5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған




Название5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған
страница1/13
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.63 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/f3437f9c-51cd-11e4-bf6e-f6d299da70eeУМКД УОС ж каз ад №3.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3-деңгейлі СМЖ

құжаты


ПОӘК



ПОӘК 042-16.1.7/03-2013


ПОӘК«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар

______2013 жылғы

№ 3 басылым





011700- Қазақ тілі мен әдебиеті,012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған


«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




СЕМЕЙ

2014


Мазмұны


1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

4 Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыс

шеңберіндегі тапсырмалар

5 Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы шеңберіндегі

тапсырмалар

6 Емтихан сұрақтары

7 Курст жұмыстарының тақырыптары

8 Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары


Глоссарии.


  1. Азаматтық лирика-лирикалық поэзияның заман жайын,әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы.

  2. Ақын - поэзиялық туынды, өлен, жыр - дастандарды ауызша немесе жазбаша айтып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік дәстүрлерін қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.

  3. Альбомдық лирика- орта ғасырдағы француз поэзиясының лирикалық жанры.Бұл жанырға жататын өлеңдерге тән басты қасиет-сыршылдық,нәзік сезімге берілу.Бұл қасиет оңаша, өзімен өзі болып отырып сыр шерту,көлденең адамға білдірмейтін ішкі сезімді,жүрек сырын қағазға жазудан келіп шыққан.

  4. Арнау - әдеби шығарма басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай уақиға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автор сөзі.

  5. Әдеби қаһарман-әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға.Әдеби қаһармандар шығармада өзіне тән рухани және қоғамдық жүк көтереді.

  6. Әдеби процесс-көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуын зерттейтін методологиялық әдіс.

  7. Әдеби сын-көркем шығармаларды талдап,баға беріп,олардың идеялық-көркемдік мәнін,әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы.

  8. Әңгіме-оқиғаны баяндап айтуға негізделетін,қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма.

  9. Драма-(грекше drama-қимыл- әрекет )-сахнаға арналған,уақиғаны,оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін,көңіл күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығарма.

  10. Жанр-әдеби шығармалардың жеке түрлері,көркем әдебиеттің салалары.

  11. Кейіпкер (персонаж) –көркем әдебиетте роман,повесть,әңгімеде, драмалық шығармада, поэмада бейнеленетін уақиғаға қатысушы.

  12. Лирика-көркем әдебиеттің негізгі саласының,жанрының бірі, басты ерекшелігі–адамның көңіл–күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.

  13. Поэзия – көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең жыр түріндегі шығарма.

  14. Поэма – оқиғаның өлеңмен баяндалып айтылатын, кейде жыр – толғау түрінде келетін көлемді шығарма.

  15. Повесть–оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қара сөзбен жазылған, көлемді шығарма,эпикалық жанрдың орташа түрі.

  16. Реализм(латынша. realis–заттылық,шындық)-әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған,өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат–белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс.

  17. Роман –сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан–жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.

  18. Символ–әдебиетте ойды астарлап,басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне.

  19. Стиль-жазушының өмір шындығын танып–білу,сезіну қабілетін,бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға–бітімін танытатын даралық өзгешелігі,жазу мәнері, қолтаңбасы.

  20. Сюжет(франц. sujet–зат)-өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі,біртұтас желісі.

  21. Тақпақ-қазақ өмірінде шешендік дәстүрмен байланысты туған өткір нақыл-ғибраттылық, мәнерлеп айтуға лайықты сөз нұсқасы.

  22. Тақырып-Әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы,айтылатын жай–жағдайлардың бағыт–бағдары.

  23. Тарихи шындық–өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі.Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар, болған уақиғалар,өмір сүрген тұлғалар арқау болады.

  24. Трагедия–сахнаға арналып жазылатын әдеби шығармалардың,яғни драмалық жанрдың бір түрі.

  25. Трилогия-мазмұн–мағынасы,сюжеті жағынан бір–бірімен тығыз байланысты,негізгі кейіпкерлері ортақ келетін,өзара жалғасып,тұтасып жатқан үш шығарма.



Дәрістердің қысқаша сипаттамасы


Дәріс 1 1941-1956 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Дәрістің мақсаты: XX ғасырдың 41-56 жылдары қазақ халқының қоғамдық

өмірінде өткен ең үлкен тарихи кезеңді түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

1.Ұлы Отан Соғысының басталуы.

2. Ұлы Отан Соғысы кезіндегі қазақ поэзиясы.

3.Ұлы Отан Соғысы кезіндегі қазақ прозасы.

XX ғасырдың 41-56 жылдары қазақ халқының қоғамдық өмірінде өткен ең үлкен тарихи кезеңді қамтиды. Ол – Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңдері.

Кеңес Одағының құрамында болған, Қазақстан халқы да 1941-1945 жылдардағы фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы соғысқа белсене қатысты. Бұл соғыс жалпы одақ және оның бодандығындағы халықтар үшін де ауыр кезең болды. Большевиктер өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалмас үшін өзіне қарасты барлық халықтарды соғысқа жұмылдырды. Солардың қатарында қазақтар да соғысқа көптеп алынып, Қазақстан елі тұтас күйінде соғыс мүддесіне қызмет етті. Кеңес Одағының Еуропалық бөлігінен көптеген зауыттар мен оқу орындары, сол өңірдің соғысқа жарамайтын кәрі-құртаң, бала-шағалары Қазақстанға көшірілді. Оның үстіне өкіметке сенімсіздік көрсеткен біраз халықтар (шешен, неміс, кавказдық мұсылмандар, т.б.) жер ауып, осында келді. Бұлардың барлығы елдегі жағдайды ауырлатып, тұрғылықты халықтың күн көрісіне кері әсер етті. Ерлер майданға кетіп, жұмыстың ауыртпалығын әйелдер мен жас балалар көтерді. Соған қарамастан, коммунистік партияның үгітінің күштілігімен, одан бұрын да жылдар бойы адам санасына сіңірілген социалистік Отанды қорғау идеясы елді тік көтеріп, соғыста жеңіп шығу жолындағы іске жұмылдырды. Халықтық құлшыныстың күштілігі сондай, көп жерлерде (әсіресе, ауылдарда) жұмыс еңбек ақы төленбей атқарылды. Халық уақытпен де есептескен жоқ. Бейбіт құрылыс ісі тоқтап, елдің бүкіл экономикасы соғыс қажетіне ыңғайланып қайта құрылды. Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетінің мазмұнын да осы жағдайлар белгіледі.

Жауынгерлік тақырыбы қазақ әдебиетіне бұрыннан да жат емес еді. Қаһармандық эпос пен әр қилы жаулаушылық кезінде туған халықтық лириканың үлгілері де болған. Отызыншы жылдарда Отан қорғау тақырыбының кең қойылуы да қазақ әдебиетінде жаңа ізденістерге жол ашқан. Еуропада фашизмнің бас көтеруі, оның жаулаушылық әрекеттері кеңес елін сақтыққа үйретті. Шекараны берік күзету, ондағы сақшылардың ерлігі бүкіл кеңес әдебиетінде көтерілген. Қазақ әдебиетінде де шекара тақырыбына біраз шығармалар жазылды. Бірақ таныс емес өмірдің қыры мен сырын жетік білмеу қазақ қаламгерлерін онша биік табысқа көтере алған жоқ-ты. Алайда мынандай төтен соғысты қазақ халқы басынан кешірмеген-ді. Сондықтан жаңа дүниежүзілік соғыс жағдайында әдебиетті дамыту оған жаңа мазмұн, жаңа сапа беру бағытында жүруі керек болды.

Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетін қалыптастыруға қаламгерлердің барлық ұрпағы қатысты. Бұл кезде елде С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ж.Хұсайынов, Ә.Әбішев, М.Хакімжанова әдебиет саласында құлшына еңбек етті. Т.Жароков, Ж.Саин, Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілев, А.Жұмағалиев, Қ.Аманжолов, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Бекхожин, Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, С.Омаров сынды ақын-жазушылар қолына қару алып, майданға аттанды. Бұлардың қатарына майдан газеттерінің беттерінде жарияланған жауынгер жырларымен танылған жаңа ұрпақ өкілдері С.Мәуленов, Х.Ерғалиев, Ж.Молдағалиев, С.Сейітов сияқты ақындар келіп қосылды. Халық поэзиясының өкілдері Жамбыл, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Шашубай Қошқарбаев, Нұрлыбек Баймұратов, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, тағы басқалары өздерінің отаншылдық рухтағы жыр-толғауларын шығарды. Қазақ әдебиетінің осы секілді әр тобынан құрылған қалам иелері бір мақсатқа жұмылып, әдебиеттің алдына соғыс шындығы қойған міндетті атқаруға кірісті.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап ұшқырлық танытқан әдебиеттің шағын жанрларының да өз алдына қойған міндеттері бар еді. Олар тұтқиылдан шабуыл жасаған фашизмнің екіжүзділігін, соғыста көрсеткен зұлымдығын әшкерелеп, елді оларға қарсы бүкіл халықтық күреске шақыруға үн қосты. Отанға берілгендікті, халықтар бірлігі мен ынтымағын, майдандағы күрес пен тылдағы жанқиярлық еңбекті жырлады. Мазмұны жағынан үгіттік сипатта жазылған ондай туындылардың халықты дұшпанға өшпенділікке тәрбиелеуге маңызы зор болды. Сөйте жүріп қазақ өлеңі азаматтық лириканың жаңа үлгілеріне бет бұрды. Ол кеңес адамдарының бойындағы азаматтық сезімнің шыңдалуын, майдандағы ерлікті нақты материалдар негізінде жырлау саласында жаңа ізденістер жасады. Бұл тектес шығармалардың бәрінде, әрине, әдебиеттің көркемдік міндеті мен талабы сақтала берген жоқ. Қаламгердің көбі бұрын әбден зерттеп, жазып жүрген етене тақырыптарын тоқтатып, төтенше тақырыпқа ден қоюға мәжбүр болды. Алайда мұның өзі де үлкен сабақ, тарих сабағы еді. Әдебиет қоғам мен дәуір алға тартқан осы міндеттер мүддесінен шығуға ұмтылып, жаңа бағытта ізденістер жасады.

Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі, әсіресе, Мәскеуді қорғау кезінде 1941 жылдың күзінде Волоколамск тас жолы бойындағы ұрыста қазақстандық Панфиловшылар дивизиясының ерекше көзге түсуі қазақ әдебиетінің майдан тақырыбын жырлауына тың, мол мәліметтер берді. Қазақ ақындары Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдуллиннің, Төлеген Тоқтаровтың, Мартбек Мамраевтың, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, тағы басқа панфиловшы 28 батырдың ерліктерін нақты деректерге сүйене жырлауға тырысты. Мұның өзі соғыс тақырыбын жалпылама жазбай, жеке адамның іс-әрекеті, ой парасаты, жеке басының сезім күйі арқылы көрсетуге бетбұрыс болды. Майдан өмірінің шындығын терең бейнелеуі, солдаттың ішкі сезім күйіне еркін де батыл үңіле алуы жағынан соғыстың ауыртпалығын бастан кешкен майдангер ақындардың шығармалары ерекше бағалы.

Әдебиеттің шағын жанрларының қатарында дәстүрлі өлеңге қоса, публицистика ерекше көзге түсті. М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Әбішевтің мақала түріндегі толғаныстары, әңгімелері мен очерктері халықты ерлік күреске үндеуде, майдан жауынгерлерінің батырлық істері мен тыл еңбеккерлерінің тыныс-тіршілігін жедел суреттеуде көрнекті қызмет атқарды. Майдангер жас жазушы Баубек Бұлқышевтің әскери публицистикасы («Заман, жастар, біздікі», «Жауыздық пен махаббат», «Өмір мен өлім туралы», «Мен өмір сүргім келеді», т.б.) жас жауынгердің жүрек тебіренісін бейнеледі. Туған елі мен жерін мейлінше беріле сүйген жас азаматтың отаншылдық сезімі де, дұшпанға деген кегі де, замандасына арнаған өмір туралы сыр толғаныстары да осы мақалаларда кең қойылды.

Әскери тақырыптың әр алуан жағдайын драманың шағын үлгілері арқылы бейнелеуге Ш.Хұсайынов, Ә.Әбішев, Ғ.Мұстафин сияқты жазушылар қатысты. Олардың бір-екі актілі пьесалары колхоз, совхоз театрларында, көркемөнер үйірмелерінің сахналарында қойылып, елді қырағылыққа шақырды, дұшпанға өшпенділікке баулыды.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1. Осы жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы қандай дәрежеде болды?

2. Ұлы Отан Соғысы кезіндегі қазақ поэзиясына кімдер үлес қосты

3. Ұлы Отан Соғысы кезіндегі қазақ прозасының дамуы қалай болды?

Әдебиеттер:

1 Қазақ әдебиетінің тарихы 8 том,Кеңес дәуірі (1941-1956) Алматы,2004.

2 С.Б.Жұмағұлов ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану

ғылымы(1956- 1991).Монаг. Қарағанды,2008. –552бет.

3 Тоқсамбаева А. Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті(1941-1960).Оқулық; Семей, 2012ж; «Интеллект». –314 бет.

4 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2- кітап.А,«Қазақ университеті» 2002.

–455бет.

5 Жанғара Дәдебаев.Қазіргі қазақ әдебиеті. А,«Қазақ университеті»

2002.– 311 бет.

6 Серік Негимов.Әдебиет әлемі. А, «Ана тілі», 2008ж. –256 бет.

7 Серік Қирабаев. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А, «Білім»,2003ж.

–198бет.

8 Тұрсынбек Кәкішұлы. Жанр жайлауы 1- кітап.А,«Қазақ университеті»

2007ж. –462 бет.

9 С. Қирабаев. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. А.,1995, 173 б.

10 Зинол-Ғабиден Бисенғали,Жамал Манкеева Қазақ филологиясы:

егіз негіз(Ғылыми мақалалар жинағы) –А: «Арыс».,2010.–352бет

11 С.Қирабаев.Ұлт тәуелсіздігі және әдебиеті.А., 2001, 195-196 бб.

12 М. Қаратаев. Туған әдебиет туралы ойлар. А., 1958, 432 б.

13 Әдеби өмір шежіресі. /Құрастырған – Ә.Нарымбетов. А, «Ана тілі»,

2005ж. –488 бет.

14 Қазақ әдебиетінің тарихы. /Бас ред. С.Қирабаев. – Алматы: «ҚАЗақпарат»,

2004. Т. 8. -520 б.


2 ДӘРІС 1941-1960 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Дәрістің мақсаты: Осы жылдардадағы жазылған қазақ прозаларының тақырыбы мен идеясы,образдар жүйесін таныстыру.

Дәрістің жоспары:

1. С.Мұқановтың «Сырдария» романы.

2. Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке» романы.

3. Ғ.Мұстафиннің«Миллионер»повесі,«Қарағанды»романы.

4. С.Шаймерденов,З.Қабдолов,Б.Соқпақбаев,Ә.Нүрпейісов, т.б. жас қаламгерлердің

әңгіме,очерк, повесть, романдары.

Қазақ романының жаңа бой көтеруі 1942 жылы М. Әуезовтің «Абай жолы» атты төрт томдық эпопеясының алғашқы кітабының жарық көруінен басталды. Бұл – әуелде «Абай» деген атпен жоспарланған екі томдық романның бірінші кітабы болатын. Роман Ұлы Отан соғысының от-жалыны өршіп тұрған шағында жарық көрді. Саясаткерлер соғыс тақырыбына арналған прозалық еңбекті күтіп отырған заманда, бұған керісінше, тарихи тақырыпқа жазылған роман партия басшылығын бәлендей қуанта қойған жоқ. Олар романның жоспарына, негізгі идеялық-көркемдік нысанасына ой жіберіп жатпай-ақ, ондағы ру таластарына, Құнанбай заманының өктем қылығына мән беруге тырысты. Алайда, шын әдебиет сүйетін қауым романды жылы қабылдады. Оған Ғ.Мүсіреповтің «Абай» романы туралы» атты мақаласы (1943) куә. Жұрт романның жалғасын күтті.

1945 жылы Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», Ә.Әбішевтің «Жас түлектер», Ғ.Слановтың «Жанартау» атты романдары басылды. Қазақ халқы өмірінің жаңа кезеңдерінің шындығын тануға ұмтылыс жасаған бұл шығармалар көркемдік ізденістері жағынан да, өмірді тақырыптық қамтуы жағынан да әр қилы болатын.

Ғ.Мұстафин романы өмірде болған нақты адам мен оның еңбегі жайлы деректі материалдарға сүйеніп жазылған. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тұратын, Ұлы Отан соғысы кезінде жанқиярлық еңбек етіп, тарының гектарынан 1232 пұт өнім алып. дүние жүзінде болмаған рекорд жасаған Шығанақ Берсиевтің есімі ол кезде әлемді шарлап кеткен еді. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының Президенті Т.Д.Лыссенко тарышы қартқа телеграмма жолдап: «Сіздің телеграммаңызды алғанда, нанар-нанбасымды білмей көп сенделдім. Ең білдім деген ғалымдар гектарынан 200 центнерден артық астық алу мүмкін емес дегенге бекінген еді. Бұл – жай айтылмаған. Өсімдіктер күн қуатын бойына қанша сіңіре алатындығын есептеп барып айтылған болатын. Сіз осы есептен асып түсіп, егін шығымының мөлшері адамның өз қолында екенін дәлелдеп бердіңіз», –деп жазған. Атақшы тарышы өмірінен неміс жазушысы Бертолд Брехт поэма жазған.

Әрине, роман Шығанақ өмірі мен оның еңбегін негізге алғанмен, Мұстафиннің Шығанағы – өмірдегі тарышының өзі емес, әдеби жиынтық бейнесі. Осы материалдар негізінде жазушы қазақ шаруалары өміріндегі ұжымдық бірлесудің өнімді, табысты жолын көрсетуді және адам мен табиғат арасындағы өмірлік тартысты жаңа жағдайда бейнелеуді көздеді. Өмір бойы табиғаттан алуға ұмтылған, бірақ жарымаған шаруа еңбегі жаңа дәуірде, ұжымдық шаруашылықтың өркендеуі жағдайында іске асқаны – романның басты тақырыбы. Бұған Ғабиден жаңа қоғамның өзекті мәселесі ретінде қарайды. Шығанақ бойына халықтың диқаншылық өнерінің ұзақ ғасырлар бойы тәжірибесін жинақтаған жазушы оның жаңа жағдайда қалай дамығанын суреттейді. Тарыдан мол өнім алу, жерге табынбай, оны дегеніне көндіру Шығанақтардың ұзақ арманы мен күресінің басты мақсаты еді. «Әкемнің әкесі егінді кетпенмен салған. Әкем Берсі ағаш соқамен салды. Өзім темір соқаға түйе шығырды қостым. Осының бәрі – тарыны көп алудың алға басқан амалы еді»,– дейді Шығанақ. Бірақ феодалдық-патриархалдық ортада өмір кешкен жалғыз-жарым шаруа еңбегі мен оның өнімсіз құрал-сайманы Шығанақтар арманының іске асуына мүмкіндік бермеді. Тек жаңа жағдайда, ұжымдық шаруашылық ортасында, жерді өңдеу мен баптаудың жаңа тәртібі іске асқан кезде ғана жаңа техниканың күшімен бұл арман жүзеге асты. Тарыдан мол өнім алынып, «алпысқа келгенше, алты шақырым жерге аты шықпаған» Шығанақ есімі әлемге танылды. Жазушы мұны қазақ шаруалары жаңа өмірінің жеңісі санайды.

Романның проблемалық сипатын ондағы басқа бейнелер де айғақтайды. Мысалға, Олжабек бейнесін алайық Бұл арқылы Ғабиден ұжымдық ортадағы шаруа еңбегінің көпке ортақ сипат алып, шаруалардың біртіндеп жекеменшікшіл сезімнен арылуға ұмтылысын танытуды көздейді. Ол Олжабек бойынан шаруаға тән ерекшелікті де, жеке меншіктік сезімнің басымдығын да көреді. Жаңа өкіметтің шаруаларды біріктіріп, жермен кәсіп етуге баулуын мақұл көргенмен, Олжабек жеке меншігіндегі аз ғана малын ортақтастырудан қашып, колхозға кірмейді. Колхозсыз жер іздеп сандалады. Шаруаларды ұжымдастыру науқаны кезіндегі осындай қылықтар әр жерде болған. Әр халықтың әдебиетінен орын алған.

Жазушы жаңа ортада өсіп келе жатқан жастардың бойынан да жаңаша мінез-құлық көреді. Ескінің еріксіз өскен жалтақтығы мен бейнет астында езілген бұйығылығы жоқ жаңа заман жастары Амантай мен Жанботаны өз дәуірінің типтік бейнелері ретінде алады. Олардың жастыққа жарасты мінездері, қоғамға пайдалы еңбегімен байланыстырылады. Еңбекте ерлермен тең түсіп, шыныққан Жанботаның сырт бейнесі шаруа адамына тән етіп сомдалғанымен, ол жаны сұлу жаңашыл қыз.

«Жас түлектер» мен «Жанартау» романдары да соғыс кезінің оқи-ғаларына негізделіп жазылған. Оның алғашқысында майданға үстеме көмір өндіру жөніндегі Қарағанды еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі суреттелсе, екіншісінде Ембі мұнайшыларының тылдағы жанқиярлық істері көрініс табады. Шығарманың атынан көрініп тұрғандай, «Жас түлектер» жаңа заманда өсіп, тәрбие алған жас ұрпақ өкілдерінің азаматтық тұлғасы мен еңбегін суреттеуді көздейді. Мәскеуде тау-кен институтында оқып жүрген жастар соғыс басталысымен бірі– Донбасқа, бірі Қарағандыға аттанады. Донбасқа барғандары өндірісті қорғауға, оның құрал-жабдықтарын Қарағандыға көшіруге көмектессе, Қарағандыға келгендер майдан қажетіне мол көмір өндіру, ол үшін көмір комбайнын ойлап шығару істеріне араласады. Жас ұрпақ аға буын жұмысшылармен бірлесе отырып, еңбекте қажырлықтың үлгісін көрсетеді. Қарағандыда өтетін роман оқиғасын Тайман, Қазыбек сияқты қарт жұмысшылардың отбасылық қарым-қатынасына құра отырып, жазушы жұмысшы табы өкілдерінің дәстүрлі өнегесін алға тартады. Жас буын сол үлгіде тәрбиеленеді. Инженер Сәуле Донбастан келген Мирон қарттың көмір комбайнын жасауына көмектесіп, өндірісті ұйымдастыруда белсенділік танытса, жас жұмысшылар Сайран мен Шекердің қазақ аулынан келіп, жаңа кәсіпті игеруге ұмтылысы тәп-тәуір суреттелген. Нұрлан мен Павелдің Донбастағы алғашқы күндерін суреттеу арқылы жазушы жау басып алған өлкеде отаншыл жастардың дұшпанға қарсы күресін бейнелеуді ойлаған. Алайда, ол эпизодтар соғыс шындығын толық аша алмаған. Соны сезгендей романның кейінгі тараулары түгелдей тыл өміріне арналады да, Нұрлан мен Павелдің жау қолында ерлікпен қаза болғаны, оларға «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілгені роман соңында жария етіледі. Романда Ұлы Отан соғысының ауыр сынынан өткен еліміздің халықтарының тұтастығы, патриоттық істері көрініс табады. Кейбір оқиға жүйелерінің шашырандылығы мен жасанды тартыстардың ұшырасып қалатынын айтпағанда, роман өз дәуірінің елеулі туындысы қатарына кіреді. Кейін автор роман оқиғасын драмаға көшіріп, «Достық пен махаббат» атты пьеса жазды.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1. Осы жылдардағы жазылған қазақ прозаларының тақырыбы мен идеясы не?

2. С.Мұқановтың «Сырдария» романы не жайлы?

3. Ж Ғ.Мүсірепов «Оянған өлке» романы не жайлы?
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған iconҚазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (жеделдетілген), 5В 012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі...
5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған icon5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған
...
5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған icon050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 050205 «Филология: қазақ тілі» мамандықтары...
5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған iconФилология факультеті студенттерінің ожсб консультациялары мен сынама тестілеу кестесі
В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В019100-Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған iconБекітемін Білім және ғылым вице-министрі
В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарына арналған
5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған icon«050117» Қазақ тілі мен әдебиеті (жеделдетілген) және «050112» Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша

5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған iconМазмұны
В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған iconМамандығына арналған «синтаксистік стилистика» пәнінің
В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған iconТипологиялық тіл білімі жалпы тіл білімінде анықталған құрылымдық және функционалдық концепцияларға сүйене отырып, жеке тілдерді зерттеуге негізделеді. Ареалдық тіл білімі
В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған
5В 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В 012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына арналған iconҚазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Тілдің анықтамасы және оның мәні. Тілдің шығуы мен қалыптасуы. Тілдің тарихы мен даму заңдылықтары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница