Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі
страница2/5
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.88 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-Кәсіпорынның-инвестициялық-тартымдылығын
1   2   3   4   5

Инвестициялық пайды орналастыру жағдайында ол тек қана ақша қаражаттарымен төленеді. Орналастыру жағдайында ескере кететен бір жағдай: толық төленбеуге немесе төлемді кейінге қалдыруға болмайды.

Инвесторлар өздеріне тиісті инвестициялық паймен еркін қолданады.Олар пайды мұрагерлікке қалдыруға, бағалы қағаздар заңына сәйкес басқа да келісімдер жасай алады. Барлык кәсіпорындар инвестициялық әрекетпен байланысты. Инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау көптеген факторлармен қиындатылады. Олар: инвестицияның түрі, инвестициялық жобаның құны, қаржы ресурстардың шектеулігі, шешім қабылдаумен байланысты тәуекелділіктер.


Инвестицияны қажет ететін себептер көп болуы мүмкін, бірақ жалпы оларды үш түрге бөлүге болады: қолда бар материалды-техникалық базаны жаңарту, өндірістік көлемін ұлғайту, жаңа қарекеттердің түрін меңгеру. Инвестициялық жобаны қабылдау міндеті әр бағытта әртүрлі. Егер бар өндірістік қуатты ауыстыру керек болса, онда шешім оңай қабылданады, себебі кәсіпорынның басшылары жаңа өндірістің қаңдай сиппаттамалармен қанша керектігін нақты біледі. Ал егер негізгі әрекетті кеңейтумен байланысты инвестиция туралы шешімді қабылдау қиынға түседі. Осы жағдайда жаңа туындайтын факторларды ескеру қажет. Олар: тауар нарығында кәсіпорынның жағдайының өзгеруі, қосымша еңбекті игеру жэне т.б.

Болжанған инвестиция көлемі маңызды болып келеді. 100 мың $ мен 1 млн.$ тұратын инвестициялық жобамен байланысты жауапкершілік деңгейі әртүрлі. Сол себептен экономикалық тұргыдан талдаулық зерттеудің деңгейі әртурлі болу керек. Сол себептен инвестициялық сиппатты шешім қабылдау дифференциалдық құқұық тәжірибесі көптеген кәсіпорындарда күнделікті бекітіледі, яғни инвестицияның максималды көлеміне шектеу қойылып, кәсіпорынның басшылары өзіндік шешім қабылдайды.

Инвестициялық сипаттағы бақылау шешімін қабылдау процесі негізінде болашақ ақша түсімдері мен болжаулы инвестиция көлемін салыстыру жэне бағалау жатыр.Өйткені салыстырылатын көрсеткіштер әр түрлі уақытқа қатысты, осындағы ең негізгі проблема оларды салыстыру. Оған әртурлі қарауға болады, объективті жэне субъективті жағдайға байланысты инфляция қарқыны болатын түсімдердің көлемі, болжау көкжиегі, аналитиктердің білім деңгейі және т.б.

Қаржылық мененджмент тәжірибесі инвестициялық қызметтерді бағалаудың келесі әдістерін атап көрсетеді.

Капитал мен табысты дисконтау. Матариалдық негізін ақша құрайтың қаржы ресурстары уақытша құндылыққа ие. Қаржы ресурстардын уақытша құндалығы екі аспектіде қарастырылады. Бірінші аспект ақшаны сатып алу қабілеттілігімен байланысты. Екінші аспект ақша қаражаты капитал сияқты айналымымен және осы айналымнан табыс алумен байланысты. Ақша жаңа ақшаларды тезірек жасау керек.

Табысты дисконтау- капитал салу мерзіміне байланысты табысты әкелу. Дисконтау есебімен өскен капитал мен қосымша табысты аудару үшін келесі формула аңықталынады:

К=К*(1+n),

К- салымдардың бастапқы сомасынан t-мерзімінің аяғында капиталдың салымдарының мөлшері.

К- салынған капиталдын мөлшерін ағымдағы бағалау, яғни бастапқы салым салынғаннан кейін бастапқы мерзімнің позизиясы.

n-дисконттау коэфициенті (яғни табыстылық нормасы немесе пайыз мөлшерлемесі) бірлік үлесі.

Д=К (1+n)-К,

Д- косымша табыс, теңгемен


Ағымдағы мезгіл позициясынан болашақ ақша түсімдерін бағалау үшін табысты дисконттау қолданылады. Инвестор капиталды салғанан кейін, келесі жағдайларды басшылыққа алады.

Біріншіден, әр уақытта ақшаның құнсыздануы болады, екіншіден,анықталған минимум мөлшерінен төмен емес капиталға табыстың мезгілдік түсуі. Инвестор болашақта қандай табыс алатынын бағалау керек және табыстың болжанған деңгейінен жұмыстың басталуына максималды мүмкін болатын қаржылық ресурстар соммасына салуды жіберу.

Таза табыс келтіретін эффекті есептеу әдісі. Бұл әдіс бастапқы инвестиция көлемін дисконттау таза ақша түсімдерінің жалпы соммасын келтірілгеннен құралған. Өйткені ақша қаражаттардың құйылымы уақыт бойынша бөлінген. Ол аналитик инвестициясы келетін немесе инвестициялай алатыннын жылдық қайтарылу пайызынан шыға қоятын r-коэффициенті арқылы дисконттталады. Мысалы мынандай болжам жасалынады, инвестиция (IC) жыл ішінде басқарылады, ал жылдық табыстар P1,P2,.............Pn көлемінде. (NPV) сәйкесінше мына формулалар бойынша есептелінеді:

PV= Рк/ (1+r )e ;

NPV= Рк/ (1+r )e -С-С ;

Егер: NPV> 0, онда жобаны қабылдау керек

NPV<0, онда жобаны қабылдамау керек

NPV=0, жоба не пайдалы емес , не зиянды емес.

Мынаны ескеру қажет, NPV көрсеткіші қаралып отырған жобаны қабылдау кезде кәсіпорынның экономикалық потенциалының өзгеруінің болжамдық бағалауын көрсетеді. Бұл жоба уақыт бойынша әр түрлі жобалардың NPV соммалауға болады. Бұл өте ерекшке белгі, бұл критерияны басқалардан ерекшелейтін және оптималды инвестицияланған қоржынды талдау кезінде оны негізгі етіп қояды.

Инвестицияның табыстылық индексін есептеу әдісі. Бұл әдістің мәні бойынша алдыңғының жалғасы болып табылады. Табыстылық индексі PI мына формула бойынша есептелінеді.

PI=РК / ( 1+r)k/ИсИ ;

Егер :PI>1, жобаны қабылдау керек

PI<1, жобаны қабылдамау керек.

PI=1, жоба не табысты емес не зиянды емес.

Таза келтірілген эффектімен салыстырған да табыстылық индексі қатынасты көрсеткіш болады. Осыған орай, NPV мәні бірдей альтернативті жобалардың ішінен біреуін таңдап алуға қолайлы.

Инвестицияны пайдалылық үлесін есептеу әдісі. Инвестицияның пайдалылық нормасының түсінігінің астында дисконттау коэффициентінің мәні жатыр. Сонымен қатар , жобаның NPV=0:

IRR=r, бұнда NPV=f(r)=0

Жоспарланған инвестицияның нәтижелігін талдауда бұл коэффициенттердің мәні мынада жатыр: IRR-берілген жобамен асоцоцияланатын шығындарды максималды қатысты жіберу деңгейін көрсетеді. Мысалы, егер жоба толығымен банктің ссудасы арқылы қаржыландырылса, онда IRR-банктің пайыздық мөлшерлемесінің жіберілу деңгейінінің жоғарғы шекарасын көрсетеді, оның жоғарлауы жобаны зиянды жасайды.

Инвестицияның нәтижелік коэффициенттерін есептеу әдісі. Бұл әдістің екі белгісі бар: ол табыстың көрсеткіштерін дисконттауды ұсынбайды; табыс таза пайданы PN көрсеткіштерімен сипатталады. Есептеудің алгаритімін ерекше оңай, сондықтан бұл коэффициенті тәжірибеде көп қолданады. Инвестицияны нәтижелік коэффициенті ARR орта жылдық пайданы PN инвестицияның орта көлеміне (коэффициент % алынады) бөлумен есептелінеді. Инвестицияның орта шамасы капиталды салымдардың бастапқы соммасын 2 бөлгенде табылады, егер талданатын жобаны өткізу мерзімі өткенде барлық капиталды шығындар шығарылып тасталынады немесе қолдық құнының қома- қолдығын жіберсе RV онда оны бағалау шығарылып тасталу керек.

ARR= PN

½ (IC-RV)

Осы көрсеткіш кәсіпорынның жалпы таза табысын оның іс-әрекетіне авансталған (орта баланстың нетто қорытындысы) қаражаттың жалпы сомасына бөлумен анықталады, авансталған капиталдың пайдалылық коэффициентімен салыстырылыды.

Инвестицияның өтелу мерзімін анықтау әдісі. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде ең оңай және кең таралған әдістердің бірі.

Өтелу мерзімін есептеу алгаритімі (РР) инвестициялаудан түсетін болжанған табыстарды бөлудің бір қалыптылығына тәуелді. Егер пайда жылдарға бір қалыпты бөлінсе онда өтелу мерзімі жылдық табыстың көлеміне бір уақытылы шығындарды бөлумен анықталады. Бөлшек сан шыққанда оны бүтін жақын санға айналдырамыз. Егер пайда бір қалыпты бөлінбесе, онда өтелу мерзімі жылдар санын тура есептеумен анықталады, ол сол жылдар ішінде инвестиция куммулятивті табыспен жабылады. РР көрсеткіші есептеудің жалпы формуласы мынандай болады.

PP=n Pk , мұнда Pk >IC

Инвестицияны өтелу мерзімінің көрсеткішін есептеу қажет. Сонымен қатар талдауда ескеретін бірқатар кемшіліктер бар. Біріншіден, ол соңғы мезгілдердегі табыстың әсерін ескермейді. Екіншіден, ол кумулятивті табыстардың сомасы бірдей жобаларды ерекшелемейді, бірақ оларды жылдар бойынша бөлуді ерекшклейді. Бірқатар жағдайларда өтелу мерзімін есептегеннен тұратын әдістерді қолдану дұрыс бола алады. Мынандай жағдайларда:

  • кәсіпорын басшылары жобаның табысты емес, көбінесе өтімділік проблемасын шешумен айналысуда ;

  • инвестиция тәуекелділіктің жоғарғы деңгейімен байланысты, сондықтан өтелу мерзімі қысқа болған сайын жобаның тәуекелделігі де аз болады.

Мұндай жағдай тез техникалық өзгерістер болатын іс-әрекеттің түрлеріне немесе салаларына сәйкес келеді.


1.3 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жолдары.

Кәсіпорында инвестициялық саясатты жүргізген кезде көптеген факторлар маңызды роль ойнайды. Соның ішінде ерекше орын алатын – инвестицияны мемлекеттік қолдау.

Инвестициялық жобалау дегеніміз техника – экономикалық негізі бар (сызулар, түсіндірмелі хаттар) инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа материалдар. Оның ажырамас бөлігі болып инвстициялық жобаның құнның анықтайтын смета табылады.

Жоба – бұл техникалық материалдар (сызба, есептер, жаңа құрылған ғимараттардың макеті, құрлыстар т.б) белгілі бір құжаттардың алдын-ала тексті.

Ең алдымен өндірістік бағытта инвестициялық жобаны өңдеу ұзақ мерзім уақыт бойы жүзеге асады- идеядан бастап материалдық деңгейге дейін.

Инвестициялық жобаны нарыктық көрсеткіштердің көмегімен тиімді бағалау үшін жұмыстын басталуы мен аяқталуын нақты білу керек. Зертеуші, ғалым үшін жобаның басталуы идеяның туындауы болса, бизнесмендер

үшін - алғашқы ақша қаражатты жобаны жүзеге асыру үшін салу болып табылады.

Жобаны қаржыландыратын инвесторларды процесстің жасалуы емес, оны өткізуден алатын пайда қызықтырады. Ал жобаны жүзеге асыратын мекемелер үшін – жұмыстың аяқталуы. Кейбір жобалар үшін жұмыстың аяқталуы – қаржыландырудын тоқтатылуынан, объектіні пайдалануға шығару, жобалық қуаттылықты толығымен игеру болады.

Жобамен жұмыс істеу мезгілінің басталуы мен аяқталуы құжатты түрде негізделу керек.

Жобаның басталу кезінен өтімділік кезеңге дейінгі уақыт аралығы инвестициялық цикл деп аталады.

Инвестициялық циклды 3 топқа бөлуге болады. Оның әркайсысының өз мақсаттары мен міндеттері бар:

  • ивестицияға дейінгі - бастапқы зерттеулерден инвестициялық жобаны қабылдау шешіміне дейін, яғни соңғы зерттеулерге дейін

  • ивестиция кезеңі - келісім шарт жасау кезеңі

  • өндірістік - кәсіпорынның немесе объектінің шаруашылық қарекет ету кезеңі.

Инвестициялауға дейінгі және инвестициялау кезіндегі этаптар инвестициялық жобалау облысына кіреді. Ал өндірістік кезең арнайы жүргізуші дисциплиналар ( өндірістік мекеме және еңбек күші, болжау, қаржыландыру, анализ т.б ) облысына кіреді.

Инвестицияға дейінгі кезде болашақ объектіні жобалау қарастырылады. Кәсіпорын инвестиция туралы алдын-ала шешім қабылдайды, салынып жатқан объектілерінің директорын тағайындайды. Жобаның техникалық экономикалық бағалауын, өтімділік бағасын зерттеуді кәсіпорынның өзі жүргізеді немесе мамандырылған мекемелердің көмегіне жүгінуге болады.

Дамыған елдерде инвестицияға дейінгі кезеңді орындау шығындары жобаның сомасынан 1,5-5,5 % құрайды, соның ішінде: инвестициялық мүмкіншіліктің құрылуы 0,2-1%, инвестиция негізінде 0,25-1,5% шағын жобалар үшін техника-экономикалық зерттеулер үшін 1,0-3,0 %, ірі жобаларға 0,2-1,2 %.

Жобаның алғашқы кезінде күтпеген жағдайларды ескеруге болады. Ол үшін ең алдымен экономикалық жолдарды табу, жобаның өтімділігін бағалау, оның бизнес- жоспарын құру. Бірақ, уақытында тоқтау деген принципке сүйене жүру керек, яғни жұмыстың басында тиімсіз жобадан бас тартқан жөн.

Екінші инвестициялық кезеңде жоба мыналарды енгізеді:

  • жобалық кәсіпорынды таңдау;

  • жобалық сызуларды және модельді объектілерді дайындау;

  • жобалық және құрылыстық жұмыстың алдын – ала жоспары;

  • деталдық жоспарлау және спцификация;

  • құрылыстық орындардың сызбасы.

Осы кезеңде бас мердігер және субмердігер тағайындалады. Мердігерлер мен жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін қысқа мерзімді зайымдар аңықталады.

Инвестициялық кезеңде орындалған көп нұсқаулы есептер нақты жобаны, оның техникасын және жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде қабылданатын шешімдер техникалық деңгейін, құрлымын құрлыстық өндірістік жобаны жүзеге асыру шығындары ғана емес, сонымен қатар пайдалану шығындарына да тәуелді.

Жобалау үрдісін 2 кезеңге бөлуге болады:

  • жоба алдындағы;

  • нақты жобалау.

Жобалау алдындағы кезең инвестиция салудың алғы шарттарын жасайды. Дәл осы кезеңде жобаның өміршеңділігі мен инвестициялық тартымдылығы қалана басталады. Жобалау алдындағы кезең зерттеулері нақты инвестициялық жобаның толық сипаттайды. Инвестициялық жобаның өмірлік циклін бұл кезеңде дәл анықтау мүмкіндігі қиынға соғады.

Нақты жобалау өзі екі кезеңді енгізеді: бастапқы және соңгы жоба. Әр кезеңде болашақ объектінің сметасы аңықталады.

Өндірістің техника-ұйымдастырушылық дәрежесінің көтерілуі соның ішінде: еңбек, еңбек құралдары және еңбек заттары деңгейінде көрінеді. Міне осындай экономикалық көрсеткіштер, еңбекті іске асырумен бірге техника мен технологияның тиімділіктерінің дәрежесін көтереді. Жоғарыдағы көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қорқайтарымдылық, материалсыйымдылық) интенсификацияның жеке көрсеткіштері деп аталады. Оларды талдау техника-ұйымдастырушылық дәреженің факторымен шығару керек. Жеке көрсеткіштерге байланысты жалпылау да қолданылады.

Барлық жалпы көрсеткіштер жиынның технкалық және ұйымдастырушылық тиімділігін сипаттайтын, келесі топтарды қарастыруға болады:

    • еңбек өнімділігінің, еңбекақы қоры жоғарылауы;

    • еатериал қайтарымдылығының өсуі (материалдар шығынын азайту);

    • негізгі қор қайтарымдылығын көтеру;

    • айналым коэффициентінің артуы;

    • өнім көлемін жоғарылату;

    • өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;

    • қаржылық тұрақтылық жағдайын көрсеткіштерін жоғарылату;

Инвестициялық мүмкіншіліктерді қолданудың экономикалық тиімділігі барлық материалдық салаларға ортақ. Әдістік ұсыныстар іс-шараларының кешені ғылыми-техникалық прогресті үдетуге бағытталған.

Жобалау үрдісіндесінде болашақ объектінің негізгі мәселелері шешіледі. Олар: өз белгілеуіне сәйкестілігі; прогресті пайдалану талаптары; қысқа мерзім ішінде аз ғана еңбек күшін, материалды және ақша қаражатты пайдалануда.

Отандық тәжірибеде кәсіпорынның жобасын жасау, өндеу кезінде мынандай бөлімдерді өзіне енгізеді:

  • түсіндірмелі хат;

  • техника-экономикалық бөлім;

  • бас жоспар;

  • енбек күші;

  • құрлыстық бөлім;

  • өндірісті баскару жүйесі;

  • сметалық құжаттар.

Инвестициялық жобаның әр жұмысының кезенінде оның құндық бағасы аңықталады. Шетелдік тәжірибеде оның кем дегенде төрт түрін есептейді және олардың нақты денгейі жобаны өңдеу кезінде өседі. Инвестициялық мүмкіншілікті зертеу кезінде алдын-ала құнның бағасы есептелінеді. Оның мөлшері 25-40% аралығында болу керек.

Инвестициялық процестін әр кезеңінде жобаның экономикалық өтімділігі, табыстылығы аңыкталады. Басқа сөзбен айтқанда шығындарды алынатын табыстылықпен салыстырғанда алатын жобалық анализ жоспарланады.

Кәсіпорындар барлық инвестициялык ұсыныстарды «жинағанда» оларды бағалау және ранжирлеу процесі басталды. Сонымен қатар инвестицияның нәтижелік көрсеткішін есептейтін жобаның бизнес жоспары кұрылады, олар өз кезегінде, банк және басқа да кредиторларға ұсынылатын техника-экономикалық жағдайда жүзеге асырылады.

Барлық өркенниетті мемлекеттерде неғұрлым болашағы бар кәсіпорындар өз қызметтерін кеңейте келе, міндетті түрде инвестиция тартуға есік ашады. Бұл өз кезегінде инвестициялық жобаларын тиімді де тартымды түрде ұсыну арқылы инвестиция тарту тәжірибесі кеңінен қолданалынады.

2 «Атамекен» Ақ-ның инвестициялық жӘне экономикалық Әлеуетін талдау

    1. «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау.

«Атамекен» АҚ-ның өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодекс, Салық және бюджет төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР кодексі (Салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Акционерлік қоғамның жеке фирмалық атауы, көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қазақастан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Кәсіпорынды құру мен қызметтің басты мақсаты – тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, шетел және отандық бәсекелестеріне орын бермейтін сапалы жиһаз өнімдерін шығару оны өткізу арқылы табыс табу болып саналады. Табыс табу негізінде кәсіпорын қатысушыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.

Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрін орындайды:

    • жиһаз жасауға арналған материалдарды өңдеп, дайындау;

    • жиһаз бұйымдарын бөлшектеп сату;

    • жиһаз бұйымдарын дайын тауар ретінде құрастырып оны нарыққа шғару;

    • көтерме және бөлшек сауда;

    • сыртқы экономикалық қызмет;

және басқа да қосалқы қызметтер.

«Атамекен» АҚ 1997 жылы ЖШС болып құрылған. Кәсіпорын нарық жағдайына икемделіп тұрақты жұмыс жасау салдарынан және өндірісі активтер айналымының жоғарлауына байланысты 2000 жылы акционерлік қоғам болып мемлекеттік тіркеуден өтеді. Алдағы кезеңде де компания өндірістік орындарын кеңейтіп,


Қазақстанның басқа да өңірлерінде өндірістік цехтар ашуды көздеп отыр.

1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру...
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
«Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша кандидаттық емтиханға арналған
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ресей империясының және Қазақстан территорияларында ғылым ретінде қалыптасуы, өлкені зерттеу әдістері мен тәсілдері, өлкелік мұрағат,...
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
В0114«тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Тарих» мамандығы үшін Қр мжмбс 08 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты және «Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы»...
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница