Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі
страница4/5
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-Кәсіпорынның-инвестициялық-тартымдылығын
1   2   3   4   5



3 ӨнеркӘсіптік кӘсіпорындардың Инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану.

Қазақстан Республикасында экономикалық және саяси тәуелсiздiгiн алғаннан берi он бес жыл iшiнде инвестициялық ахуал көптеген өзгерiстерге ұшырады.

1991-1996 жылдарды республика экономикасының нарықтық қатынасқа көшу ретiнде қарастыруға болады. Бұл жылдары мемлекеттiң және шаруашылық субъектiледірдiң инвестициялық iс-әрекетке деген қызығушылығының төмендеу тенденциясын байқауға болады.

Сол жылдары республикамыздағы инвестициялық iс-әрекеттер негiзгi екi фактордың әсерiне ұшырады. Олар: қатаң бюджеттiк шектеулер, яғни мемлекет тарапынан инвестицияға деген сұраныстың төмен болуы және қолайсыз инфляциялық ахуал. Осы уақыт iшiнде күрделi салымдар көлемi 72,3% қысқарды. Бұл жғадай экономиканың құрылымдық қайта құру факторларының әлсiреуiне алып келедi.

Инвестициялық белсендiлiктiң төмендеуiне инфляция деңгейiнiң қарқынды өсуi, ауыр қаржылық жағдаймен қатар өнеркәсiптiң тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз етуге қиындықтар да қатты әсер етедi.

1997 жылдан бастап Қазақстан. Республикасында инвестициялық iс-әрекеттер жанданып, экономиканың нақты скторларында инвестициялардың өсу тенденциясы орын алды. Бұл кезеңде өндiрiстiң экономикалық өсуi және шаруашылық субъектiлердiң негiзгi қорларды жаңғырту, қайта және техникалық қайта жабдықтандыруға қажеттi ақшалай қаражаттар жинағының өсуi байқалады.

1997-2004 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасындағы инвестициялау динамикасы, экономикалық өзгерiстер тенденциясы жөнiндегi мәлiметтердi кестеден көруге болады.

9 кесте - Қазақстан Республикасындағы инвестициялау динамикасы



Көрсеткiштер

Жылдар

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

Жалпы iшкi өнiм, %

87,4

91,8

100,5

101,7

103,1

106,7

109,8

113,1

Өнеркәсiптiк өндiрiс көлемi, %

71,9

96,8

101,3

104,0

105,6

107,2

115,0

114,0

Негiзгi капи­талға инвести­циялар көлемi ,%

85,0

63,0

61,0

112,0

142,0

108,0

129,0

144,3

Деректер көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері негізінде есептелген.


Бұл кестеден келтiрiлген көрсеткiштердiң өзара байланыстылығын көруге болады.

Егер, жалпы iшкi өнiм көлемi 1997 жылдан 1999 жылға дейiн төмендеу келсе, 1999-1998 жылдары жалпы iшкi өнiмнiң тұрақтануы, 2002-2004 жылдары оның өсiмiмен алмасты (106,7 және 113,1%). Осы кезеңде өнеркәсiптiк өнiм өндiрiсiнiң көлемi бойынша дәл өзгерiстердi көруге болады.

1999-2000 жылдардағы өнеркәсiптiк өндрiсi көлемiнiң өсуi (100,5 және 101,7%), ол содан кейiнгi. 1998 жылдағы өндiрiс көлемiнiң төмендеуi (Қазақстан халық шаруышалығының Ресейдегi қаржылық және экономикалық көрiнiстерге тәуелдiлiгi әсерiнен), 2002 және 2003 жылдардағы өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнiң қарқынды өсуiмен ауысты (107,2 және 115%).

Экономикалық көрсеткiштер сияқты, негiзгi капиталға инвестициялардың көлемi өзгеру динамикасының сипаты ұлттық экономикадағы дағдарыстық көрiнiстерге сәйкес болды. Сондықтан да, алдыңғы жылдармен салыстырғанда инвестициялау қарқынының төмендеуi, 1999 жылы қомақты өсумен ауысты, ал 2000-2004 жылдар кезеңiнде бұл қарқын айтарлықтай жоғарылады.

Соңғы жылдары қаржылық емес активтерге бағытталған инвестициялар көлемiнiң өсуi де едәуiр. 2002 жылы кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржылық емес активтерiне 753 млрд. теңге (2000 жылы – 439 млрд. теңге, 2001 жылы – 512 млрд. теңге) бағытталды. Ал 2003 жылы 1196 млрд.теңге қаржылық емес активтерге бағытталды.

Қаржылық емесе активтерге инвестицияларға мыналар жатады: негiзгi капиталға инвестициялар, материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға инвестициялар (өндiрiстiк қорлар, аяқталмаған өндiрiс, дайын өнiм, қайта сатуға арналған туарлар), құндылықтарға, өндiрiстiк емес материалдық активтер алуға (жер учаскелерi, басқа да табиғатты пайдалану объектiлерi) және өндiрiлмеген материалдық емес активтер алуға (патенттер, лицензиялар, жер учаскелерiн пайдалну құқықтары, авторлық құқықтар, ұйымдастырушылық шығындар, саула маркалары, тауар белгiлерi және т.б.)

Жылдан-жылға инвестициялардың жалпы көлемiнде негiзгi капиталға инвестициялардың үлесi артып отырғанын анық көруге болады (1999 жылы – 60,2% болса, 2003 жылы – 99,7% болады). Оның есесiне материалдық айналым құралдары қорларын толықтыруға және басқа да қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялардың үлесi кемiп келедi (1999 жылы – 39,2% болса, 2003 жылы – 0,3% болады).

Инвестициялық басылымдықтардың өзгеруi аймақтар дамуындағы өзгерiстерге алып келедi. Негiзгi капиталға инвестициялардың көлемiнiң таралуына талдау жасасақ, отандық және шетелдiк инвесторлардың республикамыздың батыс аймақтарында орналасқан кен өндiру саласының кәсiпорындарына қызығушылық қызметтiң белсендiлiгiнiң артқандығын көруге болады. Республика бойынша негiзгi капиталға бағытталған инвестициялардың жалпы көлемiнiң 2002 жылы 26,3% Атырау облысында, 20% - Батыс Қазақстан облысында, игерiлген қаражаттың қомақты бөлiгi Астана (8,1%) және Алматы (11,5%) қалаларын дамытуға бағытталған.

2003 жылы инвестиция көлемiнiң өскенi республиканың 13 өңiрiнде байқалды. Инвестициялық қызметтiң ең қолайлы жағдайы Жамбыл (1,8 есеге), Қызылорда, Алматы, Солтүстiк Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстаныда (1,6-1,3 есеге), Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында (3,2%) және Оңтүстiк Қазақстан облысында (4,5%) байқалады.

Павлодар, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында өткен жылдармен салыстырғанда инвестиция көлемi төмендедi.

Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияларды қаржылан­ды­рудың негiзгi көзi кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiктi қаржы­лары болып табылады. 2002 жылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң меншiктi қаржылары 67%, ал шетелдiк инвестициялар 25% болды. Бюджеттiк қаржылар барлық инвес­тиция көлемiнiң 8 пайысы құрады.

Негiзгi капиталға инвестициялардың меншiк нысандары бойынша құрылымы 10 кестеде келтiрiлген.


10 кесте - Инвестициялардың меншiк нысандары бойынша құрылымы.


Көсеткіштер

2004 ж. млн. теңге

Инвестициялардың жалпы көлемiндегi үлесi, %-бен

2004 ж.

2003 ж.

Кәсiпорындар мен ұйымдар бойынша барлығы

1193113

100,0

100,0

Соның iшiнде:

Мемлекеттiк

134944

11,3

14,5

Жеке

754336

63,2

84,3

Басқа мемлекеттер, олардың заңды ұйымдары мен азаматтары мен халықаралық ұйымдар

303833

25,5

31,2


Деректер көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері негізінде есептелген

Негiзгi капиталға инвестициялардың негiзгi көлемiн жеке меншiк нысандағы кәсiпорындар мен ұйымдар (63%), сондай-ақ басқа мемлекеттердiң Қазақстан аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер (26%) игерген.

Мемлекеттiк сектордың үлесi өткен жылмен салыстырғанда 3 пайыздық пунктке азайып, 11% құрады.

2004 жылы 1193 млрд. тенге негiзгi капиталға инвестициялардан өнеркәсiптiң дамуына 812,5 млрд.теңге (68%) бағытталды. Басымдық салалар – мұнай өндiру және табиғи газ (53%), көлiк және байланыс (11%), өңдеу өнеркәсiбi (8%) және жылжымайтын мүлiкпен операциялар (6%).

1996-2004 жылдар аралығында күрделi құрылысқа бағытталған инвестицияларға талдау жасасақ, 1996-1998 жылдары бұл көрсеткiш бойынша төмендеу тенденциясы орын алды. Бiрақ 1999 жылдан бастап, инвестициялық сферада белсендiлiктiң төмендеуi тоқтатылып, инвестициялық iс-әрекеттiң өсуi байқалады. 2000-2004 жылдар аралығында күрделi құрылысқа бағытталған инвестиция­лардың көлемi 2,4 есе жоғарылады .

Күрделi құрылысқа бағытталған инвестициялар 2002 жылы 414,2 млр. теңгеден астам соманы құрап, 2001 жылғы деңгеймен салыстырғанда 38,2%-ға жоғарылады. Ал 2004 жылы бұл көрсеткiш 605 млрд.теңгенi құрады. Бұл 2003 жылмен салыстырғанда 46% артты .

11 кесте - Қазақстан Республикасындағы инвестициялық құрылыс iс-әрекет көрсеткiштерiнiң өзгерiс динамикасы.

(нақты құны бойынша, млн.теңге)

Көрсеткiштер

2001 ж.

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

Негiзгi қорларды iске қо­су

133616

163620

331264

385356

Күрделi құрылысты ин­вес­тициялау

214493

275698

414238

604915


Деректер көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері негізінде есептелген

Негiзгi капиталға бағытталған инвестициялар көлемiнiң өсуi негiзгi қорларды iске қосу көлемiнiң өсуiне алып келедi. Республикада iске қосылған негiзгi қорлардың жалпы құндық көлемi 2003 жылы 331,3 млрд.теңгенi немесе жалпы капиталды салымдар көлемiнiң 79,9% құрады (2002 жылы бұл көрсеткiш 59,3% құраған). Ал 2004 жылы iске қосылған негiзгi қорлардың жалпы құндық көлемi 385,4 млрд. теңгенi құрап отыр. Инвестициялар негiзiнен салынған қаржылардың қайтарымы мол, пайдасы жоғары өндiрiс объектiлерiне бағытталады.

Сондықтан Қазақстан Республикасында iске қосылған инвестициялау объектiлерi мыналар болды: 49 мұнай скважиналары; 450 мың тонна құрамында алтын бар руданы өңдеу комплексi; 24 мегаваттық турбиналы электростанция; жалпы ұзындығы 1356 км. құрайтын магистралды газөткiзгiштер; аэропорт.

Күрделi құрылысқа бағытталған инвестиция көлемiнiң өсуi экономика алалары бойынша таралу динамикасының өзгерiске ұшырағанын байқауға болады .

12 кесте - Экономика салалары бойынша күрделi құрылысты инвестициялау.




2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

млн.тг

%

млн.тг

%

млн.тг

%

Экономика салалары бойынша барлығы:

214493

100,0

275698

100,0

414238

100,0

Соның iшiнде:



















Өнеркәсiп

135460

63,2

190719

69,2

299438

72,3

Ауыл шаруашылығы

911

0,4

1414

0,5

5695

1,3

Орман шаруашылығы

11

0,0

25

0,0

179

0,0

Көлiк және байланыс

23834

11,1

21765

7,9

44031

9,8

Құрылыс

1660

0,7

1781

0,6

6760

1,6

Сауда және қоғамдық тамақтану, материалды техникалық жабдықтау және өткiзу

5460

2,5

6135

2,2

10621

2,5

Тұрғын үй құрылысы

19127

8,9

13771

5,0

22435

5,4

Басқалар

22984

13,2

40088

14,6

28484

7,1

Деректер көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері негізінде есептелген

2004 жылы күрделi құрылысқа бағытталған инвестициялардың жалпы көлемiнiң 72,3% немесе 299,4 млрд.теңге өнеркәсiп саласына бағытталды (2002 жылы 135,5 млрд.теңге, ал 2003 жылы 190,7 млрд.теңге бағытталды). Күрделi құрылысқа бағытталған инвести­циялардың жалпы көлемiндегi өнеркәсiптiң үлес салмағының жоғарылауы қуантарлық жағдай. Себебi экономика салаларына қарағанда, осы өнеркәсiп саласы экономикалық кризис кезiнде капиталды салымдардың жеткiлiксiздiгiнен көп зардап шектi. Ауыл шаруашылық саласына 2004 жылы 5,7 млрд.теңге жұмсалды. Бұл 2003 жыл деңгейiнен 3 еседей артық. Ал жалпы күрделi құрылысқа бағытталған инвестициялар құрылымында ауыл шаруашылығының үлесi 2004 жылы 1,3% құрады (2003 жылы - 0,5% құрады). 1996 жылы бұл көрсеткiштiң 3,4% құрағанын ескерсек, елiмiздiң азық-түлiк базасы құрайтын саладағы өндiрiстiң дамуы әлi де кенже қалыптастырылғанын байқауға болады.

Көлiк пен байланыс саласына 2004 жылы 440,3 млрд.теңге немесе жалпы инвестиция көлемiнiң 9,8% құрады, ал 2002 жылы 11,1% құрағалнын ескерсек, бұл салаға көп көңiл бөлу керек екенiн көруге болады.

Металлургиялық, химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсiп, машина жасау сияқты сратегиялық маңызы бар салаларды қарастыратын болса, бұл салалар кәсiпорындарында қаражаттар негiзiнен техникалық қайта құру және жарақаттандыруға бағытталған.

Өнеркәсiптiк салалық құрылымындағы жағдайды қарастыратын болсақ, өнеркәсiп iшiндегi инвестициялардың таралуы, оның құрылымын жасқсартуға бағытталмағанын, Қазақстанның шикiзат базасы статусын күшейтуге бағытталғанын көруге болады. Қазақстанның қазіргі жағдайында инвестициялық тартымдылықты тартудың бір жолы ретінде біздің ойымызша өнеркәсіптік кәсіпорының тікелей, нақты инвестициялардың тартымдылығын арттыру жолын қарастырғанда бірінші, өнеркәсіптік кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін инвесторлар бірінші орынға қоятыны анық. Соған байланысты «Атамекен АҚ-ны есептік саясатына байланысты көптеген іс-шаралар қарастыруда.

13 кесте - Күрделi құрылысқа бағытталған инвестициялардың өнеркәсiп салалары бойынша таралуы.


Көрсеткіштер

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

млн.тг

%

млн.тг

%

млн.тг

%

Өнеркәсiп - барлығы:

135460

100,0

190719

100,0

299438

100,0

Соның iшiнде:

Кен өндiру өнеркәсiбi

89328

66,0

150814

79,0

252527

84,3

Өңдеу өнеркәсiбi

33326

24,6

29317

15,4

31361

10,5

Электроэнергетика

12806

9,4

10588

5,6

15550

5,2

Деректер көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері негізінде есептелген

Өнеркәсiптiң салалық құрылымындағы жағдайды қарас­тыра­тын болсақ, өнеркәсiп iшiндегi инвестициялардың таралуы, оның құрылымын жақсартуға бағытталғанын көруге болады.

13 кесте көрсетiлген салалардағы капиталды салымдардың құрылымдық өзгерiстерi мен динамикасын талдасақ, кен өндiру өнеркәсiбiне тартылған инвестициялар көлемiнiң аса қарқынды өсуiн байқаймыз. Бұл өзгерiс осы салаға тартылған инвестиция көлемiнiң 2004 жылы жалпы өнеркәсiптегi үлесi 84,3 % дейiн өсiп, 252527 млн. теңгенi құрауына алып келдi (2002 жылы 66,0 құраған едi).

Шикiзат өндiрудi инвестициялау, өнеркәсiптiң өңдеу секторы мен электро және жылу энергиясын өндiру саласын айқын қаржыландырудың төмендеуiне алып келедi. Дайын өнiм мен аралық өнiмнiң көзi болып табылатын өңдеу өнеркәсiбiне тартылған инвестиция көлемi 2002 жылғы 24,6 %-дан 2004 жылы 10,5%-ға дейiн төмендеп кеттi. Кен өндiру өнеркәсiбiнде инвестициялардың негiзгi бөлiгi мұнай мен газ өндiру секторына тиесiлi.

Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк инвес­ти­ция­ларды тарту және оларды тиiмдi пайдалану Қазақстанның шет елдермен өзара тиiмдi экономикалық қарым-қатынастардың негiзгi бағыттарының бiрi болып табылады.

Шетелдiк инвестицияларды тарту Қазақстан экономикасының өндiрiстiк құрылымын жақсартуға, жаңа жоғары технологиялы өндiрiстi құруға, көптеген кәсiпорындарды технологиялық қайта жабдықтандыруға, iшкi нарықты отандық сапалы таруалармен толтыруға, республиканың бiлiктi мамандар әлеуетiн тиiмдi пайдалануға, сонымен бiрге шетелдiк елдерге экспорт көлемiн ұлғайтуға жағдайлар тудырады.

Қазақстан үкiметi шетелдiк инвесторлар үшiн қолайлы әлеуеттiк, қаржы-экономикалық, құқықтық режим, олардың мүдделерiне жауап беретiндей инвестициялық ахуал қалыптастыра отырып, өзiнiң алға қойған мақсаттарына жеу үшiн проблемаларын шешуге тырысуда. Осыған орай 1994 жылдың 27 желтоқсанда “Шетелдiк инвесторлар туралы” Қазақстан Республикасының Заңы ендiрiлдi.

1997 жылдың ақпан айында “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Заң қаблданады. Бұл Заңдарда Қазақстан Республикасында шетелдiк инвестициялар тартудың құқықтық режимi, шетелдiк инвесторларға берiлетiн жеңiлдiктер тiзiмi, тәртiбi анықталды. Шетелдiк инвестицияларды Қазақстанға тарту мақсатында тағы бiрқатар инвестициялық iс-әрекеттердi рет­теп отыратын инвестициялар жөнiндегi Қазақстан Республика­сы­ның Мемлекеттiк комитетi құрылды (қазiргi Қазақстан Республика­сы Сыртқы iстер Министрлiгiнiң инвестициялар жөнiндегi Коми­тетi).

Бұл iс-шара Қазақстанның iрi өнеркәсiптiк дамыған елдермен тығыз iскерлiк экономикалық қарым-қатынастар орнатуға, Қазақстан экономикасына шетелдiк инвестициялардың құйылуына, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Қазiр Қазақстан ТМД елдерi арасында шетелдiк инвестициялар үшiн ең тартымды елдердiң бiрi болып саналады.

Қазақстанның инвестициялық ахуалын бағалағанда ең алдымен елдiң табиғи байлығы, аграрлық және өнеркәсiптiк әлеуетi, қолайлы орналасуы, саяси тұрақтылығы ескерiледi. Ал соңғы жылдары инфляциялық процестердiң тұрақталуы, кәсiпорындардың қаржылық жағдайының жақсаруы отандық және шетелiк инвесторлардың инвестициялық белсендiлiгiнiң артуына ықпал етедi.

14 кесте - 1998-2003 жылдары Қазақстанға келген шетелдiк тiкелей инвестициялар (млн. АҚШ доллары).

Атаулары

1998

1999

2000

2001

2002

2003

1998-2003

Ұйымдар мен кә­сiп­орындардың не­сие, қаржылық сұраныс және ре­инвестиция­ланған табыс түрiн­де алын­­ған инвес­ти­­циялары (акцио­нер­лiк капиталды қос­пағанда)

977,1

1073,8

801,5

1516,4

1412,1

2375,6

9381,7

Акционерлiк капитал

144,4

262,0

631,5

133,8

175,8

263,6

1767,6

Шетелдiк инвестор­лардың бюджетке жа­салған салымда­ры

77,0

97,7

62,9

43,8

200,2

112,3

691,6

Несиелердi өтеудi ес­еп­темегендегi ше­телдiк тiкелей ин­вес­тициялар барлығы

898,5

1433,5

1495,9

1694,0

1788,1

2751,5

11840,9

Мiндеттемелердi өтеудi есептеме­ген­дегi шетелдiк тiке­лей инвестиция

870,1

1325,1

1227,1

1271,3

1347,7

1336,2

9157,2

Деректер көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері негізінде есептелген

1998-2003 жылдар аралығында несиелердi өтеудi есептегендегi шетелдiк тiкелей инвестициялар көлемi 9157,2 млн.долларды құрады. 1995 жылға дейiн Қазақстан шетелдiк инвестициялар бойынша мiндеттемелер және несиелерiн өтеген жоқ. 1995 жылдан бастап, республика шетелдiк тiкелей инвестициялар бойынша несиелердi өтеу бастады. Шетелдiк инвестициялар бойынша алынған мiндеттемелердi өтеу үлесi 1998 жылы – 3,2% құрады, 1999 жылы – 7,5%, 2000 жылы – 18,0%, 2001 жылы – 25%, 2002 жылы – 24,6%, ал 2003 жылы – 51,4% құрады. Жалпы 1998-2003 жылдар аралығындағы кезеңде өтеу сомасы 2683,7 млн. долларды құрады, оның 1415,3 млн.доллары 2003 жылға тиесiлi.

2003 жылы тартылған шетелдiк тiкелей инвестициялар көлемi 2002 жылғы шетелдiк тiкелей инвестициялар көлемiнен 53,8% артық, ал 1999 жыл деңгейiнен 2,5 есе артық болып, 2751,5 млн.долларды құрады.

1999-2003 жылдары шетелдiк фирмалардың акционерлiк капитал көлемi 1767,6 млн. долларды құрады.

1999 жылдан бастап, Қазақстанға келген шетелдiк тiкелей инвестициялардың жылдық көлемi 2003 жылғы көлемiмен салыстырғанда өсу тенденциясына ие болды және 2000 жылы – 130,96%, 2001 жылы – 136,6, 2002 жылы – 163,3% және 2003 жылы – 251,3% құрады. 1993-20003ж.ж. аралығындағы кезеңде шетелдiк тiкелей инвестициялар көлемi 2003 жыл деңгейiмен салыстырғанда 10,8 есе өскен.

Қазақстан экономикасын инвестициялау өнеркәсiптiк сек­тор­да диспропорцияның тереңдеуiмен қатар жүрдi. Шетелдiк тiкелей инвестициялар негiзiнен мұнайгаз өндiретiн және металлургия өнеркәсiбiне бағытталуда.

Елiмiздiң бай жер қойнауы бiрiншi кезекте өздерiнiң салалық бәсекелестерiн басып озуға тырысатын тәуекелдi шетелдiк инвесторларды қызықтырады. 1999-2002 жылдары мұнай-газ саласына тартылған шетелдiк тiкелей инвестициялар 4318,5 млн.долларды, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеуге – 185,0 млн.доллар, қара металлургияға – 340,0 млн.доллар, ал басқа салаларға – 1486,7 млн.долларды құрады. Шетелдiк инвесторлар үшiн мұнайгаз саласы инвестициялардың 78,8% бағытталды.

Қазақстанның Ұлттық банкiсiнiң мәлiметi бойынша 2003 жылы тартылған шетелдiк тiкелей инвестициялардың құрамы мынадай болды: iшкi мұнай мен табиғи газ өндiруге 1957,9 млн.доллар бағытталды.

2000-2003 жылдар кезеңiнде шетелдiк тiкелей инвести­ция­лардың кен өндiру және өндiру және өңдеу өнеркәсiптердiң мұнай-газ кәсiпорындарына түсуi 6301,1 млн.долларды құрады. Бүлай болу себебi, шетелдiк инвесторлар пайдасы және рентабельдiлiгi жоғары салаларға капитал салымын жасауға тырысады. Бұл жағдай өңдеу өнеркәсiбiнiң дамуын тежеп отыр.

2000-2003 жылдары донор-елдерден Қазақстанға несиелер, қаржылық сұраныс, реинвестицияланған табыс түрiнде келген шетелдiк тiкелей инвестициялардың көлемi 9381,7 млн.долларды құрады.

2003 жылы Қазақстанға шетелдiк тiкелей инвестициялардың ең үлкен көлемi АІШ елiнен – 993,5 млн.доллар, Ұлыбританиядан – 464,2 млн.доллар, Италиядан – 351,0 млн.доллар, Ресей Федерациясынан – 163,2 млн.доллар тартылды, Нидерланды елiнен – 109,9 млн.доллар тартылды.

Сонымен, соңғы 15 жыл iшiнде Қазақстан экономикасына шетелдiк инвестициялардың құйылуы мен оларды игеру процесiн талдау төмендегiдей тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi:

  1. Ұлттық экономиканы түбегейлi жаңғырту мен елдiң негiзгi салалары мен жекелеген аймақтарында сапалық өзгерiстерге қол жеткiзудi қамтамасыз ету инвестицияларсыз мүмкiн емес;

  2. Қазiргi жағдайларда тiкелей инвестициялардың құйылысы iшкi рынокты байытуға арналған жаңа тауарлар мен қызмет көрсетулердi ендiрудi ұйымдастыруға, экс­порт­ты ұлғайтуға және импортты қысқартуға; қосымша жұмыс орындарын құруға; жаңа технологияларды, озық техника мен ноу-хауды игеруге, маркетинг пен менеджменттiң озық әдiстерiн меңгеруге септiгiн тигiзедi;

  3. Шетелдiк капиталдың құйылының арқасында эконо­ми­ка­ның салалық құрылымы өзгеруде, жаңа өндiрiстер мен тiптi тұтастай салалар жандана бастады;

  4. Қазақстан Республикасының үкiметiнiң инвестициялық саясаты Ұлттық экономиканы дамытуға тiкелей шетелдiк инвестициялардың құйылуының өсуiне мейлiнше қуатты ынталандыру болып табылады.


Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында нақты іс-шаралар жүргізетініне қолайлы жағдайлар туғызуы мүмкін.

3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары

Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттын ерекшелігі техникалық қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу, инвестицияны базалық машина жасау саласына, ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын, өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.

Кәсіпорында инвестициялық саясатты жүргізген кезде мыналарды ескеру керек:

  • өндіріс орынның қаржылық ахуалы;

  • өндірістің техникалық дәрежесі;

  • аяқталмаған құрылыс;

  • лизинг арқылы құрал-жабдыктарды алу мүмкіншілігі;

  • меншікті қаржының жеткіліктілігі;

  • капитал нарығының конъюктурасы;

  • мемлекеттен келетін жеңілдіктер;

  • инвестициялық бағдарламаның коммерциялық және бюджеттік тиімділігі;

  • сақтандыру қызметі;

  • салық;

  • маркетингтік зерттеу;

  • өнімнің сату бағасы;

  • өнімді сатудағы географиялық шекараның жағдайы;

  • жалпы өнімнің мөлшері;

  • инвестициялық саясат жүргізетін уақытта тұтынушылардың сұранысының динамикасы;

  • нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;

  • техникалық мүмкіншілігі және дамыту мүмкіншлігі.

Инвестицияны өндіріс орнында басқаруды жақсарту үшін мынандай шараларды қолдану керек:

  • инвестиция кызметінің қажеттілігін табу;

инвестициялық табыстың үлес салмағын преферениялау болып табылады, яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін, берілетін жеңілдіктер. Жеңілдіктер үш түрде болып келеді:

  • инвестициялық салыктық преференциялар;

  • кеден баждарын салудан босату;

  • мемлекеттік заттай гранттар.

Инвестициялық преференцияларды беру талаптары:

  • көздетілген қызметтердің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес болу керек;

  • осы заманға сай техникалар қолдана отырып жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған өндірістік кәсіпорындарды кеңейту.

Инвестициялық салыктық преференциялар тікелей активтерге салынатын инветициялардын көлеміне қарай 5 жылдан аспайтын уақытта беріледі /---/.

Преференция алу үшін келісім шарт жасау керек.

Мемлекеттік заттай гранттар ретінде мыналар болады:

  • жер учасклері;

  • ғимараттар мен құрылыстар;

  • есептеу техникасы;

  • машиналар мен жабдықтар;

  • көлік беру мүмкінділігі.

Қолданылып жүрген инвеститцияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келсiмдердiң барлық шарттарын iс жүзiнде сақтаудың өнеркәсіптік кәсіпорындарға маңызы үлкен.

Тiкелей инвеститциялар тартудың тәжiрибесiмен алмасу, жекелеген елдердегi инвеститциялық ахуал мен заңдардың ерекшелiктерiн, сондай-ақ шетелдiк инвесторлардың iскерлiк белсендiлiгiнiң өзiндiк белгiлерiн зерделеу мақсатында инвестицияларды қолдау және мамандарды өзара тағылымдамадан өткiзу бағдарламасын жүргiзу бойынша шетелдiк агенттiктермен ынтымақтастықты жандандыру керек.

Елеулi инвестициялық ресурстарға ие немесе әлеуеттi инвесторлардың мейлiнше кең шеңберiне шығудың арналары болуға қабiлеттi шетелдiк және халықаралық инвестициялық қорлармен, трасттармен, сақтандыру компанияларымен, инвестициялық банктермен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты жолға қою үлкен маңызға ие болады.

Қазақстанға тiкелей шетелдiк инвестицияларды тарту бойынша елшiлiктермен және дипломатиялық миссиялармен жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру қажет.

Қазақстанның халықаралық қаржы ұйымдарымен (Дүниежүзiлiк банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропа Қайта жаңарту және Бамубанкi, Азия Даму банкi, Ислам Даму Банкi және басқалар), сондай-ақ донор елдермен ынтымақтастығы табысты дамып отыр. Қазақстан - олардың әлменiң көптеген аймағын қамтыған қаржы дағдарысының жағдайында сенiмiн сақтап дамып келе жатқан рыноктардың бiрi.

Сонымен бiрге халықаралық ұйымдарда дамып келе жатқан елдерге жеке капиталдың құйылуына жәрдемдесудiң өзiндiк тәжiрибесi жинақталған, бұл Қазақстан Республикасының экономикасына тiкелей инвестицияларды тартуды жандандыру кезiнде пайдалы болуы мүмкiн.

Атап айтқанда, дамып келе жатқан елдердi жеке қаржыландыруды тарту үшiн Дүнижүзiлiк банк соңғы жылдары өзiнiң кепiлдiк құралдарының екi түрiн: несие тәуекелiне iшiнара кепiлдiк берудi және саяси тәуекелдi реттеудiң iшiнара кепiлдiктерiн белсендi пайдалануды бастады.

Қазақстанның жеке меншiк секторын, инфроқұрылымдары мен әлеуметтiк саласын дамытуға басым бағытталған инвестициялық жобаларды әзiрлеу және iске асыру бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен және донор елдерiмен ынтымақтастықты одан әрi жалғастыру қажет.

Дүниежүзiлiк банктiң кепiлдiктерiн тарту және инвестициялық жобаларды әзiрлеу мен iске асыру ерекше мәнге ие, бұл үшiн тиiстi нормативтiк құқықтық базаны құру қажет.

Қазақстанда тiкелей инвестицияларды тартудағы әлсiз жер инвестициялық тәуекелдердi сақтандыру жүйесiнiң дамымағандығы болып қалып отыр. Отандық сақтандыру ұйымдарды ұсынатын сақтандыру қызмет көрсетулерi шетелдiк инвесторлардың талаптарын толық дәрежеде қанағаттандырмайды, бұл тиiсiнше олардың инвестициялық белсiндiлiгiн тежейдi.

Инвестициялау практикасындағы болған өзгерiстер, сондай-ақ әлемдiк экономикадағы елеулi оқиғалар инвестициялық тәуекелдердi сақтандыру жүйесiн құру мен дамытудың қажеттiгiн көрсетедi. Атап айтқанда “Тiкелей инвестицияларды мемлкеттiк қолдау туралы” заңға саяси және егемен тәуекел кепiлдiктерiн берудi заңды қамтамасыз ету және мұндай кепiлдiктердi бергенi үшiн жауапты уәкiлеттi органды айқындауды енгiзу көзделiп отыр.

Сақтандыру қызметi рыногын дамыту, қазақстандық сақтандыру ұйымдарына халықаралық ынтымақтастықты дамытуды және жетекшi шетелдiк сақандыру өтеулерiн беру туралы келiсiмдер жасасуда қолдау көрсету үлкен мәнге ие болады. Сондай-ақ тiкелей шетелдiк инвестициялардың коммерциялық емес (саяси) тәуекел мен қажет консультативтiк қызмет көрсетулердi беруден инвестицияларды сақтандыру жолымен елдердiң арасындағы қозғалысына жәрдемдесу қажет. Инвестицияларды саяси тәуекелдерден сақтандыру мақсатында шетелдiк инвесторларды инвестицияларды экспроприациялауға, национализациялауға және басқа да осы секiлдi (апаттарға) қатысты қаупiн жою болып табылады.

Алайда Қазақстанда мұндай инфрақұрылым орасан үлкен аумақта жеткiлiксiз күйде, ал кейбiр аймақтарда бұл тiптi әлсiз күйде, бұл, әрине, инвеститциялық белсендiлiктi айтарлықтай шектейдi. Инфрақұрлымды дамыту үшiн елеулi қаржы қаражат салу керек, ал бұған жекеменшiк сектор сол мемлекеттiң өзiнiң жеткшi және белсендi рөлiнсiз бара алмайды.

Қазақстан Республикасының Инвестициялық жөнiндегi агенттiгiнiң институционалдық дамуы үшiн инвесторлармен өзара iс-қимылды жолға қою мен оның түрлi нысандарын өркендетудiң үлкен мәнi бар

Әрбiр аймақ пен жеклеген елдер бойынша деректер банкiн құра отырып, арнаулы талдау және маркетинг қызметтер жүргiзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасына осы елдерден тiкелей шетелдiк инвестициялардың құйылуын молайту бойынша нақты ұсыныстармен және ұсынымдармен жетекшi инвестор елдер бойынша шолулар дайындау қажет. Дания, Венгрия және Польша тәжiрибесi бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлерi мен дипломатиялық өкiлдiктерiнiң мүмкiншiлiктерiн пайдалана отырып Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнiң шетелдiк өкiлдердiң кеңейтiлген және тиiмдi желiсiн құру iсi алда тұр.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы мұндай тәуекелдiлiк логикасы айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан кейiн фирма жұмысының нәтижелерiнiң өзгеруiне нарықтың мүмкiн реакциясын дұрыс болжай алмау қаупi деңгейiмен анықталмайды. Мақсаты нарыққа белгiсiз өнiм шығару болып табылатын жаңа өндiрiстi ұйымдастыру жоғары дәрежелi белгiсiздiкпен байланысты, ал нарықпен қабылдалынған тауар өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн жоғарылату (шыныдарды төмендету), инвестициялау нәтижесiнiң ми­ни­малды қауiп әкелетiндiгi түсiнiктi. Осы сияқты, мемлекеттiк басқару меке­ме­лерiнiң талаптарын қанағаттандыру мақсатымен жасалған инвести­ция­лар да тәуекелдiлiктiң төмен деңгейiмен байланысты.
1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру...
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
«Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша кандидаттық емтиханға арналған
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ресей империясының және Қазақстан территорияларында ғылым ретінде қалыптасуы, өлкені зерттеу әдістері мен тәсілдері, өлкелік мұрағат,...
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
В0114«тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Тарих» мамандығы үшін Қр мжмбс 08 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты және «Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы»...
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница