Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау




Скачать 112.91 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау
Дата конвертации14.02.2016
Размер112.91 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://news.wksu.kz/images/stories/downloads/stud_vesna_2013.doc



М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде

Махамбет Өтемісұлының – 210 жылдығына арналған университет студенттері арасында өткізілетін дәстүрлі «Студенттік көктем – 2013» фестивалінің

ЕРЕЖЕСІ


Фестиваль мақсаты:

  • Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау;

  • Махамбет Өтемісұлының – 210 жылдығын университет деңгейінде атап өту;

  • жастардың мәдени, рухани дамуына, білім мен тәрбиесінің жетілуіне, шығармашылық өсуіне жағдай жасау;

  • талантты жастарды табу және оларға қолдау жасау;

  • фестивальге студент жастарды көптеп тарту;

  • салауатты өмір салтын дәріптеу;

  • патриоттық сезімге баулу;

  • болашақта өтетін университетішілік мерекелік шараларға белсене қатынаса алатын студенттерді дайындау;

  • университеттің студент жастарына республикалық, облыстық, қалалық шығармашылық фестивалдерге және өнер байқауларына алдын ала даярлық жасау.


Фестиваль ұраны:

Ойлары – дауыл,

Сезімдері – аспан.

Махамбеттің ұрпағымыз,

Біліммен көзін ашқан!

Фестиваль демеушілері:

  • М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректораты;

  • М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттер кәсіподағы.


Фестивальге қатысушылар:

  • Университетіміздегі би және саз өнері бөлімінен басқа барлық факультеттер, БҚМУ колледжі қатыса алады;

  • өткен жылдардағы «Студенттік көктем» фестивалінің, қалалық, облыстық конкурстардың лауреаттары конкурсқа жіберілмейді.


Фестивальдің өткізілу кезеңдері:

  • 4 сәуір-бейсенбі - М.Өтемісов атындағы БҚМУ факультеттері арасында оздырылған «Студенттік көктем – 2012» фестивалінің салтанатты ашылуы.

Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, акт зал

Өтетін уақыты: сағат: 16:00

  • 9 сәуір-сейсенбі – жаратылыстану – географиялық факультетінің концерттік бағдарламасы.

Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, акт зал

Өтетін уақыты: сағат: 16:00

  • 11 сәуір-бейсенбі – филология факультетінің концерттік бағдарламасы

Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, акт зал

Өтетін уақыты: сағат: 16:00

  • 13 сәуір-сенбі – физика-математикалық факультетінің концерттік бағдарламасы.

Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, акт залы Өтетін уақыты: сағат: 15:00

  • 16 сәуір-сейсенбі – педагогика факультетінің концерттік бағдарламасы.

Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, акт зал

Өтетін уақыты: сағат: 16:00

  • 19 сәуір-жұма – тарих және құқық факультетінің концерттік бағдарламасы.

Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, акт зал

Өтетін уақыты: сағат: 16:00

  • 20 сәуір-сенбі – экономика және басқару факультетінің концерттік бағдарламасы.

Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, акт зал

Өтетін уақыты: сағат: 16:00

  • 23 сәуір-сейсенбі – сәндік қолданбалы өнер және мәдениет бөлімінің концерттік бағдарламасы.

Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, акт зал

Өтетін уақыты: сағат: 16:00

  • 25 сәуір-бесенбі БҚМУ колледжінің концерттік бағдарламасы.

Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, акт зал

Өтетін уақыты: сағат: 15:00



  • 27 сәуір-сенбі – М.Өтемісов атындағы БҚМУ факультеттері арасында оздырылған «Студенттік көктем – 2012» фестивалінің қорытынды марапаттау Гала концерті

Өтетін орны: № 1 оқу ғимараты, акт зал

Өтетін уақыты: сағат: 16:00


«Студенттік көктем – 2013» айлық фестивалінің жалпы

ЕРЕЖЕСІ

«Студенттік көктем – 2013» айлық фестивалі әр факультет студенттері мен БҚМУ колледжі оқушыларының жастық шақ, студенттік өмір тақырыптары аясында мерекелік концерт түрінде өткізіледі. Концерт жүйелі түрде ұйымдастырылып, орындалатын номерлер бір-бірімен байланыстырылып, шешілімі(финал) әсерлі түрде аяқталуы керек. Концерттің жалпы ұзақтығы 1 сағат 20 минуттан аспауы тиіс. Фестиваль барысында әр концерттің мазмұндылығы, тақырыпқа сай құрылуы, сахна мәдениетінің сақталуы талап етіледі. Фестиваль қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған номинация жеңімпаздары гала концетте өнер көрсетеді.

Концерттік бағдарлама аясында І – ІІ - ІІІ орындар бойынша оздырылатын байқау номинациялары:

  1. Эстрадалық әндер (жекелей, топтық);

  2. Хореография (жекелей, топтық);

  3. Аспапта орындау шебері(жекелей, топтық);

  4. Үздік дәстүрлі ән;

  5. Жазба ақындар мүшәйрасы;

  6. Үздік фото-суреттер көрмесі.


Әділқазылар алқасының байқау барысында анықтайтын номинациялары:


  1. Ең үздік жүргізуші;

  2. Ең үздік сценарий;

  3. Ең үздік хореографиялық қойылым жетекшісі;

  4. Ең үздік ұйымдастырушы студенттік декан;

  5. Ең үздік аспапта орындау шебері жетекшісі.


«Эстрадалық әндер» номинациясы бойынша байқау

Е Р Е Ж Е С I

Байқау сипаттамасы:

  • Байқауға жеке орындаушылар мен орындаушы топтар қатыса алады;

  • орындаушы топтың құрамы әр бөлімнен 4 орындаушыдан аспауы тиіс;

  • әр бөлімнен байқауға кемінде 2 ән ұсынылады:

  • бірінші ән патриоттық тақырыпта болуы тиіс. Бұл тақырып бойынша екі орындаушы (яғни екі номер) қатыса алады;

  • екінші ән еркін тақырыпта орындалуы тиіс (екі орындаушы қатыса алады);

  • фонограмма МD-де жазылған түрде болуы тиіс;

  • (+) фонограммасымен ән айтуға рұқсат етілмейді.



«Хореография» номинациясы бойынша байқау

ЕРЕЖЕСІ

Байқау сипаттамасы:

  • Байқауға жеке, жұп бишілер және құрамы 8 адамнан тұратын би ансамблі қатысады;

  • байқауға әр факультеттен 2 (екі) бағыт бойынша хореографиялық композиция ұсынылуы тиіс;

  • бірінші бағыт бойынша жеке немесе жұп орындаушылар еркін тақырыпта (өзге ұлт өкілдерінің биі, қазіргі заман биі және т.б.) би орындауы тиіс. Бұл бағыт бойынша екі орындаушы (яғни екі номер) қатыса алады;

  • екінші бағыт бойынша кемінде 8 адамнан тұратын бишілер тобы қазақ ұлттық биін орындауы тиіс (1 номер);

  • ансамбль бишілерінің орындау шеберлігі;

  • бидің әуені МD-де жазылған түрде болуы қажет.



«Аспапта орындау шебері» номинациясы бойынша байқаудың

Е Р Е Ж Е С I

Байқау сипаттамасы:

  • Күйдің тақырыбын аша білуі;

  • домбыра аспабында ойнау міндетті;

  • бұл номинацияда әр бөлім 2 бағыт бойынша номер әзірлеуі тиіс;

  • бірінші бағыт бойынша жеке орындаушылардың өнері бағаланады. Бұл бағытқа екі орындаушы (яғни екі номер) қатыса алады;

  • екінші бағыт топтық, яғни 4-6 орындаушыдан тұратын топ бір номер дайындауы тиіс.

  • орындаушының күйді орындау шеберлігі;

  • күйді орындаушы топ мүшелерінің бірі - бірімен байланыстылығын жетілдіру, өзара үйлесімділікке қол жеткізу;

  • студенттердің күйді сауатты, нақышына келтіре орындауы.

«Үздік дәстүрлі ән» номинациясы бойынша байқаудың

Е Р Е Ж Е С I

Байқау сипаттамасы:

  • Бұл номинацияға әр факультеттен кемінде 1 студенттің қатысуы міндетті;

  • қатысушы домбыра аспабымен еркін тақырыпта 1 ән орындауы қажет.

  • музыкалык фон пайдалануға рұқсат етіледі;

  • орындалатын шығарманың мәніне, орындаушының сахна мәдениетін сақтауына, сахналық костюміне назар аударылады.



«Жазба ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша байқаудың

Е Р Е Ж Е С I

Байқау сипаттамасы:

  • Мүшәйраға көрсетілген тақырып бойынша еш жерде жарияланбаған өлеңдер

қабылданады;

  • Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына арналған «Махамбеттің ерлігі мен елдігі » тақырыбында болуы тиіс;

  • шығарма иелері өлеңді өздері көркемдеп оқуы қажет;

  • байқауға қатысушы көрсетілген тақырып бойынша 1 өлең ұсына алады;

  • компьютерде терілген өлең 2 данадан болуы керек;

  • шығарманың мәтіні, көркемділігі, буындарының ұйқасуы ескеріледі;

  • мүшәйраға әр бөлімнен міндетті түрде 1 студент қатысуы тиіс;

  • музыкалық фон пайдалануға рұқсат етіледі.



«Үздік фото суреттер көрмесі» номинациясы бойынша байқаудың

Е Р Е Ж Е С І

Байқау сипаттамасы:

  • Фото сурет көрмесі байқауының арнайы тақырыбы болуы қажет;

  • көрмеге қойылған әрбір фотосуреттерге атау берілуі тиіс;

  • көрмеге қойылатын фотосуреттер биылғы оқу жылынан алынуы (қыркүйек-сәуір) және фестивалге дайындық кезінде түсірілуі керек;

  • фотосурет 15*20 форматынан кем болмауы тиіс;

  • көрмеге қойылған фотосуреттердің сапалы түсірілуі , сапалы шығуы және тақырыпты ашуы тиіс;

  • көрме әр факультеттің концерттік бағдарламасы өтетін күні шараға кем дегенде 30 минут қалғанға дайын болуы қажет;

  • көрмені ұйымдастыру кезінде суреттердің дұрыс орналасуы;

  • көрмеге қойылатын фотосуреттер студенттік өмірдің жарқын шақтарын қамтуы қажет.



«Ең үздік жүргізуші» номинациясы бойынша байқаудың

Е Р Е Ж Е С І

Байқау сипаттамасы:

  • Жүргізуші кем дегенде екі тілде жүргізуі тиіс;

  • жүргізушінің сөйлеу мәнері, сахнада өзін-өзі ұстауы , киім кию үлгісі және түр сипаты сахна мәдениетіне сай болуы қажет.

«Ең үздік сценарий» номинациясы бойынша байқаудың

Е Р Е Ж Е С I


Байқау сипаттамасы:

  • Концерттік бағдарламаның құрылу ерекшелігі, орындалатын номерлер бір-бірімен байланыста болуы;

  • концерттік бағдарламаның тақырыбына сай қатысушылардың киім үлгісінің

сай болуы;

  • концерттік бағдарламаның ұзақтығы 1 сағат 20 минуттан аспауы керек;

  • концерттің, жеке номердің түпкі мақсатын, оқиғасын ашып жеткізу;

  • концерттік бағдарламаның сценариі арқылы көрермендерге мәнді, өтімді жеткізілуі ескеріледі.


«Ең үздік хореографиялық қойылым жетекшісі» номинациясы

бойынша байқаудың

Е Р Е Ж Е С І

Байқау сипаттамасы:

  • Би қоюдағы кәсібилігі;

  • балетмейстерлік қиялмен би суретінің ерекшелігі;

  • ансамбль бишілерінің биді орындау шеберлігі;

  • қойылымдағы тақырыппен музыканы таңдау шеберлігі;

  • би жанрына сай киім кию мәдениетінің сақталуы.

«Ең үздік ұйымдастырушы студенттік декан» номинациясы

бойынша байқаудың

Е Р Е Ж Е С I

Байқау сипаттамасы:

  • Студенттік декан фестивальдің барлық номинацияларына студенттердің толық қатысуын қамтамасыз етуі міндетті;

  • қатысушылардың сахна мәдениетін, өзін-өзі ұстауын қадағалауы тиіс;

  • студенттердің берілген ереже бойынша дайындалуын, орындалатын шығармалардың сапалы, концерттік бағдарламаның мазмұнды әрі тақырыпқа сай болуын қамтамасыз етуі қажет;

  • жалпы бөлімнің фестивальге дайындығын қамтамасыз еткен және әрбір номинация бойынша көп жетістікке қол жеткізген факультеттің студенттік декандары осы номинацияға ие болады.



«Аспапта орындау шеберініңғ үздік жетекшісі» номинациясы бойынша байқаудың

Е Р Е Ж Е С І

Байқау сипаттамасы:

  • күйдің тақырыбын аша білуі;

  • орындаушының күйді орындау шеберлігі;

  • күйді орындаушы топ мүшелерінің бірі - бірімен байланыстылығын жетілдіру, өзара үйлесімділікке қол жеткізу;

  • студенттердің күйді сауатты, нақышына келтіре орындауын қадағалау.



Өтініш беру шарттары:

Фестивальге қатысушылардың өтініші 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады. Өтініште факультет атауы, байқау номинацияларының қатысушылары, жалпы саны, сол факультеттегі жауапты адамның есімі көрсетілуі керек.

Қазылар алқасын ұйымдастыру комитеті тағайындайды. Қазылар алқасының шешімі нақты болады және қайта қаралмайды. Қазылар алқасы жүлделер мен номинацияларды өз шешімдерімен ұсынып тағайындауға құқылы.


Марапаттау:

Фестивальдің қатысушылары ә р номинациясы бойынша I – II – Ш орындармен марапатталады. Жүлделі орындарды ең көп жеңіп алған факультет «Студенттік көктем» фестивалінің Гран-При иегері атанып, ауыспалы кубокқа ие болады. Байқау барысында қазылар алқасының шешімімен анықталған номинация иегерлері және барлық жүлделі орын алған факультеттер «БҚМУ Студенттер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің арнайы сыйлықтарымен марапатталады.





Похожие:

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау iconАудандық ішкі саясат бөлімінің Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мен насихаттау бойынша жұмысы туралы
Ауданда Елбасы Жолдауын ақпараттық-насихаттау жоспары жасалып, аудан әкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау icon2014 жылдың қаңтар айының 17 күні Қазақстан халқына жолдаған Елбасының дәстүрлі Жолдауын аудан халқы арасында насихаттау мақсатында өткізілген шаралар
Елбасының дәстүрлі Жолдауын аудан халқы арасында насихаттау мақсатында өткізілген шаралар
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау iconБекітемін облыс әкімінің орынбасары
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына...
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау iconФ. 7–006-02 ¬аза¬стан республикасы бiлiм және ғылым министрiлiгi
«Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы», Астана, 2008 жылғы 6 ақпан
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау iconҚР білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Р президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфир арқылы тыңдау
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау iconӘлеуметтік – экономикалық дамуы бағдарламасының орындалуы туралы есеп және 2010 жылға алға қойылған міндеттер
Новодолинский кенті әкімі аппаратының жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясын және...
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау iconҚазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына...
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау iconӘлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау жөніндегі
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау icon2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы
Ауданда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» -атты Жолдауын аудан тұрғындары...
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау iconЖаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница