Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы




НазваниеҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
страница8/20
Дата конвертации14.02.2016
Размер2.34 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.urzhar.vko.gov.kz/kz/files/programm_06.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету

Туризм индустриясының бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын жасау шеңберінде мынадай мәселелер пысықталатын болады:

көлік дәлізі бойымен жол бойы инфрақұрылым объектілерін салу үшін жергілікті атқарушы органдарға жер учаскелерін бөлу;

қайтадан жасалатын туризм индустриясы нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жасау;

жол бойы инфрақұрылымы объектілері құрылысының үлгі жобасын әзірлеу;

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында ұлттық туристік кластердің инвестициялық жобаларына кредит беру бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау.

Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

туристік сала үшін 14 мамандық бойынша кадрларға деген сұраным  жоғары оқу орындарына даярлау және 77 ТжКБ оқу орнының шеңберінде қанағаттандырылатын болады.

Ақмола облысының «Бурабай» АЭА туристік ойын-сауық кешені және Алматы облысының «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешенінің туристік базасы үшін  кадрларға деген қосымша сұраныс (ойын-сауық персоналы, сауда-коммерциялық персонал) ТжКБ оқу орнындарында және қысқа мерзімді даярлау оқу орталықтарында  кадрлар даярлау есебінен толықтырылатын болады.

«UNWTO-TedQuaL» туризм білім сапасын сертификаттау бойынша бір мемлекеттік ЖОО-ға аудит жүргізу және  туризм индустриясы саласында кәсіби стандарттарды әзірлеу жолымен туристік білім сапасын арттыру үшін жағдайлар жасалатын болады.

Бәсекелестікті дамыту

Туристер үшін қызмет көрсетулер нарығында бәсекені дамыту мақсатында:

туристік операторларды біртіндеп ірілендіру үшін заңнамалық жағдайлар жасау қамтамасыз етіледі;

туристік әлеуеті бар өңірлерде Экскурсоводтар бюросын және туристік ақпараттық орталықтар құру мүмкіндігі қаралады.

Инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау

Инвесторлар тарту мақсатында «Бурабай» АЭА шекарасы шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін қор жерлеріне ауыстыру, сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойымен туристік  кластердің туризм нысандарын салуды жеңілдетілген кредиттеу бойынша  сыйақы ставкаларын субсидиялауды қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.

 

1.4 «Болашақ экономикасы» секторларын дамыту

 

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

 

Саланың ағымдағы ахуалына қысқаша талдау

Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) ауқымды енгізу еңбек өнімділігін арттырудың және отандық кәсіпорындардың әлемдік экономикаға кірігуі үшін жағдайлар жасаудың міндетті шарты болып табылады.

Бизнес пен халық тарапынан телекоммуникациялар қызметіне өсіп жатқан сұраныс телекоммуникациялық операторлар кірісінің өсуіне алып келді. 2009 жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша байланыстың  қызмет көрсетулерден түскен кіріс 430 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 7,5%-ға жоғары. Интернет қызметіне (2008 жылмен салыстырғанда 22%-ға ұлғаю), жергілікті телефон байланысына (19%-ға) және ұялы байланыс сегментіне (9%-ға) қол жетімді қызмет көрсетулер ұсыну  серпінді дамуда. Қазақстандық операторлардың талшықтық-оптикалық байланысының магистралды желісін дамытудың және елдің бірегей географиялық орналасуының арқасында пайда болған үлкен өсім деректер беру  қызметін көрсету сегментінде байқалып, 37%-ды құрады.

 2009 жылы почта және жеткізу қызметінің операторлары жалпы сомасы 12,3 млрд. теңгеге қызмет көрсетулер ұсынып, ол 2008 жылмен салыстырғанда 100 млн. теңгеге артық. 40-тан аса кәсіпорын, ұсынатын курьерлік байланыс қызмет көрсетулері неғұрлым серпінді дамуда, оның ішінде шағын және орта бизнестің отандық өкілдері де бар.

 2009 жылдың нәтижелері бойынша ақпараттық технологиялар саласында алдын ала жасалған бағалаулар бойынша кәсіпорындардың жалпы пайдасы 2008 жылмен салыстырғанда 7%-ға азайып, шамамен 90 млрд. теңгені құрайды, бұл елдегі экономикалық белсенділіктің жалпы құлдырауымен және 
2009 жылдың басында өткізілген ұлттық валютаның бір уақытылы девальвациясымен түсіндіріледі. АКТ-ға жұмсалатын шығыстарда ақпараттық технологиялардың барлық шығыстардың 75%-ын құрайтын компьютерлік және желілік жабдықтауды сатып алу шығыстары басым болып келеді, бұл қазақстандық қоғамды компьютерлендірудің жалғасып жатқанын байқатады. Отандық компаниялар компьютерлік жабдықтарды жинақтау, жүйелік ықпалдасу және тапсырыс бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу секторларында кеңінен қамтылған.

         Қазақстан Республикасы АКТ секторы дамуының жоғары қарқыны  мен жылдамдығын қолдау үшін мынадай бірқатар  қазіргі бар проблемаларды шешу қажет:

         ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін әкімшілік кедергілер (кедендік ресімдеу және ақпараттық өнімдерді есепке алу рәсімдерінің жетілдірілмегендігі);

мемлекеттік органдардың және мемлекеттің қатысуы бар компаниялардың ақпараттық технологияларға байланысты қызметтерді сатып алуда «қазақстандық қамту» үлесінің төмендігі;

АКТ секторында жұмыс істейтін кәсіпорындарды кадрлық қамтамасыз ету проблемасы;

инновациялық әзірлемелерді қаржыландыру үшін венчурлық капиталды тартудағы инвестициялық белсенділіктің төмендігі.

 

 

Негізгі міндет

Инфокоммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған ұлттық секторын қалыптастыру.

 

Нысаналы индикаторлар

Инфокоммуникациялық инфрақұрылымдарды қоса алғанда, АТК секторының үлесі 2014 жылы ЖІӨ-де  – 3,8%.

 

Саланы дамытудың негізгі бағыттары

         Қазақстан Республикасында АТК секторында  мынадай бағыттарды дамыту жоспарлануда.

         Бизнес пен халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдету мен оңтайландыру мақсатында электрондық қызмет көрсетулер мен «электрондық үкіметті» дамыту шеңберінде:

«электрондық үкіметтің» нысаналы сәулеті құрылады;

Кеден одағы шеңберінде ақпараттармен алмасу үшін инфокоммуникациялық инфрақұрылым құрылады;

жаңа электрондық қызмет көрсетулер әзірленеді, оның ішінде, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау секторларындағы, көлік және коммуникация және ауылшаруашылығы секторларындағы қызмет көрсетулер;

электрондық лицензиялау, электрондық нотариат және электрондық сатып алулардың ақпараттық жүйелері енгізіледі.

Қазақстандық контентке халықтың сұранысын қамтамасыз ету  мақсатында Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту шеңберінде:

бизнес үшін электрондық коммерциялық алаң құрылады;

ұлттық-интернет ресурстар, оның ішінде, жаңалық, мултимедиялық, әлеуметтік желілер құрылады.

Ішкі сұранысты және кезең-кезеңмен сыртқы нарыққа шығуды қамтамасыз ету мақсатында жоғары технологиялық жабдықтар мен микроэлектрониканың отандық өндірісін дамыту шеңберінде:

Алматы қаласында «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» АЭА базасында мемлекеттік сектордың ірі өнім берушісі болып табылатын  халықаралық компаниялардың жабдықтарын жинау және техникалық қызмет көрсету жөнінде кәсіпорындар құру жоспарланып отыр.

         Сыртқы нарыққа кезең-кезеңімен шыға отырып, бизнес пен мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлемелері мен қызметтер секторын дамыту шеңберінде:

Алматы қаласындағы «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» АЭА базасында инновациялық ақпараттық жүйелер мен өнімдерді әзірлейтін және пайдаланатын компаниялар құрылады.

Техникалық және кәсіби деңгейдегі білікті мамандармен саланың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық коммуникация саласында білім беруді дамыту шеңберінде:

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін дамыту қамтамасыз етіледі;

Инфокоммуникация мамандықтары бойынша үш кәсіптік-техникалық оқу орны құрылады.

 

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

         Білікті кадр ресурстары қажеттілігін қамтамасыз ету

         2009 жылмен салыстырғанда Қазақстан ЖОО-да оқыту үшін инфокоммуникациялық мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар санын екі есеге арттыру;

         қабылданған халықаралық стандарттар бойынша жоғары және кәсіптік техникалық оқу деңгейлерінде ИТ мамандарын даярлаудың оқу бағдарламаларын өзгерту.  

Техникалық регламенттерді енгізу

Инфокоммуникация саласындағы стандарттар базасын  халықаралық деңгейге дейін дамыту.

Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға көмектесу

«ҰЗҚ» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ арқылы инфокоммуникация саласындағы жобаларды венчурлық қаржыландыру шеңберінде Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған гранттар бөлу;

CDMA технологиясын пайдалана отырып, телекоммуникация желілерін дамыту үшін 450 МГц ауқымында радио жиілік спектрді босату;

3 кГц бастап 400 ГГц дейінгі радиожиілік жолақтарының кемінде 
50 %-ын «бірлесіп пайдалану» санатынан «азаматтық пайдалану» санатына қайта бөлу.

 

Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдайлар жасау

«Алатау» ПИТ АЭА инфрақұрылымын дамыту;

Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын дата-орталықтарды салу жөніндегі жобалар үшін жер гранттарын бөлу.

         Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамытуды мемлекеттік қолдау  шаралары жүйесін жасау;

         «электрондық үкімет»  веб-порталы арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетулер санын ұлғайту;

         Интернет желісінің қазақстандық сегментіндегі әлеуметтік жобаларды, оның ішінде балалар әлеуметтік желісін  мемлекеттік қаржыландыру;

         жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу және технологиялық әлеуетін тиімді пайдалану үшін  Алматы қаласындағы «Алатау»  ИТП АЭА зияткерлік бөлігін ұйымдастыру.

 

 

Биотехнология

 

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Қазақстанда биотехнологиялар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау үшін A/H1N1 доңыз тұмауына қарсы рекомбинанттық вакцина және H5N1 құс тұмауына қарсы вакцина жасайтын технология әзірленді. Осы вакциналарды клиникаға дейінгі зерттеулер аяқталды және клиникалық сынаулар басталды.

         Бүгінгі таңда ҚР өзінің медициналық дәрі-дәрмектерін әзірлеу 11 % (оның ішіде вакциналар – 1,1 %), ветеринарлық дәрі-дәрмектер 78 % (дәрі-дәрмектерді негізінен  импорттық субстанциялардан өндіреді) құрайды, ал қалған дәрі-дәрмектер елге сырттан әкелінеді.

         Негізгі проблема – перспективалы тәжірибелік әзірлемелердің болуына қарамастан бірегей отандық биотехнологиялық дәрілік препараттардың жоқ екендігі. Осы уақытқа дейін клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеу кезеңдерінен өткен және өтіп жатқан бірегей отандық және бірлескен әзірлемелер болғанымен гендік-инженерлік дәрі препараттарын өндіру іс-жүзінде жолға қойылған жоқ.

         Өсімдік саласын одан әрі дамыту үшін ауылшаруашылығы өсімдіктерінің  жоғары сапалы бәсекеге қабілетті  сорттарын  жасау және өндіріске енгізу  қажет,  осыған байланысты  селекцияларды сапалы деңгейге ауыстыру  талап етіледі.

 Малдың жоғары өнімді тұқымын сақтау және өсіру мал шаруашылығындағы пайдалылық пен тиімділікті арттырудың басты мәселесі болып табылады, сондықтан малдың жаңа тұрпаттары мен тұқымын өсіру үшін  гендік инженерия әдістерін пайдалану қажеттігі туындайды.

         Жыл сайын әлемде қоршаған ортаға шамамен 50 млн.тонна мұнай тасталады. Су мен топырақты кең ауқымдағы ластағыш заттардан, оның ішінде мұнай көмірсутегілерінен тазартудың барынша перспективалы әдісі, биологиялық объектілердің, ең алдымен микроағзалар мен өсімдіктердің биохимиялық әлеуетін пайдалануға негізделген биоремедация тәсілдері болып табылады.

          Тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің мұқтаждықтарына арналған ашытқыларды, ферментті препараттарды, биологиялық белсенді қоспаларды және пробиотиктерді әзірлеу биотехнологияның басым бағыттарының біріне жатады.

 

Негізгі міндет

         Денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін ғылымды қажетсінетін және бәсекеге  қабілетті биотехнологиялық өнімдерді жасау және енгізу.

 

 

Нысаналы индикаторлар

1.     2015 жылға қарай экспорттың жалпы көлеміндегі саланың үлесін 
1 %-ға дейін ұлғайту.

        

Секторды дамытудың негізгі бағыттары

         Биотехнология саласын тиімді және сапалы дамыту мақсатында мынадай шаралар іске асырылатын болады:

         әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау үшін геномды технологияларды пайдалану негізінде жаңа отандық тест-жүйелер жасау;

         гендік-инженерлік рекомбинанттық субстанциялар негізінде технологиялар әзірлеу және бірегей дәрі препараттарын өндірістік-тәжірибелік өндіру;

         ағзаларды трансплантациялау, бағаналы  жасушалар, ұзақ ғұмыр медицинасы саласында әзірлемелер орталығын құру және оларды регенеративтік медицинада және жасушалы терапияда пайдаланудың әдістемелік негіздерін әзірлеу;

         халықаралық өндірістік тәжірибе стандарттарына (GMP) сәйкес келетін диагностикумдар мен вакциналар шығару бойынша өндірістер құру;

         ашытқы, тамақ белогын, аминқышқылдарын, ферменттер, биоконсерванттар шығару үшін микроағзалар мен биотехнологиялық өндірістердің коллекцияларын жасау;

         ауыл шаруашылығының қажеттілігі үшін  өсімдіктердің өнімділігі жоғары,  бәсекеге қабілетті  сұрыптарын шығару;

           өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғаудың экологиялық таза биологиялық әдістерін әзірлеу;

мұнай өнімдерімен ластанған топырақ және су экологиялық жүйелерін биоремедиациялау мақсатында пайдалану үшін микроағзалар штаммдарының консорциумдарын құру;

ауыр металдармен және пестицидтермен ластанған топырақты гипераккумулятор-өсімдіктерді пайдалану негізінде фиторемедиациялау тәсілдерін әзірлеу;

гендік инженерия әдістерін пайдалану негізінде малдың өнімділігі жоғары тұқымдарын өсіру.  

 

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

         Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

         Биотехнология саласы үшін ғылыми кадрларды және инженер-техникалық персоналды қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

         Инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету

         Технологиялық корпусты салуға ТЭН және ЖСҚ әзірлеу және биотехнологиялық медициналық препараттарды,  инактивизацияланған және тірі вакциналарды аз серияда өндіру үшін, сондай-ақ  регенеративтік медицинада және жасушалы терапияда пайдалану үшін технологиялық  корпус салу және инфрақұрылымды құру қажеттігі мәселелерін пысықтау.

 

 

Ғарыш қызметі

 

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Біздің елде ғарыш саласын қалыптастыру үшін объективті алғы шарттары бірегей бәсекелі басымдықтың – жұмыс істеп тұрған «Протон», «Союз», «Зенит» ғарыш зымыран кешендерімен (бұдан әрі - ҒЗК) және құру сатысында тұрған «Бәйтерек» ҒЗК әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағының; ғарыш байланысын басқарудың жердегі кешенінің; үш жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) спутниктерінен ғарыш ақпаратын қабылдайтын орталықты қамтитын Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің (ҰҒМЖ) базалық элементтерінің; ғарыш сәулелері станцияларын, ғылыми зертханаларды, астрономиялық обсерваторияларды қамтитын ғылыми-технологиялық инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бар екендігі болып табылады.

2005 – 2007 жылдарға арналған бірінші ғарыш бағдарламасы шеңберінде «KazSat-1» байланыс және хабар тарату спутнигін құру, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын (ҒТ АКТБ) ұйымдастыру жобалары іке асырылды, ҰҒМЖ кіші жүйелері дамытылды. «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін (ҒЗК), «KazSat-2» байланыс және хабар тарату спутнигін, Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйесін, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін (ҒА ЖСК), ғылыми бағыттағы ғарыш жүйесін, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құрудың жобалық материалдары әзірленген болатын.

Қазақстанда бүгінгі таңда түрлі ғарыш қызмет көрсетулеріне, атап айтқанда, ғарыш байланыс жүйелерінің, ЖҚЗ ғарыш жүйесінің және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің (ЖСНЖ) қызмет көрсетулеріне айтарлықтай сұраныс қалыптасты.

Осы сұраныстарды қанағаттандыру үшін толыққанды ғарыш саласын құрудың мынадай бірқатар проблемаларын шешу қажет:

отандық ғарыш қызмет көрсетулері (байланыс, ЖҚЗ, навигация, ғарыш техникасын өндіру, іске қосу қызмет көрсетулері) нарығының жеткіліксіз дамуы;

ғарыш қызметін дамыту үшін нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаның жоқтығы;

ғарыш қызметін кадрлық қамтамасыз ету жүйесінің жоқтығы.

Осы проблемаларды шешу үшін мынадай міндеттерді іске асыру қажет:

мақсатты ғарыш жүйелерін және жердегі ғарыш инфрақұрылымының объектілерін құру және дамыту;

ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту;

кәсіби кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру;

ғарыш саласының шарттық және нормативтік құқықтық базасын құру.

 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Похожие:

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық...
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница