Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру




Скачать 121.59 Kb.
НазваниеЖергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру
Дата конвертации14.02.2016
Размер121.59 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/documents/GosUslugi/SPORT/standart/vydacha_svidete
Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2015 жылғы « » сәуірдегі

№ бұйрығына
2-қосымша


«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның дене шынықтыру және спорт саласында функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:

көрсетілген қызмет берушінің кеңсесі;

«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

аккредиттеу туралы куәлікті беру – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – күнтізбелік 5 (бес) күн;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – күнтізбелік 5 (бес) күн;

2) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі - аккредиттеу туралы куәлік) болып табылады.

Порталда –мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ХҚО алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын-ала жазбасыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9 Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкіл) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызмет берушіге:

аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

спорт федерацияның басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт федерациясының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуді өткізуге өтініш;

басшы органның жеке құрамы туралы мәлімет;

спорт федерациясы жарғысының көшірмесі;

спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;

спорт түрі (түрлері) бойынша қағидалар жобасы;

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Қабылдаудың растау көрсетілетін қызмет берушінің кеңседе құжаттар топтамасының қабылдау мерзімі және күні көрсетіп қағаз нысанында өтініште белгі және тіркеу болып табылады;

2) порталға:

аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басшы органның жеке құрамы туралы мәлімет;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама;

құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша қағидаларының жобасы;

аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы «жеке кабинетінде» мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


10. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Министрліктің Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (әкімдігінің) басшысына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні) болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) мекенжайына түскен шағымы тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.

Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Заңды тұлғаның шағымында, оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттың тіркелген нөмірі мен күні көрсетіледі.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.


4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар


12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы не Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша анықтамалық қызметтен алуға болады.


«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша


Нысан


Кiмге ________________________________________

(дене шынықтыру және спорт саласындағы ______________________________________________

жергілікті атқарушы орган басшысының

______________________________________________

лауазымы,тегі, аты,әкесінің аты (болған жағдайда)


Кiмнен ______________________________________

(жергілікті спорт федерациясы басшысының немесе ______________________________________________

өкiлiнiң тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

______________________________________________

(мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)


Аккредиттeу өткізуге куәлік беруге
ӨТIНIШ

Сiзден ________________________________________________________
(мәртебесін көрсете отырып, спорт федерациясының атауы)
___________________________________________________________________

аккредиттеу өткізуді және аккредиттеу туралы куәлiк берудi сұраймын.


Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) ____________________________________________________________
      5) ____________________________________________________________
      6) ____________________________________________________________

7) ____________________________________________________________

8)_____________________________________________________________

9)_____________________________________________________________

10)____________________________________________________________


«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін.

Мөр орны ___________        _____________________________________
       (қолы)                   (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20__ жылғы «___» ____________


Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________

Тiркеу нөмiрi ___________________________________

_______________________________________________________________

    (өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша


                                                       Нысан


Кiмге ________________________________________

(дене шынықтыру және спорт саласындағы ______________________________________________

жергілікті атқарушы орган басшысының

______________________________________________

лауазымы,тегі, аты,әкесінің аты (болған жағдайда)


Кiмнен ______________________________________

(жергілікті спорт федерациясы басшысының немесе ______________________________________________

өкiлiнiң тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

______________________________________________

(мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)


Куәліктің телнұсқасын беру (қайта ресімдеу) туралы
ӨТIНIШ


Сiзден ________________________________________________________
      (мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы)

аккредиттеу туралы куәлігінің телнұсқасын беруді (қайта ресімдеуді)
сұраймын.


«Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін.


Мөр орны___________ _____________________________________
           (қолы)            (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20__ жылғы «___» ___________________________________

Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________

     ______________________________________________________
     ______________________________________________________
      (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Похожие:

Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру iconБухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру
«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру icon«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру жөніндегі мемлекеттiк қызметті (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы...
Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру iconАстана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы” мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Басқарма жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, туризм, спорт және дене тәрбиесі мәселелері бойынша өкілетті әкімдікпен жергілікті...
Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы №1559...
Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру icon«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері
Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру icon«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Дене шынықтыру және спортты дамыту» саясатын жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган
Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру iconКепілдік заты туралы шарт ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесі кепілдікке пәтер қабылдағанда
Сатып алу-сату шарты, немесе жекешелендіру шарты, немесе заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлік, немесе...
Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру iconШемонаиха ауданының әкімі А. Ж. Тоқтаровтың
Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын...
Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру icon«Бек ітемін» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің төрағасы
С. Бердіқұлов атындағы мемлекеттік сыйлық (одан әрі сыйлық) спорт және дене тәрбиесі туралы үздік жарияланымдары үшін Қазақстан Республикасының...
Жергілікті спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру iconҚазақстан Республикасының Спорт саласындағы халықаралық шарттарының тізбесі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница