НҰрпейіс бақыт кәКИҚызы қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005)




НазваниеНҰрпейіс бақыт кәКИҚызы қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005)
страница3/5
ымбаева Б Ж
Дата конвертации23.09.2012
Размер0.69 Mb.
ТипДиссертация
источникhttp://art-oner.kz/storage/avtoreferaty/Nurpeis.doc
1   2   3   4   5
«Жұмат Шанин-қазақ театрында кәсіби режиссураның негізін салушы» деп аталатын 1.2 тараушада ұлттық театр өнерінің тууы мен қалыптасу дәуірінде ерен еңбек сіңірген Ж.Шаниннің шығармашылығы зерделенген. Ол театрдың кәсіби тұрғыда қалыптасып шығармашылық жағынан өсуіне бүкіл саналы ғұмырын арнады.

Ж.Шанин актерлерді тәрбиелеудің педагогикалық жүйесін енгізді. Актерлер мәдениетін көтеру үшін орындаушылардың апталық жұмыс кестесін түзді. Онда сахналық өнер (актер шеберлігі), музыка теориясы, сольфеджио, музыка тыңдау, ән сабағы, хор, скрипка класы, рояль класы бойынша сабақтар жүргізілді. Режиссер актерлерге сөзді айтудың техникасын ғана емес, ойдың, көңіл-күйдің, сезімнің берілу жолдарын да үйретті. Ол театр өнері бойынша арнайы оқу орнын бітірмеген актерлерге еуропалық театр өнері туралы алғашқы теориялық лекциялар оқыған. «Театрдың қысқаша тарихы», «Театр тарихында» деп аталатын еңбектерінде театр өнерінің туу тарихына кеңінен тоқталған. Гректердің ұлы драматургтері Эсхил, Софокл, Еврипид шығармашылықтары туралы қазақ тілінде бірінші болып шетел театрының тарихына қатысты алғашқы оқулықтың сұлбасын жасады. Оны дүниежүзі театрларының тарихынан мол деректер білетін теоретик ұстаздардың қатарына жатқызамыз.

Ж.Шанин пьесаларға режиссерлік ой-жүйемен талдаулар жасай отырып, спектакльдерге пішін берді. Эпостық және бүгінгі заман тақырыбын игерудің жолын салды. Спектакльдерге ұлттық биді, музыканы кіргізді. Оның режиссурасы үздіксіз дами келіп, кәсіби деңгейге көтерілді. Ж.Шаниннің режиссурасымен қойылған спектакльдерде (Ж.Шанин “Арқалық”, С.Сейфуллин “Қызыл сұңқарлар”) ұлттық тәуелсіздік идеясы басым болды. Сонымен қоса атқамінерлердің ұнамсыз әрекеттері, алғашқы сауат ашу мектептерінің төңірегіндегі күлкілі оқиғалар, әзілқой, пысық кедей жігіттерінің тапқырлықтары мен айла-амалдары, қыз-келіншектердің, кемпірлердің алуан мінездері, қысқасы, өмір болмысы көркем бейнеленді. Спектакльдердегі кейіпкерлер өз бойларына лайықты іс-әрекетімен, ұтқыр диалогтарымен, мінездік даралықтарымен шынайы жасалды. Бір сөзбен атқанда Ж.Шанин сахнаға өз замандастарының психологиясын шығарды.

Ж.Шанин режиссурасы көптеген актерлердің жеке сахна суреткері болып қалыптасуына мүмкіндік тудырды. Ол қазақ актерлік мектебінің кәсіби негізін қалады. Оның режиссурасымен тәрбиеленген қазақ актерлері 1930 жылдары орыс режиссерлерімен жұмыс жасауға дайын тұрғандығы ғылыми тұрғыда зерделенді.

«Қазақстандағы мәдени төңкеріс және театр» деп аталатын 1.3. тараушада 1930 жылдары Қазақстанда болған мәдени төңкерістің театр өнерін өрістетуге тигізген ықпалы арнайы зерттеу нысанына айналды.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қазақ халқының тарихындағы аса бір күрделі кезең болғандығы әсіресе, Қазақстанда «Кіші Октябь» идеясын жүзеге асыруға құлшына кіріскен Ф.И.Голощекин елді алапат аштыққа соқтырып, «ақтабан шұбырынды» заманынан да асып түсетін сойқан жасады. 1931-32 жылдары қазақ халқы қанға бөгіп екі миллионнан астам адамынан айрылып, қолдан жасалған геноцидтің құрбанына айналып, ұлт ретінде жойылып кетуге шақ қалды.

Ел басына қауіп төнген осындай қиын тұста еңсесі езілген халқының рухын жани отырып сол кезде қолға алынған үлкен реформа-мәдени төңкерісті іске асыруға көптеген қазақ зиялылары құлшына кіріседі. Солардың бірі тек қазаққа ғана емес, күллі түркі жұртшылығына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса үлкен қоғам және мәдениет қайраткері Темірбек Жүргенов еді. Ол ұлттың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымы мен білімін, өнері мен тілін дамытуға қыруар еңбек сіңірді.

Л.И.Мирзоян: «Біздің Халық ағарту комиссариатымызға басшыларын жаңартып, нығайтылғаннан кейін бұл жұмысты жолға қояды деп сенуге болады. Өлкелік ұйымдардың көмегімен Жүргенов жолдас Халық ағарту комиссариатын ұлттық мәдени құрылысқа басшылық етудің шын мәніндегі штабына айналдырады деп ойлаймын» [ 10, 29 ]- деген сенімін Т.Жүргенов артығымен ақтап шықты. Оның ерік-жігері мен қатаң талабы Л.И.Мирзоян айтқандай наркомпросты тез арада мәдениет майданының бас штабына айналдырды.

1931-32 жылдардағы аштықтан әбден есеңгіреп тоз-тозы шығып босып кеткен ел-жұртты қайта жиып, топтастыру Т.Жүргеновтан қыруар күш-жігер мен ізденісті талап етті. Осының бәрі оның бойынан табылып, өзінің іскерлігін жарқырата көрсетті. Ол қазақ өнерінің көркемөнерпаздар дәрежесінде тоқырап қалған мимырт тірлігіне қозғау салып, күллі мәдениет жұмысын жандандырды. Мәдениет пен өнер, білім беру саласында қайта құрулар жасады. 1930 жылдардың басында Республикамызда Қазақтың мемлекеттік театрынан басқа ұлттық өнер мекемелері болған жоқ. Сондықтан да, Т.Жүргенов өкіметтің театрға байланысты қаулыларын негізге ала отырып, барлық облыс орталықтарында театр труппалары мен студияларды ұйымдастырды. Оның тікелей басшылығымен 1934 жылдың 13 қаңтарында М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» комедиясымен қазақтың музыкалық театры шымылдығын ашты. 1937 жылы Қазақстанда жалпы саны жиырма екі театр жұмыс істеді.

Т.Жүргенов театрдың ұлттық кадрларын режиссерлер мен актерлерді, суретшілерді, музыканттарды даярлауға мол еңбек сіңірді. Ол Москвадағы театрлық жоғары оқу орындары мен студияларында қазақстандық жас артистер мен режиссерлер үшін арнайы орын бөліп отыруына қол жеткізді. 1933 жылдың күзінде Москва театры комбинатына (қазіргі Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институты (ГИТИС) қырық шақты талапкерді, 1934 жылдың басында Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) сахна өнері техникумының жанынан ашылған қазақтың актерлік студиясына жиырма бес адамды жөнелтеді.

Т.Жүргенов театрдағы көркемдік кеңестің негізін қалады. Жаңадан дүниеге келген әрбір пьеса, либретто және театрға қатысты басқа мәселелер жазушылар мен режиссерлердің және актерлердің арасында қызу талқыланды. Кейін бұл бастама үлкен үрдіске айналып, барлық театрларда көркемдік кеңестер құрылды.

Т.Жүргенов өзі спектакль қоймаса да, режиссерге тән қабілетін жете танытты. Оның музыкалық театр ұйымдастыру қарсаңында жүргізген келелі істері режиссерлік қабілетін толық танытып берді. Дәлірек айтқанда, пьесаны авторға оқытып оны бірнеше адаммен талдауы режиссердің стол басындағы жұмысымен бірдей. Екіншіден: Ж.Шанинмен бірлесе отырып рөлді жаңылыспай бөлуге қатысуы да режиссерлік жұмысқа жатады. Үшіншіден: репетиция кезінде музыкалық театрдың ерекшелігі туралы ой-пікірлерін ортаға салып, спектакль режиссеріне көп жәрдемдескен. Спектакльде халықтың ән мен музыкалық мұрасын талғаммен пайдаланудың жолын да өзі нұсқап отырған. Музыка жазатын сазгер мен спектакль биін қоятын балетмейстрді қателеспей таңдауы да оның режиссерлік талантының бар болғанына дәлел. Спектакль костюмдері де оның назарынан тыс қалмаған. Республика көлеміндегі ірі іс-шараларды ұйымдастыру кезінде ол үнемі режиссерлік қабілетінің басымдығымен көзге түсті. Әсіресе 1936 жылы Москвада өткізілетін он күндікке даярлық тұсында оның эстетикалық талғамы мен қиял жүйріктігінің кеңдігі айқын байқалды. Бұл тараушада өнер түрлерінің барлығы да өз халқымыздың өн бойында тұнып тұрғанын Т.Жүргеновтың аша білгендігі жан-жақты сараланды.

Диссертацияның “Қазақ театр мәдениетін көтерудегі орыс және өзге ұлт режиссерлерінің ролі” деген екінші тарауының «К.С.Станиславский жүйесімен жұмыс жасаудың бастапқы қадамдары» деп аталатын 2.1. тараушасында 1930 жылдары қазақ театрында жұмыс жасаған орыс режиссерлері Я.П.Танеевтің, М.Г.Насоновтың, И.Г.Боровтың, Ю.Л.Рутковскийдің актерлермен және пьеса мәтіндерімен жұмыс жасау тәсілдерін сараптай келе олардың жеке даралықтарымен бірге барлығына ортақ сипаты анықталды. Олар қазақ театрына К.С.Станиславский жүйесімен жұмыс жасауды кіргізді. Оны репетиция кезінде өздері таңдап алған пьесаның бүгінгі таңда не мақсатпен қойылатындығын, орындаушыларға кейіпкердің ішкі көңіл-күйін, ойы мен ықыласын нақты физикалық әрекетпен кескіндеудің жолдарын түсіндірді. Физикалық әрекетпен рухани әлемнің біртұтастығын, кейіпкердің ішкі және сыртқы көңіл-күйін бір-бірінен бөліп қарауға болмайтындығын тәжірбие жүзінде көрсетті. Сол сияқты сахнадағы сөз өмірдегідей, оймен мақсатпен және кейіпкер әрекетімен тығыз байланысқан жағдайда ғана пьеса идеясының толық ашылатынын естен шығармауды талап етті. Пьесадағы оқиға мен әрекетті, ұсынылған жағдайды зерттеп барып, кейіпкердің мінез ерекшеліктерін табудың әрқилы тәсілдерін алға тартты. Қазақ актерлері орыс театр мәдениетінің озық, бай тәжірбиесінен үйрене отырып, оны ұлттық орындаушылық дәстүрімен шендестіру арқылы дүниетанымдары кеңейіп, актерлік шеберліктерін шыңдай түсті. Бұл уақыттағы режиссура актердің өз бетінше іздену, рөл үстіндегі жұмыс істеу әдістерін меңгеруге бағытталды.

Кәсіби режиссерлердің қазақ сахнасын дамытуға арналған еңбектерінің орыс, батыс классиктерінің озық туындылары қазақ актерлік өнерін шыңдай түсті. Я.П.Тригердің «Сүңгуір қайық», В.Киршонның «Астық», А.Погодиннің «Ақсүйектер», «Мылтықты адам», Н.В.Гогольдің «Ревизор», К.С.Треневтің «Любовь Яровая», В.Шекспирдің «Отелло» спектакльдерінің ұлттық актер ойыны қалыптасуында маңызы бар.

Аударма пьесаларда сахнадағы жүріс-тұрысты, көруді, естуді, бағалауды, сөйлеуді өзге ұлтқа тән пластикалық қимыл-қозғалыстарды ойнауда актерлеріміз көптеген жаңалықтарды игерді. М.Тригердің «Сүңгуір қайық» пьесасындағы (режиссері Я.П.Танеев) «сөзсіз этюд» оқиға дамуына сай музыкасын, декорациялық көркемдеуін, сахна дыбыстарын пайдалануы театрдың сахна мәдениетін меңгеруіне пайдасын тигізді. В.М.Киршонның «Астығын» (режиссері М.Г.Насонов) қоюда актерлердің киімдерінің, гримдерінің жалпы сыртқы пішінінің кейіпкердің ішкі дүниесімен астасуы игерілді. Н.Погодиннің «Ақсүйектер» спектаклінде де (режиссері И.Г.Боров) әлеуметтік ортасы, психофизикалық әрекеттері мүлдем басқа ұры-қарыларды бейнелеуде актерлік ізденістердің жаңа нәтижелеріне қол жеткізілді. Атап айтқанда, сахнадағы шарттылық аясында станоктарды оқиғаның ыңғайына қарай бірде жол, бірде жатақ, бірде кеңсе, бірде көпір ету, дауысты төменнен де, жоғарыдан да естіртудегі ерсілі-қарсылы жүру шарттылығы- бәрі де театрлық негіздегі жаңалықтар болды. Қазақ актерлік өнерінің жетіле түсуіне Н.В.Гогольдің «Ревизор» (режиссері И.Г.Боров) комедиясының да біршама ықпалы болды. Мұнда кейіпкерлердің ішкі әлемінен сырт келбетіне, немесе сырт келбет ерекшеліктерінен ішкі толғаныстарға ену, ойынды ойнақы ету үшін арнайы көріністерге би, музыка енгізу, яғни спектакльге пантомима, комедиялық жеңіл қозғалыстар араластыру жүзеге асырылды.

Орыс режиссерлері ұтымды мизансценалар құруды, сахналық динамиканы көре білуге, спектакльдің уақыты мен ырғағын ұстауды, әртүрлі қызықты ойын әрекеттерін іздеуге бағыт сілтеді. Сонымен қоса қазақ театрына спектакль жасаудың кешенді құрылымын меңгеруді, пьесаны көкірек көзімен көре отырып, драматургиялық материалдың идеялық-көркемдік бағытын бейнелі әрі эмоциональды ашуды, әрекеттерді, мизансценаларды, ырғақтарды, яғни спектакльдің сахналық түрінің барлық элементтерінің басын қосып, тұтас спектакль жасаудың кәсіби үлгісін көрсетті.

Осы тараудың «Соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы орыс театр мәдениетінің ықпалы» деген 2.2. тараушасында соғыс және соғыстан кейінгі жылдары қазақ жерінде еңбек еткен орыс және өзге ұлт режиссерлерінің қазақ театр мәдениеті мен эстетикасын көтеруге қаншалықты әсер еткендігі қарастырылды.

Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-45) Қазақстанға эвакуациямен Россиядан, Украинадан және де Одақтың тағы да басқа қалаларынан келген (Москвадан Моссовет атындағы театр, Украинадан И.Франко атындағы театр мен Киевтен Леся Украинка атындағы театр т.б.) театрлардың шығармашылық жұмыстары қазақ өнер шеберлеріне игі ықпалын тигізді. Режиссер педагогтар И.О.Пыжова мен И.В.Бибиков екеуі бірлесіп қойған Шекспирдің «Асауға тұсау» спектаклі (1943) Қазақтың Мемлекеттік академиялық театрының ең таңдаулы қойылымына айналып, актерлердің жаңа қырларының ашылуына үлкен мектеп болды. Спектакль туралы кеңінен жазған театртанушы О.Кайдалова қойылымның сәтті болу себебеі шығармадағы «...өмір сүйгіштік пен құштарлықтың ұлттық эпос пен фольклордағы бейнелерге жақындығынан» [ 11, 161 ] деп тура бағалаған. Ал Н.Берковский болса аталмыш спектакльден «вахтангов бастамасын» [12, 39] көрді. Оның бұл пікірінің растығын И.О.Пыжова мен Б.В.Бибиковтың бір кезде МХАТ-тың бірінші студиясында Вахтанговпен қызметтес болғандықтары дәлелдей түседі. Осы айтылған ой-тұжырымдарға сүйене отырып қазақ театрына Станиславский жүйесінен басқа Е.Г.Вахтанговтың режиссерлік тәсілінің де келгендігіне көз жеткіземіз.

И.О.Пыжова мен Б.В.Бибиков қазақ актерлерінің роль сомдаудағы шынайылығына, суырыпсалмалық шеберліктеріне тәнті бола жүріп, орындаушылардың музыкалық, пластикалық қасиеттерін шеберлікпен ашты. Комедиядағы өткір қалжың, жарасымды әзіл, шымшыма әжуа қазақ халқының табиғатына жақын болғандықтан да, орындаушылар ерен шабытпен ойнады. Бұл спектакль қазақ актерлік мектебінің мықтылығын дәлелдеп берді.

Г.Л.Рошальдің режиссурасымен сахналанған Ә.Тәжібаевтың «Жомарттың кілемі» (1945) кино тілін пайдаланып қойылған алғашқы спектакль болды. Режиссер сахналық батыл ізденістер жасай отырып, аса бейнелі, шапшаң ағымды, сан қилы құбылыстар тез алмасатын спектакль тудырды. Режиссер қолданған тәсілдер қазақ актерлерінің орындаушылық шеберлігіне өз бедерін салды.

Соғыстың сұрапыл жылдары эвакуациядан басқа, сталиндік репрессиямен Қазақстанға жер аударылып келген өнер майталмандарының бірі Н.И.Сац өзінің екінші шығармашылық өмірін бастады. 1942 жылдың 21 тамызында түрмеден шыққан «халық жауы» Н.И.Сацқа Ресей өкіметі бірден сеніммен қараған жоқ. Москвадағы өнер ісі комитетінің төрағасы М.Б. Храпченко өзіне шақырып, алыс жатқан Қазақстанға жолдама береді. Оның Алматыдағы опера және балет театрына режиссерлікке аттануына тура келеді. Сол тұста қазақ мәдениеті мен әдебиетінің үлкен жанашыры Халық комиссариаты І.Омаровтың қабылдауында болған Н.И.Сац: «Мен Ілияс Омарұлы Омаровпен он бес минут сөйлестім, одан кейін бірден бүкіл қазақ халқын жақсы көріп кеттім» деп [13, 392] толғана отырып, сол әңгімеден кейін опера театрында жемісті еңбек ететініне нық сенімге ие болғанын айтады. Қаншама жылдар бойы тұтқында болып, рухани соққы алған Н.И.Сацтың өнерге қайта оралуына Қазақстанның тигізген ықпалы ерекше болды.

1944 жылдың 14 мамырында опера театрында Н.И.Сац режиссурасымен қойылған Дж. Пуччинидің «Чио-Чио-Сан» операсы аса үлкен жетістікке ие болды. Ол өзінің нағыз өнер үшін жаралған ерекше дарын иесі екендігін тағы бір рет дәлелдеп берді. Қазақ жеріндегі балалар мен жасөспірімдер театрының ашылуына Н.И.Сац көп еңбек сіңірді. Қазақстанның Орталық комитетінің екінші хатшысы Шаяхметовтың қабылдауында болып осы тақырып аясында ұзақ әңгімелескен режиссер қазақ балалары үшін театр қажеттігін барынша түсіндіреді. Н.И.Сацтың іскерлігіне сенім артқан Шаяхметов оның бастамасын құптап, сөзге келместен қолдау көрсетеді. Осы кездесуден соң Н.И.Сац арнайы түрде Москваға іс сапармен барып, өнер ісі комитетінің төрағасы М.Б.Храпченкоға жолығып, Қазақстанға балалар мен жасөспірімдер театрының ауадай қажет екендігін дәлелдеп, оны көп кешіктірмей ашуға рұқсат сұрайды.

1944 жылдың 6 қыркүйегінде жасөспірімдер мен балалар театрын ашу мәселесiне байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетi мен Республика үкiметi арнайы қаулы қабылдады. 1945 жылдың 7 қарашасында Қазан төңкерісінің 28 жылдық құрметіне орай, балалар мен жасөспiрiмдер театрының орыс труппасы Н.И.Сацтың режиссурасымен қойылған Е.Шварцтың «Қызыл телпек» пьесасымен ашылды. Қазақ труппасын ұйымдастыру жұмысы қатар жүргізілді.

1946 – 1947 жылдары қазақ труппасы құрылып, 1947 жылдың 2 ақпанында А.Н.Островскийдің «Мысыққа күнде той бола бермес» атты комедиясын көрсетті. Бірақ дәл сол уақытта ХІХ ғасырдағы орыс өмірін боямасыз суреттеп берген Островскийдей күрделі драматургтің пьесасын терең ұғып, бірден игеріп кетуге театрдың шығармашылық тәжірибесі мен дайындықтары жетіспегендіктен де спектакль ойдағыдай шықпай қалды. Бұл туралы С.Шәріпов былайша еске алады: «Алғаш құрылған кезде артистер құрамы да өте шағын еді, труппада оншақты ғана (А.Мәмбетова, Р.Өтегенова, Л.Ғалімжанова, С.Сқақова, Қ.Көпбаев, Г.Тұрсынбаева, Ж.Мұсатаева, С.Шәріпов) адам болатын» [14, 139 ]. Әрине, бұл актерлердің қатары бірте-бірте Алматының театр училищесі мен кинотеатрлар мектебін бітірген жастармен толықтырылды. Қызылорда облыстық театры жабылып қалғандықтан, оның біраз актерлері 1948 жылы жаңадан ұйымдастырылып жатқан балалар театрына шақырылды. Олардың ішінде Ж.Бектасова, Б.Құланбаева, М.Құланбаев т.б. бар еді. Құрамын жаңа актерлермен толықтырған театр ұжымы көп ұзамай А.Толстойдың «Алтан кілт» (аударған Қ.Тоғұзақов) пьесасын қоюға әзірлене бастайды. Кеңес Одағы көлеміндегі бірнеше балалар театрының дәл осы ертегімен бүлдіршіндер әлемінің сиқырлы есігін ашқанын жақсы білетін Н.И.Сац репетицияға қызу кіріседі. Ол сахна өнерінің қыр-сырын жетік меңгеріп үлгірмеген жас труппа мүшелерінің актерлік шеберлігін жетілдіру мәселесіне баса көңіл бөлді. Режиссер ән-би, музыка сабақтарын жүргізумен шектелмей, пьеса кейіпкерлерінің ерекшелігі туралы мазмұнды дәрістер оқып отырды. Сөйтiп, араға бiр жарым жылдай уақыт салып ұзақ дайындалғаннан кейін, 1948 жылдың 4 шiлдесiнде А.Толстойдың «Алтын кiлтiмен» театр өз шымылдығын ресми түрде ашты. Аталмыш тараушада Н.И.Сацтың актерлермен жұмыс жасаудағы режиссерлік тәсілдері мен балалар театрының ірге тасын қаласудағы еңбегі жан-жақты зерттелді.

Бұл тараушада соғыс және соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда тұрып ұзақ жылдар бойы қазақ театр өнерінің өркендеуіне ат салысқан М.И.Гольдблаттың, Мен Дон Уктың, А.Л.Мадиевскийдің режиссерлік қолтаңбалары жеке-жеке қарастырылды.

Қазақ театрында бірнеше жылдар бойы жұмыс жасаған М.И.Гольдблат қазақ актерлерінің табиғи талантын өз қойылымдарында шеберлікпен аша білді. Оның режиссурасымен қойылған спектакльдердің барлығында да жаңа есімдер шығып отырды. Айталық, “Профессор Мамлогта” Мамлог-Қ.Бадыров, Ғ.Мүсіреповтың “Ақан сері–Ақтоқтысында” Ақтоқты-Ш.Жандарбекова мен Ақан-Ш.Айманов, М.Әуезовтың “Еңлік-Кебегінде” Еңлік-Б.Римова т.б. актерлермен режиссердің кәсіби деңгейде ерінбей жұмыс жасауынан олардың таланттары елге танылды. М.И.Гольдблат кейіпкерлердің психологиясын, мінезін орындаушыларға теориялық тұрғыда саралап түсіндірді. Актерден физикалық әрекетті логикалық тұрғыдан біртіндеп өрістетуді талап етті. Режиссер орындаушыларға ішкі тебіреністік көңіл-күй элементімен қабат, қимыл–іс мәдениетіне жататын: пластика, ырғақ, көркем қимыл, дауыс, дикция, деммен жұмыс жасаудың жүйелі бірлігін сіңірді. Ол кейіпкерлердің поэтикалық жан-дүниесінің ашылуына көп мән берді. Спектакльдерінде романтикалық леп басым болды.

Жамбыл, Қызылорда облыстық театрларында табысты спектакльдер қойып барып, Жастар мен балалар театрында ұзақ жылдар жұмыс жасаған Мен Дон Ук аталмыш театрдың шығармашылық жұмысының ілгерілеуіне мол үлес қосты. Оның режиссурасымен қойылған спектакльдерді өз көзімен көрген театр сыншысы Ә.Сығай: «Мен Дон Уктың актерді қуырып жердей шығармашылық сабырсыздығы, өткір фантазиясы, ойда жоқ жерден мизансценалық өрнектерді қиыннан қиыстыруы, актерге кейіпкер мінез-құлқын іздеудегі қатқыл талабы бәрі-бәрі қабыса келіп әрбір көркем қойылымның мазмұнды шығуына ұласып жатары күні кешегі шындық. Режиссердің адуын әрекеті оның іздену үстіндегі алақұйын мазасыздығы, тұрмыстық күйкі тіршіліктер аясынан шығандай тартып, әлеуметтік, философиялық, монументальдық өрелерге қиял шарықтауы актер әлемінің ірілене, айшықтала, сұлулана түсуіне даңғыл жол ашты.» [15, 289 ] - деп режиссердің өзіне тән қолтаңбасынан едәуір мағлұмат беріп өтеді. Шарттылыққа сүйене отырып спектакльдер қойған режиссер этнографиялық тұрмыстық дәлдіктерден бойын аулақ салып, сахнада өтіп жатқан оқиғаның аса динамикалы болуын және де өз ой-тұжырымдарын бейнелі символдық шешімдермен жүзеге асыруды назарда ұстады. Актерлерден бір сахналық күйден екіншісіне тез ауыса отырып, кейіпкердің ой-сезімін психологиялық тереңдікпен жеткізуді талап етті. Оның режиссурасымен қойылған Б.Жакиевтің «Әке тағдыры» (1963), Ш.Айтматовтың «Алғашқы мұғалім» (1964), «Арманым Әселім» (1966) т.б. спектакльдерінде ойнаған актерлердің есімі Одаққа та танылып жатты. Мен Дон Ук қазақ сахна өнерінде актерлік психологиялық мектептің іргесін нығайта түсті.

Қазақ театрында актерлермен жұмыс жасаудың озық үлгісін көрсеткен режиссердің бірі А.Л.Мадиевский болды. Ол 1961-64 жылдары Қазақ драма театрының көркемдік жағын басқарып М.Әуезовтың “Қаракөзін”, Т.Ахтановтың “Сәулесін”, Ш.Айтматовтың “Жәмиләсін” “Аңсаған менің әнімсің” деген атпен қойды. Оның спектакльдерінде кейіпкерлердің барлығы да жан-жақты талданып, мінездері психологиялық тереңдікпен жасалды.

А.Л.Мадиевский режиссерлікпен бірге Құрманғазы атындағы өнер институтында (консерватория) дәріс берген ұстаздардың бірі. 1959 жылы осы өнер ордасында тұңғыш рет ашылған режиссерлік бөлімге түскен Қ.Жетпісбаев, Е.Обаев, В.Пұсырманов, М.Байсеркеновтай т.б. талантты режиссерлерді дайындап шығарды.

Сонымен бұл тараушада орыс және өзге ұлт режиссерлерінің қазақ сахна мәдениетін сақтай отырып, орындаушылық шеберлікті шыңдауға қосқан үлестері сараланды.

Диссертацияның
1   2   3   4   5

Похожие:

НҰрпейіс бақыт кәКИҚызы қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005) iconМҮРСӘлімова гүЛНӘр амангелдіқызы қазақ көркемсуретті балалар киносының даму кезеңдері
Диссертация Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино тарихы мен теориясы кафедрасында орындалды

НҰрпейіс бақыт кәКИҚызы қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005) iconҚазақ әдеби тілінің тарихи негіздері мен даму кезеңдері
Көне түркілік мұралар мен қазақ әдеби тілі нұсқалары арасынан қандай сабақтастықты байқадыңыз?

НҰрпейіс бақыт кәКИҚызы қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005) iconФ кгму 4 /3- 04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: студенттерді саяси ғылымдарының негізгі кезеңдері мен қалыптасуы таныстыру оған назар аудару қажет екенін түсіндіру. Оларды...

НҰрпейіс бақыт кәКИҚызы қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005) iconҚазақ филологиясы кафедрасы
Пәннің мақсаты: Бағдарлама бойынша студенттерге балалар әдебиетінің қалыптасуы, дамуы, кезеңдері және балалар әдебиетіне көп үлес...

НҰрпейіс бақыт кәКИҚызы қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005) iconҚазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Тілдің анықтамасы және оның мәні. Тілдің шығуы мен қалыптасуы. Тілдің тарихы мен даму заңдылықтары

НҰрпейіс бақыт кәКИҚызы қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005) iconҚазақстан Республикасы салық жүйесі: қалыптасуы мен даму кезеңдері
Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің,...

НҰрпейіс бақыт кәКИҚызы қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005) iconФ кгму 4 /3- 04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: Саяси ғылымдарының негізгі кезеңдері мен қалыптасуы Қазақстан саяси ойларының тарихы

НҰрпейіс бақыт кәКИҚызы қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005) icon7-9 сыныптар (бастауыш көркемсурет даярлығы)
Кейінірек, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты деген атпен танылды. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік көркемсурет...

НҰрпейіс бақыт кәКИҚызы қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005) iconМанап алмагүл серікқалиқызы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтің қалыптасуы және даму бағыттары (Алматы қаласындағы франчайзингтік фирмалардың материалдары негізінде)
«23» мамыр күні 14. 00 сағатта Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін...

НҰрпейіс бақыт кәКИҚызы қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915-2005) iconУчет и аудит каталог элективных дисциплин специальности 5В050800
Ежелгі Шығыс мәдениеті. Ежелгі Рим және Грекия мәдениеті. Орта ғасыр мәдениетінің ерекшеліктері. Жаңа уақыт мәдениеті, мәдениет тарихындағы...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница