Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы




НазваниеЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
страница1/23
Дата конвертации15.02.2016
Размер2.66 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/66 БТБА.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2010 жылғы 1 қыркүйектегі

№ 306-ө бұйрығына

қосымша


Жұмыстың және жұмысшы мамандардың

бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы


66-шығарылым


«Арнайы өндіріс бұйымдарын

жөндеу және сынау» бөлімі


Астана 2010

Кіріспе


Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА) 66-шығарылым, «Арнайы өндіріс бұйымдарын жөндеу және сынау» бөлімі.

Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген.

Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасы алты разрядты тарифтік торға сәйкес әзірленген. Жұмыс разрядтары, еңбек жағдайларын ескермей, олардың күрделілігіне қарай белгіленген.

Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

Тарифтік-біліктілік сипаттамасын қолдану, разрядтар беру және арттыру, өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының Жалпы ережелерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтарымен бекітілген, осы кездегі қолданыстағы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, саралау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесінде көрсетілген.


«Арнайы өндіріс бұйымдарын жөндеу және сынау» бөлімі


Тарифтік-біліктілік сипаттамалары


1. Гильзаларды жаңарту және атысты құрастыру жөніндегі автоматшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гильзаларды жаңарту және атысты құрастыру жұмыстарын орындау кезінде автомат желіні басқару. Әр түрлі калибрлі гильзаларды жаңарту және атысты құрастыруға арналған автомат желіні баптау және күйін келтіру. Автомат желідегі ақаулықты түзету. Автомат желіге салу және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жұмыс процессінде жабдықтар мен механизмдерді реттеу. Өнімді ОТК-ға тапсыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автомат желінің құрылысы, оның жұмыс қағидаттары, пайдалану және техникалық ерекшеліктері; электрлік қоректендіру схемасы және электр тізбегінің үзілген жерлерін жалғау тәсілдері; гильзаларды жаңартуға қойылатын техникалық талаптар; автомат желіге қызмет көрсету кезінде қолданылатын құралдар, шығарылатын өнімнің сапасын анықтауға және автомат желінің қалыпты жұмысына арналған бақылау-өлшеу аспаптары; электротехника негіздері.


2. Аэростатшы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Такелаждың қарапайым бөлшектерін тазалау, жөндеу және жасау. Біліктілігі анағұрлым жоғары аэростатшының басшылығымен аэростаттың қаптамасы мен керек-жарақтарын жөндеу.

Білуге тиіс: аэростат, газгольдер такелажының негізгі түрлері мен мақсаты; такелажға қойылатын негізгі талаптар; қарапайым тораптар мен бітіктер; аэростат пен газгольдердің әр түрлі тораптарына кететін материяның сыртқы түрі мен айырмашылықтары; бөлшектерді желімдеу және жөндеу кезінде бетін дайындау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Газгольдерлерді ауыстыруға арналған жіп - жасау.

2. Газгольдерлер – тесілген жерге жамау салу және көлемі 20 мм дейінгі тесікті бітеу.

3. Таспа - ауыстыру.

4. Демалыс табандарының ілмектері - жасау.

5. Әр түрлі ілмектер - өру.

6. Газгольдердің шайбалары - ауыстыру.


3. Аэростатшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аэростат такелажының жиынтығына кіретін күрделілігі орташа бөлшектер мен керек-жарақтарды жасау. Аэростат қабығы пен оның керек-жарақтарына шағын жөндеу жасау. Біліктілігі анағұрлым жоғары аэростатшының басшылығымен барлық жүйенің тораптары мен бөлшектерін сынауға дайындау және сынау. Аэростаттың беріктігін сынауға қатысу.

Білуге тиіс: аэростаттардың типіне байланысты такелаждың құрылысы және оларға қойылатын техникалық шарттар; аэростаттар мен газгольдерлердің құрылысы; аэростаттар мен алмалы-салмалы такелажды сынау тәртібі; сынау кезінде қолданылатын машиналардың, механизмдер мен аспаптардың қызмет қағидасы; сынаудан кейін тексеру жүргізу тәртібі; такелаж үшін қолданылатын материал, оның қасиеттері мен ерекшеліктері; қарапайым тораптардың, өрмелер мен бітіктердің типтері; газгольдерлерді орташа жөндеуге қойылатын техникалық шарттар; желімді сынау; ақаулықтардың түрлері және олардың алдын алу және жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Жапсырмалар - орнату.

2. Газгольдерлер – жартылай сақинаны ауыстыру.

3. Такелаж табанның ілмектері - жасау.

4. Жарылатын айлабұйымдар - бітеу.

5. Демалу такелажын - жасау.

6. Қабығының трапециясы (алғашқы) - ауыстыру.


4. Аэростатшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аэростат қабығын орташа жөндеу және оның керек-жарақтары. Аэростат такелажының жиынтығына кіретін күрделі бөлшектер мен керек-жарақтарды жасау. Такелаж материалдарын сынау.

Білуге тиіс: аэростаттар мен газгольдерлерді жасау кезінде қолданылатын материалдардың мақсаты, қасиеттері мен ерекшеліктері; аэростаттар мен газгольдерлердің беріктігін сынау жөніндегі нұсқаулық; резиналанған мата мен зығыр арқанның беріктігінің нормалары; сынау кезінде қолданылатын машиналардың, механизмдер мен аспаптар; сынаудан кейін тексеру жүргізу ережесі; ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Аэростаттар - такелаж табанды ауыстыру.

2. Жіп – қара май жағу.

3. Газоанализаторлар – сынау және бақылау.

4. Қабық трапециясының топтары - ауыстыру.

5. ГВ-47 сорғылары - сынау.

6. Байланатын такелаж - жасау.

7. Тор тораптар - байлау.

8. Тіректің тартпа белдіктері - ауыстыру.

9. Тірек трапециясы - ауыстыру.

10. Такелаж - сынау.

11. Қатты арқан - бітіктер.

12. Шлангылар, аппендикстер, белдіктер мен табандар - жасау.


5. Аэростатшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық жүйенің аэростаттарын сынау. Сынақ қорытындысы бойынша қорытынды. Аэростаттар мен газгольдерлерді жөндеу. Аэростат жиынтығына кіретін барлық аспаптарды сынау. Көтеруге дайындау және аэростаттарды дала жағдайында көтеру.

Білуге тиіс: барлық жүйенің аэростаттары мен газгольдерлерді, аэростаттар мен газгольдерлердің жиынтығына кіретін такелаж бен керек-жарақтарды сынаудың техникалық шарттар; бұйымдарды сынауға құжаттаманы ресімдеу ережесі; аэростаттарды көтеруге дайындау және оларды көтеру ережесі; аэростаттардың бивакта толық күйінде болу тәртібі; аэростаттарды көтеру кезінде аэрометеорологиялық жағдайдың ерекшеліктері.

Жұмыс үлгілері

1. Аэростаттар – тұтас жайманы ауыстыру.

2. Газгольдерлер - аппендиксті ауыстыру.

3. Корм конусы – жасау және орнату.

4. Аэростат қабығы – беріктігін сынау.

5. Стабилизаторы - құрастыру.


6. Әскери және арнайы машиналардың жүргізушісі


Жұмыс сипаттамасы. Әскери және арнайы машиналарды (танкілерді, өздігінен жүретін құрылғыларды, бронетранспортерлерді, арттягачтар мен басқа да оның базасында монтаждалған машиналарды) көлікке арту және одан түсіру кезінде, жөндеу үшін цехтарға жіберу үшін, сынауға байланысты емес басқа жағдайларда көшіру үшін басқару. Әскери және арнайы машиналарға техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу. Машина жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жөндеу. Машиналарға жанар-жағар май құю.

Білуге тиіс: машинаның құрылысы, оны пайдалану, техникалық күту және алдын-ала жөндеу ережесі мен нұсқаулығы; жанар-жағар майды жұмсау нормалары; машинаны көлікке арту және тиеу ережесі; әскери және арнайы машиналарды жөндеу жөніндегі слесарь үшін көзделген көлемде слесарлық іс, алайда жүргізушіге берілген разрядтан бір разрядқа төмен.

Жеңіл танкілер мен артжетектерді, бронетранспортерлер мен олардың базасында монтаждалған әскери және арнайы машиналарды басқару кезінде - 4-разряд.

Орташа және ауыр танкілер мен артжетектерді, бронетранспортерлер мен олардың базасында монтаждалған әскери және арнайы машиналарды басқару кезінде - 5-разряд.

Ескерту. әскери және арнайы машиналардың жүргізушісінің автомобиль жүргізушісі куәлігі болуы керек.


7. Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Артжүйенің, зымыран және артиллериялық құрылғылардың, атқыш қару-жарақ пен машинаның техникалық жағдайы мен күрделі емес бөлшектерінің, тораптар мен механизмдерінің ТУ сәйкестігін сыртқы түрін бақылап және қарапайым бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдалан отырып (шаблон, штангенциркуль, щуп, кронциркуль, калибр, лупа, амперметр, вольтметр және т.б.) айқындау. Оларды жарамдылық санаты және жөндеу түрлері бойынша сұрыптау. Ақаулығын анықтау техникалық құжаттамасын ресімдеу. Ақаулығын анықтау кезінде бөлшектерді ішінара бөлшектеу.

Білуге тиіс: ақаулы бөлшектердің, тораптар мен механизмдердің атауы, мақсаты мен құрылысы; ақаулықтардың түрлері мен оларды жою тәсілдері; шектеулер мен қондырмалар, квалитеттер туралы (дәлдік сыныптары) және сәйкессіздік параметрлері туралы негізгі мәліметтер (өңдеу тазалығы сыныптары); бөлшектер мен бұйымдардың ақаулығын анықтаудың техникалық шарттары; тік сызықты және қисық сызықты бетті бояуға, щупке, штихмассаға тексеру әдістері; ақауын анықтауға құжаттаманы ресімдеу ережесі; күрделі емес бөлшектер мен тораптардың сызбалары.

Жұмыс үлгілері

1. Аккумулятор батареялары, аккумулятор жәшіктері – ақауын анықтау.

2. Бонкалар, қапсырма шеге, бронь және қоршау, болт, гайка, шайбалар - ақауын анықтау.

3. 5 - 7 сыныпты дәлдікпен жасалған біліктер мен осьтер - ақауын анықтау.

4. ВКУ-27 айналмалы контактілі құрылғылар – бөлшектердің ақауын анықтау.

5. Гильза ұстағыштар, жапсырмалар, цапфалар, жабушы механизмдер - ақауын анықтау.

6. Шынжыр табан, жетекші дөңгелектер, машинаның тірек және сүйеу катоктары, тығын-айналмалы шынжырлар, экскаватордың жұлдызшалары - ақауын анықтау.

7. Дегазациялық аспаптар, противогаз, теріні қорғау құралдары жиналған күйде және жеке күйінде ақаулығын анықтау.

8. Артқұрылғылардың домкраттары, артиллериялық ЗИП-тер - ақауын анықтау.

9. Картерлер, түптер, шкивтер, КДМ-100, Д-40 және УД типті қозғалтқыштардың газ таратқышының қақпағы - ақауын анықтау.

10. Электр кабельдің, электр сымның ұштары, басұштар, оқшаулауыш, бандаждауыш, КС-31 стартердің кнопкасы, жарықты қосқыш және сөндіргіш, розеткалар, ашалар, сигналдық шам, сақтандырғыштар, штепсель ажырамалары, клеммалар мен клеммалық қысқыштар, тартпа релесі, дыбыс сигналдарының электр арматуралары, фаралар - ақауын анықтау.

11. Қақпақтар, қарапайым рычагтар мен шарнирлер, агрегаттар мен машина тораптарының люктері, бекіту бөлшектері, бұрандалы саңылау - ақауын анықтау.

12. Винтовкалардың, карабиндер мен автоматтардың қалақтары; пистолет-пулеметтердің дүмі; пулеметтің магазині, металл таспасы мен қорабы - ақауын анықтау.

13. Құрастырылған күйдегі 120 мм дейінгі минометтер және 160 мм минометтердің бөлшектері, құрылғылардың бекітуші болттары - ақауын анықтау.

14. Мотоциклдердің рамалары мен арбасы, отырғышы, стеллажы, оқ-дәрі салатын орны, мұнара погондарының сепараторы - ақауын анықтау.

15. Құбырлар, ауа тазалағыштар, басқару жетектерінің тартпалары - ақауын анықтау.


8. Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық жүйелі күрделілігі орташа қару-жарақтың, зымыран және артиллериялық құрылғылардың, атқыш қарулар мен машиналардың бөлшектерінің, тораптары мен агрегаттарының, механизмдерінің; плиталардың, призмалардың, бұрыштар мен струбциналардың, домкраттар мен стенділердің техникалық жай-күйін құрастырмалы кондукторлар мен әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып және қажетті бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен анықтау. Қарапайым оптикалық аспаптардың бөлшектерінің, тораптары мен механизмдерінің ақауын анықтау. Ақаулығы анықталатын бөлшектердің кемшілігі бар бөлшектерін жарамды бөлшектермен ауыстыру. Бөлшектер мен жинақтаушы элементтерді магнит дефектоскоппен және люминесцентті құрылғымен тексеру. Ақаулығы анықталатын бұйымдардың техникалық құжаттамасын ресімдеу.

Білуге тиіс: ақаулығы анықталатын бөлшектердің, тораптардың, агрегаттар мен механизмдердің құрылысы, мақсаты мен жұмыс қағидаты; ақаулығын анықтаудың техникалық шарттары және сынақ жүргізу; ақаулықтардың түрлері және оларды жою тәсілдері; оптикалық аспаптарды есепке алу, сақтау ережесі; орындалатын жұмыс көлемінде физика және электр техника жөніндегі қарапайым мәліметтер; бұйымдардың ақауын анықтауға және сынауға қажетті құжаттаманы ресімдеу тәртібі; күрделігі орташа тораптар мен агрегаттардың схемасы мен сызбасы; магнит және люминесцентті дефектоскоптардың жұмыс қағидаты.

Жұмыс үлгілері

1. АБ-61 мұнарасының агрегаты– бөлшектер мен тораптардың ақаулығын анықтау.

2. Жанар май бактары; құю мойындарының, шолу люктердің, басқару кабиналарының, құлыптардың, есіктер мен қораптардың, арнайы кузовтардың ішкі қаптамасының бөлшектері; крандар, вентильдер, жік ысырмасы, жанармай деңгейін көрсететін қалтқы көрсеткіш; шаң-тозаң тұнбасы бар су бөлгіш, сақтандырғыш-өткізгіш клапандар, цистерналардың толтырылуының шектеулері - ақаулығын анықтау.

3. Теңгергіштер, кривошиптер, штоктер, аспа серіппелері, торсион біліктер, борт фрикционы мен бұрылыстың планетарлық механизмінің барабаны, фрикциондар мен бекіту дискілері - ақаулығын анықтау.

4. Бинокльдер, ВК-3, ВК-4, К-8-Т типті коллиматорлар; ТР перископтар, МК-4 типті шолу құралдары, ПО-1М, ППУ-8-Т, ОП2-50 және МПМ-46 типті шанақтар, дальномердің шідері; тысқап, аспалы сөмке және оптикалық аспаптардың орау қораптары - ақаулығын анықтау.

5.ОСМ, СТУ, БТУ типті бульдозерлер – аспалы жабдықтың ақауын анықтау.

6. Гермосауыт, гидравликалық амортизаторлар, арматураланған шлангылар - ақаулығын анықтау.

7. Тахометрлердің датчиктері, іске қосу магнетоларының бөлшектері, реостаттар, индукциялық катушкалар - ақаулығын анықтау.

8. Мотоциклдердің қозғалтқыштары және берілісті ауыстыру қораптары – бөлшектердің ақаулығын анықтау.

9. Винтовкалардың, карабиндер мен пулеметтердің, пистолет-пулеметтердің, автоматтардың, қол және станокты пулеметтердің бітеулері мен көздеу айлабұйымдары, ЗПУ раккурстық көздеу, түсіру қораптары мен механизмдері; револьверлер, ТТ, Макаров, Стечкин, пистолеттер; СГ, ДШК пулеметтердің станоктары - ақаулығын анықтау.

10. Бітемелер, люлька, оқпанның тұғыры, қарудың тежегіш құрылғысы - ақаулығын анықтау.

11. 8T137, 8T113 және 2ТЗ типті бұйымдар – құрылған күйінде ақаулығын анықтау.

12. Кабель - ақаулығын анықтау.

13. Кулисалар, тісті муфтілер - ақаулығын анықтау.

14. Кранның бұру механизмдері, автогрейдерлердің рамалары, скреперлер - ақаулығын анықтау.

15. 160 мм минометтер, зымыранның такелаждық алмалы-салмалы тораптары, бұру рамасы және әскери машинаның бұру рамасының бекіткіші - ақаулығын анықтау.

16. МБ-208 моторы - сынау.

17. МВ-42 моторы, МПБ-54 моторы, АПА, МТС, ДТ-75 желдеткіштің моторы – бөлшектер мен тораптардың ақаулығын анықтау.

18. Беріліс муфтілері, рамалар, рөлмен басқару, қозғалтқыштың реттеуіштері, іске қосу механизмдері және бронетранспортерлер мен арнайы машиналардың редукторлары - ақаулығын анықтау.

19. Сүйірлер, науа, құю-ағызу магистралінің бітемесі, магистраль құбыр зымыранын бекіту тартпасы - ақаулығын анықтау.

20. Радиаторлар, қыздырғыштар - ақаулығын анықтау.

21. ілмектердің рессорлары, жартылай ось, дөңгелек - ақаулығын анықтау.

22. Көтергіш механизмдер мен машиналардың арқандары - ақаулығын анықтау.

23. Жанар-жағар май сүзгісі, реттегіш корпусы - ақаулығын анықтау.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бтба осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы...
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница