Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мән-мазмұны туралы




НазваниеСабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мән-мазмұны туралы
страница1/6
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://multiurok.ru/uploads/5/7/2/572a58724a06f7a34419375eede62baa9d182cf7/8-synyp-debiet.doc
  1   2   3   4   5   6
Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мән-мазмұны туралы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды 8-сынып оқулығының мәні, мазмұнымен таныстыру, кезеңдерге шолу жасап, салыстыру

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, әдебиетті сүюге, сөз өнерін құрметтеуге, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту

Сабақтың типі: Кіріспе сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, кітаппен жұмыс, шығармашылық жұмыс, әңгімелесу, сұрақ-жауап.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға сұрақ-жакап арқылы 7-сынып бағдарламасында өткендерін естеріне түсіріп, шолу жасап өтеміз.

Оқушылармен жазғы демалыста оқыған әңгімелері туралы әңгіме жүргізу


«Менің сүйікті кейіпкерім» немесе «Мен жазғы демалысты қалай өткіздім?» деген тақырыптардың біріне ауызша әңгіме айтқызу.


ІІІ. Жаңа сабақ


1. Кіріспе сөзбен таныстыру

2. Оқулықты кезең-кезеңдерге бөліп, жылш бойы өтілетін материалдарға шолу жасап өтемін.


Кезеңдері:

1. Ежелгі дәуір әдебиеті

2. Ислам дәуіріндегі әдебиет

3. ХІХ ғасыр әдебиеті

4. ХХ ғасыр әдебиеті

5. Әлем әдебиеті үлгілері

Әр кезең әдебиетінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтемін.


Мәтінмен жұмыс.

1. «Сөз құдіреті» мәтінін оқушыларға мәнерлетіп оқыту

2. Мазмұнына талдау жасату

3 . Сөз, тіл құдіреті туралы ақын-жазушылардың, ғұламалардың айтқан сөздерін, мақал-мәтелдерді еске түсіру.

4. «Сөз құдіреті» деген тақырыпқа эссе жаздыру


ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:

  1. Оқу



Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар мен аңыз-жырлар. «Алып Ер тұңға», «Алып Ер тұңғаны жоқтау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері жайлы түсінік беру, шығарма мазмұнымен таныстыру арқылы жоқтаудың қазіргі жоқтаулардан айырмашылықтары мен ұқсастықтарымен салыстыру

Тәрбиелік: Оқушыларды сөз өнерін, әдебиетті, тарихты құрметтеуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын ояту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, талдау, сөздік жұмысы


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ


Қазақтың арғы тегі – үйсін, ғұн, сақ тайпалары. Олар Ү ғасырдан бастап түркілер атанған.

«Сақ» сөзі күні бүгінге дейін қолданылып келеді.

Сақа, сақпан, сақшы, қып-сақ сөздері

Сақтар жайлы Геродот «тарих» кітабында жазған.

Сақ жазуы 26 әріптен тұрады.


1. Мәтінмен таныстыру

«Алып Ер Тұңға»

«Алып Ер Тұңғаны жоқтау»

2. Шығарманы оқушылардың мәнерлеп оқуы


3. Жоқтаудың мазмұнына талдау жасау


4. Алып Ер Тұңғаны жоқтауды қазіргі күнгі жоқтаулармен салыстыру


5. Сұрақтар бойынша жұмыс:

- Алып Ер Тұңғаның өлімі халыққа қалай әсер етті?

- Ақын заманға қалай сын айтады?


6. Сөздік жұмысы

  • Опасыз дүние – бұл дүниеде ешкім мәңгі ақал алмайды

  • Тұңға – алғашқы, бірінші

  • Түптеді – көбейді


7. Дәптермен жұмыс

Өлең шумақтарына, өлең құрылысына талдау жасау


ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: Оқып келу

Әдебиет

Сабақтың тақырыбы : Орхон ескерткіштері. Күлтегін жазуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ әдебиетінің негізі болып саналатын көне түркі жазбалары – Орхон ескерткіштері жайлы мағлұмат беру, «Күлтегін » жырының үзіндісімен таныстыру

Тәрбиелік: Оқушыларды халқының әдебиетін, мәдениетін, тілін, тарихын сүюге, қадірлеп, құрметтеуге, батырлыққа, ерлікке, көпшіл болуға тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, танымын кеңейту

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздік жұмысы, баяндау, талдау


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге «Алып Ер Тұңға» және «Алып Ер Тұңғаны жоқтау» деген тақырыптарды оқып келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын сұраймын.

Қосымша сұрақтар:

  • Қазақтың арғы ата-тегі , олардың жазу-сызуы жөнінде не білесіңдер?

  • Сақтардың жазуы туралы не білесіңдер?

  • Қандай көне аңыз-жырлар аттары естеріңде бар?

  • Алып Ер Тұңға кім болған?

  • Алып Ер Тұңғаны жоқтау мен басқа жоқтаудың ұқсастығы мен айырмашылықтары неде?


ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

ІҮ. Жаңа сабақ


Ү – ҮІІІ ғасырда Түрік қағанаты ұрылды. Түркілер туралы М.Қашқари өз жазбасында жаып кеткен.

  • Бумын қаған 552 жылы қайтыс болады.

  • 630-680 жылдары тауғаштарға тәуелді болады.

  • Елтеріс (Құтлұғ) пен Тоныкөк еркіндікке қол жеткізеді.

  • Елтеріс өлгенде Білге 7-де, Тоныкөк 5 жаста болады, да Елтерістің немере інісі Қапаған таққа отырады.


Тастағы жазудың негізгі идеясы – ел қорғау, батырлар жырымен ұқсас.

Тіл үнемі дамып отырады, сондықтан қазіргі қазақ тілімен салыстырғанда өзгеріс бар.


Шығарманы талдау

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу

  2. Авторымен, аудармашылығымен таныстыру

( М.Жолдасбеков – ЕМҰУ-нің ректоры, профессор)


  1. Сөздік жұмыс

Білге – ақылды, дана, білікті

Қаған – хан

Шад, апа, бектер, тархан - әскери лауазым атаулары

Өтүкен – қасиетті мекен

Тонсыз – киімсіз, аш-жалаңаш

Тоғыз-оғыз – ру-тайпа аты.


  1. Өлеңді қазіргі қазақ өлеңдерімен салыстыру

( мтілі, құрылымы)


  1. Жырдың мазмұнын «Алпамыс батыр» жырының мазмұнымен салыстыру



Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп , түсініп оқу


Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы

( ҮІІІ- ІХ ғасыр)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жыраулық өнердің атасы Қорқыт туралы , оның нақыл сөздері жайлы мағлұмат беру, өміріне шолу жасау, нақыл сөздерінің мазмұнымен таныстыру

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, жақсыдан үлгі алып, жаманнан жиренуге, әдебиетті сүюге, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың ойын, тілін, сөздік қорын, қиялын, дүниетанымын дамыту

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, түсіндірмелі, мәтінмен жұмыс, талдау


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге «Ескерткіштен үзінділер», «Орхон жазбалары» деген тақырыпты оқып келуге, мазмұнымен танысып, сұрақ-тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын сұраймын.

Қосымша сұрақтар:

- Ескерткіштен үзінді кімнің атынан баяндалады?

  • Ел қай жерді мекендеген екен?

  • Түркі елінің бытырап, бірлігін жоғалтып, тауғаштарға тәуелді болуына не себеп болды?

  • Тауғаштар дегеніміз кімдер?

  • Түркі мемлекеті қашан құрылды? Оның ең алғашқы ханы кім?

  • Ескерткіштен үзіндіні аударған кім?

  • Орхон жырларының қазақ эпостары мен ұқсастығы неде?

  • Жырдың тақырыбы мен идеясы не?

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау.

ІҮ. Жаңа сабақ.


Қорқыт ата ҮІІІ – ІҮ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген.

Ол асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өмірдің атасы, қобыз аспабын алғаш жасап тартқан адам дейді.Қобыздан күйін ажыратып, өлімнен


Күйлері: «Желмая», «Кілем жайған», «Ұшардың ұлуы», «Аққу», «Әупбай», «Башпай» т.б. жырлары ХҮҮ ғасырда хатқа түскен.

«Дерсекалұлы, Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алет Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұлы», «Төбекөз дәуді өлтірген Исат батыр», «Хан Төрәлі» т.б.


Қорқыттың нақыл сөздері:

1.Мәнерлеп оқу

2.Сұрақтармен жұмыс:

- Қорқыт ата кім болған?

- Ол қандай өсиетімен ел есінде қалған?

- Өмірде өлмейтін не нәрсе?

3.Сөздік жұмысы.

Бай бойында – оғыздың бай рулары мекендеген жерде

Әулие – байлыққа қызықпайтын, адал, иманды, дін жолын ұстаған адам.

Әзелде жазылмаса – тағдырда жазылмаса.

4.Дәптермен жұмыс.

Үш қатар өзіне берілген тақырыпқа байланысты нақыл сөздерді теріп жазады.

5.Қазіргі мақал-мәтелдермен салыстыру.


ІҮ. Қорытынды


Ү. Бағалау.


ҮІ. Үйге тапсырма: Қорқыттың нақыл сөздерін оқып келу.


Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йассауи «Хикметтері»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ахмет Иассауи өмірі, әдебиеттегі орны, шығармалары жөнінде мағлұмат беру, өлең мазмұнымен таныстыру, бүгінгі күнмен үндестігін аңғарту.

Дамытушылық: Оқушыларды ізеттілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу

Тәрбиелік: Оқушы ойын, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту, дүниетанымын кеңейту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп жатқа оқу, сұрақ-жауап, баяндау, талдау, сөздік жұмысы

Қосымша әдебиет: А.Қыраубайқызы «Ежелгі әдебиет»


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


Үйге Әбунасыр әл-Фараби өмірі жайлы мәтінді оқып танысуға, өлеңдерінен үзінді жаттап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын сұраймын. Қосымша сұрақтар:

  • Әбунасыр қай жылдары өмір сүрген?

  • Ол қандай тілдерді меңгерген?

  • «Әбунасыр кім?» деген сұраққа қалай жауап берер едің?

  • Әбунасыр өз еңбектерін қандай ғылым салаларына арнады?

  • Сол дәуірдегі әдебиеттің бөлінуі туралы айт.

  • Сыр бойы әдебиетінің өкілдері кімдер?

  • Қарахан әдебиетінің негізін салушылар кімдер?

  • ХІІ ғасырдың өзіндік ерекшелігі неде?


ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау


ІҮ. Жаңа сабақ


Х-ХІІ ғасырда Қазақстан жеріндегі ірі мәдени орталықтың бірі – Сыр бойы болды. Ол төңіректен Ахмет Иассауи, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ақындар шықты.

Ахмет Иасауи - білімпаз ғалым, ақын, ойшыл, бүкіл түрік жұртының рухани атасы. Ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрамда туып, қазақ жерін Үнді, Қытай, Еуропамен байланыстырған Түркістан қаласында тұрды.

Ахмет Иассауи «Диуани хикмет» атты кітап жазған. Диуани- жинақ, хикмет – алланың құдірет күші, яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап» деген мағынаны білдіреді. Түрік жұртында Ахмет Иасауиді құрметтеп, пір тұтқаны соншалық, «Мәдинада- Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» деген.

Иасауи ата-анасынан жеті жасында жетім қалып, Түркістанда ( ол кезде Иасы деп аталған), апасының қолында тәрбиеленеді. Екі ұстазы болған: бірі – Арыстан баб, екіншісі – Бұхарадағы Қожа Иусуп Хамадани.

Екеуі де дүниеге қызықпайтын, дін тазалығын, адамдық жолын ұстаған кісілер еді. Қожа Ахмет Иасауидің өзі де осы жолды таңдады.

Иасауи – сопылық әдебиеттің өкілі. Ол бүкіл өмірін исламды уағыздауға, шәкірт тәрбиелеуге арнады. Ал алпыс үш жасында жер астынан бір кісілік жертөле-қылует жасатып, «Мұхаммед пайғамбар жасынан асып кеттім, бұдан әрі өмір сүруім күпірлік болады» деп, қалған өмірін сол жер астында өткізген. 73 жасында қайтыс болған. Ибраһим, Гауһар есімді ұлы-қызы бар екен, ұлы жастай қайтыс болыпты. Қызынан тараған ұрпақтары ішінен шығысқа аты мәлім ғалым, жазушылар шыққан.


ІҮ. Шығармасымен танысу

Иасауи жер астында отырып, соңғы он жылда «Хикметтер» атты кітабын жазған.

Оның «Хикметтер» кітабы адамдық, ізгілік жолына үндейді. Адамдардың пейілі бұзылып, заманның азғанына қиналады. Иасауидің даналық ойлары Баласағұни мен Абай пәлсапасының орта тұсында жатыр. Сондықтан да осы үш ойшылдың көзқарастары өте ұқсас. Үшеуі де бір арнадан бастау алып, бір дәстүрден сусындаған. Ол – қазақ әдебиетінің терең тамырлары.

Иасауи «Хикметтер» кітабында өмірде не нәрсе құнды, неден қашу керек, неге асығу керек деген мәселелерге жауап береді. Кітаптың соңында өмірдің ақыры таяу екендігін, енді о дүниеге пейіл беру керектігін жазған. Иасауидің даналық ойлары Абай поэзиясында жалғастығын тапқан.


  1. «Хикметтер» өлеңін мәнерлеп оқу

  2. Сөздік жұмысы

    • Сопылық – ислам дініндегі бір ағым. Жер-дүниедегі жанды-жансыз тіршілікті жаратқан Аллаға деген сүйіспеншілікті насихаттайтын, рухани тазалық арқылы Аллаға жақындай түсу жолын іздейтіндер.

    • Хақ Мұстафа аманаты – Мұхаммед пайғамбардың аманат қылып берген құрмасын айтады.

    • Нәпсі – ішіп-жеу, пенделік қажеттері.

    • Мақшар күні – о дүниедегі сұрақ күні

    • Тәубе – шүкіршілік қылу

    • Төрт аяқты ағаш ат – бұл жерде: табыт мағынасы

    • Ысырат көпірі- о дүниедегі қыл көпір

    • Жазмыш - әр адамның тағдыры күні бұрын жазылып қойылады дейтін түсінік.

    • Фәни шаһары – о дүние

    • Тар қапастың тоты құсы қанат қақты ұшқалы – бұл жерде: кеудеден жан ұшты деген мағынада.

  3. Мазмұнына талдау жасау

  4. Абай өлеңдерімен салыстыру

  5. Сұрақ-тапсырмалармен жұмыс

Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: Оқу, «Кісі ақысын жей көрме» деген ақын ойын өз пікірлерімен толықтыру.


Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласұғыни «Құтты білік».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жүсіп Баласағұнидың өмірі мен шығармасы, «Құтты білік» дастанының мазмұны мен маңызы жөнінде білім қалыптастыру, өлең мазмұнын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушы ойын, сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын дамыту, кеңейту, өлеңді мәнерлеп оқу машығын жетілдіру.

Тәрбиелік: Өлең мазмұны арқылы шынайылыққа, адалдыққа, парасаттылыққа,ойланып сөйлеуге, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ-жауап, талдау.

Қосымша әдебиет: «Елтұлға» жинағы, А.Қыраубайқызы «Ежелгі әдебиет».


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге Ахмет Иасауидің өмірі, тарихтағы орны жайлы оқып келуге және «Хикметтерін» мәнерлеп оқуға берілген болатын.

Үй тапсырмасын сұраймын.

Қосымша сұрақтар:

  • Ахмет Иасауи кім? Оны неге Иасауи деп атаған?

  • Ахмет ұстанған сопылық жол туралы не білесіңдер?

  • Арыстанбаб пен Ахмет туралы аңыз не дейді?

  • «Диуани хикмет» шығармасының мәні, мазмұны, өмірдегі орны туралы не білесіңдер?

  • Ахмет өмірінің соңғы жылдарын қалай өткізді? т.б.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мән-мазмұны туралы iconСабақтың тақырыбы
Дамытушылық: ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мән-мазмұны туралы iconЖаңа сабақтың негізгі мазмұны және оны түсіндіру. Түсіндіру кезеңі 2-ге бөлінеді. І. Сандар туралы мәлімет және санау жүйесінің тарихы
Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері. Сандарды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне аудару
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мән-мазмұны туралы iconӨтетін күні: Сабақтың тақырыбы: § 20. Зергерлік. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: білімділік- металл бұйымдары, оларды көркемдеу жолдары мен ерекшеліктері туралы мағұлмат беру
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мән-мазмұны туралы iconСабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты : а Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мән-мазмұны туралы icon7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: Монгол империясының құрылуы Сабақтың мақсаты
Империяның көрші елдерді жаулауы туралы оларға қарсы халаықтар күресі туралы түсінік беру
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мән-мазмұны туралы iconСабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты
Сонымен бірге көркем әдебиетте автордың өз көңіл – күй қалауы, өзіндік көзқарасы тұрғысынан жеткізетінін есте ұстаймыз
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мән-мазмұны туралы iconСабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты
Сонымен бірге көркем әдебиетте автордың өз көңіл – күй қалауы, өзіндік көзқарасы тұрғысынан жеткізетінін есте ұстаймыз
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мән-мазмұны туралы iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нің жауынгерлік дәстүрлері туралы түсінік беру
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мән-мазмұны туралы iconСабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин (1894-1938) Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлинның өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Оқулықтың мән-мазмұны туралы iconСабақтың тақырыбы : Дулат Бабатайұлы Сабақтың мақсаты
Хіх ғасыр әдебиеті туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница