Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы




Скачать 81.27 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы
Дата конвертации14.02.2016
Размер81.27 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://economy.gov.kz/upload/Files/Perviy_etap_razv_konc_razvit_31.01.13_78_kaz.doc
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 31 қаңтарында №78 «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысының іске асырылу барысы туралы ақпарат:


1.1. тармағы бойынша. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2012 жылғы 14 желтоқсанындағы № 338 бұйрығымен орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан халық Ассамблеясы, ғалымдардың, Қазақстан Республикасының Заңнама институтының сарапшыларының, Экономикалық зерттеу институты, Нұр Отан ХДП-ның Парламентаризм институты өкілдерін қамтитын жұмыс тобы құрылды.


1.2, 1.3 тармақтары бойынша. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасы бойынша ұсыныстарды әзірлеу, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 13 маусымындағы №101-V ҚРЗ Заңымен Бюджет және Салық кодекстеріне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жарнама туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және келесі нормалар қарастырылған:

1) жиналыстар мен жиындарды қалыптастыру, өткізу және құзыреттерін реттеу және олардың шешімдерін рәсімдеудің тәртібі реттелді;

2) жиналыстың немесе жиынның жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі мәселелерді міндетті түрде талқылауы;

3) жергілікті халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға мониторинг жүргізуге қатысу құқығын беру;

4) әкімдерге кіріс көздерін қалыптастыру құқығы берілді (мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлем, көріктендіру ережелерін бұзғаны, инфрақұрылым нысандарын және жасыл желектерді бұзғаны, рұқсат етілмеген жерлерде сауда жасағаны үшін айыппұлдар және заңға қайшы келмейтін басқа да көздер);

5) жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған кірістер мен шығыстарды көрсету үшін қазынашылық органдарда арнайы есеп-шоттар ашу;

6) тиімді пайдалану, жергілікті халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру және қосымша табыс алу мақсатында ауылдық әкімдерге аудандық коммуналдық меншіктің бір бөлігін (балабақша, кітапхана, мәдениет үйі, алаңдар, тротуарлар, көшелер, көпірлер, қоғамдық саябақтар мен бос уақытын өткізетін орындар, көшені жарықтандыру объектілері, көшедегі ағындық арықтар, жергілікті маңызы бар шығармашылық және тарихи ескерткіштер) беру.

Сонымен қатар, Заңда мәслихат депутаттарының тағайындалатын әкімдер кандидатураларын келісуді, сондай-ақ оларға сенімсіздік білдіру саласында бірыңғай тәсілдер айқындалды, мәслихаттардың үлгілік регламентін бекіту бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі бекітілді, халық алдында жергілікті өкілді органдардың жауаптылығы мен есептілігі реттелді.


1.4. тармағы бойынша. 2015 жылға дейінгі аудандарды дамыту бағдарламаларына халықтың бірінші кезектегі қажеттіліктерін шешуге бағытталған кіші бөлім қосу жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Қазіргі күні аудан әкімдіктерімен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2012 жылдың 28 сәуіріндегі №132 бұйрығымен бекітілген жергілікті атқарушы органдарына арналған Біріңғай көрсеткіштер тізіміне сәйкес келтіру бөлігінде (бөлім және көрсеткіштер бойынша) 2015 жылға дейінгі аудандардың аумақтарын дамыту бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Барлық аудандардың аумақтарын дамыту бағдарламаларында Біріңғай тізімге сәйкес, әлеуметтік сала, инфрақұрылым, ауылдық аумақтарды дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету және басқа бағыттары бойынша халықтың бірінші кезектегі қажеттіліктерін шешуге бағытталған көрсеткіштер мен шаралар қарастырылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында экономиканы әртараптандыруды, шағын және орта бизнесті, көліктік-логистикалық, туристік инфрақұрылымды, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша іс-шаралар қарастырылған.


2.1 тармағы бойынша. Сайлау болатын әкімшілік-аумақтық бірліктерді айқындау.

2.2. тармағы бойынша. «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолар, кенттер әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу және енгізу.

2.3. 2.4 тармақтары бойынша. 2013 жылы Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолық округтерінің құрамына кірмейтін селолар, кенттер әкімдерінің сайлауын өткізуге шығыстар бойынша қаржылық-экономикалық есептер мен негіздемелерді дайындау және ұсыну, 2013 жылы Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолық округтерінің құрамына кірмейтін селолар, кенттер әкімдерінің сайлауын өткізуге байланысты іс-шараларды қаржыландыру көздері туралы мәселені қарау.

2.5. тармақ бойынша. Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолық округтерінің құрамына кірмейтін селолар, кенттер әкімдерінің сайлауын өткізу

«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірде № 555 Жарлығына сәйкес 2013 жылдың тамыз айында 2457 аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық округтерде, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдарда әкімдердің сайлауы өткізілді. Барлығы әкім лауазымына 7173 кандидаттар өтініш білдірді және 6738 тіркелді.

Аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, кенттер және село әкімдерінің сайлауын қаржыландырудың көздері болып жергілікті бюджет анықталды.

Сайлауды өткізуге облыстық бюджеттерден 603,4 млн. теңге бөлінді.


3.1. тармақ бойынша. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша іс-шаралар (халықпен кездесу өткізу).

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевпен бекітілген жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша Заңдардың негізгі ережелерін ақпараттық сүйемелдеудің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2013 жылы мемлекеттік органдардың басшыларының қатарынан республиканың барлық облыстарына ақпараттық насихаттау топтарының (бұдан әрі – АНТ) шығу ұйымдастырылды. Осы жұмыстар барысында Заңдардың, сонымен қатар Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасының негізгі ережелерін халықтың және де бірінші кезекте жаңадан сайланған әкімдерге түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі күні өңірлердің әкімдері тарапынан бекітілген бағдарламаларға және кестеге сәйкес жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың мәселелерінің негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша семинарлар өткізілді.

Жоғарыдағы тапсырманы орындау мақсатында Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 15 мамырында «Ауыл округтерінің әкімдерімен және халықпен мемлекеттік билікті орталықсыздандыру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің өңірлерге шығу кестесін бекіту туралы» бұйрығы бекітіліп, бұған сәйкес Министрліктің қызметкерлерінің облыс әкімдіктерімен бірлесе 2014 жылы аймақтық семинарлары өткізілді.

Жанадан сайланған әкімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін көтерудің өңірлік орталықтарында мүдделі орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік билікті орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша тұрақты негізде семинарлар мен курстар өткізілуде.

Бұдан басқа, 2014 жылдың екінші кезеңінде Астана қ. ЕҚЫҰ орталығымен бірлесе жергілікті өзін-өзі басқару бойынша оқыту модулін әзірлеуді көздейтін жанадан сайланған әкімдерге арналған түсініктемелік семинарлар өткізілді. Аталған модульдің мақсаты жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруда жергілікті әкімдерге қолдау көрсету, олардың құқықтық сауаттылығын көтеру және әлеуетін нығайту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің ақпараты бойынша, 2013 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту мәселелеріне арналған қоғамдық диалогты ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атты жоба жүзеге асырылды.


3.2. тармақ бойынша. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелері бойынша материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау (мақалалар, сұхбаттар, сөз сөйлеулер және т.б.).

Мәдениет және ақпарат министрлігінің, облыстық әкімдіктердің ақпараты бойынша, Медиа-жоспарға сәйкес, республикалық БАҚ-да атқарылып жатқан іс-шаралардың жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары үшін жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі маңыздылығы мен пайдасы туралы материалдар орналастырылды. «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Экспресс-К», «Алаш айнасы», «Дала мен қала», «Страна и мир» және басқа да баспа құралдарында барлығы 700-ден астам материалдар жарияланды.

«Хабар», «Қазақстан», «Астана», «СТВ», «24.KZ», «Евразия», «7 канал» телеарналарында осы тақырыптың шеңберінде 400-ден астам бейнесюжеттер шықты. «Казинформ», «Bnews», «Tengrinews», «Kazakhstan Today», «КазТАГ», «Новости-Казахстана», «Интерфакс-Казахстан» ақпараттық агенттіктердің ресурстарында осы тақырыпқа арналған 200-дей материалдар тіркелген.

Барлық облыстық баспа БАҚ-да аталған тақырып бойынша арнайы айдарларды шығару ұйымдастырылды. Танымал қоғам қайраткерлерінің, саяси партияларының филиалдары мен үкіметтік емес ұйымдар басшыларының пікірлері жарияланды.


Жалпы Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңінің іс-шаралары толықтай орындалды.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 қазандағы № 1139 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №78 «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұл жоспар Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңің іске асыру және оның негізгі ережелерін түсіндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша іс-шараларды қарастырады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2014 жылғы 6 тамыздағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңің іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуге қатысты берген хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді және мақұлданған болатын.

Бүгінгі күні, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталды.

Похожие:

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы iconОңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы icon«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару»
Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 Қаулысының негізінде және...
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы iconҚазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген...
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы iconПрограмма августовского совещания работников образования қостанай қ. 2010 ж. Білім беру Қызметкерлерінің пленарлық тамыздық кеңес бағдарламасы тақырыбы: «Қазақстан
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасында Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бастапқы бағыттарын іске асыру аясында Қостанай...
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы iconБесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері
Ы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында сондай-ақ «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар,...
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы icon2011 жылында Жаңа Бұқтырма кенті
Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі Жаңа Бұқтырма кенттік округ аумағында Зырян аудандық әкімшілігінің лауазымды тұлғасы болып келеді және...
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы iconАқтөбе қалалық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23...
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы iconРегламентін бекіту туралы
«Қазақстан Рес-публикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 9-бабына, Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница