 2) нақты ғылыми тұрғылар мен әдістерді (физикалық географияда — геохимиялық, геофизикалық, палеогеографиялық және тағы да басқалары әдістер; әлеуметтік-экономикалық географияда — экономикалық-статистикалық, техникалык-экономикалық, социологиялық және тағы да басқалары); 3) ақпарат алудың жұмыс тәсілдері мен операцияларын (баланстық әдістер, дистанциялық әдістер; зертханалық әдістер, мысалы, споралық-шаңдық талдау, радиокөміртекті әдіс, сауалдама жүргізу, іріктеме әдіс, тағы да басқалары); 4) ақпаратты тәжірибелік және теориялық қорытудың әдістерін (индикациялық, бағалау, ұқсастық, жіктеу, тағы да басқалары); 5) алынған ақпаратты өңдеу әдістері мен техникалық тәсілдерін (перфокарталардың, электрондық есептеу техникасы арқылы, тағы да басқалары) қамтитын жүйе.

Әдебиеттер тізімі: (1)


3 Тақырып Экономикалық, әлеуметтік және саяси география категорияларының тереңдігі, концепциялары және теориялары

Жоспар

  1. Пәннің ілімдері.

  2. Пәннің ғылыми теориялары.

  3. Ғылыми тұжырымдамалар

  4. Ғылыми болжамдар

1. Ілімдер:

- географиялық орта туралы ілім;

- табиғатты пайдалану туралы ілім;

- Дүниежүзілік мұхит (Дүниежүзілік мұхиттың экономикалық географиясы) туралы ілім;

- географиялық еңбек бөлінісі туралы ілім;

2. Ғылыми теориялар:

- геосаясат теориясы;

- қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу теориясы;

- демографиялық ауысу теориясы;

- геоурбанистика теориясы;

- халықтың таралу теориясы;

- дүниежүзілік шаруашылық теориясы;

- өндіргіш күштердің орналасу теориясы;

- болжам жасау теориясы.

3. Ғылыми тұжырымдамалар:

- геосаяси концепциялар;

- табиғи ресурстардың аймақтық үйлесімділік концепциясы;

- ресурстық оралымдар концепциясы;

- табиғи ресурстық әлеует концепциясы;

- «орталық – шеткі аймақ» концепциясы;

- әлемдік қалалар концпециясы;

- «өсу полюстері» концепциясы;

- тұрақты даму концепциясы.

4. Ғылыми болжамдар:

- «булы жай» болжамы;

- Жердегі халық санын тұрақтандыру гипотезасы

Әдебиеттер тізімі: (1)


4 Тақырып Табиғи ортаның және шаруашылықтың құрамдас бөліктерін экономикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу.

Жоспар:

  1. Табиғи орта және шаруашылық.

  2. Табиғи ортаның ластануы.

  3. Табиғи ортаның экологиялық мәселелері

Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескермегендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болды. Ал оны қалпына келтіру жолындағы жұмыста география ғылымының міндеті зор. Себебі, ғылыми-техникалық жетістік ғылымның кейбір саласында адам баласына қауіп төндіруде. Адам әрекетінен туындап отырған жаңа «антропогендік ландшафтар», жер бетінде климаттың жылынуы тіршілік дүниесіне зардабын тигізуде. Бүкіл ғылымдардың жетістігі адамзаттың өсіп, өркендеуіне қызмет жасауы керек қой. Осыған орай бүкіл жаратылыстану ғылымдары бірігіп, өзін қоршаған ортадағы табиғатты сақтау, оның тепе-теңдігін үйлестіру мәселесін шешуге күш жұмылдыруы қажет. Жаһандық деңгейде табиғат қорларын тиімді пайдалану үшін қоршаған орта жайлы бұрынғы ғасырлар бойы жинақталған зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, табиғатты жүйелі түрде тиімді пайдалану, оны қорғаудың мәселелері жолға қойылуы тиіс. ХХ ғасырда табиғатты ысырап етпей игеру ғылымға жаңа бағыт берген, атақты табиғаттанушы, энциклопедист ғалым В.В.Вернадский ноосфера ұғымының негізін салды. Ол литосфераға, гид­росфераға, атмосфераға   және биосфераға қосымша ноосфера тұжырымдамасын ұсынып, адамның табиғатты сырапсыз пайдалануы негізінде жаһандық деңгейде туындап отырған проблеманы шешуге адамның ақыл-ой жүйесін бағыттайды. Бұл – бүгінгі таңдағы ғылымда, іс-жүзінде, әрбір қоғамда пайдалануға тиісті қағида.

Қазақстандағы география ғылымының атқаратын міндеті мен мақсатын нақты түсіндірмей, жерін тек қана атау ретінде (тау, қырат, үстірт, жазықтық, өзен, көл, кұм, шөл т.б.) қарастыру ғылымның өрісін шектейді. Сондай көзқарастың кең тарауынан байтақ қазақ жері табиғатының даму заңдылығын, оның қалыптасу еркшеліктерін көптеген ғалымдар елемей жүр. Олар жалпы экологиялық мәселенің маңызын түсінбей, тек өз саласының мүддесін қорғайды. Ғылымның қайсы болса да (ботаника, зоология т.б.) – табиғаттың туындысы. Тіршілік үшін белгілі бір географиялық орта керек. Ол географиялық ортаға өзіне тән қалып­тасқан ауа-райы құбылысының өзгеруі, жыл мезгілінің ауысуы, күн сәулесінің таралу заңдылығы, тіршіліктің өсуі мен дамуы тәуелді. Олардың белгілі бір гео­графиялық заңдылыққа бағынуы, температураның таралу заңдылығы батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі кез келген жердің алып жатқан географиялық орнына байланысты табиғатта үздіксіз жүріп жатады. Қоршаған орта болмысының өзгеруі, ғаламшардағы ірі өркениетті елдердің өздері мойындап отырғанындай, табиғат байлықтарын тиімсіз пайдаланудан, табиғаттың даму, қалыптасу заңдылығын ескермеуден туындап отырғаны даусыз. Мысалы, бір кездегі ит мұрыны өтпейтін Оңтүстік Американың тропиктік ормандары оталып, Африканың қайталанбас табиғатындағы сирек кездесетін керіктердің, пілдердің, түйеқұстардың, арыстандардың азаюы, материк байлықтарының талан-таражға түсуі сол аймақтарда жарамсыз жерлердің молаюынан, шөлейтті аймақтардың ұлғаюынан табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына соқтырды. Жерорта теңізі аймағындағы зәйтүн шаруашылығы плантацияларында мол өнім алу үшін химиялық тыңайтқыштарды молынан қолданылуы күрделі экологиялық мәселе тудырды. Соған байланысты қазір зәйтүн плантациялары оталуда.

Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекендерде таза ауыз су тапшылығынан адам­ның денсаулығына залал келуде. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тіршілік дүниесіне қауіп төндіруде. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.

Пайдалы қазбалар қорының ғылыми негізсіз пайдаланылуы, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды тудырды. Кейбір өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қоршаған орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулығының бұзылуына апарып соғуда. Осының барлығы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуді және оны қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуды, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазартудан өткізу, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жұмыстарын қарқынды жүргізуді өмірлік маңызы бар талап ретінде алға тартуда.

Табиғаттағы өзін-өзі реттеу мен қалпына келтіру үдерістері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері де бірден байқалмайды, оны адамдар көбінесе ұзақ жылдар өткен соң ғана байқайды, бірақ оны жедел түзеу жұмыстары күткендей нәтиже бере қоймайды.

Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағдайының және табиғи ортаның нашарлауына алып келді. Мұндай жағдай Арал теңізінің тағдырына тән. Мақта және басқа да егістіктер көлемінің артуына байланысты, Арал теңізіне құятын өзендердің суын пайдалану мақсатымен көптеген су қоймалары мен суару каналдары салынды. Мұндай су жүйелері өзендер суының азаюына, түптеп келгенде оның шұғыл тартылуына жеткізді. Қазір теңіз деңгейінің күрт төмендеуі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануын, т.б. экологиялық проблемаларды тудырып отыр.

Шаруашылыққа байланысты болжаулардың қажеттілігі ірі су алаптарының (Арал теңізі, Балқаш көлі) тартылуы, климаттың өзгеруі, техникалық фактор негізінде топырақ, жер беті қабаттарының бүлініп бұзылуы, биік таулардағы (Іле, Жоңғар Алатаулары) мұздақтармен байланысты жағдайлар, апатты құбылыстар, мемлекетаралық өзендерді (Ертіс, Іле) пайдалану жағдайы әлемдік мәселелерді шешуде өзек болып тартылуы тиіс. Мемлекетаралық өзендерді пайдалану мәселесі бойынша түрлі ұсыныстар мен болжаулар халықаралық, мемлекетаралық деңгейде есептеліп, ескерілуі қажет.

Шаруашылық әрекеттердің қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерін болғызбауға арналған алдын-ала жасалатын болжамдар жан-жақты ғылыми тұжырымдар негізінде жасалуы тиіс. Экологиялық болжамның ең негізгі мақсаты адамға тиетін зиянды әсерді және одан айықтыру мәселелерін қадағалауда жатыр.

Әдебиеттер тізімі: (1, 2)
  1   2   3

Похожие:

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconФ со пгу 18. 1/02 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі
Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі Т. рұсқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница