Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары




Скачать 414.33 Kb.
НазваниеҚаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
страница1/3
Дата конвертации14.02.2016
Размер414.33 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://mgov.kz/wp-content/uploads/2013/05/Pravila-kaz.doc
  1   2   3




Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен бекітілген


Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары


1. Жалпы ережелер


  1. Осы Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес әзірленді және АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.

  2. Қаржылық сауықтырудың негізгі мақсаттары АӨК субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, кредиттік жүктемесін төмендету және олардың банкротқа ұшырау тәуекелін барынша азайту болып табылады.



2. Терминдер мен анықтамалар


  1. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

  1. қарыз алушы – кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелері бар АӨК субъектісі;

  2. қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия – осы Қағидаларға
    1-қосымшаға сәйкес құрамда мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің (келісім бойынша), қаржы институттары (келісім бойынша) мен үкіметтік емес ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдерінен құралған алқалы орган;


  3. кредиттік және лизингтік міндеттемелер – оларға қатысты осы Қағидалардың шеңберінде қаржылық сауықтыру шараларын қолдану мүмкін болатын, құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоса алғанда, айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға кредит алуға, сондай-ақ басқа да қаржы институттарының алдындағы қарызды қайта қаржыландыру, ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен технологиялық жабдықты лизингке алуға байланысты қаржы институттары алдында пайда болған қарыз алушының міндеттемелері;

  4. кредиторлық міндеттемелер – құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоса алғанда, айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, ауыл шаруашылығы, мал шаруышылығы, технологиялық және қайта өңдеу құрал-жабдықтарын лизингке алуға байланысты басқа шаруашылық субъектілері алдында пайда болған қарыз алушының міндеттемелері;

  5. оператор – АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін қаржы институттарының кредиттері/лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарттың негізінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым ретінде тартылатын «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;

  6. қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның шешімі – әлеуетті қарыз алушыға қатысты қаржылық сауықтыруды қолдану/қолданбау туралы шешім;

  7. мемлекеттік комиссия – «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия;

  8. кредиттік және лизингтік міндеттемелерді қайта құрылымдау – қарыз алушыларда бар кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша қайтару мерзімдерін арттыру, төлемді өтеудің кезектілігі мен ретін өзгерту, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту, сондай-ақ жеңілдікті кезең ұсыну;

  9. кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерді қайта қаржыландыру – қарыз алушыларға ұзақ мерзімді қайтару мерзімдерімен, немесе ұзақ мерзімді қайтарумен қосымша келісімді жасау жолымен ертеде берілген несиенін орнын толтыру, төмен пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен және бар берешектерін қайтаруға жеңілдікті кезеңмен жаңа нысаналы кредиттер ұсыну;

  10. сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау – қарыз алушының кредиттік және/немесе лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы ретінде қаржы институтына төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау нысаны;

  11. әкімші – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Салық салу мақсатында әкімші төлем көздерінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелген салық агенті болып танылады;

  1. қаржылық сауықтыру – айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына пайдаланылған қарыз алушының кредиттік/кредиторлық міндеттемелерін, сондай-ақ лизингтік міндеттемелерін (ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, технологиялық және қайта өңдеу құрал-жабдықтарын сатып алу) мемлекет тарапынан қолдау кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру;

  2. қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер; басқа да банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар; АӨК саласындағы кредиттік серіктестіктер; мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен АӨК саласында кредиттік-лизингтік қызмет атқаратын заңды тұлғалар;

  3. қаржы агенті – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.

  4. Қорландыру қаражаттары – қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелерін келесі қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру үшін қаржы институттарымен ұсынылатын, қаржы агентінен тартылған қаражат;



3. Қаржылық сауықтырудың жалпы шарттары


4. Қарыз алушының құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоса алғанда, айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, технологиялық және қайта өңдеу құрал-жабдықтарын лизингке алуға кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері қайта құрылымдауға және қайта қаржыландыруға жатады.

5. Қайта кұрылымдауға және қайта қаржыландыруға 2014 жылғы 1 каңтарда пайда болған несиелік/несие беру/лизингтік міндеттемелер жатады.

6. Егер қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру жүзеге асырылатын бір қарыз алушының бір қаржы институтындағы кредиттік/ кредиторлық/лизингтік міндеттемелерінің ұлттық валютадағы сомасы онымен үлестес басқа да қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін есепке алусыз 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспаған жағдайда осы Ережеге сәйкес оған қатысты қаржылық сауықтыру шараларын қолдану туралы шешім қаржылық сауықтыру бойынша комиссиямен қабылданады.

Қарыз алушының кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерінің сомасы 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден асқан жағдайда оны қаржылық сауықтыруға жіберу туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайды.

Шетелдік валютадағы кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелер сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өтініш жасаған күні қолданыста болған ресми бағамына сәйкес жоғарыда көрсетілген ұлттық валютадағы сомаға балама сомадан аспауы тиіс.

  1. Қаржы институттары қарыз алушылар бастамашылық ететін кредит беру/ лизинг беру шарттарын өзгертуге байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қарыз алушылардан қаржылық сауықтыруға қатысуға байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

  2. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін қарыз алушының кредиттік/лизингтік міндеттемелері бойынша шарттар сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жатпайды.

  3. Қарыз алушылардың қаржылық берешегін қайта құрылымдау жағдайларын, сондай-ақ жеделдетілген сауықтыру рәсіміндегі қарыз алушыларды қоспағанда, қызметі ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгерту, тарату, оңалту немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрған, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған қарыз алушылар қаржылық сауықтыру рәсімдеріне жіберілмейді.

  4. Қаржылық сауықтыру кредиттік және/немесе лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін олардың қолданылуының бүкіл мерзімінде субсидиялауды көздейді, бірақ 9 жылдан артық емес мерзімде. Сыйақы мөлшерін субсидиялау субсидиялау келісім-шартына қол қойған күннен басталады .

  5. Қаржылық сауықтыру қаржы институттары есептеген айыппұлдар мен өсімпұлдарды, мерзімі асып есептелген сыйақыны есептен шығару сыйақы мөлшерлемесі жылдық 0,1 %-дан аспайтын, төлемді жеке кесте бойынша бөліп төлеу арқылы жүзеге асады (негізгі қарызға капиталдандырусыз), оларды негізгі қарызға капиталдандыруға қарыз алушының келісімі болмаған жағдайда..

  6. Қаржылық сауықтыру шараларын алған кредиттік және лизингтік шарттар бойынша талаптар жылына бір рет қана өзгертілуі мүмкін (сыйақы мөлшерлемесі, төлеу мерзімі, негізгі борыш және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеру)

  7. Сыйақы мөлшерін субсидиялау қазіргі ережелердің 1) және 3) тармақшаларында немесе 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шарттарда қабылданған жағдайда қарыз алушылардын несиелік және лизингтік міндеттемелері бойынша оны жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету арқылы жүзеге асырылады:

  1. қаржы институттары қарыз алушының кредиттік және лизингтік міндеттемелерінің қайтару мерзімін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге ұлғайтқан;

  2. АӨК субъектілері басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер алдындағы кредиттік берешегін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге оларды банктік кредитке ауыстыра отырып қайта қаржыландыру, әйтпесе қосымша келісімді жасау жолымен ертеде берілген несиенін орнын толтыру;

  3. қарыз алушылар кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерін қайта қаржыландыру/қайта құрылымдау кезінде осы Қағидалардың 4-тарауында көрсетілген сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсыну критерийлерін сақтаған, сондай-ақ осы Қағидалардың 5-тарауында көрсетілген қаржылық сауықтыруда тең қатысушылықты сақтаған жағдайдарда жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, 2013 жылы жасалған субсидиялау келісімі бойынша оны жылдық 7 % (жеті) төмендету жолымен қарыз алушылардың қайта құрылымданған/қайта қаржылындырылған несиелік/несие беру және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерін субсидиялау 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап іске асырылады.



  1. Қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру үшін қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау кезіндегі өзара әрекеттерінің тәртібі




  1. Қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдауды/қайта қаржыландыруды жүргізу үшін оператор қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржылық сауықтыру рәсімдерін бастау туралы хабарламаны кемінде 3 (үш) республикалық бұқаралық ақпарат құралында және интернет-ресурстарда (меншікті және әкімшінің) орналастырады, бұл қарыз алушыларға қаржылық сауықтыру шеңберінде қайта құрылымдауды және қайта қаржыландыруды жүзеге асыруға өтініштермен қаржы институттарына жүгінуге құқық береді.

  2. Қарыз алушылар өздерінің кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру ниеті туралы өтінішпен қаржы институттарына жүгінеді.

  3. Қаржы институттарының қарыз алушылардың өтініштерін қарауы қаржы институттарының ішкі кредиттік саясатына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

  4. Қаржы институттары мынадай құжаттарды қалыптастырады және операторға жолдайды:

    1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім. Оған қаржы институтының уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар тұлға қол қоюы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жекелеген өтінімдер қабылданбайды;

    2. бір реттік тәртіппен ұсынылатын банктік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариат растаған көшірмесі;

    3. қарыз алушының кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері жөніндегі шарттардың көшірмелері;

    4. Қарыз алушының кредит/лизинг алғандығын растайтын құжат (төлем тапсырмасы, кредиттік/лизингтік келісім-шартта көрсетілген қарыз алушының шотынан үзінді көшірме, лизинг мәнін қабылдау-беу актісі);

    5. АӨК субъектісін қаржылық сауықтыру жоспары;

    6. Субсидияланатын сыйақы мөлшерлемелер бағаны мен субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемелер бағаны бар жаңартылған өтеу кесте жобасының қосымшасымен қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру келісім-шартының жобасы, сонымен қатар электронды түзетілетін форматта.

  1. Субсидияларды бөлуді жүргізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрамында комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы бар Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия құрылады. Бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия мүшесі болып табылмайды.

  2. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Егер Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысына мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысы заңды деп есептеледі.

  3. Оператор қаржы институттарынан өтінімдер болған кезде 14 күн (он төрт) ішінде қаржы институттары ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігіне қарап, Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысын оның мүшелеріне жазбаша хабарлама жіберу жолымен шақырады. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізу орнын, уақытын және күнін оператор өз бетінше айқындайды.

  4. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысы тоқсанына кемінде бір рет шақырылады.

  5. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысын шақыру туралы хабарламаның материалдары электрондық тасығышта қоса беріледі: қарыз алушылардың осы Ереже шарттарына сәйкес келетін/сәйкес келмейтіндігі туралы оператордың шешімі, қаржылық сауықтыру бойынша комиссияның хаттамалық шешімінің жобасы, сонымен қатар осы Ереженің 16 тармағында аталған құжаттар.

  6. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді оның мүшелерінің көпшілік дауысымен дауыс беруі арқылы хаттамалық шешім түрінде қабылдайды.

Бұл ретте Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді қабылдау кезінде оператордың қорытындысын және осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттарды басшылыққа алады.

  1. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімі:

  1. қаржы институтының атауын және орналасқан жерін;

  2. мақұлданған/мақұлданбаған қарыз алушылардың атаулы тізбесін, бас тарту себептерін;

  3. қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша қарыз сомаларын;

  4. қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша қарызды өтеу мерзімін;

  5. қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша нысаналы мақсатын;

  6. қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің пайызын;

  7. қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша субсидиялардың жалпы, оның ішінде тоқсандар бойынша сомасын;

  8. қаржы институтының және қарыз алушының меншік иелерінің тарапынан қабылданған не қабылданып жатқан қаржылық сауықтыру шараларын қамтуы тиіс.

Субсидиялар сомасын бөлу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде АӨК дамыту бағыттарының басымдығына сәйкес жүргізіледі.

Бұл ретте көрсетілген бағыттардың басымдылығы келесі бағыттың өтінімдерін қанағаттандыруға көшкенге дейін жоғары тұрған бағыттың қажеттілігін толық қанағаттандыруды көздейді. Бір басымдылық бағыты шеңберінде субсидиялау сомасын бөлу қарыз алушының өтінім ұсыну күніне қарай жүзеге асырылады. АӨК дамытудың басым бағытына кірмеген ауыл шаруашылық қызметінің басқа түрлері қардылық сауықтыру бойынша комиссияның бір отырысы шеңберінде бірінші және екінші басымдылықтарды толық қанағаттандырғаннан кейін қарастырылады.

  1. Оператор 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін бір күн мерзімде Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірмелердің хатшының қолы қойылған, мөрмен расталған түпнұсқасын кейін жолдай отырып, осы үзінді-көшірмені қаржы институттарына және қаржы агентіне электрондық пошта арқылы жолдайды.

  2. Қаржы институттары Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірмені алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қаржылық сауықтыру шараларын қабылдайды.


  1   2   3

Похожие:

Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары icon«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау...
Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары iconАгроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау
«Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармақшасына сәйкес БҰйырамын
Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары iconАгроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармақшасына сәйкес...
Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары iconХалықаралық Қаржылық есеп стандарттарына сәйкес лизингтік операцияларды бейнелеу ерекшеліктері сексенова А. Т
Лизингтік операцияның бухгалтерлік есебі ХҚес №17 сәйкес жүзеге асырылады. Берілген стандарт жалгер мен жалға берушінің әр түрлі...
Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары iconКурс – II
«Жүйелі программалау» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен ”Информатика ” мамандығының I i -курс студенттері үшін кредиттік оқыту технологиясы...
Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары iconҚарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан...
Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары iconПрограммалау
Мәліметтер қоры (программалау) пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен кредиттік оқыту технологиясы бойынша ”Информатика ” мамандығының...
Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары iconМемлекеттік Университеті «Бекітемін»
«Компьютерлік жүйеде ақпаратты қорғау» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен ”Информатика” 050111 мамандығының IV курс студенттері үшін...
Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары icon«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт...
Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары iconБатыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница