Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті




Скачать 91.54 Kb.
НазваниеМарат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті
Дата конвертации15.02.2016
Размер91.54 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.zkgmu.kz/fs/srs/34290_2016-02-05 23:35:14_Байсақалова Аякөз 307А гисталогия.doc
РМҚК «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ


Мамандығы: жалпы медицина

Пән: Гисталогия

Кафедра:

Курс: 3

Топ: 307 А

Тақырыбы:

Орындалу түрі:РЕФЕРАТ


Орындаған: Байсақалова Аякөз

Бағасы: ____

Қабылдаған : Сермагамбетова И.Т


Ақтөбе, 2015 жыл


ЖОСПАРЫ:


  • КІРІСПЕ.

Аталық және аналық жыныс жүйесі

  • НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

А) Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі

Ә) Жыныстық дифференцировкасының факторлары

  • ҚОРЫТЫНДЫ.



Жыныс жүйесі. Эмбриональдық даму жолы және шығу тегі. Жыныстық дифференцировкасының факторлары.


Әйел мен ер адамның организміндегі жыныс жүйелері жыныс бездері мен жыныс жолының қосалқы мүшелерінен тұрады.

Аталық жыныс жүйесі ағзада маңызд ы қызметтер атқарады. Жыныстық жасушалардың толыққанды дамуы, олардың белгілі бір кондициялы түрде пісіп жетіліп, түрленіп шығуы, копулятивтік қызметі, сондай-ақ аталық жыныс гормондарыынң биосинтезіне қатысуы. Аталған қызметтеріне сәйкес аталық жыныс жүйесіне жататын мүшелерді үш топқа бөледі:

  • Аталық жыныс безі-ен;

  • Ұрықты сақтайтын және бөліп шығаратын мүшелері (ен қосалқысы, ұрық шығару жолдары, ұрық шғаратын өзегі);

  • Қосымша жыныс мүшелері-ұрық көпіршігі, қуық асты безі, т.б.(1сурет).

1 сурет

Аналық жыныс жүйесі


Аталық жыныс жүйесіне қарағанда аналық жыныс жүйесінің айырмашылығы жыныс жасушаларының түзілуі мен гормондар синтездеу ғана емес, сонымен қатар келешек ұрпақтың дамуы мен қоректенуін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты құрылысы күрделірек, өзгеруі жиі патологияға алып келетін нәзік, әрі күрделі регуляторлы механизмге ие. Аналық жыныс жүйесіне: жыныс бездері, безден тыс жатқан қосымша мүшелер – жатыр түтіктері, жатыр, қынап, т.б. мүшелер мен сүт бездері жатады(2 сурет).



2 сурет

Жыныс жүйесінің маңызы организнің көбеюін қамтамасыз етеді. Ол жыныс клеткалары- жұмыртқа клеткасы мен сперматозоидтың қосылуынан ұрықтың дамуы басталады. Сонымен қатар көбеюіне ықпал ететін жыныс гормондары- андроген, эстрогендер түзіліп отырады.

Жыныс айырмашылықтары генетикалық жолмен жыныс хромосомдары арқылы анықталады(ерлерде ХУ, әйелдерде ХХ). Әйел жыныс жүйесінің қызметінің ерекшелігі оның циклдық және кезектесуінде. Бұл кезде жыныс клеткалары бөлінеді және жыныс гормондарының секреция бөлу белсенділігінің өзгеруі қайталанып отырады, ал ерлердің жыныс жүйесі жыныстық пісіп жетілгеннен қартайғанға дейін қызмет атқарады.


Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі

Ағзада аталық пен аналық жыныс мүшелерінің бастамасы зәр шығару жүйесімен бірге қалыптасады, дамиды. Эмбриогенездің 4-аптасында мезонефростың ішкі бетіндегі целомдық эпителиі қалыңдап-индифференттік жыныс безінің бастамасын түзеді. Ол дамудың бірінші сатысы болып табылады. Бірақ екі жыныстың да алғашқы жыныс клеткалары- гаметобласттар эмбриогенездің пресомит сатысында ерте пайда болады(3-ші аптада) және цитоплазмасында белсенділігі жоғары сілтілі фосфатаза және жоғары мөлшерде гликогені бар ірі ядролы клетка түрінде болады. Олар алғашқыда сарыуыз қапшығының қабырғасында байқалады, осы жерде олар тез көбейіп, содан соң артқы ішектің артқы қабырғасымен қанмен бірге тамыр бойымен ағып, жыныс белдігіне барып орналасады. Дамыған гоноциттердің қоректенуін қамтамасыз ететін жыныстық белдіктің эпителиінен сүйемелдеуші эпителиоциттер, аналық безде фолликуллярлы клеткалар пайда болады. Эпителиоциттер интерстициалды клеткалар немесе эндокриноцит қатысуымен жыныстық гормон бөлуін қадағалайды. Интерстициальды клеткалар 9-10 аптада тез көбейіп отырады. 22 аптадан соң олардың саны азая бастайды. Негізі мезенхимадан құралған.

Бірінші бүйрек стромасына жыныстық белдіктердің жыныс жіптері өсіп шығады- эпителий тәждері, онда гоноциттер орналасады. Бірінші бүйректің мезонефральды өзегінен бір уақытта, оның денесінен клоакаға тартылған параллельді өтетін парамезонефральды өзекке ыдырайды. Индифферентті жыныс бездерінің ерекшеленуі жынысқа қарай ұрықта эмбриогенездің 6-шы аптасынан басталады.



3 сурет

Жыныс хромосомдар жиынтығынан пайда болады. Оған қатысты себепкерліктер жыныстың генетикалық, гонадалық, гаметалық, гормондық, денелік, азаматтық және тәрбиелік түрлерін жасайды.

Генетикалық бағдарлама бойынша ұрықтану кезінде кариотипте ХХ хромосомдар қиылыстыру нәтижесі әйел жынысты, ал ХУ хромосомдары еркек жынысты қалыптастырады. Алайда тектік бағдарламаны іске асыруға бұлар жеткіліксіз болады, оған гормондар тікелей қатысуы тиіс.

Гонадалық жынысты аталық және аналық бездер айқындайды. Мұны нағыз жыныс дейді. Себебі жыныс бездерінің гаметалық қасиеті(шәует және жұмыртқа түзуі) арқылы әрбір жеке тұлғаның өрбіту үрдісіндегі мәнін ашады. Бұл гаметалық жыныс.

Сондай-ақ бездер гормондық жынысты да белгілейді. Гормондардың арнамалы (андроген, эстроген) және бағыттаушы (гонадотропин) әсерлері адамның белгі түрін (фенотип) жасайды.

Ал, екінші сатысы-аталық түрде дифференциялануы, бұл эмбриогенездің алтыншы-аптасында басталады. Мезонефростың жоғарғы шетіндегі мезенхима жасушаларынан өтіп шығады да, бездің сыртқы аө өабығын түзеді. Алғашқы пайда болған бездің бастамасынан біртіндеп ұрық түтікшелерінің: иректелген, тік және түтікшелердің тор бөліктері түзіледі. Иректелген ұрықтүтікшелерінде ұрық жасушалары көбейіп сперматогонияға айналады(3; 4 сурет). Ал, түтікшелердің қалған бөліктері ұрықты шығатын жолдарға жатады.

Аталық жыныс жүйесінің негізі мыналардан түзіледі:

  • Жыныс жасушалары алғашқы (біріншілік) гонобласттардан қалыптасады. Гонобласттар сары уыз қабының қабырғасындағы мезенхимадан түзеді.

  • Ұрық түтікшелерінің иректелген, тік және тор бөліктерін тыстайтын эпителий-спланхнотомның париетальді жапырақшасының мезодермасынан бастау алады.

  • Ен қосалқысының эпителиі мезонефрос түтігінен түзіледі.

  • Аталық жыныс жүйесінің құрамындағы дәнекер тіні қан тамырлары мен ет тінінің миоциттері мезенхимадан дамиды.

  • Қуық асты безі мен бульбауретральды бездері несеп түзетін синустан (тік ішектің кеңейген бөлігі) және мезонефральді өзектен қалыптасады.



4 сурет

Дамуы. Аналық жыныс жүйесі мүшелерінің дамуы да аталық жыныс жүйесінің мүшелері сияқты индифференттік және дифференциялану сатыларынан тұрады. Аналық жыныс безі индифференттік жыныс безінен дамиды. Бұл болса, мезонефростың жоғарғы жағындағы целомдық эпителийдің қалыңдауынан бастау алады. Аталмыш эпителиге эмбриогенездің алғашқы сатыларында сары уыз қабының энтодермасындағы гонадобласттар келіп (көшіп) қоныстанады (саны 1700 шамасында).осының нәтижесінде мезонефростың жоғарғы жағындағы медиальдік эпителиі қалыңдап, алғашқы жыныс жасушаларымен біреге мезенхимаға көшеді.

Жыныстық жасушалардың дифференциялану сатысы эмбриогенездің жетінші-сегізінші аптасында басталады. Аталық бездің дамуына қарағанда аналық бездің дамуы бездің ақ қабығы мен жыныс бауларының өсуінен кейін бірден емес, кейінірек дамиды. Осының нәтижесінде, целомдық эпителий мен көлемдегі жыныс бауларын қалыптастыра отырып, мезонефростың түбіне дейін көшіп орналасу қабілетіне ие болады. Әрі қарай жыныс бауларының эпителиі мезенхимадан ажырайды да, осыдан эпителий жасушаларының арасында көп мөлшерде гонодобласттардың жиналуы жүреді.мұндай шоғырланып жиналуынан “Пфлюгердің жұмыртқалық шарлары” деп аталатын құрылымдар пайда болады. Эмбриогенездің үшінші аптасында гонадобласттар овогонийлерге айналып, үшінші айдың соңнан бастап, олардан бірінші реттегі овоциттер қалыптасады. Бұл бірінші реттегі овоциттер мейоздың профазасына қатысады да, бірақ осы сатысында ұзақ уақыт жыныстық дамуға, овуляция мен ұрықтануға дейін қалып қояды.

Даму барысындағы жыныс жасушалары (гонадобласттар, овогониялар, овоциттер) өздерін қоршаған эпителиальді жасушаларымен тығыз байланысады. Аталған эпителий жасушалары “фолликулярлық жасушалар” деп аталады. Фолликулярлық жасушалар аналық жыныс бездерінің қыртысты затын қалыптастырады. Даму сатыларына қарай олар: примордиальді, біріншілік пісіп жетілген, екіншілік, үшіншілік болып жіктеледі. Алғашқы (эмбриогенездің үшінші айына дейін) примордиальді фолликулалардың сырты бір қабатты жалпақ жасушалармен қоршалып, бұдан овогониялар қалыптасады. Әр безде жеті миллион фолликулдарболады. Дамудың үшінші айынан бастап примордиальді фолликулдар бірінші реттік овоциттерге айналады. Даму сатыларына қарай фолликулярлы жасушалар бөлініп, саны көбейеді де, бір қабаттан көп қабатты жасушаларға айналып “біріншілікфолликулярлы” деп аталатын овоциттер түзіледі. Нәрестенің туу кезеңіне дейін олардың жалпы саны азаяды, жалпы саны саны екі миллиондай, ал қалғандары атрезияға ұшырайды. Әрі қарайдаму барысында, фолликулдардың жыныстық жетілуге дейінгі дамуы тоқталып, бірақ олардың активтік атрезиясы жалғаса береді. Осының нәтижесінде фолликулдердің азая келе, 500-1000 ғана қалады.эмбриональді кезеңде безде тек қана примордиальді фолликулдар болады. Онтогенездің барлық кезеңдерінде безде фолликулдардың өсуі мен қалыптасуына байланысты үзіліссіз өзгерістер жүріп отырады.

Бездің дамуына мезонефростың негізінен, мезенхиманың қалыңдап өсуі жүреді. Бұл мезоенфрос каналдарының жойылуына алып келеді, ал өсіп шыққан мезенхима бездің боз затының дәнекер тініне айналады. Алты-жеті апталық эмбрионда без тек қыртысты заттан ғана тұралы. Бездің боз заты соңынан қалыптасады.

Жатыр, жатыр түтіктері және қынап


Жатыр түтіктері, жатыр және қынап қалыптасатын ана ағзасындағы мезонефральді өзектер редукцияға ұшырайды. Бірақ редукциясына дейін олардан жұп парамезонефральді өзектер бөлініп шығады. Бұл өзектердің жоғарғы бөліктерінен жатыр түтігі қалыптасады да, ал төменгілері бірігіп жатырды және қынаптың жоғарғы бөлігін береді. Қынаптың төменгі бөлігі зәр шығару синусынан қалыптасады.


Жыныстық дифференцировкасының факторлары

Жыныстың генетикалық детерминациясы ұрықтану кезінде болады.

Y-хромосома — генетикалық ер жыныс детерминантасы (зигота 22 жұп аутосомды + жыныс хромосомалары XY, яғни 46XY). Генетикалық әйел жынысы зиготасының кариотипі — 46ХХ. Біріншілік жыныс клеткалары сары қапшықтың қабырғасында түзіліп, эмбриогенездің 5ші аптасында гонадалық түтікке (гонадные валики) – индефферентті гонадалық түтіктерге айналады. Жыныс бездері осы гонадалық түтіктерден пайда болады.

- Y-хромосома. Генетикалық ерлер жынысын Y-хромосома анықтайды (сонымен қатар, Sox ДНК реттегіш гендердің тұқымдастығына жататын SRY гені).
- SRY гені TDF реттегіш факторын кодтайды (Testis—Determining Factor).
- TDF факторы (H-Y Аг) бастапқыдағы бипотентті жыныс бездерінен ерлер типті дифференцировканы анықтайды.

- SRA1 гені. Хромосома 17 5Ьх-тәрізді SRA1 генін қамтиды, оның мутациясы жыныстың реверсиясына (генетикалық еркектер әйел фенотипіне ие болады) және де камптомелиялық дисплазияға (2/3 XY генотипті науқастарда әйел жыныс фенотипі бар) алып келеді.



Жалпы табиғатта өрбу маусымдық, рефлекстік, оралымды болып үш түрге бөлінеді. Жалпы аналық организмде жыныстық ырғақтылық ерекше қалыптасқан. Аталық организмдердің тұқымдылығы мен жыныстық құштарлығы солардың ерекшеліктеріне бейімделеді.

Жыныстық әрекеттік жүйенің қызметі арнайы ішкі сөлініс бездерінде түзілетін жыныстық гормондардың (андроген, эстроген) қандағы мөлшеріне тәуелді келеді. Жоғарыда айтылғандай, жыныс гормондары зат алмасу үрдістерімен қатар, жалпы жыныстық әрекеттік жүйені тікелей қоздырады. Жыныс гормондарының сөлінісі планета (Күннің, Айдың, су тасуы мен қайтуының) әсерлеріне сәйкес болады.

Жыныс саласының анатомиялық құрылымы мен физиологиялық әрекетін жыныс мүшелерімен бірге орталық және шеткі жүйке жүйесі, ішкі сөлініс бездерінің, яғни нейроэндокриндік аппараттың әртүрлі бөлімдері қамтамасыз етеді.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  • «Цитология, эмбриология және гистология»

Ж.О.Аяпова, Алматы «Кітап» баспасы, 2009 жыл;

  • «Гистология»

В.Г.Елисеев, Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрина редакциясымен

Москва «Медицина» баспасы, 1983 жыл;

Похожие:

Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті iconМарат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті
Тақырыбы: Жыныс жүйесі. Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі. Жыныстық дифференцировкасының факторлары
Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті iconМарат Оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекттік медицина университеті
ДСӘдм «Марат Оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекттік медицина университеті» шжқ рмк
Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті iconМарат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті
«марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті iconМарат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті
«марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті iconМарат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті
«марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті iconМарат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті
«марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті iconМарат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті
«марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті iconМарат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті
«марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті iconМарат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті
«марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті iconМарат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттк медицина университеті
Адамның өмір сүрудің әр түрлі жағдайларда қауіптен қорғай мәселелері әлемде біздің ата-бабамыз болуымен бірге пайда болған. Биологиялық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница