Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница2/7
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.84 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/2be41815-32ec-11e3-9d7d-f6d299da70eeУМКД-3 Журнал кириспе.doc
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:

1.Функция сөзінің түп-төркіні

2.Оның түрлері

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978

2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004

3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001

4. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989

5. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999

6. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999

7. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері

8. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998

3-Дәріс. Қоғамдық пікір және БАҚ: қалыптасуы мен көрініс табу процестері

Қоғамдық пікір: жалпы мінездеме. Қоғамдық пікір функциялары. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық пікірдің көріну ерекшеліктері.

БАҚ-тың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі. Қазақстандағы қоғамдық пікірдің қазіргі жағдайы.

Қоғамдық пікір: жалпы мінездеме. Қоғамдық пікір функциялары. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық пікірдің көріну ерекшеліктері.

БАҚ-тың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі. Қазақстандағы қоғамдық пікірдің қазіргі жағдайы.

БАҚ

Тіл – күрделі жүйе, тұтас құрылым. Тіл шынайы өмір де екі түрлі формада ауызша және жазбаша түрде қолданылатын қатынас құралы. Тілдің бұл екі түрінің пайда болып дамуына Адам баласы әрекетінің түрлі мақсаттары себеп болады. Күнделікті әрекет үстіндегі көзбе-көз тілдесуді жүзеге асыратын ауызша тіл адамның о бастағы қатынас құралы болады. Кейіннен жинақтаған өмірлік тәжірибесімен білімдерін ұрпақтан-ұрпаққа сақталып жетуін, сондай-ақ алыстағы қоғам иелерімен тілдесуді көздеген адамбаласы жазба тілді қажететті. Сөйтіп ауызша тілден кейін пайда болған және тілдің бөлшегі болып табылатын жазба әдеби тілдіңде, публицистикалық стильдің де өзіндік жүйесімен құрылымы бар. Және де осы жазбаша тіл ең алдымен тарихи қызмет атқарды, бірте-бірте оның қызмет аясына адамдармен мемлекеттер арасындағы ресми қатынасты қамтамасыз ету де кірді.
Жоғарыда көрсетілген мақсатына қарай ауызша тілдің өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен ауызша тілдің құралдары тыңдарманға бағытталып құрылады, яғни қарым-қатынастағы серігіне сөйлеушінің әсеретуі есту қабілеті арқылы жүзеге асады. Демек, қандайда бір коммуникативтік мақсатпен айтылған сөз тыңдарманға, біріншіден, дұрыс естілу шарт, екіншіден, ондағы мақсат айқын көрініп, соған сәйкес таңдалған тілдік лексика-грамматикалық құралдар / сөз,с өзтіркестері, жалғаулықтар мен шылаулар/ интонациялық жағынан дұрыс ұйымдасуы /әуен, қарқын, дауыс күші, әуез, пауза/ керек.
Публицистика – жалаң ақпарат хабардыңт ізбегі емес, қоғамда болып жатқан оқиғалардың, өмірдің саналуан тіршілігінің « жанды» ақпарат айнасы. Ол–тыңдарманның ойына әсер қалдырарлық жаңалықтың жаршысы болғандықтан, ақпарат–хабарды өмірдің нақты, айшықты бояулары мен жеткізеді.
Тіл – өзінің табиғатында үнемі өзгеріске түсіп отыратын, сол өзгерістердің нәтижесінде әрқашан дамып, жетіліп отыратын құбылыс десек, оның даму процесі еңалдымен, тек өзіне тәнқасиеттермен мүмкіншіліктерді пайдалану, кеңейту, өрістету негізінде жасалады.
Бұқаралық ақпарат құралдары тілдік жүйені қалыптастырудың маңызды факторы. Ол мына реттерде көрінеді:
Біріншіден, баспасөз, телеарна, радиоматериалдары өзінің ақпараттық мазмұнына сәйкес кең географиялық кеңістікті қамтиды, демек, сол ортадағы сөйлеу тілінің жекелеген диалектілік элементтерімен суарылады.
Екіншіден, кез – келген бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдары қатарында ресми ақпараттардан бастап, әртүрлі дәрежедегі лауазымды адамдармен сұхбаттарға дейін ресми тіл, дипломатиялық тіл, кеңсе қағаздарының тілі элементтері қатысады.
Үшіншіден, газет авторларымен журналистер жекелеген мақалаларда суреттелетін оқиғалардың шытырмандық реңкін қанықтыра түсу үшін «жаргон» сөздер қолданылатын реттер аземес.
Төртіншіден, газеттегі мемлекеттік және бірлескен кәсіпорын атаулары, жарнама жаңалықтары да сағат сайын, тіпті минут сайын ақпарат эфиріне тарауда.
Бесіншіден, кез – келген кәсіби басылымдар мен таралымдар сол салада қолданылатын терминдерді кейде өңдеп, кейде өңдемей ақпарат арнасына қосады. Мәселен, бұл көріністер спорттық басылымдар мен музыкалық арналарда «Спорт+», «Европа+», тағы басқа болып жалғаса береді.
Бұқаралық ақпарат құралдары арналарының баспасөз, радио, телевизия тәжірибесінде тіл қолданылымдарының ішкі ерекшеліктері, мәселен телеарнада эфирге жіберілетін ақпарат тиімділігі мен әсерлілігінің басты көрсеткіші ұсынылатын бейнесюжет болатын жағдайлар жиі кездеседі. Мұнда авторлық баяндау ауызекі сөйлесудегідей, көрсетілген сюжеттің мақсатын, маңызын немесе жетістігімен кемшілігін сипаттап түсіндіруге құралады.
Қазіргі заманда телевизия, радионың жалпы қоғамға, аудиторияға тигізер ықпалы зор. Қазіргі кезде радиохабарлардың бұқаралық сипаты мен жеделдігі қарқын ала түскен. Мемлекттің ішкі, сыртқы саясаты жөнінде, ел ішіндегі, әлемдегі маңызды оқиғалармен жаңалықтар жөнінде қалың жұртшылыққа деркезінде хабар – ошар таратып отыру бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік мәнділігін одан сайын күшейтіп отыр. Оның үстіне, қазіргі кезде инженерлік технологияның даму қарқынымен байланысты БАҚ – тың өнімдері оқуға, тыңдауға, көруге жағымдылығы, қолайлығы артып келеді. Алайда, техникалық құрал жетіле түскенмен БАҚ – ның тілі аса қиын жағдайда қалды. Радио, телеэфирден естілер сөздің мәдениеті төмендеп кеткендей. Сөздің дыбысталу нақышы, сөйлеу сазы төмен, нашар, өздеңгейінде дыбысталмаған себептен де радио ,теле эфирден естілер сөздің тым төмендеуіне әкеліп соқты .


Бақылау сұрақтары:

1.Қоғам және журналистика

2.Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы журналистиканың рольі

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978

2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004

3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001

4. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989

5. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999

6. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999

7. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері

8. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998

4-Дәріс. Журналистика –шығармашылық қызметтің саласы. БАҚ аудиториясы: қалыптасуы мен үйретудің проблемалары

Әрбір кәсіптің өз мамндығы болатыны секілді, журналист мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Ал қандай мамандық болса да өз ерекшелігімен көрінетіні белгілі. Демек, журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Әрбір мамандық сияқты, журналистің де өзіне қатысты білім, іс-тәжірибесі болмақ. Кезінде ұлы ғалым М.Ломоносов журналист туралы өзекті ойларын айтқан. Оның еңбегі «Журналистік дәреже туралы диссертация» деп аталған. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп, газет-журнал немесе радио телевидениенің жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші – ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші – шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн.

Журналистің тағы бір қасиеті – оның саяси-әлеуметтік қызметінде, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл – жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс.

Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, шығармашылық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ, журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын ашу оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасын да білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, тәжірибелік тұрғыдан ізденіп, еңбек ете білгені дұрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол принципті түрде, қайсарлықпен, бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш-қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білумен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек.

Бұған қоса журналист кең пейілді, жаны жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен тіл табысқыш болса, тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Оған есте сақтағыш қабілет те өте қажет. Тез ойлап, тез жазу да жақсы нышан. Журналистің өз жұмыс істеу тәсілі, өз ерекшелігі болуы заңды. әркімнің, сондай-ақ өзі қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін. Журналистің стиль қалыптастыруы да үлкен жетістік. Ал жалпы кәсіби және шығармашылық қасиет пен ерекшелік бір-бірімен ұштасқанда нағыз журналист қалыптаспақ.

Журналист өз қызметінде тек қана шындықты жазып, барлық мәселені объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өнеге болуы тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін терең сезініп, жуапкершілігін, борышын адал атқаруы міндет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Әдеби өңдеу

  2. Журналист шығармашылығындағы тапқырлық, сенімділік

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Основы творческой деятельности журналиста. Редактор құраст. Корконосенко С.Г. СПб.:2000

2. Корконосенко С.Г. Введение в журналистику. Уч. Пособие. Кишинев:1990

3. Любосветов В. Основы журналистики.М.:1984


5-Дәріс. Журналистік этика

Журналистің кәсіби ерекшелігі оган көптеген әлеуметтік жауапкершілігі жүктейді. Этика – деген адамгершілік келбетті айқындайтын моральді тәртіпті талап ететін ғылым салаларының мінез – құлқы мен олардың сана – сезім ерекшеліктерімен, қоғамдағы ережелері, формалары, заңдары, талаптары орындау өзгешелігімен, сондай – ақ қоғам пікірімен айқындалады.Журналистік этика қазіргі кездегі журналистік мамандды игерген әрбір азаматқа өзіндік кәсіби талап – тілектерді қояды.Журналистік этика ұғымын 2 мағынасы бар:

  1. Ж.Э. тар мағынасында – журналистің адамгершілігі, ізеттігі, инабаттылығы т.б. қасиеттерімен айқындалады.

  2. Ж.Э. Кең мағынада – журналистің шыншылдық және обьективтілік принциптеріне тікелей байланысты, яғни ж.э нормаларын сақтау делінген – шындық фактілерді жазу, ақиқар өмір құбылысын бейнелеу, өтірік, дәлелсіз өсекке, жала жабу шындық фактілерді бұрмалап жазуға жол бермеу болып саналады.

Ж.Э журналистік қызметтің көптеген жағдайда көрініс тауып отырады. Мысалы, журналист пен аудитория арасындағы байланысты журналист информация көздерін пайдалануда, шығарманың кейіпкерімен тілдескенде материалдың авторын, редакторын, ұжым мүшелерін, әріптестерімен қарым-қатынасын түсіндіруде журналистік этика нормалары сақталуы қажет. БАҚ туралы заңда журналистік әтиканың мәселелері сөз және баспасөз бостандығы арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ 32-бапта Біз және БАҚ туралы заңды бұзғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Сөз бостандығы теріс пайдалану шындыққа сай келген жеке азаматтың немесе ұйымдардың ар-ожданы мен қадір-қасиетіне кір келтірген мәліметтер тарату Ақпарат құралы сот-а ықпал етуі ҚР заңына сәйкес қылмыстық немесе өзге жауапкершілікке әкеп соқтырады. 42-бабында: моральдік заңдарда былай делінген: БАҚ азаматтарының ар-ожданы; қадіріне кір келтірген шындыққа сай келмеген немесе мүліктік емес нұқсан келтірген мәліметтер тарату азаматтарға келтірген моральдік зиянды сол шешім бойынша БАҚ және кінәлі лауызымды адамдар өтейді.

Ж.Э бұзбау мақсатында ақиқат дерек жинау үшін:

1. Факт жинаудың ашық түрі.

2. Информациялық байланысқа түсудің жабық түрі.

Журналистика этикасын айтпас бұрын этиканың өзіне тоқталып кетеді. Этика – грек тілінен енген термин сөз. Мағынасы – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жол-жорағы, ырым, үрдіс. Зерттеу объектісі – мораль қазақша баламалары әбептілік, инабаттылық, имандылық, адамгершілік, ізгілік, сыпаылық. Ал осы журналистің кәсіби моральдық, этикалық принциптері деген қалай талданады. Ол үшін а) халықтығы, ә) бұқаралығы, б) шыншылдық, объективтілік. Яғни, журналистің жеке басының этикасы жалпы принципінен туындайды екен. Принцип – латын сөзі – негіз, қағида, ереже немесе бір нәрсенің бастауы.

  1. Журналист өз ұжымына, өз басылымына адал қызмет етуі тиіс.

  2. Журналист өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар халықтың да ой-пікіріне жауапкершілікпен қарау керек.

  3. Журналистің алдында әрдайым аудитория үшін не істеу керек? Бұл шығармам аудиторияға қажет пе? Олардың арман-мүддесін қолдаймын ба? делінген этикалық сұрақтар тұру керек.

  4. Факт мәліметтері көп, ақиқат шындығы әбден жеріне жете зерттеліп, жан-жақты ойластырылған материалды ғана аудиторияға ұсынуды толық моральдік этикалық құқы бар.

  5. егер материалдың фактісіне күдігі, күмәні болса, онда журналист ол материалды кейінге қалдыруы тиіс.

  6. Журналист біреуді қаралап та, өтірік мақтап, мадақтап та жазуға құқы жоқ. Ондай жағдайда журналист аудитория алдында жауапты.


Объектілерді зерттеу, адамдармен әңгімелесу барысында болмашы елеусіз, дөрікіліктен шындық ашылмай қалуы мүмкін, журналист мұндай жағдайда дөрекілік туғызбауға тырысуы қажет.

Этика тұрғысынан объектілерді зерттеудің факт, мәлімет жинаудың екі түрі бар: ашық және жасырын т. зерттеу.

Материалдан, деректерден ашық түрде жинау тәсілінде – журналист белгілі органдарға барып, шаруасын ашық айтуы тиіс. Көптеген жағдайда шындық ашылмай жатады. Ондайда журналист олардың тілін тауып алған мәлімет, деректерге басымен жауап беретіндерге сөз арасында әдеппен еске алуы тиіс. Ал объекті зерттеудің жасырын түрі немесе құпия түрін адамдар білмейді. Мұндайда журналист такси айдаушы, сатушы, жол серіктері болуы мүмкін. Бірақ, қандай жағдайда әдеп, этикадан озбауы керек.

Мәлімет алу барысында журналист шындыққа көзі жетпейінше, ішкі қарсылығында мәселеге қосылатын, қосылмайтынын да білдіруі тиіс. Қандай жағдай болмасын, кіммен сөйлеспесін журналист алдында отырған адамның кей жағдайда салт-дәстүрін ескеріп, жеке басының кемшілігін көзге шұқымай, керісінше оны мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, денсаулық жағдайын ескеру керек. Әдепті журналист (мысалы мен сияқты) мәлімет алу барысында адамдарды қалдырмау үшін қай жерде, қандай уақытта әңгімелескеніміз дұрыс болады деп олардың өзімен ақылдасады. Қажет болған жағдайда уақыт белгілейді. Оған дейін ойын жинақтайды, көтерер мәселесәне толықтай дайындалады. Адамдардың ішкі істеріне араласу да журналисттік әдепке жат.

Жасырын тексеру барысында журналист өзін қалай ұстау керек, мұның да өз әдеп, нормасы бар. Журналист алынған мәліметтің барлығы да материалда тексеріледі, қамтылады деп уәде беруін беріп, кейін ойланып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда уәдесін жұтпау үшін, адам, жер, су атауларын өзгертіп, фактілерді толық қамтуға болады.

Журналист біреудің сілтеуімен, біреудің иек қағыуымен жазбай, өз жүрегінің қалауымен өз көзімен көрген нәрсесін жазу керек. Кім туралы жазса да журналист мақалын кейіпкеріне көрсетіп алғаны абзал.

Цитат (дәйекті сөз) – қа өте қатты мұқият болған жөн. Журналист көңілшек бломауы тиіс. Әрбір материал жазу барысында өз т мамандығына құллай беріліп, адал жұмыс істеуі керек. Хабарға ойдан ештеңе қоспау керек. Жинаған материалын көбінесе құпия ұстауы керек. Ғылымда көркем өнерді қабылдау, қабылдаушының қыр-сырымен айналысатын рецептивті эстетика саласы қалыптасуда. Қабылдаушының (оқушы, тыңдаушы, көрермен) шығарманы қалай қабылдайтыны, қабылдау механизмдері, шығарманың қабылдаушыға қалай әсер ететіндігі, сол кезеңде іске асатын процестер, қабылдаушылардың әлеуметтегі типтерін жіктеу, ажырату, анықтау мәселелері рецептивті эстетиканың зерттеу нысаны болып табылады. Қабылдаудың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін зерттеу, бір ғана мәдениетте өнерді қабылдаудың түрлі типтері өмір сүретіндігін көрсетеді. Қазіргі заманғы зерттеулер өнерді тұтынудың уәждерін (мотивтерін) ажыратуға, анықтауға мүмкіндік жасайды. 1988 жылы Ресей Мемлекеттік Өнертану институты мен Білім академиясының социологтарының бірлесе отырып жасаған зерттеулерінен, төрт топтан тұратын қабылдаушылардың типологиясы анықталған. Бірінші топқа, мәселелерді шешуді көздеуге бағытталған қабылдаушы (25-27%), екінші топқа, әдептілікке бағытталған қабылдаушы (14-15%), үшінші топқа, гедонисті бағытталған қабылдаушы (40% жоғары) және соңғы төртінші топқа, эстетикалы бағытталған қабылдаушы (16% шамасында) жатады. Бірінші, (мәселелерді шешуге бағытталған топқа) топ қабылдаушылары өнерден өз өмірлік тәжірибелерін арттыруды, байытуды көздейтіндер, өз өмірінде кездесе бермейтін жарқын әсерлерді іздеу, басқа біреулердің орнына өзін қойып көру сынды сезімдер аясындағылар. Екінші, (әдептілікке бағытталған) топты бірінші кезекте қиын кезеңдерде, қиын жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі, мәселеден қалай шығу керектігін көрсететін үлгі, модельдердің іс-әрекеттері қызықтырады. Бұл топ өкілдерінің өнерге құмарлығы адамгершілік, әдептілік қатынастарында байыпты тұрақтылықты табу, қарым-қатынас жасаудың қыр-сырын меңгеруіден туындайды. Үшінші, (гедонисті бағытталған) топ - қабылдаушылардың ең көп бөлігін құрайды. Бұл публика, өнерден ләззат, сауық-сайран, қызық күтетін топ. Бұл өзінің өмірінде күнделікті кездесе бермейтін қызықтардың орнын толтыратын, демалуына, көңіл көтеруіне, жауыр еткен не көңіл-күйін түсіретін ауыр мәселелерден шығуды іздейтіндер. Бұл топтағы тұтынушылар өнер өздерінен ешнәрсе талап етпей, өзімен-өзі жеңіл күйде, ойлануға мәжбүрлемей өтуін қалайды. Төртінші, (эстетикалы бағытталған) топ қабылдаушысы өнер тілін жақсы түсінетін, өнер туындыларына байланысты көптеген көркемдік түрлерді, стильдерді білетін және әр өнер туындысына өзіне қажетті межемен келуші, бағалаушы. Эстетикалы бағытталған қабылдаушының танымдық, әдептілік те, гедонистік те қажеттіліктері бар болғанымен, ол әрқашан ең алдымен көркем мәтін қажет етіп тұрған мәселелерге, не айтқысы келіп тұрғандығына басты назар аударады. Ол көркем қабылдау актін, әлдебір прагматикалық мәселелерді шешу деп емес,  өз алдына, өзінің құндылығы бар мақсатты акт деп есептейді. Осындай бақылаулардан, зерттеулерден шығатын қорытынды: өнер туындысы әр адамға оның одан қаншалықты дәрежеде ала алатынына байланысты бере алады. Қабылдаушының түрлі жіктерге бөлінуі заңдылық. Қалың көпшіліктің бәрі эстетикалы бағытталған қабылдаушы болуы мүмкін емес. Алайда қай қоғамда болмасын, автор алдында өз қабылдаушыларын тәрбиелелеу, рухани-моральдық, біліми, эстетикалық, саяси-экономикалық танымдарының өсуіне, жетілуіне ықпал ету мәселесі тұрады. Өнердің табиғаты да осыған жетелейді.

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Кіріспе
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница