Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті




Скачать 45.43 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті
Дата конвертации14.02.2016
Размер45.43 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/sites/default/files/txt, pdf, docx, doc, zip, rar, xls, xslx, png, jpg, tiff,



Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушысының

2014 жылғы «___» ______________

№ ________ бұйрығына

2-қосымша


«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму

министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті –

«Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ережелер


1. «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті (бұдан әрі - Департамент) – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі - АЭА) жұмыс істеуін қамтамасыз етумен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекемесінің заңды тұлғасы болып табылады, мемлекетті тілдегі өз атауы бар мөрі және мөртабаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болады.

6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Аумақтық органның құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрімен келіскеннен кейін, Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің жауапты хатшымен бекітіледі.

8. Департаменттің толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті - «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде - республиканское государственное учреждение «Территориальный департамент Комитета по инвестициям Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан - администрация специальной экономической зоны «Бурабай».

9. Департаменттің заңды мекенжайы: 021708, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі, 45 б үй.

10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Департаменттің қызметтерін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

12. Егер Департаментке кiрiстер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

13. Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Департаменттің кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түспейді.


2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері


14. Мiндеттерi:

1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

15. Функциялары:

1) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтың қызметiне қатысу үшiн арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.


3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру


17. Департаменттің басшылығы Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

18. Департаментінің басшысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Департаментінің басшысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. Департамент басшысының өкілеттіліктері:

1) өз орынбасарының өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Департаментінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.


4. Департаменттің мүлкі


21. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

22. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығармайды немесе өзге тәсiлмен иелік етпеді.


5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату


24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

________________________

Похожие:

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ереже Жалпы ережелер
Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік...
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті icon«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген
...
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
Тапсырыс беуші: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысының...
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті iconТөтенше жағдайлар комитетінің Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті
Азақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі Қр іім) Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Шығыс Қазақстан...
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы туралы ереже Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету...
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті icon«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету...
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті iconӘшімова ГҮлназ бейсенбайқызы қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихы (1991-2009 жж.)
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті iconҚазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Ағымдағы ахуалды және қызметтiң тиiстi салаларынын (аяларының) даму үрдiстерiн талдау
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті icon2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница