Мектепке дейінгі және Бастауыш біліМ беру




НазваниеМектепке дейінгі және Бастауыш біліМ беру
страница16/25
Дата конвертации19.09.2012
Размер3.36 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kazmkpu.kz/attachments/429_Habarshi 4(6) 2011g.doc
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

ӨНЕР ТАРИХЫНАН РЕЖИССЕРДІҢ ТЕАТР ҰЖЫМЫНДАҒЫ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ МЕН РӨЛІН ТАНЫТУ


Аманқұлова Л.Ә. – аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Театр – сан салалы өнердің қалыптасатын шеберханасы, бір жағынан таңғажайып қарапайым, екінші жағынан өмірді ұғуға көмектесетін терең ойлы философия. Бір кездері театрды өнердің дөрекі және нәзік түрі деп атаған.

Режиссер театрда жасырын сиқыршы және ойшыл. Ол көрерменге спектакль кейіпкерлері сияқты көрінбейді, бірақ театрдағы бүкіл шығармашылық ұжымның еркі режиссердің қолында. Егер режиссер болмаса, суретшінің актерге әсері баяулап, ал актерлер кейіпкер ретіндегі ойын процесінде бір-біріне ықпал етіп, тұтас образдық әлемге ене алмас еді. Театр шеберлерінің бір-бірімен бәсекелесіп, әрқайсысы өз ойларын айтуының арқасында пьесаға деген түсінік бірдей болады. Драмалық шығармаға қатысты туындаған ойлармен келісуінен режиссердің қызметі өз бастауын табады.

Режиссер өнерінің мәні - театр ұжымындағы шеберлердің өнерін біріктіру. Себебі режиссер ұжымында шабыттандырушы, жекелеген актерлік өнерді біріктіріп, оған күш салып, жалпы көркем идеялық арнаға бағыттайды. Сонымен қатар, спектакльге бірыңғай мінез, сарын мен екпін береді.

Режиссер тек қана шығармашылық ұжымды басқарып қана қоймайды, ол сол ұжымды сахналық өнердегі міндеттерді жалпылама түсіндіруге баулиды. Режиссер қызметінің орны мен мағынасы, оның бүгінгі қоғам өміріндегі театрдың алатын орнына байланысты, сонымен қатар, олардың таланты мен адамгершілігіне байланысты. Өткеннің атақты режиссерлары ешқашан театрлық кәсіпкерлікке тар көлемде тоқталмаған. Ленский, К.С.Станиславский, В.И.Немирович - Данченколар бір-бірінің ойымен келісе бермейтін режиссерлер болған. Олар тек қана жаңа театрлар құрып, актерлерді тәрбиелеп қана қойған жоқ. Сонымен қатар, драматургияның дамуына театрдың идеялық және эстетикалық принциптеріне көп көңіл бөлуді мақсат тұтқан.

Актер сахнада өз бетінше кейіпкеріне мінез қалыптастырады және де ол режиссердің көмегінсіз спектакльдегі сахналық образды аяқтай алмайды. Осы сәтте режиссер қол ұшын беріп, көмекке келеді.

Ол бірнеше образдан туындаған көркем бір арнаға, симфониялық спектакльге бағыттайды. Режиссер спектакль қою барысында театрға байланысты барлық амал-әдістерді пайдаланады.

Драмалық шығармаға актер ойыны арқылы жан бітеді. Режиссер қызықты мизансценалар құрайды. Ал сахналық әрекеттің темпо-ритмі көрерменнің зейінін жаулап алады. Осының бәрі адамның ойлау сезімі мен қабілеті бай болғанда ғана жүзеге асады.

К.С.Станиславскийдің айтуы бойынша, режиссер - ол тек пьесаны талдап, актерлерге қалай санау техникасын үйретіп кана коймайды, ол декорацияның құрылуын да қадағалайды. Режиссер - өмірді бақылап, өзінің кәсіби театрлық білімімен қатар, максималды дәрежеде түрлі салада білімдар болуы қажет.

К.С.Станиславскийдің серіктесі - В.И.Немирович Данченко режиссер қызметін кең түрде түсінген: "... Режиссер - үш келбетті тірі организм"- деген пікір білдіреді.

1. Режиссер - түсіндіруші; ол - қалай ойнауды көрсетуші, сондықтан оны режиссер - актер, режиссер - педагог деп атауга болады.

2. Режиссер - айна. Жекелеген актерлердің қасиеттерін бейнелеп көрсетуші.

3. Режиссер – ұйымдастырушы,- деген бағалы пікірлер қалыптастырады.

Көпшілік көрермен режиссерді тек ұйымдастырушы деп қана қабылдайды, себебі ол қойылымда көзге ерекше байқалады. Спектакльдің мизансценасынан декоратордың түпкі ойынан дыбыс, жарық және халықтық сахнаның құрылымынан көрінеді.

Ал, режиссер - түсіндіруші мен режиссер - айна көрінбейді. Ол актердің жан дүниесіне сіңіп кетеді. Режиссер актер шығармашылығында жансыз, жоқ болып кетуі қажет. Дегенмен режиссер көрсетіп, ойнап берген рольдің көшірмесін көрсету де шынайылыққа жақын болмайды.

Режиссер–айнаның басты ерекшелігі ол актердің жұмыс барысындағы жеке қабілетін байқау. Актердің бойындағы автор мен режиссер ойының көрінісін болжау. Оған не жарасымды, не нәрсе оны ұсқынсыз етіп тұр, оның фантазиясы мен ықыласы қайда алып барарын қадағалау. Қателескен жерінде сөкпей, сыпайы ғана түсіндіру керек. Осыдан актер айнадай көргендей өзін-өзі көруі қажет.

Режиссер – ұйымдастырушы өзінің таным көкжиегіндегі спектакльге қатысты бүкіл элементтерді кіргізіп, 1-ші орынға актер шеберлігін қолдана тұра, оны айналадағы жағдайлармен байланыстырып, бір гармониялы арнаға алып келеді. Режиссердің толғанысы, қойылымның түпкі ойы, актердің таланттылығымен спектакльдің бір ғана құйылған гармониясы толықтыру мүмкін емес. Осы айтылғанның барлығы ұжымның бір ауамен өмір сүріп, дүниетаным көзқарастары бірдей, бір жерден шыққанда ғана көрерменді өз еңбектерінде сүйсіндіре алады.

Ұжымның ішіндегі кез келген адам қателесуі мүмкін. Себебі қателіктің арқасында табысқа жетуге болады. Сондай-ақ актерлер де дайындық барысында қателесуіге бой алдыруға болады. Сонда ғана актер еркін кеңістікте ізденіп, талпынып жаңа бояуларға бара біледі. Суретші музыкант, режиссер, актер қай-қайсысы болмасын өз туындыларында түпкі мақсаттары кең ауқымды болуы қажет. Егер режиссердің дүниетанымы кейбір деректермен ғана шектелсе, онда қойылым да әлсіз болады. Сондықтан көп ізденіп, еңбек ету қажет.

Режиссер өз қойылымының қай жанр екенін анықтап характерді, мазмұнды, атмосфераны сол жанрға сәйкестендіріп бейнелеу керек. Пьесада өмірде болып жатқан оқиғалардағы мінездер бояу, пішін, ырғақ, образ арқылы жеткізіледі. Биік өмірлік мақсатсыз режиссер-жазушы драматургтің түпкі мақсатын түсініп, әрі қарай дамыту, қанық бояулармен толтыру қиынға соғады. Пьеса - жалпы өмірлік оқиғалар шынжырынан үзіп алынған бір ғана бөлік, әдетте осы драматург таңдап алған проблеманы шешуші бөлігі. Сондықтан да режиссер қойып отырған пьесасының оқиғалар желісінің даму барысын анық көре білу керек.

«Пьесада болып жатқанның барлығы-оның үлкенді-кішілі мақсаттары, актердің ой-тұжырымы мен әрекеті, рольге деген жауапкершілігі – пьесаның түпкі мақсатын орындау үшін алға ұмтылады». К.С.Станиславский түпкі мақсатқа талпынушылық үздіксіз кең қолашты, пьеса мен роль арқылы өтетіндей болуы шарт.

Осы сәттен бастап актер мен режиссердің шығармаларында тәуелсіздік дербестік басталады. Дәл осы дербестік әрқайсысына өзінше ізденуіне, дүниетанмының тұтасығын, өмірге деген құштарлығын арттыруға көп көмек береді. Міне, осыдан бастап К.С.Станиславскийдің бізге түпкі мақсат жазушының түпкі ойын анықтау үшін сонымен қатар түпкі мақсатты тек рольден ғана іздемей, актер бойынан да іздеу керектігі дәлелденеді.

Спектакльдің көркемдік тұтастығының түпкі мақсаты мен өзекті әрекетін болжай барып, режиссер әрбір жекелеген актерлар образын бір басты әрекетке бағындырады. Барлық қатысушы кейіпкерлер спектакльдің өзекті әрекетінің қозғаушы күшіне айналады. Түпкі мақсат пен өзекті әрекет нақыт, дәл анық болуы шарт. Тұтас сахналық образ-драматург пен актердің түпкі мақстаы. Ал түпкі мақсат-ақылмен ашылған мақста.

Театрда бір спектакль қойылу үшін, ұжым болып жиналып пьеса оқылады. Егер оқылған шығарма үлкен дау талас-тартыс тудырса, демек оны сахнаға қоюға әбден болады деген қорытындыға келеді. Бұл актерлар мен режиссер қиялын сеңімді қорекке ие болды деген сөз. Режиссердің түпкі ойы небәрі терең, бай, кең ауқымды болса, сонысымен құнды. Суретші өзінің ой қиялынан туындаған дүниені асыра сілтеуіне әбден болады. Егер ол көз алдындағы материалды сол қалпынды суреттесе, онда ол өнерге жатпайды.

Драматургтің режиссерден айырмашылығы, ол драматургтің ой-қиялына әрекет етіп отырған кейіпкерлер характерімен оқиғалар желісі негізінде туындайды: бір жағынан оқыған пьесадан екінші өмірде басыңнан кешкенін еске алуы арқылы.

Режиссер В.И.Немирович-Данченко әрқашан театр сутеркерлеріне ең бастысы пьесаның негізгі «дәнін» табуды көп ескерткен. Пьесадағы негізгі дәнді тауып болған соң, оны дайындық кезінде, әрбір сахнада, әрбір детальда, әрбір образда іздеп отыру керектігін айтқан.

«Дән-бұл спектакльдің темпераменті, түпкі мақсат осыған бағытталған мақсат, өзекті әрекет - бұл аткердің өз мақсатына алып бара жол». Редиссердің ойы нақты терең эмоционалды, ұғынықты болса, онда актер ойыны да әсерлі болады, және мизансценаларда қанық болуға толық образ туындайды. Ой-бұл көркемдік көру, ол режиссер мен актерді соңғы детальдарды жасап біткенше маза бермейді. Мысалы, К.С.Станиславский «Отеллоның» сахналарын түсінде де көрген.

Егер режиссертаңдап алған пьсадағы кейіпкерлер мінезін, пьесаның атмосферасын, сонымен қатар автордың ойы мен сезімін білгісі келсе, ол тек қана берілген пьесаны ғана зерттемей осы автордың жазған барлық шығармаларын зерттеу керек. Спектакльдің көркемдік тұтастығы әсерлі болу үшін режиссер ойының нақты болған қажет.

Болашақ спектакльге суретшіні табу пьесадағы ролдері бөліп берудей қиын жұмыс. Дегенмен де режиссердің ішкі ойы арқылы барлық қиындық өз шешімін табады. Сондай-ақ режиссер көз алдына елестетіп отырған. Сахналық шешімдер мен суретшінің ойы бір жерден шығып отыруы қажет. Сонда ғана спектакль көркемдік тұтастыққа жетеді. Мұнда актер жасаған образ, музыка, жарық барлығы үндестікке құрылуы басты мәселе.

Спектакль қою барысында көркемдік тұтастық тудыра алу режиссердің жетістіктерінің бірі. Актер жалғыз өзі көркем әрі дарындылықпен бір рольді ойнап шығуы мүмкін. Алайда ол сахналық образдар жүйесінде ғана адамның мінезін нәзік және дәл көрсете алады. Тек қана актер мен режиссердің үздіксіз ізденіп жұмыс жасауы арқасында актер өз кейіпкеріне тән қимыл-қозғалыстардың көмегімен үлкен табысқа, жетістікке жетеді. Сомдалатын кейіпкердің әрекеті арқылы оынң мінзеін байқау қиынға соқпайды.

Режиссердің пьесадағы әрекететуші кейіпкердің пьесаның өзінің үздіксіз өмір сүретін адамдар ретінде қабылдап отырады. Сондықтан да актер тәрбиелеуде барлық методика мен техника оның бүкіл қойылым дайындығы рольде өмір сүруін үйрету үшін бағыты дұрыс болуы қажет.

Әрбір сахнаның өзіне тән темпо-ритмикалық мінезі болады. Ол, әрине, бірнеше темпо-ритмдерден құралады. Барлық орындаушыларға сахнаның немесе суретшінің жалпыға бірдей темпо-ритм ұсыну режиссердің қателігі болып саналады. Ал жалпыға бірдей темпо-ритмді К.С.Станиславский шарттылық деп атайды.

Режиссер өз бетінше әрі еркін еңбек ету керек. Десек те, оның өнері драмалық шығарманың сапасына тікелей байланысты. Негізінде мақсаты драматургтің ойын айтып беру деп түсінетін режиссер қатты қателеседі.

Станиславский режиссер мен актерлер «ағаштардан орманды көрмейді» дейді. Көптеген техникалық тапсырмалар мен детальдармен шатаса отырып пьесаны толығымен көз алдымызға елестете алмаймыз. Дегенмен кез-келген кейіпкер қойлымды талай көрсе, сол күйде айтып өтеді. К.С.Станиславский алғашқы жасаған қадамнан теориялық сарынға түспей, пьесаны талдауға практикалық амалдарға бара білу өте маңызды.

Жақсы қойылған спектакль режиссердің тынбай күндіз-түні ізденушілігінің арқасы деп білуіміз керек. Режиссер драматургтерден, актерлерден, суретшілерден өзінің біліктілігімен, ізденпаздығымен, көрегендігімен әрқашан бір саты жоғары тұруы шарт. Режиссерлық өнерді театрда, концертте, көпшілік мерекелерде, той-думандарда ұйымдастырушысыз елестету мүмкін емес.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. А.Құлбеев. Сыр мен сымбат. «Мектеп-Болашақ» ЖШС, 2005ж.

  2. Ә.Сығай. Ой төрінде-театр. Алматы: ҚазАқпарат, 2008 ж.

  3. Б.Құндақбаев. Театр туралы толғаныстар. «Өнер» баспасы, 2006 ж.

  4. Ю.Головашенко. Режиссерско искусство Таирова. Москва, Изд. «Искусство», 1970.

  5. М.Байсеркенов. Сахна және актер. Алматы, «Ана тілі» 1993 ж.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада режиссерліктің театр ұжымындағы қызметі мен рөлі айқындалады.

РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается роль и функция режиссера. Искусство режиссера-объединение профессиональных навыков работы коллектива. Режиссер не только руководит коллективом как и разъясняет в целом задачи, метода сценического искусства.


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ


Ашикбаева Г.Д., Паштанов С.У. (Түркістан қ., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ)


Оқушылардың технологиялық даярлығын қалыптастырудың идеялары мен принциптерін жүзеге асырудың қажетті шартына және соған сай дайындығы бар педагогикалық кадрлардың болуы жатады. Оқушылардың технологиялық даярлығын қалыптастыруды қайта реформалау жоғары оқу орнына дейін, жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейінгі жұмыстардың барлық кезеңдерінде қазіргі заманғы педагогты даярлау, жаңа формалар мен әдістерді іздеу жүйесінде мазмұндық және ұйымдастырушылық жаңарулар қажеттілігін айқындайды. Осыған байланысты соларға сәйкес мамандарды даярлау үздіксіз білім беру жүйесінің негізінде құрылады /1/.

Технология пәні мұғалімін даярлау әлеуметтік түсініктер мен қоғамдық қатынастарды қалыптастыру, кәсіби маңызы бар шешімдер қабылдау және оларды кәсіби даярлау жүйесіне дейінгі және кәсіби даярлау жүйесіне енгізу, дербес практикалық қызмет процесіндегі жалпы білім беру кезеңінде басталады.

Кәсіптік даярлауға дейінгі кезең кәсіби өз орнын табу, мектеп бітірушілердің таңдаған мамандығы бойынша кәсіптік оқуға даярлығын қамтамасыз ету мен дамытуды қарастырады /2;3/.

Мектепте оқытудан кәсіби оқытуға өтуді жүзеге асыру оқушылардың білім алуын жалғастыруға көңіл-күй-еріктік және құзырлығына қол жеткізуін талап етеді. Жастарды педагогикалық қызметке іріктеу мен даярлаудың сәттілігі мамандардың одан әрі кәсіби жұмысының нәтижелерін анықтайды.

Технология пәні мұғалімінің кәсіпке дейінгі даярлығы мынадай принциптерді есепке алумен жүзеге асырылуы тиіс: жүйелілік және кәсіби бағыттылық, сондай-ақ оқытудың әлеуметтік маңыздылығы мен субъектілігі негізінде мамандық алуға даярлыққа қол жеткізу мақсатында бағыттылықты есепке ала отырып педагогикалық процесті ұйымдастыру.

Мектеп бітірушілеріне педагогикалық білім алуға даярлығын қалыптастыру: педагогикалық мамандықты таңдау және кәсіптік оқу орнына сәйкес келуші оқыту формасы мен деңгейлік компоненттерін қамтиды. Белгіленген жоспарды жүзеге асыру үшін мектеп бітірушілердің жалпы білім деңгейін кәсіби оқыту міндеттеріне сәйкес келуіне қол жеткізу, сондай-ақ талапкерлердің (мектеп бітіруші, жоғары оқу орнына түсуші үміткер) кәсіби жағынан таңдаған мамандығының маңызды тұлғалық қасиеттеріне сәйкес келуі тиіс.

Болашақ технология пәні мұғалімінің кәсіпке дейінгі даярлығын сала бойынша жалпы білім беру бөліміне жатқызады, сондай-ақ жалпы кәсіптік және болжау жасалынып отырған қызмет саласымен танысу үшін арнайы компоненттерді де қосады.

Сала бойынша пәндік даярлық базалық жалпы білім берудің жоспарланып отырған кәсіптік оқыту талаптарына бағытталады. Бұл мәселе мектеп бітірушісінің жалпы білім даярлық деңгейінің кәсіби білімі беру жүйесінің талаптарына сәйкес келмеуінің салдары болып табылады, ол соған сай маманданған даярлықты қажет етуін анықтайды.

Болашақ технология пән мұғалімінің арнайы даярлығы сол мамандық бойынша оқытудың теориялық және қолданбалы тарауларының жаңа бағытының педагогикалық тәжірибесіне сәйкес келуін шығуын көрсетеді. Ол кәсіби-білім беру шешімін қабылдау мен өмірлік және кәсіби жоспарларын нақтылауда жүйеге келтіруші және анықтаушы рөл атқарады.

Осы берілген кешенді міндеттің шешімі жалпы білім беру жүйесінде немесе жоғары сынып оқушыларын мектептен тыс қосымша даярлау негізінде, сондай-ақ қарастырылып отырған тәсілдер комбинациясынан табуға болады. Бұл оқушылардың технология пәні мұғалімі мамандығын алуға кәсіпке дейінгі даярлықтың алуан түрлі нұсқалар анықталады және оны түрлі ұйымдастырушылық формаларда жүзеге асыруға мүмкіндік береді, оларға жататындар:

  • педагогикалық оқу орындарының дайындық бөлімдері мен курстары;

  • жалпы білім беретін мектептердің сала бойынша технологиялық-педагогикалық сыныптары;

  • мектепаралық оқу комбинаттарының сала бойынша технологиялық-педагогикалық сыныптары;

  • оқушыларға қосымша білім беру жүйесіндегі кәсіпке дейінгі даярлық бөлімдері;

  • бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелеріндегі жоғары оқу орнына даярлауға дейінгі бөлімдер жатады.

Кәсіптік мектеп жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік тапсырыс берушісі ғана емес, сонымен бірге мамандық алуға оқушылардың даярлығын жетілдіруде белсенді қатысушы және мүдделі әріптес ретінде де көрінеді.

Технология пәні мұғалімін даярлау оның кәсіби қызметке даярлығына, үздіксіз дамуы мен өздерінің кәсіби қасиеттерін жетілдіруіне қол жеткізуін білдіреді.

Оқушылардың технологиялық даярлығын қалыптастырудың сәйкес міндеттеріне педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін қалыптастыру оқу процесінің ұтымды шарттарын қамтамасыз ету мен анықтау, кәсіптік оқыту формалары мен әдістерінің мазмұны, принциптерін, негізгі тәсілдерін жасауды қарастырады.

Технология пәні мұғалімін даярлау жалпы білім беретін мектептегі оқу процесінің мақсаттары мен міндеттерімен анықталады және қызметтің мына төмендегідей кешенін жүзеге асыруға бағытталады:

- білімділік – технология пәні мұғалімнің кәсіптік қызметінің мазмұнына сәйкес келуші кәсіптік және арнайы білімді, шеберлік пен дағдыларды меңгеру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- дамытушылық – студент тұлғасының жағымды өзгерістерін ынталандыруды бітіруші мамандарды даярлау сапасын арттыру, педагогикалық процеске қатысушылардың өзін-өзі жүзеге асыруына қолдау көрсету, білім беру жүйесінің өзін дамыту мен жетілдіруге ынталандыру;

- тәрбиелеушілік – болашақ технология пәні мұғалімінің әлеуметтік және кәсіби маңызы бар тұлғалық қасиетін қалыптастыру мен жетілдіру;

- әлеуметтік – бітірушілердің кәсіби тұрақытылы деңгейі мен әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеруді қарастырушы кешенді қызметтерді жүзеге асыруға бағытталады.

Қазіргі (кешегі күнге) дейін педагогикалық технологияны оқыту технологиясымен теңестіріп келді. Алайда педагогикалық процестің, сол сияқты процестерін құраушылар жөніндегі нақты айқын түсінігі, педагогикалық технологиядан біріншіден, оқыту технологиясын, екіншіден, тәрбие технологиясын бөліп қарауға мүмкіндік береді.

В.А.Сластениннің анықтамасы бойынша, педагогикалық технология педагогтің педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған бірізді, өзара байланысты әрекеті ретінде түсініледі немесе алдын ала жобаланған педагогикалық процесті тәжірибеде жоспарлы және бірізділікпен жүзеге асыруды білдіреді /4/.

Педагогикалық технология – бұл қатаң ғылыми жобалау мен педагогикалық әрекеттердің сәттілігіне кепіл беруші олардың нақты көшірмесі болып табылады.

В.А.Сластениннің пікірі бойынша, педагогикалық технология оған педагог тұлғасының үйлесіп кетуін, яғни оқытушы тұлғасының педагогикалық қолтаңбасының, оны жүзеге асырудағы көрінісі болып табылады.

«Педагогикалық технология» түсінігінің анықтамасының мынадай тәсілдерін бөліп қарауға болады (1 сурет).





Педагогикалық технология

(анықтамасының тәсілдері)




Іс жүргізушілік

құралдық

тұлғалық

жүйелік

Диагностика және болжам жасалған нәтижеге қол жеткізуді

Оқыту мен тәрбиенің әдістері, тәсілдері

Оқытушының педагогикалық шеберлігінің

Оқу мекемесіндегі тұтас білім беру үдерісі,

1

2

3

4

қамтамасыз етуші процедуралар мен операциялар, әрекеттердің белгілі бір бірізділігіндегі педагогикалық үдерісті құрудың жүйелік тәсілі.

мен құраладрының жиынтығы.

компоненттері.

Педагогикалық әрекет жүйесі ретінде оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыру мен жобалау шеберлігі.

оқыту мен тәрбиенің әдістері мен құралдары, мазмұны, мақсатының жиынтығы (педагогикалық жүйе).

Жоғарыда аталған анықтамалар педагогикалық технологияны қазіргі заманғы түсіндірудің төрт тәсілін біріктіреді және байланыстырады, өйткені педагог педагогикалық технологияны біріншіден, педагогикалық үдерісті алдын ала жобаланған жүзеге асыру технологиясы ретінде, екіншіден, «оқытушы – студент» өзара әрекетін құру мен жүзеге асыру құралы ретінде, үшіншіден, белгілі бір оқытушының педагогикалық мәдениетінің технологиялық компонентін жүзеге асыру ретінде түсіндіреді.

Бүкіл білім беру үдерісін немесе бөлігін педагогикалық жобалау мысалы, белгілі бір сабақты жобалау білім беру технологиясына немесе жеке педагогикалық технология түсінігіне алып келеді.

Кез-келген педагогикалық технологияның негізгі қасиетіне оның дәл сипатталуы мен алгоримделуі жатады, олар мыналар:

  • жүйелілік (ойлау мен іс-әрекетті ұйымдастырудың жүйелік тәсілі);

  • ұдайы жасалынып отыратындығы (оны басқа педагогтар жасауы мүмкін);

  • нәтижелілігі (педагогикалық үдерістің нәтижелерінің алға қойған міндетке сәйкестілігі, нәтижелерді диагностикалау тәсілдеріне сәйкес келуші және диагностикалық мақсаттарды қоюды талап етеді).

Педагогикалық технологияның жеке жағдайына оқыту технологиясы жатады.

Оқыту технологиясы - бұл сабақ берудің бүкіл процесінің анықтамасы, қолданылуы мен құрудың жүйелік әдісі, білімді техникалық және адам ресурстары тұрғысынан және олардың өзара әрекетін есепке ала отырып меңгеру әдісі.

Оқыту технологиясының мысалына оқытудың белсенді әдістері жатады. Егер де мақсат-нәтиже анықталса, оған қол жеткізуге мүмкіндік беруші әрекеттердің қатаң бірізділігі жасалса, оларды оқыту технологиясы деп атауға болады.

Оқыту әдістерінің оқыту технологиясынан қандай айырмашылығы бар? Оқыту әдісі түсінігі ерте кезден-ақ пайдаланылып келеді және дидактиканың классикалық категориясы болып табылады. Ал, оқыту технологиясы ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында ғана пайда болды. В.Т.Тихомированың пікірі бойынша, оқыту технологиясының пайда болуы уақыт талабы, яғни дәлірек айтқанда, бүкіл педагогикалық ғылымның тарихи дамуы болып табылады, өйткені бүгінде нәтижеге бағытталған оқытуға деген қажеттілік өмір сүріп отыр. Егерде оқыту әдісі оқытушы мен студенттің өзара әрекетінің логикасымен сипатталатын болса, ал оқыту технологиясы қатаң қадамдық алгоритмдеуден тұрады. Біздің көзқарасымызша, оқытудың дәстүрлі әдісін пайдалану сабақ жүргізу мен дайындық процесінде оларды пайдаланудың мақсатын сезінбейді, ал оқыту технологиясында пайдалану мақсаты айқын беріледі. Сонымен қатар, педагог үшін саналы басқарылатын оқыту процесін қадамдап өлшеу жүргізеді және ол жоғары өнімділік пен нәтижелілікке алып келеді. «Оқыту әдістемесі → оқыту технологиясы» дидактикалық қаруы пайда болады. Оқыту технологиясының пайда болуы оқыту әдісі түсінігін ығыстырып шығармайды, ол тек қана педагогикалық ғылымдағы өзінің жаңа орнын алды.

Оқытудың белсенді әдістері – бұл оқу материалын меңгеру процесіндегі белсенді ойлау және практикалық қызметке итермелейтін әдіс болып табылады.


ӘДЕБИЕТТЕР


1. Гершунский Б.С. Философия образования для ХХI века (в поисках пракгико-ориентированных концепций) /В.С.Гершунский-М.: Интердиалект 1997. - 697 с.

2. Кантеров П.Ф. Избранные педагогическое сочинения /П.Ф. Кантерев; Под ред. А.М.Арсеньева — М.: Педагогика, 1982. —704 с.

3. Твоя профессиональная карьера: Методика преподавания курса: Книга для учителя /С.Н.Чистякова и др. — 2-е изд М.: Просвещение, 1999. — 189 с.

4.Сластенин В.А. Педагогака: Инновационная деятельность /В.А. Сластенин, Л.С.Подымова. — М.: Магистр, 1997. —221 с.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада оқушылардың технологиялық даярлығын қалыптастыру жүйесі қарастырылады.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются система формирования технологической подготовки учащихся.

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

Похожие:

Мектепке дейінгі және Бастауыш біліМ беру iconМазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру
Т. И. Бастауыш мектепте тұЛҒаны ұжымда тәрбиелеудің ерекшеліктері

Мектепке дейінгі және Бастауыш біліМ беру iconМектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі
М010100 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы пәндерінің (Дүниетану теориясы мен әдістемесі, Мектепке дейінгі балалардың...

Мектепке дейінгі және Бастауыш біліМ беру iconЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы пәндерінің (Мектепке дейінгі педагогика, Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық...

Мектепке дейінгі және Бастауыш біліМ беру iconҚу курсының пәні
Абай атындағы ҚазҰпу-дың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, п.ғ. к

Мектепке дейінгі және Бастауыш біліМ беру iconЖеделов қҰрманғазы оразұлы қазақстан бастауыш мектептерінде бейнелеу өнері білімінің қалыптасуы мен дамуы (1917-2007 жж.)
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мектепке дейінгі, бастауыш білім беру және педагогика кафедрасында...

Мектепке дейінгі және Бастауыш біліМ беру iconБазарбекова Рабиға Жолшықызы Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі...

Мектепке дейінгі және Бастауыш біліМ беру iconҚазақстан Республикасы азаматының білім беру мазмұнының жаңаруы арқылы адамгершілік-рухани тәрбиеленуі, дамуы және қалыптасуы
Бағыт. Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының адамгершілік – рухани сапаларының дамуына ықпал ететін мектепке дейінгі тәрбие мен...

Мектепке дейінгі және Бастауыш біліМ беру iconМектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу
Стан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу»...

Мектепке дейінгі және Бастауыш біліМ беру icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ «біз мектепке барамыз»
«Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы. Астана, 2009. 106 б

Мектепке дейінгі және Бастауыш біліМ беру icon«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» 0101000 мамандығы бойынша оқу үрдісінің кестесі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница