5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті»




Название5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті»
страница7/14
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.5 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/a562bcb1-367c-11e3-a987-f6d299da70eeҚазақ хандық дәуіріндегі әдеб
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Тірек сөздер:Еңсегей бойлы ер Есім,Алау батыр,әскербасы,би,шежіре т.б.

Дәрістің жоспары: 1. Жиембет Бортоғашұлының өмірінен мәлімет.

2.Жиембеттің тек жырау емес, Еңсегей бойлы Ер Есімнің,

Кіші жүздегі үлкен тірегі, яғни әскербасы батыры, ел

басқарушы биі қызметін атқаруы.

3.Жиембет туралы біршама деректердің барлығы.

4.Жиембеттің атын ескі шежірелер қорынан да кездестіруге

болатыны.

5.Жиембет өмір сүрген дәуір сипаты.

6. Жиембеттің есімін кеңінен танытқан «Есімге арнаған

толғауы екендігі».

7.Өмірінің ақырығы кездерінде Жиембеттің қуғынға ұшырауы.

8.Жырау шығармашылығының маңызы.

9.Бізге жеткен өте аз мұрасының өзі-ақ Жиембеттің халқы

үшін қолына найза да алғандығын, ел қорғаған ер екендігін

дәлелдейтіні.

Халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған небір майталман ақын-жыраулар өздері өмір сүрген кездің жақсылығын да, келеңсіз мәселесін де кеңінен толғап, кемеліне келтіріп сөз еткен. Осы орайда Асан қайғыны, Қазтуғанды, Бұқар жырауды еске алсақ та жеткілікті. Халқымыз «тіл бас жарады, бас жармаса тас жарады, бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деп сөз өнерін соншама биік бағалапты. Осындай асыл сөз иесі – XVII ғасырдың аса көрнекті ақыны, ірі ойшыл, қырағы сардар Жиембет.

Мұхтар Мағауин Жиембет жырау шығармаларын «Алдаспан» жинағында жан-жақты талдай келіп: «Бортоғашұлы Жиембет жырау көшпенділердің әскери аристократиясынан шыққан. Халық аңыздарының және көне шежірелердің айтуынша, Жиембеттің арғы атасы – Ноғайлының қорғаны Алау батыр. Алау – XVII ғасырдың бірінші жартысында жасаған тарихқа белгілі адам.

Жыраудың қай жылы туып, қай жылы өлгендігі жайында нақты деректер жоқ. Тек біздің заманымызға жеткен шығармаларындағы кейбір сәттерден, халық жадында сақталған әңгіме, жырлардан, ескі шежірелерден жырау жайында біраз мәлімет ала аламыз.

Жиембет – Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы», – десе, бұл жағдай үлкен жыраудың өзінің өлең-толғауларында да әдемі айтылған.

Жыраудың барлық саналы ғұмыры Еңсегей бойлы Ер Есім ханның қасында өтіпті. Ол ұлы ханмен тең сөйлесіп, керек жерінде үзеңгі қағыстыруға дейін баратын сияқты... Кейде тіпті ханның жалғыз, қарашаның көптігін айтып, Есім ханның алдында иілмейтіндей сыңай да танытқан. Ақын өзгенің де, өзінің де қадір-қасиетін терең сезінетінін аңғартып, ешнәрседен сескенбей, хан алдында қаймықпай, қасқая толғайды:

Еңсегей бойлы Ер Есім,

Есім, сені есірткен

Есіл де менің кеңесім!

Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін –дейді.

Бұл жерде Жиембет жай ғана жырау емес, жаужүрек батыр жырау ретінде де танылады. Соншама айбатты, соншама қайратты, арғы-бергіні толғай, жақсы-жаманды талғай білетін, данышпан да даңқты ел ағасына биіктен сөйлеу дегеннің қаншама ауыр екенін түсіну де, түсіндіру де қиын. Олай дейтін себебіміз, бірде Бұқар жырау Абылай ханға қатты реніш үстінде: «Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше Еңсегей бойлы Ер Есім ханға да жолдас болдым, сен оның бір түстігіне де жарамайсың, – депті. Ер Есімнің бағасын бұдан артық жеткізу мүмкін емес сияқты. Ал бүкіл қазақ «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп ардақтап алақанына салса, Алтай мен Атыраудың арасын қалмақтан босатқан асқан жауынгер ханға Жиембеттің назы оңайға түсті деп айту қиын.

Жиембеттің Есім ханға шалыс келуі бір себептен Асан қайғыдан тамыр тартқан дәстүр жалғастығы сияқты. Ол – Асанның Әз-Жәнібекке айтты дейтін кең толғамы, терең пәлсапалық дүниесі. Жиембет Асан қайғының сол толғауларының түрі мен мән-мазмұнын дамыта түскен.

Жиембеттің жоғарыда сөз еткен «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы хан мен екеуінің арасындағы келіспеушіліктен туған сияқты. Өйткені, жырау:

Ертеңгі күн болғанда,

Елің кеңес құрғанда,

Айналып ақыл табарға,

Есіктегі ебесін,

Сонда, ханым, не дейсің, –

деп, ханға ауыр салмақ сала отырып, сол салмақты көтеретін жөні бар екенін де тереңнен қозғап айтады.

Алайда, азуы алты қарыс ақын ары қарай тарата, тармақтата толғайды. Ол:

Мен жоқ болсам, Есім хан,

Ит түрткіні көресің.

Жиембет қайда дегенде,

Не деп жауап бересің?! –

деген жыр жолдарынан жыраудың өзінің ел алдында, хан алдында қадір-қасиетінің қаншалықты екенін өте жақсы білетінін көреміз. Бір жағынан ханға мен көппін, сен жалғызсың, «көп қорқытады, терең батырады» деген, сен де артыңды ойла дегендей сыңай танытады. Тіпті қыза-қыза ақын ханға дөң айбат та көрсетіп қояды.

Меніменен, ханым, ойнаспа,

Менің ерлігімді сұрасаң,

Жолбарыс пенен аюдай,

Өрлігімді сұрасаң,

Жылқыдағы асау тайыңдай.

Зорлығымды сұрасаң,

Бекіре менен жайындай,

Беріктігімді сұрасаң,

Қарағай менен қайыңдай.

Көруші едім, Есім хан,

Ханымды – күнім, сізді – айымдай, –

деп толғаған Жиембет жырау өрлігіне сүйсіне түсесің. Жыраудың осы өлеңде қолданған теңеу-эпитеттері жарасымды, қазақы пиғыл, қазақы психология. Ол өзінің ішкі-сыртқы портретін айнытпай салып тұр... Бір жағынан Есім ханға жырау ешкімнен сескенбейтін жаужүрек екенін, тіпті тұрысатын жерінде «жолбарыс пенен аюдай» ерлігі бар екенін де ескерте кетеді. Енді осы өлеңнің туу себебіне сәл тоқталсақ, Еңсегей бойлы Ер Есім – ақынның інісі Жолымбеттің ерсі қылығына наразы екен, енді Есім хан Жиембетке де қыр көрсетіп, өштесе бастайды. Бұл туралы «Жақсы үгітте» былай делінген: «Бұрынғы достық дұшпандыққа душар болды. Жиембет ойлайды: сырттан томырайғанша, бетпе-бет, ауыз-ауызбенен айтып, біржолата ат құйрығын кесіп, қайтып көрместей болып, көкірекке келген сөзді айтып шығайын». Бұдан Жиембеттің өр мінезін, биік парасатын танып білеміз. Көк аспан қақырап, қара жер қақ айрылып кетсе де, көкірегіндегісін жасырмай бетке айту – шынайы ерліктің нағыз кісіліктің ісі екені түсінікті. Тымырайып кек сақтау, үндемей аңысын аңду, ішінде иті өліп жатудан оңбаған тірлік бар ма, одан асқан зұлымдық бар ма?! Жырау бұл жолды қаламай, ақиқатын сардита айтқан.

Жиембеттің күші, жоғарыда айтқанымыздай, қаумалаған қалың ағайын-туысы мен ақынды аса қадір тұтатын елі-жұртында екені анық. Оны біз жыраудың өз толғауынан білеміз, ол:

Мені өлсе құнсыз кетер деймісің,

Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген

Тілеуберді құлыңдай.

Тілеуберді құлың мен емес,

Мұның, ханым, жөн емес,

Менің ер екенімді көргенсің,

Әзілдеп бірге жүргенсің.

Дегенімді қылғансың,

Қайратымды білгенсің,

Ағбытпа, ханым, күннен соң,

Сіздің естен кеткенмен,

Біздің естен кеткен жоқ, –

деп, ақын тіпті Есім ханмен сырлас-мұңдас болып бірге жүріп, бірге тұрғанын да жан-жақты сөз етеді. Жырау өзінің талай-талай қанды шайқаста көзсіз ерлік көрсеткенін, жайшылықта жанына жалау, қолтығына демеу болып, бір туып, біте қайнасқанын да тереңнен толғайды. Ол «мен кісіден көрген ізгілігімді жақсылықпен қайтаратын адаммын, сен де бір кездері менен мол сыбаға алып едің, соны ұмыта көрме» дей келіп, ары қарай сонау бір алыстағы, ұмыт болып кеткен ескі «жараның» аузын ашып, ханның сасып, қарашаның қашқан, жаудың мысының басқан кезін нақты, шебер суреттейді:

Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,

Соқыр бурыл байталға

Сонда бір жайдақ мінгенсің,

Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,

Қаланың қасы бүлгенде,

Хандар қалаға қылаған,

Сұлтандар суға сылаған,

Қаз мойынды ханыша,

Қалада тұрып жылаған...

Тал шарбаққа мал сақтап,

Тас қалаға жан сақтап,

Тасқан екен мына хан!

Тіпті хан басымен «соқыр бурыл байталға» ер-тоқым, айыл-тұрмансыз мінгеніне дейін тәптіштеп, қорықпай-үрікпей салмақты сөз саптайды. Бұл – бұл ма, одан әрі Жиембет іс-әрекетін тереңдете, әріден қозғап, ханға зіл тастай отырып, оны екіншілей көрмеске, онымен мәжілістес, сұхбаттас болмасқа серт бергендей шымырлата, буырқана, ашына жырлайды:

Қайрылып қайыр қылуға,

Қылығың жоқ ұнаған.

Қайратым қанша қайтса да,

Мұныңа, ханым, шыдаман.

Арқаға қарай көшермін,

Алашыма ұран десермін,

Ат құйрығын кесермін,

Ат саурысын берермін,

Алыста дәурен сүрермін,

Қарамасаң, ханым, қарама,

Сенсіз де күнім көрермін.

Жырау қаншама күш көрсете сөйлегенмен, Есім ханды биік бағалап, оның ерлік істері мен парасатты ел басшысы екенін мойындап тұрғандай. Қалай дегенмен де ханның арғы-бергі, жақсы-жаманды жүріс-тұрысы мен көңілге қона бермейтін кейбір қыңыр қылықтарын есіне салып, құдай тәубасын аузына келтіргендей.

Бұл толғау осындай ерекше қасиетімен құнды, шындықты ірікпей-бүкпей, тура қасқая қарап бетке айтуымен қымбат. Сонау арғы ғасырлардан бері ұмытылмай ел есінде сақталып келуі де жұрттың көкірегіндегі көкейкесті айта алмай жүрген сөздерін жеткізуінен болса керек.


Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Жиембет жыраудың арғы атасы кім болды?

2.Жиембеттің атқарған қызметі қандай болды?

3.Есімге арнаған толғауының себебі не болды?

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28,

29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.


Дәріс 9 МАРҒАСҚА ЖЫРАУдың өмірі шығармашылығының

зерттелуі


Дәрістің мақсаты:Марғасқаның бізге жеткен жырларының тақырыбын

ашу,шығармашылығын,өмірін толық меңгерту.

Тірек сөздер:Қатаған, Шашышқылы,әмірші,қалмаққа қарсы жорық, жер

тәңірсіп т.б.

Дәрістің жоспары: 1.Марғасқа жыраудың өміріне тоқталу,

шығармашылығының зерттелуі.

2.Марғасқаның ел аузында «бүтін билікке Төле би жеткен,

бүтін хандыққа Есім хан жеткен»! деп атаққа шыққан

Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүргендігі.

3.Марғасқа жырау Есім ханның әрі батыры, әрі ақылшы

жырау болғандығы жайлы.

4.М.Көпеевтің «Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері»

атты қолжазбасындағы Марғасқа жырау туралы

айтылғандарға тоқталуы.

5.Біздің заманымызға жеткен Марғасқа жыраудың «Ей,

Қатағанның хан Тұрсын» жырының шығу тарихы.

Марғасқа жырауды қай жылы туып, қай жылы қайтыс болғаны әлі де белгісіз, не тарихи кітаптарда, не көне құжаттарда, немесе ескі шежірелерде мына жылы дүниеге келіп, мына жылы дүниеден өтті деген нақтылы дерек кездеспейді. Ғылымда Марғасқа XVII ғасырда өмір сүрді деп айтылады.

Жыраудың өз дәуірінде әлденеше ұзақ-ұзақ толғаулары да болған шығар. Алайда, соның көбісі бізге жетпеген, кезінде хатқа түспегендіктен ел жадынан шығып, бұл күнде ұмыт болған.

Марғасқа ел аузында «бүтін билікке Төле би жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен»! деп атаққа шыққан Еңсегей бойлы Ер Есімнің тұсында өмір сүріпті. Ал, осы атақты Ер Есім жайлы Қазанғап Байболов үлкен дастан жазған. Ол жыр Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында (№513) сақтаулы. Осы аталған еңбекте Ер Есімнің қазақ халқын қырық жыл бойы басқарып, белдеуінен тұлпары кетпегені, білегінен қылышы түспегені, өмірінде бел шешіп тыныш ұйықтамағаны жан-жақты айтылыпты.

Есім ханның үлгілі істерін талай тарихшылар жазған да, айтқан да шығар, бірақ ол туралы XVII ғасырдағы Марғасқа толғауы ерекше бағалы екені даусыз. Өйткені, ол айбынды ханның әрі батыры, әрі ақылшы жырауы болғанға ұқсайды.

Ғалым-жазушы М. Мағауин Марғасқа жырау жөнінде былай депті: «XVII ғасыр әдебиетінен қалған нұсқалар өткен дәуірлермен салыстырғанда біршама аз. Бұл кезде жасаған қазақ ақын-жырауларынан біздің заманымызға шығармалары жеткені – Жиембет, Марғасқа жыраулар. Бұл екеуінің де аты XVII ғасырдың алғашқы жартысында билік құрған хан «Еңсегей бойлы Ер Есіммен» байланыстырылады.

Бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға тырысқан Есім ханның өз мақсатын орындау жолында жеке ұлыс-тайпалардың хандары мен ірі феодалдарының қарсылығын тойтарып отыруына, кейде қантөгіске баруына да тура келеді. Есімнің жолына кесе-көлденең тұрғандардың бірі – Қатаған, Шанышқылы руларының ханы, Тәшкентті билеуші Тұрсын еді. Тәуелсіз әмірші болғысы келген Тұрсын Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып қазақ ауылдарын шабады. Көп жұртты харап қылады. Ұзамай-ақ кезек Қатағандарға келеді. Ызақор, дұшпанына мейірімсіз Есім жорықтан орала салысымен Тәшкентті шауып алып, Қатағандарды қырғынға ұшыратады. Тұрсын ханның өзін өлтіреді. Бұл оқиға Абылғазы баһадүр ханның айтуынша 1627 жылы болған.

Есім ханның батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы Марғасқаның біздің заманымызға жеткен бір өлеңі осы оқиғаға байланысты туған». М. Мағауинның бұл деректері Марғасқаның өмір сүрген кезінен біраз мәліметтер береді.

Жоғарыда айтқанымыздай, XVII ғасырда өмір сүрген Марғасқаның бізге жеткен жалғыз өлеңі ғана бар.

Бұл шағын өлең небары 13 жол. 1627 жылдар шамасында Тәшкенттің сол кездегі әміршісі Тұрсын ханға байланысты туған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының осы уақиғаға қатысты қолжазбасында былай делінеді: «Еңсегей бойлы Ер Есім Түркістанда қазақ ханы болып тұрған күнде Ташкентте Тұрсын хан Қатаған деген жұртты билеп тұрды. Тұрсын хан мен Есім хан ант етісіп, бір-бірімен жау болмасқа бата қылысты. «Күнбатыс Бұқар, Қоқан, Самарқандпен жауласуға мен қарсы тұрайын. Сен күншығысқа қосын қылып аттан. Ұзын аққан Ертістің басынан кір, аяғынан шық», – деп Тұрсын хан кеңес берген соң, мың кісі қосын алып Есім хан күншығысқа бет қойды».

Есім ханның Ташкентті алуы өте шұғыл. Қаланы алу барысында көп қан төгіледі. Мұның себебі, біріншіден, Тұрсын ханның сөзінде тұрмауы болса, екіншіден, Есім ханның Тұрсын хан сілтеген жорықта көп қиындықты басынан кешіргендігі болса керек. Мәшһүр Жүсіп бұл ретте былай деп жазады: «Ол күнде Шу мен Сарысу асқан соң, Ертіске дейін елсіз, жыртылып айрылған аңнан басқа дәнеме жоқ екен. Елсіз-күнсіз далада кім жүруші еді деп Есім хандар аттарын қоя беріпті. Бұлар бейғам жатқанда, көліктерін түп көтере қалмақтар айдап кетіпті. Мың сарбаз шөл далада жаяу қалады:

Мінгені Есім ханның ала белді,

Бойында Шідертінің қара көрді.

Көрінген сол қараны кертағы деп,

Аттарын шідер салып қоя берді.

Есім ханның тобы алыстан көрінген жау жасағын аңдармен шатастырып тағы да алдауға түседі, әрі баспанасыз, әрі азық-түліксіз он күн бой құлан жортпас қу медиенде ауыр қиыншылықтарды бастарынан өткереді. Есім хан жасақтарына: «Азаматтар, шоралар, біз бүйтіп жатпайық. Мен жортар аттың он күнге баратын жеріне бір күнде барамын. Маған еругіе жарайтының бар ма?» – дейді. Хан он күндік жолды бір күнде жүре алмаса да, оның бұл сөзі еңсесі түскен сарбаздардың рухын көтереді.

Есім хан ақыры аттарын айдап кеткен жауды қуып жетеді. Алайда, ол өзінің Көкаласын таба алмай көп іздейді. Есім хан тұлпарының сырына қанық қалмақтар оның ер-тоқымын алмай, күндіз-түні қостың қасында, шылбырын қолдарынан шығармай ұстайды. Мұны көрген хан шылбырды жасырынып келіп, білдірмей кесіп жіберіп, атының үстіне қарғып мінеді де, «аттандап» айғайға басып, өз аттарымен бірге жаудың да аттарын айдап кетеді.

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Ғалым жазушы Марғасқа туралы қандай

пікір айтты?

2.Марғасқа жыраудың хан Тұрсынға

арналған өлеңінің шығыуына не себеп

болды?

Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26,

27,28, 29, 30, 31, 32, 33, 34,35, 36.


Дәріс 10 АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУдың өмірі, шығармашылығы

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Похожие:

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» iconҚазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (жеделдетілген), 5В 012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі...
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» icon050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 050205 «Филология: қазақ тілі» мамандықтары...
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» icon5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
«Әдебиет теориясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ...
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» icon5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған
ПОӘК«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» iconФилология факультеті студенттерінің ожсб консультациялары мен сынама тестілеу кестесі
В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В019100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» icon5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған
...
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» icon«050117» Қазақ тілі мен әдебиеті (жеделдетілген) және «050112» Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қазақ балалар әдебиеті» пәнінен 050117, 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді...
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» iconРабочая программа Форма ф со пгу 18. 2/06
«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәні бойынша 5В011700«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050121 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы» пәні бойынша 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница