050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006




Скачать 254.37 Kb.
Название050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006
Дата конвертации23.09.2012
Размер254.37 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://portal.vkgu.kz:1010/5303/3/3.2.doc
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ


БЕКІТЕМІН

Филология

факультетінің деканы

________________С.К.Оразалин

«___» ________________ 2009 ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МОРФОЛОГИЯСЫ пәні бойынша

050117 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы үшін

Күндізгі бөлім


_3_ курс

_5, 6 семестр

Дәріс __15__ сағат

Семинар_15_ сағат

Зертханалық сабақ __сағат

Барлығы _30__сағат


Өскемен, 2009

Жұмыс бағдарламасы 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша ГОСО-2006 негізінде жасалды.


Жұмыс бағдарламасын қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Қ.Т.Қаирбаева жасады _______________________________


Кафедра отырысында қаралды және ұсынылды ______________________________


«_____» _________________________ 2009 ж. Хаттама № 1


Кафедра меңгерушісі _______________________ Б.Н.Бияров


Факультеттің әдістемелік кеңесі отырысында қабылданды ______________________


«____» _________________________2009 ж. Хаттама № 1


ФӘК төрайымы __________________________



  • КІРІСПЕ


1.1.Курстың мақсаты мен міндеттері.

Бағдарламамыздың негізгі мақсаты етіп қазақ тілінің морфология саласына қатысты мәселелердің түгел қамтылуы, морфология объектілерін тіліміздің грамматикалық құрылысының табиғатына орай логикалық жүйесіне сай болуы көзделді. Лекцияда әр тарауға, әр тақырыпқа,әр категорияға қатысты мәселелер жөнінде айтылатын қағида, ережелер түсінікті, анық, жүйелі болуы көзделді. Тілдің грамматикалық сыр-сипаттарын теориялық жағынан жете меңгеретіндей, студенттердің өзіңдік ой қорытып, талдау жасай алатындай тақырыптардың жүйелі болуы бір-бірімен диалектикалық бірлікте қарастыру көзделді.

Қазіргі қазақ тілі (морфология) пәні бойынша Практикалық сабақтардың мақсаты мен міндеттері еніп студенттердің лекциядан алған теориялық білімін тереңдетіп кеңейтуіне, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландыру. Олардың берілген тақырып материалдарын тиянақты меңгеруіне жағдай жасау, қабілетін дамыту, сөзді морфологиялық құрамына қарай жан-жақты талдауға машықтандыру.

2.Пәнді оқып үйренудің міндеттері.

Қазақ тілінде сөздерді топтастырудың негізгі принциптері мен басты критерийлерін меңгере отырып, сөздерді сөз таптарына бөле білу және әрбір сөз табының өзіне тән белгілерін ажырата білу, прктикалық жағынан сөйлемдегі әрбір сөздің қай сөз табына жататынын, қандай грамматикалық, лексика-грамматикалық белгілері бар екенін талдай білуге дағдыландыру.

Қазіргі қазақ тілі морфологиясын лингвистика ғылымының қазіргі даму дәрежесінде түсініп білу және өмір талабына сай студенттерді ғылыми еңбектермен, әдебиеттермен, мақалалармен таныстыру.


  1. Курсқа сипаттама.


Бұл пән бойынша мынадай манызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: тілдің грамматикалық единицалары (морфема, сөз), тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, форма, категория, тәсілдер), сөздің тұлғалық құрамы (негізгі туынды сөз), қосымшалар (жұрнақ, жалғау), олардын түрлері, сөз, оның түрлері (жалан, күрделі) және сөздердің лексика- грамматикалық топтары.

7. Курс саясаты: курс аяқталған соң студент:

  • Қазіргі қазақ тілінің морфология саласының объектілерін тіліміздің грамматиқалық құрылысының табиғатына орай, логикалық жүесіне сай қалыптастырылған тарауларды, тақырыптарды, грамматикалық ұғымдарды меңгереді

  • Грамматикалық категорияларға қатысты айтылатын теориялық ережелер мен қағидаларды нақтылы мысылдармен тұжырымдап, әрқайсысының грамматикалық сыр-сипатын таниды

  • Сөздің ішкі мазмұны мен сыртқы формасы арасындағы ерекшелікті, айырмашылықты тануда морфема қызметінің қаншалықты үлес атқаратынын ұғынады

  • Тілдік деректерді ішкі, сыртқы аспектіде саралап, түрлі қырынан грамматикалық талдау жасауға үйренеді. Теориялық білімді практикада қолдана білуді игереді

  • Тіл білімінің грамматикалық терминдерін меңгеріп, түсініктер алады

Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады

  • қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелерімен таныс болады.

  • теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді.

  • зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.

  • кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

.


3. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


Дәрістік, семинарлық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары



Тақырыптар атауы, қарастырылатын сұрақтар

Сағат саны

Дәріс

Практикалық

Зертха

налық

СӨЖ

Грамматика және оның салалары. Негізгі грамматикалық ұғымдар. Грамматика сөздің сөйлемдегі өмірін, сөйлемде қолданылу заңдылығын зерттейтін ілім болғандықтан, ол алдымен сөздің сөйлемде қандай тұлғада қалай қолданылатынын және олардың сөйлемді қалай құрастыратынын, яғни сөйлемнің қыры-сырын зерттейтіні. Осымен байланысты грамматиканың морфология және синаксис деген екі саласы болатыны туралы.

Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы бар және сөйлемде түрлі тұлғада қолданылуына байланысты сөзге қосылатын түрлі мағыналар бар екені. Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы сөйлемге тәуелді болғанымен, оның орны сөздікте ғана деуге болмайтыны, сөздің сөздікте көрсетілетін лексикалық мағынасы сөйлемде де сақталынады. Сөйлем мағынасының сөздердің лексикалық мағынасының негізінде берілетіні.

2

2




5

Сөздің морфологиялық құрамы. Сөз таптары (лексика-грамм. топ.) Қазақ тіліндегі сөз топтастыру принциптері. Сөздің өзі морфологиялық жақтан грамматикалық мәні бар бөлшектерден тұратыны және ол бөлшектердің (морфемалардың) өзіндік семантикалық-грамматикалық сипаты болатынын, оған сәйкес жіктелетінін білу және сөзді морфологиялық құрамына қарай талдай алу.

Тілдегі сөздің мағына жағынан, атқаратын қызмет жағынан түрлігі. Ғылымда сөз атауын үш үлкен топұа бөлуі: 1) атауыш сөздер, 2) одағай сөздер. Бұл үлкен үш сөздер тобының іштей ерекшеліктерге толықтылығы және әрқайсысының лексика-грамматикалық сипатының да сан алуандығы.

1

1




5

Зат есім, семантикалық ерек-і,грамматикалық категориялары, түрлену жүйесі.Зат есімнің құрылымы. Көмекші есімдер. Субстантивтену процесі. Зат есімнің өте ірі, сөз таптарына жататын, ол тілдегі сөздердің қомақты тобын қамтумен бірге, грамматикалық құрылысы жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да өте күрделі сөз табы екені.

1

1




4

Сын есім, лексика-грамматикалық сипаты, морфологиялық құрамы. Мағыналық түрлері.Шырай категориясы. Адъективтену процесі.

Сын есім заттың түрлі сындық белгілерін, салмағын,сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін, аумағын, басұа да сан алуан түрлі қасиеттерін білдіретін сөз табы екендігі. Осы ерекшелік оны зат есммен тіркесте қолданылуын керек ететіні. Сын есімнің өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бары.

Бір түрлі сындық белгінің ақиөат өмңрде түрлі дәрежеде болуын білдіретін сын есімнің шырай категориясы екендігі. Шырай категориясының өзіндік мағынасы білдіретін көрсеткіштері бары.

1

1




4


Сан есім, лексика-грамм. сипаты. Мағыналық топтары, жасалу ерекшеліктері, синтаксистік қызметі.

Сан есім заттың сандық белгісін білдіретін заттық белгісін білдіруі жағынан сын есімге ұқсастығы, соған қарай сын есімнің де зат есіммен тіркесте көбірек қолданылуы.Сан есімнің зат есіммен тіркесінсіз қолдана алатыны.

Сан есім сөздер заттың сандық мөлшерін түрліше білдіре алатынына қарай, бірнеше мағыналық топқа жіктелетіні: есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан. Сан есімінің мағыналық топтарының әрқайсысының бір-бірінен мағыналық ерекшклігі, жасалу жолдары, зат есіммен тіркесте қолданылуы мен зат есім тіркесінсіз қолданылуы, түрлену мүмкіндігі.

1

1




4

Есімдік, лексика-грамматикалық сипаты. Қалыптасуы, мағыналық түрлері. Септелуі, прономиналдану процесі.

Есімдік саны жағынан үлкен сөз табына жатпайтыны, бірақ тілдегі қолданысы жағынан ірі сөз таптарынан кем емес екені. Есімдік есімдер тобына жатқанымен, олардың ешбірінің нақтылы мағынасын (заттың атын, сындық белгілерін, санын) мағынасының жалпылығы арқылы сөйлемде қайталану қажеттілігінен құтқаратыны.

Есімдікке тән ортақ негізгі мағыналық ерекшелік жалпы мағына болғанымен, оның іштей түрлі өзіндік ерекшелігі бары, соған орай есімдіктің мағыналық топтары бары: 1) жіктеу есімдіктері; 2)сілтеу есімдіктері; 3) сұрау есімдіктері; 4) өздік есімдіктер; 5) белгісіздік есімдіктері; 6) болымсыздық есімдіктері; 7) жалпылау есімдіктер.

2

2




4

Етістіктің лексика-грамм. сипаты. Етістік түбірлер, олардың семантикалық ере-і. Дара, күрделі,аналитикалық формалы етістік. Етістіктің категориялары;

а)лексика-грамматикалық категориялар

ә)грамматикалық категория

б) ерекше тұлғалық түрлері.

Етістіктің синтаксистік қызметі.

Етістіктің сөз таптары ішіндегі ең күрделі сөз табы екендігі. Етістіктің сөз табының қазақ тіл білімінде зерттелу жайы. Есістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлі, өз ішіндегі қозғалыс, амалды білдіретін, өсіп-өну, бағыт-бағдар, көру –сес, мінез-құлық, бейнелеу мәнді, көңіл –күй мәнді, қалып етістіктері т.б. болып бөлінуі. Негізгі түбір етістіктер, туынды түбір етістіктер.

Негізгі және көмекші етістіктер. Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрлері. Аналитикалық форматтар, олардың мағыналары, құрылымы, аналитикалық форматтардың етістіктің грамматикалық категорияларына қатыстылығы.

Рай категориясы. Рай –мазмұн жағынан да, форма жағынан да бай грамматикалық категория. Етістіктегі грамматикалық мағынаға қос модальдік мағынаның жарыса көрінуі. Рай түрлері: Ашық рай, бұйрық рай, қалау рай.


4

4




6

Үстеу , морфологиялық құрамы,дара және күрделі үстеулер. Мағыналық топтары, жасалуы.

Үстеу – сөз табының бірі, оның семантикалық сипаты. Үстеудің қимылдың алуан түрлі күй-жайларын, түрлі белгілерін білдіретіндігі, өз алдына жеке сөз табы екендігі. Үстеу сөз қатарының тілдің түрлі тәсілдері арқылы тарихи қалыптасқан. Сондықтан басқа да сөздер тобымен төркіндігі морфологиялық құрамы жағынан негізгі түбір, туынды түбір үстеулер болғандығы. Дара және күрделі үстеу болып бөлінетіндігі. Үстеу грамматикалық категориясы жоқ сөз табы. Үстеу сөздердің мағынасына қарай мезгіл, мекен, мөлшер, сын-бейне, күшейту, мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері болып бөлінетіндігі.

1

1




5

Еліктеу сөздер, лексика-грамм. сипаты, түрлері, сөйлемдегі қызметі. Шылау сөздер, түрлері.

Еліктеу сөздердің лексикалық және тұлғалық жағынан өзгеше сөз табы екендігі. Еліктеу сөздердің қатары айналадағы түрлі-түрлі дыбыстарға еліктеуден қимыл-әрекеттерді, қилы-қилы көріністерін бейнелеуден туатын сөздер тобы екендігі. Еліктеу сөздердің түрленбейтіндігі. Еліктеу сөздердің іштей еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерге бөлінетіндігі. Олардың сипаттамасы, қатары, құрамы, еліктеуіш сөздердің сөйлемдегі қызметі. Олардың сөздермен тіркесу қабілеті туралы.

Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшелігі. Шылау сөздер әуелгі дербебестігінен айырылған көмекші сөздер ретінде қызмет атқаратыны. Шылаулардың дәнекерлік қызметінің және атаушы сөздермен тіркесу қабілетінің олардың қалыптасқан грамматикалық мағыналарының сипаттарына қарай жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер болып бөлінетіндігі.

1

1




4

Одағай,модаль сөздер.

Одағай лексика-грамматикалық сипаты жағынан адамның әр түрлі көңіл-күйіне байланысты ишараттар және төрт түлік малға арнайы айтылатын, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін, оқшау қолданылатын сөздер тобы екендігі. Одағайлардың зерттелуі. Одағайлардың түрлері: негізгі одағайлар, туынды одағайлар.

1

1




4

Барлығы

15

15




45



СӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспары:


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МОРФОЛОГИЯСЫ



п/п

Сабақ тақырыбы

СӨЖ, тапсырма

Сабақтың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылған әдебиеттер (бб.)

Бақылау түрі

1

Грамматика және оның

салалары

Конспект

Морфология-грамматиканын бір саласы, оның зерттеу нысанасы, зерттелу тарихы

7, 8, 9, 11, 13, 22, 23, 24, 25.

Сұрақ-жауап

2

Негізгі грамматикалық ұғымдар.

Реферат жазу

Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл, грамматикалық категория

1, 8, 9, 26, 27, 28.

Реферат қорғау

3


Сөздің морфологиялық құрамы

Баяндама дайындау

Сөздің морфологиялық құрамы. Морфема. Түбір морфема (негізгі түбір, туынды түбір) Қосымша морфема, олардың жіктелуі, мәні, түрлері. Жұрнақтар, жалғаулар.

1,2, 3, 7, 8, 9, 27, 28.

Шағын бақылау жұмысы

4

Сөз топтастыру принциптері

Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау

Сөз таптары (лексика-грамм. топ.) Қазақ тіліндегі сөз топтастыру принциптері

1, 2, 3, 7, 8, 12, 26, 27, 28.

Сұрақ-жауап

5

Зат есім

Реферат жазу

Зат есім, семантикалық ерек-і,грамматикалық категориялары, түрлену жүйесі.Зат есімнің құрылымы. Көмекші есімдер. Субстантивтену процесі.

1, 4, 5, 6, 9, 25, 27, 28.

Реферат қорғау

6

Сын есім

Сауалнама жасау

Сын есім, лексика-грамматикалық сипаты, морфологиялық құрамы. Мағыналық түрлері.Шырай категориясы. Адъективтену процесі.

2, 3, 4, 5, 22, 24, 28

Сұрақ-жауап

7

Сан есім

Баяндама дайындау

Сан есім, лексика-грамм. сипаты. Мағыналық топтары, жасалу ерекшеліктері, синтаксистік қызметі.

2, 3, 4, 5, 22, 24, 28

Шағын бақылау жұмысы

8

Есімдік

Талдау жасау

Есімдік, лексика-грамматикалық сипаты. Қалыптасуы, мағыналық түрлері. Септелуі, прономиналдану процесі.

5, 7, 8, 9, 14, 21, 23, 26, 27.

Сұрақ-жауап

9

Етістік

Реферат жазу

Етістіктің лексика-грамм. сипаты. Етістік түбірлер, олардың семантикалық ере-і.

1, 6, 8, 9, 11, 26, 27

Реферат қорғау

10

Күрделі етістік

Талдау жасау

Дара, күрделі,аналитикалық формалы етістік.


2, 3, 8, 9, 24, 25, 27, 28.

Шағын бақылау жұмысы

11

Етістік категориялары

Конспект

Етістіктің категориялары;

а)лексика-грамматикалық категориялар

ә)грамматикалық категория

б) ерекше тұлғалық түрлері.

Етістіктің синтаксистік қызметі.

5, 7, 8, 9, 14, 21, 23, 26, 27

Сұрақ-жауап

12

Үстеу

Реферат жазу

Үстеу , морфологиялық құрамы,дара және күрделі үстеулер.Мағыналық топтары, жасалуы.

5, 7, 8, 9, 14, 21, 23, 26, 27

Реферат қорғау

13

Еліктеу сөздер

Баяндама дайындау

Еліктеу сөздер, лексика-грамм. сипаты, түрлері, сөйлемдегі қызметі.

5, 7, 8, 9, 14, 21, 23, 26, 27.

Сұрақ-жауап

14

Шылау

Реферат жазу

Шылау сөздер, түрлері.

5, 7, 8, 9, 14, 21, 23, 26, 27.

Реферат қорғау

15

Одағай




Одағай,модаль сөздер.

3, 6, 7, 8, 24, 25, 26, 27, 28

Сұрақ-жауап





















4. ПӘННІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТУ КАРТАСЫ

Тіл білімінің негіздері

Аханов К.

Алматы: 1973.

Оқу құралы

Сөз таптары

Төлеуов Ә.

Алматы,1982

Оқу құралы

Қазақ тілі грамматикасы. Морфология.




Алматы: 1967.

Оқу құралы

Сөздің морфологиялық құрамы.

Ибатов А.

Алматы, 1983.

Оқу құралы

Қазіргі қазақ тілі.

Ысқақов А.

Алматы, 1984.

Оқу құралы

Қазіргі қазақ тілі.

Маманов Ы..

Алматы, 1973.

Оқу құралы

Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар.

Исаев С.

Алматы,1988

Оқу құралы

Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.

Жұбанов Қ.

Алматы, 1966.

Оқу құралы

Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты

Исаев С.


Алматы, 1995.

Оқу құралы

Тіл білімінің негіздері

Аханов К.

Алматы, 1973.

Оқу құралы

Қазіргі қазақ тілі морфемалар жүйесі.

Қоянбаева А. Оралбаева Н.

Алматы, 1986.

Оқу құралы

Қосымшаларды топтастыру принциптері

Маманов Ы.

Алматы, "Қазақстан мектебі" 1975.

Оқу құралы

Көптік жалғау туралы (көмекші құрал)

Нұрғалиева М.

Алматы: 1971

Оқу құралы

Еще раз об именительном падеже.

Исаев С.

№4 Известие Алматы, 1979




Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры, сөз өнері.

Оралбаева И.

Алматы, 1978.

Оқу құралы

Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі.

Қалыбаев А. Оралбекова Н.

Алматы, 1986.

Оқу құралы

Грамматикалық талдаудың тәсілдері.

Исаев С. Бектұров Ж.

Алматы 1985.

Оқу құралы

Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемесі

Сүлейменова Ж.

Алматы, 2006

Оқу құралы



5. БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ ЖӘНЕ СҰРАҚТАР ТІЗІМІ


5.1 Емтихан сұрақтары:


  1. Қазақ тілі морфоогиясының зерттелу жайы

  2. Грамматиканың зерттеу объектісі, салалары

  3. Грамматикалық ұғымдар

  4. Морфема, оған тән белгілер, түрлері

  5. Қосымша морфема, оның түрлері, өзіндік ерекшеліктері

  6. Қосымшаның мағыналық жағынан ерекшеліктері

  7. Сан-мөлшер категориясы. Көптік жалғау, қолданылуы

  8. Тәуелдік категориясы

  9. Септік категориясы

  10. Сөздердің тұлғалық құрамындарына қарай бөлінуі

  11. Күрделі сөздер, түрлері, белгілері

  12. Сөз таптастыру принциптері

  13. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты

  14. Зат есімнің жасалуы. Субстантивтену процесі

  15. Зат есімнің мағыналық топтары

  16. Жақтылық және жақсыздық категориясы. Зат есімнің түрленуі

  17. Көмекші есімдер. Олардың мағынасы

  18. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

  19. Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты

  20. Сын есімнің мағыналық түрлері

  21. Сын есімнің шырайлары. Жай шырай проблемасы

  22. Сын есімнің жасалуы. Адъективтену процесі.

  23. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

  24. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты

  25. Сан есімнің мағыналық топтары

  26. Сан есімнің морфологиялық /жасалу/ ерекшеліктері

  27. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

  28. Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты

  29. Есімдіктің мағыналық түрлері

  30. Пропоминалдану процесі

  31. Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері

  32. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі

  33. Етістіктің жалпы грамматикалық сипаты

  34. Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері

  35. Негізгі және көмекше етістіктер

  36. Аналитикалық фарманттар

  37. Күрделі етістіктер. Тіркесті түбір етістіктер. Етістіктің аналитикалық формалары

  38. Қалып етістіктері

  39. Етіс категориясы

  40. Салт, сабақтылық және болымды, болымсыздық категориясы

  41. Етістіктің шақ категориясы

  42. Етістіктің рай категориясы

  43. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері

  44. Етістіктің жақ категориясы

  45. Етістіктің сөйлемдегі қызметі

  46. Үстеу, лексика-грамматикалық сипаты

  47. Үстеудің мағыналық топтары, жасалуы

  48. Үстеудің сөйлемдегі қызметі

  49. Еліктеуіш сөздер. Лексика-грамматикалық сипаты. Сөйлемдегі қызметі

  50. Шылау сөздер /сипаты, түрлері/

  51. Одағай, түрлері

  52. Модаль сөздер

  53. Сөз тудыру тәсілдері

  54. Нольдік форма



5.2 Курс жұмыстарының тақырыбы:


  1. Қазақ тіліндегі грамматикалық мағына, оның түрлері

  2. Қатыстық грамматикалық мағынаның ерекшеліктері

  3. Категориялық грамматикалық мағынаның түрлері

  4. Қазақ тіліндегі қосымшаларды жіктеу мәселесі

  5. Көптік жалғаудың грамматикалық, стильдік мәні

  6. Септік категориясы

  7. Атау септігінің грамматикалық ерекшеліктері

  8. Ілік септігі, оның тілде қолданылуы

  9. Табыс септігі, оған тән белгілер

  10. Кеңістік септіктер, олардың мағыналық қырлары

  11. Тәуелдік жалғаудың грамматикалық ерекшеліктері

  12. Жіктік жалғаудың қолданылуындағы кейбір ерекшеліктер

  13. Қазақ тіліндегі түбір сөздер

  14. Қазақ тіліндегі туынды сөздер

  15. Қос сөздердің жасалу жолдары мен мағыналық ерекшеліктері

  16. Біріккен сөздердің лексика – грамматикалық сипаты

  17. Қазақ тіліндегі тіркескен сөздер

  18. Қазақ тіл білімінде сөздерді таптастыру мәселесі

  19. Зат есімнің лексика – грамматикалық сипаты

  20. Жалқы есім мен жалпы есім

  21. Қазақ тіліндегі дерексіз зат есімдер

  22. Зат есімнің синтаксистік сипаты

  23. Сын есімнің мағыналық түрлері

  24. Сын есімнің шырай категориясы

  25. Сын есімнің синтаксистік қызметі

  26. Сан есімнің лексика – грамматикалық өзгешелігі

  27. Сан есімнің семантика – морфологиялық топтары

  28. “Бір” сан есімінің ерекшеліктері

  29. Қазақ тіліндегі есімддіктердің лексика – грамматикалық ерекшеліктері

  30. Жіктеу есімдіктері

  31. Сілтеу есімдіктері

  32. Белгісіздік есімдіктері

  33. Жалпылау есімдіктері

  34. Сұрау есімдіктері

  35. Етістіктің лексика – семантикалық топтары

  36. Қазақ тіліндегі түбір етістіктер

  37. Туынды етістіктер

  38. Аналитикалық формалы етістіктер

  39. Құранды етістіктер, оларға тән ерекшеліктер

  40. Аналитикалық етістіктердің лексика – грамматикалық өзгешеліктері

  41. Қазақ тіліндегі күрделі етістіктер

  42. Көмекші етістіктің түрлері

  43. Қалып етістіктерінің лексика – грамматикалық сипаты

  44. Де етістігінің қызметі

  45. Етіс категориясы

  46. Салт, сабақты етістіктер

  47. Есімшенің лексика – грамматикалық өзгешелігі

  48. Көсемшенің лексика – грамматикалық өзгешелігі

  49. Етістіктің шақ категориясы

  50. Етістіктің рай категориясы

  51. Етістіктің синтаксистік қызметі

  52. Үстеудің мағыналық топтары

  53. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты

  54. Еліктеу сөздердің фонетика – морфологиялық сипаты

  55. Демеуліктердің қызметі мен қолданылу ерекшеліктері

  56. Септеулік шылаулар

  57. Қазақ тіліндегі жалғаулықтардың мағынасы мен қызметі

  58. Модаль сөздердің лексика – грамматикалық сипаты

  59. Модальділік мағына

  60. Одағайлардың түрлері мен қызметі



5.3. Реферат тақырыптары:


  1. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру проблемасы.

  2. Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты.

  3. Зат есімнің мағыналық топтары.

  4. Дара және күрделі зат есімдер.

  5. Есімдерден жасалған зат есімдер.

  6. Етістіктерден жасалған зат есімдер.

  7. Зат есімнің сөйлемдегі қызметы.

  8. Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты.

  9. Сын есімнің мағыналық топтары.

  10. Дара және күрделі сын есімдер.

  11. Сын есімнің жасалуы.

  12. Субстантивтенген сын есімдер.

  13. Сын есімнің синтаксистік қызметі.

  14. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты.

  15. Сын есімнің мағыналық топтары.

  16. Дара және күрделі сан есімдер.

  17. Сан есімнің жасалу ерекшеліктері.

  18. Сан есімнің синтаксистік өзгешелігі.

  19. Есімдіктердің жіктелу, септелу ерекшеліктері (орыс тілімен салыстыру).

  20. Есімдіктердің тәуелденуі мен көптелуі (орыс тілімен салыстыру):




    1. Бақылау жұмыстары


18.Қазақ тілі грамматикасың зерттелу тарихы, қазіргі күйі.

  1. Грамматиканың объектісі.

  2. Тілдің грамматикалық құрылысы.

  3. Морфологияның зерттеу объектісі

  4. Грамматикалық ұғымдар

  5. Грамматикалық мағына

  6. Грамматикалық форма

  7. Грамматикалық тәсіл

  8. Грамматикалық категория

а) лекиска-грамматкалық категория

ә) морфологиялық категория

б) морфологиялық категорияның шегі.

  1. Морфема туралы түсінік. Сөздің морфемаға бөлінуі.

  2. Морфеманың түрлері

  3. Түбір морфема, мәні

  4. Қосымша морфема, оның түрлері.

  5. Қосымшалардың морфема ретіндегі өзіндік ерекшелеріктері.

  6. Қосымшаларды сөз тудырушы және форма тудырушы деп бөлудің мәні.

  7. Қосымшалардың мағыналық және қызметтік сипаты.

  8. Жұрнақтардың мағынақ жағынан ерекшеліктірі.

  9. Жалғаулар, өзіндік ерекшеліктері. Жалғаулардың түрлері.

  10. Қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық құрамдарына қарай бөлінуі.

  11. Негізгі түбір, өзіндік сипаты.

  12. Туынды түбір.

  13. Күрделі сөздер, оларды топтастыру принциптері.

  14. Қос сөз, оның түрлері.

  15. Біріккен және қысқарған сөздер.

45, Тіркес сөздер


6. ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ


2009\ 10 оқу жылына

Оқу жұмыс бағдарламасына төмендегідей өзгерістер енгізілді:

1._______________________________________________________________________

2._______________________________________________________________________

3._______________________________________________________________________

4._______________________________________________________________________

5._______________________________________________________________________


Оқу жұмыс бағдарламасы қайтадан қаралды және енгізілген өзгерістер кафедра отырысында бекітілді _____________________________________________________


Хаттама №_____күні «____» _______________________2009 ж.


Оқытушы __________________________ Қ.Т.Қаирбаева


Кафедра меңгерушісі _________________ Б.Н.Бияров


Факультеттің әдістемелік кеңесі төрағасы ____________________________________

Похожие:

050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 icon050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006
Жұмыс бағдарламасы 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 негізінде жасалды
050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 icon050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006
Жұмыс бағдарламасы 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 негізінде жасалды
050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 icon050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006
Жұмыс бағдарламасы 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 негізінде жасалды
050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 icon050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006
Жұмыс бағдарламасы 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 негізінде жасалды
050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 icon050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006
Жұмыс бағдарламасын фил.ғыл канд., қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 iconФакультеттің Әдістемелік Кеңесі отырысында бекітілді
Силлабус 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 негізінде жасалды
050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Силлабус 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 негізінде жасалды
050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 iconҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
«Халық ауыз әдебиеті» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Силлабус 050117 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған госо-2006 негізінде жасалды
050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша госо-2006 icon«Қазақ диалектологиясы» пәні «050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті»
«050117» «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттеріне 1- семестрде «Қазақ диалектологиясы» пәніне оқу жоспарына сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница