I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі




НазваниеI. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі
страница1/9
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӨСУДІ-ҚАМТАМАСЫЗ-ЕТУДЕГІ-ҚА
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Жоспар


Кіріспе……………………………………………………………………………3


I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі рөлі..................................................................................................6-37

1.1. Қаржының түсінігі және экономикалық маңызы..................................6

1.2. Қаржының функциялары мен экономикадағы рөлі............................18

1.3. Экономикалық өсу факторлары және типтері.....................................29


II. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі қаржының алатын орны..............................................................................................38-60

2.1. Экономикалық өсу: әдістерімен ұлттық экономикалық қырлымы....38

2.2. Қаржының негізі оның экономикалық өсуге әсері..............................45

2.3. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.....51


III. Қазақстан Республикасының экономикалық өсуін жетілдіру жолдары.................................................................................61-72

3.1. Экономикалық өсу қамтамасыз етуде қаржы көздері.........................61

3.2. Қаржы-экономикалық өсуді өркендету кепілі.....................................68


Қорытынды.......................................................................................................73


Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................76


КІРІСПЕ


Қазақстан қазір ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған құрылымдық реформаның жаппай қамтитын бағдарламасын жұзеге асыруда. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жұзеге асырьша бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа процесі, 1991 жылы желтоқсаңда тәуелсіздік жарияланғаннан кейін тіптен ұдеп кетті. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық уақиғалар: 1992 жьшы қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау), 1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституцияда және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясында жекеменшік құқықты мойындау, 1993 жылы сәуірде ұлттық жекешелендіру бағдарламасын жасау, 1993 жылы қарашада ұлттық валютаны енгізу; 1993-1994 ж.ж. дағдарысқа қарсы бағдарламаны жасау; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясатын жұргізу; индикативті жоспарлар жасау, 1997 жылы қазан айында Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын қабылдау. Бұл бағдарлама эконо­миканы жан-жақты күшейтуді және сапалы жаңа межелерге алып шығуға қабілетті экономикалық тасқынды қамтамасыз етуді көздейді. "Егер біз стратегиямызды мұлтіксіз орындап, ынталы еңбек етсек, онда біз орталық азияның нағыз барысы бола аламыз және ұлт тұтастығына, әлеуметтік әділдікке жоне барша халықтың экономикалық жақсы тұрмысына сай тәуелсіз мемлекет ретінде - дамушы ендер үшін үлгіге айналамыз" - делінген Президенттің халыққа Жолдауында.

Осылай дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға иек артып және барлық қарқынды экономикалық процесті "сонан кейін" деп кейінге қалдыра берсек қателік болар еді. Бұл қателікті ұш ел қазірдің өзінде жасап ұлгерді (Сауд Аравиясы, Замбия, Ни­герия), ал табиғи ресурстары болар-болмас, мардымсыз ғана Жапония, Сингапур секілді мемлекеттер әлдеқайда зор экономикалық дамуға кәтеріліп отыр. Осы мысалдардан шығатын даму стратегиясындағы басты нәрсе - әлемдік экономиканың кіндігі біртіндеп Азияға, Оңтұстік-Шығысқа, Азия-Тынық мұхит аймағына ауысатын болады. Сәйтіп Қазақстан Республикасы экономикалық күштер тепетендігінің ортасында, яғни Евразия орталыгында болып шығады.

Еліміздің 2030 жьшға дейінгі мерзімге белгілеген жеті басты багыты: ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік, ішкі саясаттагы тұрақтылық және қоғамды нығайту, инвестицияның жогары деңгейінен және ішкі қаражатпен нарықтық экономика негізінде экономиканы кәтеру, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жақсы тұрмысы энергетикалық ресурстар, инфра құрылым (әсіресе кәлік және байланыс), кәсіпқойлы тиімді ұкімет, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз кұрес. Сонымен, аталған осынау артықшылық тізбесінің өзіақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтык және имандылық тұсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын кұмәнсіз куәлендіре алады. Мұның әзінде табыс шарты болып дұрыс тандалынған стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жұзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды ныгайтудың, Заңның ұстемділігі болуы шарт.

Өз экономикасын қайта құрудағы әте кұрделі мәселелерді шешуге аяқ басқан Қазақстанның бастан кешкен қиыншылықтарын ескермеуге болмайды. Ол: жекеменшік сектордың жоқтығы, әндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымьшдағы монополиялар, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сатып алу және несиелер мен мамандандырылған банкілерді мақсаткерлікпен бәлісуге дейін ескі құрьшымға қоса макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбұр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік рынокпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың рыноктік қатынастарға барабар ойлау жұйесі болмаған.

Қазақстан Республикасының "Қазақстан -2030" даму Стратегиясына орай үкіметтің 2005-2007 ж.ж. арналған іске асырылар бағдарламасы жасалынды. Онда үкіметтің 2005-2007 жылдардағы жұмыс мақсаттары айқындалған, атап айтқанда, экономикалық әсуді экономиканың нақтылы секторы арқылы тұзеуді қамтамасыз ету, бюджет саласын реформалау және жұргізілген белсенді әлеуметтік саясат пен макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау жағдайында еліміздің экономикасына инвестиция тарту.

Қазақстан Республикасы үкіметінің алдағы кезендегі қызметі тәмендегідей басты міндеттерді орындауға бағытталған:

  • ұлттық қауіпсіздікті нығайту;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Стратегиясындағы мақсаттарға жету негізінде ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды нығайту деңгейін ілгерілете беру;

  • экономикалық әсу қарқынын ұдету;

  • әлемдік рынокқа энергия шығарушьшардың біржола схемасын анықтау, жобалау, оның жекелеген участоктерінде құрылысты бастап және аяқтау жұмыстары;

  • халықаралық сауданы дамытуды қамтамасыз ететін транс­порт пен коммуникацияның негізгі нысандарын қайта құру мен салуды аяқтау; мемлекетті басқарудың принципті жаңа жұйесін құру.

I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі рөлі


1.1. Қаржының түсінігі және экономикалық маңызы


Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сезінен шыққан) қоғамда нақты өмір суретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа еңгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Респу­блика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.

Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.

Қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:

- әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді үйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;

- кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүлделерін қорғайтын мемлекетгің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады, өңдірістің жаңа өдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының калыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашьшығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады, егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік катьшастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.

Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік ролімен айшықталады. Қаржының құндық болу стадиясындажұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан - кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.

Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.

Тауар өндірісінің негізі тауар ондірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі бо­лып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында онім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және заттальшған еңбектің өр түрлі шығыңдарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін олшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың олшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.

Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, ойткені оңдірілген онімдер сатьш алу-сатуға жататын тауарлар ретіңце болады: онім оны тұтынудан бүрын айырбастау және болу стадияларынан отеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүлделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, өр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сөйкес айырбасталуы тиіс. Тек өңдірілген еңбек онімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде ондірушілердің ақшалай түсімі (табысы) жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды олшеу құн өлшемі мен жалпыга ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген массасы - қоғамдық өнімнің - натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір суре алмайды.

Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша, бага, қаржы, еңбекащы, кредит жоне басқалары пайдаланылады.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.

"Қаржы" ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтңды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын - ақша агынын бейнелеп корсетеді.

Экономиканың жұмыс істеуінің нарык жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын өлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.

Қаржы -ақша қатынастарының жиынтыгы, олардың ажыратысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, болу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар болігінің ақшалай тұлғалануы больш табылады. Қаржьшың басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.

Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дүрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық болімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, езіндік құнды калькуляциялау және онімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет болшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық өдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің тендігі (олардың құқықтары мен міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тәң өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес озгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді.

Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияландырылған ондірушілердің еңбек шығындары олшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.

Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.

Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.

Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн (ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің шеттетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.

Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мүндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу - сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мүнда баска экономикалық категорияның механизмі - бағажұмыс істейді.

Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында асқан дөрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады. Сонымен қаржы мен қаржы қатынаста-рының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мүнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі - ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне үшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді.

Нәтижесінде онімнің бір белігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сойтіп, жалпы қоғамдық онімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша болініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық онімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын, олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады және олардың экономиканың тиімділігіне,

оның үдемелі дамуына, қоғамдық-өлеуметтік процестерге өсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.

Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді. Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады деуге болады.

Экономикалық зандармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар - бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрде керінеді; оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т.б. жатады.

Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық, заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.

Қатьшастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, "жалпыдан - жекеге" қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады: жалпы қоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық, қатынастар және т.б.)

Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерде қаржымен қатар басқа экономикалық, категорияларда - ақша, табыс (пайда), өзіндік құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек олшемі мен тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.

Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтыгынан ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияга тән өзгеше белгілерді біліп алған жөн. Сонымен бірге, құбылыстың мәнін, өзгешелігін бір ғана белгімен, тіпті ол елеулі болғанның өзінде де сипаттау мүмкін емес. Құндық категориялардың барлығының да толып жатқан ортақ белгілері болады. Сондықтан қайсы бір құндық категориялардың, соның ішінде қаржының да өзгешелігін тек бірнеше сипатты белгілердің жиынтығы ғана кез келген құндық экономикалық категорияның, соның ішінде қаржының да мағынасы мен өзгешеліктерін ашып бере алады.

Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің өр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты - қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса көрсетеді.

Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал, яғни үдемелі құн немесе табыс (пайда) өкелетін құн бола бастайды. Сойтіп, ол ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір белігі ретінде қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.

Қаржы қатынастары езінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық боліктерінде (материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық онім құнын қайта болудің сан алуан процестері жүзеге асады. Бөлу процесі натуралдық-заттай нысанда да - өндіріс құралдары мен тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де, сондай-ақ ақша нысанында да - еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша қорларының қозғалысы арқылы да болып жатады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.

Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен белгіштік сипа­ты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, ойткені бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.

Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.

Ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық одістердің көмегімен жасалады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, ягни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының колемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен байланысты болады.

Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалылық белгісі басқа экономикалық, категориялардың - бағаның, еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан болініп түратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен (салықтар, табыстан (пайдадан) аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т.б.), яғни баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкішаруашылықтық мақсатты оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.

Сойтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз боліп алуға мүмкіндік береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап корсетеді. Басқа бірде - бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі - қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының орісін тежеп отыратьш болса, қаржыға тән қор нысаны, міңдетті сипаты, біржақты тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық си­паты экономикалық категория ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса корсетеді.

Жогарыда айтылғандардың негізіңце қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болады: қаржы - бұл шаруашылық жургізуші субъектілерде жоне мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік жоне басқа қажеттіліктерін қанагаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын жоне ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу жоне қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.

Қаржының жұмыс істеуінің шарты - ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.

Қаржының моні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мүндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады.

Қаржының қажеттігі объективті мән-жайы - тауар-ақша қатынастарының болуынан жоне қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысандарын жасай алады: төлемдердің өр түрлі түрлерін енгізеді немесе күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді және т.б. Шаруашылық жүргізу сферасында үнемі өзгеріп отыратын ұдайыендірістік қажетіліктерді қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттеріне бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымның ақша қорларын қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді.

Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мем­лекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің өлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.

Мемлекет, дөстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары - мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан бойынша) бөлінеді. Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер қанағаттандырылады.

Қаржысыз кеңейтілген негізде өндірістік капиталдардың жеке және қоғамдық толық айналымын қамтамасыз ету, экономиканың салалық және аумақтық құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық

жетістіктерді тезірек енгізуді ынталандыру, басқа қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін емес.

Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді.

Сондықтан өтпелі кезенде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен аймақтарға ерекше көңіл аударылып, оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда үлкен құқық пен дербестік беріліп

отыр. Тек бұл ресурстар орталықтың, аймақтардың шаруашылық жүргізудің төменгі буындарының арасыңца үтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатын қаражаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.

Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі дөрежеде "қоғамдық (немесе олеуметтік) тауарлар" деп аталынатындарды - мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен бірге материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconДиплом жұмысы тақырыбы: «Кәсіпкерлік теориясы: мазмұны, қағидалары және даму шарттары»
Кәсіпкерліктің теоретикалық-экономикалық мәні(кәсіпкерлік – ерекше экономикалық құбылыс)
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Экономикалық жүйе теориясының әдістемелік негіздері. Негізгі экономикалық жүйелер мен оларды дамыту заңдылықтары. Экономикалық жүйені...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconБекітемін
«Экономикалық болжау» курсын оқу экономикалық болжаудын қағидалары, ұйымдастыруы, әдіснамасы, мәні туралы білімдерді студенттерге...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconМемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері
Ың бірінші тарауында кедендік төлемдердің экономикалық мәні, оның жанама салықтар жүйесіндегі ролі және кедендік алымдардың түрлері...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconӘдістемелік нұсқаулық
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар және экономикалық заңдылықтардың...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconИсточник: ис параграф, 23. 04. 2010 11: 55: 16
Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі icon1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconЕлемесов Раушан Елемесұлы
Зерттеу облысы: Экономикалық зерттеу методологиясы, өтпелі кезеңдегі экономиканың мәселелері, халықаралық қаржының казіргі кездегі...
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconI Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
Кіріспе
I. Қаржының экономикалық мәні және экономикалық өсудегі iconЗаңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі
Лік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница