Диссертация 2009 жылы




НазваниеДиссертация 2009 жылы
страница2/3
Дата конвертации05.02.2016
Размер0.51 Mb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.iie.kz/userfiles/zhylank.doc
1   2   3

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ


Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі негізделіп, тарихнамалық бағыттағы зерттелу деңгейі мен деректеріне сипаттама беріліп, мақсат-міндеттері хронологиялық және аумақтық шеңбері, әдістемелік негізі, нысаны, ғылым жаңалығы, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдары, тәжірибелік құндылығы, құрылымы айқындалған.

«Аграрлық арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылу тарихы» атты бірінші тарауда Қазақстандағы 1918 ж. басталған аграрлық білім беру жүйесінің даму тарихы, Кеңес өкіметінің халыққа білім беру аясында аграрлық білім берудегі мемлекеттік саясаты, Қазақстанда аграрлық арнаулы орта білім берудің ұйымдастырылуы мен міндеттері қарастырылады.

1918 ж. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде жергілікті халықтың тіршілігінің көзі мал шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту сөз жүзінде бірінші орында болды. Қоғамдық-саяси жағдайларға байланысты отырықшылық өмірдің ерекшеліктерін меңгеру және оны әрі қарай дамыту мақсатында республикамызда аграрлық білім беру жүйесінің қалыптасуы 1918 жылдардан бастау алады. Алматы қаласында Жетісу орта ауыл шаруашылық училищесінің ашылуы дәлел бола алады. В.Ф. Баудер училище директоры болып сайланды.

1920 ж. 24 сәуірінде Жетісу орта ауыл шаруашылық училищесінің педагогикалық кеңесінде В.Ф. Баудердің ұсынысымен училищеге Иван Александрович Стебут атын беру жөнінде шешім қабылданады. 1920 жылдың 31 мамырында оқу жылының басталуын 1 қыркүйекке жоспарлап, мектептерді біріктіру жөніндегі ереженің бекітілуіне дейін шегеру және жалпы білім беретін мектептерде оқу жылы қашан басталатыны жөнінде анықтау жұмыстарын жүргізу қажет болған. Екі мектеп біріктіріліп И.А. Стебут атындағы Верный ІІ басымдық ауыл шаруашылық және бақшалық техникумы болып аталған [13, 88-бб.].

1920 жылдың қаңтар айында Жетісу орта ауыл шаруашылық училищесінің кеңесінде В.Ф. Баудер, А.В. Мухля, М.Н. Растигаев, С.Н. Гричев, П.К. Сушковтардың қатысуымен мәжіліс өткізіледі. Онда Жетісудағы төменгі ауыл шаруашылық мектептерді орта мектептерге ауыстыру мәселесі қаралған [14, 110-б.]

1924-1925 жж. елімізде болған межелеу кезінде Орынбор қаласындағы Ветзоотехникумында жерге орналастыру бөлімі ашылып, 1926 ж. бұл бөлім Ветзоотехникуммен бірге Алматы қаласына көшірілген [15].

Кеңес үкіметі тарихының барлық кезеңдерінде ауыл шаруашылығы қазақ интеллигенциясының өкілдері өмірінің ұйтқысы болды. Сондықтан аграрлық білім беру қызметінің маңызды бағыты – қоғамда ауыл шаруашылығын дамытуда белсенді мамандар даярлау ісі болып табылады.

Республикамызда аграрлық орта арнаулы білім беру жүйесінің қалыптасуы 1918 жылдардан бастау алады. Қазақстанда ауылшаруашылық техникумдарының ашылуы, онда ауыл шаруашылық мамандықтарын кең көлемде меңгеру арқылы ауыл шаруашылық оқу орындарымен берілген жер бөлімдерінде, суармалы шаруашылықтар, бақшалар, жайылымдық жерлерде тәжірибелік жұмыстарын өткізу, ауыл шаруашылық мамандарының білім сапасын арттыруға бағытталған еді [14, 105-107-бб.]. Қазақстанның ауылшаруашылық техникумдарын бітірушілер туралы мәліметтер Ташкент Жер шаруашылық комитетіне жіберіліп отырған Техникумдарда сабақ беретін оқытушылардың көпшілігі Ташкент қаласынан шақырылған [14, 111-б.].

1924 ж. оқу қарсаңында Қазақстандағы кәсіптік білім беру жүйесінің Қазақ АКСР-і бойынша есебінде Ауыл шаруашылық техникумдары 8 болса, ондағы шәкірттер саны 758 болды [16].

1925 ж. 22 қарашада Халықтық Ағарту ісі комитеті ауыл шаруашылық техникумдарына арналған қаулы қабылдайды. Онда Қазақ Орталық Комитетінің соңғы сессиясындағы: «Қазіргі ауыл жағдайын терең меңгеріп және оны дамытуда өндіріс күштерімен қамтамасыз ету» қажеттігі жөніндегі қабылданған шешімін жүзеге асыру жұмыстары қаралған. Осындай ізгі шаралармен халықтың назарына ауыл шаруашылық техникумдарының экспонаттары ғана емес, жалпы ғылым саласы негізіндегі ауылдық агромәдени мазмұнды ұстануды мақсат тұтты.

Қаз КСР-ның Халық Ағарту ісі комиссариаты 1925 ж. 4 қарашада барлық жергілікті губерниялық атқару комитеттеріне техникум басқармасында қызметінен босатылған немесе жаңадан сайланған қызметкерлерді жергілікті кәсіподақтардың келісімімен тағайындау жөнінде бұйрық шығарған. Онда Алматы ветзоотехникумы, Ақмола қаласындағы Боровский атындағы орман шаруашылық техникумы, Орал қаласының педагогикалық техникумы, Семей орыс және Петропавл қазақ педагогикалық техникумдары, Жетісу ауыл шаруашылық техникумдарының жұмыстары жөніндегі баяндамалар құжаттық іс-қағаздар реттілігімен тіркеліп отырды.

1930 ж. 19 шілдеде Халық Ағарту ісі Семей қаласындағы ауылшаруашылық және ветзоотехникумын қайта ұйымдастыруды қолға алды. 1929-1930 жж. Қызылорда қаласындағы шикізат техникумы да қаражаттың жоқтығынан, 1933 ж. Семей қаласына көшірілген.

1930 жж. Қазақстанда ауыл шаруашылық мамандарын даярлайтын жоғары оқу орнының болмауынан, қазақ ауыл шаруашылық мамандары Ташкент Ауылшаруашылық Академиясында оқыған. 1931 ж. республикамыздың ауылшаруашылық техникумдарымен 1242 агроном, басқа да ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша мамандар даярланған. Халық Комиссарлар кеңесімен Павлодар Зоотехникумы, Қарқаралы Зоотехникумы, Петропавл Ветеринариялық техникумдарында ауылшаруашылық кәсіби мамандары мен оқытушылардың жетіспеушілігінен аталған техникумдарда білім беру деңгейінің сапасын арттыру жөнінде мәселелер қаралды. Ауылшаруашылық техникумдарында жүйелі басқару орындарының болмауынан, ауылшаруашылық техникумдарының білімін жақсарту мақсатында оларды бір қаладан екіншісіне, немесе қала орталығынан өндірістік ауылдық жерлерге еш жағдай жасалмастан үздіксіз көшірілуінің өзі орта арнаулы білім беретін техникумдардың жағдайының нашарлап кетуіне әсер еткен факторлардың бірі болған [17].

Қазалы және Қызылорда Ауылшаруашылық техникумдары 1935 ж. мемлекет тарапынан қаржыландырылмағандығы анықталған. Сол сияқты 1935 ж. Әулиеата Зоотехникумы (жылқы шаруашылығы) жабылып, Петропавл ветеринарлық және ауылшаруашылық техникумына біріктірілген. Ақтөбе облысындағы Мартұқ веттехникумы мен Қазалы зоотехникумдары 1935 ж. 15 шілдеде біріктірілген. Кейбір қалаларда бір мамандықты дайындайтын профилі бір екі-үш техникумдарға дейін ашылып кеткен.

Мал шаруашылығын дамытуда мал азығының тұрақты мол қоры қамтамасыз етілді [18]. Бұл бір жағынан совхоздарды құруға ыңғайлы болса, екінші жағынан, қоныстанушыларды орналастыруға бос жерлер табылды.

Бірінші тарауға қорытынды жасасақ 1918-1936 жылдардағы Қазақстандағы аграрлық білім алу жүйесінің уйымдастырылуы Қазақ халқы үшін әлеуметтік – экономиканы дамытуға үлкен септігін тигізді. Қазақстандағы ірі қалалардағы оқу орындарының ашылуы және оны дамыту осы кезеңдегі еліміздің әлеуметтік – экономикалық шаруашылық байланысымен түсіндіріледі.Облыстардағы аграрлық институттар мен училищелердің оқу бағдарламалары өзгертіліп, жаңа әдіс – тәсілдер жайлы аз айтылмайды.Қазақ интеллегенциясының өкілдері өмірінің уйытқысы. Кеңес үкіметі барлық тарихи кезі аграрлық білім беру қызметінің маңызды бағыты – қоғамда ауыл шаруашылығын дамытуда белсенді мамандар даярлау ісі болып табылады. Ужымдастыру жұмысын жүргізу кезінде отырықшылық мал шаруашылығын күту, мал азығын дайындау жұмыстарын уйымдастыруда көптеген қйыншылықтар кездесті. Экономикаға айтарлықтай шығын әкелген түрлі жағдайлар, әсіресе ауыл жастарын оқуға тартуды оларды жатақханамен қамтуда қаржының аз бөлінуі де себеп болды. Қандай қиыншылық болсада аграрлық арнайы білім берілетін оқу орындары қиыншылықтарға қарамастан Қазақстанда өз дамуын халықтың әлеуметтік – экономикалық дамуына ықпал тигізді деп тужырымдаймыз.

Екінші тарау «Жоғарғы білім беретін аграрлық оқу орындарының ашылуы мен даму тарихы» деп аталады. Бұл тарауда ХХ ғасырдың 30-шы жж. еліміздегі халық-ағарту саласының даму ерекшеліктерін жекелеген аграрлық жоғары оқу орындарының ашылуы зерттеу қазақ халқының мәдени-әлеуметтік өмірі мен рухани даму үрдісін терең ұғынуға кең жол ашады. Мемлекеттік ауыл шаруашылық мекемелері мен кәсіпорындарын кәсіби мамандармен қамтамасыз ететін орын бұл техникумдар болды .

Қазақстанда іргелі жоғары аграрлық оқу орындарының ашылуы және оларды білім, сондай-ақ ғылым орталықтарына айналдыру Халық Ағарту ісін басқарған Ораз Қиқымұлы Жандосов 1929 ж. Қазақ мал дәрігерлік институты және 1930 ж. Қазақ ауыл шаруашылық институтын ашу кезіндегі жұмыстарды өзі басқарды. Агротехникум Алматыдан Талғарға көшірілген кезде Политехникум болып өзгертілген.

О. Жандосов осы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының 1929-19 жж. директорлық қызметін атқарды. 1930 ж. тамыз айында Ауылшаруашылық институтының ғимаратын салудың 1930-1931 жж. шығын сметасы Мәскеу Халықтық Жерге орналастыру комисариатына берілген.

Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған Ауылшаруашылық институтының бірнеше жылға созылған құрылыстық жұмыстары 1934 ж. басталып, 1936 ж. аяқталған [19, 18-б.].

КСРО Ғылым Академиясы қазақстандық базасының республикада зоологиялық және ботаникалық секторлары болды. 1938 ж. КСРО Ғылым Академиясының қазақ бөлімшесі құрылды. Ұлы Отан соғысы басталар алдында мұнда 3 ғылым докторы мен 14 ғылым кандидаттары бар, 100 ғылыми қызметкерлер жұмыс істеді. Соғыс жылдары бөлімшенің құрамында 13 ғылыми-зерттеу институттары құрылып, ҚазКСР Ғылым Академиясын ұйымдастыруда орасан зор жұмыстар атқарылды. Қазақстан ғылымына академиктер В.А. Обручев, С.И. Вавилов, И.П. Бардин, В.Л. Комаров, И.Ф. Григорьевтер зор үлестерін қосты.

1917 ж. Қазан төңкерісінен басталған аграрлық арнаулы орта білім беретін ауылшаруашылық техникумдары, 1929 жж. күштеп ұжымдастыруға дейін, яғни алғашқы жоғарғы оқу орындарының ашылуын қамтиды. Әсіресе, күштеп ұжымдастырудың алғашқы баспалдағынан алапат аштық жылдары мен 1933 жылдардағы колхоз және мемлекеттік құрылымды орнықтыруды, отырықшылықты аяқтау сынды саяси-экономикалық шаралардың жүзеге асырылуымен жоғарғы ауылшаруашылық орындарын оқу ғимараттарымен, ондағы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары қатар жүргізілді.

1930-шы жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылығын негізгі топырақты-климаттық аймақтары бойынша көп қырлы зерттеу үшін ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу және өндірістік-тәжірибелік мекемелер жүйесі құрылды. 1934 жылдың аяғында ғылыми зерттеулерді басқару мақсатымен Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылым академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлімшесі ұйымдастырылды, ол 1957 жылдың қараша айына дейін жұмыс істеді. ХХ ғасырдың 40-шы жылдарына қарай республикамызда 12 жоғары оқу орны, 11 ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық ұйымдар, 2 жобалау институты, 2 ауылшаруашылық тәжірибелік стансалар, 6 зауыттық ғылыми-зерттеу және конструкциялық бөлімшелер, Алматы қаласында ботаника бағы және хайуанаттар саябағы болды. Ауыл шаруашылығының өзара тығыз байланысты негізгі екі саласы бар. Олар: өсімдік шаруашылығы немесе егіншілік және мал шаруашылығы.

1946 жылы 31 мамырда «Қазақ ССР Ғылым Академиясын құру туралы» қаулы қабылданып, ірі ғылыми күштер және де ЛБАШҒЗА-ның (ВАСХНИЛ) Шығыс бөлімінің 14 ғылыми-зерттеу институттарында және үш республиканың ауыл шаруашылығы Министрлігінің ҒӨБ жиынтықталды. 1948 ж. республикада Бетпақдала қой шаруашылығы тәжірибелік стансасы, ауыл шаруашылығын механизациялау және электрмен жабдықтау ҒЗИ, мал азығы мен жайылымдар ҒЗИ, және 8 тәжірибе стансалары мен алты тәжірибе танаптары ауыл шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс істеді.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда 20 жоғарғы оқу орны, 18 арнаулы орта оқу орындары болды. Қазақстанның жоғарғы мектептерінің алғашқы профессорлары мен оқытушылары Мәскеу, Ленинград, Киев, Саратов, Ташкент және басқа қалаларда білім алған.

1950 жылы жер аударылғандарды Қазақстан Республикасының алты облысы Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Семей, Талдықорған және Оңтүстік Қазақстанға қоныс аудару көзделді [20].

Семей зоотехникалық-ветеринарлық институты КСРО Министрлер Кеңесінің 1950 ж. 15 желтоқсанындағы №4943 қаулысы мен КСРО Ауылшаруашылық Министрлігінің 1950 ж. 25 желтоқсандағы №1794 бұйрығы негізінде ашылған [21, 5-б.]. Институтты ашудағы басты мақсат Қазақстанның солтүстік-шығысында жоғары білімді білікті ауыл шаруашылық мамандарын даярлаумен қатар, ветеринария және зоотехникалық сала бойынша ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру болып табылған. Семей облыстық институтты алғашқы ашылған жылы үш кафедра жалдамалы мекемелерде жұмыс істеген. Институт ресми түрде 1952 ж. 1 қыркүйекте ашылған.

Қазақстанда негізгі тың және тыңайған жерлер игерілгендіктен астық өндіруді арттыру жөніндегі басты және шешуші арна дәнді дақылдардың шығымдылығын арттыру болып табылған. Семей, Өскемен, Ақмола, Тараз, Қостанай және тағы басқа қалалар оқу орындарының ірі орталықтарына айналды. Аталған жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарының көпшілігі Қазақстанның оңтүстік және солтүстік аудандарында орналасқан.

1957 ж. басында Шортанды ауылшаруашылық тәжірибе стансасының негізінде Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылып, кейін ол Бүкілодақтық астық шаруашылығы Ғылыми Зерттеу Институты болып қайта құрылған. Оның қызмет көрсету аймағына солтүстік облыстардың барлығы енгізілген және су, орман шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу Республикалық институттар осы кезде ашылған. Сондай-ақ, 1957 ж. Семей Зоотехникалық-ветеринарлық институтының тұңғыш түлектері 250 маман жоғары білім алып шыққан [22, 10-б.]. Институттың ректораты мен оқытушылары білікті мамандар даярлау жолында көптеген жұмыста атқарған.

Кеңес өкіметі 1950-1960 жж. дәнді-дақылдарды көптеп өсіру бағытында бидай егісі солтүстік аймақтан оңтүстік аймаққа қарай, тіпті Қазақстанның шөлейт бөлігіне тарады. Тары егісі шығысқа қарай, сол сияқты Орталық Қазақстанға етек жайды, арпа дақылы тауға қарай, күріш Сырдария және Қаратал өзендерінің алқабында өсірілген. Астық өндірудің негізгі базасы ретінде солтүстіктегі бес облыс – Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары алынған, бұлардан басқа астық өндіретін Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жоғарыда аталған облыстардан едәуір кем өндірілген.

1958 ж. Семей Зоотехникалық-ветеринарлық институтында сырттай оқу бөлімдері ашылса, 1968 ж. институттың 7 кафедрасында аспирантура [21, 12-13-бб.] ашылған.

Ақмола ауылшаруашылық институтының құрылу алғышарттары мен дамуы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде маңызды рөл атқарған. Институт біртіндеп құрылымдық кезеңдерін бастан өткере отырып, ірі жоғары ауылшаруашылық білім орталығына, ғылым мен мәдениет ордасына айналдырылған. Мұндағы факультеттер мен кафедралар бірінен екіншісі туындай, тізбектеліп құрылған. Мысалға, 1963 ж. агрономия факультетінен 1975 ж. зоотехникалық факультетіндегі агрономия және жергеорналастыру факультеттері негізінде 1961 ж. экономика факультеті құрылған. Оның екі саласы: «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» және «Ауылшаруашылығының бухгалтерлік есеп жүргізу». 1965 ж. мехфакультетінен. ауылшаруашылығының электр жүйесімен қамтамасыз ету факультеті бөшлініп шықты. 1975 ж. бұл бөлім «Архитектура» факультеті болып құрылған. 1975 жылы Зооинженерлік факультетінен ветеринарлық факультеті туындаған.

Қостанай қаласындағы Целиноград ауылшаруашылық институтының филиалы ашылып, 1978 жылы өз алдына жеке институт болып құрылған. Ал Көкшетау қаласындағы филиал 1979 ж. ашылып, 1991 ж. өз алдына жеке институт болып құрылған. Ақмола ауылшаруашылық институты 25 жыл көлемінде осы екі филиалына басшылық жасаған. Институттың екінші филиалы Көкшетау қаласында болған. 50 жылдардың аяғынан бастап бұл институтта сырттай бөлім жұмыс жасаған. Ол оқу – кеңес пунктерінің функциясын атқарған. Қазақстанда мұндай пункт үшеу болған. Олар: Қарағанды, Арқплық және Атбасар.

Республикамыз бойынша үшінші ауылшаруашылық жоғарғы оқу орны 1952 жылы Семей қаласында Семей зоотехникалық-ветеринариялық институты ашылған. 1956 ж. ауыл шаруашылығы ғылымы қайта ұйымдастырылды, қуатты аз тәжірибе танаптары мен стансаларының орнына Мемлекеттік облыстық ауылшаруашылық тәжірибе стансалары пайда болды.

Қазақстанның ауыл шаруашылық ғылымы дамуының қорытындылары әртүрлі әсер ететін жаңа дәрілік препараттар жасауға, топырақ құнарлылығын биологиялық үздіксіз арттыруда, аймақтардың биоклиматтық әуелетін есепке алуда, ауыл шаруашылығы дақылдарының үлгісін жасауда, ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа түрлері мен тұқымдарын ойластырудың үлгілері аграрлық ғылыми-зерттеу орталықтары арқылы іске асырылады.

Целиноград ауданының Целиноград жеміс-сүтті совхозы негізінде ҚазКСР Министрлігінің 1967 ж. 21 наурыздағы №181 қаулысы негізінде Целиноград совхоз-техникумы 1967 ж. ашылған. «Бухгалтерлік есеп, шаруапшылықтарға басшылық және сараптама жасау», «Агрономиялық» (агроном-экономист), «Ауылшаруашылығын механикаландыру», «Ауылшаруашылық өндірістік технологиясын ұйымдастыру» мамандығы бойынша мамандар даярланған.

1960 жж. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінен кейін ауылшаруашылық мамандарын даярлауды ұлғайту қажет еткендігі анықталды. Батыс – Қазақстан облысының бөлімдерінде жоғары білімі бар мамандар 40-45 пайыздан аспады, ал Батыс – Қазақстанның басқа облыстарында 25 пайызды құраған. Осы себепті Үкімет Орал қаласында Батыс – Қазақстан ауылшаруашылық институтын ашу туралы шешім қабылдаған. Институтты ашу жұмыстарын басқару жергілікті Атқару комитетінің төрағасы Е. Сәрсеновке жүктелген.

1960-1970 жж. ауыл шаруашылығында еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастырудың жаңа кезеңі басталып, ауыл шаруашылық мамандарын даярлау мен оны дамыту мақсатында Астық шаруашылығы Қазақ ҒЗИ 1956 ж. құрылған. Бұл кәсіпорынның негізгі мақсаты Қазақстан ауыл шаруашылық дақылдарының генетикалық ресурстарын қалыптастыру және сақтау, оларды құжаттау және ақпараттық мәліметтер қорын жасау, текті қорын ұйымдастыру және Солтүстік Қазақстанның агроландшафтының топырақ қорғау-мелиоративтік құрылымының ғылыми негізін әзірлеуге бағытталған.

Сонымен қатар, 1957 ж. Қазақ орман шаруашылығы Ғылыми Зерттеу Институты құрылған. Ол Қазақ орман шаруашылығы тәжірибе станциясы мен Қазақ КСР ҒА ботаника институтының орман бөлімінің негізінде құрылып БАШҒА қазақ бөлімшесіне бағынатын болған. 1959 ж. дейін институт Алматы қаласында болып, кейіннен Щучинскіге ауыстырылған. 1959 ж. 1964 ж. дейін Қазақстанның әртүрлі табиғат аймақтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін – Алматы, Алтай, Батыс Қазақстан, Ертіс өңірі, Қостанай орман тәжірибе станцияларының жүйесі құрылған.

1966 ж. Қазақ Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Қаз ССР балық шаруашылығы министрлігінің құзырына берілген. 1978 ж. Қазақ Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты негізінде балық шаруашылығы қазақ ғылыми-өндірістік орталығы құрылып, Алматы қаласында орналастырылған.

Сонымен қатар, 1962 жылы қазан айында Шымкент мемлекеттік ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты негізінде Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылған. 1974 жылы Орал облысы «Мамандандырылған бірлестіктер туралы үлгі ережелер» бойынша ауыл шаруашылық шығармашылығында өз қызметін бастаған.

Республиканың Целиноград, Көкшетау, Жезқазған облыстарынан басқа, Торғай, Семей, Павлодар облыстарында ақбас сиырларын өсіру мен дамыту жұмыстарының аясы кеңейтілген. Өгіздер өсіретін 3 жаңа зауыт ашылған. Ет өнімін өндіруде тез өсетін мал тұқымдары есебінен арттырумен қоса, шошқа және қоян өсіру жұмыстары зерттеле бастаған.

Қорыта айтқанда, 1917 ж. аграрлық арнаулы орта білім беретін ауыл шаруашылық оқу орындары Қазақстанда едәуір дамып жетістіктерге жетті деп есептейміз. Қазақстандағы әлеуметтік – экономикалық салаларға байланысты аграрлық оқу орындарының саны аз болған жоқ. Осыған орай мал шаруашылық пен ауыл шаруашылықты түрлі жолдармен дамытуды Қазақстанда ғылыми – зерттеу жұмыстарымен толықтырып, жетістіктерге жетіп отыр.

«Аграрлық оқу орындарының қызметі» атты үшінші тарауда Қазақстандағы аграрлық оқу орындарының ашылуы, олардың жергілікті халықтың әлеуметтік – экономикасына тигізетін қызметі ұзақ жылдар аралығында даму үрдісі талқыланған. Қазақстан аймақтарының табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстар мен ұсынылымдарды өндіріске енгізу және әзірлеу негізінде халықты азық-түлік тағамдармен қамтамасыз етуде аграрлық білім маңызды қызмет атқарады.

Аграрлық жоғары оқу орындарында оқытылатын энергетика, гидравлика, радиотехника, электротехника, телемеханика және кибернетика саласында кеңінен электрификация және ғылым мен техниканың соңғы табыстары негізінде еңбекті механикаландырудың жоғары дәрежесінде ғана мүмкін болады. 1980 ж. 14 қаңтарында Шымкент қалалық және облыстық жергілікті басқарма Орталық Комитетке Шымкент қаласының табиғи климатты жермен айналысуға өте ыңғайлы, сондықтан бұл жерде Ауыл шаруашылық институтын ашуды ұйымдастыру жөнінде өтініш жолдаған. Орталық Комитеттен 1980 ж. 5 тамызында келген жауапта Қазақ ССР министрлер кеңесін, республиканың мемлекеттік жоспарлау және ауыл шаруашылық министрліктері Шымкент облысында Қазақ Ауылшаруашылық институтының филиалын ашуды құптағаны жөнінде айтылған [22].

1980-1981 жж. жаңа оқу жылында ауыл шаруашылық мамандарын даярлаудың сапасын арттыруда жүйелі басқарма кешені енгізілген, кейіннен бұл жүйе – жоғарғы оқу орындарының ішкі қадағалау басқармасы деп аталған.

1983 ж. Қазақ ССР-ның азық – түлік өндірісі, сауда, даярлау, көкөніс шаруашылық министрліктеріне жоғары білімді мамандарды Алматы филиалы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өндірістік технологиялық институтымен даярланған. Егіншілікті дамытудағы аграрлық білім беру жүйесі ауыл шаруашылығының барлық салаларын өркендетуге және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін шешуші маңызы бар – астық өндіруде атқаратын қызметі өте зор.

Ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді мамандандыру дегеніміз – материал мен еңбек ресурстарын үнемдеу, шаруашылықтың даму қарқынын тездету, елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің байлығын жасау үшін барлық резервтер мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану болып табылады. Ауылшаруашылық жоғарғы оқу орындарындағы «Орман, жер және су ресурстары» факультеті 1948 жылдан бері жұмыс жасайды. «Су ресурстары және суды пайдалану», «Орман шаруашылығы ісі», «Мелиорация, жерді баптау және қорғау», «Жерге орналастыру», «Кадастр» мамандықтары бойынша табиғат байлықтарын игеру мамандары даярланады [23, 3-б.].

Мал шаруашылығы технологиясы факультетінде «Зоотехния-биология», «Аңшылық және аң шаруашылығы», «Балық шаруашылығы», «Биотехнология», «Азық-түлік тағамдары технологиясы», «Стандарттау», «Метрология және сертификаттау» мамандары даярланады.

Барлық ауыл шаруашылық оқу орындары мен арнайы курстары мемлекет тарапынан қаржыландырылып, Өлкелік Ағарту ісі комиссариатымен қадағаланған. Ауыл шаруашылық оқу орындары мен арнайы курстар өткізу Халық ағарту комиссариатының уәкілдерімен қадағаланған. Орта ауыл шаруашылық оқу орындары ауыл шаруашылығындағы инструктор мамандарын, ауыл шаруашылық жетекшілерін, коммуна және т.б. мамандарды даярлады.

Қазақ ССР жоғары және арнаулы орта білім министрлігімен 1983 ж. 25 наурызда 1977 ж. 13 қазанда Министрлер кеңесімен және Қазақстан Орталық компартиясының қабылдаған «О дальнейшем совершенствовании системы повышения квалификации руководящих работников и специалистов народного хозяйства» қаулысы негізінде республикада жүргізілген жұмыстардың барысы тексерілген. Аталған кезеңде халық шаруашылығындағы басқарма қызметкерлері мен мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарымен 172 оқу орындары жұмыс жасаған. Онда 24 институт, 8 салалық институт филиалдары, 21 факультет, 88 курстық оқулар мен 31 мектеп болған. Оның 92 оқу орындары өндіріс саласының кәсіби мамандарын даярлаған. Республикада белгілі бір орта техникалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыруға арналған курс желілерінің тізбегі қалыптасқанымен, тікелей республика басқаруында аграрлық басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған институттар мен факультеттер болмаған. Қазақ ССР ет және сүт өнеркәсіп министрлігінде басқару орындарының ммандардың біліктілігін арттыру Кеңес Одағының ет және сүт өнеркәсіп министрлігі мен республикалық курстық оқу комбинатында жүзеге асырылған. Орман шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері 1977 ж. Орталық Комитеттің қаулысын орындауда 1980 ж. Орман шаруашылығы министрлігінің ұсынысымен Қазақ орман шаруашылығы және аграрлық орман мелиорациялық ғылыми-зерттеу институтының филиалын Көкшетау облысының Щучинск қаласында ашылған.

Қазақ Жер ғылыми-зерттеу институты, картоп және көкөніс шаруашлықтары, ВАСХНИЛ-дің шығыс бөліміндегі көкөніс және жүзім шаруашылықтары 1986 ж. ашылған және ол Қазақ ауылшаруашылық биотехнология орталығының құзырына берілген. Бұл ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми іздену жұмыстарының негізгі бағыттары «Индентификация – 90» ғылыми-техникалық бағдарламасының «Ауыл шаруашылығы» бөліміне енгізілген.

Мал тұқымдарын асылдандыру базалары ретінде мемлекеттік асыл тұқымды мал заводтары, асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын совхоздары, мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру станциялары (Госплемстанция) құрылған.

Қазақстанның аграрлық жағдайын дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығы» кәсіпорны Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты, Целинный ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты және Қазақ ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану және жөндеу технологиялық ғылыми-зерттеу институтының негізінде құрылған.

Қостанай жылқы зауытында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде Қостанай мініс-жегіс аты шығарылған. Ол Қазақстанның барлық облыстарында, Орал мен Сібірдің оңтүстігінде жақсы таралған.

Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасы өз қызметінің әр түрлі кезеңдерінде облыстық, аймақтық, сұрыптау стансасының қызметін атқарады.

«Егіншілік пен өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Қазақ егіншілік институты негізінде құрылып, қазіргі кезде оның екі мемлекеттік кәсіпорны бар. Олар «Өсімдік қорғау ҒЗИ және Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық ҒЗИ» және екі бөлімше (картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ және Талдықорған бөлімшесі) кіреді. «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны азық өндіру және жайылым, мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы ҒЗИ, ветеринарлық институт, мал шаруашылық және ветеринария Солтүстік ҒЗИ, И. Скрябин атындағы Жамбыл ҒЗ ветеринарлық стансасы, Қостанай ҒЗ ветеринарлық стансасы, Оңтүстік-Қазақстан ҒЗ ветеринарлық стансаларын қосу арқылы ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Астана және Алматы қалаларының жанынан аграрлық саланың ғылыми-өндірістік кластерлерін, өндірістік-тәжірибелік және бизнес инфрақұрылымын дамытумен байланысты агроқалашықтарды құру және дамыту көзделген [24]. «ҚазАгроИнновацияға» ғылыми-зерттеу тәжірибелік ұйымдарды, аграрлық білім беру ордаларын, болашақта отандық агроқалашықтарды басқару компаниясы қызметтері жүктелген.

1990 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен аграрлық зерттеулердің тиімділігін және азық-түлік мәселесін шешудегі ғылымның үлесін арттыру үшін Қазақстанның аграрлық – ғалымдарының ғасырлық дәстүрінің жалғастырушысы болған және ғылыми-зерттеу институттарының, тәжірибе – экспериментальды шаруашылықтарды, зауыттарды, конструкторлық бюроларды, тәжірибе стансаларының кең жүйесін біріктіретін, қазақ ауыл шаруашылық ғылымы академиясы қайта қалпына келтірілген.

Шекара арқылы өтетін өзендер жер – су ресурстарын пайдалануды оңтайлау және өзен ағынын моделдеу жұмыстары жасалған. Табиғат шаруашылық кешенінің экологиялық тұрақтылық бағалау көрсеткіші алынды. Суарылатын жүелерде маргиналды, жер асты және жер үсті суларын тиімді пайдалану технологиясы зерттелді.

Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми – зерттеу институтының кіші фермалық жағдайында бағалаудың жоғары стандартына сай келетін, өнімділік деңгейлі ірі ақ тұқымды шошқалар отары жасалған.

Қорыта келгенде 1917-1991 жж. колхоз, совхоз және басқа агрокәсіптік кешенді кәсіпорындар құрылып, мамандарға сураныс артты. Жоғары оқу орындары мен орта арнаулы ауыл шаруашылық, техникумдарда аграрлық мамандарды даярлау мәселесі мен олардың қоғамдық өндірісті дамытудағы рөлінің артуы. Ауыл шаруашылығы үшін мамандар даярлаудыжақсартуды талап еткен мемлекеттің, қоғамдық – саяси ұйымдарын ғылыми –техникалық және білімдермен қаруланған, озық ойлы уйымдастыру қабілеті бар, қойылған міндеттерді мемлекеттік турғыдан шеше алатын мамандар даярлады. Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру және өркендету бағытындағы аграрлық білім өз шегіне жетті. Өндіріс салаларын интенсивтендіру және мамандандыру материалдық базаларды нығайту, экономикалық жағынан басшылықты жақсарту мен қатар ауыл шаруашылықты жоспарлы түрде дамыту болып табылады.

Қорытынды бөлімінде диссертациялық жұмыстың мазмұнынан туындайтын ойлар жүйеленіп, жасалынған ой-тұжырымдары нақтыланады. ХХ ғасырдың 30-жылдарында халыққа білім беру саласында орасан зор жұмыстар іске асырылды. Ең бастысы, халық ағартудың біртұтас жүйесі құрылып, мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, жаппай сауатсыздықты жою жұмыстары жүргізілді. Ол үшін барлық жастағы жұртшылықты қамтыған сауатсыздықты жою курстары, кешкі мектептер ашылып, өз бетімен білім алу үйірмелері құрылды. Кеңес үкіметі тарихының барлық кезеңдерінде ауыл шаруашылығы қазақ интеллигенциясының өкілдері өмірінің ұйтқысы болды. Сондықтан аграрлық білім беру қызметінің маңызды бағыты – қоғамда белсенді ауыл шаруашылық мамандарын даярлау болып табылған.

1918-1928 жж. орта арнаулы білім беретін аграрлық техникумдардың қалыптасуы мен даму мәселесін зерттеудегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмыс, мәселеге қатысты мұрағаттардағы құжаттарды жарыққа шығару, оларға ғылыми баға беру, оны ұлттық санасы оянып, ұлттық намысы қозып келе жатқан халқымыздың рухани қажетіне жарату – төл тарихымыздың алдында тұрған асқарлы міндет.

ХХ ғ. басында Қазақстандағы аграрлық арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы елдің әлеуметтік-экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізді. Орта арнаулы ауыл шаруашылық мамандары әсіресе, ауылдық жерлердегі мал шаруашылығымен айналысқан совхоздарға қажет болды. Ұжымдастыру жұмыстарын жүргізу кезінде отырықшылық жағдайдағы мал шаруашылығын күту, мал азығын дайындау жұмыстарын ұйымдастыруда көптеген қиыншылықтар кездесті. Мұнымен айналысатын ауыл шаруашылық мамандарының жетіспеушілігінен жергілікті жерлерде малдардың түрлі індеттік жұқпалы аурулардан қырылуы экономикаға айтарлықтай шығын әкелді. Әсіресе, ауылдық жерлердегі қазақ жастарын оқуға тарту мақсатында мемлекет тарапынан оларға жатақхана салып беру жұмыстарына қаражаттың уақытылы бөлінбеуі де кері әсер етті. Дегенменде, мемлекеттік оқу орындары басқармаларымен қабылданған осы кездегі реформалардың барлығы дерлік ауыл шаруашылық мамандарын даярлау ісін сапалы түрде жүргізуге бағытталып, іске асырылды.

1   2   3

Похожие:

Диссертация 2009 жылы iconҚарқаралы ауданының
«2009 жылы азаматтарды Қарқаралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы» №1...
Диссертация 2009 жылы iconДиссертация 2009 жылы «01»
Жұмыс Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті химия факультетінің химиялық технология және экология кафедрасында...
Диссертация 2009 жылы iconДиссертация 2009 жылы
Айкөзов С. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)
Диссертация 2009 жылы icon«Балдырған» ясли бақшасы 2009 жылы қаңтар айында пайдалануға берілді. 2009 жылы 26 наурыз күні бала бақша өз жұмысын бастады. Алғашқыда «Балапан», «Құлыншақ»
«Балдырған» ясли – бақшасы 2009 жылы қаңтар айында пайдалануға берілді. 2009 жылы 26 наурыз күні бала бақша өз жұмысын бастады. Алғашқыда...
Диссертация 2009 жылы iconДиссертация 2009 жылы «24»
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Диссертация 2009 жылы iconДиссертация 2008 жылы «7» қарашада сағат 16. 00-де Қр бжҒМ
Тіл білімі институты жанындағы 10. 02. 02 – қазақ тілі және 10. 02. 06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының...
Диссертация 2009 жылы iconАвтореферат 2010 жылы «15»
Диссертация 2010 жылы «3» шілде сағат 10. 00-де М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының...
Диссертация 2009 жылы iconДиссертация «17» «сәуір»
Диссертация «17» «сәуір» 2008 ж сағат 16. 30 Халықаралық Бизнес Университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу...
Диссертация 2009 жылы iconДиссертация 2012 жылы
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің «Физика және фоә»...
Диссертация 2009 жылы icon2009 жылы атқарылған жұмыстар
Жоспар бойынша 2009 жылдың 13 наурызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница