Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру




Скачать 131.59 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру
Дата конвертации14.02.2016
Размер131.59 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/portals/0/Docs/KZ/memlekettik/31_kaz.doc
Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен     
бекiтiлген        

«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - жоғалған немесе жарамсыз құжаттарын қалпына келтiргенге дейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру рәсiмi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысы 25-тармағының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi аумақтық (қалалық, аудандық) әдiлет органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетедi.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi аяқтау нысаны уақытша жеке куәлiк беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi:
      1) азаматтарды тiркеу екi жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмде жасалады.
      2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету ақылы жүргiзiледi.
      Уақытша жеке куәлiктi беру үшiн 0,2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.
      Растайтын құжаты төлем туралы түбiртек немесе «электронды үкiметтiң» төлем шлюзы арқылы берiлетiн төлем туралы чек болып табылады.
      Уақытша жеке куәлiк бергенi үшiн: Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi; Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерiмен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ерi» атақтарын алған адамдар; «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар; Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурстарында
(www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi асқа үзiлiссiз, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн түскi асқа бiр сағат үзiлiспен, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн ұсынылады.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттiк қызмет мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн жағдай жасалған Орталық ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар: жазбаша арызын, 3,5х4,5 см. көлемде бiр фотосуретiн, уақытша жеке куәлiк үшiн мемлекеттiк баж төлегенiн растайтын түбiртегiн ұсынады.
      13. Бланктi толтыру талап етiлмейдi.
      14. Құжаттарды қабылдау «терезенiң» атқаратын функциялары мен оның мiндеттерi туралы ақпарат iлiнген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсеткен кезде Орталық инспекторы құжаттарды осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестiгiн тексередi, журналға тiркейдi және жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына тапсыруды жүзеге асырады.
      Жинақтаушы бөлiмнiң инспекторы құжаттарды жинап, тiзiлiм жасап, уәкiлеттi органдарға жiберудi жүзеге асырады.
      Орталық өтiнiштердi қоса берiлген құжаттарымен уәкiлеттi органға және керi қарай жеткiзудi осы құжаттар қабылданған күнi курьерлiк байланыс арқылы күнiне кем дегенде 2 рет жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган орталықтан құжаттар пакетiн алған соң, оның осы стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, уақытша жеке куәлiктi толтырады және Орталыққа құжаттарды жiберуге тiзiлiм жасайды.
      Орындалған (дайын) құжаттар уәкiлеттi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмiнен бiр күн бұрын түсу керек.
      15. Тұтынушыға осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген:
      1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;
      2) сұратылып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны және атауы; құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
      4) 1-нысан арызын қабылдаған Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты бар құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi.
      16. Дайын құжаттарды берудi Орталық инспекторы «терезе» арқылы қолхат негiзiнде көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырады.
      Егер тұтынушы мерзiм iшiнде құжаттарды алуға келмеген жағдайда, Орталық оның бiр ай мерзiм iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органға қайтарады.
      17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiрiн ұсынбаған жағдайда, Орталық мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
      Уәкiлеттi орган құжаттарды ресiмдеуден қателiктердi анықтаған кезде, құжаттар пакетiн алғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде бас тарту себептерiн жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарады.
      Орталық дәлелдi бас тартуды алған соң бiр жұмыс күнi iшiнде  өтiнiш берушiнi хабардар етедi және уәкiлеттi органның бас тарту себептерi көрсетiлген жазбаша негiздемесiн бередi.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтiк борышты орындау кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделген және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмыстары бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Уәкiлеттi орган қызметкерiнiң және Орталық инспекторларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнен 58-00-58 телефоны арқылы алуға болады.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе Орталықтың кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      Орталықтар басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетiлген.
      23. Қабылданған шағым Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тiркеледi және түскен уақытынан бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеру жүргiзу қажет болған жағдайда күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Қаралған шағымдардың нәтижесi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестесi осы стандарттың 10-тармағында көзделген Орталықтың жұмыс кестесiне сәйкес анықталады.
      Орталықтардың байланыс телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетiлген, сондай-ақ, ресми ақпараттар кездерiнде және уәкiлеттi органдар мен Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады.
      Орталық басшыларының байланыс телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшаларында көрсетiлген.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.

«Қазақстан Республикасының азаматтарына
уақытша жеке куәлiктер беру»    
мемлекеттiк қызмет стандартына   
1-қосымша              

Р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» үй

40-10-76

40-10-63
қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-40-34

56-57-87
қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

24-41-33
қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» үй

28-39-14

28-40-14
қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

47-14-96

28-94-67
қабылдау бөлмесi

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-57-97

33-55-93
қабылдау бөлмесi

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-15

43-84-14
қабылдау бөлмесi

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-67-16

23-68-81
қабылдау бөлмесi

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

41-63-10
қабылдау бөлмесi

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

53-45-74

54-10-20
қабылдау бөлмесi

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-09-15

23-08-46
қабылдау бөлмесi

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй

42-23-14

42-23-12
қабылдау бөлмесi

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-54

33-47-35
қабылдау бөлмесi

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-21-12

33-31-03
қабылдау бөлмесi

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-43

30-06-79
қабылдау бөлмесi

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

378-09-10

378-09-09
қабылдау бөлмесi

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

249-69-04

248-17-77
қабылдау бөлмесi

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-72

378-47-01
қабылдау бөлмесi

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

386-90-18

239-65-52
қабылдау бөлмесi

20

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-27

234-09-35
қабылдау бөлмесi

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-21-94

37-02-06
қабылдау бөлмесi

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйшi Дина көшесi, 31-үй, 1,2,3 iүж

40-66-54

40-65-62
қабылдау бөлмесi

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

32-07-13
32-46-97

32-42-79
қабылдау бөлмесi

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы Тiлендиев даңғылы, 81, 85 үй.

37-70-46

37-74-34
қабылдау бөлмесi

«Қазақстан Республикасының азаматтарына
уақытша жеке куәлiктер беру»    
мемлекеттiк қызмет стандартына   
2-қосымша              

Кесте. Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғалары % (үлесi)










1.2. Қызмет алуды кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










2.2. Құжаттарды дұрыс ресiмдеген жағдайлары (жүргiзiлген төлемдер, есеп айырысулар және тағы басқалар) % (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi көрсету тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бiрiншi тапсырған оқиғалардың % (үлесi)










3.3. Интернет арқылы қол жетiмдi қызмет көрсетулердiң, ақпараттардың % (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санымен негiзделген шағымдардың % (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiздi шағымдардың % (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiмен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiмен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердiң сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










Похожие:

Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері...
Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне...
Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру iconҚазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті...
Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру icon"Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Жарияланған: "Казахстанская правда" от 30. 08. 2014 №169 (27790); "Егемен Қазақстан" 30. 08. 2014 ж. №169 (28393); Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру iconТехникалық байқау операторларына механикалық көлiк құралдарының және оларға тiркемелердiң мiндеттi техникалық байқаудан өтуі туралы куәлiк бланкiлерiн беру
«Батыс Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру iconӨтінім берген кезде теріс кредиттік тарихы бар (болған жағдайда) немесе кез келген екінші деңгейдегі банкке берешегі бар қарыз алушыларға (студенттерге) кредит берілмейді
Білім беруге берілетін қарыз (бұдан әрі – қарыз) – тек ҚР жоғары оқу орындарында оқып жатқан және жиынтығында мынадай талаптарға...
Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру iconҚазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы
Жарияланған: "Егемен Қазақстан" 03. 07. 2014 ж. №129 (28353); "Казахстанская правда" от 03. 07. 2014 г. №129 (27750); Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру iconҚазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру iconҚазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, ұзарту, күшін жою
Республикасының бір мәртелік дипломаттық, қызметтік, іскерлік, жеке визалары, бір мәртелік және екі мәртелік «туристік» санатындағы...
Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру iconҚазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы
Жеке басқа қол сұғылмаушылық 15-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница