Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері




Скачать 56.43 Kb.
НазваниеҚазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
Дата конвертации14.02.2016
Размер56.43 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/статья Болатова Какиева.doc



Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері


Болатова Б.Ж.

Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлкеттік университетінің PhD., аға оқытушысы

Қақиева А.

Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлкеттік университетінің 3-курс студенті


Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстанда қазіргі кезде инновациялық кәсіпкерліктің даму мәселелері туралы қарастырылған.


Abstract

In this article discusses the problems of the development of modern innovative entrepreneurship


Аннотация

В этой статье рассматриваются проблемы о развитии современного инновационного предпринимательства


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек» деген болатын. [1].

Осыған орай қазіргі таңда елімізде шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі.

Осыған орай, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолы болып кәсіпкерліктің әртүрлі қырларын кеңінен қарастыру ғана емес, инновациялық тәсілдерді, дәстүрлі емес және озық технологияларды қолдану, ең жаңа өнімдер мен қызметтерді пайдалану да табылады. [2]

Яғни, экономикалық қызметтің ерекше түрі ретінде инновациялық кәсіпкерлік дамыту өзекті мәселе болып табылады. Инновациялық кәсіпкерлік инновациялық процестің негізгі қозғаушы күші болып табылады.

Р.Кантильон: «Инновациялық кәсіпкерлік – қаржы, өз ойын, дағдыны білуін жұмылдыру бойынша жоғары пайда алу үшін оларды тәуекелді кәсіпорындарға салу мақсатымен барлық экономикалық субъектілердің қызметі» деп инновациялық кәсіпкерліктің маңызын көрсеткеніндей, елімізде инновациялық кәсіпкерлік – техникалық-технологиялық жаңалықтарды жасау және саудалық пайдалануының процесі. [3]

Қазақстанда 2013 жылы ЖІӨ 31 422,7 млрд.теңгені құрап, шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 17 пайызды көрсетті. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 20 пайызға жеттеді деп болжануда. Ал дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш мүлдем басқаша сипат алған. Жапонияда 52 пайызды құраса, АҚШ-та 53 пайызды, ал Италияда 70 пайызды құрайды.

2013 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 9019,7 млрд. теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 73,1 пайызды, шаруа (фермер) қожалықтары – 18,9 пайызды, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 7,0 пайызды, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 1,0 пайызды құрады.

Ал, 2014 жылғы қаңтар-наурыздағы статистика мәліметтері бойынша төмендегі суреттен (салғастырмалы бағаларда) өткен жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда өнім шығарылымы 2,7%-ға өсті, жұмыспен қамтылғандар саны 0,1%-ға және белсенді субъектілер саны 4,1%-ға төмендегендігін көруге болады. (сурет 1)

пайызбен





Сурет 1. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметтерінің көрсеткіштер құрылымы


2014 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы 2360,7 млрд. теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 71,3%, шаруа (фермер) қожалықтары – 19,5%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 8,6%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,6%-ды құрады. [4]

Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жеке меншік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс» деп те Жолдауда шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне ерекше тоқталған болатын. [1]

Қазіргі таңда елімізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар, онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,3 млрд. теңгені құрап отырады. Осы негізде елімізде инновациялық қызметті дамыту үшін арнайы қаржылық қолдау құралдары кеңейтіліп, отандық кәсіпорындар үшін салықтық жаңа жеңілдіктер мен преференциялар енгізілді. Соңғы 2011 жылдың өзінде ғана технологиялар сатып алу гранттарына сұраныс 2 есе ұлғайды. Әлемдік дағдарыстың созылып кеткеніне қарамастан, Қазақстан индустриялық-инновациялық жобалар арқылы экономиканың 7% орнықты өсуін қамтамасыз етіп келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстандық инновациялық жүйе жетілдіріліп, индустриялық-инновациялық қолдаудың жаңа құралдарымен толықтырылуда. Мысалы, 2012 жылы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда инновациялық гранттардың 5 жаңа түрін қамтитын индустриялық-инновациялық дамуды қолдаудың 14 құралы көзделген. Сондай-ақ елді технологиялық жоспарлау жүйесінің негізі қаланды, индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудың тиімділігін талдау тетіктері ұсынылды, инновацияларды қолдау мен ынталандырудың жаңа тетіктері көзделді және инновацияларды қолдаудың қолданыстағы тетіктері жетілдірілді.

Венчурлік қорлар, салалық конструкторлық бюролар құру жөніндегі жұмыс жалғасуда, коммерцияландыру кеңселері ашылуда, өңірлік технопарктерде бизнес-инкубациялау бағдарламасы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік Банк рейтингісіне сәйкес инновациялылық көрсеткіші бойынша Қазақстан қазіргі уақытта Марокко (91), Филиппины (90), Кения (89), Мавритания (95) және Ангола (96) сияқты елдермен қатар 92 орында.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттілік туралы 2011 – 2012 жылдарға арналған жаһандық есебіне сәйкес инновациялылықтың және инновацияларды бизнесте пайдаланудың біріктірілген факторы бойынша Қазақстан Бангладеш (113), Монғолия (112), Мали (116) сияқты елдердің арасында 114 орынды иеленген. [5]

Алайда, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы сапа жағына қарағанда сан жағынан өсуде. Сапа жағынан жетілдіру үшін инновациялық қызмет пен мемлекеттік реттеу жеткіліксіз мөлшерде.Сондықтан да, әлі де болса инновациялық кәсіпкерліктің тиімді жолға қойылуы үшін мына принциптерді жүзеге асыру қажет: [6]

  • инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту;

  • инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;

  • инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу әдістерін жетілдіру;

  • тиімді бәсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау;

  • инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар

  2. Хойч А., Сагидоллаева С.Е. Шағын және орта кәсіпкерлік аясында инновациялық қызметті жетілдіру жолдары http://group-global.org

  3. Инновациялық кәсіпкерліктің негіздері. http://bigox.kz

  4. 2014 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің мониторингі // ҚР-ның Статистика агенттігі сайты www.stat.gov.kz

  5. "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 990 Қаулысы

  6. Айтөреева Ә. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлікті қолдау. // «Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы білім және ғылым дамуындағы жаңа бағыт» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары . Алматы 2013ж. – Т.ІІ, ч.2. – Б.184-185



Похожие:

Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері icon«Интеграция – Қазақстанда индустрияны дамыту мүмкіндігі» тақырыбына лекция
Астана қ. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қр ижтм өнеркәсіп комитетінің төрағасы Б. Қасымбековтің «Интеграция...
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері iconКӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары
Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар да орта мерзімге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседі
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері iconАуыл шаруашылығында кәсіпкерлік қызметті дамыту
Аңдатпа: Бұл мақалада агроөнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары потенциалды, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік...
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері iconҚР – дағы индустриялды-инновациялық стратегияны жүзеге асырудың негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары тажиева С. К., э.ғ. к., доцент
Азақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғ-дың әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық...
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері icon2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері»
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері iconСекторлар экономикасында өңірлік кәсіпкерлік теңгерілімді және тұрақты өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ әрекеттегі және тұрақты жаңа жұмыс орынын сақтау Бағдарлама операторы: «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері icon2004-2006 жылдарға арналған индустриалдық- инновациялық дамыту бағдарламасы

Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері iconҚазақстан Республикасының өңірлерінің инновациялық даму жағдайларына талдау
Және де бұнда инвесторларды тарту дегенімізді қаржыны ғана емес, жаңа технологияларды тарту, сондай-ақ, елдің түрлі өңірінде көптеген...
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мәселелері iconҚазақстан республикасында инновациялық инфрақҰрылымды қалыптастыру мен ұйымдастыру мәселелері мухтар Е. С., докторант Нурмагамбетова А. М., асистенті
Туде негізгі қазына көзіне айналуда. Жинақталған тәжірибе көрсеткендей экономикалық өрлеу халық шаруашылығының барлық салаларында...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница