Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға




НазваниеҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға
страница5/7
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://pravo.ksu.kz/download/008/008_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7
№ 443 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2008.25.06. № 622 Жарлығымен (бұр.ред.қара) бөлім өзгертілді

Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру

Кәсiптiк бастауыш білім беру мен техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша кәсіптік орта бiлiмнiң бөлiгi орта бiлiм беру жүйесiнiң құрамдас бөлігi болып табылатын және адамды жаңа технологиялар мен еңбек нарығы талаптарының деңгейiндегi тиiмдi кәсiптiк қызметке даярлауды қамтамасыз ететiн техникалық және кәсiптiк білім беруге өзгертiлетiн болады.

Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру кадрларды даярлау және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң базалық деңгейi болады әрi бiлiктi жұмысшы кадрларды және қоғамдық пайдалы кәсiптiк қызметтің барлық негiзгi бағыттары бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінiң мамандарын даярлауға бағытталады.

Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарлама мазмұнына және білім алушылардың даярлық біліктілігінің деңгейіне қатысты мынадай оқу бағдарламаларына бөлiнедi:

1) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жаппай кәсіптері бойынша жұмыстарды орындаудың машықтануы мен дағдыларын көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру.

білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны жалпы кәсiптiк және арнайы пәндердi ойдағыдай игеру және кәсiптiк дағдыларды алу үшiн бейiндi болып табылатын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша бiрiктiрiлген курстарды зерделеудi көздейдi. Оқу аяқталғаннан кейiн нақты кәсiп бойынша кәсiптiк бiлiктiлiктiң қол жеткiзген деңгейi (разряд, дәреже, санат) берiледi.

2) неғұрлым күрделi (аралас) кәсіптерін, мамандықтарды және жоғары технологиялармен әрi кәсiптiк қызметпен байланысты экономиканың барлық салаларындағы техникалық және қызмет көрсету еңбегі жұмыстарын орындаудың практикалық дағдыларын игерудi көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беру.

Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік арнайы пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды иемдену және бекіту жөнінде өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді көздейді. Оқыту аяқталғаннан кейiн нақты мамандық бойынша кәсiптiк бiлiктiлiктiң көтерiңкi деңгейi берiледi (техник-механик, техник-құрылысшы және т.б.).

3) техникалық еңбектің жоғары білікті мамандарын даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беру.

Білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білім берудің интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын жоғары оқу орындарының 1-2-курстарының білім беретін оқу бағдарламаларымен қоса зерделеуді көздейді.

Екі жылдық оқытуды аяқтап, аралық аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (разряды, сыныбы, санаты) беріледі.

Үш жылдық оқытуды аяқтап, аралық аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейі беріледі.

Оқытудың толық курсын аяқтап, қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға орта буын маманы біліктілігі беріледі.

Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары көрсетілген мамандықтар бойынша білім алушылардың ерте мамандану және оларды даярлау ерекшеліктері принципін ескере отырып әзірленеді. Оқыту ұзақтығы оқу бағдарламаларының күрделілігі мен берілетін біліктілік деңгейіне байланысты және тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен айқындалады.

Жалпы орта бiлiмi бар адамдар үшiн техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсiптiк қызметтi айқындайтын жалпы кәсiптiк, экономикалық және арнайы пәндердi және оқу-өндірістік жұмыстарды орындауды зерделеудi көздейдi.

 

ҚР Президентінің 2007.16.11. № 443 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2008.25.06. № 622 Жарлығымен (бұр.ред.қара) бөлім өзгертілді

Орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру

Кәсiптiк орта бiлiм берудiң жекелеген бағдарламаларын iске асыру жаңа деңгейге - орта бiлiмнен кейінгі бiлiм беруге көтерiледi. Орта білімнен кейінгі білім беру гуманитарлық мамандықтар бойынша қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші мамандарын даярлаудың білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру үшін кәсіптік білім беру мен кадрлар даярлаудың қазақстандық жүйесінің бөлігі ретінде көзделеді және орта білім беру базасында қамтамасыз етіледі. Орта бiлiмнен кейінгі кәсiптік білім беретін оқу бағдарламаларының тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкілетті орган еңбек нарығындағы қажеттіктерге сәйкес айқындайтын болады. Оқытудың ұзақтығы кемiнде 2 жыл, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру базасында кемiнде 1 жыл.

Осы сатының білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны (кәсiптiкпен қатар) жоғары білім берудің 1-2 курстарының білім беретін оқу бағдарламаларымен үйлестiрудi қамтамасыз ететiн әлеуметтiк-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымы пәндерiн қамтитын интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын зерделеудi көздейдi.

Оқу аяқталғаннан кейiн экономика, құқық, әлеуметтану, психология, медицина және ақпараттық технологиялар саласындағы қызмет көрсету және басқару еңбегінің кiшi маманы деңгейiнде бiлiктiлiк берiледi.

Техникалық кәсiптiк және орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудi дамыту үшiн:

кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының желiсiн құрылыс салу арқылы дамыту және кеңейту, жергілiкті бюджеттер және жекеше сектор қаражаты есебiнен материалдық-техникалық базасын нығайту;

өңiрлiк деңгейде кәсiптік бiлiм беру мен техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiкті мамандарын даярлауды және аса тапшы, стратегиялық мәнi бар кәсiптер мен мамандықтар бойынша республикалық бюджеттен қаржыландыруды арттыру;

жеңiлдiкпен салық салу жүйесi есебiнен техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптік бiлiм беру саласында жекеше сектордың инвестицияларын ынталандыру тетігін жасау;

нормативтік құқықтық базаны жетілдiру;

арнайы пәндердiң оқулықтары мен оқу-әдiстемелік кешендерiн әзiрлеу және енгiзу;

техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейінгі кәсiптiк бiлім беру ұйымдарын ақпараттандыру;

мемлекеттік жалпыға бiрдей мiндетті кәсiптiк бiлiм беру стандарттарын Бiлiм берудi халықаралық стандартты жiктеумен БХСЖ, 1997 жыл/ үйлестiру;

оқытудың кредиттiк жүйесiн енгізу, жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын техникалық және орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк білім беретін оқу бағдарламаларымен үйлестіру;

Республикалық және өңiрлiк бiліктілікті беру және қуаттау орталықтарын құру арқылы кәсiптiк даярлықтың сапасын, бiлiктілікті беру мен қуаттауды тәуелсiз бағалау жүйесiн енгізу көзделедi.

Жоғары сапалы техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiктi мамандарын даярлау Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын табысты iске асыру үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бередi және тұтас алғанда, өнеркәсiптi, құрылысты, шағын және орта бизнесті, қызмет көрсету мен экономиканы дамытуға серпін болады.

Орта бiлiмнен кейінгі кәсiптiк білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлім беру ұйымдары тиiстi оқу және материалдық базасы мен лицензиясы болған жағдайда әртүрлі деңгейдегі білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыра алады.

ҚР Президентінің 2007.16.11. № 443 Жарлығымен бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

Жоғары бiлiм беру

Жоғары бiлiм берудi дамыту үшiн:

кадрларды даярлауда бөлшектеудi, бiр бейiндiлiктi, теңдестiк бұзылуын және артық қосарлануды жою үшiн жоғары бiлiм беру мамандықтары жiктемесiн одан әрi жетiлдiру;

оқытудың iлгерiшiл жүйелерi мен технологияларын, оның iшінде кредиттiк және қашықтан оқытуды әзiрлеу мен енгізу;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм берудi үш сатылы модельге өзгерту: бакалавриат-магистратура-докторантура;

құрылымы және мазмұны жағынан халықаралық бағдарламалармен үйлестірiлген бакалавриаттың білім беретін оқу бағдарламаларын әзiрлеу;

бiлiм беру гранттарының санын ұлғайту, студенттерге кредит берудiң жаңа үлгiсiн жасау арқылы жоғары бiлiмге қол жетімдiлiктi арттыру;

кәсiби кадрларды даярлауға мемлекеттiк тапсырысты елдiң таңдаулы жоғары оқу орындары арасында бөлу тетiгін енгізу;

әлеуметтік серiктестiктi дамыту, жұмыс берушiлердi студенттердiң кәсіптік практикаларын, тағылымдамаларын ұйымдастыруға, түлектердi жұмысқа орналастыруға тарту;

жоғары бiлiмдi мамандар даярлау үшiн ғылыми ұйымдардың әлеуетiн тартудың нормативтiк құқықтық актiлерiн және ұйымдық-экономикалық тетiктерiн әзiрлеу;

жоғары оқу орындарының қаржы-шаруашылық қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету;

жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базасын нығайту мен жаңарту;

жоғары оқу орындары мен филиалдарға кадрмен қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасы бөлігінде қойылатын талаптарды күшейту;

стратегиялық жоспарлауға, сапа менеджментi жүйесiне және дербестiктi арттыруға негiзделген жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа қағидаттарын қалыптастыру;

ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылардың профессорлық оқытушылық құрамы жалпы санының үлесін арттыру;

халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық аккредиттеу жүйесін және қазақстандық жоғары оқу орындарының аккредиттеу рәсімінен өтуінің ынталандыру тетігін дамыту үшін жағдайлар жасау;

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыруды қамтамасыз ететін техникалық мамандықтар бойынша жоғары бiлiктi кадрларды басымдықпен даярлау үшiн жағдайлар жасау;

сырттай оқыту нысаны бойынша мамандарды даярлаудың мазмұны мен құрылымын реттеу;

Оқу процесiн ұйымдастырудың дәстүрлi жүйесiнiң орнына оқытудың кредиттiк жүйесi енгiзiледi, ол білім алушылардың өз бетiнше белсендi жұмыс iстеуiн ынталандырады, жеке бiлiм бағытын таңдаудың болуын, ұтқырлығын, бакалаврлардың, магистранттардың және докторанттардың академиялық еркіндiгінiң үлкен дәрежесiн қамтамасыз етедi, бiлiм туралы құжаттардың әлемдiк бiлім беру кеңiстігінде танылуына әсер етедi.

Бакалавриаттың алғашқы екi курсында жалпы бiлiм беру пәндері циклының мазмұны мейлiнше бiрiздендiрiледi, ал бакалавриаттың келесi курстарында даярлық базалық пәндер бойынша жүзеге асырылатын болады. Жоғары оқу орнының құрамдас бөлігі шеңберiнде бейiндi даярлық iске асырылатын болады.

Бакалавриатта оқытудың нормативтік мерзiмi, медицина және зооветеринар мамандықтарынан басқа, барлық мамандықтар бойынша 4 жылды құрайды. Бакалавриаттың білім беретін оқу бағдарламаларын игеру белгiлi бiр саладағы бакалаврдың тиiстi академиялық дәрежесi берiлетiн қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен аяқталады.

Одан кейiн бакалаврдың 1-2 жылдық магистратурада бiлiмiн жалғастыруға мүмкiндiгi болады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру

Магистратурада дайындық екi бағытта жүргiзiледi:

бейiндiк тереңдетілген даярлық;

ғылыми-педагогикалық даярлық.

Магистратураның білім беретін оқу бағдарламалары iргелi бiлiм беру, әдiснамалық және зерттеу даярлығы мен ғылымның бiр бағыты бойынша пәндердi тереңдетiлген зерделеудi көздейдi.

Магистратурада мамандар даярлауға бөлiнетiн қаражаттың көлемiн едәуiр ұлғайту, сондай-ақ олардың тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету қажет.

Магистратураны бітірушiлерге "магистр" академиялық дәрежесi берiледi. Магистрлердiң докторантурада оқуын жалғастыруға немесе ғылыми-педагогикалық және өзге де еңбек қызметімен айналысуға құқығы бар. Докторантура жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы бiлiм беру деңгейi болады.

Докторлық бағдарламалар бойынша оқу мерзiмi кемiнде 3 жыл.

Докторантура бағдарламасын игерген және докторлық диссертация қорғаған адамдарға философия докторы (Рh.D) академиялық; бейiндiк докторантураны игерген кезде - бейiнi бойынша доктор (медицина, музыка, бiлiм беру, құқық және т.б.) дәрежесi берiледi.

Ph.D докторантурасына аспирантура, адъюнктура, iзденушiлiк, шығармашылық демалыстар беру, дәстүрлі докторантура және ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлаудың барлық басқа да нысандары қамтылады.

Докторлық бағдарламалар оқу мен зерттеу қызметі арасындағы оңтайлы теңдестіктi, кең ауқымды ғылыми, бiлiм беру және әдiснамалық даярлық алуды, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердiң академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етедi.

Бiлiм мен ғылымның ықпалдасуы мынадай бағыттарда жалғастырылады:

ресурстарды басым ғылыми бағыттарға шоғырландыру;

жоғары оқу орындарында оқу-ғылыми ұйымдарын, ғылыми зертханаларды және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орындары кафедраларының филиалдарын, технопарктердi құру;

ғылыми бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылатын жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулердi бiрлесiп жүргізуi.

Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктілiгiн арттыру

Педагог кадрларды даярлау, олардың бiліктілiгiн арттыру және қайта даярлау саласында:

жетекшi университеттер базасында жоғары оқу орындарының педагог кадрларын даярлау, олардың бiлiктiлігін арттыру және қайта даярлау жүйесiн қалпына келтiру және одан әрi дамыту;

педагог мамандықтарының білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнын жаңарту, бiлiм берудiң вариативтiк (өзгермелi) үлгілерiн жасау;

педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкiл жылдары бойы үздiксiз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу;

екiншi мамандықтың қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, оның iшiнде мемлекеттік тiл, шетел және ана тiлдерi, информатика, психология бойынша пән мұғалiмдерiн қайта даярлау;

болашақ мұғалiмдер үшiн олардың даярлық деңгейiн тәуелсiз кәсiби бағалаумен қоса үш айдан бiр жылға дейінгі педагогикалық тағылымдаманы енгізу;

12 жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, жалпы қосымша және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеу үшiн педагог мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;

педагогтердi және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаттаудың, мұғалiмнiң педагогикалық қызметiн сертификаттаудың жаңа жүйесiн әзiрлеу;

педагогтердiң еңбегiн ынталандырудың және оларды жергілiктi жерлерде тұрақтандырудың тетiктерiн жетiлдiру;

бiлiм берудiң жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру әдiстемелерiнiң өзгергенiн ескере отырып, мұғалiмдер мен бiлiм беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың бiлiктiлігін арттыруды жүзеге асыру;

білім беру ұйымдары басшыларын бiлiм берудегі менеджмент бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыру;

жоғары оқу орындары арасындағы, халықаралық шарттар мен бағдарламалардың негiзiнде мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының бiлiктiлiгін арттыру мен қайта даярлау көзделедi.

Мектепке дейінгі ұйымдар үшiн педагог кадрларды даярлау кезiнде қосымша мамандандыру мүмкiндігі көзделетiн болады: мектепке дейiнгi жастағы балалармен жұмыс жөнiндегi педагогика-психология, мектепке дейiнгi бiлiм беру менеджментi, мектепке дейінгі жастағы балалар үшiн шетел тiлi, қосымша бiлiм беру педагогикасы.

Білім беретін оқу бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, iзденушiлiк, зерттеушiлiк және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тiлдi мұғалiмдi даярлауға бағдарланатын болады.

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006-2007 жылдарға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарын бекiту туралы
Оса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы бiлiм беру жөнiндегi 2006 2007 жылдарға арналған ұлттық...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық...
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница