Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница1/12
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.53 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/d2d078ac-30be-11e3-8846-f6d299da70eeУММ БД каз материалы.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.

3 деңгейлі СМЖ құжат

УМКД



УМКД 042-16-20-1.20. 09/03-2013

«Банк ісі» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

№ 2 Баспа



5В050900 «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН

«БАНК ІСІ » ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИНАҒЫ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЛІМЕТТЕР


Семей 2013


Мазмұны


1.

Дәрістер




2.

Практикалық сабақтар




3.

Өздік жұмыс түрлерінің мазмұны және тізбесі.




4.

Студентерің өздік жұмысы






1 ДӘРІСТЕР – мақсаты болып ұсынылатын пән теориялық сұрақтарын ұстамды нысанда қарастыру табылатын оқу сабағының нысаны.


Коммерциялық банктер қызметінің негізгі шарттары мен функциялары


ҚР-дағы коммерциялың банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жыл-дың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялык, банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке түлғалармен кең көлемде банктік операция-лар мен қаржылың қызметтерді жүзеге асырады.

Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғы-нан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 13 жылдың тарихы бар.

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бүл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.

ҚР екінші деңгейдегі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазыла-ды. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдер-ден айырмашылыгы әмбебаптығы болып табылады.

ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалга, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.

Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталың лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-аң дамыған шет елдерде ез филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлтық банкі лицензия береді.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

  1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;

  2. Әділет Министрлігтде мемлекеттік тіркеуден өту;

  3. Банк операи,ияларын жүргізуге Ұлттык, банктен ли-
    цензия алу.


Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке түлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

  • рұқсат алу үшін беретін етініші;

  • құрылтайшылық шарт (түпнұсқа);

  • банктің жарғысы (түпнұсқа);

  • банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

  • құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттың банктің
    белгілеген тізімі бойынша);

  • құрылтаишылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);

  • құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

  • егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісімі;

  • егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
    асыратын үйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған
    бухгалтерлік балансы, үйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

  • банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде — үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде — бір жылдың еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;

  • жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

  • жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережссі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

  • жаңадан құрылатын банктік несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);

  • жанадан құрылатын бапктің бизнес-жоспары, оның ішнде болу керек, оның ішінде банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен аукымы, қаржылық болашағы (есеп айырісу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары);

  • тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;

  • нотариалды түрде куәландырылған, құрылтаишылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжатты;

  • басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай, әрі кеткенде алты ай мерзім ішінде Ұлттық банкте қаралады.

Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.

Екінші кезенде жаңадан құралатын банк Ұлттың банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзсге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

үйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;

жарияланған жарғылык, капшпалды төлеу. Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.

Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

— заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

— жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

— банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

  • кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, кайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

  • аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

  • есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

  • заемдық операциялар: оны төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

  • заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

  • сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, қүйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

  • клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

—сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы кағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау кызметін көрсету, сондай-ақ жауапіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

—ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

  • төлем карточкаларын шығару;

  • банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;

  • шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

  • төлем құжаттарын инкассаға қабылдау (вексельден басқаларын);

  • чек кітапшаларын шығару;

  • бағалы ңағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

  • аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

— ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;

—үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

  • брокерлік — мемлекеттің бағалы қағаздарымен;

  • дилерлік — мемлекеттік және өзге де бағалы қағаздармен;

  • кастодиандық;

  • клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.

Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктіц филиалы — филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операуияларды жүзеге асыруға құқ,ылы жэне өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

— Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;

  • Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;

  • Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер. Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.

Банктін, өкілдігі — банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен жэне оның атынан әрекет ететін банктің орналаск,ан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктін құрылымдық, бөлімшесі.

Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынадай құжаттарын тапсырады:

  • өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;

  • өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;

— ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;

  • өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;

  • аудиторлық үйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдың есебі;

  • өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәләндыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;

— өкілдікте жұмыс жасаитын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.

Еншілес банк — жарғылык, капиталдын, елу пайыздан астамы бас банкке тиселі жэне өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Есеп айырысу-кассалык, бөлімі (жинақ, кассасы) ҚР аумағында банктік операциялардын жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттык, банктің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтык, бөлімшесі.

ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсатын мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:

  • банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;

  • банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;

  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;

  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;

  • банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;

  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеу.

Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 %-дан астам белігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды құндылықтармен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50 %-ға жуығы жыл бойы салынуға тиіс.

Жарияланған жарғылық қордың 50%-ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдың құндылықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысында акті бойынша қабылданады.


Екіңші деңгейлі банктер қызметің еттеу үшің пруденциялық нормативтер

Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы — пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:

  1. жарғылык, қордың ең төменгі мөлшері;

  2. меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффии,иенті;




  1. бір к,арыз алушыға келетін тэуекелдің ең жоғары мөлшері;

  2. өтімділік коэффищиенті;

  3. ашык, валюталык, позиция лимиті;

  4. негізгі қорларға жэне басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.

1. Банктіқ жарғылық, капиталының, ен, төменгі мөлшері

Банктік жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк Басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-аң ондай сатып алу кез келген пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзба-ған жағдайда ғана сатып ала алады.

2. Мениикті қаражаттардң, жеткілікті коэффициенті

Меншікті капитал (К) — бұл I деңгейлі капитал мен II деңгейлі капитал (I деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктік инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.

Банк инвестициясы — акцияның (жарғылық капиталда қатысу үлесі) және еншілес ұйымдардың, сондай-ақ басқа заңды ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар сомасы.

Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:

  • жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қаржылық есебі халықаралың стандартңа сәйкес жасалуы және аудиторлык. корытындымен расталуы тиіс;

  • жоғарыда аталған заңды тұлғалардың акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінің «А» категориясына енуге тиіс:

  • жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қарыз рейтинг! Standard & Poors және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің «А» рейтингінен төмен болмауға тиіс.

Бірінші деңгейлі капитал (КІ) мыналардан құралады:

  • төленген жарғылық капитал;

  • қосымша капитал;

  • өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс (өткен жылдардағы таза табыс есебінен құрылған кррлар, резервтер);

шегерілген (-) :

— материалдың емес активтер (Халыкаралың ңаржы есебіне Халыңаралың стандартына сәйкес банктің негізгі ңызметінің маңсатына алынған лицензияланган бағдарламалың ңамсыздандыру);

  • өткен жылдардағы зиян;

  • ағымдың жылдағы шығыстардың ағымдык. жылғы табыстардан артың сомасы.

Екінші децгейлі капитал мыналардан к,үралады:

  • ағымдың жылдағы табыстардан ағымдың жылғы шығыстардың артың сомасы;

  • бағалы ңағаздар мен негізгі ңүралдарды ңайта бағалау мөлшері;




  • тәуекелді есепке алып өлшенген активтер сомасының 1,25%-нан аспайтын сомадағы жалпы резервтер (провизиялар) мөлшері;

  • бірінші деңгейлі капитал сомасының 50%-нан аспайтын сомадағы банктің субординарлың қарызы;

Банктін, субординарлык, к,арызы бүл мынадай талап-тарға сәйкес келетін, банктің ңамтамасыз етілмеген міндеттемесі:

1) депозит немесе міндеттеме болып табылмауға тиіс;

2) банктің немесе онымен байланысты аффилирленген түлғалар талаптары бойынша кепілдік ретінде ңамтамасыз етілмеуге тиіс;

  1. алдын ала (толың немесе жартылай) өтелмеуге тиіс;

  2. банктің таратылуы барысында соңгы кезекте ңанағаттандырылуға тиіс (акционерлер арасында ңалған мүлікті бөлу алдында).

Банктің субординарлың ңарызы — бастапңы кайтару мерзімі 5 жылдан жогары болып келетін, меншікті капиталға жататын субординарлык. ңарыз.

Егер облигация К,Р-ның заңдылыктарына сәйкес шығарылса, субординарлың ңарызға және меншікті капиталға жатуы мүмкін.

Банктің субординарлық қарызы меншікті капитал ретінде есепке алынады және бес жыл ішінде мынадай мөлшерде қалып, қалғаны қайтарылады:

1-ші жылы — субординарлық қарыздық 80% сомасы;

2-ші жылы — субординарлық карыздық 60% сомасы;

3-ші жылы — субординарлық қарыздық 40% сомасы;

4-ші жылы — субординарлық қарыздық 20% сомасы;

5-ші жылы — субординарлық қарыздың 0% сомасы.

Меншікті қаражаттардың (меншікті капиталдың) жеткіліктілігі төмендегідей екі коэффициенттің көмегімен есептеледі:

Банктің бірінші деңгейлі капиталының, оның барлық активтерінің сомасына қатынасы 0,06-дан кем болмауға тиіс.

к1=КI-ИК/А

мұнда КІ — бірінші деңгейлі меншікті капитал;

ИК — банктің акцияға жұмсаған инвестициялары және басқа да заңды тұлғалардың субординарлық қарызы;

А ~ банктің жиынтық балансына сәйкес барлық активтерінің сомасы.

Банктің меншік капиталының, оның тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтеріне қатынасы, 0,12-ден кем болмауы тиіс:


к2 = К/Ар – Пс


мұнда К — банктік меншік капиталы;

Ар — тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтер және баланстан тыс міндеттемелер сомасы. Тәуекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтерді есепке алу барысында кастадиандық келісімшарт негізінде банкке қабылданған ақшалар есепке алынбайды;

Пс — арнайы резервтер (күмәнді және үмітсіз активтер бойынша ұқрылған провизиялар) қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы (яғни тәуекелді есепке алып, өлшенген активтер сомасының 1,25% асатын со­масы).

3. Бір қарыз алушда келетін тәуекелдің, жоғарғы мөлшері

Бір карыз алушы — ҚР-ның заңдарында немесе жасалған келісімшартта кезделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды тұлға.

Бір қарыз алушыға келетін, тәуекелдіқ мөлшері мыналардың сомасынан тұрады:

1) банк балансында есепке алынатын, қарыз алушыға қатысты банк талабы;

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері
Мазмұны icon«теориялық саясаттану» пәні бойынша № Мазмұны
Саясат ұғымы. Саясат табиғатын анытаудағы ағыттардың көптүрлілігі, оның мазмұны мен көлемі
Мазмұны iconМазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
Мазмұны iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып Саясат әлем теориялық зерттеу объектісі ретінде
Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Саяси болмыстың құрылымы. Саясат әлемінің мазмұны. Саясатты кәсіби...
Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Глоссарий
Мазмұны iconМазмұны
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница