Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница1/6
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.75 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/d0fcb51d-6691-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Алия НЗГ.doc
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

3 деңгейлі СМЖ құжат

ОӘЖ



О42-14-3-02.- 1.12.- 74 -2015

« Шет мемлекеттер салықтары » пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер

№ 1 Баспа



5В050900 «Қаржы» мамандығы үшін

« Шет мемлекеттер салықтары » пәнінің оқу-әдістемелік жинағы


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЛІМЕТТЕР


Семей, 2015


Мазмұны


1.

Дәрістер




2.

Практикалық сабақтар




3.

Өздік жұмыс түрлерінің мазмұны және тізбесі.




4.

Студентерің өздік жұмысы






1 ДӘРІСТЕР – мақсаты болып ұсынылатын пән теориялық сұрақтарын ұстамды нысанда қарастыру табылатын оқу сабағының нысаны.

Тақырып 1. Салық жүйесін құрудың негізгі принциптері.



  1. Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, мазмұны.

  2. Салықтардың пайда болу және даму тарихы.

  3. Салықтық жүйенің мәні. Салық салудың принциптері.


1. Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, мазмұны.

«Шет мемлекеттер салықтары» курсы өзінің мақсаты ретінде нарықтық экономика жағдайларындағы салықтарыдың атқаратын рөлі мен мәнін қарастыруды қояды.

Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, мазмұны салық салу функциялары арқылы анықталады. Салықтардың келесідей негізгі функцияларын қарастыруға болады:

1. Фискалды

2. Таратушы

3. Реттеуші

4. Бақылау

Фискалды фукция- салық салудың негізгі функциясы болып табылады, және осы фукция арқылы мемлекеттік қаржылық ресурстар қалыптасады. Сонымен қатар жалпы мемлекеттік және мақсатты бағдарламаны орындау үшін бюджетте қаржылар шоғырландырылады. Салық салудың қалған функциялары фискалды фукцияға тарайды. Фиск - әскери касса. (лат. Фиско - картина).

Салықтың тараушының фукциясы - тұрғындардың әр түрлі категориялар арасында қоғамдық кірісті қайта таратудан тұрады. Әр түрлі экономистердің тұжырымы бойынша салық салу арқылы жеке әлеуметтік топтардың арасындағы теңсіздікті жою мақсатында олардың кірістері арасындағы қатынасты өзгерту жолымен әлеуметтік теңдікке қол жеткізуге болады. Басқаша сөзбен айтқанда, неғұрлым нашар қорғаусыз азаматтар категориясының пайдасынан тұрғындардың неғұрлым күшті категориясына салық ауыртпашылығын арттыру есебінен қаржыларды беру жүргізіледі.

Реттеуші функциясы- мемлекеттің салық саясатының мақсаттарын шешуге бағыттайды. Салықтық реттеудің ең негізгі мақсаты салықтың түрлері, салық ставкалары, салықтық жеңілдіктер арқылы өндірістің дамуына ықпал ету. Осы функцияны талдау кезінде салық салуды ынталандырушы, ынталандырмаушы және ұдайы өндірістік ішкі функцияға бөлу қажеттілігі туындайды.

Ынталандырушы ішкі функция қандай да бір экономикалық процесті қолдауға бағытталған. Ол жеңілдіктер мен босатулар жүйесі арқылы іске асырылады.

Ынталандырмаушы ішкі функция керісінше, салықтық ауыртпашылығы арқылы қандай бір экономикалық процестің дамуына кедергі жасауға бағытталған. Бұл ішкі функция салықтардың жоғарғы ставкасы арқылы айқындалады.

ұдайы өндірістік ішкі функция- пайдаланған ресурстарды қалпына келтіруге қаржыларды шоғырландыру үшін арналған.

Салық салудың бақылау функциясы арқылы мемлекет, ұйымдар және азаматтардың қаржы шаруашылық қызметіне сонымен қатар кіріс пен шығыстардың көздеріне бақылау іске асырылады. Бақылау функциясының көмегімен салық жүйесінің тиімділігі бағаланады.


2. Салықтардың пайда болу және даму тарихы.

Салық салу экономикалық мәдениеттің элементі ретінде шаруашылық жүргізудің нарықтық және нарықтық емес типтерінің барлық мемлекеттік жүйесіне тән. Салық салудың даму тарихын 3 кезеңге бөлуге болады.

1. Ежелгі және орта ғасырдағы шаруашылық жүргізудің жүйелерінен тұратын салық салу дамуының алғашқы кезеңі. Бұл кезең нашар дамығандықтан және кездейсоқтықпен ерекшеленеді. Осы этапта салықтар және оларды алу механизмі дамыды. Алғашқы кезеңде салықтар жүйесіз төлемдер ретінде натуралды формада болды. Товарлы-ақшалай қатынастардың дамуы мен нығайуымен байланысты салықтар тек ақшалай формаға көше бастады.

2 кезеңі - 17 ғасырдың алғы мен 18 ғасырдың басында басталуында салықтар бюджеттік құрылымның кіріс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып табылды. Осы кезеңде тура және жанама салықтардан тұратын алғашқы салық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттегі салық салудың дамуымен бірге салық салудың ғылыми теориялары қалыптаса бастады.

3 кезеңі - 19 ғасырда басталды. Бұл кезең салықтар санының азаюымен және оларды тағайындау алу кезіндегі құқықтық ерекшелікке сипатталады.

Сонымен, салықтар дегеніміз - мемлекетпен заңды түрде азаматтардан және шаруашылық жүргізу субъектілерден алынатын міндетті алымдар мен төлемдер.


3.Салықтық жүйенің мәні. Салық салудың принциптері.

Салықтық жүйе - салық төлеушілер мен мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету мақсатында бір-бірімен байланыста болатын салықтардан құралған жүйе. Бұл жүйенің құрамы келесілерден тұрады:

1. Салықтық қатынастарды реттейтін заңды және нормативтік база .

2. Салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді алу әдістері, олардың түрлілігі. Салық салу принциптері немесе салық элементтері.

3. Салықтар және басқа да міндетті төлмдерді алумен айналысатын ұйымдар.

Экономикасы дамыған елдерде салық жүйесін құрудың келесідей принциптері қызмет етеді.

1. Салық жүйесінің тұтастылығы.

- салық заңдылығы негізінде мемлекет тарапынан салықтарды басқаруды орталықтандыруды қамтамасыз етеді.

2. Салық жүйесінің икемділігі - жыл сайын қабылданатын бюджет заңдылығын қабылданатын бюджет заңдылығына сәйкес экономиканың және саяси коньюктураның өзгерісін есепке ала отырып, салықтық саясатты жүзеге асырады және жыл сайын салық ставкасын нақтылайды.

3. Салық жүйесінің әлеуметтік бағытталуы, экономиканың салаларының қаржылық жағдайда инфляция немесе жұмыссыздық деңгейі, елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын ынталандыру арқылы іске асырылады.

Салықтарыды басқару мемлекеттің жалпы қаржылық саясатын жүргізумен , қаржылық жоспарлаумен , қаржылық ресурстарды үйлестірумен , экономикалық және әлеуметтік саясат мүддесіне қарай салықтарыды қолданумен , қаржылық заңдылықты құрастырумен байланысты.

Салық салу принциптері дегеніміз - бұл салық сферасында қызмет ететін базалық идеялар мен ережелер.Салықтық қатынастардың әр-бір сферасынан өзінің принциптер жүйесі сәйкес келетін келесідегі 3 жүйені шартты болып алуға болады.

1. Экономикалық (А.Смит)

2. Заңдылық

3.ұйымдастырушылық

Салық салудың келесідей экономикалық принциптері қызмет етеді.

1. Әділеттілік

2. Сәйкестік

3. Салық төлеушілердің мүмкіндіктері мен мүдделерін максималды есептеу принципі.

  1. үнемділік принципі.

Әділеттілік принципіне сәйкес мемлекеттің әрбір азаматы өзінің табыстары мен мүмкіндігіне қарай мемлекетік шығындарды қаржыландыруға қатысуға міндетті.

Сәйкестік принципі - бюджеттің толықтырылуы мен салық салудың салық төлеушілер үшін жағымсыз салдарының қатынасына негізделген. Берілген принципті салық төлеуші және мемлекеттік қазына мүдделерінің экономикалық баланстану принципі ретінде қарастыруға болады. Осы принципке сәйкес экономикалық категория ретіндегі салық салудың өзінің анытталатын шектері болды. Салықтық шек - бюджеттік жүйе арқылы қайта таратылатын Жұ¤-ң салық төлеушілер және мемлекеттік қазына үшін тиімді үлесіне қол жеткізлетін салық салудың шартты нүктесі.

Салық төлеушілердің мүмкіндіктері мен мүдделерін есептеу принциптері салық салудың ыңғайлылығымен және анықтылығымен сипатталады. Салық төлеушілерде салық заңдылығында болған өзгерістер мен ақпараттардың болуы сонымен қатар, салықтарды есептеу мен төлеу қарапайымдылығы осы принципке сай.

үнемділік принципіне сәйкес салықты салу бойынша шығындар салықтық түсімдерден төмен болуы керек.

Салық салудың келесідей заңдылық принциптері қызмет етеді:

1. Біркелкі салық ауыртпашылығы принципі

2. Салықты заңмен бекіту принципі.

3. Салық заңдылығының басымдылық принципі

4. Салық заңында салық элементтерінің бар болу принципі.

5. Мемлекет және басқару субъектілерінің мүдделерінің үйлесуі.

Салық жүйесінің ұйымдастырушылық принципі - бұл салық жүйесінің құрылымына негізделген және олардың құрылымдық элементінің өзара байланысын іске асыратын ережелер.

Қазақстан Республикасының салық заңдары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің біртұтастығы және салық заңдылығының жариялылығы принціпіне негіздейді. (2002ж)

1. Салық салудың міндеттілігі принципі - салық төлеуші салық заңына сәйкес салық міндеттемесін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

2. Салық салудың айқындығы принципі - салық төлеушінің салық міндеттемесі туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдылығында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.Сонымен қатар, Республикадағы салықтар мен басқа да міндетті төлемдер айқын болуы тиіс.

3. Салық салудың әділдігі принципі - Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салықтық жеңілдіктерді беруге тиым салынады.

4. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі - Қазақстан Республикасының салықтық жүйесі Ресупбликаның бүкіл аумағында барлық салықтық төлеушілер үшін біртұтас болып табылады.

5. Салық заңдылығының жариялылық принципі -салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануы тиіс.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Салықтардың экономикалық мазмұны.

  2. Әлемде салықтардың пайда болуының объективті қажеттілігі.

  3. Салықтардың қызмет ету себептері.

  4. Салықтардың пайда болуы мен дамуындағы мемлекеттің ролі.

  5. Салықтық реттеудің негізгі мақсаты.

  6. Салықтардың негізгі принціптері.

  7. Салықтарыдың әлеуметтік – экономикалықұ процесстерді басқарудағы ролі.

  8. Мемлекеттің қаржылық саясатының мазмұны мен мағынасы


Әдебиеттер:

  1. Болдырев Б.Г. Финансы капитализма – М:, «Финансы и статистика» 1990 г. 5 Гусейнов Р.М.

  2. Горбачев Ю.В., Рябцева В.М. История экономических учений – М., 000 «Издательский дом ИНФРА-М» 2000 г.

3. Дернберг Р.Л Международное налогообложение. Краткий курс. М.: ЮНИТИ, 1997...

4. Ильясов К.К., Мельников В.Д. Финансы. Учебник для экономических специальное гей вузов. Алматы, 2001 г.

5. Налоги и налогообложение. - Учебное пособие под редакцией Русаковой И.Г.. Кашина В.А.- М., «Финансы», ЮНИТИ, 1999 г.

6 Мировая экономика. Экономика зарубежных стран: Учебник/ Под ред. д.э.н., профессор В.П. Колесова и д.э.н., профессор М.Н. Осьмовой. –М.: Флинта: Московский психолого-социальный институт, 2000 – 480с.

7. Налоговые системы зарубежных стран: Учебник для вузов/ Под ред. проф. В.Г.Князева, проф. Д.Г. Черника. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Закон и право, ЮНИТИ, 1997. – 191 с.


Тақырып 2. Салық қызметін ұйымдастыру және салықтың толық және уақт ылы төленуіне бақылау.

    1. Дамыған мемлекеттер салық жүйесінің қызмет етуінің құқықтық аспектілері. Мемлекеттің атқарушы органдары жүйесіндегі орны мен ролі.

    2. Салықты алудың негізгі әдістері. Салықты төлеуде және салықтық тәртіп бұзушылықты іздестірудегі салықтық бақылау.


1. Дамыған мемлекеттер салық жүйесінің қызмет етуінің құқықтық аспектілері. Мемлекеттің атқарушы органдары жүйесіндегі орны мен ролі.

Салық қызметі органдары мемлекеттік қаржы министрлігінің орталық аппаратынан және салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақ аралық салық комитеттері, облыстар, салық комитеттері (департаменттері), және аудандар мен қаладағы салық комиттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтың территориясында салық комитеті құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғарғы тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Салық қызметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытында аударылуын қамтамасыз ету жөнінде сонымен қатар салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары орталық және жергілікті мемлекеттік органдарымен өзара іс-әрекет жасайды бірлесіп бақылау шараларын қолданады және өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар салық заңдылығының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық қызметі органдарына жәрдемдесуге міндетті. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады.


2.Салықты алудың негізгі әдістері. Салықты төлеуде және салықтық тәртіп бұзушылықты іздестірудегі салықтық бақылау.

Салықтық бақылау - қаржылық бақылау және салықтық мехнизмнің элементтерінің бірі. Салықтық бақылау қызметі салық салудың барлық жүйесін қамтиды. Сонымен қатар жеке салықтар салықтық топтар және салық төлеушілер, территориялар шегінде іске асырылады.

Салықтық бақылау - салық заңдылығының орындалуына жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытында орындауына сонмен қатар салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі уақытында және толық бюджетке түсуіне, Қазақстан Республикасы заңдылығын бұзуды болдырмауға салық қызметі органының бақылауы. Салықтық бақылаудың негізгі мақсаты - салықтан жалтаруды болдырмау, және мемлекеттің кіріс көзін түсімдермен қамтамасыз ету.

Салықтық тексеру - бұл Қазақстан Республикасының салық заңдылығының орындалуына салық органдарымен жүзеге асырылатын салық бақылаудың бір формасы.

Салық тексеруге қатысушылар болып нұсқамада көрсетілген салық органдарының лауазымды тұлғалары, салық тексеруге қатысушы өзгеде адамдар және салық төлеушілер табылады. Салықтық тексеру тек салық органдарымен жүзеге асырылады. Арнайы білімді талап ететін мәселелерді зерттеу үшін қажет болған жағдайда салық органдары тексеруге салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес мамандарды шақырта алады. Салықтық тексерудің келесідей түрлері бар:

1. Құжаттық тексеру;

2. Рейдттік тексеру;

3. Хронометраждық зерттеу.

Құжаттық тексеру өз кезегінде келесідей бөлінеді:

1. Кешенді тексеру - салықтар және міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуын тексеру.

2. Тақырыптық тексеру - салық міндеттемесінің салқтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын:

- міндетті зейнетақы жарнамасын толық және уақытында ұстап қалуды немесе есептеуді;

- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндеттемелерін орындауын;

- акцизделетін товарлардың жекелеген түрлерінің өңдіруімен айналымын мемлекет реттеу мәселелері бойынша тексеру;

3. Қарсы тексеру - салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық органдарында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізілген операцияның салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттілігі туындаған жағдайда 3-ші бір тұлғаларға қатыты жүргізілетін тексеру.

Рейдттік тексеруді салық қызметі органдары жекелеген салық төлеушілерге қатысты және келесідей талаптарды сақтауға байланысты жүргізіледі.

1. Салық төлеушілердің салық органдарда тіркеу есебіне қоюылуы;

2. Фискалдық жады бар бақылау касса машиналарын қолдану дұрыстығы;

3. Лицензияларының бір жолғы талонның және өзгеде рұқсат ету құжаттарының болуы;

4. Акцизделетін товарлардың жекелеген түрлерін немесе қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін, оларды өңдіру сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері бойынша жүргізіледі.

Хронометраждық зерттеу - салық қызметі органдарымен салық төлеушілердің нақты кірісін немесе кіріс алуға байланысты шығындарды анықтау мақсаттында жүргізіледі.

Хронометраждық зерттеуге негізінен шағын бизнес субъектілеріне арналған арналған салық режимін қолданатындар жатады. Зерттеуді өткізу мерзімі 7 күннен кем емес болуы қажет. Хронометраждық зерттеу сұрақтары салық органдарымен жеке анықталады және міндетті түрде зерттеуде келесілер қарастырылады:

- Салық салу объектісі;

- кассадағы нақты ақша немесе қажетті жағдайда товарлы материалды құндылықтардың нақты қалдығы;

- фикалдық жады бар бақылау касса машиналарына фискалдық есепті алу;

- тексерілетін кезеңдегі нақты табысты немесе шығындарды бекіту;

- бухгалтерлік есеп мәліміттерін сәйкестендіру.

Хронометраждық зерттеуден кейін хронометраждық бақылау картасы немесе күнделікті жиынтық кесте, негізінде салық салудың әрбір объектілері бойынша салық төлеушілердің жұмсалған шығындарын есепке ала отырып тексерілетін кезеңге орта мәліметтер шығарылады. Алынған орта мәліметтер негізінде салықтық тексеруге дейін салық төлеушінің мәлімдеген сомасының дұрыстығы тексеріледі.

Салықтық тексеруді жүргізу салық төлеушінің қызметі тоқтатпау тиіс.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Шет ел салық қызметі органдарының ерекшеліктері.

  2. Шет ел салық қызметі органдарымен салықтық бақылау жүргізуі.

  3. ҚР-ның салық жүйесі, шетелдермен салыстырмалы талдау.

  4. Салықтық реттеу жүйесі салықтық механизм эленменті ретінде.

  5. Салықтық бақылау әдістері және формалары, оның тиімділігін бағалау Салық салудың экономикалық принціптері.

  6. Салық салудың заңдылық принціптері.



Әдебиеттер:

  1. Болдырев Б.Г. Финансы капитализма – М:, «Финансы и статистика» 1990 г. 5 Гусейнов Р.М.

  2. Горбачев Ю.В., Рябцева В.М. История экономических учений – М., 000 «Издательский дом ИНФРА-М» 2000 г.

  3. Дернберг Р.Л Международное налогообложение. Краткий курс. М.: ЮНИТИ, 1997...

  4. Ильясов К.К., Мельников В.Д. Финансы. Учебник для экономических специальное гей вузов. Алматы, 2001 г.

  5. Налоги и налогообложение. - Учебное пособие под редакцией Русаковой И.Г.. Кашина В.А.- М., «Финансы», ЮНИТИ, 1999 г.

  6. 6 Мировая экономика. Экономика зарубежных стран: Учебник/ Под ред. д.э.н., профессор В.П. Колесова и д.э.н., профессор М.Н. Осьмовой. –М.: Флинта: Московский психолого-социальный институт, 2000 – 480с.

  7. Налоговые системы зарубежных стран: Учебник для вузов/ Под ред. проф. В.Г.Князева, проф. Д.Г. Черника. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Закон и право, ЮНИТИ, 1997. – 191 с.

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница