Силлабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: жалпы медицина 5В130100 Сағат көлемі 90 сағат




Скачать 450.99 Kb.
НазваниеСиллабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: жалпы медицина 5В130100 Сағат көлемі 90 сағат
страница1/4
Дата конвертации14.02.2016
Размер450.99 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/Obshaya medicina/1 kurs/Politologya/Kaz/Sillabus/silabus-politologia 2014.do
  1   2   3   4
Ф КГМУ 4/3-03/03

ПП КГМУ 4/03


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы





СИЛЛАБУС


«Саясаттану» пәні бойынша POI 1107


Мамандығы: жалпы медицина 5В130100


Сағат көлемі 90 сағат


Семестр: 1


Қарағанды 2014ж

Силлабус пән бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде POL1107 «Саясаттану» Жалпы медицина 5В130100 мамандығы үшін құрастырылып «__»__ . ____ ж бекітілді.


Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының мәжілісінде қаралды.


«__»__ . ____ ж Хаттама №____


Қазақстан тарихы және

ӘСП кафедрасының меңгерушісі: К. А. Темиргалиев



  • КАФЕДРА ОҚЫТУШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР:




Аты-жөні, тегі

Дәрежесі

Лауазымы

Ғылыми қызығушылығы

Жетістіктер

Педагогикалық стажы

Темиргалиев Кудайберген Абаевич


ф.ғ.к.

Кафедра-

сының меңгерушісі

Мәдениеттік бірынғай және әлеуметтік талдау

«Қоғамдық- тарихи өзгерту процессіндегі мәдени бірдейлену мәселесі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғалды

26 жыл

Омаров Талғат Диншеевич

т.ғ.к.

оқытушы.

Әлеуметтік үрдістер және әлеуметтік-мәдени өзгерістер

«1960-70 ж.ж КСРО-дағы көмір өндірісіндегі ғылым мен кәсібінің интеграциясы» тақырыбындағы кандидаттық диссертация қорғалды.

23

жыл

Осинцева Юлия Геннадьевна

Магистр

оқытушы

Саяси элиталар және саяси көшбасшылық.

КазМУ – да «Постмодернизмнің өнерлі тәжірибесі» атты тақырып бойынша магистратуралық диссертациясын қорғады.

2009 ж ҚММУ – да мына тақырып бойынша ФППК өтті. «Медициналық және фармацевтикалық білім ұйымдарының педагогикалық құрамында кәсіби білімін көтеру».

ҚММУ жанындағы

2010-2011ж ФППК өтті.

2011 жылы «Саясаттану» мамандығы бойынша ҚарМУ-да квалификацияны жоғарлату курсы оқылды.

Мына құзіреттіліктер бойынша 2012 жылы ҚММУ да ФППК өтті

1. Комуникативті дағды

2. Медициналық ЖОО эфективті оқыту

3. Техникалық коммуникациялық – ақпарат.

4. Ғылыми зерттеу менеджменті

5. Медициналық ЖОО сараптау және бағалау.

6. Медициналық білімдегі көшбасшылық.

4 жыл

Алиева Гүлзат Габдуллаевна

-

оқытушы

Саяси режимдер


2012ж ҚарМУ-да квалификацияны жоғарлату курсы оқылды «»

13 жыл

Темиркулов Олжас Жанғабылұлы

-

Аға оқытушы

Саяси үрдістер және институттар

«Медициналық технология бойынша инновациялық білім» 2007 жылы ҚММУ – да ФППК өтті. 2011 жылы «Саясаттану» мамандығы бойынша ҚарМУ-да квалификацияны жоғарлату курсы оқылды.

10 жыл

Мустафина Жайнагуль Амангалиевна

Магистр

оқытушы

Саяси жүйе институттары

2010ж. ҚарМУ-да «Қазақстан жеріндегі мұнай-кен орындарының ашылу тарихы» атты тақырып бойынша магистратуралық диссертациясын қорғады.

4




  • Байланыс ақпараты: Сабақтар сабақ кестесіне сәйкес Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасында жүргізіледі, Алалыкина 7 көшесі, ғимарат № 2. Телефон: 56-41-81 (114).



  • Оқу пәнінің саясаты: Пән саясатты: студент дәріске және семинар сабақтарына міндетті түрде қатысу керек, сеимнар сабағына дайындалып жүру керек, барлық қарыздарды уақытында тапсыру керек. Кафедраға екінші аяқ киім, халат, бейдж, колпакпен келу керек. Саясаттану сабақтарында студенттер міндетті түрде ноутбук және оқу-құралымен (кітап, дәптер), конспектімен келу керек. Студент өз ойын еркін жеткізіп, дәріс барысында жазып алынған конспектісін түсіндіре алуы керек. СОӨЖ тапсырмаларын кешіктірмей, сабақ барысында немесе сабақ соңында тапсыруы керек. Уақыт өтіп кеткеннен кейін орындалып, тапсырылған тапсырмалар қабылданбайды және орындалған болып есептелмейді.Толық интеграцияланған баға студент барлық сабақтарға қатысып, тапсырмаларды толық орындаған жағдайда ғана қойылады.

  • Кіріспе.

Саясаттану БҰҰ арнайы құрылымдық бөлімі – Юнеско міндетті түрде оқылатын пәндер тізіміне енгізіп бекіткен әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі маңызды оқу пәні. Саясат қазіргі қоғамның тіршілік әрекеті аспектісі ретіндегі оның объектісі болып табылады. Саясаттану саясаттың өмір сүру заңдарын, оның тарихи дамуын зерттейді.Саясаттанудың мазмұны сонымен қатар, билік, мемлекетаралық қатынас мәселелерінен де тұрады.

Саясат теориясы антикалық дәуірден бастап, бүкіл өркениет тарихы бойы дамыса да қоғамдық білім саласы ретінде саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында ғана қалыптасты. Қарқынды дамушы ғылым ретіндегі саясаттанудың маңызы бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегіидеялардың өзіндік катализаторы іспеті ерекше артып отыр.

Қазақстанда, өзге де ТМД елдеріндегідей, саясаттану тоталитарлық жүйе күйрегеннен кейін және тәуелсіздік алғаннан соң барып, дами бастады. Сол тұста типтік бағдарламалар дайындалды және алғашқы оқулықтар жасалды. Алайда саяси практика мен ғылым дамуының жаңа кезеңінде оларды елеуліжаңалаудың қажеттілігі туды.

  • Пәннің мақсаты:

Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. «Саясаттану» пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасының алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді

  • Оқытудың міндеттері:

Курстың міндеттері студенттерді Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу.

Қазіргі жаһандану кезеңінде Саясаттану пәні тек саясат туралы жалпы білім берумен ғана шектелмеуі керек, ол Қазақстан Республикасының азаматтары болашақ дәрігерлер-қоғамдағы көпшілік қауымның, әлеуметтің сұраныстары мен қызығушылықарын түсініп, мәселелерді дұрыс шешуде болашағы зор тапсырмаларды таңдай білуіне бағыт-бағдар береді.Сондайақ болашақ дәрігер студенттерді өз құқықтарын қорғауға, саяси институттар арқылы жеке және толық ұжымның қызығушылықтарын алға тартуға және әрбір сұраққа немесе ұсыныстарға байсалдылық танытып, кәсіби шеберлік көрсетуге дағдыандырады.

  • Оқытудың соңғы нәтижелері:



Дескриптор

Оқытудың соңғы нәтижесі

Құзыреттілігі

А

Зерттеліп отырған тақырып аясында ең көп қолданылатын әдіс-тәсілдер мен білімдерін жариялау

  • Саясаттанудың негізгі жаңа әдістері арқылы болашақ дәрігер мамандардың мақсаты,орындайтын тапсырмалары, қызметі айқындала түседі;

  • Саяси процестердің мәнін және саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың олардағы рөлін, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы саяси процесстерді.

  • Денсаулық сақта аясындағы халықаралық саясатты бағалау.

  • Денсаулық сақтау ісі мен медицинадағы негізгі мәселелерді шешудің дұрыс болжамдарын жасау және олардың осы қоғамдағы өзге әлеуметтік-саяси салалармен өзара байланысы.




1,3,4,5,6

В

Игерілген білімді және түсініктерді кәсіби деңгейде қолдану

  • Саяси ойларды құрастырудағы негізгі заңдылықтарды классификаттау және шешу;

  • Қазақстандағы және Қазақстаннан тыс аймақтардағы болып жатқан саяси үрдістерге хронологиялық шолу жасау.

  • Әртүрлі саяси кезең және дәуірдегі саяси көзқарастар мен саяси мәдениеті көрсету, таныту.

1,3,4,5,6

С

Зерттеу аймағында айғақтарды құрастыру және мәселелерді дұрыс шешу

  • Өзіндік ой-пікірін қалыптастыру үшін әртүрлі ойшылдардың негізгі саяси ойларын салыстыру.

  • Басқарушы саяси институттар арқылы өзіндік саяси құқыққа болжам жасау, жеке және топтың қызығушылығын жүзеге асырудың жолдарын құрастыру.

1,3,4,5,6

D

Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымның астарында пікір қалыптастыру үшін ақпараттарды жинап және тәпсірлеп жүзеге асыру

  • Саяси міңез-құлықтар мен саяси үдірістерді (оның ішінде медицинада) саясаттану тұрғысынан қызмет атқару заңдылықтары мен реттелуі туралы ақпараттарды пайдалана отырып, оның мәнің бағалау, жеке пікірін қалыптастыру, реферат, презентация, жоба түрінде хабар ету.

1,3,4,5,6

Е

Идеялар мен мәселелерді және шешімдерді, маман ретінде, сонымен қатар маман болмасада ақпараттарды алға тарту

  • алынған ақпараттарды семинар сабақтарында, студенттер үйірмелерінің отырысында, студенттердің ғылыми конференцияларында ұсыну; студенттерге, оқытушыларға, емтихан қабылдаушыларға әлеуметтік міңез-құлықтар мен әлеуметтік үдірістерді (оның ішінде медицинада) әлеуметтану тұрғысынан қызмет атқару заңдылықтары мен реттелуі туралы алынған негізгі білімдерін өз көзқарасымен жеткізу

1,3,4,5,6
  1   2   3   4

Похожие:

Силлабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: жалпы медицина 5В130100 Сағат көлемі 90 сағат iconСиллабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»
Силлабус пән бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде pol1107 «Саясаттану» «Медициналық-профилактикалық іс» 5В110400 мамандығы үшін...
Силлабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: жалпы медицина 5В130100 Сағат көлемі 90 сағат icon5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 135 сағат, кредит 3 3 курс 5,6 семестр
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы 39 жыл
Силлабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: жалпы медицина 5В130100 Сағат көлемі 90 сағат iconҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы силлабус
Силлабус «Философия» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы үшін құрастырылған
Силлабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: жалпы медицина 5В130100 Сағат көлемі 90 сағат iconСиллабус
Силлабус «Медициналық радиобиология» элективті пән бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде «5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін...
Силлабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: жалпы медицина 5В130100 Сағат көлемі 90 сағат iconТәжірибелік сабақ: 30 сағат
Силлабус Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылған (Астана, 2006). «Жұқпалы...
Силлабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: жалпы медицина 5В130100 Сағат көлемі 90 сағат iconГенетика және биотехнология кафедрасы
Пән туралы дерек: “Генетика” пәні 5 семестрде оқытылады, пәннің оқытылатын мерзімі 15 жұма, жалпы көлемі – 135 сағат, аудиториялық...
Силлабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: жалпы медицина 5В130100 Сағат көлемі 90 сағат iconЛекция 15 (сағат) Практикалық сабақ 30 (сағат) осөЖ 45 (сағат) СӨЖ 45 (сағат) Емтихан Сағат көлемі 135 Курс 3 Семестр 5 Астана 20 ж. Жұмыс бағдарламасы «Кәсіптік аурулар»

Силлабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: жалпы медицина 5В130100 Сағат көлемі 90 сағат iconЖалпы фармакология кафедрасы
«Фармакология-2» пәні бойынша 5В130100 – «Жалпы медицина» мамандығы, IIІ курс студенттері үшін 5 семестрге дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық...
Силлабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: жалпы медицина 5В130100 Сағат көлемі 90 сағат iconЖалпы медицина факультеті Силлабус
Силлабус ҚР жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылған (Астана, 2006). «Жалпы медицина» 051301 мамандығына арналған,...
Силлабус «Саясаттану» пәні бойынша poi 1107 Мамандығы: жалпы медицина 5В130100 Сағат көлемі 90 сағат iconСиллабус «Жоспарлаудың ғылыми әдістері» пән бойынша 051102 «Қоғамдық денсаулық» мамандығы үшін
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница